Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
страница6/7
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/179575.doc
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып. Персоналды басқару

Жоспар

1.    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні
2.    Мемлекеттік кірістердің жіктелуі
3.    Мемлекеттік шығындардың әлеуметтік –экономикалық мәні
4.    Мемлекеттік шығындардың құрамы және жіктелуі

1    Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні

Мемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады:

- мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру;

- әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану.

Бірінші үрдіс — мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды.

Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін  мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория.

Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік кірістер  бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің  алатын орны зор.     Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы  біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың)  қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады.

Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кірістер» мен «мемлекеттік бюдеттік кірістері» түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік  кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді,  ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады:

- ішкі

- сыртқы

Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен  ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

2 Мемлекеттік кірістердің жіктелуі ( сыныпталуы)

Мемлекеттік кірістердің жіктелуі  олардың экономикалық мағынасын, құрамын, мақсатты бағытылығын, қалыптасу қағидаларын яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін  тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық –құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттік кірістер  мыналардан тұрады:

1) Мемлекеттік кірістер мен ұйымдардың кірістері

2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салықтық түсімдері

3) Қоғамдық ұйымдардың салықтық түсімдері

4) Халықтың салықтық төлемдері

5) Коперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың  салықтық түсімдерінен.

Жасалу аясына (сферасына) байланысты мемлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:

  1. материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістер;

2) өндірістік емес аясында қалыптасатын кірістер.

Қаржылық мазмұны бойынша ммлекеттік кірістер келесі түрлерге жіктеледі:

1) Салықтық

2) Салықтық емес.

Қоғамның таза табысы (кірісі) ақша нысанында қосымша өнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу кезінде  қосымша өнім таза табыстың нысанында болады. Қосымша өнімнің  және тиісінше  таза табыстың аса маңызды бөлігі  шаруашылық жүргізуші субъектлердің таза табысы болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың негізгі әдістеріне: салықтар, мемлекеттік қарыздар (займдар) және эмиссиялар жатады.Бұл әдістер арасындағы арасалмақ әлі күнге дейін  әртүлі болып отыр   және олар  қаржылық саясаттың мазмұнымен, әлеуметтік экономикалық жағдаймен және шаруашылық жағдаймен анықталады.

Мемлекеттік кірістердің жүйесіндегі  басты орынды салықтар алады. Олар бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың қалыптасуы жағдайында қаржы ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың  фискалдық, экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.

Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар (займдар) болып табылады. Ол бюджет тапшылығын жабуға емес, соныменбірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе, экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайданылады.Қарыздар мемлекет қаржыларының әр түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттік тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр.  Қарыздар соынымен қатар мемлекеттің  бюджетінің тапшылығын жабуда қолданылады. Сонымен қатар қаржылық нарықтың қалыптасуы, қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қарыздарды жабудың қаржылық базасына  салықтар пайдаланылады.

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісіне эмиссия – қағаз ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы жатады.  Эмиссияны мемлекет  салық және қарыз түсімдері  мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы нарығында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдай туындағанда қолданады. Қағаз-ақша эмиссиясы да, несие эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымының қажеттілігіне баййланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса,  экономикада инфляциялық процестепрдің күшеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекеттер несие эмиссиясын қолданбастан бұрын, оны қарызбен алмастыруды жиі қолданады.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қорлар  салықтар мен салықтық емес түсімдер негізінде қолданылады,  ал эмиссия бұл жерде қолданылмайды.Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдержәне т.б. әдістер қолданылады.

3 Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні 

Мемлекеттік шығыстар бұл  мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды  айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар –  бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар  жүйесі арқылы жүзеге асырылатын  тікелей шығындардан тұрады.

Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген «кірістер» түсінігіндегі жіктелуге өте ұқсас. Сонымен қатар «шығындар» ұғымының екі мағынасы бар:

1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану, яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.

2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады.  Бұл екі аспект <шығыстар> ұғымының оның <шығындар> ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің  туындауына әкеледі: егер <шығыстар > соңғы тұтынуды білдіретін болса, <шығындар>  келешекте табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.  Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады.

Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың  және аймақтың жекелеген салаларын  дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын  неғұрлым дамыған  және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді.

4    Мемлекеттік шығындардың құрамы мен жіктелуі

Мемлекеттік шығындардың кейбір түрлері экономикалық мәні мен мазмұны бойынша біркелкі емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты. Мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны бойынша келесі негізгі топтарға бөлінеді:

1) Материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар

2)  Қызметтің өндірістік емес сферасын жататын шығыстар

3) Мемлекеттің резервтерді жасауға жұмсайтын шығыстары

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартқа отырған және ұлттық табысты жасаумен байланысты

Шығыстардың екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты.

Мемлекеттік шығыстардың үшінші тобы  мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға жұмсалынатын шығындар.Төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес аялардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік шығындар қаражатарды максималды түрде  тиімді пайдалана отырып, мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік шығыстардың айрықша түрлеріне қызмет істеп тұрған немесе қайта қалыптасатын кәсіпорынға инвестиция бөлуге  жұмсалатын шығындар жатады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметін атқарумен байланысты шығындары біртіндеп артып отырады. Осының нәтижемінде халықтың нақты табыстары мен материалдық және мәдени шараларға жұмсайтын шығындары артады.

Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әр түрі нысанда — өзін-өзі қаржыландыру, бюджеттік қаржыландыру және несиемен қамтамасыз ету нысанында орын алады.

Өзін-өзі қаржыландыру  мемлекеттік кәсіпорындардың   шығындарын жабуда өздерінің меншікті қаражаттарын қолдануды айтамыз.

Бюджеттік қаржыландыру  жалпы мемлекеттік мәні бар шығындарды жабу үшін қолданылады.

Несиемен қамтамасыз ету ағымдық   және инвестициялық шығындарды жабу мақсатында мемлекеттік кәсіпорындардың  банктік ссудаларды алуда қолданылады. Сонымен қатар несиемен қамтамасыз ету қаржы нарығында мемлекеттік несиені түріндегі  ақшалай қаражаттарды пайдаланатын мемлекеттік басқару құрылымының әр түрлі деңгейінде пайдаланылады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың аталып өткен нысандарындағы мақсатты өзара байланыстық қатынас экономикалық қатынасқа қатынасушылардың  арасындағы тепе-теңдік байланысты айқындайды.

Бюджеттік қаржыландырудың жиі қолданылатын  келесідей нысандарын атап кетуге болады:

1) Дотация  – мемлекеттік бюджеттен және бюджеттік емес қорлардан қайтарымсыз нысанда кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын  және бюджеттің теңгерімділігін жабу мақсатында бөлінетін ақшалай қаражаттар.

2) Субвенция – халықты әлеуметтік қорғау және тағы басқа мақсаттарға жүзеге асырылатын бағдарламалар мен іс- шараларды қаржыландыруға жұсалынатын мемлекеттік ақшалай көмек. Қаржының мақсатсыз негізде жұмсалғаны анықталған жағдайда қаражаттар қайтарылады.

3) Субсидия – бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.


10. Персоналды басқарудағы бастықтың рөлі

Жоспар

1Стратегиялық басқару және оның ерекшеліктері

2

Стратегиялық басқару (Стратегическое руководство) — қарулы күштерді басқарудағы жоғары мемлекеттік және әскери органдардың қызметі. Қарулы күштер бүтіндей және олардың стратегиялық топтастықтары Стратегиялық басқарудың объектілері болыи келеді. Стратегиялық басқарудың негізгі мазмұны:

  • бейбіт және соғыс уақытында қарулы күштердің іс-әрекеттерінің барлық аумағындағы шешімдерді дайындау мен қабылдау (мақсаттар мен міндеттерді

  • оларды орындау тәсілдерін анықтау

  • адамдық

  • материалдық және қаржылық қорлармен қамтамасыз ету)

  • соғыс қимылдары кезінде міндеттерді қою

  • шешімді жүзеге асыруға дайындық

  • бірлесе қимылдауды ұйымдастыру қарулы күштерді басқару

Стратегиялық басқару дегеніміз – ол ұйымдардың қоршаған ортамен өзара қатынастарын басқару барысындағы ұйымдардың мақсатын жүзеге асыру миссиясы. Стратегиялық басқару – ол ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар және тағы басқалар жатады. Стратегиялық басқарудың субъектілеріне ұйымдық басқару жатады. Мұнда басқарудың жүйелік субъектілері бар, олар әр деңгейде қызмет етеді. Мысалы, корпоративті стратегия, бизнес стратегиясы (жеке бизнес түрлері), функционалды стратегия (жүзеге асыру стратегиялары).

Стратегиялық менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау; фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау; компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және басқаруды жетілдіру.

Ұйымдастыру деңгейінің негізгі түрлері: корпорациялық деңгей; стратегиялық қожалық ету аймағының деңгейі; функционалдық деңгей: төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).


7. Тәжірибелік сабақтар мазмұны және олардың сағаттағы көлемі


Тақырып 1 Басқару ойдың даму тарихы

Басќару ѓылыми мектебіне кесте т‰рде ситаттама беру.


Тақырып 2 Әлеуметтік басқарудың әлеуметтік мәні, принциптері және функциялары

Әлеуметтік басқарудың жалпы және нақты функцияларын топтастыру жєне меңгеру.


Тақырып 3 Ұйымда басқару қызметінің ерекшеліктері

Әлеуметтік ±йымның ішкі жєне сыртќы ортасын сипаттау.


Тақырып 5 Әлеуметтік жұмыста басқарудың ұйымдастыру құрылымы

2-ші таќырыптың есебін пайдаланып, єлеуметтік ж±мыста басќарудың ұйымдастыру құрылым; ќызметтірдің жєне бµлімдерінің функцияларын ќалыптастыру.


Тақырып 7 Басқару әдістері

Әлеуметтік ±йымда басќару єдістеріне кесте т‰рде ситаттама беру.


Тақырып 9 Персоналды басқару

Персоналды басқару процесін сызба н±сќа немесе кесте т‰рде сипаттау.


Тақырып 10 Персоналды басқарудағы бастықтың рөлі

Наќты жаѓдайында басќару шешімін ќабылдау процесін сипаттау.


Тақырып 11 Жанжалды басқару

Жанжалды басқару принциптерін жєне технологиясын сызба н±сќа немесе кесте т‰рде сипаттау.


Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны

Студенттердің өзіндік жұмысына кіреді:

  • дәріс сабақтарына дайындалуы;

  • тәжірибелік сабақтарға дайындалуы;

  • курстың тақыраптарын өздігінен меңгеруі;

  • консультация (ОСӨЖ)




  1. Өздік жұмыстардың тапсырмасы


Тақырып 1 Басқару ойдың даму тарихы

Алғашқы қоғам қатырының жағдайында бірге еңбекті ұйымдару және реттеу формалары.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 2 Әлеуметтік басқарудың әлеуметтік мәні, принциптері және функциялары

Әлеуметтік басқару түсінік ретінде. Әлеуметтік ұйымның қызмет етуіне әлеуметтік жұмысты басқару керек шарты ретінде. «Ұйымдастыру» термині және оны әлеуметтік басқаруда қолдану.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 3 Ұйымда басқару қызметінің ерекшеліктері

Ұйым түсінік ретінде. Формальды және формальды емес ұйымдар. Формальды ұйымның белгілері.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 4 Әлеуметтік жұмысты басқару мағынасы мен мазмұны

Әлеуметтік жұмысты басқару әлеметтік басқарудың бір түрі ретінде. «Әлеуметтік жұмысты басқару» терминінің көп мағыналылығы. Әлеуметтік жұмысты кәсіби басқаруды мағынасы.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 5 Әлеуметтік жұмыста басқарудың ұйымдастыру құрылымы

Құрылым және ұйымдастыру құрылым түсінік ретінде. Ұйым жүйе ретінде. Ұйымдастыру құрылымның түрлері.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 6 Әлеуметтік жұмыста билік жүргізу

Билік жүргізу түсінік ретінде. Билік жүргізу және басқару. Әкімшілік ету қызмет атқару өкімет органдарының, басқару функцияларының жүзеге асыру бойынша лауазымды тұлғалар ретінде.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 7 Басқару әдістері

«Басқару әдістері» түсінігі. Басқару әдістерінің классификациясы. Ұйымдастыру-әкімшілік әдістері, олардың сипаттамасы. Ұйымдастыру-әкімшілік әдістерді пайдалану ерекшеліктері.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 8 Әлеуметтік қызмет басқарудың институтционалдық негізі ретінде

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызмет көрсету. Әлеуметтік қызмет көрсетудің институционалдық көрсеткіштері. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 9 Персоналды басқару

Персоналды басқару процесінің сипаттамасы. Персоналмен жұмыс істеуінде басқарушылық мақсаты, міндеттері, функциялары. Басқарушылық стратегиясын таңдау.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 10 Персоналды басқарудағы бастықтың рөлі

Лидер болу. Басқару стильдері және лидер болу теориялары. Басқарушының қызметінде лидер болудың рөлі. Ұйымдағы бастықтың рөлі. Еңбекті ғылыми басқару принциптері.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 11 Жанжалды басқару

Меңгеру өзектілігі көрінуші дау-жанжалды қарсы әрекеттерге басқаратын әсер іскерліктері. Әлеуметтік жанжал әлеуметтік әрекеттестіктердің түрі реінде.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 12 Әлеуметтік сала мекемелерінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру

Басқару құжаттарды дайындау. Іскерлік қарым-қатынастың сипаттамасы. Ұйымдастыру-құқықтық құжаттар. Билік жұргізу құжаттары. Хабарлық – бақылау және есеп құжаттары.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 13 Басқару мәдениеті әлеуметтік жұмыстың тиімділігі шартты ретінде

Басқару мәдениетінің түсінігі. Басқару мәдениеттің түрлері, олардың симаттамасы. Мәдениеттің дегейін өлшеу әдістері: нормативтік, салыстырмалы, констуктивтік-сынау.

Бақылау түрі: ауызша сұрау


Тақырып 14 Басқару қызметінің ақпараттық қамтамасыз ету

Хабарлау, оны басқаратын қызметтің қолдану контекстінде түсіндіру. Басқаруда пайдаланатын ақпаратқа талаптар.

Бақылау түрі: ауызша сұрау

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница