КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары




Скачать 119.71 Kb.
НазваниеКӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары
Дата конвертации15.02.2016
Размер119.71 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/ Исабекова 4.doc
Исабек Бауржан Түркістани

экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры


КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ


Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды (сурет1). Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шағын және орта бизнес саласына бағытталған индустриялдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.

Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де, мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы, қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады (сурет 2).




Сурет 1 - Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымындағы өзара қарым-қатынастағы жүйелі іс-әрекеттер




Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері:

Тұжырымдаманың мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:

• құқықтық ресурстармен қамсыздандыру;

• өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;

• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;

• кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;

• кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;

• кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;

• кәсіпкерліктің мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.

Тұжырымдамада мынадай кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:

1. Шағын және орта бизнесті қолдау:

а) индустрия саласында:

- дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;

- жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;

- қайта өңдеу өнеркәсіптер жүйесін дамыту.

ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:

- отандық шикізатты қолдануға бағытталу;

- импортты алмастырушы тауарларды өндіру;

- экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.

б) инновациялық қызмет саласында:

- ғылыми сыйымды өндірістерді ұйымдастыру және дамыту;

- шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту;

- көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық және зерттеу парктерін, сондай-ақ, бизнес- инкубаторларын құру.

2. Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.

2.1. Құқықтық базаны қамтамасыз ету (сурет 3).




Сурет 3- Құқықтық базаны қамтамасыз етудің схемасы

Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп, кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.

2.2. Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру (сурет 4).

Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер телімдері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында санақтан, яғни инвентаризациядан өткізу керек.




Сурет 4 - Кәсіпкерліктің өндірістік ресурстармен

қамсыздандырудың схемасы


Тұжырымдамада ұлттық бағдарламалардың іске асуына ат салысуы үшін шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.

Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдағы табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін, яғни франчайзингті қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту үрдістерін күшейту қажет.

Тұжырымдамада кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осы саладағы басты жобаларды атқаруына қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған.

Тұжырымдамада шағын және орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға бағытталған сақтандыру ісі, несие және салық жүйелеріне қажетті өзгерістерді енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ, экономиканың барлық салаларында, әсіресе, халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік өндірісінде шағын бизнестің дамуына мүмкіндік туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

З. Әлеуметтік инфрақұрылымның саяси институттарын дамыту (сурет 5).




Сурет 5 - Әлеуметтік инфрақұрылымның

саяси институттарын дамытудың схемасы


Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үрдісі барлық шаруашылық субъектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейін төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы үрдісті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым қызметтерін толығымен қолдануға тырысады.

Кез келген кәсіпорынның, оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігі қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан да Қазақстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып отыр.

Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында маманданған мемлекеттік акционерлік банкілерді құру аса маңызды.

Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет саласын сақтандыруға бағытталған компанияларға қолдау көрсетілуі тиіс.

Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру және сақтандырушының түрлі қиянатынан кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметін лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл үшін арнайы бақылау-реттеу органын құру қажет. Инвестициялық қызмет саласында, әсіресе, жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алу тиіс. Аталмыш орталықтар қандай да бір қозғалмайтын мүлікті немесе инвестициялық ресурсты сатып алуға ниет білдірген кез келген шаруашылық субъектісіне қызмет көрсетеді. Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды құру ұсынылады.

Қазіргі жағдайда көптеген кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпорындар қызметіне қажетті құрал-жабдықтар мен қозғалмайтын мүліктерді тез арада сатып алу үшін жеткілікті қаржыға ие емес. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру барысында лизингтік фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестициялық саудаларды жүргізетін орталықтарда қызмет көрсете отырып, маңыздылығын арттыру тиіс. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық және тағы басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет көрсетуі керек. Қазақстанда аса қажетті болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.

Сондай-ақ, экономиканың өзге салаларында да кәсіпкерлік құрылымды дамыту керек.

4. Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру (сурет 6).

Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.





Сурет 6 - Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы


Осыған байланысты төмендегідей шараларды атқару ұсынылады:

  • шағын және орта кәсіпорындарға шетелдік серіктестерімен іскерлік
    байланыстарды орнатып, ортақтаса бизнес жүргізуіне және лизингтік
    компаниялардың қатысуымен шетелдік технологиялар мен құрал-жабдықтарды (ноу-хау) кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісіне сыртқы сауда қызметін дербес жүргізу құқығын беру;

  • шағын және орта бизнесті дамытудың басты бағыттары бойынша
    техникалық-экономикалық негіздермен қамтамасыз етілген инвестициялық
    жобаларға жеңілдетілген шетелдік несие беру жолдарын қарастыру;

• экспорттық тауарларды өндіретін кәсіпорындарды ынталандыру
шараларын атқару және импорттық, экспорттық өнімдерді шығаруға
лицензия бере отырып, кәсіпкерлік құрылымдарға жеңілдік жасау;

• ішкі нарыққа бағытталған өндірістерді мемлекеттік несиемен көптеп
қамтамасыз ету және жеңілдетілген салық жүйесін қолдану;

• шетелдік инвестициялар туралы заңдарда шағын және орта бизнестегі шетелдік инвестицияларды сақтандыру ерекшеліктері жөнінде қосымша тәртіпті орнату.

5. Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындау (сурет 7).

Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономикалық білімі бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбір кәсіпкер табысқа жету үшін маркетинг, қаржылық менеджмент, бизнесті басқару және т.б. пәндерді жетік білу тиіс. Мұнымен қоса, кәсіпкерлік қызметтің өте қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік білім беру шараларын жүзеге асыру керек.





Сурет 7 - Кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді дайындаудың схемасы


Осыған байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы төмендегідей міндеттерді атқару көзделуде:

  • кәсіпкерліктің негізгі бағыттары бойынша оқытушы мамандарды
    жетілдіру;

  • кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін кызметкерлерді
    дайындау;

• шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу және кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурс өткізу.

Үкіметтің нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саясатының маңызды міндеті - жастарды білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде бизнесті жүргізу біліктілігіне баулу болып табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына бизнес және кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.

6. Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау (сурет 8).




Сурет 8. Кәсіпкерлікті ақпараттық және

ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдаудың схемасы


Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын акпараттық қамсыздандыру ісінің кәсіпкерлікті дамытудағы орны ерекше. Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюнктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату; әрбір потенциалды кәсіпкерді барлық қолданыстағы заңдық актілер, нормативті құжаттар, экономикалық және конъюнктуралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жүйесін құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктер құрамынан ашылып, республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс.

Кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамыту үшін шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми-әдістемелік оқу құралдары мен материалдарын басып шығару керек.

Қазіргі таңда шаруашылық-қаржылық қызметті реттейтін, қолданыстағы заңдық және нормативтік актілер пакеті мен өзге де жарғы, келісім-шарт секілді құжаттарды бір орталықтан жариялау сәті туындап отыр.

Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имиджді құру үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлікті үгіттеу керек.

7. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу органдар жүйесін жетілдіру (сурет 9).




Сурет 9. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және

реттеу органдар жүйесін жетілдіру схемасы


Үкіметтің жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған концептуалды әдістерді өңдеу және осының негізінде біртұтас мемлекеттік қолдау механизмдерін жасау барысында басқару аппараты органдарының қазіргі құрылымын жақсарту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мәжілісі мен сенатында шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін қарайтын, әрі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны (комитет) құру көзделуде.

Басқару органдарының өкілеттілігі мен қызметтерін басқару әрекеттерін дайындау және іске асыру үрдістерін кезеңдері бойынша бөліп, айқындау қажет.

Көзделген мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындау және түрлі мемлекеттік және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестігін күшейту үшін Қазақстан Республикасының Президенттік аппараты жанынан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру қажет.

Атқарушы орган ретінде Индустрия және Жаңа технология Министрлігі қарамағынан экономиканың жеке секторын қолдау және дамыту агенттілігін тиісті салалық құрылымына сай құру аса маңызды.



Похожие:

КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары icon2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың жұмыс iстеу жағдайлары
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары icon«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі
Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысын (бұдан...
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары icon1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары iconҚазақстан Республикасының өңірлерінің инновациялық даму жағдайларына талдау
Және де бұнда инвесторларды тарту дегенімізді қаржыны ғана емес, жаңа технологияларды тарту, сондай-ақ, елдің түрлі өңірінде көптеген...
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары iconКатонқарағай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің 2011 жылдың 2 жартыжылдығында атқарған жұмысы
Катонқарағай ауданында кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту...
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары iconЖаңа онжылдық Жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2010-2014 жылға арналған...
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары icon«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары
Басқарманың миссиясы: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары iconШәкәрім атындағы сму ректоры Е. Б. Сыдықовтың баяндамасы
Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2011-2012 оқу жылының міндеттері туралы
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары icon5. Жүзеге асыру кезеңдері
Негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, қорытынды көрсеткіштері және мақсатқа жету жолдары
КӘсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары iconЖалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басшыларына
Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2009...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница