Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы
страница14/37
Дата конвертации06.02.2016
Размер5.23 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/160~1.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін тапсырмалар көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.1.1-міндет. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру

1. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан барлық ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мектепке дейінгі ұйымдарды:

- бұрын жекешелендірілген, жалға берілген ғимараттарды қайтару, жеке тұрған ғимараттарды босату есебінен шағын-орталықтар, балабақшалар ашу, мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да орынжайларды бейімдеу, тұрғын үйлердің 1-қабатында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыру арқылы жекеменшік, отбасылық балабақшаларды ашуды ынталандыру;

- тепе-теңдік шартымен республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестицияны тарту есебінен балабақшалар салу есебінен ашу.

«Балапан» бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мониторингі, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ашу.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен БҒМ арасында қосымша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы келісімдер жасау

Аумақтарды дамыту бағдарламаларына 12 жылдық білім беруге көшу жағдайына байланысты мектептер жанындағы мектепалды сыныптар мен шағын орталықтарды дамыту мәселелерін қосу.

1.2-мақсат. Сапалы мектеп біліміне қол жеткізуді қамтамасыз ету

1.2.1-міндет. Мектептегі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну

1. Гендерлік аспектілерді ескере отырып әзірленген негізгі орта, жалпы орта білімнің МЖБС және жаңартылған оқытудың 12 жылдық моделі бойынша бастауыш білім берудің МЖБС үлесі

ДСМ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖБС-н келісу

2. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылардың үлесі (1, 5, 11-сыныптар)

Жергілікті атқарушы органдар


ДСМ, жергілікті атқарушы органдар


Аумақтарды дамыту бағдарламаларына 1,5,11-сынып оқушыларын 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқуға көшіру мәселелерін қосу.

1,5,11-сынып оқушыларын оқытудың 12 жылдық моделі бойынша оқытумен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау

3. Мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептердің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Бейінді мектептер құрылысына қажеттілікті есептеу және анықтау. Аумақтарды дамыту бағдарламаларына мектептер құрылысын қосу. Бейінді мектептерді пайдалануға беруді қамтамасыз ету.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектептерді жарақтандыру.

4. Мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін ЛМК-мен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі (РБ есебінен)

Жергілікті атқарушы органдар

Мектептерді ЛМК-мен жарақтандыру.

ЛМК-ға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

5. Мектептердің жалпы санынан сервистік қызмет көрсететін жаңаша түрлендірілген физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі (РБ есебінен)

Жергілікті атқарушы органдар

Негізгі және орта мектептерді жаңаша түрлендіру физика, химия, биология пәндерінің кабинеттерімен жарақтандыру

Жаңаша түрлендірілген физика, химия, биология кабинеттерінің сервистік қызмет көрсетуін жүзеге асыру.

6. Мектептердің жалпы санынан электронды оқыту жүйесін (e-learning) енгізген мемлекеттік мектептердің үлесі

БАМ,

«Қазақтелеком» АҚ,

жергілікті атқарушы органдар

- Интернетке 4 – 10 Мбит/сек жылдамдығымен қосылған ұйымдардың;

- Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарының үлесін арттыруға ықпал ету.




Жергілікті атқарушы органдар

- Электронды оқыту жүйесін енгізу үшін жабдықталған ұйымдардың үлесін;

- Серверлік орынжайлар мен корпоративтік және локальды желісі бар ұйымдардың үлесін;

- Сандық білім беру ресурстарының үлесін;

- Сандық білім беру ресурстары авторларының – оқытушылардың санын;

- Жүйенің әкімшілері мен пайдаланушыларының санын арттыру.

Өңірлерде сандық білім беру ресурстарын қабылдау







және орналастыру жөнінде сараптамалық кеңестер құру.




БАМ,

«Қазақтелеком» АҚ

- Оптикалық талшықты Интернет желісін дамытуға;

- Сымсыз байланыс технологиясы арқылы Интернет желісінің қызметіне қол жеткізуге жағдай жасауға ықпал ету.




Жергілікті атқарушы органдар

Кең жолақты Интернетке қосылған мектептердің санын көбейту.

7. ШЖМ-дан басқа жан басына қаржыландыру тетігі енгізілген мектептердің үлесі

ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, Еңбекмині, жергілікті атқарушы органдар

Жергілікті атқарушы органдар

Мектептердегі жан басына қаржыландыру тетігі мен нормативін әзірлеуге және келісуге қатысу.


Мектептерде жан басына қаржыландыру тетігін сынақтан өткізу және енгізу.

8. Қамқоршылық кеңестер жұмыс істейтін мектептердің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мектептерде қамқоршылық кеңестер құруға ықпал ету.

Қамқоршылық кеңестер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу

1.2.2-міндет. Педагог кадрлардың кәсібилігін және педагог кәсібінің беделін арттыру

1. Педагогтердің жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар педагог қызметкерлер үлесі

Жергілікті атқарушы органдар


Қаржымині, ЭДСМ, Еңбекмині



Жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлер тәжірибесін насихаттау және қолдау көрсету. Ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келетін білім беру мамандарына көтерме ақы төлеу және тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие беру.


Педагог қызметкердің біліктілік санатын ескере отырып лауазымдық жалақы көлемін есептеуде пайдаланылатын саралау коэффициенттерін енгізуді көздейтін педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісіне ұсыныстар әзірлеу.

2. Педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Жас мамандарды білім беру ұйымдарына, оның ішінде ауылдық жерлерге жұмысқа тарту. Ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келетін білім беру мамандарына көтерме ақы төлеу және тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие беру.

3. Ваучерлік-модульдік қаржыландыру принципі бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагог кадрлардың үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ваучерлік-модульдік қаржыландыру принципі бойынша біліктілікті арттыруды ұйымдастыру.

4. Менеджмент саласында мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткен мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің басшы қызметкерлерінің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарын әзірлеу және бекіту. Басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

1.2.3-міндет. Мектептер желісін дамыту

1. Мектептердің жалпы санынан апатты жағдайдағы мектептердің үлесі (РБ есебінен)

Жергілікті

атқарушы органдар


ТЖМ, жергілікті

атқарушы органдар

Апатты жағдайдағы, апатты жағдайға әлеуетті мектептер желісінің мониторингі.

Мектептер құрылысы, олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілерін ұсыну. Мектептерге күрделі жөндеу жүргізу және оларды сейсмологиялық күшейту.

Апатты жағдайдағы мектеп ғимараттарын зерделеу және анықтау.

2. Оқушы орындарының тапшылығы (РБ есебінен)

Жергілікті атқарушы органдар

Оқушы орнының нақты тапшылығын анықтау үшін демографиялық, көші-қон процестеріне талдау жүргізу.

Мектептер құрылысы, олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, мектептерге қосымша құрылыс салу, аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілерін ұсыну.

Мектептегі орын тапшылығы мен профицитін анықтауда бейінді мектептерге және күтілетін 1-сынып

контингентін ескере отырып, әр мектепке мониторинг жасау.

3. Мектептердің жалпы санынан үш ауысымда оқытатын мектептер үлесінің азаюы (РБ есебінен)

Жергілікті атқарушы органдар

Мектептер құрылысы, олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілерін ұсыну.

4. Қазақстанның барлық өңірлерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде жұмыс істейтін мектептердің үлесі

Жергілікті

атқарушы органдар,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ

Объектілерді пайдалануға беру және аяқталған объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілерін ұсыну.

Объектілер құрылысы туралы ай сайынғы есеп.

5. Өңірлерде ШЖМ-ға арналған «тірек мектептердің» - ресурстық орталықтардың саны

Жергілікті атқарушы органдар

Өңірлерде тірек мектептерді (ресурстық ортылықтарды) құруға қажеттілікті анықтаудың мониторингі.

Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен өңірлерде тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру

1.2.4-міндет. Оқушылардың салауатты өмір салтына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету

1. Білім беру ұйымдарында мектеп жасындағы балаларды спорттық секциялармен қамту.

Жергілікті атқарушы органдар, ТСМ, ДСМ

1. Бұқаралық-дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын жетілдіру.

2. Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында оқу жылы ішінде балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу. Спорт залдарын қажетті жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау.

3. Білім беру ұйымдарында спорт секцияларын ашып, мектеп жасындағы балаларды тарту.

2. Жалпы оқушылар санынан қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі



Жергілікті атқарушы органдар, ТСМ, ДСМ, СІМ

1. Қосымша білім беру ұйымдарының, балаларды сауықтыру ұйымдарының желісін кеңейту.

2. Аула клубтарының желісін дамыту.

3. Балаларды түрлі бағыттар бойынша (көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану және т.б.) қосымша біліммен қамту мониторингін жүргізу.

1.3-мақсат. 2020 жылға қарай әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі

1.3.1-міндет. Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету

1. ТжКБ жүйесінде енгізілген оқушы орындарының саны (РБ есебінен)

Жергілікті атқарушы органдар

ТжКБ оқу орындарының құрылысын салу, олардың уақытылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, салынып біткен объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілерін ұсыну.

ТжКБ оқу орындарының құрылысын салудың барысы туралы ақпарат.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №175 қаулысы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 16 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1718 қаулысы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабының 14-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы №1222 қаулысы
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23, 24-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №88 Қаулысы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница