Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.




НазваниеДиплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді.
страница3/5
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.78 Mb.
ТипДиплом
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Психологияның-ежелгі-таным.doc
1   2   3   4   5

1.3 Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы

Алғашқы психика туралы ұғым анимамен (лат.«анима»-рух, жан)-байланысты. Ол барлық тіршілік иелерінде жан бар деп қарастырған. Уақыт өте келе ежелгі философиялық ілімдерде психикалық аспектілерді идеализм немесе материализм тұрғысынан анықтай бастағандықтан, ежелгі материалист- философтар Демокрит, Лукреций, Эпикур адам жанын шар тәрізді майда және қозғалыссыз атомдардан құралады деп тұжырымдаған. Ал ежелгі грек идеалист философы Платон (б.э,д, 427-347жж.) жан мәңгілік, ол тән мен жан бір-бірімен тығыз байланысады. Өзінің жаратылысынан жан -тәнді басқарады деген. Ұлы философ Аристотель «Жан туралы» трактатында психология ілімінің өзіндік ерекшелігі бар саласы ретінде қарастырып, алғаш рет жан мен тәннің бөлінбейтіндігі туралы ой қозғаған.

Психологиялық ілімнің дамуының жаңа кезеңі VIIғ. бастау алғандықтан, жаратылыстану ғылымдарының көмегімен тәжірибелік –эксперименталдық әдістер арқылы адам санасының заңдылықтарын зерттеу қолға алынған. Ол кезеңде ойлай алу мен сезіну қабілетін сана деп қарастырғандықтан, психология сана туралы ғылым ретінде дами түскен.Ал өз пікірінде Р.Декарт (1596-1650) адам жаны мен тәнінің арасында өзгешеліктер бар деген қорытындыға келген. Сонымен қоса тән де қозғалыс жасай алатынын айтқан. Ол заманда мұндай көзқарастар қарама-қарсы дуалисттік ілімдер көкейкесті мәселелер туындатқан. Адамдарды тәндік (физиологиялық) және психикалық (ішкі сезімдік) процестер қалай байланысатындығы туралы сұрақтар қатты мазалаған. Өз өмір сүру барысында Декарт механикалық модель негізінде құлықты түсіндіретін теорияны жасап шығарған. Ол құлықтың детерминистік концепциясын сыртқы физикалық әсерден ағзаға қимылдық заңдылық арқылы жауап қайтаратын зерттеген. Сол себептен «жан» ұғымы «ақыл», кейінірек «сана» ұғымына ауысқан. Тән мен жанды қайта байланыстыруға Голландия философы Спиноза (1632-1677) әрекет жасады. Ал неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) Декарттың қалыптастырған психика мен сананың теңдігіне қарсы шығып, санасыздық психика ұғымын енгізді.

Психология өзіндік ғылым ретінде I ғ. 60-шы жылдары бөлінгендіктен, ол арнайы ғылыми зерттеу мекемелері мен психикалық лабораториялардың жоғары оқу орындарында кафедралардың, психологиялық құбылыстарын эксперименттік тұрғыда зерттеген. Бірінші нұсқалы эксперименттік психологияны неміс ғалымы В.Вундт(1832-1920) Лейбцигте ашқан.

Функционалисттік бағыт.

Американ психологы У.Джеймс адамның сана қызметі мен оның қызметінің рөлін зерттеуге аса мән берген. Ол адам санасының түрлі жағдайларға үйренуі мен жаңа әрекетті игерудің гипотезасын жасаған. Жалпы функционалисттер үшін психология сана қызметін зерттейтін ғылым. Олар интроспекция, тапсырманы орындау уақытын пайдалану әдісін қолданған.

Ресей психологиясының тарихында Г.И.Челпанов (1862-1936) үлкен рөл алады. Оның басты үлесі Ресейде психологиялық институтты (1912) құруында. Психологиядағы эксперименталды бағыттағы объективтік әдістерді зерттеуде В.М.Бехтерев (1857-1927) зор ықпал жасады. Ал И.П.Павлов еңбектері ағза бөлшектерінің шартты –рефлекторлық байланысын зерттеуге бағытталады. Оның еңбектері психолоиялық іс-әрекеттердің физиологиялық негіздерін түсінуге бағытталды.

Бихевиористтік бағыт.

Американ психологы Уотсон 1913 жылы психология объективті эксперименталды әдістерді зерттегенде ғана ғылым ретінде аталынуы құқылы деген. Сондықтан ол әрбір жағдайға сәйкес келетін құлықты анықтайды және оны объективті белгілейді. Бихевиористтік бағытты ұстайтындар үшін психология мінез-құлық туралы ғылым, ал санамен байланысты ұғымдарды психологиядан алып тастау керектігін айтады.

Гештальт психология.

Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға жүйелі ықпал етуінде.

 ғ. басында психология ғылымында психоанализ немесе Фрейдизм бағыты пайда болды. Зигмунд Фрейд психологияға қажетті тақырыптарды: санасыз мотивация, психиканың қорғаныс механизмдері, сексуалдылықтың рөлі, балалық шақтағы психологиялық жарақаттың ересек шақтағы мінез-құлқына әсер етуі т.б. енгізді.

Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және Э.Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).

Психологияның аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивті психология болды. 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористтердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивті психологияның көрнекті өкілдері –Дж. Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Когнитивті психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму.[50,46]

Гуманисттік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты-бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Гуманисттік бағыт көрнекі өкілдерінің бірі Абрахаам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясының есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға (самоактуализация) деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Ч.Дарвиннің теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та күшті хайуанаттар өмір сүруге бейімді деген Ч.Дарвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкті адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адамның өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзі де адамның осы мүмкіншіліктерінен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр. Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Өз мүмкіншілігін ашудың (самоактуализация) мәні не? Маслоу пікірінше, бұл тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманисттік қажеттіліктерді іске асыруда белсенділік көрсету.

Маслоу бірінен -біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1. Физиологиялық қажеттіліктер. 2. Қорғаныс қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен жоғары –адамгершілік қажетсінулер, яғни 4. шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды.

Трансперсоналды психология адамды рухани ғарыштық тіршілік иесі ретінде және әлеммен, ғарышпен, адамзатпен тікелей қатыстығын қарастырады. Сонымен қоса ақпараттық ғарыштық алаңға кіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол адамның санасыз психикамен байланысты болатынын, оған адамзаттың «санасыз ұжымының» ғарыштық ақпараттық «әлемдік санасымен» байланысты болатынын жатқызуға болады.

Кеңестік дәуірдегі психология өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамытты. Психология пәнін материалисттік тұрғыдан түсінудің негізгі үлкен идеялық –теориялық күрес барысында қаланып, әдістері белгіленді. Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.А.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запарожье, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Смирнов, Д.Н.Узнадзе және басқалар болды. Бүгінгі таңда Ресей мемлекетінде психологияның сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны шексіз.Әсіресе эзотерикалық ілімдерді, парапсихологияны,трансперсоналды психологияны зерттеуде жаңа ғылыми ақпараттарды ашуда. Солардың ішіндегі шығу тегі эзотерикадан бастау алған ежелден бері келе жатқан психологиялық техникалардың бірі гипнозды айтуымызға болады. Бүгінде оның түрлі әдіс-тәсілдерін мына психотерапевттер қолдануда: Е.Н.Довбня, Ф.Е.Рыбаков, В.Н.Коротко, П.П.Подъяпольский, А.И.Яроцкий, А.Ф.Лазурский, Ю.В.Каннабих, В.М.Нарбут, Ф.Д.Неткачев, В.А.Гиляровский, М.П.Кутанин, М.В.Стрельчук, Д.В.Кандыба т.б. Жалпы гипноздың кең тараған жерлері ретінде Батыс Еуропа мен Американы мысалға келтіре аламыз. Ал Шығыс елдері болса, ежелден келе жатқан медитациялық әдістерді пайдаланады. Ендігі кезекте Америкалық гипноздың қалай дамығанына көшейік.

Адамзат тарыхында көп жылдар бойы күмәнді әрекетке қызығушылық танытқан гипнозды зерттеген ғалымдардың мансапқа(карьера)жетуіне кедергі жасады. 1875 жылы Францияда Месмердің талабын зерттеу үшін арнайы жиналған корольдік комиссия қорытындысы Месмердің жақсы атағының күл талқанын шығарды. Гипноз және гипнозға қатысты құбылыстарды зерттеуге бел буған Шарконы құрметтеушілердің көпшілігі осы кезден бастап онымен қатынастарын тоқтатты. Керемет мінездеме алған доктор Джеймс Эсдэйлге (1847) гипнозды хирургияда қолданғаны үшін қызметтік өсуіне тиым салынды. [18,337]

Зигмунд Фрейд гипнозды зерттеу процесінде кездескен көптеген кедергілер мен қиындықтардың нәтижесінде гипнозды зерттеуден бас тартты. Оның шәкірті К.Г.Юнг гипнозға қызығушылығын жоғалтты. Өйткені ол бұл құбылысты қадағалай алмағандықтан, оның әсерін түсіне алмады. Осы салаға қатысты жазылған және мұра етіп қалдырылған Джеймс, Жане т.б.гипноз туралы еңбектері ғалымдардың арасында сенімге ие бола алмады.Себебі ол медициналық ғылым мен тәжірибелік парадигмалық негіздеріне сәйкес келмеді. 20-шы жылдары гипнозды зерттеуді шындап ізденуді және оның теориялық оқытудың әйгілі маманы болып Кларк Л.Халл(1933) саналды. 1923 жылдардың соңында Висконсинаның түлектеріне гипноз саласындағы өзіндік жетістіктерінің қыр-сырын көрсету үшін, Халл Эриксонға гипноздан семинар өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Халл гипноздың әсер ету әдістерін бірыңғай стандартқа сәйкестендіріп келтіруге ұмтылған болса, ал Эриксон оған ұмтылыс көрсетпеді. Қайткенде де олардың өзара қарым-қатынасы жалғасын таппады. Эриксонның ерекше қабілетті адам жөніндегі даңқы кеңінен тарады. Ол Мендота мемлекеттік емханасының медициналық қызметкерлерімен психологтарына гипноздан сеанс өткізуге шақырылды.

Мильтон Эриксон 1901 жылғы желтоқсан айының 5-і күні Невада штатына қарасты алтын іздеушілер елді мекенінде дүниеге келді. Эриксонның ерте балалық шағы өте ауыр өтті. Оның есту қабілеті бұзылған және толық түсті көру қабілеті зақымдалған. Оның есту қабілетінің бұзылғаны соншалықты ән айтуды айқай-шу ретінде қабылдады. 17 жасында Эриксон полиомиелитпен ауырып, соның әсерінен жартылай сал (паралич) болып қалды. Оған өмір бойы төсек тартады деген болжам жасаған. Бірақ ол он жылдық үздіксіз жаттығулардың нәтижесінде, жүру қабілетін қалпына келтірді. Осындай өмірлік тәжірибесі оның байқағыш қабілетін ерекше дамытты. Ол вербалды емес белгілерді, ым-ишараларды, дене қимыл белгілерін тез қабылдап, дұрыс талдай алатын деңгейге жетті. Эриксон өзінің дарындылық қабілетінің арқасында дұрыс диагноз қоюды дамытты және науқастарды жоспарлы түрде емдеу жолдарын жетілдірді. Висконсина университетінде дипломын қорғаған Эриксон Колорадодағы медициналық университетінің колледжіне түсіп, 1928 жылы медицина ғылымының докторы атағын алды. Интернатурадан кейін ол алғашында Колорадодағы психиатриялық емханасында Роуд-Айлендегі мемлекеттік емханасында, содан соң Ворчестердегі (Массачусетс) штатындағы мемлекеттік емханасында жұмыс істеді.Ворчестерде Эриксон өзінің тәжірибелік және клиникалық зерттеулерін жалғастыра отырып, немесе психиатрияның түйінді мәселелері жөнінде көптеген қызықты мақалалар жариялады. 1934 жылы Мичиган штатына қарасты Вейн аумағындағы Элоизедегі орталық әскери госпитальға ғылыми зерттеулер жөніндегі директор қызметіне шақырылып, психиатрия жөнінде дәріс берді. 1948 жылдың шілде айында ол 46 жасында бірнеше жылдық ауру мен аллергиядан кейін, ол университеттік мансапты қойып, Аризона штатына қатысты Фениксте жеке тәжірибемен айналысты.Сонымен қатар Мичиган мемлекеттік университетімен Вейн мемлекеттңк университетінің аколледжінде қызмет атқарды. 1953 жылы52 жасында Эриксонның полиомиелит дерті қайталанды. Ол өмір бойы мүгедек арбасына тәуелді болды. Бірақ жоғарыдағы аталынған қиыншылықтарға қарамастан, Эриксонның гипнозға деген қызығушылығы жойылмады. Қайтыс болғанға дейінгі соңғы 28 жылдар аралығында ол жұмысқа деген белсенділігін жоғалтпай, шығармашылық ізденістермен қатар лекциялар оқыды, түрлі кеңес беріп емдеді. Тәжірибелік зерттеулер жүргізіп психотерапиямен көбірек айналысты. Эриксон гипноз арқылы танымдық процестердегі өзгерістерге сонымен қатар елестетушілік (галлюцинация) түстерді көрудің себептерін анықтады. Өзінің зерттеулерінде ол гипноздың әсеріне баға беру барысында көпшілікке танымал Ишихараның түстік соқырлық тестін қолданды. Бұл тестте зерттеушілерге бірнеше топ әртүрлі түстік дақтармен бейнеленген сандар ұсынады. Сандарды дұрыс оқып шығу үшін адамға дұрыс түстік көру қабілеті қажет. Ишихараның стандарттық тестінде 3 деген сан қызыл түспен бейнеленген. Қызыл түске деген соқырлықты сендіру арқылы қызықты жайттарды анықтады. Осыған байланысты зерттелушіге қолындағы саусақтардың санын санап беруін ұсынған кезде, олар 3 деп атап бере алмады және қызыл түсті сезінбеді, көрмеді.

Эриксон өзінің клиникалық зерттеулерінің барысында гипноз арқылы таңдамалы жартылай немесе толық саңыраулыққа (глухота) сендіру мүмкіндігін көрсетті. Гипноз арқылы саңыраулыққа сендіру үшін ол өз тәжірибелерінде классикалық шартты рефлекстер әдісін қолданды. Баршамызға мәлім электр тоқтың әсерінен адамның бұлшықеттері жиырылады. Сондықтан ол электр тоқтың орнын дыбысты қоңыраумен алмастырады. Өзінің зерттеулерінде зерттеушілерге гипноз арқылы саңыраулыққа сендіріп, қоңырау шалған кезде шартты рефлекстер тежелініп, бұлшықеттердің жиырылуы байқалмайды. Зерттелушілердің есту қабілетін қалпына келтірілгеннен кейін, олардың тітіркену қабілеті орнына келетінін байқауға болады. Гипноз тәсілдерін қолдану арқылы физиологиялық процестердің өзгеруін байқаған ол тәжірибелік зерттеулер барысында сілекей шығару реакциясын қоздыру немесе тежеу, созылмалы конфеттерге теңдестіруге сендіру, қолдарын ыстық немесе салқын суға батыруға сендіру арқылы қолдың температурасын жоғарылатуға немесе төмендетуге болатынын дәлелдеп көрсетті. Өзінің өмірінде түрлі аурулардан қатты қиналған ол гипнотерапияға үлкен жауапкершілікпен талдау жасады. Сондықтан ол ауруды сезінбеуге сендіру мен реттеуге бағытталған көптеген әдіс –тәсілдерді жетілдірді. Өзінің гипноздық тәсілдерін қолдану арқылы уақытты қысқарту және ұзарту арқылы емделушілердің іскерлік қабілетін арттыруға негізделген тәжірибелер жүргізді. Мысалы: зерттелушілерге 10 минут аралығында қаптағы мұз кәмпиттерін (леденцы) санын есептеу тапсырмасы берілді. Әдеттегі есептеу жылдамдығы минутына 59 мұз кәмпиті болса, гипноздың әсерінде болған бір адам 10 секунд аралығында 401 мұз кәмпитін есептеп шыққан. 1933жылы Эриксон әйгілі антрополог Эдвард Сепираның семинарында күнделікті психопатологиялық әдістерін гипноз арқылы қолданылуын көрсетті. Мысалы: бір ер азаматқа гипноз арқылы неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен екі дюймнан жоғары әйелдерге үйленетіндігі жөнінде сендірілді. Гипноз ұйқысынан тұрған соң оның көзқарасының, сенімін өзгертуге бағытталып қолданылған барлық айла-тәсілдер нәтижесіз аяқталды. Ол көпшілікті неміс ұлт өкілдерінің ерлері өздерінен биік әйелдерге үйленетіндігін дәлелдемек болды. Тек қана гипноз арқылы зерттелінушіні қайтадан өз сенімінен бас тартуын сендірді.

Американдық гипноздық емдеу техникалары. М. Эриксонның әдістері.

М.Эриксонның пікірінше гипнозға берілмейтін адамдар болмайды. Кейбір гипнозшылар барлығына бір ғана шаблонды әдісті қолданады. Себебі олар гипноздың басқа тәсілдері мен техникасын меңгермеген. Эриксонның тәжірибелерінде әр түрлі әдістер мен комбинацияларды теру арқылы және емделушілердің жеке ерекшелігіне сәйкес тиісті әдіс қолданған.

1. Ауызша икемдеу және жүргізу –вербалды қозғалыс пен емделушінің вегетативтік реакциясын бақылау.

2. Вербалдық емес икемдеу және жүргізу гипнозшы мен гипнотиктің –тынысын синхронизациялауы, сөз бен тыныс ырғағын, қозғалысын сәйкестендіру содан соң гипнотикті сирек ырғаққа ауыстырады.

3. Жүйелі түрде сенсорлы –репрезентативтік жүйені қондыру (« сіз сезесіз», «сіз менің даусымды жақсы естесіз»т.с.с.).

4. Алдыңғы транстық жағдайын еске түсіру жаңадан кәдімгі қалпымен кездесетін транстық хал - жайын еске түсіріп жасау және бекіту(мысалы жағажайдағы дем алыс кезіндегі, көлікте жүрген кезде т.с.с.).

5.«Якорь» әдісінде гипноздың бірінші сеансында транстық жағдайындағы санасы мен шартты түрде қалыптасқан сыртқы себепшімен байланысты. Кейінірек себепшіге еске түсіру жеткілікті болады (мұнда бір дыбыс, орындыққа жайғастыру, емделуші денесінің белгілі бір жеріне қолмен жанап өту т.с.с.).Трансқа нысаналау .

6. Кәдімгі трансқа ену кезеңінде байқалатын реакцияларды баяндау.

7. Тетікті нысаналау- гипноздалушыға- қолдарын өз денесінің алдына созып, ақырын қолын түсіруін трансқа енумен байланыстырады.

8. Шаблонды ажырату – автоматтандырылған іс-әрекетіне жүргізілген мақсатты үзіліс шоктық транс жағдайына алып келеді.

9. Ақпараттық шамадан тыс жүктеу әдісі. Оның негізі адамның бір сәттегі саналы түрде 7+ - 2бірліктен артық ақпарат қабылдай алмайды. Шамадан тыс жүктеу кезінде транстық жағдай пайда болады.

10. Бір уақыттағы ретсіздік жүктеу сенсорлы презентативтік жүйесі (мысалы: адамға жүйелі түрде 343 –тен 7 санға дейін алуды немесе бір бейнені елестетуді ұсынады.) Гипнозшының тиянақты тапсырмасын орындалуының келесі нұсқасы. Жылдам ырғақта бір-біріне қарама-қарсы нұсқауларды орындау.

Милтон Эриксон гипноз барысында нысаналы түрде ауызша арбауды пайдаланған.

  1. Себепті пресубпозициялық -күдікті тудырмайтын алдын ала болатын реакцияны болжап, баяндау. Мысалы: «Қолыңызды түсіргіңіз келмес пе екен. Сонда сіз транстық күйге ене бастайсыз».

  2. Пресубпозицияны жалған талдау: «мүмкін сіз таң қаларсыз, денеңіздің қай бөлігі бірінші болып босайды. Оң жағы ма, әлде сол жағы ма».

  3. Бос жіберілген пресубпозицияның шарттары: «сіз денеңізді босаңтуыңызға болады».

  4. Тізбектелген бұйрықтар : «сіз әлде де транстың зор мәніне көзіңізді жұмғыңыз келеді ме». Тізбектелген бұйрықтарды интонациямен үзіліспен, дене қимылымен белгілеуге болады.

  5. Негативті бұйрықтар: «әсерлі дене сезіміне толығымен еніп кетуге талпынбаңыз».

  6. Сөйлесу жорамалдары: «көзіңізді жұма аласыз ба» дәл осыған сәйкес «иә» немесе « жоқ» деген сұрақтарға негізделген.

  7. Синтаксистік бұлдырлық: «жақын арада сіз толығымен өзіңізге ыңғайлы жайда отырғаныңызды сезінесіз, менің дауысымның дыбысын естисіз, терең трансқа енуге икемделіңіз». Гипнотик арбаушының бұлыңғыр синтаксистік сөздерін естиді саналы түрде қабылдап, трансқа енеді.

  8. Семантикалық бұлдырлық- 4-ші тармақта тікелей мағынада қолданған «көзіңізді жабыңыз» сөздің астарлы аталуы. «Гипноз күйіндегі адам жаңа тәжірибемен білім алуды қажет етеді. Олар оны өмірлік қиындықтардан шығу жолдарын табуға пайдалану үшін үйренгісі келеді. Ол сіздің қолыңыздан келеді». Эриксон мақсатты түрде осындай ауызша сөздерді трансқа икемдеу үшін пайдаланады.

  9. Мөлдір метафоралар- гипноздалушыға қажетті реакциясы жансыз денелер мен заттарға, басқа адамдарға айтылған нәрсені соған арналған деп қабылдауы. Мысалы: «сіз ұстап отырған кітабыңыз оқырмандардың Эриксон гипнозының негізгі қағидаларын үйреніп алуға ұмтылғандарға түсіністікпен қарайды».

  10. Жазбаша мөлдір метафоралардың қорытындысын тырнақшаға алу: «сіз трансқа икемдеу әдістемесін үйреніп болмайынша, гипнозбен айналыса алмайсыз» осы сөзді оқығандар гипнозды сәтті игере алады, алайда гипноздың көптеген қыр –сырлары оған беймәлім болып қалады.

Сонымен біз М.Эриксонның қолданған әдістерінде тек қана қарапайым, өз пікірін басқаға жүктемеуге арналған, баршаға белгілі ауызша психологияляқ гипноз элементтерінің техникасын пайдаланғанын көреміз.Сондықтан Эриксонның гипноздағы тәсілі орыстардың психотехниктері мен салыстырғанда мүлдем адамның эмоциялық жайын ескермейді. Гипнозшы қалыптаспаған бұлыңғыр сөздерге бейімделген. Эриксон гипнотикалық трансты емдік фактор екендігіне сеніп, емделушінің өзін-өзі емдеудің психофизиологиялық механизмі екеніне күмән келтірмеген. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін гипнотерапевттің көмегі қажет. Ол қатаң гипнозға қарағанда қарапайым емдік сөздер қолданады. Эриксон өз сөзінде: «әр адам дәлірек айтсақ оның миы өзінің түйінді мәселелерін шешу жолдарын біледі, керек десеңіз шешімін білмегеннің өзінде де» адамның ішкі психикалық және физиологиялық ресурстарына байланысты болдады деген.

Эриксон жиі «ресурстар қазынасы » әдісін пайдаланған. Сіз есікті ашасыз, сіздің алдыңызда кең бөлме тұр, мұқият қараңыз, бөлмеде сізге қажетті заттар немесе адамдар болуы мүмкін. Олардың сіз қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмегі тиіп қалуы ықтимал. Мұқият болыңыз және есіңізде сақтаңыз. Сізге не пайдалы болуы мүмкін. Бұл бөлмеде қанша уақыт қажет болса да қалыңыз. Ал егер сіз жеткілікті білім мен тәжірибе жинақтасаңыз оң қолыңызды асықпай көтеріп белгі беріңіз.

Келесі Эриксонның қолданған әдістерінің бірі «уақытқа саяхат» немесе «хрустальды шарлар». Бұл әдістердің негізі төмендегідей :адамнан «бейне жетістігін елестетуге сұранады содан соң оны гипнотикалық трансқа енгізеді. Доға тәрізді орналысқан жеті хрустальды шарларды және өз мақсатына жеткісі келген талапкердің өзін орталық шарға елестетуін ұсынады. Содан соң гипнотикпен бірте-бірте, шардан –шарға оң жаққа жылжу барысында қойылған мақсатқа жету жолындағы орын алған кері тартпа оқиғаларды еске түсіреді. Бірінші төрт бейнесін салыстырудан кейін гипнотикке ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындаған соң сол жақтағы ең шеткі шардағы жетістік бейнесінде өзін қойып, алтыншы шарда қойылған мақсатқа қалай жеткендігін, ал жетінші шарда мақсатқа жету жолындағы жасалған іс-әрекетін елестетуі. Бір шардан екінші шарға қадамдап көшу тек қана алдын ала гипнотикпен келісілген белгілер (басын изеу, қолын көтеру т.с.с.) немесе орындалғандығы жөніндегі нұсқаулары арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс гипнотикке төмендегі ұсыныспен аяқталады. 7 шарды кемпірқосақпен немесе алтын лентамен бір-бірін қосу және транс кезінде сезілген нәрселерді санасынан алып тастап, ұмытуды ұсынады.

1

  1. 7

6

5

«Маятник немесе сағат тілі» әдісі.

Бұл әдіс негативтіктен, позитивті синтезге ауысуына көмектеседі. Мысалы: өз іс-әрекетіне сенімсіз адамға сезім. Дыбыс және белгілермен байланысты екі тізім құрастыруды ұсынады. Бірінші тізімде сәтті орындалған іс-әрекет барысындағы уайымы, екіншісінде іс-әрекетті орындай алмауы барысындағы сәтсіздіктен кейінгі уайымы. Гипнозшы денесін сәл еңкейтіп бірінші тізімін адамның сол жағынан оқиды. Содан соң екінші тізімдегі сөздерді сәл еңкейіп оң жағанан оқиды. Үшінші қадам тура отырып кез келген ретте екі тізімдердегі сөздерді оқиды.

Жұмыс барысында М.Эриксон өзінің емделушісіне әртүрлі әңгімелер айтып, кірістірілген хабарламалар мен бұйрықтарды қолданған. Кейбір жерлерін дауыстың ырғағымен қолдың қимылымен белгілеген. Эриксон 1980 жылдың 25-ші наурызында жұқпалы аурудан қайтыс болды. Оның теориялық ізденістерін шәкірттері жалғастырды. 1988 жылдың шілде айында Эриксонға және оның мектебіне арнайы шыққан журнал басылып шықты. Оның көптеген еңбектері мен мақалалары жарияланды. Доктор Зайгтың Эриксон психотерапиясы жөніндегі екі томдық еңбегі жарық көрді. Эриксонның түсінігі бойынша гипнотикалық транс –бұл психиканың әр түрлі өзгерістер мен жаңа білімді қабылдауға бейімделу кезеңі. Психотерапевт өзін емделушіден жоғары қоймайды. Өзіне бағындырмайды. Емделуші өзі-өзін бақылау қасиетін сақтайды. Ол адамның транстық жағдайда санасыз түрде оқуға бейім болатындығын атап көрсетті. Эриксон әр түрлі техникаларды қолданудан гөрі жеке адамға ерекше мән берді. Трансты ол екі адамның арасындағы өзара тең қатынас деп есептеген. Ешкімді ешкім басқармайды. Сіздер естіген шығарсыздар адамды ұйқыдан айыру, тамақтың, судың, дәрумендердің физикалық қозғалыстардың жетіспеушілігі неге әкеліп соғатындығын, транстың қажеттілігін біз түсінбейміз. Бірақ біздің санамыз транс кезінде ішкі психикамызды қайта құрып қажетті іс- әрекетке бейімдеп өзгертеді. Трансқа ену қабілетімізді қайта қалыптастырып, біз өмірдің әр түрлі өзгерістеріне бейімділігімізді қалыптастырып, өтпелі кезеңнен жаңа кезеңге оп-оңай өтеміз. Трансқа ену барысында біз ежелгі емдеу дүниесіне қосыламыз. Эриксоннан гипноз не екенін түсіндіріп беруін сұранған кезде ол: «гипноз бейнелерді тасымалдау » деп жауап берген. Бейнелер біздің өмірімізді басқарады. Карл Прибрам әйгілі ғалым нейропсихолог «Бейнелер жетістігі »деген терминді енгізді. Адам психикасы терең бейнелер жетістіктері арқылы өзін қайта құрып, адам өмірінің жаңа бағыттарын айқындайтындығын дәлелдеді.Бұл ережеге сәйкес терең бейнелер өзінің тұрақтылығымен ерекшелінеді. Д.Н.Узнадзе бұны құрылым деп атады. Олар екі жағдайды өзгертуі мүмкін.

1-сі адамның релаксация кезінде қимылсыз отырып өзінің ішкі дүниесіне үңілу.

2-сі бұл бейнелерді өзгерту үшін ритмикалық қозғалыстарды қолдану кезінде (билеу, жүру, жүгіру) стресс кезінде адамның көңілі солғын, бұлшықеттеры босаңсиды, тыныс ырғағы өзгереді, тарығады, қысқа мерзімге тоқтап қалуы да мүмкін.Адамның миына оттегі де, аз мөлшерде жеткілксіз беріледі. Осы кезеңде адамдар жаңа бір бейнелердің жетістіктеріне мұқтаж болады. Жаңа армандар мен мақсаттарға сәйкес өз өмірлерін бағыттауға адам физиологиясы бұл бейнелерді құруды мүмкінсіз етеді. Адамның санасы стресстің қиыншылықтарын жеңілдетуге тырысады. Ол жаңадан шеңберлерді жасау төңірегінен шыға алмай, жаңадан қиындық жағдайларын туындатады. Адамды белгілі бір траекториямен ұшырылған ракетамен салыстыруға болады. Ол өзіне «маған не қажет?» деген сұрақ қоюға қабілетсіз болады. Сондықтан транстың бір мақсаты адамға физиологиялық жағдай жасау арқылы адамды стрестен шығару үшін жаңа бейнелерді қалыптастырады, өз өмірін басқа бағытқа бейімдейді. Адам транс кезінде өзімен өзі түйінді мәселесі жөнінде пікірлеседі. Бұл түйінді мәселені шешу барысында ол бір диалогты қайталай береді. Бірақ белгілі бір кезеңде адамның санасы өзінің ішкі ресурстары мен тәжірибесіне үңіліп, өз көңілін шектеулі алаңмен «түйінді мәселелер» жүйесін тарылтады. Осы түйінді мәселені шешу үшін сіз осы жоғарыда аталынған тұйық шеңберге қосылып, оның шешімін табу жолдарын өзіңіздің емделушіңізбен бірге іздейсіз. Әр адам өзінің қажеттілік тәуелсіздігін сақтағысы келеді. Сіз басқа адамның ішкі дүниесіне оның түйінді мәселеріне қосылдыңыз. Емделушімен бірге үйлесімді қызмет барысында сіз оның санасын, көңілін оның ішкі дүниелік тәжірибесіне үңіліп оның санасын ішкі ресурстарға жетелейсіз. Сіз ешқандай нұсқау ұсынбайсыз. Милтон Эриксон өз әріптестеріне қарым-қатынас формуласын шығарды, ол : «Қосылыңыз, бекітіліңіз, жүргізіңіз» . Сіз кез келген аданың сырттқы әрекетіне қосыла аласыз ол үшін сіз өз даусыңыздың ырғағын әріптестің тыныс ырғағы мен сәйкестендірсеңіз болды. Сөзіңіздің ырғағын өзгертсеңіз, әріптесіңіз де соған ереді. Дәл сол сияқты өзіңіздің қолқимылдарыңызды әріптестің тыныс ырғағымен сәйкестендіруге болады. Келесі әдістің бірі -вербалдылық әріптесіңіздің қазіргі кездегі уайымына қатысты оған қосылу. Мысалы: «Сіз маған қараған кезде күлімсірейсіз, сіз мен сөйлеген кезде менің даусымды естисіз » бірте-бірте ауысу адамды бір күй жағдайдан өзгерген жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Адамның дүниені танып білудің 5 тәсілі бар. Біз көреміз, сеземіз, естиміз, иіскейміз, дәмін татып көреміз. Осы жолдар арқылы алынған, кодталған ақпараттарды миымызда бейне, дыбыс, сезім, иіс, дәм ретінде сақталуы репрезентативтік жүйе деп аталынады. Егер сіз адаммен сөйлесіп, оны түсіне білсеңіз оның репрезентативтік жүйесін пайдаланып,оның тілін тапсаңыз сіз оның сенім жолын табасыз. Әріптесіңіздің көңіл-күйін, уайымын, анықтасаңыз оның репрезентативтік жүйесін ойлау қабілетінің түрін білсеңіз сіз оған «енуге болатын кілтін» таба аласыз. Әдетте ол «кілттер» санадан тыс қабылдау шеңберінде орналасады. Бұл белгілер немесе «енуге болатын кілттер» таңдап алынған сөздерді іске қосады. (предикаттар), көз қимылдары (каттерн), және тыныс паттерні терісінің түрі, бұлшықеттерінің босаңсуы, сөздің ырғағы. Осы «кілттер» адамның қалай ойланатынын және қандай реттілікте репрезентативтік жүйені қолданатынын көрсетеді. Бұл жүйе басқалардан гөрі жиі адамның артығырақ көретін репрезентативтік жүйесі деп аталынады. Сондықтан бір адамдар анық бейнелер мен суреттерді бейнелейді. Ондай адамдарды визуалист деп атайды. Басқа біреулер өзі-өзіне іштей түсінік беріп, басқаларды тыңдағанды жақсы көреді. Оларды аудиалист деп атайды. Ал өзінің іс-әрекеттерін көп жағдайда өзінің ішкі сезімімен байланыстыратындарды кинестетиктер деп атайды. Өз зейініңізді адамның таңдаған предикаттарына сәйкес сіз ақпарат жинайсыз алдыңызда отырған адам ол визуалист, аудиалист немесе кинестетик па. Визуалисттер өз сөздерінде төмендегі предикаттарды пайдаланады «мен сізді не мазалап тұрғанын көремін. Мен оны көз алдыма елестете аламай тұрмын». Аудиалисттер төмендегі предикаттарды қолданады: «Бұл дұрыс айтылған, сіз мені мұқият тыңдап, қызметке шыңдап кірісуге көңіл аударыңыз». Кинестетиктердің қолданатын предикаттары «менің жаныма ауыр тиюде», «қазіргі уақытта салықты аяқтан басқа дейін сыпырып алады», «тәтті естеліктер жағымды сезімдер ұялатады» т.б.

Өмірінің соңғы жылдарында Милтон Эриксон өзінің тәжірибесінде өзгеріс процестерін жеңілдету үшін ежелгі билік тарихын пайдаланды. Тарихтарды айту, оқыту мен емдеудің негізгі тәсіліне айналды. Біз бір нәрсе туралы әңгіме айтқан кезде тыңдаушылар өздерінің естерінде тарихи батырлардың бастарынан өткізген уайымдарымен сәйкес кезеңдерді іздей бастайды. Осы феноменді Эриксон әртүрлі психикалық механизмдерді белсендендіру арқылы қажетті жерге кіруге рұқсат алды.Эриксонның түсінігі бойынша адамға тікелей оның түйінді мәселесі жөнінде айтудың қажеті жоқ деп есептеді. Мысалы: егер адам бір нәрсені естен шығарса, Эриксон әдеттегідей естен шығарған адамдар жайында тарихтарды айтып, өзінің есімдерін естен шығарған, үйінде бір заттарды естен шығарып қалдырған немесе жұмысқа қажетті заттарды естен шығарғандарды, өздері уәделесіп кездесулерді естен шығарғандар жайында айтатан. Осыған сәйкес келетін тарихи оқиғалар естен шығарған психикалық механизмдердің белсенділігін арттыруын қажет етті. Арнайы тәсілдерді қолдану барысында әңгімеңізге әзілді, қайғыны, шиеленушілікті қосыңыз. Бірақ әңгіменің соңында қорытынды жасамаңыз. Қорытындыны тыңдаушының өзі жасасын. Немесе: «осыдан қорытынды шығарыңыз»- деп әңгімеңізді аяқтаңыз. Өзіңіздің әңгімеңізге қосалқы сенім элементтерін қосыңыз. Психотерапевтикалық тарихтар 60 минуттық ұзақтыққа созылуы мүмкін. Сонымен қатар әңгімеңізге 3 модальдық сезімдерді (визуальдық, аудиальдық және кинестетикалықты) қосыңыз. Психикалық механизмдерді белсендіруге Эриксон үлкен мән берген. Адамның әртүрлі жағдайына байланысты соған бейімделіп өзгеретін адамның үйренуге деген қабілетін арттырады. Мысалы: «баланың алғашқы әріптерді үйренуі туралы тарихы. Бала мен үлкен адамның компьютерде жұмыс істеуді үйренуі». Эриксон қисық-қыңырлық іс әрекеттерді таңдауларды құттықтап өзінің терапевтикалық айла-тәсілі ретінде қолданды. Мысалы: Егер емделуші мен бұны істемеймін, маған оның қажеті жоқ десе, Эриксон оның пікірімен келісіп, қажет болған жағдайда орындамауын талап ету арқылы түйінді жағдайды қалыптастырып, серіктестікте жұмыс істеуге шақырған.

Медицина ғылымының докторы жаңашыл, тапқыр зерттеуші Мильтон Эриксонның пікірлері гипноз жайындағы қазіргі кезеңге сәйкес көзқарастарды қалыптастырып, дүниежүзілік психотерапевттердің тәжірибелік қызметіне үлкен із қалдырды.

1   2   3   4   5

Похожие:

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconСүйікті ісі: қоршаған ортаны қорғау, әдеби кітаптар оқу
Шығарманы жазу себебі: Мен өз отанымды сүйгендіктен, жүректегі Отанға деген сезімді жалынды құштарлықпен айтып, өркенін кеңінен жайған...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconДомбырамен сүйемелдеудегі дәСТҮрлі ән айту арқылы жас ұрпақТЫҢ ДҮниетанымын қалыптастыру
Ткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде жас ұрпақты адамгершілік...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconОқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы-мектепте
Республикасының білім беру саласына тың көзқарас,жаңа үлгідегі ізденіс қажет.Өскелең ұрпақ,болашағы зор жас ұрпақты қоғамталаптары...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconХимия және халық тәлімі. Кіріспе
Одан халқымыздың сал-серілігін көруге болады. Ертеде белдік,ілгек-қапсырма,білезік, жүзік салмайтын қыз-келіншек сирек кездескен....
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. icon«Салауатты өмір салтын дәріптейік» атты сайыс сценарийі
Көтерілген көгінде көк байрағы,-деп ақындар жырлағандай,еліміз еркіндік алып,өз алдына отау тігіп,ерікті ел,тәуелсіз мемлекет болғанына...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconПатриоттық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол...
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. iconПатриоттық ТӘрбие берудің педагогикалық негіздері
Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница