Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




НазваниеҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
страница1/7
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/179575.doc
  1   2   3   4   5   6   7

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы




Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Менеджмент кафедрасы


«Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару пәнінен


5В050900 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)


Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы




Нысан ПМУ ҰСН 7.18.4/19


БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы Эрназаров Т.Я.

_______________

«__»_________20_ж.


Құрастырушы: ___________ аға оқытушы Кагибат А.К.


«Менеджмент» кафедрасы


5В050900 «Әлеуметтiк жұмыс» мамандығының студенттеріне арналған

«Әлеуметтiк жұмыстағы әкiмшiлiк ұйымдастыру және басқару»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы(Syllabus)


Бағдарлама 20 ж. «___» ___________ бекітілген, жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.


Кафедра отырысында ұсынылды 20 ___ ж. «__» ____________ №__ хаттама.


Кафедра меңгерушісі _________Бейсембаева Г.М. 20___ ж. «__» ____________

(қолы)


Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 ___ж. «__»_________№___ хаттама


ОӘК төрайымы _______________Темиргалиева А.Б. 20___ ж. «__» __________

(қолы)

Келісілді: «Педагогика-психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор _____________ Бурдина Е. Н. 20___ ж. «__» __________


1.Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару


Міндетті компонент пәні


Кредиттер саны және оқу кезеңі

Барлығы-3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Аудиториялық сабақтардың барлығы-45

Дәрістер – 30 сағат

Семинар сабағы – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 22,5 сағат

Жалпы сыйымдылығы – 135 сағат


Бақылау нысаны

Емтихан – 6 семестр

Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: экономикалық теория, микроэкономика, менеджент, қаржы.


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: экономикалық теорияның негіздері, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік экономика.


Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары

А.Ж.Т. Кагибат Азамат Кагибатович

Ғылыми дәрежесі,атағы аға оқытушы

Кафедра « Менеджмент», аудитория _524__,

телефон: __673646______________________,

Е-mail kausar52@ mail.ru

2. Пәні, мақсаты және міндеттер

Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару - пәнді оқытудың міндеттері еңбекпен қамту саласында болып жатқан және тұрғындардың басым көпшілігінің материалдық жағдайлары мен әлеуметтік психологиялық көніл-күйіне едәуір әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және этикалық процестерінің механизмдерін оқып білу, сонымен қатар:

  • әлеуметтік басқару негіздері туралы түсініктеме беру;

  • басқарудың, билік жүргізу және ұйымдастырудың, жұмыстың технологиялардың, әлеуметтік жұмыстың құжаттарын теориялық негіздерін оқу;

  • әлеуметтік қызметкерлерге кәсіби қызметтің ерекшеліктері мен спецификасын терең таныстыру.


Пәнді игеру мақсаты әлеуметтік ортаны басқару жайлы, оның міндеттері мен мазмұнын әлеуметтік жұмысты басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.


3 Компетенттілікті қалыптастыру


Осы пәнді оқуда негізгі мақсаты әлеуметтік ортаны басқару жайлы, оның міндеттері мен мазмұнын әлеуметтік жұмысты басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.

Студент пәнді оқып білу нәтижесінде білуі тиіс:

  • басқару ойдың даму тарихын;

  • әлеуметтік басқарудың әлеуметтік мәнін, принциптерін және функцияларын;

  • ұйымда басқару қызметінің ерекшеліктерін;

  • әлеуметтік жұмысты басқару мағынасын мен мазмұнын;

  • әлеуметтік жұмыста басқарудың ұйымдастыру құрылымын;

  • әлеуметтік жұмыста билік жүргізуін;

  • басқару әдістерін;

  • әлеуметтік қызметін басқарудың институтционалдық негізі ретінде;

  • персоналды басқаруын.



Көзқарасты қалыптастыру

Студент пәнді оқып-үйрену нәтижесінде істей білуі тиіс:

  • әлеуметтік жұмысты басқаруында қарамағындағыларымен жұмыстың технологияларын пайдалануында тұрғындарды әлеуметтік қорғау аймақта мемлекеттік саясаттың бағыттарын есепке алуды;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ынталы қоғамдық біріктірулермен әрекеттестуін;

  • басқару құжаттарды дайындауын;

  • әлеуметтік жұмысты тиімді бағалау әдістерін пайдалану.



4 Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу


п/п

Тақырып атауы

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың саны

СӨЖ



Дәр.

Тәж.

лаб.

Барлығы

Соның ішінде СӨЖМ

1

Кіріспе. Басқару ойдың даму тарихы

2

1




7

1

2

Әлеуметтік басқарудың әлеуметтік мәні, принциптері және функциялары

2

2




7

1

3

Ұйымда басқару қызметінің ерекшеліктері

2

2




7

2

4

Әлеуметтік жұмысты басқару мағынасы мен мазмұны

2







7

2

5

Әлеуметтік жұмыста басқарудың ұйымдастыру құрылымы

4

2




7

2

6

Әлеуметтік жұмыста билік жүргізу

2







7

2

7

Басқару әдістері

2

2




7

2

8

Әлеуметтік қызмет басқарудың институтционалдық негізі ретінде

2







7

2

9

Персоналды басқару

2

2




7

1

10

Персоналды басқарудағы бастықтың рөлі

2

2




7

2

11

Жанжалды басқару

2

2




5

1

12

Әлеуметтік сала мекемелерінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру

2







5

2

13

Басқару мәдениеті әлеуметтік жұмыстың тиімділігі шартты ретінде

2







5

1

14

Басқару қызметінің ақпараттық қамтамасыз ету

2







5

1,5

Барлығы

30

15




90

22,5



5 Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып. Басқару ойдың даму тарихы

Жоспар

  1. Мемлекеттік сектордағы әлеуметтiк жұмыс пәні, мазмұны және басқа ғылымдармен байланысы

  2. Әлеуметтiк жұмыс бағыттары

  3. Мемлекетік сектордағы әлеуметтiк жұмыс қағидалары

1 Әлеуметтiк жұмыстағы әкiмшiлiк ұйымдастыру және басқару пәні, мазмұны және басқа ғылымдармен байланысы

Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.

«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

1 адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

2 билік және басқару өнері;

3 шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4 басқару органы, бөлігі.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше — жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан турлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді».

Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп негізі, мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады:

1 Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2 Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

3 Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4 Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5 Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.

  1. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі.

Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан түрлілігінде шек жоқ.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.

  1. Менеджменттің бағыттары

Менеджмент мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:

  1. экономикалық

  2. әлеуметтік – психологиялық

  3. құқықтық

  4. ұйымдық – техникалық

Экономикалық бағыттың мәні - өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын кординациялау.

Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.

Басқарудың төменгі және орта деңгейіндегі менеджерлердің қызметі және жұмысшылар мен коллектив арасындағы дұрыс өндірістік қатынастар орнатуға бағытталған.

Менеджментің құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.

Менеджментің 3 кезеңі белгілі:

- стратегиялық басқару;

- оперативтік басқару;

- бақылау.

Стратегиялық басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.

Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.

Бақылау – пайдаланбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау мен бағалау.

Тиімді әрекет етуші мекеме менеджменттің барлық бағыттары емен кезеңдерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Пайданы қамтамасыз ету – менеджменттің басты міндетті.

  1. Мемлекетік сектордағы менеджменттің қағидалары

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик Уинслоу Тейлордың (1856-1915) есімімен байланысты. Оның басты еңбектері – «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету» (1912). Филадельфиядағы оның зиратының басына «Ғылыми менеджмент атасы» деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредрик В. Тейлор процесін зерттей бастады. Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай, оған терең деп қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

1 Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.

2 Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, ол арды жаттықтыру және баулу.

3 Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.

4 Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіпқоя отырып, тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді.

Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге жәнеде хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтауға болатындығын дәлелдеді.

Жұмыс уақытын дәл есептеу құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды енгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет етті.

Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданылды.

20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Френк Б. Гилберт, Лилиан Гильберт, Хорейс Хетэуй, Сенфорт, Харригон, Эмергон, Г. Форд болды.

Эммерсон ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципі» жұртқа кеңінен мәлім болды. (1912). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды, әрі тұжырымдады. Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:

  • дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әрбір басшы мен қол астындағылар ұмтылады;

  • болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

  • білікті кеңес беру - өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттігі және барлық мәселеде білікті кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

  • тәртіп – барлық ұжым (коллектив) мүшелерінің белгіленген тәртіп пен ережеге бағынуы;

  • қызметкерлерге әділ төрелік;

  • басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;

  • ұжым қызметін мұқият, жедел, басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

  • ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;

  • ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;

  • уақытты белгілеуді және операцияның кезегімен орындалуын ұсынатын операциялар нормасы;

  • атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

  • әрбір жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі үшін сыйлыққа ақы төлеу.

Г. Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше көңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.

Менеджменттің негізгі принциптері – деп басқарудың практикалық міндеттерін қоярдағы басқарудың жүйесіне түрлі құрылымның (элементтің) аралығындағы байланыстарды, (қарым – қатынастарды) жүргізудің жалпылама заңдылықтарын түсіндіреді.

Менеджменттің негізгі принциптері мынадай:

- орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру;

- құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру;

- басқаруды демократизациялау;

Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

- барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;

- жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;

- шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;

- өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;

- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, соның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды. «Ғылыми басқару» қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Швецияда, Францияда және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларда «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» т.б. аттармен жарияланды.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
«Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша кандидаттық емтиханға арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ресей империясының және Қазақстан территорияларында ғылым ретінде қалыптасуы, өлкені зерттеу әдістері мен тәсілдері, өлкелік мұрағат,...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
В0114«тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Тарих» мамандығы үшін Қр мжмбс 08 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты және «Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы»...
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница