Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері




Скачать 69.53 Kb.
НазваниеШет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері
Дата конвертации16.02.2016
Размер69.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Исабаева Б.К. макала(2).doc
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері


Исабаева Баян –аға оқытушы,

Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университеті


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (11.10.2004., № 1459) [1], Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасында (22.10.1997., №3645) [2], Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу мекемелерін ақпараттандарудың мемлекеттік бағдарламасында (15.05. 2000., №721) [3] білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды әсіресе, телекоммуникациялық технологияларды, электронды оқулықтар мен кешендерді пайдаланып оқыту ерекше орын алады. Осы аталған мәселелердің әсерінен оқытудың жаңа мақсаты мен мазмұнының жаңа бағыттары пайда болды:

- ақпараттық-комуникациялық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

- жаңа ақпараттық қоғам мүшесін дайындауға бағытталған ақпараттандырудың, оқытудың мақсатына әсер ететін, түрлі телекоммуникация құралдарын қолданудың мүмкіндігін жетілдіру;

- ақпараттық технологияларды оқыту үдерісіне енгізуді қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;

- барлық білім деңгейіндегі оқу пәндерінің мазмұнына әсер ететін ақпарттандыру құралдарының кеңінен қолданылуы;

- білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту технологияларын, электронды оқулықтар әзірлеу және оны оқу процесіне енгізу;

- жаңа ақпараттық-телекомуникациялық технологияларды, электронды оқулықтарды бастауыш және кәсіптік білім саласында қолдана алатын мамандар даярлау және т.б.

Бүгінде біз жоғары білім беруді одан әрі ақпараттандырудың мазмұндық тұрғыдағы екінші кезеңіне көштік. Бұл компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді. Әрбір студент ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет желісі, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жаңа ақпараттарды жастар өздігінен дұрыс қабылдау және бағалай білуді, кез-келген теориялық және нақтылы жағдайды өз бетінше талдай білуді, нарықтық қатынастар жағдайындағы өмірдің түрлі салаларында өз бетінше еңбек етуге даярлықты іске асыру қажет екендігі айтылған. Мұндағы негізгі мақсат – жоғары оқу орындарының мамандарды даярлау бағдарламаларының сапасын арттыру, педагогикалық үдерісті жетілдіру. Жоғары мектептегі оқу үдерісі – ұйымдастырудың күрделі жүйесі, студенттің танымдық іс-әрекетін басқару мен дамытудағы, жоғары білікті маманды қалыптастырудағы жан-жақты үдеріс. Оқу үдерісін ұйымдастыру бекітілген жұмыс оқу жоспарлары, академиялық күнтізбе, штаттық кесте, оқу сабақтарының кестесі мен СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы) негізінде іске асырылады. Соның ішінде оқушы-жастардың өзіндік жұмыс тапсырмаларын ұйымдастырудың маңызы оқытушының кәсіби қызметінде ерекше мәнді.

Оқу үрдісінің тиімділігі көптеген себептермен анықталады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – оқушы-жастардың өз бетінше іздену нәтижесінде жаңа білімді игеруі және бар білімін іс жүзінде пайдалану біліктілігі мен дағдысын жетілдіре түсуі. Біліктілік пен дағдының қалыптасуы оқушы-жастардың өзіндік жұмыс істеу үрдісінде жүзеге асады. Оқытудың ең мүлтіксіз жетілген түрлері мен әдістемелерінің өзі де оқушы-жастардың өзіндік танымдық іс-әрекеттеріне бағытталған болмаса, ойдағыдай нәтижелер бере алмайды.

Өзіндік жұмыс – оқушы-жастардың өз бетінше білім алу іс-әрекетінің ерекше формасы. Жеке тұлға өз бетімен білім алумен айналыса отырып, өзінің рухани-талғамдық және басқа мәдени талап-тілектерін қанағаттандырады, өзінің бойындағы бар білімін толықтырады.

Оқушы-жастардың өздік жұмысы (СӨЖ) (Independent Work, Student out of Class Work) – жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқытылатын оқу пәндерінен білімдерін толықтыру мақсатында жүргізілетін оқудың ерекше түрі.

  • оқушы-жастар өздік жұмысты пән тьюторының жетекшілігімен аудиторияда және аудиториядан тыс уақытта орындайды;

  • оқушы-жастар өздік жұмысын ұйымдастыру жоспары кафедра мәжілісінде қаралып, бекітіледі;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысы әр оқу пәні бойынша типтік және жұмыс бағдарламалары (силлабус) негізінде ұйымдастырылады;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысы ғылымның белгілі саласы бойынша материалды терең меңгеріп, дүниетанымын кеңейтіп, танымдық қабілеттерін дамытатын дағды мен бейімділікті қалыптастырады;

  • оқушы-жастардың логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын меңгеруге зерттеушілік тұрғыдан келуді қамтамасыз ететін практикалық міндеттерді орындаумен байланысты;

  • оқушы-жастардың тьютор жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы тьютордың педагогикалық жүктемесіне енеді;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысқа қатынасуы, берілген тапсырмаларды орындауы арнайы журналға тіркеліп отырады;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысы практикалық (семинар) немесе зертханалық сабақтардың сағат көлеміне еніп, студент білімін тексеру кезінде ескеріледі;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысының нәтижелері реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, курстық немесе дипломдық жұмыс, ғылыми мақала, аудиобейне есеп беру түрінде дайындалуы мүмкін;

  • оқушы-жастардың өздік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік ойын, мәлімдеме, жеке сұхбаттасу түрінде өтуі мүмкін.

Оқушы-жастардың өзіндік жұмысы туралы педагогикалық және методикалық анықтамалар кездеседі.

Кейбір авторлар өзіндік жұмысты дидактикалық әдістерінің бірі деп қараса, екіншілері – оқыту ұстанымдарымен байланыстырады. Оқушы-жастардың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Себебі, ондай жұмыстардың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы жаттығу, кітаппен жұмыс, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу, т.б.

Әрбір оқыту әдісі оқушы-жастардың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің міндеті – олардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге баулу. Өзіндік жұмыс өз алдына оқыту ұстанымдарына тәуелді. Білім алудағы оқушы-жастардың белсенділігі, саналылығы атты принциптер ең алдымен олардың дербестігін, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді.

Оқушы-жастардың өзіндік жұмысы оқыту әдісі де, оқыту ұстанымы да емес, ол олардың күрделі әрекетінің бір түрі немесе оқу жұмысының арнай бір формасы болып табылады.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

- мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

- жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

- мұғалімнің басқаруымен студенттің дербестігінің мөлшерін, олардың жұмысты еркімен жіне қалауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтер, т.б.

Оқушы-жастардың өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну мақсатында атқаратын қызметтерінің міндеттерін анықтап алу қажет:

  1. оқушы-жастардың дербестік қасиеттерін мейілінше арттыру;

  2. олардың алған білімінің саналылығы мен біліктілігін қамтамасыз ету;

  3. оқушы-жастардың оқуға қажет біліктен мен дағдыларын қалыптасытыру;

  4. оқушы-жастардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту:

  5. оқушы-жастардың жоғарғы оқу орнынан тыс дербес білім алуға әзірлеу;

  6. оқушы-жастардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда әртүрлі техникалық құралдарды қолдану.

Әрбір маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы жетілдіріп отырады. Оқушы-жастардың кәсіби білімінің теориялық негізі қаланғаннан-ақ, өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуі тиіс. Оқушы-жастарға ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасады.

Біздің пікірімізше, өзіндік жұмыс дегеніміз – ағылшын тілі пәні оқытушысының тапсырмасын шығармашылықпен орындау іс-әрекеті, оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынсыз орындалатын оқушы-жастардың жоспарлы жұмысы.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды қолданудың бірінші шарты электрондық оқулық жөнінде терең мағлұматының болуы және оларды еркін пайдалана білуі.

Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты кредиттік жүйедегі маңызды құрал ретінде пайдаланудың төрт қарапайым өлшемін саралауға мүмкіндік бар:

  • түсініктілігі;

  • қызықтылығы;

  • бағдарламаның кәсіби-техникалық сапасы (тұрып қалмауы, басқа бағдарламалармен жақсы үйлесуі);

  • меңгерудегі қарапайымдылығы.

Электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы өздік жұмысты ұйымдастыру – динамикалық процесс. Оның дамуындағы негізгі тенденциялар электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдалану аясын кеңейтуге байланысты және дайын шешімдер берілмейді. Себебі, электрондық оқулықтың негізгі міндеті – жаттығулардың шешімдерін табуға итермелеу, оқушы-жастардың алған нәтижелерін тексеріп, қайта қарауына жағдай жасау.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, электрондық оқулықтарды ағылшын тілі пәнінде өздік жұмыстарды ұйымдастыруда пайдалану тиімділігі оның әдістемелік тұрғыдан дұрыс анықталғандығымен сипатталады деп айтуға болады.

Электрондық оқулықты ағылшын тілін оқыту үдерісінде қолдану оқу пәні ретіндегі ерекшелігімен сипатталады. Ағылшын тілін оқыту үшін мұғалімнің алдында тұрған міндет– оқушы-жастардың курстың ұғымдық аппаратын меңгеруі және жаттығуларды орындаудағы практикалық біліктілігі мен дағдысын, грамматикалық проблемаларды шеше білуді қалыптастыру. Оқыту процесінің жоғарыда аталған сатылары оқушы-жастардың өзіндік зерттеу іс-әрекеттерінің деңгейлерімен ерекшеленеді. Біздің жүргізген зерттеуіміз электрондық оқулықты сабақтың барлық кезеңдеріне қолдануға болатындығын және әрбір кезеңде айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.


Әдебиеттер:


1. Реcпубликамызда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – 11.10.2004., № 1459.

2. «Орта білім жүйесін ақпараттандырудың» мемлекеттік бағдарламасы. - 22.10.1997., №3645.

3. «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандырудың» бағдарламасы. – 15.05. 2000., №721.


Резюме


В статье рассматриваются особенности использования электронных учебников на уроке английского языка и пути организации самостоятельной работы обучающихся.

Похожие:

Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconЖалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты
Сіндегі жетістіктердің заңдылықтары мен қағидалары және мектептің оқу пәні ретіндегі тілді, әдебиетті, тарихты оқытудың өзіне тән...
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconҰлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты
Нің заңдылықтары мен қағидалары және физика мен математика ғылымы саласындағы мектептің оқу пәні ретіндегі физика мен математиканың...
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері icon5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 5В011900...
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері icon«Экология» пәні бойынша
Информатика(тп); 050112 Химия; 050113 Биология; 050607-Биология(тп); 050114 –Тарих; 050115 Құқық экономика негіздері; 050116 География;...
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconЛекция: 30 сағ
Этнопедгогика” пәні бойынша 050119- шетел тілі “Екі шет тілі” – мамандығының студенттері үшін
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconР. Ж. Баспакова 1- сынып бойынша фонетика бөліміне арналған ұжымдық жұмысты ұйымдастыруда қолданылатын
Педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтының эксперттік кеңесімен басылымға ұсынылды
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне арналған педагогикалық практиканы өту жөніндегі
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым миністірлігі
Педагогика пәні бойынша 5В010801 – Дене шынықтыру және спорт, 5В012000 –Кәсіби білім, 5В010300—Педагогика және психология, 5В011700-Қазақ...
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconӘож 37. 01 : 004. 738. 5 : 371. 214 Қолжазба құқығында
Университетте оқыту үдерісін ұйымдастыруда интернет-технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары
Шет тілі пәні бойынша өзіндік жұмысты ұйымдастыруда электрондық оқулықтарды пайдаланудың ерекшеліктері iconТест Этнопедагогика Theacher Маденова Лјззат Мўтиєоллаќызы КажимоваК. С. Тест для студентов следующих специальностей: Шет тілі: екі шет тілі (II курс)
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница