Скачать 335.47 Kb.
|
«Стратегиялық менеджмент» пәнінен6М050700 «Менеджмент» мамандығының ЖКБ негізінде 2012 ж.т. күндізгі оқу түрі магистрантына арналғансабақтар мен МӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру бойынша бақылау шараларының күнтізбелік графигі
Шартты белгі: ДҮТ – дәріске дайындыққа үй тапсырмасы, ТҮТ – тәжірибелік сабаққа дайындыққа үй тапсырмасы, У – оқу үрдісіне қатысу, ӨЗҮТ – өзбетінше дайындыққа үй тапсырмасы, К – коллоквиум, Т – тест, ПТТ – пән тақырыбын тексеру, МЖ – мини жоба, Рф – реферат Кафедра жиылысында «____»_____201__ж., №_____ хаттамамен ұсынылған Кафедра меңгерушісі ______________ Кунязова С. К. «____»_____201__ж., №_____ хаттама 11 Курс саясаты Магистрант семестр бойы график және сабақ кестесіне сәйкес сабаққа қатысуы тиіс. Негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дәріске, тәжірибелік сабақтарға қатысып, белсенді болуы тиіс. Магистранттың белсенділігі бағаланады және ол балл қою кезінде ескеріледі. Дәріс сабағының басында өткен тақырып бойынша бақылау жұмысы жүргізіледі. Макимальды балл – 2. Сабаққа кешіккен немесе келмей қалған магистрант 0 балл алады. Қайта тапсыру қарастырылмаған. Бақылау жұмысы А4 формадағы аққағазға орындалады. Сондықтан, магистранттың өзімен таза А4 қағаздары болуы тиіс. Емтиханға жолдама алу үшін:
Семестр ортасында және соңында берілген модуль бойынша 100 баллдық шәкілмен ағымдағы үлгерім (АҮ) анықталады. Межелік бақылау (МБ) да 100 баллдық шәкілмен есептеледі. Межелік бақылауға АҮ бар магистранттар ғана жібертіледі. АҮ және МБ бағалары бойынша магистранттың пән бойынша рейтингтері (Р1 және Р2) анықталады: Р1(2) = АҮ 1(2) х 0,7 + МБ 1(2) х 0,3. Егер, магистрант МБ өтпесе немесе 50-ден төмен балл алса рейтинг анықталмайды. Магистранттың семестрдегі пән бойынша жібертілу рейтингісі: ЖР = (Р1 + Р2) / 2 Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптьарын орындаған және рейтингте 50-ден артық балл жинаған магистранттар ғана жібертіледі. Пән бойынша магистранттың оқу жетістігі деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол ЖР және ҚБ (емтихан) бағаларының салмақтық үлестері есебімен (ЖРСҮ және ҚБСҮ) жинақталып анықталады. Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғалымдар Кеңесімен бекітіледі және олар ЖР үшін 0,6-тан кем емес және ҚБ үшін 0,4-тен артық болмауы тиіс. Сонымен: Қ = ЖР х 0,6 + ҚБ х 0,4. Пән бойынша қорытынды баға тек білім алушының бағасы жіберту рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша оң болса ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға негізді себепсіз келмей қалу «қанағаттанарлықсыз» бағасына теңестіріледі. Емтихан және аралық аттестациялар нәтижелері сол немесе келесі күні, ал емтихан жазбаша өткізілсе сол күннің екінші жартысында магистрантқа хабарланады. Қорытынды бақылау оның оң бағасы көтеру үшін рұқсатталмайды. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Магистрантқа 50 сұраққа жауап беруі керек. Барлық 50 тест сұрақтарына дұрыс жауап берілсе, магистрант 100 балл алады. Магистрант пен оқытушы келесі ережелерді қадағалауы тиіс: 1 бір-біріне құрметпен қарау; 2 сабаққа кешікпеу; 3 ұялы телефондарын өшіріп қою; 4 барлық тапсырмаларды уақытында орындау; 5 сабаққа дайын болу; 6 сабаққа белсенді қатысу; 7 сабақ үстінде сөйлеспеу; 8 университет ішінде университеттің ішкі тәртібі мен ережелерін қадағалау. Бақылау шараларына дайындық: Барлық тапсырмаларды орындау межелік және қорытынды бақылауларға дайындыққа оң ықпалын береді. Төменде межелік және қорытынды бақылауларға дайындыққа сұрақтары берілген. «Стратегиялық менеджмент» пәнінен 6М050700 «Менеджмент» мамандығының магистранттарына арналған бірінші межелік бақылаудың сұрақтары 1 Стратегиялық менеджмент мәні, оның құрамдастығы және олардың арабайланысы. 2 Стратегиялық менеджмент түсінігі, мәні, маңызы. Негізгі құрамдастығы. 3 Стратегиялық басқарудың қажеттілігін айқындайтын негізгі факторлар. 4 Стратегиялық менеджментті пайдалану ерекшеліктері мен практикасы 5 Стратегиялық көрулерді қалыптастыру. 6 Стратегиялық талдау. SWOT-талдау. 7 Стратегияның заманауи түсінігі. Бизнес стратегиясының типтері. Фирма стратегиясын анықтау және таңдау. Бәсекелестік стратегиясы. 8 Стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері. 9 Ұйымның бәсекелік артықшылықтары мен әлуетін стратегиялық талдау. Ұйымның сыртқы ортасын стратегиялық талдау 10 Стратегияны жемісті жүргізу үшін ұйымды басқару. 11 Стратегияны жемісті жүргізу мақсатында ұйымды басқару. Бюджет және стратегия. 12 Стратегияны қолдау саясатын және процедураларын әзірлеу Кафедра меңгерушісі ______________ Кунязова С. К. «____»_____201__ж., №_____ хаттама «Стратегиялық менеджмент» пәнінен 6М050700 «Менеджмент» мамандығының магистранттарына арналған екінші межелік бақылаудың сұрақтары 1 Стратегияны қолдау жүйесі. 2 Стратегиялық өзгерістерді басқару. Стратегиялық өзгерістердің негізгі өрістері. 3 Стратегиялық өзгерістерді зерттеу. 4 Ұйым басшылығымен стратегиялық өзгерістерді жүргізу тәсілдері. 5 Адами әлуетті пайдалану стратегиясы 6 Адами әлует түсінігі, мәні, маңызы. 7 Адами әлуетті пайдалану стратегиясының мәні мен қажеттілігі. 8 ҚР экономикасындағы стратегиялық менеджмент. 9 ҚР экономикасындағы стратегиялық менеджмент ролі. 10 Стратегия мен концепция жиынтығы: «Қазақстан - 2030» Стратегиясы, ҚР-ның 2007-2024 жылдардағы тұрақты дамуға өтуі концепциясы, стратегиялық мақсатты бағдарламалар. 11 Сыртқы нарықтарда бәсекеге түсу стратегиясы. 12 Экономиканың жаhандануы жағдайында компанияның бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету. 13 Жаhандық интеграция жағдайында мемлекеттің даму стратегиясы. 14 Ұлттық экономиканың бәсеке қабілетін қамтамасыз ету мәселесі |