Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура




Скачать 388.58 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура
страница1/4
Дата конвертации16.02.2016
Размер388.58 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://ipo.kaznmu.kz/wp-content/uploads/2015/12/ГОСО_ОЗ-2009-докт.-каз.doc
  1   2   3   4





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА

МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру


Докторантура


мАМАНДЫғЫ 6D110200 – ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 6D110200 – ОБЩЕСТВЕННОЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЕ


SPECIALITY 6D110200 – PUBLIC HEALTH


ҚР МЖМБС – 7.10.002-2009


Ресми басылым


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі


Астана

Алғы сөз


1 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және фармацевтикалық білім беру жөніндегі оқу әдістемелік секциясы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ енгізген.


2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 533 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.


3 АЛҒАШ рет енгізілген


4 Осы стандартта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу, бекіту және қолданылу мерзімінің тәртібі туралы» қаулысының және ҚР МЖМБС 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелердің» нормалары іске асырылған.


5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен 10 қыркүйектегі № 26-01-4/3-8286 КЕЛІСІЛГЕН.


Осы стандартты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтуге және таратуға болмайды.


Мазмұны



1

2

3

4

5

6


7


8


9

Қолдану саласы …………………..…………………………………..….......

Нормативтік сілтемелер …………………………………………..………...

Терминдер мен анықтамалар ………………………………………............

Докторантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы..…..………

Докторантураға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар ……..…………

6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша докторлық бағдарламаның негізгі міндеттері ..…………………..……………………

6D110100 – «Медицина» мамандығы бойынша докторлық білім беру бағдарламасының мазмұны ..……………………………………………….

Докторлық білім беру бағдарламасының әзірленуіне және шарттарына қойылатын талаптар .....…………………………………………………….

Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген тұлғалардың

дайындық деңгейіне қойылатын талаптар………………………..............

А қосымшасы (міндетті) ……………………………………………..........

Б қосымшасы (міндетті) ……………………………………………...........


1

1

1

2

4


4


5


12


17

18

19



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА


МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

ДОКТОРАНТУРА
МАМАНДЫҒЫ 6D110200 – ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Енгізу күні 2010.09.01.


1 Қолдану саласы


Осы стандарт докторантураның білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумына және докторантураны бітірушілерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелерін докторанттар дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым ұйымдары, олардың ведомстволық бағыныстылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қолдануға және оны сақтауға міндетті.

Стандартты мемлекеттік басқару органдары, аккредиттеу органдары, білім беру және ғылым ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялар (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер қолдана алады және докторанттарды дайындау сапасын сараптауға негіз болып табылады.


2 Нормативтік сілтемелер


Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер»;

ҚР МЖМБС 5.04.034-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі ережелер»;

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі.


3 Терминдер мен анықтамалар


Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, ҚР МЖМБС 5.04.033, ҚР МЖМБС 5.04.034 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар қолданылған. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылған:


Ресми басылым

НП – негізгі пәндер;

БП – бейіндік пәндер;

ДҒЗЖ – докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы;

ДЭЗЖ – докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы;

ДӨЖ – докторанттың өзіндік жұмысы;

ДОБӨЖ – докторанттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы.


4 Докторантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы


4.1 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасы, ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, осы мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясы бар білім беру және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

4.2 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау докторларын және философия докторларын (PhD) дайындау:

- осы стандартқа;

- Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторына;

- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттарға;

- докторанттардың жеке жұмыс жоспарына;

- белгіленген тәртіп бойынша бекітілген басқа да құжаттарға

сай іске асырылады.

4.3 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантурада қоғамдық денсаулық сақтау докторларын және философия докторларын (PhD) дайындау жүзеге асырылады.

4.4 Қоғамдық денсаулық сақтау докторларын (бейінді докторантура) дайындайтын білім беру бағдарламасы іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік дайындықты және қоғамдық денсаулық сақтаудың нақты бағыты бойынша пәндерді тереңдете оқытуды көздейді.

Бейінді докторантураның білім беру бағдарламалары қолданбалы сипатымен ерекшеленеді.

4.5 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторын (PhD) (ғылыми және педагогикалық докторантура) дайындайтын білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытты ұстанады және іргелі білім беру, әдіснамалық, зерттеушілік дайындықты, сонымен қатар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін қажетті қоғамдық денсаулық сақтау саласының пәндерін тереңдете оқытуды көздейді.

4.6 Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға «қоғамдық денсаулық сақтау докторы» академиялық дәрежесі беріледі.

Ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасын толық игерген тұлғаларға 6D110100 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежесі беріледі.

4.7 Осы стандарт ережесінің негізгі мақсаттары:

- докторанттардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;

- докторанттарды дайындауды жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру;

- докторантурада білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігін реттеу, докторанттардың өз бетімен оқуын, ғылыми-зерттеу жүргізуін және кәсіптік қызмет атқаруын ынталандыру;

- Қазақстан Республикасының «қоғамдық денсаулық сақтау докторы» және «философия докторы» (PhD) академиялық дәрежелерін беру туралы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында мойындалуын қамтамасыз ету.

4.8 Кәсіптік қызмет объектілері.

Докторлардың кәсіптік қызмет объектілері.

Қоғамдық денсаулық сақтау докторлары:

- денсаулық сақтауды басқару органдарында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында қызмет атқара алады.

6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторлары (PhD):

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында;

- ғылыми ұйымдарда;

- денсаулық сақтауды басқару органдарында, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарында қызмет атқара алады.

4.9 Кәсіптік қызмет түрлері.

Қоғамдық денсаулық сақтау докторлары кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдардың қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторлары (PhD) кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

- ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдардың қызметкерлері);

- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

4.10 Оқу мерзімі

6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.

4.11 Докторантурада білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі – докторанттың кем дегенде 90 кредитті меңгеруі.

Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін докторантурадағы білім беру процесінің аяқталуының критерийі –теориялық оқудан докторанттың кем дегенде 30 кредитті меңгеруі.

4.12 Қазақстан Республикасында ресми танылған ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар докторант зерттеулерінің негізгі ғылыми нәтижелерін алыс шетелдің кем дегенде екі ғылыми басылымында жариялауы тиіс. Бұл докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми компонентін есептеуге негіз болады.
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура
Р денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура icon«Гуманитарлық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconҚазақстан республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Осы стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура icon«Гуманитаралық білім» факультеті «Тарих және география» кафедрасы Қазақстанның физикалық географиясы
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура icon«Гуманитарлық»факультеті «Тарих және география» кафедрасы «Дүние жүзінің шаруашылық географиясы» пәні бойынша
Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ. Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22. 06. 2006 ж. Республикалық...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconБекітемін оі жөніндегі проректоры
Жұмыс оқу бағдарламасы Қр мжмбс 08. 253-2006 мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты және 2006 ж. 22. 06 Республикалық жоғарғы...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Докторантура iconДиплом алдыңдағы практиканы өту жөніндегі
Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мамандықтың Қр мжмбс 08. 009– 2008 және «Қазақстан Республикасының білім...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница