«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)




Название«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
страница2/7
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.82 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/bf85b8d9-8410-11e3-9ea3-f6d299da70eeтеория техн обуч.ин.яз УМКД к
1   2   3   4   5   6   7

II.Қабылдау – еліктеу.

Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.

III. Әңгімелесу.

Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.

IV.Сөйлеу

Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді.

Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.

а) оқуға арналған кітаптар

ә) жаттығу кітаптары

Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.

Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:

  • тыңдауды және сөйлеуді дамыту

  • сөйлеу үлгілерін пайдалану

  • аударианы өте аз қолдану

  • грамматиканы үлгі арқылы оқыту

  • сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану

Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:

  • шеттілін жетік білуі

  • педагогика мен психологияны дақсы білуі

  • оқыту әдістері мен техникасын білуі

  • оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.


Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика

ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.

Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.

Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б

Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қа,идаттарымен айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады.

Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы (оқушы,студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.

Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.

Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс.

Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.

Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.

Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін,түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс,дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды,орындалмады,қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық.

Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп,ны есте сақтау.

Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.

Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.

Негізіг әдістемеге:

1)таныстыру

2)жаттығу

3)қолдануды жатқызуға болады

Қосалқы әдістемеге:

1)бақылау

2)түзету

3)бағалау жатады

Ал оқушының қызметінің негізігі әдістеріне

1)танысу

2)жаттығу

3)қолдануды жатқызуға болады

Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.

Мына сызбамен ианысайық.


Мұғалім әдіс оқушы


Ұйымдастырады----(танысу)

(жаттығу)--- атқарады.

(қолдану)


Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді,фланелограф, магнитті

Тақтада көрсете алады.Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Орта мектепте шет тілін үйретудің неше кезеңі бар?

  2. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы әр түрлі болады. Олар неге байланысты?

  3. Бастауыш кезеңде шет тілін үйретуде сөйлеу іс-әрекеттерінің қай иүріне көп көңіл бөлінеді?

  4. Әр түрлі екі автордың «Мұғалімге арналған оқулығын» алып 5-сыныптың бірінші сабақтарын салыстырып қараңыз.

  5. 5-сыныптың бірінші сабағына өз сабақ жоспарыңызды құрыңыз.

Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000


Дәріс № 3,4

Тақырыбы: Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны. : Шет тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары.

Мақсаты:

  • Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік.

  • Тәрбиелік мақсат

  • Білім беру мақсаты

  • Дамыту мақсаты

  • Әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары

• Окытудын мазмұны - әдістеменің негізгі мәселесі

Лингвистикалық компонент

Психологиялық компонент

Әдістемелік компонент

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:

Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.

Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.

Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек.

Оқытудың негізгі үш түрі бар:

1) тәрбиелеу

2) ағарту

3) дамыту

Оқыту мақсатының төрт түрі бар:

  1. тәрбиелік

  2. дамыту

  3. ағартушылық

  4. тәжірибелік (практикалық)

Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға — дос, жолдас, бауыр" деген моральдық кағиданы есте ұстаған жөн.

Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ мәнерлеп оқу да оқушының мәдениеттілігін көрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.

Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана білуі керек, оқулық белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.

Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие «education» деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.

Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.

Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.

Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.

Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.

Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалылығы, т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.

Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.

Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.

Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.

Сызба түрінде былай көрсетуге болады:


тілдің қатынас құралы


ауызша жазбаша




тыңдау және түсіну сөйлеу оқу жазу


Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.

Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?

Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар.

Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:

  • Амандасу - Сооd morning!

  • Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?

  • Қоштасу - Gооd bуе!

  • Таныстыру – Тһіs is Міке.

  • Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.

  • Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday!

  • Жаңа жылмен құттыктау - Нарру New Үеаг!

  • Рұқсат сұрау - Мау I

  • Кешірім сұрау - I аm sorrу.

  • Рахмет айту - Тһаnк уou!

  • Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.

- Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап

оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.


Ағылшын тілін оқыту мақсаттары


Мақсаттар

Тәрбиелік мақсат (ақыл – ой еңбегінің дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру, қызығушылықты дамыту, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу)

Дамытушылық мақсат (оқушының жеке басындағы ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту)

Ағартушылық мақсат (логикалық ойлауды, естегі қиалды дамыту, оқушышың білімін кеңейту, мәдениетін көтеру)

Тәжірибелік мақсат (тыңдату, сөйлеу, оқу, жазу)

Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.

Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:

  1. лингвистикалық

  2. психологиялық

  3. әдістемелік

Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.

Лингвистикалық компонент. Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді. Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.

Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.

Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема, морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.

Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге немесе сөйлеуге үйрету керек пе?", "Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек пе?" деген сұрақтар пайда болады.

Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылмайды. Егер грамматиканы, лексиканы, фонетиканы қарым-қатынас құралы ретінде қолдануда бір-бірінен бөлек оқытса, ол ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.

Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау немесе тілді ұйымдастырған мақсатты сөйлеу процесі арқылы үйрету керек. Сөйтіп, мазмұнынның лингвистикалық компоненті шығады. Оған мынадай тілдік маитериалдар жатады: нақты іріктелген фонетикалық, грамматпкалык, лексикалық мннимумдер және тілдік материалдар, сөздік үлгілер. Іріктеу, жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың мөлшеріне байланысты. Тілдік үлгі сөйлем, диалог, монолог түрінде беріледі және сейлемнің түрлері ретінде беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол үйренушінің есінде қалады.

Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер арқылы беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.

Оқыту мазмұнына тіл білімінің әлеуметтік лингвистика бөлімі де әсер етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.

Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің анықтауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу матералдары кіреді.

Тіл - ұлттың негізгі белгілерінің бірі. Сондықтан шет тіліне үйрету белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлейтін халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде елтану туралы мәліметтер көп қолданылады, ол сол елдің жағрафиясын, тарихын, өмірін зерттеуге арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.

Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын - психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді. Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.

Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.

Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті - тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.

Дағды дегеніміз - жаттығу мен қайталау аркылы автоматтандырылған іс-әрекеттің бөлігі. Мысалы: А.Леонтьев сейлеу дағдысы деп өте жоғары дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.

Шет тілін меңгеру - тілдік дағдылар жүйесін үйрену, ол үшін тілдік біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық іс-әрекетпен байланысты. Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен байланысты. Ал Е.И. Пассов дағдыға айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу және жазу дағдысын жатқызады.

Сонымен қатар, психологиялық компонентке коммуникатнвтілік мақсат үшін тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.

Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады. Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.

Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.

Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.

Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары сыньптарда 1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды. Ол үшін оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.

Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.

Белгілі бір сөзді айтып үйренуде сөздің айтылуының айырмашылығын үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.

Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын да пайдалану қажет. Оқушыны жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.

Осы айтылғандардың барлығы оқытудың 3-ші компонентін - әдістемелік компонентті құрайды.

Әдістемелік компонент - оқудың тәсілдерін үйрену, қарым-қатынас жасау үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.

Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу, айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы болса да оқып тұру қажет, сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.

Сонымен 3 компонентті атайық:

  1. Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.

  2. Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.

  3. Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.

- Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы

- Оқыту принциптерінің түрлері

- Оқытудың арнайы принциптері

- Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері

- Оқыту құралдары туралы түсінік

- Оқыту құралдарының түрлері

- Негізгі оқыту құралдары

- Көмекші оқыту құралдары
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) icon«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) icon«Ағылшын тілі» «050508» «Есеп және аудит» мамандығы үшін Құрастырғандар
Бүл бағдарлама жоғары оқу орнымен қатар, мектепте оқытылатын шет ел курсы мен жоғары оқу
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) icon5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) icon«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»
«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды....
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) iconХ. С. Омарова, Н. Ж. Майтина, А. К. Аипова АҒылшын тілі
Тіл маманынан басқа мамандық студенттеріне жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты олардың өзге тілдегі дерек көздерінен...
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) iconРеферат бақылау жұмысы глоссарий
Шет тілі: екі шет тілі” 2 курс студенттеріне 4- семестрде “Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” пәнінен типтік оқу жоспарына...
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) icon10. 02. 01 Орыс тілі; 13. 00. 02 Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі); 13. 00. 02 Оқыту және
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) мамандықтары бойынша д 14....
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) iconЗат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың мақсаты мен міндеті
Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мәні...
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) iconКафедра «Ағылшын тіл білімі» ОҚу курстарының каталогы мамандығы 5В011900- шет тілі: екі шет тілі
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі) iconҚұқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы
Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы:...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница