Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Скачать 163.34 Kb.
НазваниеПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
Дата конвертации16.02.2016
Размер163.34 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/162421.doc

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

пгу_блэк1


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Гуманитарлық-педагогикалық факультет


Психология және педагогика кафедрасы


6М010300 – «Педагогика және психология», 6M011100 – «Информатика», 6M011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6M090500 – «Әлеуметтік жұмыс», 6М020100 –«Философия», 6М020400 – «Мәдениеттану», 6М020500 – «Филология», 6М050100 – «Әлеуметтану», 6М050300 – «Психология», 6М050400 – «Журналистика», 6М050600 – «Экономика», 6М050700 – «Менеджмент», 6М060200 – «Информатика», 6М060400 – «Физика», 6М060600 – «Химия», 6М060700 – «Биология», 6М060800 – «Экология», 6М060900 – «География», 6М070100 – «Биотехнология», 6М070300 – «Ақпараттық жүйелер», 6М071200 – «Машинажасау», 6М071600 – «Аспапжасау», 6М071700 – «Жылуэнергетикасы», 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6М072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6М072900 – «Құрылыс», 6М073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», 6М073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 6М075000 – «Метрология», 6М080100 – «Агрономия», 6М091000 – «Кітапхана ісі» мамандықтарының магистранттарына арналған


«ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Павлодар



Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы

пгу_блэк1


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38







БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

_______ Ж.Т.Сарбалаев

20__ ж. «___»__________



Құрастырушы: ________ педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Х.Галиева


Психология және педагогика кафедрасы


6М010300 – «Педагогика және психология», 6M011100 – «Информатика», 6M011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6M090500 – «Әлеуметтік жұмыс», 6М020100 –«Философия», 6М020400 – «Мәдениеттану», 6М020500 – «Филология», 6М050100 – «Әлеуметтану», 6М050300 – «Психология», 6М050400 – «Журналистика», 6М050600 – «Экономика», 6М050700 – «Менеджмент», 6М060200 – «Информатика», 6М060400 – «Физика», 6М060600 – «Химия», 6М060700 – «Биология», 6М060800 – «Экология», 6М060900 – «География», 6М070100 – «Биотехнология», 6М070300 – «Ақпараттық жүйелер», 6М071200 – «Машинажасау», 6М071600 – «Аспапжасау», 6М071700 – «Жылуэнергетикасы», 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6М072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6М072900 – «Құрылыс», 6М073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», 6М073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 6М075000 – «Метрология», 6М080100 – «Агрономия», 6М091000 – «Кітапхана ісі» мамандықтарының магистранттарына арналған

«Психология»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Бағдарлама «___» _________20__ ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20___ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі ______________ Е.И.Бурдина 20__ ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________

20 _ ж. «_____»____________№____ хаттама


ОӘК төрайымы ________________ С.К.Ксембаева 20__ ж. «_____»___________




1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Галиева Бахыт Хасеновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті

Психология және педагогика кафедрасы Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы «А» корпусында, 149-аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны – 87182673685 (1139).

2 Пән туралы мәліметтер

«Психология» пәнінің мазмұны 6М010300 – «Педагогика және психология», 6M011100 – «Информатика», 6M011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6M090500 – «Әлеуметтік жұмыс», 6М020100 –«Философия», 6М020400 – «Мәдениеттану», 6М020500 – «Филология», 6М050100 – «Әлеуметтану», 6М050300 – «Психология», 6М050400 – «Журналистика», 6М050600 – «Экономика», 6М050700 – «Менеджмент», 6М060200 – «Информатика», 6М060400 – «Физика», 6М060600 – «Химия», 6М060700 – «Биология», 6М060800 – «Экология», 6М060900 – «География», 6М070100 – «Биотехнология», 6М070300 – «Ақпараттық жүйелер», 6М071200 – «Машинажасау», 6М071600 – «Аспапжасау», 6М071700 – «Жылуэнергетикасы», 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6М072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 6М072900 – «Құрылыс», 6М073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», 6М073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», 6М075000 – «Метрология», 6М080100 – «Агрономия», 6М091000 – «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартындағы білім берудің ең аз мөлшеріне сәйкес қурастырылды. Онда болашақ маманға қажетті ауқымындағы білім, білік, дағдылардың ең аз мөлшері қамтылды.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

МӨЖ

сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

Тәжірибелік

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

МОӨЖ




Бар-лығы

2

120

22,5

7,5










90

7,5

емтихан (компьютерлік тестілеу)


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Пәннің мақсаты – магистранттардың жаңа психологиялық-педагогикалық білімдерін қалыптастыру, оларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың мәселелерін психологиялық білім, білік, құзыреттілік арқылы шешуге машықтау.

Пәннің міндеттері

  • магистранттардың психологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру және дамыту;

  • магистранттарды психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;

  • кәсіптік білім жүйесіндегі жеке тұлғалардың жасына байланысты және дербестік ерекшеліктерін меңгеру;

  • кәсіби оқыту және тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттеу;

  • кәсіби іс-әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу;

  • болашақ магистрлердің педагогке қажетті кәсіби маңызды психологиялық қасиеттерін дамыту.

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар:

түсінігі болуы керек:

  • қазіргі қоғамдық өмiрдегi психологияның ролі туралы;

  • психологияның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;

  • психологияның әдiснамалық көкейкестi мәселелерi туралы;

білуі керек:

  • психология әдістемесі мен ол арқылы оқудың сапасын көтеру мүмкіндігін;

істей білуі керек:

  • алған білімді арттыру;

  • әртүрлi пәннің аясында алған бiлiмді жаңа жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшiн қолдану;

  • өз педагогикалық қызметiнде жоғары мектеп психологиясынан алған бiлiмді қолдану;

  • жаңа мәселелер мен жағдайларды шешу үшін креативтi ойлау және шығармашылық көзқараспен қарау;

дағдысы болуы керек:

  • ғылыми-зерттеу қызметiне;

  • кәсiби қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс орнатуға;

құзыретті болуы керек:

  • жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметтiң аясында психологиялық білім мен этиканы қолдануға;

  • бiлiмдi тұрақты жаңартуды, кәсiби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз етуге.

6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін «Педагогика», «Ғылым тарихы мен философиясы» пәндерін меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет.

7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар мыналарды меңгеру үшін қажет: магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, педагогикалық тәжірибе.


8 Тақырыптық жоспар

п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

Дәр.

Тәж

МӨЖ

1

2

3

4

5

1

Психология ғылым ретінде. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

3

1

13

2

Психологиялық зерттеу әдістері

3

1

13

3

Студенттік жастық шақ психологиясы

3

1

13

4

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

3

1

13

5

Кәсіби білім беру психологиясы

4

1

13

6

Қолданбалы психология негіздері

3,5

1

13

7

Эргономика және психология

3

1,5

12

Барлығы сағат

22,5

7,5

90




  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Пәнді меңгеру барысында магистранттардың психологиялық білімдері мен біліктері қалыптасуы және дамуы тиіс; сондай-ақ, магистранттар кәсіби оқыту және тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттеулері қажет.

10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

1-тақырып. Психология ғылым ретінде. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері.


2-тақырып Психологиялық зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеудің әдіснамасы. Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы.Таным процесінің жалпы және жеке әдістері, тарихи, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер. Психологиялық зерттеу әдістері. Психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістеру.

3-тақырып. Студенттік жастық шақ психологиясы.

Студенттің психологиялық сипаттамасы Студентті психологиялық зерттеу. «Экономика» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері. Математик-студенттердің психологиялық ерекшеліктері. «Химия» мамандығындағы студенттердің психологиялық ерекшеліктері. «Юриспруденция» мамандығы студенттерінің психологиялық ерекшеліктері. Гуманитарлық мамандықтар студенттерінің психологиялық ерекшеліктері. Басқа мамандықтар студенттерінің ерекшеліктері.

4-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынас типтері, түрлері, деңгейлері, стильдері. Тұлғаның және тұлғааралық қарым-қатынастың психодиагностикалық мәселелері. Психологиялық басқару негізі. Басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі.

5-тақырып. Кәсіби білім беру психологиясы.

Кәсіби білім беру ұстанымдары. Мамандықтар түрлерін жіктеу. Кәсіби даму теориясы. Мамандықтарды жіктеу және кәсіптік деформация. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы мен психограммасы. Іс-әрекет және бейімделу. Психология және еңбек іс-әрекеті. Кәсіби іс-әрекет сенімділігінің мәселесі.

6-тақырып. Қолданбалы психология негіздері

Қолданбалы психология негізі. Менеджмент психологиясы. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып студенттер мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.

7-тақырып. Эргономика және психология

«Адам-машина-орта» жүйесінің психологиялық негізі. Эргономика ұғымы. Эргономика мен психологияның байланысы.


Практикалық (семинар) сабақтардың тізімі және мазмұны

1-тақырып. Психология ғылым ретінде. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

  1. Психология ғылым және тәжірибелік іс-әрекет ретінде.

  2. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері.

  3. Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы.

  4. Танымдық психикалық үдерістер.

  5. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері.


2-тақырып Психологиялық зерттеу әдістері
  1. Әдіснамалық білімнің иерархиясы.

  2. Зерттеудің ғылыми аппараты.

  3. Зерттеу объектісі мен пәні.

  4. Зерттеудің ұғымдық-категориялық аппараты.

  5. Психологиялық зерттеу әдістері.

  6. Психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістеру.


3-тақырып. Студенттік жастық шақ психологиясы.

  1. Студенттік жас ерекшеліктері.

  2. Студентті психологиялық зерттеу. Әрбір мамандық бойынша студенттердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және зерттеу нәтижелерін талқылау.

4-тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

  1. Қарым-қатынас ұғымы.

  2. Қарым-қатынас типтері, түрлері, деңгейлері, стильдері.

  3. Педагогикалық үдерісті басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.

  4. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі.

5-тақырып. Кәсіби білім беру психологиясы.

  1. Мамандықтар түрлерін жіктеу.

  2. Кәсіби даму теориясы.

  3. Мамандық типтеріне сипаттама:

а) «адам – тірі табиғат»;

б) «адам - адам»;

в) «адам - техника»;

г) «адам – таңбалар жүйесі»;

д) «адам – көркем бейне».

  1. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы мен психограммасы.

  2. Іс-әрекет және бейімделу.

6-тақырып. Қолданбалы психология негіздері

  1. Қолданбалы психология.

  2. Менеджмент психологиясы.

  3. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып студенттер мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.

7-тақырып. Эргономика және психология

  1. «Адам-машина-орта» жүйесінің психологиялық негізі.

  2. Эргономика ұғымы.

  3. Эргономика мен психологияның байланысы.


Магистранттардың өздік жұмысының мазмұны

МӨЖ түрлерінің тізімі


МӨЖ түрі


Есеп беру нысаны

Бақылау

түрі

Сағат

көлемі

1

Дәрістерге дайындалу

Тірек конспект жасау

Сабаққа қатысу


20

2

Семинар сабақтарға дайындалу. Үй тапсырмаларын орындау

Конспект


Сабаққа қатысу

25


3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу.

Кестелер, баяндамалар, реферат


Қорғау, есеп беру

25

4

Бақылау іс-шараларына дайындалу




Аралық және қорытынды бақылау (емтихан)

20




Всего







90

Магистранттардың өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Жоғары оқу орнында білім берудегі педагогикалық практиканың психологиялық негізі.

  2. Жоғары оқу орнында білім берудің психологиялық теорияларының мазмұны.

  3. Жоғары оқу орнындағы белсенді оқыту әдістері мен тәрбие жұмыстарының психологиялық негізі.

  4. Студенттік ұжымның жоғары оқу орнындағы әлеуметтік психологиясы.

  5. Жоғары мектеп оқытушыларының іс-әрекет психологиясы.

  6. Педагогтің тұлғалық және кәсіби дамуы.

  7. Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі: ұйымдастыру, мақсаты, міндеті, еңбек тәжірибесі.

  8. Адамның тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері.

  9. Қазіргі кездегі тұлға тәрбиесінің әлеуметтік-психологиялық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері.

  10. Әлеуметтік тәрбиелеуді басқарудың психологиялық-педагогикалық проблемаларын зерттеу. Оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтау.


11 Курс саясаты

Оқытушы мен магистранттардың академиялық этикасының саясаты университеттің ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Оқу процесіне белсенді түрде қатысу қажет. Оқу материалы бойынша сұрақтар қою, тиянақты жауаптар беру және өзіндік көзқарастарды таныту өте маңызды. Сабақты орынды себепсіз босатуға тыйым салынады. Әрбір себеп анықтамамен расталуы қажет. Магистрант босатқан сабақтарының орнын оқытушының анықтаған уақытында толықтыруы тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студент сабаққа жіберілмейді. Сабаққа кешігудің немесе келмеудің себептерін алдын-ала ескерткен жөн. Үй тапсырмасын және басқа жазба жұмыстарды дер кезінде тапсыру қажет. Бақылау жұмысын, тестті, емтиханды тапсыруда көшіруге жол берілмейді. Оқытушының кеңестеріне қатысу міндетті. Сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілген қалыпта болуы талап етіледі.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы 100 балл қойылады. Курсты меңгеру барысында балдар былай бөлінеді:

  • дәріске қатысу – 1 балл, конспектің бар болуы – 1 балл;

  • тәжірибелік сабаққа қатысу – 1 балл, тәжірибелік жұмысты орындау – 5 балл (оның ішінде үй тапсырмасын орындау -3 балл, сұрақтарға жауап беру, жаттығу жұмыстарын орындау, тақырып бойынша талдау жасау - 2 балл).

Ағымдық бақылау магистранттардың өзіндік жұмыстарын қорғауы барысында іске асырылады. Бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштер ескеріледі:

  • материалды толық меңгеру - 10 (екінші рейтинг кезеңінде – 13) балл;

  • сұрақтарға жауап бере алу – 4 (5) балл;

  • материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 3 балл;

  • грамматикалық және стилистикалық сауаттылық - 1 балл.

Айып балы білімді бағалаудың жүйесіне орай белгіленеді.

Мәселен, дәрісті орынды себепсіз босату үшін 2 балл шегеріледі (-2); дәрістің шала конспектіленгені үшін жарты балл кемітіледі (-0,5); тәжірибелік сабақтарда белсенділік танытпай, немқұрайды қатынасу ең кем дегенде жарты балды шегерумен (-0,5) жазаланады.

Межелік бақылау пәннің тиесілі кезеңде өтілген тақырыптары бойынша сынақ немесе коллоквиум түрінде ұйымдастырылады. Межелік бақылауда келесі критерийлер ескеріледі:

Толық дұрыс жауап 100 балмен бағаланады, оның ішінде:

100–90 балл – тиянақты, дәйекті, байланысты, толыққанды жауап; балдардың шегерілуі жауаптың мәнін және дұрыстығын бұзбайтын кемшіліктердің кездесуімен байланысты;

89-75 балл – материалды толық игергендігі, мәселе бойынша әдебиеттерді білетіндігі көрінетін және қосымша сұрақтардың қажеттігінсіз берілген жауапқа қойылады;

74-50 балл – магистрант тек негізгі материалды біледі, мәселе бойынша әдебиеттерді шатастырады, қойылған қосымша сұрақтарға жеткіліксіз жауаптар қайырады;

49-0 балл – магистрант толық және дұрыс жауап беруге қауқарсыз, қосымша сұрақтар оған көмектеспейді, мәселе бойынша әдебиеттер қарастырмаған.

Қорытынды бақылау. Курс пән бойынша емтихан тапсырумен аяқталады. Бақылау үстінде көшіріп жазуға тыйым салынады.

Курстың ақтық бағасы бұған дейінгі жинақталған барлық балдарды ескеру арқылы қойылады.


Пән бойынша рейтингті есептеу әдісі

Пән бойынша әрбір рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Р1,2 = АҮ*0,7+МБ*0,3,

мұндағы Р1, Р2, АҮбірінші, екінші рейтингтің, ағымды үлгерімнің балдары.

Екі рейтингтің орташа арифметикалық көрсеткіші негізінде емтиханға жіберілу рейтингі белгіленеді:

ЖР = (Р1+Р2)/2,

мұндағы ЖР – студенттің емтиханға жіберілу рейтингі.

Қорытынды рейтинг төмендегі формула арқылы анықталады:

ҚР = ЖР*0,6+ҚБ*0,4,

мұндағы ҚР – қорытынды рейтинг, ҚБ – қорытынды емтиханның балл түріндегі бағасы.

Табыс тілейміз!



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Психологияның теориялық-методологиялық негіздері: оқу құралы / құраст. С.Е. Бөлекбаева, Е.И. Бурдина, Н.К. Твердохлебов – Павлодар: Кереку, 2009. – 138 б.

  2. Бап-Баба С. Психология негiздерi: оқу-анықтамалық қолданба. – Алматы: Заң әдебиетi, 2007. - 107 с.

  3. Бап-Баба С. Психология негiздерi [Электрондық ресурс]: оқу-анықтамалық қолдаңба – Алматы: Нұр-Пресс, 2008. - 1 с.

  4. Ақажанова А. Т. Қазіргі психология тарихының дамуы, жағдайы, беталысы: оқу құралы Алматы: Nurpress.   -2011.-128 б.

  5. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика:оқу құралы . Алматы: Дәуір. 2012.- 304 б.

Қосымша:

  1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негiздерi: жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық Алматы: Эверо. -2005. - 462 б.

  2. Аубакирова Р., Нұрбекова М. Педагогикалық зерттеу әдiстемесi: оқу құралы. - Астана: Фолиант. - 2008. - 124 б.

  3. Асқаров Е. С., Балапанов Е. Қ., Қойшыбаев Б. А. Ғылыми зерттеулердiң негiздерi: оқу-әдiстемелiк құрал. - Алматы: ЖТИ. - 2005.- 182с.

  4. Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы. - 2006. - 560 с.

  5. Кеңпейiлова С. Ж. Ғылыми зерттеу негiздерi: дәрiс сабақтарының сүйенiш конспектi. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ. - 2006. - 40 с.

  6. Кеңпейiлова С. Ж. Ғылыми зерттеу негiздерi: тәжiрибелiк жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ. - 2006. - 15 с.

Похожие:

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы iconПән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница