ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау




НазваниеПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау
страница1/5
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/e36bec18-bb16-11e3-b0bc-f6d299da70eeУММ Стан жане серт жуйел. каз
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК 042-18-9.1.71/03-2013


ПОӘК

«Стандарттау және сертификаттау жүйелері» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


18.09.2013 ж.

№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

6М073200 «Стандарттау және сертификаттау

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Стандарттау және сертификаттау жүйелері» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







Семей

2013




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

23

3

Магистранттардың өздік жұмысы

38


1 ДӘРІСТЕР

№ 1 дәріс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесі


Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері 1993 жылы қабылданған «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңымен орнатылды.

1999 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңы қарастырылып, Қазақстаннның дамуы мен нарықтық реформаларды жүргізу нәтижесінде «Стандарттау туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды, бұл заң 2003 жылдың 10 маусымында күрделі өзгертіліп, толықтырылды.

2004 жылдың қарашасында «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданды, бұл заңға сай «Стандарттау туралы» заңының күші жойылып, кейбір баптары ғана уақытша қалдырылды.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы өзгертіліп, толықтырылады, 2008 жылдың шілдесінде бұл заңға бірнеше өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) міндетті регламенттеу саласында:

өнімнің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

саудадағы техникалық кедергілерді жою;

2) стандарттау саласында:

отандық өнімнің бәсекеге-қабілеттілігін арттыру;

табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.

Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң бiрлiгi мен тұтастығы;

2) бiрыңғай терминологияны, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгiлеу ережелерiн қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетiмдi болуы, техникалық реттеу процестерiне қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi, мемлекет пен мүдделi тараптар мүдделерінің теңгерімiн қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау рәсiмдерiне қойылатын талаптардың бiрдей болуы;

5) техникалық регламенттер мен стандарттарды әзiрлеу кезiнде ғылым мен техника жетiстiктерiн, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейiне және ғылыми-техникалық даму деңгейiне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзiрлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерiктi түрде таңдау;

9) сәйкестiктi растаудың бiрыңғай жүйесi мен ережелерi;

10) бiр органның аккредиттеу және сәйкестiктi растау жөніндегі өкiлеттiктердi қоса атқаруын болдырмау;

11) бiр мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестiктi растау функцияларының үйлеспеушiлiгi;

12) сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсiздiгi;

13) сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестiктiң шектелуiн болдырмау принциптерiне негiзделедi.

Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады:

1) халыкаралык стандарттар;

2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері;

4) ұйымдар стандарттары;

5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары;

6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде құрады.

Мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стаидарттар мен техникалык-зкономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар туралы ресми акпарат, сондай-ақ көрсетілген қүжаттар пайдаланушыларға қолжетімді болуға тиіс.

Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік қүжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Құжатты әзірлеген тұлға әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бір данасын уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшін жібереді.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (03.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)


№ 2-3 дәріс

Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құрылымы


Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту;

5) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

6) техникалық регламенттерді бекіту;

6-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;

7) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

7-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.

8) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;

9) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;

10) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;

11) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi;

11-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

13) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.

Стандарттау саласында:

1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;

4) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi;

5) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;

7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;

9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.

Сәйкестiктi растау саласында:

1) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтініш-декларацияның, тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

2-1) өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді;

3) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

4) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

5) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

6) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.

Уәкiлеттi орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттерді әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгізудi;

3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау ;

7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;

8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөніндегі органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;

9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;

10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық регламенттердің жобаларын әзiрлеу, техникалық регламенттерді әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттік органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттік органдар бекiтедi.

Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сұрау салуы бойынша:

1) қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердің сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы халықаралық екiжақты және көпжақты сипаттағы шарттарға мүшелiгi немесе қатысуы;

3) әзiрленiп жатқан және қабылданған техникалық регламенттер, стандарттар, ветеринариялық-санитариялық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері жобаларының жариялану көздерi туралы немесе олар жөніндегі ақпарат туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат хабарлама түрінде уәкілетті органның ресми баспа басылымында және ортақ пайдаланымдағы ақпараттық жүйеде орналастырылады. Хабарламаның нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құзыретiне:

1) бекiтіліп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

2) ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң стандарттарын және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысу;

3) техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.

3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтіліп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.

Сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.

3. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;

2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;

4) сәйкестiк туралы декларацияларды және өтініш-декларацияларды тiркейдi;

5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;

6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

4. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

5. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар:

1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;

2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

3) тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы, сертификаттаудан және оларды беруден бас тартуы туралы деректердің электрондық есебін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау ережелерін бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды, өтініш-декларацияларды заңсыз тіркегені үшін, сондай-ақ өтініш-декларацияда көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.

8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негізінде сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуға тиіс.

1. Зертханалар сәйкестiктi растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:

1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;

2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектілігiн қамтамасыз етедi;

3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.

4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:

1) техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзiрлеу, өзгерту, күшiн жою жөнiндегі ұсыныстарды дайындайды;

2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.

1. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

2. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қоры, ұйымдардың стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, қабылданған стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштері және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпаратты қамтиды. Пайдаланушыларды көрсетілген құжаттардың ресми басылымдарымен қамтамасыз ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

3. Ұйымның стандарты мен консорциум стандарттарын қоспағанда, әрбір стандартты, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiшін және нормативтік техникалық құжатты қабылдау туралы ақпаратты және олардың бір данасын құжатты қабылдаған тұлға бірыңғай ақпараттық жүйені құру үшін Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына жібереді.

 

1. Сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөніндегі органның құрамында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметін сәйкестікті растау жөніндегі бір органның немесе зертхананың құрамында ғана жүзеге асыруға құқығы бар.

Егер сәйкестiктi растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.

5. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

 

1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесі туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.

2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.

3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың құзыретi тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқық беретін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы біліктілік аттестатымен расталады.

Бiлiктiлiк аттестаттарын алған тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгiзiледi.

4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия кемiнде бес адамнан құралуға тиiс. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледi. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

6. Аттестаттаудан өту үшiн тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияға мынадай құжаттар:

1) өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;

4) оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;

5) тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;

6) кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме ұсынылуға тиiс.

7. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

8. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.


МӨЖ тақырыптары:

1 ҚР СТ 1.0 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер

2 ҚР СТ 3.0 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер


№ 3 дәріс
  1   2   3   4   5

Похожие:

ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау icon«6М073200 – стандарттау және сертификаттау (аймақ бойынша)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (аймақ бойынша)» мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
«Мамандыққа кіріспе» пәні жалпы кәсіби пәндер курсына жатады және жалпы және арнайы пәндердің қатарына қосылғандардың алғашқысы,...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconЖоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconӘдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы
Стандарттау, метрология және сертификаттау, 5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтарының студенттеріне
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – I
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Цитология» бойынша 050113 – «Биология» мамандығы типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2005ж. (типтік бағдарлама...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 6М073200 Стандарттау және сертификаттау iconПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені
«Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы және психокоррекциясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница