Скачать 102.36 Kb.
|
Ф КГМУ 4/3-04/01 ИП № 6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007 г.ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІӘлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы ДӘРІС «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы басқару әдісі мен дағдылары» тақырыбы «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы V курс 1 сағат-уақыт (узақтығы)Қарағанды 2011 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген 2011 № ____ ХаттамаКафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Н.К. Смагулов
сипаттама беру. Басқару фукциясына түсінік беру
1. Денсаулық сақтау қызметінің менеджментінің негізгі бағыттарымен таныстыру 2. Денсаулық сақтау саласындағы басқару функциясы 3. Денсаулық сақтаудағы сапаны қадағалау 4. Қорытынды Денсаулық сақтаудағы кәсіпкерлік. Денсаулық сақтаудағы сапаны қадағалау. БДҰ- ның Еуропалық жергілікті бюросында Хану В. Вуори медициналық қызметтің спасына, біріншілік медициналық-санитарлық көмектегі жергілікті маманның жұмысына ұсынған критерииі “Медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету”. Хану В. Вуоридің жазуы бойыша: медициналық қызметтің сапасы, бұл негізгі концепция. Менің ойымша оны анықтау үшін, келесі компоненттерге бөлеміз: Нәтижелігі (эффективность). Бұл фактілік әсер қызметімен немесе бағдарламасының және максималды әсердің арасындағы қатынаста арнайы жүйеде көрсететін көрсеткіш. Тиімділігі (экономичность). Бұл фактілік әсер қызметімен немесе бағдарламасының және оның бағасы арасындағы қатынастың көрсеткіші. Барабарлығы (адекватность). Бұл фактілік қызметтің сәйкестілігінің көрсеткіші. Ғылыми –техникалық дәрежесі. Медициналық көмек көрсетудің көрсеткіші. Бірақ “сапа’’ сөзін шығармаларда қолдану кезінде мағынасы көрсетілмесе, ол сөз тек сапаның ғылыми-техникалық компонентін ғана көрсетеді және ол сапа мен нәтижелік арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Кемеров облысындағы Н.Б. Малияченконың өзінің тәжірибесі негізінде денсаулық сақтаудың өтпелі кезеңінде сапаның келесі компоненттерін:
Өзуақыттылық – бұл адекватты көмек көрсету уақыты мен және арнайы орында медициналық жасауға кеткен минииальді уақыт арасындағы қатынас. Қолжетімділігі - бұл адекватты медициналық көмекті өз уақытында алатын және сол көмекті қажет ететін жалпы науқастар арасындағы қатынас. Жетімділігі - бұл жоғары нәтижелі адекватты медициналық көмектің көлемін қамту үшін қажетті емдік-профилактикалық іс-шаралардың минималды жиынтығы. Сапалық критерилерінің репрезентивтілігі - анализдердің көрсеткіштері ретінде қолданылатын шынайы көлемі мен зерттелетін объектің толық қасиетін көрсететін идеалды көлем арасындағы қатынас. И.А. Семашко атындағы ВНИИ әлеуметтік гигиенасы мен денсаулық сақтау ұйымымен, медициналық көмек көрсетудің нәтижелігін бағалауға арналған интегралды көрсеткіш құрастырылды. Ол үш компоненттен тұрады: медициналық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелік. Медициналық - экономикалық стандарт бойынша техникалық көмек көрсетуді бағалауға болады. Алғашында стандраттық әдіс анықталмай тұрып , өзге эксперименттік әдістер қолданылған. Қызмет көрсетудің әдістерін көрсететін коэфицентін және нәтижеліктің интегрирленген көрсеткіштерін біріктіріп медициналық қызмет көрсетудің комплекстік коэфицентін есептеуге болады. Қазіргі кезде медициналық көмек көрсетудің бағалауға жаңа әдістемелері бар және ол төрт сатыдан тұрады:
Алғашында медицина көмектің сапасын қадағалаудың 5 сатысы ұсынылған:
Әдістемелік материалда қолданылатын медициналық көмек көрсетудің сапасын бағалаудың 5 сатысы Кемеров облысы және мәскеу облысының Ночинск ауданының жаңа әдітемелік тәжірибесі кезеңінде құралған. Алтай өңірінде диагностикалық және емдік емшараларға және қорытындысына жету үшін медициналық-экономикалық нормаға сай сапаны қадағалайтын баллдық жүйе жасалған. Науқастың кейінгі денсаулық жағдайы 4 баллдық жүйемен, ал емшара жиынтығы 5 баллдық жүйемен бағаланады. БДҰ-ның Еуропалық аудандық бюросында 1981 жылы «Медициналық қызмет көрсету мен оның сапасын қамтамасыз ететін типтік бағдарлама» жұмысын бастады. Еуропа, Азия және Америка елдерінде сапаның мәселесін шешу үшін әртүлі ғылыми ұжымдар жұмыс істейді. Жапонияда сапаны қадағалау жүйесі аса жетілген. “Сақтандыру медицинасының классикалық’’ модельдерін қолданылатын елдерде, мысалы Германияда бұл әдіс сапаны қадағалауда және эксперттік бағалауда қолданылады. Сапа мәселелеерін шешуге А. Донабедин үлкен үлес қосты. Ол алғаш болып 60-70 жж. медициналық қызмет көрсетудің құрылымын, ағымын, қортындысын жіктеп сапасын талдайтын жүйелі схемасын ұсынды. “Денсаулық сақтау” сапасын қадағалаудың әмбебап жүйесі жасалмаған, бірақ оған жететін әртүлі жолдар зерттелуде - деп тұжырым жасауға болады. Қазіргі дүниежүзілік стандартт бойынша сапа дегеніміз - бұл тағамдық және қызметтік қажеттілікті қамтамасыз ететін қасиеті бар жүйелердің жиынтығы. Медициналық сақтандырудың Федеральдық Фонды отандық және шетелдік медициналық қызмет көрсету сапасын қадағалау жүйесін біріктіріп жетілдірді. Бұның нәтижесі ретінде медициналық көметің сапалық экспертизасына және ұйымдастырылуына қажетті нормалық және әдістемелік материлдарды айтуға болады. Бұл материалдарда медициналық көмек сапасына.”Медициналық” көмек сапасы - бұл дәрігердің науқастағы бар сырқатты емдеп және пайда болуы мүмкін патологиялық ағымның алдын алуы, сонымен қатар науқасқа қажетті “барлық жағдайлармен қаматасыз етуді айтамыз”- деп анықтама берген. Астана қаласының бір ауруханасында АҚШ-тан келген мамандармен бірге “Мэрилендік госпиталдар ассоциацисының” медициналық қызмет сапасының жаңа көрсеткіштері қолданды. 15- индикатордың ішінен 8 қолданылды. Мэрилендік госпитальдер ассоциациясының индикаторларына мыналар жатады:
Астана қаласының стационарында 1995-1996 жж. Екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы индикаторлар сәтті қолданылды АҚШ-тың мамандарының ойынша сапаның тоқтаусыз жетілуі үшін ең тиімдісі объективті статистикалық ақпарат қолданылуы керек. Әр елдердің мамандарының бірігуі, медициналық қызмет сапасының жоғарылауына үлкен үміт арттырады. Жоғарыда айтылған қадағалаулармен қатар дүниежүзілік ұйым ұсынған қарапайым қадағалау әдістері бар, ол әлеуметтік гигиена кафедрасының тәжірибелік, клиникалық тәжірибесі негізінде құралған. Медициналық көмектің сапалық критерилері Денсаулық сақтау ұйымының қорытынды шешімі және оған әсер етуші факторлар: 1.Субъективті критерилер: Медициналық көмекпен қанағаттандыруына байланысты:
2. Объективті критери (1): Адамның (тұрғындардың) денсаулық жағдайының көрсеткіші 3.Объективті критери (2): Медициналық көмек сапасы.
4. Медициналық көмек сапасына әсер етуші факторлар:
Бұларға 1995 жж. Қарағандыда өткен медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі жиналыстағы схемаларды енгізуге болады. 1996 жж. 24 қазанда ҚР ДМС- нің № 363\77 “ҚР тұрғындарының медициналық көмекті сапалы көрсетуді қадағалау жөніндегі” бұйрығына сай ведомствалық және ведомствадан тыс қадағалау жүйелері құралды. Бұйрыққа қосынды ретінде мыналар бекітілді: «ҚР Денсаулық сақтау ұйымның медициналық көмек сапасын, ұжымдық түрде қадағалау» «ҚР денсаулық сақтау ұйымының медициналық көмек сапасын ұжымнан тыс түрде қадағалау» «Медициналық ведомствадан тыс эксперттер» «Медициналық сақтандыру ұйымдарының эксперті»
|
![]() | Уақыт -1 сағ Қарағанды 2010 Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген Ол өндіру күштерінің өсуіне көп мүмкіншілік туғызды. Құлиеленуші кезеңінде тұрғындарды екіге бөлді: еркін өмір сүретіндер құлдар.... | ![]() | Кафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама Мақсаты: Химиялық термодинамика мен биоэнергетиканың теориялық негіздері, термодинамиканың заңдары туралы түсінікті қалыптастыру |
![]() | Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген «Анестезиологияның жалпы мәселелері. Жергілікті және жалпы наркоз жүргізу дайындығындығы мейірбике ролі» тақырыбы | ![]() | Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген Мақсаты: Аминқышқылдардың жіктелуі мен номенклатурасын атауды үйрету. Аминқышқылдардың формулаларын құрастыру және атын атай білуді... |
![]() | Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген Дәрістың мақсаты: Студенттерге қоғамдағы саясатың орның және қоғамның саяси көзқарасына тоқталып, саясаттанудың қоғамдағы бағыттарын... | ![]() | Кафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама Мақсаты: Студенттерге ерітінділердің жіктелуі, заттар ерігіштігіне әртүрлі факторлардың әсері. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері.... |
![]() | Кафедраның жиналысында бекітілген 29. 08. 2011. №1 Хаттама Мақсаты: Жанды ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатынжәне емдеу ісіне қолданылатын маңызды поли және гетерофункционалдық қосылыстар... | ![]() | Кафедраның жиналысында бекітілген Студенттерге термодинамиканың негізгі түсініктері мен заңдарын таныстырып, химиялық реакциялардың кинетикасы және тірі организмдегі... |
![]() | Кафедраның жиналысында бекітілген Мақсаты: Потенциометрлік титрлеу және потенциометрия теориялық негізіне жататын потенциалдардың пайда болудың мәнін ашу, студенттерге... | ![]() | Қарағанды 2012 Кафедраның мәжілісінде бекітілген 28. 08. 2012 ж. №1 Хаттама Дәріс мақсаты: Зәр шығару заттардың фармакодинамикалық және фармакокинетикалық ерекшеліктерін анықтауды үйрету |