Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы




НазваниеПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
страница1/14
Дата конвертации16.02.2016
Размер1.7 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://egemen.kz/wp-content/uploads/2014/03/Билим-512.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 27 желтоқсан №512 Астана қаласы


«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


бұйырамын:

1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №190 (1613), 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №196 (1), 2010 жылғы 22 қаңтардағы №10 (1632) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» деген 2-бөлімде:

«Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)» деген кіші бөлімде:

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық, стратегиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау қорытындылары бойынша берілген магистр академиялық дәрежесі, кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да және/немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар (магистратура немесе PhD докторантура) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;»;

«Профессор» деген кіші бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс»;

«Кафедра меңгерушісі» деген кіші бөлімде:

«Кафедра меңгерушісі» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кафедра меңгерушісі (Әскери кафедра бастығы)»;

жиырмасыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: әскери кафедра бастығының жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе полковник әскери атағы, педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында немесе әскери бөлім командирінің орынбасары және одан жоғары басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс»;

«Доцент» деген кіші бөлімде:

«Доцент» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қауымдастырылған профессор (доцент)»;

он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс»;

«Аға оқытушы» деген кіші бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.»;

«Оқытушы (ассистент)» деген кіші бөлімнің оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.»;

«4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының басшысы (меңгерушісі)


Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының әдіскері


Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.

Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы ", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактика принциптерін, педагогика мен жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін, тәрбие мен оқытудың жалпы және жеке әдістемелерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеу принциптері мен тәртібін, педагогикалық жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтауды, жинақтау және енгізуді, балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және жас ерекшелік анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және жүйке-психикалық қызметін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқытудың аудиовизуалды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, техникалық және кәсіптік педагогикалық білім және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және МДҰ тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және МДҰ әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МДҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;

біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:

біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ-ның әдіскері лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconКонкурс бойынша тағайындау және кафедра меңгерушісімен еңбек шартын жасау конкурсқа қатысу туралы арызды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде жүргізіледі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconМемлекеттiк мекемелер мен қазыналык кәсіпорындардың, қызмет салаларының барлығына ортақ мамандардын жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары
Г, бас энергетик басшылар лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамалары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы icon«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары Астана қ., 2015 жыл
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconТехникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Кеме техникасына қызмет көрсету және жөндеудегі жұмыстар. Жұмыс орындарын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқау. Техникалық...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconСтатья 31 Конвенции о правах ребенка
Ережесінің» 14-тармағына, 2010 жылғы 3 шілдедегі №357 «Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуден өткізу технологиясына» сәйкес...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconАқтау қалалық білім бөлімі мм «Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы» 2013 жылға арналған жұмыс жоспары Ақтау қалалық білім бөлімінің
Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты білім беретін мекемелерде 2245 педагог қызметкерлер еңбек етеді, оның ішінде 1812 жоғары білімді...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconТұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік...
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы №185 Қаулысы
Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница