Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ




Скачать 62.55 Kb.
НазваниеЭлектрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ
Дата конвертации16.02.2016
Размер62.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Шошак_Мереке_Статья.doc
ӘОЖ 37.091.3:004

ШОШАК М.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік

Университеті, Өскемен қаласы


электрондық оқыту ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ РЕСУРСТАРЫН ЖАСАУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Электрондық оқу ресурстары туралы айтпас бұрын электрондық оқытудың анықтамасы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетейік.

Электрондық оқыту - кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық зандастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады. Электрондық оқыту - бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіңдігін электрондық түрде қамтиды.

Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.

Электрондық оқыту - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздаңдыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешендік жүйе. Электрондық оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін бірыңғай компьютердің көмегімен оку үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен - электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міңдеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.

Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына сызбадан көруге болады





Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электроңдық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады.

Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді [1].

Электрондық оқытудың негізгі басым бағытына электрондық оқу ресурстарын жасау және оны оқу үрдісінде қолдану мәселесі жатады. «Биыл мектептің 6 пәні мен колледжде оқытылатын 8 мамандықтың 38 пәні бойынша 7043 электронды ресурс әзірленеді»-деп, pm.kz сайтында көрсетілген. Ал жоғарғы оқу орындарында электрондық оқу ресурстарымен толықтай қамтылған деп айтуға болады, тек жалпы білім беретін оқу орындарымен тығыз байланыс жасау ғана жетіспейді.

Е.Ы. Бидайбеков, С.Г. Григорьев және В.В. Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты-анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы мүмкін, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін.

Білім беру электрондық ресурсы жоғарыда айтылған электрондық ресурстың білім беру саласында қолданылуының нақты бір шартына негізделеді. Негізінен, білім беру электрондық ресурсы білімнің ғылыми-практикалық саласына сәйкес жүйелендірілген материалдардан тұруы керек, білім алушының білімді игеруінің шығармашылық және белсенділік қасиеттерін, білім саласындағы іскерлігі мен дағдылығын қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру электрондық ресурстары қолданылуының жоғары деңгейімен және көркемдік безендірілуімен, ақпараттардың толықтығымен, әдістемелік нұсқаулардың сапалылығымен, техникалық орындалуының сапалылығымен, көрнекілігімен, баяндаудың қыйсындылығы мен жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс. Аталған авторлардың зерттеулеріне сәйкес мұндай электрондық ресурстар дидактикалық қасиеттерін жоғалтатын қағаз жүзінде қысқартылмауы керек [2].

Электрондық ресурстардың маңыздылығы:

1) апробация және тәжірибе кезінде сапасы расталған электрондық ресурстарды қолдану жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың сапасын күшейтеді, студенттердің оқуға деген құштарлығын арттырады, қосымша әдістер мен оқу құралдарын қолдануға қызықтырады, мамандардың кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға қатыстырады;

2) информатика бойынша электрондық ресурстарды қолдану және жасау оқу материалдарын барынша игеруді қамтамасыз ету, оқытушылар мен студенттерге интерактивті құралдардың өзара әрекеттестігін пайдалану мақсатында телекоммуникациялық, мультимедиа және гипермедиа технологиялар негізінде жүзеге асу керек, информатика оқытушыларының көп бөлігіне электрондық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін, ресурстарды Интернет-порталдарда және сайттарда жариялау арқылы қарастырады;

3) келтірілген сапа талаптары кешені, сонымен бірге ұсынылған тәжірибе және апробация технологиялары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстардың сапасын тиімді бағалауға мүмкіндік береді, мазмұндық, әдістемелік, эргономикалық және технологиялық сипаты жағынан жетілдірілмеген ресурстарды қолдануға жібермейді;

4) мақалада ұсынылған шаралар (келтірілген факторлар жүйесі және педагогикалық шарттар, қосымша дайындау үшін жасалған бағдарлама курстары және т.б.) информатика оқытуда сапалы электрондық ресурстарды енгізуге және құруға студенттердің, информатика оқытушыларының, жасаушылардың дайындық дәрежесін көтеруге мүмкіндік жасайды;

5) зерттеу барысында ұсынылған оқу әдістері мен жасалған информатика курстары негізінде таңдалған және құралған электрондық ресурстар информатика және ақпараттық технологиялар саласында магистрлер мен бакалаврлар дайындаудың күндізгі және қашықтықтан оқыту сапасына әсерін тигізеді [3].

Электрондық ресурстардың жасалу мәселері

1) Электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды орындау;

2) Электрондық ресурстарды жасау үшін көптеген мамандардың қатысуы;

3) Сапалы электрондық ресурстарды жасауға көп уақыттың жұмсалуы;

4) Электрондық ресурстарды жасауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды жетік білмеуі.

Электрондық ресурстардың жасалу мәселелердің шешу жолдары

1) Әрбір электрондық ресурстарға қойылатын талаптарды сақтау;

2) Электрондық ресурстарды жасауға қатысатын мамандардың санын минимальды азайту;

3) Көлемі шағын электрондық ресурстарды жасау керек;

4) Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын курстарды өткізу керек.

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін электрондық оқу ресурстарын жеткілікті деңгейде сапалы түрде жасау қажет және білім беру мекемелер өзара байланысты болу керек.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бөрібекова Ф. Электрондық оқытудың мәні мен маңызы/ Ф. Бөрібекова, Н. Жанатбекова // Қазақстан мектебі – 2009ж, №8, 11б.

  2. Жүнісова Ж. Білім беруді ақпараттандыру мәселелері /Ж. Жүнісова, С. Үсенов// “Салыстырмалы педагогика және Қазақстан Республикасының Білім Беру жүйесін модернизациялау” атты конференциясы. Алматы: 2008 жыл, Б. 263-266

  3. Жүнісова Ж. Жоғары оқу орындарында информатика пәнін оқытуда электрондық ресуртарды қолдану әдістері /Ж. Жүнісова, С. Үсенов// «Білім» журналы. Алматы: №4-2009.

Похожие:

Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconExcel электрондық кестесі мен access берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі
Электрондық кестемен жұмыс істеу деңгейлері. Электрондық кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconЭлектрондық мемлекеттік қызмет көрсету
Тұтынушы) көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет түрін алу үшін электрондық сұраным жасаған тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасымен...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconҚазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының
Электрондық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін құру үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдары туралыдеректер,...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconЭлектрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconМұғалімдер мен мектеп оқушыларының меңгеруіне
Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған электрондық оқыту – білім беруді...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconҚолданушы нұсқамасы
«Электрондық үкімет» порталы мен «Электрондық үкімет» төлем шлюзінде жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлды қалай төлеу керек
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ icon«Электронные торговые системы акиг» жшс-тің электрондық сауда алаңының клиенттерінің бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыруына қойылатын талаптар
«Электронные торговые системы акиг» жшс-тің электрондық сауда алаңы жүйесімен жұмыс жасау үшін келесідей аппараттық және бағдарламалық...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconТехникалық ЖӘне кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы осы ереже (одан әрі – Ереже)
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ icon12 Каталог электронной библиотеки Вып. 12
Е. А. Бөкетов атындағы Қарму ғылыми қітапханасы сіздерге кітапхананың қорында бар электрондық тасушылардағы ғылыми әдебиеттер мен...
Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ iconРегламент электрондық денсаулық сақтау үдерістерінде дербес медициналық деректердің құпиялығын қамтамасыз ету, дербес медициналық деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік құқықтарын шектеу жөніндегі негізгі талаптарды,
«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница