Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі




Скачать 94.52 Kb.
НазваниеЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
Дата конвертации16.02.2016
Размер94.52 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mektep1.kz/sites/default/files/docs/MO_Shkoly/844f6dd6ce9052ab32081cfc0e350e5c.doc
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі.

Дайындаған: Қазыбекова С.М.


Орыс ғалымы Л.В. Занков “Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы”–деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пен дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалын жақсы меңгеріп,алған білімдерін практикада қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін өткенде жүйелік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік сақталуы қажет. Оқушылар білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушыларды жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге, мақсатқа жетуде- табандылыққа,қиындықтан қорықпауға баулиды.Сонымен қатар,оқушылар білімінің тиянақтылығын және тереңдігін арттырады. Жұмысты жеңілдету үшін білімді тексерудің алуан түрлі жолдарын іздестіру- әрбір мұғалімнің міндеті. Сондықтан, жаңа педагогикалық іскерлікті қолдануға ерекше мән беріп,пайдаланатын әдістерге тоқталайын.

  1. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясындағы топтастыру әдісі.

а) “Көктем”, “ Наурыз” тақырыптарына тірек сөздерді оқушылардың өзіне жазғызу, мұғалім толықтырып отырады.

ә) Әдемі салынған сурет немесе плакатты көрсету арқылы түсіндіру. Балалар суретті көре отырып, соны жазбаша жазады. Оқушылардың көру қабілеттеріне әсер етеді. Мысалы: “Отбасы мүшелерінің” суретіне тірек сөздер жазу.

2.Канаржаевский әдісі- жаңа сабақтың тақырыбын жасырып ұстау арқылы оқушының назарын сабаққа аудару.

Мысалы:3-сыныпта «Отан» тақырыбы сиқырлы тік төртбұрыш арқылы беріледі.

Осы жұмыс түрін суреттер арқылы іске асыруға болады.Мысалы:3-сыныпта «Достық» тақырыбына қажет сурет қолдану.

Дәптердің

Орманның

Сөмкенің

Терезенің

Ыдыстың

Қаламның суреттері

а) Жыл құстарының бірінің 1-буыны екі рет қайталанады.Бұл құстың аты не? БҰЛБҰЛ

ә) Бұл құстың атын қыз балаларға қояды.ҚАРЛЫҒАШ

б) «Орман дәрігері » атанған құс. ТОҚЫЛДАҚ

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Құстар.

3.Профессор-зерттеуші Ж.Қараевтың технологиясы.Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Оқушылардың білім дәрежесіне сәйкес тапсырмалар беру.

Мысалы:әр тақырып бойынша сабақтарды пысықтай отырып,нәтиже сабақтарында қолдану.

Қызыл, жасыл, сары түсті кеспе қағаздарға деңгейлік тапсырмаларды жазып, оқушыларға ұсынамын. Осы әдісті үй тапсырмасын беру арқылы да қолдануға болады.

1).Қыс туралы әңгімелеу → Қызыл түсті

2). Қыс (пришла). (Снег) жауды. Қыста (день) суық болады.→ Жасыл түсті.

3).Қыста не жауады? Балалар не істейді?→ Сары түсті

Үй тапсырмасы:

Өлеңді жаттау

Сөздік жаттау

Өлеңді мәнерлеп оқу

4. Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады. Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп,сабақтың соңында эвристикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын түйіндеп, сабақты қорыту.

5.Ойын технологиясының түрлері.

1) Ситуациялық ойындар

2) Халық педагогикасы

3) Ой қабілеттерін арттыру т.б.

«Қоржында не бар?» ойыны. Жеке әріптерден бірнеше сөздер құрап жазу, айту. Оқушылардың сөздік қорын,жазу үлгісін тексеру.

Жуан Жіңішке

ана әке

аға әже

ол ән


«Бәйге» ойыны оқушыларды үш топқа бөліп, әрбір топқа тапсырмалар беру арқылы өтеді ( тақтада үш аттың бейнесі ілулі тұрады). Жауап берген топтың атын ілгері жылжытып тұру керек. Бұл ойын оқушылардың топтасып, жұмыс істеуін, бірлігін көрсетеді. Осы ойындарда ұлттық нақыштарды қолданамын.

«Сыңарын тап» ойыны.

Мағынасы бір сөздерді біріктіру.

Сәлеметсіз бе? Тағам

Қонақ қоштасу

Үлкен кісі сыйлау

Көріскенше төр

Дастарқан амандасу

«Әрі оқу, әрі ойын» .Бір оқушы орысша сөз айтады, екіншісі қазақша баламасын айтады:

Здание – ғимарат город –қала

Природа – табиғат мальчик – бала

«Тест» жұмыстары бастауыш сыныпта нәтиже сабақтарда алған білімдерін тексеруге көп көмек береді.

Дидактика ілімінде оқытудың интерактивтік әдіс –тәсілдері өте көп, бірақ оларды дұрыс қолдана білу керек. Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолданудың маңызы зор. Соның ішінде рөлдік ойындар белгілі мақсатта тілді меңгеруге, пәнге деген қызығушылықты арттыруға көп көмегін тигізеді. Әрбір сабақта қолданатын ойын түрлерінің мақсаты болады, ойын барысында бала тегіс қатысып, белсенділігін көрсетеді. Рөлдік ойынның ережесі қысқа әрі түсінікті болуы қажет. Ойын аяқталған соң оқушылар тапсырманы қалай орындағанын талқылайды.

Ал қазір мен өз жұмысымнан мысал келтірейін: “Емханада” деген рөлдік ойынды 7-сынып оқушыларына ұсынамын.балаларды топтарға бөліп,тапсырма жазылған кәртаскеішкелер таратамын.Ойынға қажетті тіркеу бөлімі жабдықталып,науқастардың кәртішкелерін дайындау қажет,дәрігердің құрал-жабдықтарын,әріптердің бейнесін(«көз дәрігері» дайындаймын, кестені тақтаға ілемін.Тіркеуші дәрігерді мейірбикені және науқас адамдарды таңдап аламыз.

Тіркеу бөлімінде.

-Сәлеметсіз бе?!

-Сәлеметсіз бе!

-Менің дәрігерлік кітапшамды беріңізші.

-Сіздің аты –жөніңіз кім болады, қай учаскеденсіз?

-Менің аты-жөнім-Иванова Галина Петровна.

№9 учаскеденмін

-Мекен-жайыңыз қандай?

-Мекен жайым-Павлодар қаласы,Абай көшесі,104-үй

-Мінекей,алыңыз.Көз дәрігері екінші қабатта,207-кабинетте.

-Рахмет,сау болыңыз!

Дамыта оқыту-оқу процесіне оқушының барлық мүмкіндігін іске асыратын бағдарлы оқыту.Ол тұлғаның барлық қасиетін жеке бірлікке дамытуға негізделген.Оқушының ойлау,қиял,ес,сезім дүниесі мәтінді тусінуге ерекше әсер етеді,берік білім алуға бағыттайды.Оқушының танымдық,зерттеушілік қабілеті, бақылаушылығы артады.


Дамыту жаттығулары


Сөз байлығын Өзіндік ізденіске Интеллектуалдық

дамыту жетелейтін дамытушылық жаттығу


Мәтіннен нақыл Оқыған мәтінге өзіндік пікір Мәтін бойынша пікір-

сөздерді,мақал-мәт- жазу, мәтін бойынша таластар дайындау,өз

елдерді тұрақты сөз баяндама жазу, қорытынды пікірлерін қорғау.Бірнеше

тіркесін теріп, топтап тұжырым жасау, мәтінге мақал- дәлелдіпікірлер жинақтау

жазу.Мәтінді бөлік- мәтелдер келтіру.

Терге бөлу, ат қою, өлең

Шумағын әрі қарай өз

сөздерімен жалғастыру,

қара сөзге айналдыру.


ДамД













Пікірсайыс,сын тұрғысынан ойлау – жиі қолданыла бастаған интерактив әдістерлің бір түрі. Ол өткен материалды толық меңгеруде, мәселелерді дұрыс шешу жолында ізденуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, пәнге қызығушылығын арттыруға тиімді. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілерге сүйене отырып жауап беру, өз сөзімен еркін сөйлеуге, тіл дамытуға, тақырыпты еркін меңгеруге көмектеседі. Жағымды эмоционалдық аясы жасалады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының кейбір тиімді әдіс – тәсілдерін күнделікті сабақта қолданып жүрмін.

Мынадай стратегиялар іске асырылады: Венн диаграммасы, кубизм, 5 тармақты өлең, мұғалімнің сұрақ қоюы,ой қозғау, ұқсастық пен даралық және т.б.

Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмыстары жүргізіледі ( көбінесе, жаңа білімді бекіту кезеңінде). Мысалы: Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»:




Ой тұжырымдауда мақалдар жинақтауға болады. Мысалы:Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді. Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей.

Техникалық оқу құралдарын қолдану. Сабақта мультимедиялық құралдардың көмегі арқылы орасан зор, мультимедиялық, энциклопедиялық, электронды оқулықтар, сондай-ақ дыбыстық-бейне жазба материалдары пайдаланылады. Музыка, өнер, балет модулі бойынша Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның күйлерін тыңдауға болады. Электронды оқулықтар-компакт дискіге жазылған кітап, өте ыңғайлы, электронды оқулықты өз бетінше толықтыруға, жөндеуге, тексеру жұмыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Тапсырмалар үлгісі.

Үлгі: 1-тапсырма. Мақта қыз бен мысық (ертегі).

Бос ұяшыққа мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен жаз.

























тышқан

дүкенші

тауық

ағаш

қыздар

Мақта қыз

сиыр


2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің дұрыс сыңарын ұяшыққа орналастыр.










тәтті Еңбек етсең ерінбей, ...

жүзеді туған жердің жуасы да ...

тояды қарның тіленбей Өнерлі өрге ...


3-тапсырма. Шешендік сөз қай бидің сөзі екенін анықтап, бос ұяшыққа жаз.

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Әйтеке би

Тату болса-ағайын жақын,

Ақылды болса- апайың жақын.

Төле би

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын...

Қазыбек би



















Дұрыс:

Бұрыс:

Мұғалім үздіксіз еңбек үстінде көрінуі тиіс. Орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса, оның мұғалімдігі де жойылады»,- дейді. Көкейге қонымды сөз, есте сақтаған жөн.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.

2. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.

3. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. А, 1977. 71. бет.

4. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы. 1978, 56 б.

5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» 2006.№9,37-41 б.

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»2011,№2, 8-13 б.

Похожие:

Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconМазмұНЫ
Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconБілім беру тәжірибесіндегі озық тәсілдерді пайдалану арқылы білім мен тәрбие сапасын жетілдірудің салыстырмалы тәсілдері
Дістемелік тақырып: «Жаңа технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейге көтерудің...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconКӘсіби лексиканы меңгертуде жаңа технологияны қолданудың тиімділігі
Солардың бірі – жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарда оқитын білім алушыларға кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconБиология сабағында оқушының танымдық қабілетін арттыруда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі
«Биология сабағында оқушының танымдық қабілетін арттыруда жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі» баяндама
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconЖумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі icon3 Пән бірлестіктеріндегі ұйымдастыру мәжілістері
Жаңа педтехнологияны пайдалану тиімділігі және оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі icon«жібек жолы» мектеп-лицеі информатика Физика, математика, информатика кафедрасы Тақырыбы
«ПӘнді оқытуда жаңа педагогикалық, АҚпараттық-коммуникативтік технологиялардың МҮмкіндіктерін қолдану формалары»
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconНазвание курса
Курста жаңа медиа және интернет журналистика туралы толық мәлімет беріледі. Блок ашу, безендіру, жүргізу үйретіледі. Саиттармен жұмыс...
Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі iconОрта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница