Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
страница2/37
Дата конвертации06.02.2016
Размер5.23 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/160~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
50 %) салыстырғанда балаларды қосымша біліммен қамту төмен (21,6 %). Материалдық-техникалық база төмен: қосымша білім беру ұйымдарының 71 %-ы ынғайластырылған үй-жайларда орналастырылған, ал 10 ғимарат апатты жағдайда.

Білім беру ұйымдарында АТ қызметкерлері болмағандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) әкімшілендіру, алып жүру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері, көбiнесе, информатика пәнінің мұғалімдеріне жүктеледі. Электрондық оқыту жүйесін қолдану осы процестердің бүкіл қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау кезінде оны нақты оқу процесіне біріктіргенде ғана нәтиже береді.

Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесінде Жалпы оқыту қорынан шығыстарды қаржыландыру бойынша елеулі өңірлік айырмашылық байқалуда. Мысалы, Маңғыстау облысында 2009 жылы 89 %, Жамбыл облысында – 76 %, Павлодар облысында – 75 %, Қызылорда облысында – 69 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 77 % болса, Алматы облысында бар болғаны – 20 %, Атырау облысында – 29 %, Шығыс Қазақстан облысында – 39 %.

2010 жылы аз қамтылған отбасылардан шыққан баланың 20 %-ы, бастауыш сынып оқушыларының 55 %-ы ыстық тамақпен қамтылмаған. Жалпы оқу қорынан бөлінген қаражат көлемінің төмендігі көбінесе мектеп оқушыларының физиологиялық нормалары мен энергиялық және тағамдық заттарға қажеттіліктерін ескере отырып, олардың сапалы және теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етпейді. Сондықтан, оқушылардың 50 %-ы әртүрлі паталогияларға және әрбір сегізінші бала мектеп асханаларындағы бір мезгіл және қауіпсіз емес жиынтықтан, тозған және қуат шығындайтын жабдықтардағы ыдыстардан тамақ ішетін болғандықтан асқазан-ішек ауруларына шалдыққан.

Мектептері жоқ елді-мекендерде тұратын 8 997 оқушыға тасымалдау ұйымдастырылмаған. Нәтижесінде балалар күн сайын шалғайдағы мектептерге жету үшін бірнеше сағат уақыттарын жоғалтады.

Тасымалдау ұйымдастырылған мектеп автобустарында қауіпсіз және жайлы жеткізу проблемалары бар. Автобустың техникалық жағдайлары, жанар-жағар майларды және материалдардық шығыстарды қамтамасыз ету бойынша мәселелер толық көлемде шешілмеуде.

1.2.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

Өңірлерді дамытудың демографиялық, көші-қон, экономикалық факторларының әсері.

Білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы.

Мұғалім кәсібі беделінің төмендеуі.

Мектеп ғимараттарының 15,6 %-ы пайдаланудың шекті мерзімінен (құрылыстың типіне байланысты 20 жыл және одан да жоғары) асып кеткен және апатты жағдайда болуы мүмкін. Апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектептер құрылысы жүріп жатқанына қарамастан (2009 жылы апатты жағдай мәселесі 46 мектепте шешілді), олардың саны азаймай отыр. Жыл сайын апатты жағдайдағы мектептер анықталады.

Білім берудің жаңа моделін енгізу кезеңінде білім беру саясатының өзгеру тәуекелі: 12 жылдық оқытуға көшудің мерзімі мен көшу кезеңдерінің және 12 жылдық оқыту құрылымының өзгеруі мүмкін, бұл 12 жылдық мектептің МЖБС-ын енгізу үшін қауіп төндіріп отыр.

ЖҚМ үшін – көші-қон жағдайы, елді мекендердің алыстығы.

Білім беру ұйымдарында ішкі ақпараттық инфрақұрылым дамуының төмендігі.

Балалардың денсаулығының нашарлауы, салауатты өмір салты дағдыларының жоқтығы.

Жергілікті атқарушы органдардың қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамытуға қызуғышылық танытпауы.

Қазіргі заманғы технологиялары бар, мектеп тамағын сапалы дайындауға мүмкіндік беретін өндірісті ұйымдастыру, басқару және бақылау мектептік тамақтандыру өндірісінің болмауы. Оқушылар мен олардың ата-аналарының арасында дұрыс тамақтануды насихаттау жөніндегі PR іс-шараларының және материалдарының жеткіліксіздігі.

Ішкі факторлар:

2015 жылдан бастап оқушылар контингентінің артуы күтілуде. Бастауыш сыныпқа балаларды 6 жастан бастап қабылдау жүзеге асырылады. Бұл балаларды жас ерекшелігіне қарай оқытуда жағдай жасауды қажет етеді, сондай-ақ мектепке біраз салмақ түсіреді.

12 жылдық оқыту бойынша – материалдық-техникалық базаның нашарлығы, ШЖМ педагог кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Білім беру ұйымдары оқушыларының оқулықтармен және ОӘК-мен толық қамтамасыз етілмеуі.

Педагогтердің бір бөлігінің дайындық деңгейінің төмендігі, өздігінен білім алуға және кәсіби деңгейін өсіруге ұмтылудың жеткіліксіздігі.

Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша – елімізде білікті кадрлардың жетіспеуі.

Интернет желісіне қосылу жылдамдығының жеткіліксіздігі электрондық оқыту желісін пайдаланушылардың санын азайтады және білім беру ресурстарына қол жеткізуге кедергі жасайды. Электрондық ресурстарды әзірлеу үшін кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі және педагог кадрлардың бойында уәждеменің жоқтығы.

Мектептердің спорт залдарының толықтығы.

Қосымша білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасының нашарлығы, кадрлардың жетіспеушілігі.


1.3. Техникалық және кәсіптік білім

1.3.1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасында 2010 жылы техникалық және кәсіптік білімнің (бұдан әрі – ТжКБ) 882 оқу орны, оның ішінде 322 кәсіптік лицей, 560 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 168 оқу орны (немесе 19,7 %) ауылдық жерлерде орналасқан. Индустриалық-инновациялық дамыту (бұдан әрі – ҮИИД) жобаларына кадрлар даярлауға 543 ТжКБ оқу орны қамтылған.

ТжКБ оқу орындарында 609,0 мың адам, оның ішінде 221,0 мың адам (немесе 36,3 %) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алады. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық пен 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

ТжКБ жүйесі бойынша негізгі көрсеткіштер


Көрсеткіштер

2007 ж.

2010 ж.

Білім алушылар саны, мың адам

558,7

609,0

Техникалық мамандықтар бойынша білім алушылардың саны, мың адам,

білім алушылардың жалпы санынан %

136,8

24,4

173,5

28,5

Оқу орындарының саны

830

882

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық ұйымдардың арасында қол қойылған келісімдер (меморандумдар), бірлік

0

32

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеу, бірлік

0

230

Жұмыс берушілер мен халықаралық ұйымдардан тартылған қаражат саны, млн. доллар

0

28,8

Оқу орындары, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында қол қойылған келісімдердің саны, бірлік

2,7

16,8

ТжКБ оқу орындарының шетелдерде біліктілігін арттырудан өткен педагогикалық қызметкерлерінің саны, бірлік

0

420

Сапаны тәуелсіз бағалау (қатысушылар саны), бірлік

2496

105522

Материалдық-техникалық базаны нығайту, млрд. теңге

1,7

4,9

Оқу орындарын күрделі жөндеу, млн. теңге

471,5

6785,0

Орнатылған интерактивті оқу жабдықтарының саны, бірлік

0

469


Соңғы екі жылда 3 кәсіптік лицей салынды.

Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының;

Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының;

Астана қаласында 800 оқушы орындық, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орындық кәсіптік лицейлердің;

Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының құрылыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі Өңіраралық орталықтың құрылысын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, «Мемэкспертиза» РМК-ың Оңтүстік филиалында сараптамадан өтуде.

2007 – 2009 жылдар кезеңінде:

«Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС» БК, «KEGOK» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жанынан техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қазіргі заманғы оқу орталықтары;

Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы. Ол нормативтік-әдістемелік негіздерді жасаумен және жұмыс берушілермен бірлесіп еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандардың кәсіби дағдыларын және біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізумен айналысады. 2007 2009 жылдары республиканың 850 оқу орнының 105,5 мың бітірушісін қамти отырып, ТжКБ-ның 125 мамандығы бойынша кәсіби даярлық пен біліктілік беру деңгейін бағалау бойынша бітіруші курстардың білім алушыларына тестілеу жүргізілді;

ТжКБ жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі 6 өңіраралық орталық (Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Щучье және Шымкент қалаларында). Соңғы жылдары аталған орталықтарда ТжКБ жүйесінің 2000-ға жуық педагог қызметкері біліктілігін арттырды.

Жұмыс істеп тұрған оқу орындарының базасында индустриялық-инновациялық дамыту жобалары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі базалық орталықтар құрылуда: ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу үшін – Ақмола облысының Катаркөл аулындағы Ауыл шаруашылық колледжінің базасында, автомеханика бойынша – Алматы қаласының № 6 кәсіптік лицей базасында, металл өңдеу бойынша – Қарағанды қаласының № 15 кәсіптік лицей базасында.

Соңғы 3 жылда кәсіптік лицейлердің және колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жаңарту проблемасы шешіле бастады (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ), республикалық бюджет (бұдан әрі – РБ), жұмыс берушілер қаражаты есебінен). «Өзін-өзі тану» кабинеттерін алуға республикалық бюджет есебінен 14,5 млн.теңге бөлінді.

2007 2009 жылдары ТжКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 4,9 млрд. теңге сомасына жаңартылды. Бүгінгі күнге дейін ТжКБ оқу орындарының 31 %-ы қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылды.

Халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Еңбекмині) және ұлттық компаниялар өкілдерімен бірлесіп, 2008 жылы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіші әзірленді және бекітілді.

2008 – 2010 жылдары 230 мамандық бойынша МЖБС, 224 мамандық бойынша біріктірілген білім беру бағдарламалары, ТжКБ мамандықтары бойынша 1 430 үлгі оқу бағдарламасы әзірленді және бекітілді. 2010 жылы индустрия жобаларының сұранысы бойынша 86 мамандық бойынша МЖБС, 65 мамандық бойынша оқу бағдарламалары, 710 ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламалары әзірленді.

2007 2010 жылдары ТжКБ оқу орындарының 18 мың педагог қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті, оның ішінде ҮИИД мамандықтары бойынша 2010 жылы 7 мың педагог қызметкерлер. Республикалық бюджет есебінен кәсіптік лицейлерге 116 шетел ағылшын тілдерінің оқытушылары тартылды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттерге қаржылық көмек көрсету мақсатында стипендияның көлемін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап колледждерде мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын білім алушыларға стипендияның көлемі 6000 теңгеден 7500 теңгеге, 2010 жылы 7500 теңгеден 9375 теңгеге өсті, 2011 жылы стипендияның көлемі 9375 теңгеден 12188 теңгеге дейін өседі.

Кадрларды даярлауда нақты әріптестік қатынастар орнату – ТжКБ жүйесінің басты міндеттерінің бірі. 2007 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ), ірі компаниялар, әкімдіктер: «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Казинжиниринг», «Қазпошта» АҚ және т.б. арасында 32 меморандум, келісім жасалды.

2008 жылы Еңбекмині, БҒМ мен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің (бұдан әрі – «Атамекен» Одағы» ҰЭП) арасында 2008 – 2010 жылдарға арналған бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру туралы Ұлттық Пактіге қол қойылды.

2009 жылы БҒМ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Одағы» ҰЭП арасында Техникалық және кәсіптік білімді қолдау қорын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Өңірлердегі оқу орындарында 16,8 мыңнан астам компаниялармен және кәсіпорындармен келісім-шарттар жасалды, оның ішінде жаңа ашылған кәсіпорындармен кадрлар даярлауға 61 шарт жасалды (мысалы, «Тара металлургиялық зауыты», «Электрлиздік зауыт», «Тері өндіріс» және т.б., нәтижесінде 831 адам даярланып және еңбекпен қамтылды).

Келісімдер шеңберінде білім алушыларға практикадан өту үшін 97 мың жұмыс орны ұсынылды.

2009 жылы 24 жетекші оқу орны Ұлыбританияның атақты колледждерімен, оның ішінде 14 колледж Кембридж өңірлік колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ТжКБ-ның 440-тан астам қызметкері шетелде біліктіліктерін арттырды.

БҒМ Еңбек министрлігімен бірлесіп, ҮИИД жобасын іске асыру үшін қажеттіліктерге талдау жасалды. 2010 жылға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жобасын іске асыру үшін негізінен мынадай кәсіптер бойынша жұмысшыларға сұраныс бар: түрлі бейіндегі слесарь, жабдықтарды жөндеуші, құрылысшы, механик, жүк көлігінің жүргізушісі, мамандандырылған техника машинисі, дәнекерлеуші, электромонтажшы, электрик, металлург, темір жол көлігі жұмыскері, металл өңдеуші станоктарда жұмыс істеуші, машина жасау операторы мен технигі, туристік индустрия, ақпараттық технологиялар қызметкері.

Еңбекминінің мәліметі бойынша 2010 – 2014 жылдарға арналған экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 287 мың адамды құрайды. Олардың ішінде ҮИИД жобалары үшін – 108 мың.

2010 – 2014 жылдары ТжКБ оқу орындарында 224,6 мың маман дайындалады.

Еңбекминистрлігінің мәліметі бойынша 2010 жылы экономиканың кадрларға деген жалпы сұранысы 47 831 адамды құрады, оның ішінде салалар бойынша индустрияландыру картасына қосылған жобалар бойынша 24 401 адам. ТжКБ оқу орындарынан аталған салалар бойынша 58 316 техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрлары бітіріп шықты.

Жол картасын іске асыру шеңберінде қазақстандық кадрлармен шетел жұмыс күшін алмастыру үшін мамандар даярлау және қайта даярлау қарастырылған. 2009 жылы оқумен 95,6 мың адам қамтылған, олардың жұмысқа орналасқаны – 41,0 мың адам, 20,2 мың адам оқуды жалғастыруда. 2010 жылы 71,0 мың адам даярлау және қайта даярлау қамтылған.

1.3.2. Негізгі проблемаларды талдау

ТжКБ-ның 70 %-ға жуық оқу орны ескірген жабдықтарды пайдаланып жұмыс істеуде.

ТжКБ жүйесінде білім алудың жастар үшін тартымдылығы мен беделі жоқ.

Қаржыландыру көлемі төмен күйінде қалып отыр – ЖІӨ-ден 0,3 %. ТжКБ оқу орындарында 600 мыңнан астам білім алушы немесе елдің білім беру жүйесіндегі барлық білім алушылар санынан 13 % адам білім алады.

Мамандардың біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптары жаңартуды талап етеді, өйткені олар өндірістің жаңа технологияларына сәйкес келе бермейді.

Сала кадрларын даярлау сапасын басқарудың негізгі тетіктерінің бірі – жұмыс берушілердің өздерінің біліктілікті тәуелсіз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау. Барлық салаға мамандардың біліктіліктерін сертификаттау жүйесін енгізу қажет.

Өндірісте тағылымдамадан өту және оқытушылардың біліктілігін арттыру жүйесі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мәртебесінің төмендігі жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.

Сондай-ақ, елдің индустриалдық-инновациялық дамуы үшін кәсіби кадрларды даярлауға қажеттілікті қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар:

- ұзақ мерзімді кезеңге кадрларға деген қажеттілікті болжау жүзеге асырылмайды, оның ішінде ҮИИД жобалары бойынша;

- жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту үшін нормативтік-құқықтық база жеткіліксіз;

- ТжКБ оқу орындарының білім алушыларына кәсіпорындарда өндірістік практика мен тағылымдама ұйымдастыру мәселесі шешілмеген.

1.3.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

- жұмыс берушілердің техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауға қызығушылық танытпауы;

- жұмыс берушілер өндірістік практика мен тағылымдамадан өту үшін қажетті орындар санын ұсынбаған;

- жергілікті бюджеттен ТжКБ-ны қаржыландыру көлемі жеткіліксіз;

- ұзақ мерзімді кезеңге арналған кадрларға деген қажеттіліктерді болжау әдістемесінің жоқтығы;

- кәсіби даярлықты тәуелсіз бағалау жүйесі барлық мамандықтар бойынша енгізілмеген.

Ішкі факторлар:

- жекелеген аудандардағы ауыл жастары үшін техникалық және кәсіптік оқытудың қолжетімсіздігі;

- материалдық-техникалық базаның нашарлығы;

- еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігіне байланысты инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кетуі;

- оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі.


    1. 1.4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

1.4.1. Реттелетін саланы немесе қызметтер аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру қажеттілігімен айқындалады.

2010 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша республикада 148 жоғары оқу орны жұмыс істейді (9 ұлттық, 1 халықаралық және «Назарбаев университеті» АҚ, 32 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 92 жеке меншік жоғары оқу орны, соның ішінде 16 акционерленген).

3НК статистикалық есептілігіне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерінің жалпы контингенті 610,2 мың адамды құрады. Жалпы әлемде 10 мың адамға шаққанда 232 студенттен келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 422,5 адамды құрайды.

Жоғарғы оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 39,2 мың адамды құрайды, оның 41 %-ының ғылыми атақтары бар.

Қазақстанның жоғары мектебі әлемдік білім беру деңгейіне қол жеткізуге және біртұтас білім беру кеңістігіне енуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу тетігі Болон процесінің параметрлерін орындау болып табылады, оған Қазақстан Республикасы 2010 жылы наурызда қосылған болатын.

Қазірге кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім беруде Болон декларациясының негізгі принциптері іске асырылуда. Бүкіл азаматтық жоғары оқу орындарында оқыту кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүргізілуде, республиканың 37 жоғары оқу орнында екі дипломдық білім беру іске асырылуда, 42-сінде қашықтықтан оқытылуда.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның білім берудің халықаралық стандарттық жіктеліміне сәйкес келеді. Мамандарды даярлаудың үш деңгейлік: бакалавр-магистр-PhD доктор моделіне өту толық іске асырылды. Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және кепілдік беру жүйесі құрылды.

2009 жылы балавриат-магистратура-докторантура білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ететін Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуші бекітілді.

Жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы көрсеткіштерінің бірі жоғары оқу орындарының әлемдік академиялық рейтингтерге енуі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті 2010 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне енуге ұмтылуы тиіс деп атап өтті.

2009 жылы бірінші рет Қазақстанның бес жоғары оқу орны және 2010 жылы бір жоғары оқу орны Times Higher Education – QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық рейтингісіне қатысты.

Болон декларациясы қағидаттарының бірі сынақ бірлік жүйесін енгізу болып табылады. Кредиттік оқыту технологиясын жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда, оның мақсаты кредиттік бірліктің еуропалық жүйесімен үйлестіру. Бұл ретте отандық білім берудің дәстүрлі ерекшеліктері ескеріледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жалпы еуропалық жүйемен салыстыруға келетін дипломға Қосымшаны әзірледі. Аталған жүйе студенттің бір жоғарғы оқу орнынан басқасына ауысуы кезінде оқудағы жетістіктерін дұрыс өлшеу мен салыстыру критерийлерін қамтамсыз ету үшін қажет. Осыған байланысты ECTS үлгісі – сынақ балдарын қайта тапсырудың еуропалық жүйесі бойынша сынақ балдары жүйесін әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды.

Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғарғы оқу орны – «Назарбаев Университеті» жұмыс істейді, ол отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауға сапалы серпін жасауды қамтамасыз етеді. Университет бағдарламасының «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» орта білім берудің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етілетін болады.

Экономикадағы болып жатқан өзгерістерге икемделу мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының құрылымында оқу бағдарламаларының мазмұнын айқындауда жоғарға оқу орындарының академиялық еркіндігі кеңейтілді: таңдау бойынша компонент көбейтілді – бакалавриатта 40 %-дан 50 %-ға дейін, магистратурада 50 %-дан – 60 %- ға және докторантурада 70-тен 80 %-ға дейін.

Жоғары оқу орындары білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын білім берудің инновациялық инфрақұрылымын дамыту, түрлі бейіндегі ғылыми-инновациялық орталықтар, жаңа технопарктер құру жұмыстарын жүргізуде.

2007 жылы 16,67 млн. АҚШ доллары (2 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен 10 инженерлік бейіндігі университет зертханасы құрылды. 2008 жылы 8,33 млн. АҚШ доллары (1 млрд. теңге) сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен ашық үлгідегі инженерлік бейіндігі 5 зертхана ашылды. Аталған зертханалардың ғылыми ресурстарын ғылыми орталықтардың, зерттеу институттарының ғалымдары және университеттер оқытушылары пайдалана алады.

Қазіргі әлемде елдің әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды субъектілері ретінде университеттердің миссиясы мен қызметі өзгеруде. Университеттер білім жүйесінің ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Осыған байланысты 2008 жылдан бастап қамқоршылық кеңестер құру, жұмыс берушілерді басқаруға тарту және жоғары оқу орындарын басқарудың алқалық органдарының қызметін кеңейту жолымен корпоративтік менеджмент принциптері енгізілуде.

Қамқоршылық кеңестер 65 жоғары орнында жұмыс істейді. Университеттерде корпоративтік басқаруды енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған ауқымды жұмыстарының бір бөлігі болып табылады және ол әкімшілік реформаның принциптеріне сәйкес келеді. Аталған жұмыстар жоғары оқу орындарын басқару жүйесін демократияландыруға ықпал етеді.

Интитуционалдық аккредиттеудің ұлттық стандарттары мен өлшемдері бекітілді. 2008 және 2009 жылдары бес ұлттық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұдан әрі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (бұдан әрі – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі – Абай атындағы ҚазҰПУ), Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (бұдан әрі – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (бұдан әрі – ҚазҰАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) белгілі шетелдік аккредиттеу агенттіктерімен білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткізу үшін шарттар жасады. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 60 млн. теңгеден астам мөлшерде қаржылық қаражат бөлінді.

2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ 21 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден өтті, соның ішінде аталған жоғары оқу орындарының өз қаражаттары есебінен. Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАУ халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтуді жалғастыруда.

Сонымен қатар, 2009 жылы Қазақ-Британ техникалық университеті 4 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден дербес өтті.

2009 жылы БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының (бұдан әрі – ҰАО) аккредиттеу кеңесі 9 қазақстандық жоғары оқу орнын 5 жыл мерзімге ұлттық институционалдық аккредиттеу туралы оң шешім қабылдады. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.

Қазақстан Республикасының азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін (ҚАЗТЕСТ) жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың халықаралық жүйесінің талаптарына сәйкес тестілеу тапсырмаларының, өлшем материалдарының нормативтік негіздері әзірленді. Қазақ тілін оқытуды жүйелеу және тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін мемлекеттік стандарттар бекітілді. Нормативтік құжаттарға және мемлекеттік стандарттарға сәйкес сөйлеу қызметінің түрлері бойынша тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі мен стандарты бойынша тестілеу жүргізудің технологиясы әзірленді. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін тестілеу жүргізілуде.

1.4.2. Негізгі проблемаларды талдау

- Ұзақ мерзімді кезеңге арналған кадрлар қажеттілігіне болжам жасау жүзеге асырылмайды;

- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасының мазмұны жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін талаптарына толық жауап бере алмайды;

- Мемлекеттік бақылаудың қорытындылары бойынша бірқатар жекеменшік жоғары оқу орындарының жекелеген мамандықтары бойынша білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына толық сәйкес келе бермейтіні байқалады. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсіл жоқ және бақылау қызметін орындаудың төмен деңгейі байқалады;

- Әлеуметтік әріптестік нашар дамыған. Ғылым мен өндірістің байланысы нашар. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру, жоғары білім беру стандарттарын жасау процесіне жұмыс берушілерді тарту, мамандарды әзірлеу және аттестаттау тетіктері жоқ.

Жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту жөніндегі заңнамалық база жеткіліксіз.

- Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы әлсіз, зертханалардың осы заманғы жабдықтармен жарақталу пайызы төмен;

- Мемлекеттік жоғары оқу орындары жатақханаларының 77 %-ының салу мерзімі 25 жылдан жоғары. Оларға ағымдағы жөндеу жүргізілген соңғы мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықты құрайды;

- Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жүйесі тиісті деңгейде дамымаған;

- Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігі және нәтижелілігі төмен;

- Жоғары оқу орындарын кадрлық қамтамасыз етуде жағымсыз үрдістер орын алған: профессорлық-оқытушылық құрамы жүйелі түрде ұлғайтылмайды, қоса атқарушылық бойынша жұмыс практикаға енгізілген, жемқорлық көріністері орын алған;

- Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында аккредиттеудің құқықтық салдарлары қарастырылмаған. Атап айтқанда: аккредиттелген жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттаудан босату; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік үлгідегі дипломмен қоса өздерінің үлгісіндегі дипломдарын беру құқығы; аккредиттелген жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын басым орналастыруды қарастыру; аккредиттелген органдар мен аккредиттелген білім беру ұйымдарының қазақстандық тіркелімінің жоқтығы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

- ҚАЗТЕСТ жүйесі шектеулі контингент – «Болашақ» стипендиясының үміткерлері үшін ғана қолданылады.

1.4.3. Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы факторлар:

- зертханалық жабдықтарды сатып алуға және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруға арналған бағдарламалық қаржыландырудың жоқтығы;

- кәсіби оқытуды жүргізуге және студенттердің практикадан өтуіне мүмкіндік беретін оқу орталықтарының жоқтығы;

- кадрлар даярлау үшін жұмыс берушілердің жеткіліксіз гранттар бөлуі.

Ішкі факторлар:

- бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтердің әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз байланысы жолға қойылмаған;

- студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды қолдаудың әлеуметтік бағдарламасы дамымаған;

- жоғары оқу орындары ғалымдарының ғылыми бағдарламалар мен жобаларды орындауға қатысу тиімділігі жеткіліксіз.

Жоғары оқу орындары жұмысының айқындығын күшейту, өз қызметінің кең көлемі бойынша ақпараттар ұсыну қолайлы бәсекелестік ортаны қалыптастырады. Бұл ретте жоғары оқу орындары мен неғұрлым тиімді бағдарламаларды одан әрі дамытуға ынталандырады. Қоғамдық бақылау және бағалау тетіктері бұл процестердің катализаторларына айналады.

Халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттеу рәсімін жүргізу барысында ішкі факторлар ретінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы (өзін-өзі талдау) қарастылған. Аккредиттелген агенттіктер білім беру ұйымдарының ұсынған есебінің (өзін-өзі бағалау материалдары) негізінде сарапшыларды тарту және білім беру ұйымдарына бару арқылы сыртқы бағалауды жүзеге асырады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница