Скачать 5.8 Mb.
|
4.2 Тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету4.2.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым орындайтын тұрғын үйлерді ұстау бойынша жұмыстардың ұсынылатын тізімі Л қосымшада келтірілген. 4.2.2 Жұмыстар құрамы мен оларды орындау мерзімдері бір аптаға, айға және жылға құрастырылатын жоспар- кестеде көрінеді. 4.2.3 Тұрғын үй қорының техникалық күйін басқару және бақылау үшін ықшам аудандарға немесе үй топтарына біріктірілген диспетчерлік қызметтер (БДҚ) немесе аудандық диспетчерлік қызметтер (АДҚ) құрылады. Әрбір БДҚ үшін күрделі инженерлік құрал- жабдық пен механизмдердің бақыланатын параметрлерінің және диспетчерлеу объектілерінің тізімі белгіленеді. 4.2.4 Инженерлік құрал- жабдықты автоматтандыру және диспетчерлеу құралдары, байланыс құралдары, бақылау- өлшеу аспаптары (БӨА) мен есептеуіштер мамандандырылған ұйым орындаған жобалар бойынша дайындаушы- зауыттың нұсқаулығына сәйкес орнатылып, сәйкесінше инженерлік құрал- жабдықтың жұмысының берілген режимдерін қолдауды, жұмыс режимдерінің бұзылуы немесе авариялар туралы сигналдарды уақытында жеткізуді қамтамасыз етуге, құрал- жабдық жұмысын, жекешелендірілген тұрғын жайлар жалдаушыларының, жалға алушылары мен меншік иелерінің және диспетчер бөлмесінің, сондай-ақ диспетчер бөлмесінің техникалық қызмет көрсету қызметтерімен және авариялы қызметтермен сенімді байланысын визуалды немесе автоматты бақылау құрал- жабдығының жұмыс параметрлерін өлшеуді жүргізуге тиіс. 4.2.5 Біріктірілген диспетчерлік қызметтер (БДҚ) арнайы журналдарда пәтерленде, құрылыс құралымдарында және ғимараттың басқа элементтеріндегі инженерлік құрал- жабдықтың ақаулықтары мен зақымдануларын жедел жоюға өтініштер есебін жүргізуге, орындау мерзімі мен сапасы бойынша бақылауға тиіс (М қосымша). 4.2.6 Күрделі инженерлік құрал- жабдықтың, механизмдер мен құралымдардың ақаулығына өтініштер олар түскен күнде қарастырылуға тиіс, келесі күннен кешіктірмей оларды жою ұйымдастырылуға тиіс. Ақаулықтарды жою үшін ұзақ уақыт немесе берілген сәтте қолда жоқ қосалқы бөлшктер қажет болған жағдайда, қабылданған шешімдер туралы өтініш берушіге хабарлау қажет. Ұқсас шаралар телефонмен немесе диспетчерлік байланыс жүйесі арқылы алынған өтініштер бойынша да қабылдануға тиіс. Авариялық өтініштер В қосымшада көрсетілген мерзімде жойылады. Тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты өтініштер жедел тәртіпте жойылады. 4.3 Ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау4.3.1 Тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру тұрғын ғимараттардың профилкатикалық ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру бойынша техникалық көрсеткіштерге және тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру және технологиясы бойынша техникалық көрсеткіштерге сәйкес жүргізілуге тиіс. Ағымдағы жөндеуді тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар және мердігерлік ұйымдар орындайды. 4.3.2 Ағымдағы жөндеудің ұзақтығын құралым ме құрал- жабдықтың әрбір түріне нормалар бойынша анықтау қажет. Алдын ала жоспарлық есептеулер үшін ұсынылатын Н қосымшаға сәйкес ірілетілген нормативтерді қабылдауға болады. 4.3.3 Ағымдағы жөндеуге жататын шамамен жұмыстар тізімі П қосымшада келтірілген. 4.3.4 Ағымдағы жөндеудің мерзімділігін ғимараттың күрделілік тобын, физикалық тозуы мен жерглікті жағдайларды ескерумен үш- бес жыл шеңберінде алу қажет. 4.3.5 Коммуналдық шаруашылықтың мамандандырылған пайдалану кәсіпорындарының техникалық қызмет көрсетуіндегі тұрғын ғимараттың инженерлік құрал- жабдықтарын ағымдағы жөндеу (жылыту және желдету жүйелері, ыстық және салқын сумен жабдықтау, кәріздендіру, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) бұл кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылады. Инженерлік құрал- жабдық пен механизмдерді ағымдағы жөндеу үшін тиісті рұқсаты, лицензиялары және жұмыс тәжірибелері бар мамандандырылған ұйымдар тартылуға тиіс. 4.3.6 Ағымдағы жөндеудің жылдық жоспарына кіргізілген, әрбір құрылысқа жөндеу жұмыстарының сипаты белгіленген мерзімде әзірленеді және тұрғын үй қорының меншік иесімен, тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымның өкілетшісімен немесе басшысымен келістіріледі. 4.3.7 Жақын бес жыл ішінде күрделі жөндеу жасауға көзделген немесе бұзуға жататын ғимараттарда ағымдағы жөндеуді өмір сүру үшін нормативтік жағдайлармен қамтамасыз етілетін, жұмыстармен шектеу қажет (инженерлік құрал- жабдықтың көктемгі- жазғ және қысқы пайдалануға дайындау, жөндеу). 4.3.8 Тұрғын үйге жүргізілген ағымдағы жөндеуді құрамында тұрғын үй қорының меншік иелері өкілдері мен тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар бар комиссия қабылдауы тиіс. |