Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып,




Скачать 174.54 Kb.
НазваниеРабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып,
Дата конвертации16.02.2016
Размер174.54 Kb.
ТипРабочая учебная программа
источникhttp://www.ektu.kz/files/MethodBook/39751/Рабочая программа по психологии для магистрантов на



Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджменті жүйесі

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан


Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

МЖКФ деканы


_____________ М.В. Дудкин

___________________2014 ж.




ПСИХОЛОГИЯ

Жұмыс оқу бағдарламасы


ПСИХОЛОГИЯ

Рабочая учебная программа


Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған


Өскемен

Усть-Каменогорск

2014

Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Философия және адамзатты дамыту мәселелері » кафедрасында дайындалды.


Философия және адамзаттық даму мәселелері кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі Н. Краснобаева


_11.06.2013_ж. № 11 хаттама


МЖКФ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.


Төраға А. Вавилов


______________________ж. №____ хаттама


Дайындаған

Доцент Л. Абдыгалиева


Норма бақылаушы Т. Тютюнькова



  1. ПӘННІҢ ЕҢБЕК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ




семестрі

Кредит саны

Сабақ түрі

Сағат саны СӨЖ

Сағаттың жалпы саны

Бақылау формасы

Қатынастағы сағат саны

Лекция

Семинар. (практ.)

сабақтар

Лаборат. Сабақтар

СОӨЖ

Барлық сағат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Күндізгі оқу формасы


1

3

15

15

-

30

90

45

105

эмтихан

2

3

15

15

-

30

90

45

105

эмтихан

Күндізгі қысқартылған оқу формасы


1

2

15

15

-

30

60

30

90

эмтихан

2

2

15

15

-

30

60

30

90

эмтихан



2 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


1.1 Магистр академиялық дәрежесін алу жоғарғы мектеп немесе колледж оқытушысы ретіндегі іс - әрекетке бейімделуді талап етеді. Сондықтан жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процесімен байланысты пәндер бойынша білім алу, кәсібилік тұрғыда маңызды жіне қажетті болып табылады. Магистранттар үшін осындай негізгі пәндердің бірі «Психологиясы» болып табылады.

Қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесіндегі мамандар үшін оқытушылық және ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттердің психологиясын оқыту мен тәрбиелеудің біртұтас психологиясын білу өзекті болып отыр.

Курстың мақсаты: Бұл курсты оқыту магистранттардың гуманистік дүниетанымының, психологиялық-педагогикалық шығармашылық ойлауының дамуына көмектесуі, олардың тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуы үшін түрткі күш болуы қажет. Оқу курсы жоғары оқу орындарындағы оқыту-тәрбиелеу процестерінің біршама өзекті мәселелерін зерттеуге, жоғарғы оқу орындарының оқытушысы және ғылым зерттеушілері ретіндегі кәсіби және педагогикалық іс-әрекеттеріндегі қажетті психологиялық-педагогикалық білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Курстың міндеттері: 1) теориялық міндеттері:

  • студенттердің психологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орны оқытушысы іс - әркеттерінің жалпы психологиялық - педагогикалық заңдылықтарын зерттеу негізінде жоғарғы мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері бойынша магистранттардың білімдерін жүйелеу;

  • магистранттарға оқыту мен тәрбиелеу процестеріндегі психологиялық – педагогикалық тәсілдердің тиімділігі туралы; студенттік коллективтік даму және қызмет етуінің әлеуметтік – психологиялықмеханизмдері жайлы ақпараттар беру;

  • жоғарғы мектепте сабақ берудің негізгі принциптерімен, бағыттарымен және қазіргі кездегі инновациялық әдістерімен таныстыру.

2) практикалық міндеттері:

- болашақ кәсіби іс- әрекет үшін қажетті компетенттіліктерді дамыту;

- оқу процесіндегі оқытушы мен студенттердің тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктерінің және қарым-қатынастарының тәсілдерімен таныстыру;

- кәсіби қарым – қатынас дағдыларын дамыту;

- оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, сабақ өткізуге (дәрістер, семинарлар) психологиялық дайындау.

«Психологияны» оқудың алдында өтілуі тиіс пәндердің тізімі: педагогика, философия, әлеуметтану, жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік, педагогикалық психология, еңбек психологиясы.

1.2 Аралас пәндер тізімі: жоғарғы мектеп педагогикасы, шығармашылық психологиясы, акмсология, этнопсихология.

«Психологиясы» пәнінің көлемі (сағат бойынша) типтік оқу жоспарына сәйкес – 60 сағатты құрайды, оған дәрістік-15 сағат, практикалық 15 сағат (семинарлық) сабақтар да, магистранттардың өзіндік жұмыстары (СОӨЖ)-30 сағат да енеді.

1.3 «Психология» курсын оқытудың нәтижесінде студенттер мынадай компетенцияларды (білімдер, икемділіктер, дағдылар) меңгеруі тиіс:

- жоғарғы мектеп психологиясының пәнін, мақсатын және міндеттерін білу;

- жоғарғы мектеп психологиясының қалыптасу және даму тарихын білу;

-өазіргі кездегі жоғарғы мектеп психологиясының өзекті мәселелерін, дамуындағы бағыттарын және концепцияларын білу;

-әлеуметтік топ ретіндегі студенттің психологиялық ерекшеліктерін білу;

-жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық процесстің ерекшеліктерін білу;

-жоғарғы мектептегі оқыту (сабақ беру) мен оқу іс-әркеттерінің ерекшеліктерін білу;

-педагогикалық шеберліктің теориялық және практикалық негіздерін білу;

-жоғарғы мектепте сабақ берудің қазіргі кездегі әдістері мен тәсілдерін тиімді пайдалана білу;

-сабақтарды (дәрістерді, семинарларды), емтихандарды және сынақтарды дайындау мен өткізудің қажетті психологиялық-әдістемелік ресурстарын пайдалана білу;

-студент тұлғасын және студенттік топты зерттеудің адекватты психодиагностикалық әдістерін қолдана білу;

-кәсіптік қарым-қатынас дағдылары.

1.4 Кадрларды кәсіптік дайындау жүйесіндегі жоғары білім берудің рөлі мен орны. Жоғарғы оқу орнындағы білім беру жүйесінің қазіргі кездегі күйі. Қазіргі кездегі жоғары білім берудің мақсаты, міндеттері, стандарттары. Жоғары білім берудің дамуының перспективалары мен тенденциялары. Болашақ маманның моделі.

«Психология» пәнінің психологиялық ғылымдар жүйесіндегі орны. «Психологиясының» пәні, мақсаты мен міндеттері. «Психология» пәнінің шетелдік және отандық психологиясындағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. «Психология» пәнінің әдістемелік арсенасы.


3 ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ, ЛЕКЦИЯ ЖӘНЕ СЕМИНАР

САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ




тақырып

Лекция мазмұны

Семинар мазмұны

1

Психология ғылымы және пәні.

Психология ғылымы, әдістері, жүйесі, қайнар көздері мен қағидалары (1сағ)

Психология ғылымының негізгі салалары (1сағ)

2

Психология тарихы

Психологиялық ілімдердің ертеден ХХ ғ. басына дейінгі даму тарихынан (1сағ)

Психологиялық ілімдер тарихынан: Гиппократ, Платон, Аристотель... (1сағ)

3

Психология тарихы

Психологиялық ілімдер тарихы: ХХ ғ және қазіргі кезең (1сағ)

Психоанализ ілімі және өкілдері (1сағ)

4

Психика және ми

Нерв жүйесі құрылымы, табиғаты және ми (1сағ)

Психика мен мидың байланысының жалпы механизмдері (1сағ)

5

Психология және іс-әрекет

Адам іс-әрекеті ұғымы және құрылымы. Іс-әрекет және танымдық процестер. (1сағ)

Адамның іскерлігі, әдеттері, қабілеттері. Іс-әрекет түрлері. (1сағ)

6

Сезіну және қабылдау

Сезіну ұғымы және өлшемі. Сезіну және қабылдау арақатынасы. (1сағ)

Сезіну құбылысы, классификациясы. Қабылдау процесс ретінде. (1сағ)

7

Есте сақтау және елестету

Есте сақтау ілімі мен заңдары. Елестету табиғаты (1сағ)

Есте сақтау мәдениеті. Есте сақтау және елестету арақатынасы. (1сағ)

8

Сөз

Сөз ұғымы және сөйлеу түрлері (1сағ)

Сөйлеу мәдениеті және адамаралық қатынас(1сағ)

9

Сана және санасыздық

Сана ұғымы, түрлері. Сана мен санасыздық. Санасыздық формалары. (1сағ)

Адам өміріндегі сана мен санасыздықтың ролдері. (1сағ)

10

Темперамент

Темперамент табиғаты және түрлері (1сағ)

Тестік жұмыс жүргізі арқылы магистранттардың темпераментін анықтау (1сағ)

11

Қатынас психологиясы

Оқытушы мен студенттер қарым-қатынасының әлеуметтік – психологиялық аспектлері (1сағ)

Педагогикалық қарым-қатынас мақсаты мен құндылықтары. Толеранттылық педагогикалық қарым-қатынас-мәдениет принцип. Қарым-қатынас этикасы сезімдер мәдениетінің көрінуі ретінде. (1сағ)

12

Қазіргі жоғарғы мектептің психологиялық мәселелері

Қазіргі кездегі жоғарғы оқу орны педагогының ұнамды-психологиялық бейнесі. Білім беру мен тәрбиелеудің жаңа модельдерін іздестіру. (1сағ)

Жоғарғы оқу орнында білім берудің екі сатылы моделінің «плюстері» мен «минустары». Білім берудегі психологияның және психологиялық қызметтің рөлі мен орны. (1сағ)

13

Адам аралық қатынас

Студент тұлғасының өзіндік анықталуының психологиялық ерекшеліктері (1сағ)

Жоғарғы оқу орнындағы өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Студенттердің оқу іс-әрекетіндегі шығармашылық. (1сағ)

14

Психологиядағы тұлға сипаты

Педагогикалық шеберліктің психологиялық сипаттамалары және оның қалыптасу жолдары (1сағ)

Тұлға психологиялық категория ретінде. Тұлғаның дамуы. Студент тұлғасының психологиялық, әлеуметтік,биологиялық сипаттамалары. Студенттіктің жас ерекшелік-психологиялық ерекшеліктері. (1сағ)

15

Магистрант және білікті маман

Магистрант тұлғасының жоғарғы білімді маман ретінде қалыптасуының психологиялық негіздері (1сағ)

Студенттердің жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі практикалық іс-әрекетке дайындығы қалыптасуының психологиялық негіздері. (1сағ)



4 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН

ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ (ЭССЕ)

ТАҚЫРЫПТАРЫ


3.1 Өздік жұмысқа талап қояр алдында «Эссе» ұғымына тоқтала кетейік. Эссе француз тілінен очерк, талпыныс, ал латын тілінен өлшеу, салмақтау дегенді білдіреді. Эссе – еркін композициядағы көлемі үлкен емес прозаикалық шығарма, әдебиет жанры. Эссе нақты зат немесе құбылысқа қатысты автордың жеке көзқарасын, индивидуалдық әсерін білдіреді. Автор тақырып бойынша белгілі-бір, анық ілімге, анықтамаға сүйенбейді. Бұл принцип орыс дәстүрінде «принцип және ештеңе» дегенді білдіреді. Эссе стиліне образдық, афоризмділік, ойлаудың антитетикалық сипаты, ішкі әлем мен жан-дүниеңнің ашықтығы және сұхбат-әңгіме интонациясы тән. Кейбір теоретиктер эссені көркем әдебиет түрі, эпос, лирика немесе драмамен салыстырып қарастырады.

Эссе жанры еркін шығармашылықты білдіреді. Оның ерекшелігі сонда, автор кез-келген таұырыпқа, өзінің кез-келген пайымдауларын жаза алады. Эссе – бір мәселе, сұрақ төңірегіндегі ой. Сондықтан кейде автор басқа авторлармен пікірге түседі. Басқа авторлардың цитаталарын шектеп пайдалану қажет. Эссе – өз тіліңмен, ойыңмен, қабілетіңмен жазатын жеке жұмыс.

Эсседе бірінші кезекте – автор тұлғасы. Автордың әлемге ойы, сезімі, қатынасы оның шығармасының негізі болып табылады. Эссе жазу қиындық та туғызуы мүмкін. Өйткені, бұл тақырып таңдау және оған стандарттан тыс көзқарас білдіру.

Эссенің басты ерекшеліктері:

образдығы;

афористілігі;

парадоксальдылығы.

Эссе қызықты әрі бай ету шарттары:

Ойға келмейтін тұжырымдар;

Күтпеген бетбұрыстар;

Қызықты ұстанымдар.

3.2 Өздік жұмыстарды (эссе жазуды) орындау талабы:

- Магистрант төмендегі тақырыптардың біріне эссе формасында ғылыми-көркем шығарма жазады.

- Эссе көлеміне шек қойылмайды, эссе тақырып пен мақсатына сай құрылуы әрі магистрантпен ауызша қорғалуы тиіс.

- Тақырып барысында ғылым философиясын тарихи рухани-интеллектуальдық мәні бар, алуан түрлі бағыттағы ойларды қамтитын процесс ретінде қамтуға тырысады.

- Мақсат магистранттарға материалдарды толық меңгеруге мүмкіндік беру арқылы, белгілі-бір ойшылдың көзқарасын немесе ілімді салыстыра отырып өздерінің гуманитарлық мәдениетін жоғарылату.

- Магистрлік топтарды дәстүрлі әдістерді қолдана отырып олардың шығармашылық және өз бетінше ойлай білу қабілетін жетілдіру.

- Магистранттар осы курсты оқудың нәтижесінде ғылым философиясының пайда болып, қалыптасуының негізгі кезеңдерін, негізгі проблемаларын, маңызды әрі қызықты қырларын тереңдей білулері керек.

- Сондай-ақ магистранттар оқулықтар мен арнаулы әдебиеттер жұмыс істей білулері, кейбір проблемалар жөнінде өз позициясы тұрғысынан шеше алатын дәрежеге жетуге ұмтылулары қажет.

- Өздік жұмыста эссе жазудың жалпы мақсаты магистраттардың қоғамдық өмірге, ондағы проблемаларға деген көзқарасын қалыптастыру.

- Магистрант төмендегі тақырыптарды өз мамандығы, қызмет салаы мен шығармашылық қабілетінің ыңғайына қарай, СОӨЖ мазмұнынан алшақ кетпей, өзгерте алады.

3.3 Магистранттардың өздік (СОӨЖ) жұмыстарының мазмұны


реті

СОӨЖ, эссе тақырыптары

сағаты

1 апта

Адам жан-дүниесі

2

2 апта

Өмір және өлім мәселесі

2

3 апта

Адам мінез-құлқы

2

4 апта

Темперамент болмысы

2

5 апта

Адам және қиял-арман

2

6 апта

Адамның түс көруі

2

7 апта

Достық және жалғыздық

2

8 апта

Сөз және адам

2

9 апта

Ми кереметі және қабілеті

2

10 апта

Ой және ойлау құпиясы

2

11 апта

Адам және жануар санасы

2

12 апта

Адам қабілеті

2

13 апта

Адам мен адам арақатынасы

2

14 апта

Адам және эмоция (көңіл-күй)

2

15 апта

Адам санасы

2




Барлығы

30 сағат



РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1 Психология әдіснамасы психологиялық білім жүйесі ретінде.

2 Қатынас принципінің методологиялық маңызы.

3 Психологиялық таным іс-әрекет ретінде.

4 Сана мәселесінің жаратылыстану-ғылыми концепциясы.

5 Психологиядағы Батыстық және шығыстық дәстүр: салыстырма сипаты.

6 Психиканың шындықтағы құбылыстардың жалпығаортақ байланысындағы орны.

7 Психологиядағы психофизикалық мәселелер.

8 Психология мен философиядағы сана мәселесі.

9 Экзистенционализм және гуманистік психология.

10 Психология және парапсихология.

11 Философия және В. Франктің логотерапиясы.

12 Психологиядағы субъект мәселесі: С. Рубинштейн концепциясы.

13 Психологиядағы антропологиялық принцип.

14 Тұлға құрылымындағы коллективтік санасыздық. К.Г. Юнг.

15 Философия мен психологиядағы түсінісу мәселесі.

16 Массаның психологиялық портреті. З. Фрейд, Х.Ортеги–и- Гассет.

17 Мәдени-тарихи мәнділік және оның өмір сүруінің психологиялық негіздері.

18 Субъективтілік және интерсубъективтілік, уайымдау және рефлексия, үстіртілік және өзін-өзі тану.

19 Психогеография.

20 Адамның ашықтығы және толық аяқталмағандығы (открытость и незавершенность человека).

21 Нарцисс және Эдип: сәйкестік және ерекшелік мәселесі.

22 Геронтологиядағы психологиялық мәселелер.

23 Тұлға және индивидуальдылық.

24 Мінез-құлық құрылымы және тәжірибе.

25 Мәдениеттегі сөз бен тілдің психологиялық ролі.

26 Сөйлеу актілері және коммуникациялар.

27 Адамның биоәлеуметтік табиғаты.

28 Санасыздықтағы және адамның түс көруіндегі архетиптер.

29 Түскөруді талдау. З. Фрейд, К.Г. Юнг, Ж. Лакан.

30 Жады және мәдениет хронотипі.

31 Феноменология және психология.

32 Сананың интенционалды мазмұны және актілері.

33 Қатынас мәдениеттің әлеуметтік психологиясы ретінде.

34 Диалог. Басқаның мәселесі

35 Эстетикалық уайым психологиясы.

36 Психологиядағы морализм және утилитаризм.


ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1 Жарықбаев, Қ.Б. Жантану: оқулық / Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. - өңд., толық. 8-ші бас. - Алматы: Шұғыла, 2008.- 632б. ISBN 9965-9859-7-9.

2 Қазақ халқының философиялық мұрасы және әлемдік философия: орта ғасырлық ислам-түрік және жаңа дәуірдегі Батыс философиясы / [құраст. Қ. Әбішев, М. Сәбит, Б. Рақымжанов].- Астана: Аударма, 2009.- 370, [6] б.- (Мәдени мұра). ISBN 9965-18-284-1.

3 Қазақ халқының философиялық мұрасы және әлемдік философия: ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. Батыс және Қазақстан кәсіби философиясы / [құраст. Қ. Әбішев, М. Сәбит, Б. Рақымжанов].- Астана: Аударма, 2009.- 395, [5] б.- (Мәдени мұра).

4 Қазақ халқының философиялық мұрасы және әлемдік философия: антика дәуірі философия үлгілерінің қазақ тіліндегі аударма мұрасы / [құраст. Қ. Әбішев, М. Сәбит, Б. Рақымжанов].- Астана: Аударма, 2009.- 396, [4] б.- (Мәдени мұра).

5 Новоторцева, Н.В. Коррекционная педагогика и специальная психология: словарь: учеб. пособие / Надежда Вячеславовна Новоторцева.- 4-е изд., перераб. и доп.- СПб.: КАРО, 2006.- 136 стр.

Қосымша

1 Акишина А.А. Культура повседневного общения. - М., 1990.

2 Акишина А.А. Этикет телефонного разговора. - М., 1990.

3 Байбурин А.К., Топорков А.Л. У истоков этикета. — Л., 1990.

4 Большая книга по этикету. - М., Мн., 2000.

5 Бубер М. Я и Ты. - М., 1993.

6 Волченко Л.Б. Гуманность, деликатность, вежливость и этикет. -М., 1992.

7 Вольф И. Современный этикет. Пер. с нем. - М., 1997.

8 Гофман А.Б. Мода и люди. Новая теория моды и модного поведения. - М., 1994.

9 Каган М.С. Мир общения: проблема межсубъектных отношений. - М., 1988.

10 Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей. Пер. с англ. - М., 1994.

11 Кобзева В.В. Психология делового общения: имидж руководителя. - М., 1998.

12 Кобзева В.В. Этикет в вопросах и ответах. - М., 2000.

13 Крижанская Ю.С., Третьяков В.П. Грамматика общения. -Л., 1990.

14 Курочкина И. Современный этикет. - Калуга, 1994.

15 Лаврентьева Е.В. Светский этикет пушкинской поры. -М., 1999. 159

16 Лисенкова Л.Ф. Психология и этика деловых отношений. -М.,1998.

17 Лобанов А.А. Хрестоматия ситуаций для анализа общения. - Владимир, 1996.

18 Матвеев В., Панов А. В мире вежливости. - М., 1983.

19 Мы живем среди людей: Кодекс поведения. - М., 1989.

20 Опалов А.В. Умение общаться с людьми. - М., 1996.

21 Правила хорошего тона. Сост. И. Лом. - Тула, 1994.

22 Правила этикета: Краткий справочник. Под ред. Л. Васильевой. - М., 1992.

23 Психология и этика делового общения. Под ред. В.Н. Лавриненко. - М.,1997.

24 Рахматуллина З.Я. Башкирское гостеприимство как социокультурное явление // Вельские просторы. 2001. ЖЗ.С.152-158.

25 Рахматуллина З.Я. Личность, культура, воспитание (на башк. языке). - Уфа, 1997.

26 Рахматуллина З.Я. Моральный облик - лицо нации (на башк. языке) (этикет в башкирской культуре). - Уфа, 1998.

27 Соловьев Э.Я. Современный этикет и деловой протокол. -М.,1998.

28 Соловьев Э.Я. Этикет делового человека: организация встреч, приемов, презентаций. - Минск, 1994.

29 Хакимова Г. Как стать счастливым: о культуре семейных отношений. - М., 1993.

30 Хороший тон: Сборник правил и советов на все случаи жизни. - М., 1996.

31 Шашенков В.Э. Этикет как важная часть общечеловеческой культуры. - М., 1996.

32 Энциклопедия этикета. Сост. Л.Н. Рукавчук. - СПб., 1996.

33 Этикет: дома и в гостях. Сост. Н.А. Алейникова, И.И. Пракапович. - Минск, 1993.

34 Юрьев Ю. М. Разговор о важном: этикет на каждый день.-М., 1979.

35 Ягодинский В.Н. Наш этикет. - М., 1988.

Похожие:

Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы барлық мамандық студенттеріне арналып,
Жұмыс оқу бағдарламасы барлық мамандық студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Философия...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В050600, Экономика Өскемен Усть-Каменогорск 2013 Жұмыс оқу бағдарламасы 5В050600, Экономика мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Кәсіпорын экономикасы»
Жұмыс оқу бағдарламасы 5В050600, Экономика мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 6М020500 Филология Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2014 6М020500 Филология мамандығының магистранттарына арналған
М020500 Филология мамандығының магистранттарына арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В050600 «Экономика»
Жұмыс оқу бағдарламасы 5В050600 – Экономика мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты 08....
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В072400 “Технологиялық машиналар мен жабдықтар”, 5В080600 “Аграрлық техника және технология” Өскемен Усть-Каменогрск 2014 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қазақ,
Жұмыс бағдарламасы қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедра отырысында талқыланған
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық : 5В090700 «Кадастр»
Жұмыс оқу бағдарламасы 5В090700 «Кадастр» мамандығының студенттеріне арналып, Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В0421000 "Дизайн" Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Сәулет және құрылыс факультетінің 5В0421000 мамандығы бойынша оқитын студенттерге
Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы» (Алматы, 2007) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В012000 Кәсіптік оқыту Өскемен Усть-Каменогорск 2013 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconКурсының бағдарламасы
...
Рабочая учебная программа Мамандық: барлық мамандықтарға арналып жасалған Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс оқу бағдарламасы психология пәнінен барлық мамандық магисранттарына арналып, iconРабочая учебная программа Специальность: экономические Форма обучения: дневная Өскемен Усть-Каменогорск 2013 Рабочая учебная программа разработана на кафедре «Инновационный менеджмент»
Рабочая учебная программа разработана на кафедре «Инновационный менеджмент» на основании Государственного общеобязательного стандарта...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница