1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы




Название1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы
страница1/8
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Менеджмент_соц.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

Тарих және құқық факультетінің деканы

________ Д. Б. Әбілқасова


«–––»–––––––––––– 2011 ж.


«Әлеуметтану» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


«Менеджмент әлеуметтануы»


ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 3

Семестр - 6

Кредит саны -2

Дәріс – 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат

ОСӨЖ –30 сағат

СӨЖ – 15 сағат

Емтихан – 6-шы семестрде

Барлығы – 90 сағат




Орал


2011 ж.

1. ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

2010-2011 оқу жылы 6 семестр 2-кредит

3 курс студенттері үшін кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Менеджмент әлеуметтануы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды.

Құрастырған: оқытушы Кенжегулова А.А.

Негізге алынған типтік оқу бағдарламасы: экономика ғылымдарының докторы, профессор Кубаев К.Е., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Баймахамбетова Г.И., аға оқытушы Худайбердиева Л.К.

Дүниежүзілік тарих және саяси - әлеуметтік пәндер кафедрасының отырысында бекітілді.


“____” ________________20 ж. № ___хаттама.

Кафедра меңгерушісі _________ Науанова Қ. М.

(қолы) (аты-жөні)


Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.

№ __ хаттама “___” _____________ 200__ ж.


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы __________

(қолы)


(аты-жөні)


2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).


2.1 Оқытушы туралы мәлімет

  • Кенжегулова Алия Александрқызы

  • Жұмыс телефоны 51-20-39

  • №3 оқу ғимараты, 204 – бөлме, 8.00 – 14.00 сағат.


2.2 Пән туралы мәлімет

  • Пән: «Менеджмент әлеуметтануы» курсы, 2 – кредит сағат

  • Өтетін орны: кесте бойынша № 3 оқу ғимаратында.

Сабақ кестесі:

Семестр 15 оқу аптадан және 1 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат саны болу тиісті, әр аптадағы кредит – сағат саны екі байланыс сағаттан (дәріс, семинар) және екі сағат СӨЖ мен екі сағат ОСӨЖ тұрады.


Сабақ

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты

2 ( дәріс)

50 мин.

СӨЖ 2 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.

Байланыс сағаты

1 (семинар)

50 мин.


ОСӨЖ 1 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.

СӨЖ 1 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.

ОСӨЖ 2 (тәжірибелік сабақ)

50 мин.


Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау түрі

Барлығы

3

6

2

30

15

30

15

Емтихан

90


2.3 Кіріспе


Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстандағы экономикалық реформалар үрдісі социалистік қатынастардың капиталистікке өзгеруіне байланысты көптеген мәселелерді айқындады. Осыған байланысты нарықтық институттардың нақты жағдайын бағалау және оларды қазіргі насхатталып жүрген дамыған нарықтағы теориялық зерттеулермен салыстыру өте маңызды. Басқару теориясы негіздерін кешенді зерттеудің объективті қажеттілігі туындады.

Ұсынылып отырған пән өте күрделі және сан қырлы құбылыс менеджментке арналған.

Бұл курсты оқытудың қажеттілігі, бір інші кезекте, кез-келген ұйымның және ең алдымен кәсіпкерлік қызметтің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін басқару теориясы саласындағы білімнің маңызыдылығымен айқындалады.

Бұл курс басқарудың маңызды мәселелерін, басқару теориясы дамуының тарихи жағдайларын, басқару стратегиясының мәселелерін, менеджменттің әдістері мен функцияларын қарастырады. Менеджмент нарықтық қарым-қатынастарындағы экономикалық тәуелсіз өндіріс буынына қажетті, басқарудың ерекше түрі ретінде қарастырылады және ол нарық конъюнктурасы мен бәсеке-күрес жағдайларын сердек сезінуге қабілетті, икемді талапты экономикалық басқару жүйесі болып табылады.

Курс мақсаты:

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуіне сәйкес, экономикалық саладағы әлеуметтік қатынастарды зерттеу қажеттілігі туып отыр. Бұл міндетті орындауда "менеджмент әлеуметтануы" зор үлес қосады. Менеджмент саласында студенттерді теориялық біліммен жарақтандыру және олардың прктикалық тұрғыдан икемделуін қамтамасыз ету.

Курс міндеті:

  • менеджменттің негізгі теориялық және әдістемелік негіздерін оқыту;

  • менеджменттің негізгі қағидаларын қарастыру;

  • менеджмент теориясының эволюциялық үрдісін оқыту;

  • нарықтық экономикадағы басқарудың негізгі әдістерімен таныстыру;

  • менеджменттің негізгі функцияларын қарастыру.

Курс мазмұны:

1. Қоғамды басқару және оның ролі.

2. Ғылыми басқарудың объектісі мен пәні.

3. Ғылыми басқарудың категориялары мен әдістері.

4. Қазіргі білім жүйесіндегі ғылыми басқару орны мен міндеттері.

5. Ғылыми басқарудың құрылымы, тенденциялары мен перспективалары.

6. Курсты оқыту әдісі мен реті, ұсынылған әдебиеттер.

7. Менеджмент дамуының тарихи кезеңдері.

8. Зерттеу облысының өзіндік және ғылыми басқару белгілері.

9. Ф.Тейлор және оның «Ғылыми менеджменттің принциптері» еңбегі.

10. Ірі салалар және кәсіпорын, он басқарудың түрлі тәсілдері.


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Оқыту әдістемесі:

Оқылу негізінен негізгі оқу материадары түсіндірілетін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары, жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Студент білуі тиіс:

- менеджмент әлеуметтануы категорияларын

- экономикалық даму заңдарын талдау

- ғылыми басқару тәсілдерін

- экономикалық мүдделер қоя білу

- еңбек қақтығыстарын шеше білу

- кәсіпкерлік жолдарын

- кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін

- аймақтар даму ерекшеліктерін

Сабаққа қатысу:

Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.

Аудиториядағы тәртіп :

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:

Ұялы телефонмен сөйлесуге;

Сабақтан сұрануға;

Бос әңгіме құруға;

Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

1.Өз пікірін дәлелдесе;

2.Сабаққа белсенді қатысса;

3.Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconӘлеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 9 -2010 оқу жылы 3 семестр 3-кредит Кредиттік оқыту технологиясы бойынша “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” пәнінен оқу-әдістемелік кешен шетел және отандық оқу-әдістемелік материалдар негізінде құрастырылды
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында бекітілді
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconӘлеуметтану мамандығы бойынша курстың бағдарламасы 200 7 -2008 оқу жылы 5семестр 2-кредит
«Әлеуметтану» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconДүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
«Әлеуметтанушы» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconПатофизиология кафедрасы «фармация» мамандығЫ Үшін жұмыс бағдарламасы «бекітемін»
Оо оқу-әдістемелік бірлестігі 24 сәуір 2008 ж бекіткен жоо патофизиология бойынша біртектес оқу бағдарламасы негізінде «Фармация»...
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы iconМамандығы бойынша магистранттар үшін бастапқы мемлекеттік емтихандар бағдарламасы
М070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтиханы пәндерінің тізімі
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы icon6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтихандарының бағдарламасы
Академия магистратурасына 2014–2015 оқу жылына 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша түсу үшін кешенді емтиханның
1. ӘЛеуметтанушы мамандығы бойынша курстың бағдарламасы icon«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051300 – Әлемдік экономика»» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница