Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.




НазваниеДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
страница4/5
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.78 Mb.
ТипДиплом
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Психологияның-ежелгі-таным.doc
1   2   3   4   5

II БӨЛІМ Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу

2.1 Адамның ішкі жан қуатының қайнар көзі ретіндегі эзотерика

Адам тәнінің айналасы мен ішкі энергиясының жұмыс істеуін түсіну үшін чакра жүйесін жақсы білу қажет.

Чакра- бұл адам тәнінің ішкі қуатының нүктесі(орталығы), әрі ерекше қасиеттерге ие болатын орны. Егер адам қандай да бір нақты чакраға тұрақталса, бүкіл әлем ол адам үшін чакраның қуатымен боялғандай сезімді ұялатады. Себебі барлық тіршіліктің талдауы осы линза арқылы жүреді. Чакралар бір-бірімен ерекшелініп отырғанымен, кейбір күш-қуаттарының аспектілері бірдей. Сонымен қоса барлық чакралардың негізі болатын және олар арқылы өтетін, бір-бірін біріктіретін қуаттары да бар. Адамның чакралық жүйесі 8-ден құралады. Олар омыртқаны бойлай тізбектей орналасады. Жалпы чакралардың толық жүйесі 13-тен құралады. Тағы да басқа кіші чакралар: қолда және аяқта көп кездеседі. Оған шығыстың нүктелік массажы мысал бола алады. Күш-қуат екі негізгі тәсілмен бірі-әйелдік, екіншісі-еркектік чакра арқылы тән бойына көтеріледі. Ол үнемі спираль тәрізді қозғалады. Егер энергия тәнді сағат тіліне қарсы айналса ол еркектік, ал қарама-қарсы сағат тілінде айналса-әйелдік деп аталынады. Мысалы: жұлдызды тетраэдр әлемге белгілі Леонардо да Винчиінің суретінде көрсетілген туынды. Сурет екі өлшемді жазықтық болып көрінгенімен, оны көлемді етіп қарастыратын болсақ, терең ақпарат алуға болады. Әсіресе, адам тәнінің осінен өтетін түтікке зейінімізді аударсақ, өмірлік күш-қуат көзінің бар екенін байқаймыз. Жоғарыға, яғни Күнге қарап тұрған тетраэдр- еркектік, ал жерге қарап тұрған -әйелдік. Сонымен еркектік тетраэдрды «күн», ал әйелдіңкі «жер» болып саналады.

Егер чакра болмаса ДНҚ-ны белсендендіру жүзеге аспас еді. Чакра –дөңгелек тәрізді айналып тұратын күш-қуат көзі. Ежелгі халықтар, шығыс ұстаздары және бүгінгі елшілер көне ілімді пір тұтып өмірде кеңінен қолданған. Медициналық ғылым енді ғана чакралармен танысып жатқандығынан, оны әлі аса қажетті деп санамауда.

Бірақ кез келген адам тәнінде 7 чакралық жүйе бар. Олардың әрқайсысы айналып тұрады және түрлі түстермен сипатталады. Әрбір чакраның өзіндік ерекше қасиеттері бар. Мәселен: бірінші чакра омыртқа негізінде орналасқандықтан, ол адамның аман қалуын қамтамасыз етеді. Екінші чакра кіндіктен төмен жерде орналасқандықтан, оған құмарлық пен сексуалдылық, ұрпақ көбейтушілік қызметі жатады. Үшінші чакра жекелік күштің орталығы бола отырып, адамның ерік-күшін басқарады. Ал төртінші чакра жүрекке жақын жерде болғандықтан, мейірімділік пен махаббаттың орталығы болып саналады. Бесінші чакра мойында орналасады, ол дыбыстың шығуына ықпал жасайды. Алтыншы чакра екі қастың ортасында орналасқандықтан ол жоғары интуиция мен шығармашылықты қамтамасыз етеді. Жетінші чакра бастың төбесінде болады және рухани орталыққа жол ашады.

Бірінші чакраға толық мәлімет беретін болсақ,ол жаңа ақиқатты интерпретациялайтын линза тәріздес. Бұл интерпретация адамның зейінінің толық шоғырлануын талап етеді. Өмір сүруде адамның аман қалуын қамтамасыз ететін, тіршілікте өмір сүретін иесімен қатынаста болуға интенсивті тұрғыда қажет етеді. Егер бала нәрестелік шақта болса, онда оның анасымен қатынасы биологиялық тұрғыда болады. Өсе келе ондағы қатынас өзге тіршілік иелерімен физикалық тұрғыдағы жыныстық қатынасқа көшеді. Сол себептен екінші чакраны сексуалды деп атайды. Адам аман қалып, қарама-қарсы жыныстағы адаммен қатынасқа түскеннен кейін, жаңа шындық кілтін ашып, оны басқаруға негізделеді. Бұл үшінші чакрадағы ерік-күшке тән қасиет. Адам өмірінің қалай қалыптасқандығы, оның заңдылықтары мен физикалық объектілері жайлы білуге құштарланады. Ол ерік –күшті қолданудың әсерінен физикалық әлемді бақылай алады. Көптеген адамдар әлі күнге дейін жоғары орталықтардың бар екенін білмегендіктен, алғашқы үш чакрада қалыптасады. Бастапқы кезде адам өсіп, дамып келе жатқанда төменгі үш чакралардан өтеді. Кейде барлық чакраларды бірдей немесе олардың ішіндегі біреуін ғана пайдаланады. Тәннің төменгі чакралары үшке, ал жоғарғы бөліктері төртке бөлінеді. Егер адам бірінші жарты қадамға қол жеткізсе, бұрынғы қалпында қалғысы келмес еді. Себебі ол өз өмірінің деңгейін жоғары орталықтарына дейін көтеруге талпынады. Күндердің күнінде бірінші жарты қадамды өткен адам немесе жоғары бөлікке, яғни – жүрекке, дыбысқа, табиғаттың рухани және геометриялық құбылыстарына жоғарылайды да, төмендегі чакраларға қызығушылығы жоғала бастайды. Ол өзінің физикалық жағын дамытуға күш салмай кетеді. Оның есесіне табиғаттағы жоғары орталықтарды тануға ақпарат алуға қызығушылық танытады. Мысалы: «Ескі» қалалар әдетте физикалық тұрғыда қиратылған боғанымен , ол ел ақиқаттың жоғары деңгейін құрауы мүмкін оған Үндістан елін айтуға болады. Егер қандайда ел 7- ші чакраға жетсе, оны тек өлімнен кейін не болады деген сұрақ қызықтыра бастайды. Ежелгі Египет осыған мысал болады.

Келесі кезекте адамның психоделикалық құралдарын қолдануына тоқталамыз. Психоделиктер –бұлар нашақорлар емес. Олардың опиум, героин ұстайтын нашақорлардан айырмашылығы бар, олар психоделиктерге қарама-қарсы әсер етеді. Нашақорлық заттар төмендегі чакралардың қызметін күшейтеді де жағымды сезім қалдырады. Ал психоделиктерде болса, басқаша әсер етеді.1960 жылы АҚШ-да көптеген адамдар ЛСД көмегімен жоғары чакраларды өткен. 20000000 американдықтар бұл әдісті пайдалана отырып, жоғары нүктелерге жеткен. Олар 5-ші чакраға көтерілу үшін музыканы пайдаланған. Сонда психоделиктерді тоқтатуға ешнәрсе көмектесе алмаған. Себебі музыка автоматты тұрғыда 5-ші чакраға көтерген Егер адам 6-шы чакраға жетсе, ол әлемді сакральді геометриялық формада қабылдар еді. Жер бетіндегі адамдардың санаулы бөлігі ғана 7-ші чакраға жол табулары мүмкін. Бұған жоғары руханилық жатады. Олардың мұндай деңгейге көтерілуіне түрлі медитациялар көмектеседі. Шын мәнінде негізгі чакралармен байланысатын 5 түрлі каналдар мен 4 қосымша чакралардың каналдары жүзеге асырылады. Олардың үшеуі негізгі, екеуі сыртқы және біреуі орталық, ал екеуі екінші деңгейлікке жатады. 1;3 және 5 типтері бірліктегі сана болса, ал 2; 4-дисгормониялық санаға қатысты. Жалпы чакра мен хара бір-бірімен тығыз байланысып тұрады.
Хара – тәннен жанның кететін өлім орталығы. Ол жапонның «Хара» сөзінен шыққан. Аталынған орталық адам кіндігінен 6 см төменде орналасады. Бұл орталықтың өте қажетті екенін барлық адамдар сезінеді. Бірақ жапондықтар ғана оның құпия сырларын терең зерттеп ашқан. Хара сексуалдық орталыққа өте жақын жерде. Егер адам жоғары чакраларға көтерілмесе, ол өмір бақи сексуалды ортада қалып қояды. 4-ші орталық махаббат. Онда үлкен қанағаттану сезімі ұялайды. Ал 5-ші орталықта тамақ, 6- шы орталықта интуиция орналасқан. 7-ші орталық бастың төбесінде. Барлық орталықтар әртүрлі тәжірибеден өтеді. Егер махаббат сезімі бесінші орталыққа жылжып келсе, барлық ерекше қабілеттерге жол ашылады. Бұл шығармашылықтың орталығы болғандықтан тек музыкаға емес, кез келген шығармашылыққа тән қасиет болады. Хара- өлім орталығы болғандықтан, оған күш қуаттың хара арқылы сыртқа шығуына мүмкіндік бермеу қажет. Өмірде түрлі қарама-қайшылықтағы адамдарды білеміз. Кейбіреуінің жанымызда болуы көңілімізді көтеріп, мұңаюымызды тарқатып, ашуымызды басады. Бұл адамдарды күш қуаты жоғары орталықтарға көтеріліп жатқандар қатарына жатқыза аламыз. Мұндай адам өз тіршілік етуі барысында жақын адамдарды таңдайды. Мысалы; саналы, өз күш- қуатын көтере алатын достар мен компанияларды таңдайды. Кейде керісінше, адамдар энергияны жұтып алатын қасиетке ие болады. Ол адамдардың харасы өте қауіпті болғандықтан, сіздің де хараңызды ашуы ықтимал. Олардың харалары ашық болғандықтан энергияны жұтып алатындай сезімде болады. Бүгінде бұл мәселені психология аса қажетті деп санамайды. Бірақ, психикалық ауруға шалдыққандарға көмектесу үшін бұл қажетті болар еді. Дәл осыны бүкіл әлемде істейді. Психикалық ауруларды психатриялық емдеу орталықтарында ұстайды. Бұл дұрыс емес. Себебі адам онсыз да психикалық ауру, ол адамды өздері секілді компанияға қосады. Соның салдарынан аурулардың энергиялары ең төменгі деңгейге түседі. Бұл жағдайдан шығу үшін энергияны көтеретін хараны жабатын медитациялық әдістерді пайдалануға болады.

Аура – адам денесінің орталығынан шығатын түрлі түсті сәуле. Ол эфирді дене секілді электромагниттен шығады. Адамда тыныс алуынан басқа ойлау мен сезімді байланыстыратын энергетикалық өріс бар . Әр адамның ойы электромагниттік өрісті құрайды. Эмоцмялар да дәл солай. Ол өрістер шындықта бар болғанымен көп адамдар оның бар екеніне сене бермейді. Аура адамның не ойлағанына және сезімдеріне қарай өзгеріп отырады. Ережеге сай аура адам басының айналасында оның ойын білдіретін түстерден құралады. Ал төс пен арқа бөлігіндегі аура сезімдер мен эмоцияларға жауап береді. Сонымен қатар 3-ші қосымша аураға адамның денесіндегі физикалық мәселелері мысал бола алады. Егер адамның қандай да бір жері ауыратын болса, ол аурада түспен белгі беріп тұрады. Адам ойы өзгерген сайын оның аурасының түсі де өзгеріп, эмоциялық аурасы қозғалыста бола алады. Өмір- тәнді қоршап тұратын күш-қуат. Сондықтан тек адамның ғана тәні емес, барлық өсімдіктердің, жануарлардың өзіндік аурасы болады. Түрлі жағдайларға байланысты ол сығылады және кеңейеді. Мысалы: Шығыста ғасырлар бойы адамның дүниеден өтуіне 6 ай қалғанда өз мұрнының ұшын көре алмай қалатыны тәжірибеде байқалған. Себебі адамның көзі жоғары қарай көтерілген сайын, ол өзінің мұрнының ұшын көре алмайтын жағдайға жетеді. Бұдан адам аурасының бастапқы қалпына келе жатқанын байқауға болады. Йогада аураны 5000жыл бойы фототехниканың көмегінсіз көруді үйренген. Қазіргі кезде ол ғылыми бағытта жиі қолданылып зеріттелінеді. Егер сау адам ауру адамның қасында отырса, жағымсыз әсер алады. Себебі ауру адамның аурасы әлсіз болғандықтан , ол сау адамның аурасын санасыз тұрғыда ала бастайды. Бұл адамдардың тікелей қатысынсыз жүретін процесс болғандықтан, көпшілік адамдар оның не себепті әлсіз немесе күшті сезінуін терең қарастыра бермейді.

Адам денесі эфирмен қоршалған. Аура да дәл сол сияқты. Аура мен эфирлі дененің бір-бірі мен ұқсастық жері электромагниттік шығу тегінің бар екендігінде. Аура адамдағы Жоғарғы – Мен түстер арқылы көрсетіп отырады. Ол адамның рухани дамыған, не дамымағанын, денінің сау немесе ауру екенін түстердің көмегімен бейнелейді. Жоғарғы – Мен индикаторы аурадан байқалады. Әрине, Жоғарғы – Мен және жан екеуі бір мағынаны білдіреді. Аурадан жетістіктер мен сәтсіздіктерді, махаббат пен қызғанышты көруге мүмкіндік туады. Оның себебі Жоғарғы – Мен вибрацияларынан адамдардың ойын бейнелеуінде. Ежелгі қытайлықтар: « Бір ғана сурет 1000 сөзге татырлық»- деп аура туралы мағыналы көзқарас білдірген . Сол себептен аураның шын мәнінде бар екенін светофилтрлі көзілдірік арқылы адамға көрсетуге болады. Бірақ олар көзге зиянды әсер етеді. Сондықтан аураны табиғи жолмен тәжірибеде дағдыланып үйренген дұрыс.

Егер аураны көрмейтін адам, аураны көретін адамның алдында өтірік айтса, оның аурасы өзгеріп, жалған айтқаны сезіліп қалады. Мұндай жағдайда адамнан көгілдір немесе сары түс шығады. Егер ол алдаса «галода » жасыл -сарғыш от пайда болады.

Кейде адамдар: «Ол адам бұл түстегі киімді кимеуі керек немесе оған бұл түс жараспайды деп айтып жатады. Себебі олар инстинктивті тұрғыда ол түстің адам аурасына сейкес келмейтінін сезеді. Көптеген адамдар аураның бар екенін сезгенімен, өз сезімдеріне қарсы шығатын кездері де болады. Өйткені адамды бала кезінен бұның барлығы жалған» деген көзқараспен тәрбиелейді. Соның салдарынан адам өзіне сенімсіз болады. Бірақ күнделікті өмірде тәжірибе жасау арқылы аураны көруге үйренуге болады. Әрбір музыкалық нотаның үйлесімді әсерлері бар. Егер музыканы қате ойнаса адамға жағымсыз әсер етеді. Сондықтан музыканттар шығарма ойнағанда адамдарға жағымды әсер қалдыруға тырысады. Түстегі секілді –музыканың да өзіндік вибрациялық спектрлары болады. Бірақ олар адамдардың спектрды қабылдауының басқа жағынан өтеді. Біз әдетте түстерді жағымды, жағымсыз, тітіркендіретін, жүйке жүйеге әсер ететін деп бөліп жатамыз. Адамдардың аурасы да дәл сондай. Оны дағдыланған адам ғана көре алады. Ендігі кезекте түстердің ішіндегі ең негізгілеріне талдау жасаймыз. Адамның негізгі аураларының түстері оның өз-өзін дамытуына байланысты. Адам неғұрлым рухани дамыған сайын, оның түстері жақсарады, ал керісінше келеңсіз жағдайларға тап бола берсе, оның аурасының түсі өзгереді. Адам аурасының түстері басынан бастау алып, спираль тәрізді тәнді аяққа дейін қоршайды. Оның ішіне кемпірқосақтан да көп түстер кіреді.

Қызыл түс.

Қызыл түс әдетте басшының жақсы қасиеттерін көрсеткен. Мәселен: генералдардың, көсемдердің ауралары таза қызыл түсте болған. Егер таза қызылдың жан-жағын ақшыл-сары түс қоршаса, онда ол адамның кез-келген уақытта қол ұшын беретіндігі анықталған. Бірақ оны қылмыскер аурасымен шатастырып алуға болмайды. Өйткені қылмыскерлердің аурасының қызыл түсі қоңырлау өңді береді. Кей жағдайларда адам бет-әлпетінен оның аурасы мен денсаулығының қандай екенін байқауға болады. Оған тілдің, беттің қызыл болуы жатады. Егер жағымсыз қызыл түс –кір өңдес болса, онда адамның мінезінің ашушаң екенін байқатады. Күңгірт қызыл аура әдетте жүйке қозушылықты бейнелейді. Нашар қызыл түстегі адам аурасы физикалық тұрғыда күшті, дені сау болғанымен, ол адамның қасиетінің нашар болуын көрсетеді. Қызыл түс неғұрлым ашық түске жақын болған сайын, адамның жүйкесі тозған, тұрақсыз екенімен қатар, тез қимылдайтын, тыныштықта отыра алмайтындығымен ерекшелінеді. Адам ағзасындағы аура оның денсаулығының күй-жайын көрсетіп отыратындықтан, ағзадан шығатын күңгірт қызыл немесе қоңырлау түс, адамдардың ісік аурумен ауыратынын байқатады. Мұндай науқас адамның аурасын көру үшін болашақта арнайы «ауратерапияны» ғылымға енгізуге болады.

Алқызыл түстегі адамның аурасынан оның өзін тым қатты сүйетінін, өзіне сенімділігінің шексіздігін байқаймыз. Бірақ мұндай адамдар өзінің жалған көкіректігін байқатып қояды. Әйелдердің бел жағындағы қызыл түсті аура, оның ақша үшін «махаббатын» сататынын байқатады. Қызыл түстердің қатарына қызғылт түс те кіретіндіктен, бұндай түстегі адамдардың аурасынан оның әлі кемелденбегендігін көре аламыз. Әдетте қоңыр түсті аурасы бар адамдар сәтсіздік әкелетіндер қатарына жатады.

Қызыл сары.

Қызыл сары түс –қызыл түстің бұтағынан бастау алады. Әсіресе Шығыс елдерінде оны Күнге теңеп, оған табынып өткен. Бұл түстегі адамдар әдетте өте ақылды, адамдарға қол ұшын беруімен ерекшелінеді. Сары -қызыл-сары түстер де жақсы қасиеттерге ие. Ол адамның өзін-өзі қадағалауы мен басқа да ашық қатынасын көрсетеді. Қоңыр түсте қызыл-сары түсті аура еріншек, немқұрайтындылықпен қарайтын адамға тән. Бұл да бүйрек ауруына шалдыққандарды көрсетеді. Егер қызыл сарыда жасыл рең беретін адамның аурасы ол ұрысқақтықтың белгісі. Мұндай адамдар қандай мүмкіндік болса да, ұрыс іздеп тұрғанды қалайды.


Сары түс.

Алтын-сары аура рухани даму көрсеткіші. Барлық қасиетті адамдардың басының айналасын сары «гало» қоршаған. Олардың рухани дамуының қаншалықты жоғары болғанына қарай, алтын түс жарқырай түскен. Егер адамдардыңурасында сары түс болса, онда ол рухани және моральды сау екенінің айғағы. Олар дұрыс жолда. Мұндай адамдарға толығымен сенім артуға болады. Егер сары түстің төменгі түсі (бұзылған сыр түстес) адамда кездессе –оның қорқақ екені байқалады. Әдетте қызыл-сары аура физикалық, моральдық және ақыл-ойын, өз пікірін айта алмайтын адамдарда кездеседі. Бұл адамдар өмірінің жартысын үнемі іздеумен өтеді және таба алмайды. Егер адамның шашы сары және аурасында сары түс көп болса, ол төбелескіш, кез келген ескертулерді жекелік қасиетіне қарсы келу деп қабылдайды. Сары түсте қызылдың интенсивті түсі кездессе, онда ол адамның толыққанды еместігі және комплекстері бар болуын көрсетеді. Қызыл түстің неғұрлым көп болғаны, соғұрлым комплекстің басымдығын байқатады. Қоңырлау –сары аура ойы таза емес, рухани дамуы төмен жандарда байқалады. Өмірден қажыған, ішімділікке салынған адамдардың аурасы қызыл-қоңыр -сары түстерден құралады. Ал егер олар өте нашар болса, ондай адамдардың аурасынан жағымсыз- лимонды –жасыл ұшқындар көрінеді. Қоңырлау- сары аура адам ойының таза еместігінде. Ал денсаулыққа қатысты жасыл- сары аура адамның бауырының ауыратын белгісін көрсетеді. Әдетте адам өз санасын екіге бөлгендіктен оның аурасы да екіге бөлініп тұрады. Бірі көкшіл сары, ал екінші жағы қоңырлау және жасыл-сары. Бұл комбинация жағымсыз әсер қалдырады.

Жасыл түс.

Физикалық дамуға қолайлы түс. Ұлы дәрігерлерде, хирургтарда жасыл түспен қатар қызыл түс те кездесіп отырған. Адам өмірінде жасыл мен қызыл түсті үйлесімсіз деп қабылдаса, аурада оны қабылдауға мүмкіндік бар. Жасыл түстегі аурада қызыл рең болса, онда ол жоғары білімді, маман хирург екенін көрсетеді. Қызыл рең қосылмаған жасыл түс адамдардың өз ісін толық меңгерген, ұлы дәрігер болуын байқатады. Жасыл түс көгілдір өңнен құралған адам аурасы мқғалімдік қабілеттері бар жандарда болады. Ұлы ұстаздардың аурасы түс көгілдір жолақтардан құралады. Кейде жасыл түс пен көгілдір түстің арасынан жұқа алтын жолақ жүріп отырса, ол мұғалімнің өз оқушыларына қадірлі, сыйлы екенін көрсетеді. Егер адамда жануарларды, адамдарды емдеу қасиеті маман иесі болмаса да кездесетің болса, онда оның онда оның аурасында жасыл түстер көп кездеседі. Жасыл аура доминантты түске жатпайды, ол ылғи қандай да бір түспен қатар жүреді. Сондықтан қосымша түстер оның досжандығын, достарын сүйетіндігін байқатады. Бірақ адамдардың аурасында сарғыштау-жасыл түс кездессе, онда ол сенім артуға тұрмайтын жан. Сарғыш жасыл түс «сиқыршыларда» жиі көрінеді. Ал егер жасыл аура бірте-бірте көгілдірге айналып, жағымды көгілдір өң берсе, онда ол адамның ең сенімді екенін аңғарамыз.

Көк түс.

Адамдар көк түсті рухани әлемнің бөлшегі ретінде қарастырады. Ол адамның ақыл-ой мүмкіндіктерін көрсетеді. Дұрыс реңді көк түс өте сәтті деп есептелінеді. Көк түс неғұрлым ашық болған сайын, ол адамның сергек әрі дені сау екенін көрсетеді. Реңсіз көк түс адамның шешімтал емес адамға тән. Көк түстің күңгірттеу түсі адамның жетістігі мен даму көрсеткіші. Қою –көк түс миссионерлерде кездеседі.

Индиго.

Индтголы аурасы бар көптеген адамдар дінге терең енгендер.Оның қаншалықты енгендігін индигоның түсінен білуге болады. Егер адамның индиго жолағында алқызыл тозаң көрініп тұрса, ол адам туралы бағынушы адамдар өкпелегіш, жағымсыз деп қабылдайды. Индигодағы алқызыл тозаң деградация көрсеткіші. Ол аураны тазалығынан айрылтады. Кейде индигода күлгін түсті аурасы бар адамдардың асқазан немесе жүрек ауруларымен ауыратынын білуге болады.

Сұр түс.

Сұр түстегі аура түстерді жұмсартады. Адамның киім киіп тұрған кездегі аурасына қарағандағы сұр түс ешқандай маңызға ие болмайды. Себебі аурада дақтар мен сұр жолақтар бар. Егер ол адам шешінсе, оның денсаулығының әлсіз екені байқалады.Егер сұр түстер адамның өте қажетті дене мүшелерінде жолақ ретінде көрінсе-бұл дене мүшесінің зақымдалып жатқанын көруге болады. Ол адамға медициналық көмек қажет болады. Адам басының үнемі ауыруы сұр түтін тәріздес аураның болуына қатысты.

[45,26]

1   2   3   4   5

Похожие:

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconСүйікті ісі: қоршаған ортаны қорғау, әдеби кітаптар оқу
Шығарманы жазу себебі: Мен өз отанымды сүйгендіктен, жүректегі Отанға деген сезімді жалынды құштарлықпен айтып, өркенін кеңінен жайған...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДомбырамен сүйемелдеудегі дәСТҮрлі ән айту арқылы жас ұрпақТЫҢ ДҮниетанымын қалыптастыру
Ткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconОқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы-мектепте
Республикасының білім беру саласына тың көзқарас,жаңа үлгідегі ізденіс қажет.Өскелең ұрпақ,болашағы зор жас ұрпақты қоғамталаптары...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconХимия және халық тәлімі. Кіріспе
Одан халқымыздың сал-серілігін көруге болады. Ертеде белдік,ілгек-қапсырма,білезік, жүзік салмайтын қыз-келіншек сирек кездескен....
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. icon«Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайыс сценарийі
Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconПатриоттық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconПатриоттық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница