Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері




Скачать 344.3 Kb.
НазваниеПсихологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері
страница1/3
Дата конвертации16.02.2016
Размер344.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/02/10/54d9cf3f32223.doc
  1   2   3

G-041.07.01.12-2007

МЖБС 2006 ДӘРІСТІК КЕШЕН

Ред. 2..

Бет тен




ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып 1. Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.

2. Мақсаты: студенттерді психологияның ғылым терінде қалыптасу тарихымен таныстыру, оның өзіндік ерекшелігін көрсету, психиканың қазіргі кездегі түсінігімен және психикалық бейнелеу ерекшелігімен таныстыру, қазіргі кездегі психолгияның адамның танымы мен медициналық тәжірибедегі маңызының оқыту.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

1. Психика және психология туралы жалпы түсінік.

2. Психологияның даму кезеңдері Психиканың ғылыми түсінігі.

3. Психиканың даму кезеңдері. Физиалық, физиологиялық және психикалық

бейнелеу.

4. Психикалық бейнелеу ерекшеліктері. Белсенділік психикалық бейнелеудің

ерекшелігі ретінде.

5. Психикалық көрністердің жіктелуі: психикалық процесстер,

психические қасиеттер, психикалық күй.

1). Психология - психикалық қүбылыстардың пайда бо­лу ын, даму және қалыптасу заңдылыңтарын зерттейтін ғылым

Психология - ерте заманнан коле жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге түңғыш келген жері — ежелгі Греция. "Психология" грек-тің екі созіпен түрады: оның біріншісі - "псюхе" (жан), екіншісі - "логос" (сөз, ілім). Сөйтіп бүл сөзді жан туралы ғылым деп түсшген жон. Адам баласы аспанының көгілдір, ағаш жапырақтарі.шың жасыл екендігін көреді, даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші бір заттардың ыстық екендігін сезінеді, яғни әрбір адам озінің айналасындағы заттарды түйсініп қабылдауға қабілетті болып келеді. Психология ғылымы. Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бүл жагдай, әрине, психология ғылымына да ортақ болатын. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп ңанатының қа-таюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан (әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдері) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондайақ 20-жылдарда (М.Жүмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан "Мүғалім" журналында (1919 ж.), Ғ.Қарашаевтің бірне-ше пәлсапалық, психологиялық сипаттагы туындылары, Н.Қүлжанованың "Мектепке дейінгі тәрбие" (1923 ж.), " Ана мен бала" кітаптарында да адамның жан қуаттары жөнінде сөз ңозғалган еді. Қазақстанның сол кездегі ас-танасы Орынборда кейіннен сол кездегі КСРО Педагоги-калық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор В.Я.Струминскийдің "Психология" кітабының жарық көруі айта қаларлықтай оқиға болды.

Психика – мидың курделі іс-әрекетінің нәтижесі.


2). Психологияның дамуы 4 кезеңнен өтті:

1 кезең (психология жан туралы ғылым). Психологияға мұндай анықтама осыдан 2000 жыл бұрын берілді. Адамның өміріндегі түсініксіз құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысты.

2 кезең (психология сана туралы ғылым). ХҮІІ ғасырда жаратылыстану ғылымынң дамуымен байланысты.Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп атады.

3 кезең (психология мінез-құлық туралы ғылым). ХХ ғасырдан басталады. Психологияның міндеті- адамның реакциясын, мінезін және іс-әрекетін (қылығын) бақылау. (Іс-әрекетті туғызушы мотивтер ескерілмеді)

4 кезең (психология психиканың механизмдерін, заңдылықтарын оқытатын ғылым). Дүниеге материалистік көз-қарас негізінде қалыптасты.

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зеріттейтін ғылым.

Психология – это наука об отражательной деятельности мозга, регулирующей поведение и деятельность, наука об общих психических закономерностях взаимодействия человека со средой


3). Сана – адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Жануар психикасы олардың сыртқы орта жағдайларына икемдеу барысында дамыса, адамдардың дамуы мен өмірді қайта жаңғыртуы табиғатты қайта түрлендіру процесінде іске асады. Психологияны қызықтыратын жеке санамен бір тұтас байланыста қалыптасып өрістеп барады. әрбір тұлға бейнелеудің саналық формасын қоғам өміріне нақты араласумен игереді. Адам ретінде ол өмірден тыс , қоғамдық қатынастарынсыз жасай алмайды. Осы жасау формасынан өтпей , ол адам қоғам мүшені ,азамат деңгеіне көтеріле алмайды.

Сана бірден пайда болған жоқ – оның дамуы бірнеше кезеңдерден өтті.

Сенсорлы – ағзаның қоршаған ортаның тітіркендіргіштеріне тітіркендіргіш, одан кейін сезімталдық пайда болғанда бейімделе алуы.

Перцептивті- жануарлар мінезінде инстинкт және дағды сияқты бейнелеудің күрделі формаларының пайда болуы. Бұл кезеңде ОЖЖ және бас ми қыртысы байда болды.

Интелектуалды – құбылыстар арасындаы байланысты бейнелей алу, сүтқоректілердің интелектуалды мінезі;



4). Айналадағы затар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүреді. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттені негізінде, әр түрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелеу- заттың миға әсер етуінен болатын бір жақты құбылыс емес, адам мен сыртқы орта байланысының нәтижесі. Бейнелеу ми қабаты жықрылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады.

Бейнелеу формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар тіршіліктің пайда болуы шешуші роль атқарады. Тітіркенушілік, яғни тірі ағзаның сыртқы әсерге жауап бере алу қабілеті, жүйке жүйесі күрделі сипат алған сайын ағзаның сыртқы ортамен байланысында елеулі орын ала бастайды. Мысалы: балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен қоректенушілердің миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы (маңдай бөлігі) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесі, яғни бейнелеу мүмкіншілігі арта түседі.


5). Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы дейді. Бұл топтастыру бойынша психика бір –бірімен байланысты үш топқа бөлінеді.

Олардың бірі психикалық процестер дер аталса, екіншісі психикалық қалып, үшінші лері психикалық қасиеттер деп аталады.

Психикалық кейіп – адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) тұрақты компоненттері.

Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.


4. Иллюстративті материал презентация түрінде.


5. Негізгі әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Жантану оқулығы : учебник / Қ. Жарықбаев. - Алматы, 2010. - 638 с. : ил.

  2. Бап-Баба, С. Жантану негіздері [Текст] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дәнекер, 2012. - 298 б

  3. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды : ЖК Ақ Нұр, 2013 - 189 с.

  4. Бап-Баба, Сәбет Балтаұлы. Жантану негіздері [Текст] / С. Б. Бап-Баба. - Алматы : Заң әдебиеті, 2010. - 302 с

  5. Көбекова, Ж. С. Психология негиздері [Текст] : учебник / К. Алишева. - Караганды : ЖК Ақ Нұр, 2010. - 189 с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша [Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағы] / С. Бап-Баба. - Алматы : Дарын, 2013. - 135 б.

  2. Тертель А.Л. Психология. Курс лекций : учебное пособие / А. Л. Тертель. - М. : "Проспект", 2010. - 247 с.

  3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии : учебное пособие / С. Л. Рубинштейн. - СПб : Питер, 2014. - 712 Середина Н.В. Основы медицинской психологии: общая, клиническая, патопсихология : учебное пособие / Н. В. Середина, Д. А. Шкуренко. - Ростов н/Д : Феникс, 2013. - 506 с.

  4. Столяренко Л.Д. Психология : учебное пособие / Л. Д. Столяренко. - [б. м.] : Лидер, 2013. - 591 с.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Қалай ойлайсыз психология қашан пайда болды?

  2. Психологияны ғылымның санасы деп атауға бола ма?

  3. Бихевиорист тәртіпті студент пен тәртіпсіз студентті қандай әдіспен анықтайды?

  4. Медициналық психологияда қандай әдіс негізі болып саналады?



1. Тақырып 2: Таным үрдістерінің құрылымы (түйсік, қабылдау, елес).

2. Мақсаты: танымдық психикалық процестер: түйсік қабылдау, елес олардың адамның өміріндегі ролін көрсету.

Түйсік пен қабылдау өзара тығыз байланысқан жан құбылыстары. Түйсік біздің бізді қоршаған орта мен өзіміздің тәніміз туралы негізгі біліміміздің көзі болып табылады, адамға қоршаған ортада және өзінің тәнінде бейімделеді, өйткені түйсік таным процесінің бірінші баспалдағы болып табылады, ал қабылдау заттар мен құбылыстардың тұтастай көрінісі. Танымдық психикалық процестерді және оладың заңдылықтарын білу студент-медик үшін медициналық тәжірибеде өте маңызды.

3. Дәріс жоспары және тезисі:

  1. Түйсік. Анализаторлар түйсіктің мүшесі ретінде. Түйсіктің жүйелік жіктелуі.

  2. Түйсік табалдырығы. Адаптация. Синестезия. Сенсибилизация.

  3. Қабылдау және оның физиологиялық механизмі. Қабылдаудың қасиеті мен түрлері.

  4. Елес және оның түрлері.


1). Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсік – ақпараттарды миға жеткізетін негізгі канал. Ерте бала жастағы ақпараттарды жинауының бұзылуы, яғни саңыраулық және соқырлықтың болуының арқасында психиканың дамуында тежеулер болады.

Түйсік – танымның және адамның психикалық дамуының негізгі көзі болып табылады. Ол жүйке жүйесінің қандай да бір тітіркендіргішке реакциясы ретінде пайда болып және рефлекстік сипатқа ие.

Түйсіктің физиологиялық механизмі – арнайы жүйке тетігі талдағыш

( анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады.

сыртқы энергияны жүйке процесінде қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар

қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер

шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері.

Анализаторлардың ми қабығы аймағындағы нақты рецепторлар жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, ал кей кездерде көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.


2). Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшемдеріне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері - өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы: адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.

Алайда көрінген тітіркендірігш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады.

Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіз келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдің бұл әсерлерді қабылдауы соғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан ары көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді. Табалдырық шың шамасы жағыдайларға байланысты өзгеріп отарады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру күші мен уақыт арасы және т.б.

Икемделу (адаптация құбылысы). Ескертетін жайт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сондықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысып отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа, жарықтан күңгірт жайға енгенде байқаймыз. Бірінші жағыдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағыдайда – керсінше, аса жарық жерден солғые бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағыдайға икемделуі үшін оған 20-30м. уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағыдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан, сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация дейміз.

Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализатроларының өзгеріске келуі – түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Мысалы: күшті дыбыстық әсер (ысқырық) көру түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлелденген. Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады.

Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы – сенсибсилизация деп аталады. Сезгіштік сипатының жоғарылауы екі сипатта көрніс береді. (А.Р. Лурия):

ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты

уақытша субъект кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қаблетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синтезия деп аталады. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тағам жөнінде әңгімесін ести отырып, бұған қоса түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.


3). Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенудің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп немесе күбірлей қайталау). Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға ағытталған тікелей іс- әрекеті деп қарастырған жөн.

Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мн уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдау – бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес.

Ары қарай қабылдаудың жалпы қасиеттеріне мінездеме берейік, олар: заттық тектілігі, қабылдау тұтастығы, қабылдау тұрақтылығы (константтығы), қабылдаудың мағыналылығы, апперцепция.

Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрнісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау – реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.

Қабылдау тұтастығы. Түйсік жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз .

Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануды нәрселердің жай жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануды заттар мен құбылыстарды айырыу анық әрі толық түрде жүреді.

Апперцепция. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжрибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжрибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әрқилы қабылдайды.

Қабылдаудың түрлері:

Кеңістікті қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.

Тек адамның нақтылы тәжрибесі, жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды.

Уақытты қабылдау – уақыт та материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пенуақыт ішінде қозғалыста болып, оларда бірнеше қабылдау бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақыт пен кеңістікті қабылдау екеуі қосылып қозғалысты қабылдауды береді. Қозғалысты қабылдау өте күрделі процесс, оның табиғаты әлі де түсініксіз. Қозғалысты қабылдауды 2 түрге бөлуге болады.

1.Салыстырмалы. 2.Қатыссыздық.


4). Елес заттың бейнелерін есте сақтауға, сол заттардың типік, басты белгілерін көрсететін ой –тәсілдеріне (анализ, синез, салыстыру т.б.) көшуге, оның мәнін танып білуге көмектеседі. Елестердің түрлері де түйсіктер мен қабылдаудың бөлінісіне ұқсас. Мысалы, адам заттың түсңн, пішінін, көлемін көру елестері арқылы, музыкалық шығармаларды, таныс адамның дауысы, т.б. есту арқылы елестетсек, тікенек шөпті т.б. сипап сезу арқылы елестетміз . Біздің елестеріміз – жеке қабылдаулардың жалпылауының нәтижесі.Елестер жалпылау дәрежесінің әр түрлі болғандығына қарай жалпы, жеке болып бөлінеді. Көп жалпыланған елестерді жалпы елестер дейді. Мысалы, адамның өзен туралы елесі жалпы елес. Ертіс өзені- жеке елес.

Сонымен қатар елес ес елесі және қиял елесі болып екіге бөлінеді.

  1   2   3

Похожие:

Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconКожахметова Лаззат Балтабаевна студенттік кезеңдегі өзіндік танымғА Әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Топырақ – биосфераның элементі. Топырақты ластанушы көздері және ластану сипаты. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері icon«Ақша,несие, банктер» пәні
Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Акшаның тарихи, қоғамдық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Адамдардың құқықтық санасының өзгеруіне байланысты ғылыми-психологиялық білімдердің қалыптасу тарихы. Эксперименттік психологияның...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconШет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері

Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері icon«КӘсіби психология» Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері, кәсіптік әрекет процесі
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері. Кәсіптік әрекет процесіне психологиялық талдау. Басқару мәдениеті. Ақыл-ой еңбегінің психологиялық...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
...
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Э. Дюркгеймнің социологизмі: әлеуметтік фактлер, әлеуметтік ынтымықтастық концепттері
Психологияның әлеуметтік және табиғи ғылым ретіндегі өзіндік ерекшеліктері iconНамазалы омашев радиожурналистиканың теориясы мен тәжірибесі
БАҚ ретіндегі рөлі мен орны, қоғамдық міндеттері, тарихы және технологиясының даму кезеңдерін түгел қамтиды. Сол сияқты онда радиожурналистиканың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница