«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым




Название«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
страница4/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umm/9b5eb2ac-5cff-11e5-884b-f6d299da70eeНауч осн.каз-2010г общ.doc
1   2   3   4   5   6

Д и е т а № 7 в.

Көрсеткіш: бүйректің созылмалы ауруының нефриттік синдромы.

Ұсыну мақсаты: несеппен бөлінген белок орнын толықтыру, белок, май, холестерин алмасуын қалыпқа келтіру.

Жалпы сипаттама: белок жоғары, май төмен, көмірсу қалыпты деңгейдегі диета. Қантты бірден шектеп, липотропты затты жоғарлату. Механикалық аялауышсыз кулинарлық өңдеу. Ет пен балықты пісіреді. Тағамды тұзсыз дайындайды.Тағам температурасы қалыпты.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок-120-125 г, май-80 г, көмірсу-400 г, 11,7 МДж (2800 кал); бос сұйықтық-0,8 л.

Тамақтану режимі: 5-6 рет күніне.

Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан және ұн тағамдары. Тұзсыз нан, тұзсыз, содасыз жасалған тағамдар. Жеуге болмайтыны: жаңа піскен, тұзды қамыр;

  • сорпалар. Жармамен, көкөністі, жеміс-жидекті вегетариандық. Жеуге болмайтыны: ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;

  • ет және құс. Майлы емес сиыр, бұзау, шошқа, құс. Жеуге болмайтыны: майлы сорттары, бауыр, бүйрек, ми, шұжық, қақталған өнімдер;

  • балық. Кесек және ұсақталған майлы емес түрлері, теңіз өнімдері. Жеуге болмайтыны: майлы түрлері, тұздалған, қақталған балық, консерві, икра;

  • сүт өнімдері. Сүт, сүт қышқылды өнімдер, майсыз сүзбе және одан тағамдар (пудинг, вареники). Жеуге болмайтыны: тұздалған, ашты сыр, жұмыртқа, белокты котлеттер, тағам үшін 1 жұмыртқа;

  • көкөністер. Картоптан, сәбізден, қызылшадан, томат, қияр, сарымсақтан әртүрлі тағамдар. Жеуге болмайтыны: бас пияз, шалқам, итмұрын, тұздалған көкөністер, көкөніс консервісі;

  • басытқы. Көкөніс салаты және өсімдік майымен винегрет, піскен етпен, балықпен салат. Жеуге болмайтыны: шұжық, сыр, барлық консерві, икра;

  • сусын. Лимонмен шай, сүтпен кофе, жемістердің балауса шырыны, итмұрын қайнатпасы. Жеуге болмайтыны: какао, натрийге бай минералды су.

7 в диетасына меню: 1-ші таңғы ас: «Океан» пастасымен көкеніс салаты, белокты омлет, сүтті шай; 2-ші таңғы ас: құрғақ жемістер; түскі ас: вегетериандықборщ, бұқтырылған сәбіз, балауса алма; бесін ас: итмұрын қайнатпасы; кешкі ас: пісірілген балық, майлы емес ірімшіктен пудинг, шай; түнге: кефир.

Д и е т а №7г.

Көрсеткіш: аурудың қанын «жасанды бүйрекпен» тазарту- гемодиализ әсерінен бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы.

Ұсыну мақсаты: ауыр бүйрек жетіспеушілігінде зат алмасу ерекшелігін есепке алып балланстық тамақтануды қамтамасыз ету.

Жалпы сипаттама: белок пен калийді шектеу, натрий хлоридін бірден шектеу және сұйықтықты азайту. Тағам, нан тұзсыз. Калийге бай тағамды шектейді. Механикалық аялауышсыз кулинарлық өңдеу: ет пен балықты пісіреді. Тағам дәмін соуспен, лимон қышқылы, дәмдеуішпен жақсартады.

Химиялық құрамы мен құндылығы: белок – 60 г, май – 100-110 г, көмітсу - 400-500 г, 11,7-12,1 МДж (2800-2900 ккал); калий – 2 г дейін; бос сұйықтық - 0,7-0,8 л.

Тамақтану уақыты: 6 рет күніне.


Ұсынылатын және жеуге болмайтын тағамдар:

  • нан немесе ұн тағамдары. Бидай наны немесе қара тұзсыз нан – 150-200 г. Жеуге болмайтыны: нанның басқа түрлері және нан тағамдары;

  • сорпалар. 250 г дейін, әртүрлі көкөністен вегетериандық борщ, жеміс-жидекпен капустамен щи.Шектеулі: жармадан, саог, сүттен сорпалар. Жеуге болмайтыны: ет, балық, саңырауқұлақ сорпасы;

  • ет, балық, құс. 100 г брутто: майлы емес сиыр еті, бұзау, тауық, индейка, балық; кесек, ұсақталған күйде пісіріледі. Жеуге болмайтыны: шұжық, тұздалған балық, консерві, икра;

  • сүр өнімдері. Шектелген- 140 г сүт, 140 г қаймақ, 25 г сүзбе күніне. Жеуге болмайтыны: сыр;

  • жұмыртқа. Күніне 2-3, омлет және басқа да тағамдар жасауға;

  • көкөністер. Орташа брутто 300 г картоп және 400 г көкөніс (орамжапырақ, қызылша, сәбіз, томат, салат, сарымсақ, аскөк), әртүрлі тағамдар мен гарнирлер түрінде. Шектеледі:бұршақ, тұздалған, маринадталған көкөністер, итмұрын;

  • майлар. Сары май- 40 г, өсімдік майы- 35 г;

  • басытқы. Винегрет, көкөніс, жеміс-жидек салаты. Жеуге болмайтыны: тұздалған, ашты басытқылар;

  • сусындар. Шай, кофе, итмұрын қайнатпасы, жеміс-жидек шырыны.

7 диетаға меню: 1-ші таңғы ас: 2 жұмыртқа, өсімдік майы көкөніспен салат, кисель; 2-ші таңғы ас:қантпен қосылған алма; түстік: қаймақпен вегетериандық борщ; бесін ас: жемісті мусс; кешкі ас: өсімдік майында жұмыртқа, белокты картоп, қаймақ, кисель; түнге: итмұрын қайнатпасы.


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі?

2. Асқынған және созылмалы нефритте тамақтану?

3. Нефрит синдромы кезінде тамақтану?

  1. Ұсынылатын диета түрлері?


Қолданылған әдебиет:

1. Шарманова Т.Ш. «Лечебное питание» Алматы 1999

2. Гурвич М.М. «Диетология для всех»

3. А.А.Покровский «Тағам туралы толғау» Алматы. «Қайнар» 1990

4.Т.А.Комарова «Тамақтану әліппесі» Алматы «Қайнар» 1994


13 – 15 дәріс тақырыбы: Миокард инфаргіндегі тамақтану.

Миокард инфаргі көбінесе жүрек артериясы мен немесе созылмалы ішек ауруларынан туады. Қан айналымының бұзылуына орай жүрек қағысы, жұмысы баяулайды, сосын қатпарланады. Басындағы 1-1,5 аптада қатаң (төсек режимін) қадағалау керек.

Диетатеропияның мақсаты: жүрек бұлшықетінің қалыптасу сатысын қамтамасыз етеді. Орталық нерв жүйесімен қан айналысын жақсартады. Асқорту мен ішек-қарын жұмысын қалпына келтіреді. Диетатеропия науқас адамға дәл кезінде және өте дұрыс берілуі керек.(қатты, өте қатты, қатпарлы) және науқас адамның активті қозғалуына да сәйкес келуі қажет.(қант диабеті, асқазан аурулары және т.б.) қан айналымының жетіспеуі дәрі-дәрмектік терапия деп аталады (кіші дәрет пен жүрек гликозиді т.б.).

Диетатеропияның миокард инфаргінде қоятын талаптары:

  1. Төсек режимінде жатқан науқас адамның күнделікті тамақтанудан алған энергиясы мен күш қуатын бекер жоғалтпау жатады;

  2. Жануар майы мен холестеринді аз мөдшерде пайдалану, бауыр мен ішек ауруына пайдалы өсімдік майын пайдаланған абзал;

  3. Қант пен құрамында қанты бар тағамдарды аз қолдану, күніне бір рет қана қолдану рұқсат етіледі. Ол қан айналу процессіне залым тигізері айдан анық. Бұл дағдайда оны қолданбаған сауқат адамның денсаулығына жақсы әсерін тигізеді.

  4. Ішекте бөртетін тағамдарды жеуге 100 пайыз тыйым салынады. Құрамында газы бар,( қара немесе ақ нан, сүт, орамжапырақ, қияр, бидай, виноград шырыны, газдалған сусындар және т.б.).

  5. Натрий хлориді мен тамақтану қан айналымды және артерялық қысым әсерін туғызатындықтан тыйым салынады.

  6. бірінші қатаң күндерде 7-8 рет тамақтану керек. Кейін 5-6 рет. Тез сіңімді тамақтарды аз мөлшерде, жүрек диаграммасына ауыр болмайтындай етіп тамақтанып, қабылдау керек.

  7. Өте суық және өте ыстық тағамдарды жеуге тыйым салынады. Асты дәмділеу үшін және дәмін тұзсыздандыру үшін томат шырынын, уксус пайдалану қажет.

Бастапқы 2 күн миокард инфаргіне 7-8 рет 50-75 г аса тәтті емес, лимон қосылған шай ішу қажет, жылы және сумен араласқан шырындар, итмұрын қайнатпасы, компот сусыны, минералды газсыз су. Сосын 3 сатыдан тұратын № 10 (Емдеуге қажетті негізгі диета мінездемесі) сосын № 10 а диетасы басқаның талап теілуімен жазылады.

№ 10 диетаны № 10 а диетасымен сәйкестіре отырып пайдаланады. Бұлар энергия қуаттылығын арттырады, химиялық құрылысы № 10 и диетасына сәйкес келеді.

Науқас адамның бірінші ауырған күндерінде тамақ жеуге тыйым салынады кейін науқас адамға асын ашатын тағамдарды аз мөлшерде беру қажет. Құрамында май мен холестерині көп тағамдар ( жұмыртқа, уылдырық, қаймақ т. б.). Жазылған кезде семірген болса, онда тоқтату қажет екені көрсетілген.

Қан айналымының жетіспеушілігіде тамақтану.

Бұл ауру жүрек қағысының дұрыс болмауынан туындайды (жүрек қағысының баяу соғуы, кардиосклироз, гипертониялық аурулар).

Бұл кезде адам ағзасы керекті ауамен қамтамасыз етілуінен болады.(гипоксия) және өкпе мен бүйрек, бауыр ауруларынан болдырады. Бұл адам ағзасында: ақуыз, май мен көмірсудың тыныс алуына ауаның аз мөлшерде берілмей, өте көп мөлшерде берілуі қажыт деген сөз. Адам ағзасында сумен тұздың бұзылуы – натрий мен судың әсерінен ісік пайда болады.

Диетатеропия адам ағзасында жүректің жақсы жұмыс жасауына әсерін тигізеді, ісікпен күресуге, зат алмасуды орнына келтіреді.

Бұл жоғрыда келтірілген диеталардың екеуіде: асты тұзсыз дацындайды. Ал № 10 а –нанды тұзсыз пайдаланады. № 10 диетаға науқас адамның қолына 4-6 гр тұз беру арқылы тамақтандырады.

Жүйке жүйеге кері әсерін тигізетін тағамдарды жеуге тыйым салынады (ет , балық, саңырау құлақ, эфир майы мен қуырылған тағамдар, қара шай және кофе,). Тағамға негізінен аяулы диетаға арналған тағамдар кіреді.

№ 10 а диета боынша күніне 6 рет, № 10 диета бойынша аз мөлшерде тамақ қажет.

Обилді тамақтану жүрек диаграммасын көтереді, ол жүрек қозғаласын нашарлатады.

Диетаның құрамына міндетті түрде:дәрумендер, липотроптық заттар, калий мен магний кіру керек.

Калийдің мөлшерін көбейту жүрек қағысының жақсаруына әсерін тигізелді. Одан натриймен сұйықтық бөлініп шығады.

Қан айналымы нашарлағанда № 10 және № 10 а диеталарымен қатар бірнеше күндік калилі кареля диетасы қолданылады.

1-2 сатыдағы қан айналымының жетіспеуінен № 10 диета 7-10 күнге белгіленеді.Жетіспеушілік кезінде күріш пен компот, алма шырыны тағайындалады. Немесе Калилі Кареля диетасының бір түрі қолданылады.

Қан айналымының жетіспеушілігінің 3 сатысында Калилі Кареля диетасына қатаң көшу дұрыс деп табылған.

№ 10 диетаны сақтай отырып 1 рет 7-8 күнге белгілейді.

Егер № 10 а диетаның науқас адамның денсаулығын жақсартатыны байқалмаса, онда тек Калилі Кареля диетасын қолдану талап етіледі.

М.И. Певзиероммен қолданылған Кареля диетасы.


Тамақтану уақыты

1 рацион

2 рацион

3 рацион

4 рацион

1

2

3

4

5

Сағат 8 де

100 мл сүт

100 мл сүт

150 гр тұзсыз нан

1 жұмыртқа

100 мл сүт

150 гр тұзсыз нан

50 гр қант

100 мл сүт

200 гр тұзсыз нан

100 гр піскен алма

Сағат 10 да

Тағы да

100 мл сүт

100 мл сүт

1 жұмыртқа

100 мл сүт

Сағат 12 де

Тағы да

Тағы да

Тағы да

100 мл сүт

200 гр картоп пюресі

50 гр май

1

2

3

4

5

Сағат 14 те

Тағы да

100 мл сүт

200гр күріш

5 гр май

100 мл сүт

200 гр картоп пюресі

10 гр май

100 мл сүт

100 гр ет

5 гр май

Сағат 16 да

Тағы да

100 мл сүт

100 мл сүт




Сағат 18 де




Тағы да

100 мл сүт

1 жұмыртқа

100 мл сүт

1 жұмыртқа

Сағат 20 да

100 мл сүт

100 мл сүт

100 мл сүт

100 мл сүт

Сағат 22 де















Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар :

1. Миокард инфаркті дегеніміз не?

  1. Диетатеропияның миокард инфаргінде қоятын талаптары?

  2. Миокард инфрктісінің диетотерапиясы?


Дәрістерге қорытынды: Өткен дәрістерге шолу жасау

Зертханалық сабақта кейбір күрделі сұрақтарды оқып білу және студенттердің өздік жұмысының қорытындысы болып табылады. Зертханалық сабақта студенттер көкейкесті мәселелерді дұрыс жеткізе алуға және өз ойларын, пікірлерін ортаға салып, емін еркін айта алады. Осының бәрі қазіргі уақыт талабына сай жақсы маман болуда зор үлес қосады.


2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


1, 2 зертханалық жұмыс

Диеталық тамақты дайындау

0 (а) диетасы. «Көжеге арналған сорпа»


Сорпа құрамына қосуға болатындар: түрлі-түсті орамжапырақтың аскөгі, ботва ж/е сәбіздің жасыл жапырағы. Алдымен аскөкті жақсылап жуып, кастрюлге саламыз. Дайындаған сорпамызды көжеге, пюреге қосуымызға болады. Сорпаның дәмін шығару үшін сарымсақ ж/е тәтті бұрыш қосамыз.

Тағайындалуы: № 0 (а) диетасы операциядан кейін 2-3 күнге дейін, осы тағаммен қоректену ұсынылады. Оның құрамына сұйық ж/е желетәріздес қосындысы бар тағамдар: сүтті сорпа, сүзілген компот, итмұрын қайнатпасы.

1 тәуліктегі диетаның химиялық құрамы: көмірсулар – 150 г, ақуыздар – 5 г, майлар – 12, натрий хлориді – 1 г, калориясы – 880 ккал, бос сұйықтық – 1,8-2,2 л. Тамақтану 2 сағат сайын ұнтақталған күйде (тәулігіне 7-8 рет) қабылданылуы керек.


Диеталық тамақты дайындау

0 (б) диетасы. «Украиндық жұмыртқа»


Бидай нанын 7-8 см ұзындықпен, 1 см қалыңдықпен таяқшалап тураймыз, оған сары май жағып және оны май жағылған ыдысқа саламыз. Нанның бетіне 1,5 см қалыңдық болатындай етіп, ортасынан шикі жұмыртқаны құятындай орын қалдыра отырып сырды үккіштен өткізіп себеміз. Жұмыртқаны тұздап, қара бұрыш сеуіп, әрқайсысына сары май (1/2 шай қасық) құйып, эл. пешінде пісіреміз.

Сырды ұсақталған брынзамен алмастыруға болады.

Тағайындалуы: № 0 (б) диетасы – кең таралған, № 0 (а) диетасынан кейін 3-4 күнге дейін қоректенуге ұсынылады. № 0 (б) диетасы құрамына: сұйық ж/е езілген ботқалар, буға піскен пудингтар, ақуызды омлет, тұтас қабығымен шала піскен жұмыртқалар, компот.

1 тәуліктегі диетаның химиялық құрамы: калориясы – 1550 ккал, көмірсулар – 250 г, ақуыздар – 40 г, NaCl – 4-5 г, бос сұйықтық – 2 л-ге дейін рұқсат етілген.
1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым
«Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconАлғы сөз
Студентке арналған «Ем – дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» пәнінің бағдарламасы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд «Кітаптану негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Аббревиатура – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon№2 басылым 03. 09. 2012 ж. Орнына енгізілген. Мазмұны
ПОӘК «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқытушыға арналған оқу бағдарламасы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Биогеография» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым 10. 01. 2013 ж
Азоналдық – территоряның зоналық ерекшеліктерімен байланыссыз табиғи құбылыстың таралуы
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №2 басылым 11. 09. 2014 ж. ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ПОӘК магистрантқа арналған «Қазақстан Республикасының қазіргі экологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым iconУмкд умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары 2013 жылғы №1 басылым
Умкд «Бұқаралық коммуникация тілі мен стилі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
«Ем дәмдік тамақтанудың ғылыми негіздері» поәК пәнінің оқу әдістемелік материалдары №2- басылым icon«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №2 басылым
«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница