Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді




НазваниеМұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді
страница2/7
Дата конвертации16.02.2016
Размер0.93 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-Құмкөл-кен-орнында-күрделі-жағдайдағы-өн
1   2   3   4   5   6   7

1.3 Мұнайгаздылығы

Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.

Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.

Төменгі-бор горизонттары М-1 және М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген.

Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің құрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.

Мұнай қабаты – күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі “минус” 996-дан “минус” 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері “минс” 991,4 және “минус” 992,6 метрге дейін көтеріледі.

Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4) өнімді горизонтгар айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.

1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен "минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.

Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті жөне жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.

Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңцігше төуелді болады. Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:



Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлыш. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты жөне оттекті қосылыстарының қоспаларынан тұрады.

Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 т/тәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа. Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кг/м3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар - 5,9 пайыз.


1.4 Жер асты сулары

Құмкөл кен орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш жөне 2 ашық оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.

Ұңғылау нәтижесінде терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық, құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арысқұм аймақтарында протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш комплекстері айқындалған.

Құмкөл 2 ұңғысын сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-1503 метр аралығында минералдағы 76,6 г/дм3 су ағыны алынды.

Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында 69,2 г/дм3-ге дейін бромы бар.

Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра шөгіндісінен су бергіштік горизонты зерттелген.

Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы жоғары, бұл қабат сүзгіштік қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып табылады.

Жоғарғы юра шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр түсті сазды қабатпен бөлінген.

Су орналасқан жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының

мінездемесіне сәйкес келіп, олардың өзара байланыстарын тағы да дөлелдейді.

Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының сулары ағынды. Сынақ интервалдары динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5 тәулікке дейін).

Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1 және М-2 субергіш горизонттары кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.

Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты дамыған сазды жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды қабат аралығын қосқанда комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді.

Апт-альб субергіш шөгіндісінің кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен мінезделіп, комплекстің жоғарғы белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің жоғарғы бөлігінде су түщылау болуы мүмкін.

Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде қолдануға болады.

Жоғарғы альб-сеноман шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен таралған. Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен ала саздардың ішіндегі аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46 метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 т/тәулік.

Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан.

Суы тұздылау, минералдығы 1,7 г/дм3.

Төменгі туран-сенонды субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-сұр жөне сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 г/л.

Палеогенді, неогенді 1/4 субергіш шегінділері аудан бойынша анықталған.Шаруашылық жене ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады. Апт-альб горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстп туру үшін қолдану ұсталған.


1.5 Құмкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөніндегі қысқаша мәлімет

Кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.

Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 жөне Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25 млн тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау

Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.

1992 жылы 1993,04 мың тонна сұйықтың 1318,5 мың тоннасы мұнай сулануы 3,26%, газ өндіру 87,59 млн м3 болады.

1993 жылы "Южказнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3 болады.

Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44, 30, 15 және НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.

2000 жылы 23 жаңа үңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003, 1012, 2018, 2019, 2011).

Механикаландырылған тәсілге 11 ұңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.

1993 жылы су айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру басынан бері 1922,825 м3 . Айдауға керекті судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.

2002 жылы кен орны бойынша 1805,623 мың тонна мұнай, 125,7 млн м3 газ және 1925,6 мың тонна сұйық өндірді. Кен орны бойынша өнімнің орташа сулануы 70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық қондырғы орташа төуліктік шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважинлары енгізілді.

120 ұңғының тәуліктік өнімі 5679 мұнайды құрайды. Бір ұңғының орташа тәулік шығымы 35 тоннаға есептелген. Яғни, шығымның жобадағы деңгейден жоғары болуы 44% құрайды.

Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.

2001 жылдың аяғында өндіріс объектілерін тұрғызу 93,3% құрады. Қабат қысымын ұстау үшін, игерудің технологиялық схемасы қарастырған үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.

Жылына ұңғылар бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.

Айдау аймағынан алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.

Объектілер бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.

Кен орны бойынша мұнай өндіруді арттыру негізінен жаңа ұңғыларды енгізу арқасында болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462,527 мың тонна мұнайды құрайды. Ал игерудің көрсеткіштерінде мұнай өндірудің төмендеуі көрінеді. Бұл сол уақыттағы Сібір жеңіл мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.

Айдау ұңғыларының орташа қабылдағышы 2,94 м3/тәу болғанда, қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу жөне жобалау" институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.

Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа қосуға байланысты мұнай өндіру өсе бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна деңгейіне жетіп тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан өрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.

2002 жылы айдауға 10 жаңа ұңғы енгізілді, оның ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде 5 ұңғы (NN 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде 3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.


1.6 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы

Құмкөл кен орны бойынша 2001 жылы пайдалану қоры 256 ұңғы болды. Оның ішінде істеп тұрғаны 138, істемейтіні -29, меңгеру және тұрғызуда -25. Істеп тұрған ұңғылар саны: 1-объектіде - 31, 2-объектіде -30, 3-объектіде 17. 2001 жылы 18 өндіру ұңғысы енгізілді. Жоспар бойынша - 50, механикаландырылған тәсілмен 24 ұңғы аударылды.

Пайдалану қоры фонтандық тәсілмен өндірілді. Ол қабат қысымының, онымен қоса қабат энергиясының төмендеуіне әкеліп соқты.

2002 жылы пайдалану - 295, істеп тұрғаны - 141 ұңғы, 84 ұңғы фонтандық тәсілмен, ал 57 ұңғы механикаландырылған тәсілмен өндіреді. Бір ұңғының тәуілігіне беретін орташа шығымы - 54 тонна. 2 және 3 объектілерде күнделікті қабат қысымы 9,7 МПа түсті, оның өзі сұйықты алу қарқынына, су айдау арқылы жетпей тұр. Өйткені, тұрғызу объектілері қанағатсыз жұмыс жасауда.

Ал 2002 жылдың қаңтарының бірінші жұлдызыңдағы пайдалану қорына келетін болсақ, осы уақыт ішінде 160 ұңғы өнім беріп тұр, 101 ұңғы фонтанды, 59 ұңгы механикаландырылған тәсілмен жұмыс жасауда. Меңгеру мен тұрғызуда 80, оның ішінде 47 ұңғыда көтергіш құбыр мен фонтанды қондырғы жетіспейді. Жұмыссызы - 8 ұңғы, өйткені қабат қысымдары қаныққан қысымнан төмен. Консервацияда 50 ұңғы, оның 30-ы жинау қондырғыларынан қашық болғандықтан консервацияланған 20 пайдалану ұңғылары. Оның 10-ы (NN 240, 244, 2070, 2080, 242, 330, 336, 400, 431) меңгерген кезде таза газ шыққан. Сосын 10 ұңғы (NN 1013, 1002, 1003, 152, 240, 2046, 347, 345, 340, 2059) нұсқа үстінде болғандықтан 100 пайыз суланған.

Су айдау қоры 50 ұңғыдан тұрады, оның ішінде істеп тұрғаны 24 ұңғы, қалғандары әртүрлі себептермен тоқтап тұр. Су алатын ұңғылар саны 10, бірақ оның 5-6 ғана тұрақты жұмыс істейді.

Құмкөл кен орнында 2002 жылдың аяғына дейін 457 ұңғы бұрғыланды. Жобамен салыстырғанда 86,3% құрайды. Сол қазылған ұңғылардың 296 - пайдалану, 77 - айдау, 2-газды қабатқа қазылған. 3 бақылау, 15 - су алатын 20 - барлау және 2 уақытша тоқтатылған ұңғылар.

Пайдалануға берген 457 ұңғы орнына 2003 жылдың аяғында шын мәнінде жұмыс істеп тұрған 415 ұңғы, 289 фонтандық тәсілмен және 126 механикалық тәсілмен жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс жасамай тұрған 28 меңгерулер жөне тұрғызылған 15 ұңғы. Әр түрлі жағдаймен 43 ұңғы тоқтап тұр, оның өзі пайдалану қорының 16,6% процентін құрайды. Жұмыс істемей тұрған 28 мұнай ұңғысы, оның ішінде 21 фонтандық және штангалы терең сорапты тәсіліндегі 28 жұмыссыз тұрған ұңғының 17-сі газ факторының көбеюіне байланысты тоқтап тұр. Оның 4 ұңғысы (NN 1002, 1030, 2004, 2005) өнімнің азаюына байланысты механикалық тәсілге көшіруге мәжбүр болып тұр. Өндіретін 2 ұңғы фонтадық өндірудің азаюына байланысты айдау ұңғысы көшірілді. 2001 жылы айдау қорында 57 ұңғы, оның 37-сі нақты жұмыс жасап тұр. Тұрғызуды күтіп тұрғаны -16, жұмыссыз тұрғаны -4 (NN 100, 301, 302, 304).

NN 100, 301, 304 ұңғылары апатқа ұшырауларына байланысты тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғылары. Мұнай шығыны бойынша таралуы келесі түрде көрінеді: кен орны бойынша барлығы -408 өндіру ұңғысы, оның ішінде 52 ұңғының шығымдылығы 10 тонна/тәу дейін, 11-ден 30 тонна/тәулікке дейін 91 ұңғы, 31-50 тонна/тәу 50 ұңғы, 51-70 тонна/тәулікке дейін 80 ұңғы, 20 ұңғы 71-90 т/тәу, 90 тонна/тәуліктен жоғары 8 ұңғы. Игерудің басынан бері кен орны бойынша 610092,3 мың м3 газ өндірілді, оның ішінде 1-объект бойынша - 42273,9 мың м3 , 2-объект бойынша - 379592,9 мың м3, 3-объект бойынша - 179923,9 мың м3, 4-объект бойынша - 8301,6 мың м3.

Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі.

Кен орнында бірінші қатардағы аудандарда мұнай өндіру ұңғылары жылына 395 және 701 мың тонна мұнай береді.

2001 жылы бұл аудандарда кен орындарын игерудің технологиялық схемасының бұзылуына байланысты 1805,623 тонна мұнай алынды.

2001 жылы қабат қысымы 118 ұңғыда тұрақты. Қысымы 258 ұңғыда өлшенді. 8 өндіру ұңғыларына режимдік зерттеу жүргізілді. (NN 232, 234, 239, 333, 339, 1010, 2027, 2081) алынған нәтижелер бойынша индикаторлық қисық тұрғызылуы әсер етеді. Төменде игеру объектілеріндегі зерттеу жүргізілген ұңғылар саны көрсетілген.

· 1-объект 40 ұңғы - 95 ұңғы,

· 2-объект 64 ұңғы - 136 ұңғы,

· 3-объект 14 ұңғы - 24 ұңғы.

Игеру объектілерінде қабат қысымының интенсивтік төмендеуі ұзақ пайдалану бойынша түсіндіріледі. Табиғи игеру режимде және өнім қабатында қабат қысымын қалыпты ұстау үшін системалық әсер етулерді ескертеміз. Кен орнын игерудің процесі N1 бүрғылау (1984) ұңғысын қазған кезде, қабаттарға газдардың бір-бірімен әсеріне байланысты құрылды. Бұл аймақтың құрылысының дұрыстығын анықтайды. Бұнымен байланысты КазНИПИ мұнай институтының N1 ұңғысын жабу жобасы дайындалды. Айдалған судың есебі және сұйықтың шығымын өлшеп, жазып отыру керек. Кейбір техникалық жағдайлар қиындықтар туғызады. Өлшеу приборларының тереңдік манометрлерінің кен орнын игеруді бақылап отыратын арнайы техникалардың жетіспеуі - дәл мәлімет алуға кедергі келтірді.

Сұйықты тым көп алу нәтижесінде үңғы төңірегінде судың жиналуына және әр үңғыдағы судың 95%-ке дейін көтерілуіне себебін тигізді. Мысалы: N135 -30 пайыз, N151 -75 пайыз, N1006 -50 пайыз, N134 -80 пайыз, N134 -84 пайыз, N187 -70 пайыз, N1007 -79 пайыз, N139 - 85 пайыз, N1345 -80 пайыз, N2046 -80 пайыз,N348 -80 пайыз, N1009 -90 пайыз, N143 -90 пайыз, N11013 -95 пайыз.

Ұңғылардағы суланудың тез өсуі мұнайдың шығымын азайтып жібереді. 3-объектіде төмендеу орнын жаңа ұңғыларды енгізу арқылы толықтырылды.

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconХимия өнеркәсібінің салалық құрылымы
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconЛекция, шығармашылық жұмыс, пікірталас, реферат, тәрбие сағаттар, деват т б
...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді icon0809000–«Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» мамандығы бойынша дипломдық жобаның тақырыптары
Жалғызтөбе кенорнында мұнай өндіру үрдісі кезінде кездесетін қиыншылықтармен күрес шаралары
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconМҰнай газ өндіру компанияларының нарықТЫҚ жағдайлардағЫ Қазіргі күЙІ
Кіріспе
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconНақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconМазмұны
Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді icon2-Тарау. Кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалардың құрылуы және құрылтайшылары
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница