«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым




Название«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
страница5/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umm/9b5eb2ac-5cff-11e5-884b-f6d299da70eeНауч осн.каз-2010г общ.doc
1   2   3   4   5   6

Диеталық тамақты дайындау

0 (в) диетасы. «Көкөністерден пюрелі көже»


Көкөністерді (3-4 түрі) кесек қылып тураймыз, 10 минут пісіреміз. Үстіне су құйып елеуішке үйкелеу арқылы өткіземіз. Ысытып клегей немесе сүт қосамыз.

Көжеге арналған көкөністердің түрлері мынадай болуы мүмкін:

  1. Картоп 6 шт, сәбіз және пияз 2 шт-тан;

  2. Балғын қырық қабат, пияз және қызыл қызылша (қызанақ шырынын қосуға болады);

  3. Кабачки және сәбіз (су құйып сүтті қосып араластыруға болады).

Тағайындалуы: № 0 (в) диетасы – күнделікті тамақтануға өту болып табылады. Бұл диетаға буға піскен сүзбелі суфле, піскен тауықтан немесе майсыз балықтан буға пісірілген пудинг, көкеністер езбесі және көжелер, лимон қосылған шай ж/е т.б. Қосымша дәрумендер берілуі керек.

1 тәуліктегі диетаның химиялық құрамы: көмірсулар – 320-350 г, ақуыздар – 80-90 г, майлар – 65-70, натрий хлориді – 6-7 г, калориясы – 2200-2300 ккал. Тамақтану тәулігіне 6 рет қабылданылуы керек.

Диеталық тамақты дайындау

1 (а) диетасы. «Сүтке бұқтырылған көкөністер»

Картоп (3-4 дана), сәбіз (3-4 дана), репа (1-2 дана) төртбұрыштап турап, косервіленген жасыл бұршақ (1/2 стакан) пен лавр жапырағын (1 дана) қосып, көкөністердің бетімен бірдей болатындай етіп сүт құямызда, сүт буланғанға дейін бұқтырамыз.

Тағайындалуы: № 1 (а) диетасы – 6-8 күнге төсек тартыр жатқан аауруларға тағайындалады. Тамақтану режимі – 6 ретттік, шағын порциялармен. Бұл диетаға буға піскен сүзбелі суфле, піскен тауықтан немесе майсыз балықтан буға пісірілген пудинг,көкеністер езбесі және көжелер, лимон қосылған шай ж/е т.б. Қосымша дәрумендер берілуі керек.

1 тәуліктегі диетаның химиялық құрамы: көмірсулар – 200 г, ақуыздар – 80-90 г, майлар – 65-70, калориясы – 2000 ккал, бос сұйықтық – 1,5 л-ге дейін рұқсат етілген.

Диеталық тамақты дайындау

1 (в) диетасы. «Картоп қосылған езбе-көже»

Бірінші нұсқа.

1,5 л суға 500 г картоп, пияз (1 дана), сәбіз (1 дана), пастернак (1 дана), сельдерей (1 сабақ) қайнатамыз. Көкөністер жұмсарған соң оларды елеуіштен өткіземіз (тек қана картопты ғана өткізе салуға болады). Ұсақталып туралған ақ желкен қосады. Үстелге қояр алдында әр тарелкаға бір жұмыртқа саруызын немесе сары май және нан қыртысын (корж) қосамыз.

Екінші нұсқа.

Берілген көкөністерге түсті немесе аққауқанды орамжапырақ пен тәтті бұрыш қосамыз.

Үшінші нұсқа.

Берілген көкөністерге саңырауқұлақ қосады.

Тағайындалуы: № 1 (в) диетасы – асқазанның жарасы мен он екі елі ішек ауруларына, созылмалы гастритіпен ауырған кезде секрецияның сақталып қалғанында тағайындалады. Диетаның мақсаты: жаралардың жазылуына, эрозия және асқазанның рецептуралық аппаратының асқыну процесстерін жою.


Бақылау сұрақтары:

  1. Нөлдік диеталарды қай кезде қолданады?

  2. Нөлдік диеталардан кейін қандай тамақтану түрлері қолданады?

  3. Тағамның энергиялық балансын қалай түсінесіздер?

  4. Тағамның энергиясын қайда жұмсайды?


3, 4 зертханалық жұмыс


Диеталық тамақты дайындау

3 диетасы. «Қызанақ қосылған күріш салаты»

Күрішті (1/2 стакан) суға пісіру. 2 дана қызанақты төртбұрыш етіп кесіп, сонымен қатар (1-2 дана) асылған жұмыртқа мен қиярды да төртбұрыш етіп кесеміз. Азық-түліктерді араластырып, тұз, бұрыш және ұсақетіп туралған петрушка аскөгін, уксус (2 шай қасық) және өсімдік майын (3 ас қасық) қосамыз.

Тағайындалуы: № 3 диетасы – ішек жолдары іш қатуымен ауырғанда және бұл аурулардың әсерінен асқазан мен бауырдың зақымдалуы кезінде тағайындалады.


Диеталық тамақты дайындау

4 диетасы. «Піскен көкөністерден салат»

Аршылған картопты (4 дана) ж/е жеке аршылмаған үлкен қызылшаны (1 дана), сәбізді (2 дана) суға қайнатамыз. Тазаланған көкөністерді төртбұрыш етіп кесіп жаңа немесе тұздалған қиярды (1 дана), ұсақтап туралған пиязды (1 бас), консервіленген жасыл асбұршақты (1/2 стакан) қосамыз. Бәрін араластырып өсімдік майының тұздығын (3 ас қасық), асханалық қышаны (1 ас қасық), тұзды (1/2 ас қасық) қосамыз. Салаттың үстіне ұсақ туралған жасыл пиязбен жасыл аскөкті себеміз.

Тағайындалуы: № 4 диетасы – ішек моторикасы қатты қабынғанда, ішектің созылмалы ауруларынның қабынғанында және іш өтумен қоса жүргенде тағайындалады.

Диеталық тамақты дайындау

5 диетасы. «Печеньеден жасалған торт»

Крем жасау. Ол үшін сүтке (1 стакан) ұнды (2 ас қасық) пісіреміз, қант (2 ас қасық), ваниль ұнтағын (1 шымшыма). Ванильдін орнына кепкен лимонның, мандариннің немесе апельсиннің үгітілген қабығын (1/2 ас қасық) қосуға болады. Формаға қабат-қабат қылып печенья (400 г) ж/е кремді салады. Үстінен кремді печеньемен жабады. Бірнеше сағатқа салқын жерге крем печеньеге сіңіп жұмсақ болуы үшін қоямыз.

Тағайындалуы: № 5 диетасы – гепатиттің, холециститтің қабынғанда, гепатиттің созылмалы ауруларынның қабынғанында, өт жолдарындағы тастардың байлану ауруларында, №5 ж/е №1 диеталарының элементтері тағайындалады.

Диеталық тамақты дайындау

6 диетасы. «Лимон қосылған ірімшікті десерт»

Майлы емес ірімшікті (750 г), кілегейді (225 г), жұмыртқаның сарысын (1 дана) ж/е қантты (2 ас қасық) крем тәрізді етіп араластырады. Кремді лимондардың шырыны мен қабағымен (2 дана), ванильді қантпен (1 шай қасық) ж/е ликермен (2 рюмке) иіс береді (ароматизировать). Дастарханға қояр алдында кремді кез-келген жидектен безендіру керек.

Тағайындалуы: № 6 диетасы – бүйрек аурулары кезінде, оксалурия, сонымен қатар подагра ж/е зәрдің қышқылдану диатезінде тағайындалады. Көмірсулар, қымыздық қышқылы бар өнімдер, сонымен қатар кальцийге бай өнімдер шектеледі. Тамақтануда сілтілік жағдайды туғызатын өнімдер енгізіледі. № 6 диетасы балансты тамақтану түрлеріне жатады сондықтан оны ұзақ уақыт қолдана беруге болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тамақтанудың неше заңы бар?

  2. №5 ж/е №1 диеталарының элементтеріне не жатады?

  3. Тамақтанудың неше заңы бар?

  4. Ем – дәмдік тамақтану түрлері не үшін қажет?

  5. Ем – дәмдік тамақтанудың неше түрі бар?

5, 6 зертханалық жұмыс


Диеталық тамақты дайындау

7 диетасы. «Бұқтырылған баклажаннан салат»

Баклажанды (1-2 дана) тазалап домалақтап ал пиязды (2 дана) ұсақтап тураймыз, оларды бірге сары майға бұқтырмыз, салат салғышқа салып консервіленген жасыл бұршақты (1 стакан), толық қабығымен піскен жұмыртқаны аршып (2 дана) ж/е алманы (1 дана) ұсақтап турап, уатылған сарымсақты (3 бөлігі) қосамыз. Барлығын салат салғышқа салып сұйық майдан (2 ас қасық), қышадан (1 шай қасық), қаймақтан (3/4 стакан), қанттан (1/2 шай қасық) және лимон шырынынан жасалған соусты құямыз.

Тағайындалуы: № 7 диетасы – бүйрек (нефриттер, нефроздар) аурулары кезінде ғана емес, сонымен қатар гипертоникалық ауруларда және жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларында да қолдана беруге болады.

Диеталық тамақты дайындау

8 диетасы. «Вегетариандық «балық»»

Пісірілген чечевица немесе горох (2 стакан), туралған пияз (4 дана), ет тартқыштан майлы емес ірімшікті (50 г), толық қабығымен піскен аршылған жұмыртқаны (4 дана), кептірілген нанды өткіземіз. Дәмдеуіштерді бөлек дайындайды: картопты (2-3 дана), пиязды, сәбізді (2 дана) турап аз мөлшердегі суға пісіреді. Табаға салынған дәмдеуіштің үстіне ет тартқыштан өткізілген массаны домалақ формаға келтіріп қоядыда, қақпағын жауып 20 минут буда пісреміз. Дастарханға қояр алдында сары маймен дәмдендіреді.

Тағайындалуы: № 8 диетасы – Семіруде немесе оның алдын алуда энергия мөлшерін көбейтіп және тамақтағы калорияны азайтуда қолданады.

Диеталық тамақты дайындау

9 диетасы. «Тұздалған орамжапырағы бар салат»

Тұздалған орамжапырақты (0,5 кг) ұсақталған алмамен (2 дана) араластырып, үстіне мүкжидек (клюква) немесе брусника (1-2 ас қасық), 2-4 сағат суда тұрған мейіз және қара өріс (чернослив) (1/2 стакан) қосамыз. Үстіне өсімдік майын (4-5 ас қасық) құямыз, содан соң аздап қант (әркімнің қалауынша) және көк пиязды қосуға болады.

Тағайындалуы: № 9 диетасы – Қант диабеті ауруларына. Ауру семіру кезінде тез дамиды. Қант мөлшерінің қанда көп болуы организмде сұйықтың бөлінуін болдырады. Тіндердің кеуіп кетуі шөлдеуге әкеледі, нәтижесінде зәр шығаруын (қант диабетінің бірінші көрсеткіші) көбейтеді.

Диеталық тамақты дайындау

10 диетасы. «Сәбіз ж/е алма қосылған сүтті көже (суық)»

Сәбізді (4 шт), алманы (3 шт) үлкен үккіштен өткізіп, суық сүтті (1 л) құйып, бал (2 ас қасық) қосамыз.

Тағайындалуы: № 10 диетасы – сау адамның жүрек-қантамыр жүйесінің сыртқы ортаның өзгерісіне оңай қалыптасуы (дене жұмыстарына, мимен жұмыс істеуде). Бұл орын толтыру жағдайлары деп атайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тамақтанудың негізгі теорияларын ата ?

  2. Гастритіпен ауырған кезде қолданылатын диеталар.


7,8 зертханалық жұмыс


Диеталық тамақты дайындау

11 диетасы. «Қышқыл борщ»


Қызылшаны (1 дана) тазалап таяқшалап турап және оны 2 сағатқа 3 %-ті сірке қышқылы (1 ас қасық) бар суық суға (1,5 л) салады. Пияз және петрушаның тамырын (1 дана) турап майда (1 ас қасық) қуырады. Дайын көкөністерді балғын суда 20 минут бұқтырамыз. Үлкен үккіштен өткізілген балғын орамжапырақты (1/2 кочан), орташа сәбізді (1 дана), томат пастасын (1 ас қасық) қосып, дайын болғанша пісіреді. Дастарханға қояр алдында борщты қаймақпен және аскөкпен дәмдендіреді.

Тағайындалуы: № 11 диетасы – өкпе туберкулезінде, жұқпалы аурулардан, операциялардан, сүйек сынудан кейін, аз қандықта ағзаның әлсіреуінде (реактивтности) қолданылады. Диетаның мақсаты – ағзаның жалпы тамақтануын күшейту, ауру ағзаның туберкулезге қарсы тұруын күшейту.

Диеталық тамақты дайындау

13 диетасы. «Көктемгі көже»

Пияз (2 дана), картоп (2 дана), жасыл (порей) пияз (4 сабақша), сәбіз (2 дана), түрлі-түсті орамжапырақ (100 г), ұнтақталған ірімшік (4 ас қасық), кілегей майы (2 ас қасық), тұз және ұнтақталған қара бұрыш әркімнің қалауынша қосады.

Тағайындалуы: № 13 диетасы – жұқпалы ауруларда қолданылады. Оның тағайындалуының мақсаты – ағзаның жалпы күш-қуатын бірқалыпты ұстап тұруына қабылет береді. 13 диетаға әртүрлі өнімдер жиыны (тұрпайыдан басқасы: өсімдік клетчаткасы, бос күйдегі сүт ашты тағамдар, закускалар, дәмдеуіштер) кіреді, сұйықтық мөлшері жоғары болу керек.

Диеталық тамақты дайындау

14 диетасы. «Сәбіз ж/е алма қосылған сүтті көже (суық)»

Сәбізді (4 шт), алманы (3 шт) үлкен үккіштен өткізіп, суық сүтті (1 л) құйып, бал (2 ас қасық) қосамыз.

Тағайындалуы: № 14 диетасы – фосфатуриида тастың түзілуінде қолданылады. Жалпы тағайындалымдар – зәр арқылы фосфорлы-кальций тұздарының ағзадан тез шығуына қолайлы жағдай туғызу керек. Тамақтануға қышқылды өнімдерді (ет, балық, нан және жармалы өнімдер) енгізіп, сілтілі жағдайды туғызатын (сүт және сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді) және кальцийге бай өнімдерді азайту керек.


Диеталық тамақты дайындау

15 диетасы. «Жеміс окрошкасы»

Картопты (5 дана) пісіріп, аса үлкен емес бөліктерге бөледі балғын қиярды (2 дана), кішкентай бумалы аскөкті, толық қабығымен пісіріліп аршылған жұмыртқаны (2 дана) тұрап үстіне жеміс шырынын (4 стакан) құю керек. Тұздайды, кішкене қант қосады да қаймақпен араластырады.

Жеміс шырынын дайындаудың 1-ші түрі кепкен итмұрынды (50 г) немесе рауағашты (200 г) немесе қышқыл алманы (200 г) қайнатып, 2 сағат тұндырады (настоять).

Жеміс шырынын дайындаудың 2-ші түрі қайнап тұрған сумен қышқыл тосапты (варенье) араластырады, мысалы қызыл қарақаттың (4-6 ас қасық). Бұл жағдайда окрашкаға қант қоспайды.

Тағайындалуы: № 15 диетасы – баланысты рацион тамақтануы болып табылады, дені сау адамдар қолданылады. Емдеу және денсаулықты жақсарту мекемелерінде арнайы диеталарды қажет етпейтін ауруларға тағайындайды. № 15 диетасы барлық көрсеткіштер бойынша жалпы физиологиялық нормативтар мен ұсыныстарға сәйкес келуі керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ем – дәмдік тамақтанудың неше түрі бар?

  2. Ем – дәмдік тамақтану түрлері не үшін қажет?

  3. 1. Астық түйір сапасын анықтаудың қандай әдістері бар?

  1. Сапа көрсеткіштерін атаңыз

  2. Астық түйір сапасы көрсеткіштері


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. «Диетология для всех» М.М.Гурвич .

  2. Шарманова Т.Ш. «Лечебное питание». Алматы, 1999

  3. Большая медицинская энциклопедия.


Практикалық жұмыстар пәнінің терең меңгеріп және студенттердің өздік жұмыстарының нәтижелерін қортындылауда негізгі форма ретінде болуы керек. Студенттер ет және балық өнімдерін сақтаудың жаңа әдістеріне реферат дайындау үшін әдебиеттерді талдап, ет және балық өнімдерінің биологиялық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру. Мұның барлығы қазіргі заманғы маманға өте қажет.


Практикалық жұмыстар

1, 2 тақырыбы: ­Өнімнің энергетикалық құндылық көрсеткіштерін есептеу әдісімен анықтау

Жұмыстың мақсаты: Ет, балық, нан және көкөніс өнімдерінің энергетикалық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру.

Тапсырмалар: Тағам өнімдерінің энергетикалық көрсеткішін есептеу.

Зерттеу обьектісі: Әртүрлі жануарлар түрлерінің ет (шұжық өнімдері, консервілер, паштеттер, жартылай фабрикаттар), балық (жартылай фабрикаттар шұжықтар, паштеттер), нан, көкөніс өнімдері.

Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор.

Қолданылатын әдебиеттер:

Скурихин «Химический состав пищевых продуктов»

Мысал: жоғарғы сұрыпты пісірілген «Волгоградская» шұжығы (ТУ 49 РСФСР 939). Тұздалмаған шикізат, 100 кг-ға кг:


Жоғарғы сұрыпты сиыр еті

27

Жартылай майлы шошқа еті

42

Пісірілген сиыр немесе шошқа тілдері

15

Хребет шпикі

16

ИТОГО

100

Берілген:


Шикізаттың аталуы

ылғалдылығы

белок

май

күлділігі

Жоғарғы сұрыпты сиыр еті

64,5

18,6

16,0

0,9

Жартылай майлы шошқа еті

51,5

14,3

33,3

0,9

Пісірілген сиыр немесе шошқа тілдері

68,8

16,0

12,1

0,9

Хребет шпикі

5,7

1,4

92,8

0,1


Хылғ=27•64,5+42•51,5+15•6,8+16•5,7 / 100=50,277

Хбелок=27•18,6+42•14,3+15•16,0+16•1,4 / 100=13,652

Хмай=27•16,0+42•33,3+15•12,1+16•92,8 / 100=34,965

Хкүлд =27•0,9+42•0,9+15•0,9+16•0,1 / 100=0,772____

сумма: 99,6≈100

Суммасы 100-ге жақын болу тиіс.

3, 4 тақырыбы: Биологиялық құндылық көрсеткіштерін есептеу әдісімен анықтау
1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconАлғы сөз
Студентке арналған «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» пәнінің бағдарламасы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд «Кітаптану негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Аббревиатура – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon№2 басылым 03. 09. 2012 ж. Орнына енгізілген. Мазмұны
ПОӘК «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқытушыға арналған оқу бағдарламасы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Биогеография» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым 10. 01. 2013 ж
Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 11. 09. 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ПОӘК магистрантқа арналған «Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница