Курсы : 4




НазваниеКурсы : 4
страница1/34
Дата конвертации15.02.2016
Размер3.47 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://base.ukgfa.kz/kafedra/ses_delo/sd_v_anes_i_reanim.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


Бекітемін

Оқу – әдістемелік және тәрбие

Жұмысы бойынша проректоры,

м.ғ.д. __________ М.Ұ. Анартаева «_____» _______________ 2013 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі.

Пән коды:

Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі – 180 (4 кредит)

Курсы: 4

Cеместрі: 7 – 8


Шымкент., 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ м.ғ.к., доцент А.Ә.Әлдешев


ОҚМФА клиникалық Пәндердің Әдістемелік комиссиясында талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


Төрағасы ______________________ м.ғ.к., доцент А.Е.Туртаева


Орталық Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Анестезист – мейірбике анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің маманы болып табылады. Анестезиология және интенсивті терапия кезінде мейірбике анестезиологиялық және реаниматологиялық бригаданың өзіндік маманы ретінде функционалдық міндеттерін уақытылы және дұрыс орындауға тиіс. Бұл мейірбике ісінің комплекстік оқу бағдарламасы маман дайындауға бағытталған өзек болып табылады. «Анестезиология және реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінен алынатын білім мейірбикелерді дайындаудағы әр кезеңнің сапалы жаңа деңгейін сипаттайды.

Тағайындалуы:

  • анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі кәсіби сапасының талаптарын қолдау және орнатуда бірегей жұмыс атқару;

  • анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі мамандығы бойынша мейірбикелік және мамандыққа қосымша білім берудегі, соның ішіндегі медициналық ұйымдарда мед.персоналдардың оқуындағы жетілдірілген оқу бағдарламасын және мемлекеттік оқу стандартын құру;

  • медициналық персоналды басқарудағы кеңейтілген мәселелерді құру және шешу (денсаулық ұйымының стандартын өңдеу,мотивация жүйесі құру,маманның белсенділігін арттыру,қызметтің нұсқауы мен тарификациясын құру, теру, іріктеу, мансапты жоспарлау).

2.2 Пәннің мақсаты:

Реанимациялық науқастарды күтуді ұйымдастыру және теория негіздерін үйрену, операция жасау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде қауіпсіз анестезиологиялық нұсқау жасау.

2.3 Оқытудың міндеттері:

  • шешім қабылдау кезінде технологиялық және методикалық түрдегі мәселелерді әртүрлі әдістермен шешу;

  • өз жұмысының нәтижесін және науқастардың жағдайын үздіксіз бақылау;

  • кәсіби белсенділіктің құрамын коррекциялау және бағалау, құрастыру, енгізу, бақылау;

  • Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастарды бақылаудағы теориялық және тәжірибелік машықтарын енгізу.

  • Қауіпсіз және әсері жоғары ауырсынуды басу үшін операция жасаушы хирургқа оптаималды жағдай жасау.

  • Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде науқасты күтуді қамтамассыз ету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

  • Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын;

  • Ағзаның негізгі жүйелерінің (тыныс алу жүйесі, қан айналым жүйесі, зәр шығару, гемостаз, нерв жүйесі) клиникалық анатомия, физиология, патофизиологиясын;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудегі қажет дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы (фармакокинетика және фармакодинамика);

  • науқасты анестезияға дайындаудағы мейірбикелік манипуляциялардың стандарттарын және емшараларын;

  • өкпені жасанды желдендіруді жасау принциптерін және науқасты өзіндік тыныс алуға өткізуді;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудің технологиясын, әдісін, түрін;

  • операциялық анестезиологиялық қауіптің асқынуының жіктелуін және мәнін;

  • анестезиолог – реаниматолог дәрігердің науқасты операция кезінде жүргізу тактикасын және анестезия жоспарын;

  • операцияның негізгі кезеңдерін;

  • анестезия кезінде қолданылатын медициналық аппаратураны, техникалық құралдар – жабдықтардың түрін және жарамдылығын тексеруді;

  • сығылған газдармен жұмыс істеу тәртібі;

  • медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы есебін;

  • медициналық құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар;

  • кәсіби қызмет түріне байланысты электорондық базаларды.

Студент істей білуі қажет:

  • Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын;

  • анестезия жасалынатын науқас жайлы қажетті ақпаратты жинауды;

  • техникалық заттарды, аппаратураны, медициналық құралдарды жұмысқа дайындауды;

  • медициналық аппаратураның және техникалық заттардың жұмысқа жарамдылығын тексеруді;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес қолданылатын дәрілік заттарды, инфузиялық орталарды, қажетті материалдарды, құрал – жабдықтарды дайындауды;

  • науқасты мейірбикелік тексеруден өткізуді;

  • операция және операциядан кейінгі кезеңдегі жауыржараның пайда болу қаупін болжауды;

  • емдік диагностикалық процесстің қатысушыларымен бірге дәрігердің тағайындауы бойынша анестезияға дайындауды;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің мониторингін жүргізуді;

  • перифериялық веналарды пункция және катетеризация жасауды;

  • қуықты катетеризация жасауды;

  • асқазанға зонд енгізуді;

  • ауыз, мұрын, жұтқыншақ, трахея және негізгі бронхтардың санациясын (экспирация) жасауды;

  • тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету және бақылау;

  • өкпені қосымша және аппарат арқылы жасанды желдендіруді жүргізуді;

  • белгіленген тәртіп бойынша бекітілген медициналық құжаттарды толтыруды.

  • медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы жұмыс нәтижесінің есебін толтыруды;

2.5 Реквизитке дейінгі:

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі;

  • хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі;

  • мейірбике ісі негіздері

2.6 Реквизиттен кейінгі:

  • Мейірбике ісіндегі ұйымдастырушы және менеджмент;

  • қоғамдық денсаулықтағы әлеуметтік медицина.


2.7 Тақырыптық жоспар

2.7.1 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары

1 – кредит




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)

1

ҚР – дағы анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру. Регламенттеуші құжаттар және бұйрықтар. Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің этикасы, құқықтары, моральдері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің құрамы, оны бағалау критериясы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын дайындау.

Пульс оксиметрияны, капнографияны, плетизмографияны және акцелерометрияны анестезия кезіндегі мониторинг үшін қолдану.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Регионарлы анестезияға қолданылатын фармакологиялық заттар.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат


2 – кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы(сағат түрінде)

1

Өкпені жасанды желдендірудің заманауи аппараттары, олардың құрылысы және қолданылуы.


Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Анестезияның асқынулары. Мәселенің маңыздылығы. Асқынулардың негізгі себептері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Терминальді жағдайлар, жүрек-өкпе реанимациясының негіздері, интенсивті терапияның негізгі принциптері. Жүрек-өкпе реанимациясының заманауи стандарттары, олардың клиникалық тәжірибеде қолданылуы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Жаңа ингаляциялық анестетиктердің (метоксифлуран, энфлуран, изофлуран, севофлуран, десфлуран) клиникалық фармакологиясы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат


3 – кредит



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Реанимация және интенсивті терапиядағы мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Оксигенотерапия, ГБО.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Шок, кома тағы басқа критикалық жағдайдағы реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Қан айналымды рационалды инфузиялық – трасфузиялық терапияға кардиопротекторларын тамыр қарқындылығын арттыратын заттардың көмегімен қалпына келтіру.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат


Кредит №4



Тақырыбы


Өткізілу түрі


Сабақтың ұзақтылы

ғы(сағат түрінде)

1

Катастрофа және соғыс жағдайларындағы реанимотологиялық көмектің ерекшеліктері.

Тәжірибелік сабақ

5

2

Педиатриялық және акушерлік – гинекологиялық науқастарға көрсетілетін реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.

Тәжірибелік сабақ

5

3

Механикалық асфиксия, суға кету, электротравма кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.

Тәжірибелік сабақ

5




Барлығы:




15 сағат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Похожие:

Курсы : 4 iconВысшие дипломатические курсы
Курсы «Повышение профессиональной квалификации» для молодых специалистов, принятых на работу
Курсы : 4 iconМакроэкономика-2”
Солоу, сбалансированный рост, "золотое правило накопления", абсолютная и относительная конвергенция, эндогенный рост; открытая экономика:...
Курсы : 4 iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Курсы : 4 iconЛекция 40 сағат Экзамен 1 семестр Алматы 2009 Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы»
Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы» және 050704-«Вычислительная техника и программное обеспечение» мамандықтарының оқу...
Курсы : 4 iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын...
Курсы : 4 iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді...
Курсы : 4 icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
Курсы : 4 iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Курсы : 4 iconКурсы: І №1-15

Курсы : 4 iconКурсы: І №1-18

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница