Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г




Скачать 186.71 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Дата конвертации15.02.2016
Размер186.71 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/3 kurs/Veden. klini. med/Kazh/Leks. kompleks/
Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при Каз ГМА

от 14 июня 2007г

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



Клиникаға кіріспе кафедрасы


ДӘРІС


Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология негіздері.


VK 3220 «Клиникалық медицинаға кіріспе»

Мамандығы: 5В110400 – «Медициналық-профилактикалық іс»

Курс ІII

Уақыт ұзақтылығы: 50 минут


Қарағанды – 2012ж.


Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді


№ ______ Хаттама


«____» __________________2012ж.


Клиникаға кіріспе

кафедрасының меңгерушісі ___________ Р.Е.Бакирова





Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары және ішкі медицина тапсырмалары туралы жалпы түсінік. Диагноздың жалпы әдістемесі. Дәрігерлік деонтология негіздері.


Дәрістің мақсаты: Студенттерді медициналық диагностиканың қалыптастыру тарихы, клиникалық зерттеу тәсілдерінің маңызы және мақсатымен, медициналық деонтология, мамандық этикасымен таныстыру.


Дәріс жоспары:

  1. Мамандыққа кіріспе

  2. Диагностиканың тәсілдері

  3. Сұқбаттасу.

  4. Физикалық тәсілдер тобы. (қорғау, пальпациялау, перкуссия) аускультация.

  5. Зертханалық-аспаптық зерттеулер.



Ішкі аурулар медицинасы (Ішкі медицина) көптеген аурулар тобын зерттейтіндіктен, ол іс жүзінде, әрі шын мәнінде түрлі-түрлі жүйелердің сырқаттары туралы ілім болып табылады.

Ауру анатомиялық және физикалық өзгерістермен бейнеленеді. Адам организмі сыртқы себептердің әсеріне функциялық және морфологиялық құбылыстар арқылы жауап береді. Ауру қысқа мерзімде, кенеттен немесе созылмалы түрде дамып, жиі қайталану мүмкін (рецидив). Сондай-ақ, бір адамға негізгі аурумен қатар, оның зардаптары немесе басқа қосымша сырқат та өрістей береді. Ем нәтижелі болу үшін ауруды дұрыс және дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Медицинаның ауруды анықтау тәсілдерін жетілдіріп, зерттейтін салалы диагностика (грекше: diagnqstikos- анықтап тану) деп аталады, ал диагноз (гр.: diagnosis- анықтау) дегеніміз – ол дәрігердің ауруы жайлы қысқа түрде тұжырымдап жазған қорытындысы. Диагнозға кірген аурулардың атаулары «аурулардың халықаралық номенклатурасына» сәйкес болуға тиісті.

Диагностика үш бөлімнен құралады:

А) ауруды бақылап, тексеретін тәсілдер мен құралдарды жетілдіріп, зерттейтін бөлім;

Б) аурулардың көрініс-белгілерінің диагностикалық мәнін анықтайтын семиологиялық бөлімі (грекше: semeion- таңба, белгі) және

В) ауруды анықтау ерекшеліктерін, яғни диагноз қою тәсілдерін (методологиясын) зерттейтін бөлім.

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында студенттер аурудың белгілерін, оларды анықтау тәсілдерін және анықталған белгілерді жүйелі түрде талдап, диагноз құру процесінде байқалатын ой өлегінің ерекшеліктерін игереді. Студент екінші курста ауруханада алғашқы рет науқас адаммен тікелей қарым-қатынасқа араласа бастайды, сондықтан ол бұл күрделі қарым қатынастың ерекшеліктерімен де терең танысқан жөн. Дәрігердің негізгі мақсаты-науқас адамды айықтыру. Сондықтан онымен қарым-қатынас дегеніміз – жай этикалық ұғым ғана емес, дәрігерлік білім беру жүйесінің оң маңызды салаларының бірі. өйткені, науқас адамның барлығы бірдей емес, олардың әрқайсысы біліміне, тәрбие деңгейіне, ой-өрісінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі, сол себепті олар әр түрлі қарым-қатынасты талап етеді.

Дәрігерлік мамандыққа еңбексүйгіштік, шыдамдылық, ұстамдылық сияқты т.б. көптеген адамгершілік қасиеттер қажетті. Емінің жемістілігі дәрігердің беделіне, арнайы білімінің үнемі толықтырып, жан-жақты білімдарлы болуына байланысты. Дәрігер науқаспен сығыс сөйлесіп, оған сыпайы қарамаса, оның жанын күйзелтіп, ауруын асқындырып алуы да мүмкін. Дәрігердің жалпы әлпет-сымбаты, сұқбаттаса білу-өнері науқастың оған деген сенімін арттырады. Бұл талаптар студенттерге де қатысты, өйткені ынтасыз, жалқау студенттің білімі де саяз болады, сондықтан науқас адам онымен сұқпаттасқысы өзін қаратқысы келмейді.

Белгілі дәрігер Г.А. Захарьин былай деген: «Науқастың жан-сезімі үнемі күйзелісте болады. Бұны дәрігердің әсте естен шығармағаны абзал». Ия, бұны болашақ дәрігердің де ұмытпағаны жөн. Дәрігер өзінің қарапайымдылығымен, жанашырлық көңілмен әр уақытта науқастың сауығуға деген сенімін арттырып отыруға міндетті. Науқаспен сұқпаттасқанда медициналық, ғылыми терминдерді қолдануға болмайды: түсініксіз сөз күдік туғызып, оның жан дүниесін күйзеліске ұшыратып, ауруын ұшандатуы мүмкін.

Медициналық деонтология науқастың жеке басына (мысалы, отбасы, әлеуметтік жағдайы), ауруына (жұқпалы немесе аурудың қатерлі ) байланысты құпияны дәрігердің қатаң сақтауы міндеттейді.

Дәрігерлік дентология мамандықтың этикасымен (әдебімен) тығыз бйланысты. Медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы жоодастық, жаңашылдық, бірін-бірі қолдау, көмек көрсету тұрғысында болса, онда емдеу жұмысын ұйымдастыру жеңіл, әрі жемісті болатыны түсінікті.

Медицинаның диагностика саласын дамытуда М.Я. Мудров, Г.А.захарьин. С.П. боткин, А.А. остраумов, В.П. Образцов, Н.Д. Стражеского, М.П. Кончаловский, Г.А. Ланг сияқты көптеген ғалымдар зор еңбек сіңірді.

Терапияның негізін қалаған дәрігер М.Я. Мудров (1776-1831) аурудың сыртқы факторлар әсерінен дамитындығын атап, науқасты зерттеу тәсілінің бірі ретінде клиникаға сұқпаттасу тәсілін енгізіп, сырқатнама (история болезни) толтыруды ұсынады. Кейін Г.А. Захарьин біраз ауруларды (туберкулез, т.б) анықтау үшін сұқпаттасу тәсілін кең қолдана отырып, оны әрі қарай жетілдіре түседі.

С.П. Боткин (1832-1889) аурулардың дамуында нерв жүйесінің әсері зор роль атқаратындығына зер аударып, ауруды анықтау тәсілдерін жетілдірудің жлдарын іздестіру нәтижесінде, жүрек өзгерістерін анықтау үшін тану тәсілін қолдануға болатындығын көрсетті. Ол гипертрофия мен дилатацияда қалыптасатын шулардың айырмашылығын, шудың қалыптасу нүктелерін, басқа да көптеген симптомдарды ашып, аурудың алдын алудың зор маңыздылығын дәлелдеп, аурухана мен амбулаторлар салды.

А.А. остраумов (1884-1906) табиғаттанудың теориялық тұжырымдарын, физика мен химияның, биологияның қол жеткен табыстарын клиникада пайдалануға зор мән берген. Орталық нерв жүйесінің әсерінен рефректорлық патологиялық өзгерістер дамитындығын дәлелдеп, адам организімі ерекшеліктерінің қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын көрсетті.

В.П. образцов (1849-1920) клиникалық зерттеу тәсілдерін жетілдіріп, ішек пен қарынды қолмен басып тексеру әдісін ашты: бірінші болып кеуде мен іш қуыстарын тыңдау әдісін ұсынып жүрек үндерін (тондарын) анықтады.

Н.Д. Стражеско (1876-1952) асқорту жүйесін зерттеу тәсілдеріне арналған «Асқорту жүйесі аурулары диагностикасын физикалық негіздері » атты кірап жазды. Кейін ол В.Х. Васеленко екеуі «жүректің функциялық жеткіліксіздігі» деген ұғымдыұсынып, оларды топтастырды.

Сөйтіп, ауруды анықтау үшін оның көрініс-белгілерін айқындаудың зор маңызы бар. Ішкі аурулар клиникасында қолданылатын зертеу тәсілдері екі топқа бөлінеді: біріншісі – аурумен сұқпаттасу- субективтік ауруға байланысты ішкі сезімді еске түсіру тәсілі.

Екіншісі, физикалық тәсілдер тобы: қарап зерттеу (ingpectio- осмотр), сипапзерттеу (palpatio- ощупывание ), тықылдатып зерттеу (perossio-выстукивание), тыңдау (ausoulto- выслушивание) және түрлі лабораторлық аспаптарды қолдану. Аталған зерттеу тәсілдері белгілі бір қалыптасқан жүйеге сүйене отырып қолданады.


Сұқбаттасу

Наукас адаммен іш тартып сұкбаттасудың нөгізгі мақсаты – сұрак қою арқылы оның ауруға байланысты ішкі сезімін есіне түсіртіп, дерек жинау. Бұл қарапайым тәсіл. Дегенмен, ауруды анықтау процесінің басты, әрі қиын бөлімі болып есептеледі. Дәрігер жас шамасы, мамандығы, ой-өрісі әр түрлі наукастармен көздөсөді. Сондықтан ол наукастың ниетін өзіне бұрып, сендіру үшін оның ішкі дүниесін, рухани мүдесін, қасіретін сөзіне білуі керек. Бұл жұмыс медицина қызметкөрлерінен ерекше мәдениеттілікті, әдептілікті, жауапкершіліқ пен адамгершілікті талап етеді. Науқаспен сұкбаттасқанда дәрігер алдымен оның аты-жөнін сұрап, сыпайылык, сабырлылық байқатқаны абзал.

Сұқбаттасу тәсілі төрт бөлімнен кұралады:

  1. Жалпы малімет жинау

  2. Шағым жинау

  3. Аурудың даму тарихы (гр.: anamnesis morbi)

  4. Науқас адамның өмір тарихы (гр.: anamnesis vitae)

Жалпы мәлімет жинау науқастың аты-жөні, жас шамасы, жынысы, мамандығы, мекен жайы, жұмыс орны, ауруханаға түскен күні, айы, жылы жайлы деректерді қамтиды. Бұл деректердің аурудың даму себебін талдап анықтауға септігі мол.

Науқастың шағымын жинау. Науқаспен сұқбаттасқанда әр сөзіне зер салып, ауруына байланысты сезімін анықтап, әнгімесін сабырлылықпен тындаған жөн. Сұрак беріп, айтқанын талдай отырып, ауруды анықтауға қажетті негізгі деректерді ажыратып алуға тырысу көрек. Науқастың әңгімесінде ұшырасқан қосымша шағымдарға көңіл аударылады. Наустың шағымын жинау тәсілі тәсілі әр түрлі ағзалар (органдар) ауруларың белгілерін айқындауға көмектеседі.

Ұқыпты жиналған шағымынан науқастың көңіл-күйін аңғарып, аурудың кейбір белгілерін байқап, оның ауруын анықтау процесінде қолданылатын негізгі тәсілдерді алдын ала белгілеп алуға болады.

Аурудың даму тарихы. Науқаспен сұқбаттаса отырып, оның ауруының даму тарихын толық қамти білу үшін мына мәселерге: аурудың басталу себебі мен уақытына; бұрын қолданылған зерттеу, емдеу тәсілдері мен олардан туындаған қорытындыға:созылмалы аурудың даму барысында байқалған өзгерістерге, оның қайталану себептері мен косымша анықтау тәсілдеріне; науқастың көңіл – күйіне; ауруға әсерін байқау үшін қолданылған емнің түрлеріне, әрі оның салдарынан пайда болған жаңа белгілерге; науқасты ауруханаға келуге мәжбүр еткен себепкө, яғни аурының қайталану немесе қайта көрініс беру себептеріне зер салған жөн.

Осы деректерге сүйеніп, аурудың жедел немесе созылмалы ағымдылығын, оның ерекшеліктерін анықтауға болады.

Науқастың өмір тарихымен танысу аурудың даму сөбебі мен пайда болуына әсер еткен жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл – наукас адамның өмірбаянымен танысу арқылы,оның дамып жетілу кезеңдерін (нәрестелік, балалык, жасөспірімдік, ержеткен, қарттық шақтарын) медициналык тұрғыдан сараптау. Ол үшін мына мәліметтер қажет: туып өскен жерінің ерекшеліктері; ата-анасының денсаулығымен туған отабсына байланысты деректер; нешінші бала болып туылғаны, қандай жағдайда, қалай өсіп жетілгені; өмірінің әр кезеңінде денсаулығында, дене құрылысының қалыптасу барысында байқалған ерекшеліктер; ата-анасының денсаулығы мен туған отбасына байланысты деректері; нешінші бала болып туылғаны, қандай жағдайда, қалай өсіп жетілгені; өмірінің әр кезеңінде денсаулығында, дене құрылысының қалыптасу барысында байқалған ерекшеліктер; білімінің деңгейі; еңбекке кіріскен жасы, жұмыс орнында әсер өтетін зиянды факторлар; әйел адамның етеккірінің басталған кезі, оның ерекшеліктері; жыныстық қатнаста, жүктілік пен босанғанда байқалған ерекше жағдайлар; өзінің отбасының жағдайы (неше балалы, тұрғын үйінің жайі, тамақтану, дем алу ерекшеліктері) т.с.с. Сондай-ақ, науқастың өзінде, ата-анасы мен туыстумаларында байқалған ауруларға, әсіресе туберкулез, жыныс ағзаларының жұқпалы ауруларына, кейбір әйел немесе ер адамдарға тән ауруларға, басқа да жиі кездесетін сырқаттармен ауырған-ауырмағанына көңіл аударылады. Темекі шегу, нашақорлық, араққұмарлық сияқты зиянды әдеттердің науқас адамға қатысы бар-жоқтығына да зер салынады.

Аталған деректер әдетте аурудың ағымының сипатын, себептерін айқындай түседі.


Қарап зерттеу. дененің өлшемдері мен температурасын анықтау


Науқас адамды қарап зерттейтін бөлме жылы әрі жарық болуы тиісті. Науқас толық шешінгеннен кейін, белгілі бір қалыптасқан жүйеге сүйене отырып зерттеледі. Бұл тәсіл екі түрге бөлінеді: жалпы шолу және дененің жеке бөлімдерін қарау. Қарап зерттеу, әдетте, жалпы шолудан басталады. Онда науқастың жалпы сырт пішінінің оның жас шамасына сәйкестігіне зер салынады. Өйткені кейбір сырқаттардың әсерінен науқастың тым қартайғандығы немесе басқа өзгерістер байкалуы мүмкін.


Жалпы шолудың реті

1. Науқастың жалпы хал-жайын анықтау. Ол қанағаттанарлық, орташа, ауыр және өте ауыр болуы мүмкін.

2. Науқастың ес-санасының күйін анықтағанда байқалатын өзгерістөрдің түрлері:

а) Дұрыс ес. Мысалы, қойылған сұракқа анық жауап беріп, төңірегіндегі кұбылыстарды толық аңғарса, науқастың санасының дұрыс болғаны.

Б) Абыржу (помрачнение). Оған науқастың өз жағдайын дұрыс бағаламай, немкұрайдылықпен қарап, тынышы кетіп, мазасыздануы, сұраққа көшеуілдеп селқос жауап беруі сияқты белгілер тән.

В) Мелшию (ступор) – қойылған сұраққа қолмен сілкілегенде ғана, онда да дұрыс жауап бермей, ұйқылы-ояу жағдайда қатып қалу.

Г) Топастану (сопор). Науқас адам есінен танғанымен, нервталшықтарын тітіркендіргөнде жауап беру қабілеті сақталады.

Д) Естен тану (кома) – тынысалу мен қанайналымы ағзаларының қызметі сақталған науқас адамның тітіркендіргіштердің әсеріне жауап бермей, терең ұйқыда болуы.

Ес-сананың осы аталған өзгерістері қансырағанда, қандағы қанттың мөлшері артып немесе кемігенде, миға қан құйғанда, бүйрек немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен, арақпен уланғанда, т.б. себептерден байқалады. Ауыр ағымды инфекциялық аурулармен сырқат адамдардың денесі 40-41оС-ға дейін қызса, олар сандырақтап, тымқозып, галлюцинациялық (түрлі өлес) жағдайына ұшырауы мүмкін.


Науқастың төсектегі күй қалпының түрлері

  1. Жеңіл күй қалып- науқастың өзін өзі күту (жуынып-тарануға, төсегін жинап, өз бетімен тамақтануға, т.б. іс әрекетті еркін орындауға) мүмкіндігінің сақталуы.

  2. Амалсыз күй қалып- сырқаты меңдап, халі нашарлаған қастық денесінің белгісі бір қалыпта (үнемі бір қырына, яғни сау жағына жатуға; басын биіктетіп ұстауға; ұйқы безі зақымдалған адамның етпетінен жатуға, т.с.с күйде) ұстауға мәжбүр болды.

  3. Енжар күй-қалып, әдетте, арықтап әлсіреген немесе ессіз халдегі науқастарда байқалады; оларға медицина қызметкерлерінің немесе туыстарының күтімі қажет (жатқан, отырған қалпын өзгерту, жуындыру, тамақтандыру).


Науқастың жалпы тұлғасын (habitus) зерттеу

Бұл тәсіл науқастың денесінің жалпы кейпі күйлілік дәрежесін, бойының ұзындығы мен салмағын, кеуде қуысының көлемі мен бітімін және тұлғаны жалпылай сипаттауға қажетті т.б. белгілерді қамтиды. Әр адамның жалпы тұлғасында морфологиялық әрі функциялық ерекшеліктер болады. Осыған байланысты

М.В. Черноруцкий адамның жалпы тұлғасын (конституциясын) нормостениялы, гиперстениялы және астениялы деп үш түрге бөлеген.

Жалпы тұлғасы астениялы адамның бойы мен көлденең өлшемін салыстырғанда бойының өлшемі басымдау, бет пішіні сопақтау, кеудесі ұзынша, қушықтау, иықтары салбраңқы, қолтық шұңғылдары терең, құрсақ үсті бұрышы 90%-тан кем, кеуде-іш көкеті төмендеу орналасып, қабырғалары омыртқа жотасымен сүйір бұрыштана жалғасқан, қаңқа бұлшық еттері нашар жетілген, денесі арық болады. Бұл топқа жататын адамдарда ішек-қарын, нерв, өкпе жүйесінің сырқаттары жиі кездеседі.

Нормостения тұлғалы адамның бойы мен көлденең өлшемдері сәйкес, қолтық шұңғылдарының тереңдігі орташа, құрсақ үсті бұрышы тік бұрышқа жуық, иықтары тіктеу, бұлшықеттері қуатты әрі серпімді келеді.

Тұлғасы гипертениялы адамның бойы аласа, денсі толық, етженді, аяқ-қолдары мен мойны қысқа, иықтары тік, кеудесі шалқақтау, құрсақ үсті бұрышы 90% - тан артық, доғал, қолтық шұңғылдары тайыз, жауырыны жалпақ, кеуде-іш көкеті жоғары орналасып, қабырғалары омыртқа жотасымен тік бұрышқа жуықтана жалғасқан, ал бет- келбеті дөңгелек жүзді. Бұл топқа жүрек аурулары, гипертония, тас түзіліу, семіздік сиқты сырқаттар тән.

Науқас адамның бет пішінен жігерлі-жігерсіздігін, мамандығының әсерін байқауға болады. Сұңғақ тұлға, еркін және екендігін көрсетсе, тұлғаның түрлі өзгерістері сырқаттықты бейнелейді. Мысалы, туберкулез процесі омыртқа жотасын қисайтса немесе іш шеменінен кеуде тым керіліп, асқақтап кетуі мүмкін. Сырқат адамның жүрісі де өзгеруі мүмкін: миына қан құйылған адам аяғын сүйрете басса, дене қызуы тым көтерілген науқас теңселсе, ортан жіліктің ұршығы шыққан бала үйректің балпан жүрісімен жүреді.

Науқастың дене күйін көзбен шолып және тері астындағы шел майды қолмен байқап анықтауға болады. Ол үшін иықтың орта тұсының, қолтықтың, іштің немесе санның алдыңғы жағының терісін үш саусақпен қапсыра ұстап, қалындығын өлшеу керек. Оның қалыңдығы 2 см-дей болса, науқастың күйі жақсы болғаны. Әдетте, ішек-қарын ісігімен, туберкулез, қалқанша без ауруларымен сырқат адамдар жүдесе, мешкейлер, дене қимылын аз жасайтындар, ми қосалқысын ісік шалған адамдар семіреді.

Бойды өлшеу үшін бойөлшегіш қолданылады. Бойөлшегіш - өлшемдік белгілері бар, жылжымалы қалақшамен жабдықталған ұзын, ағаш қазықша. Бойын өлшегенде науқас аяқкиімін шешіп, бойөлшегіштің қазықшасына шүйдесін, жауырын ортасын, екі өкшесін тигізіп тұруы керек. Жылжымалы қалақша науқастың төбесіне тірелген деңгей, яғни қазықшадағы цифр – оның бойының ұзындығын көрсетеді. Жас шамасы 25-30-дардағы ер адамның орташа бойы 165-180 см, ал әйел адамның – 155-170 см. Мидың көйбір қосалқылары, мысалы гипофиз зақымдалғанда, бірде алыптық (гигантизм), енді бірде, керісінше, ергежейлілік байқалуы мүмкін.

Науқастың салмағы ол ауруханаға түскен күні, кейін әр он күн сайын, әдетте, таңертең, ашқарынға өлшенеді. Бұл тәсіл науқастың дене күйін анықтауға ғана емес, кейбір ауруларда оған қолданылған емнің әсерін бақылау үшін де қажет. Мысалы, жүрек немесе бүйрек ауруында денеге жиналған артық сүйықтықтың шығарылу деңгейін анықтап, зәршығару жолдарының қызметін қадағалау үшін.

Дененің орта салмағын өлшемей анықтауға да болады. Ол үшін бойдың ұзындығынан 100-ді шегеру керек. Сонда, мысалы бойы 170 см адамның орта салмағы 70 кг төң болғаны.

Теріні қарау

Тері – дененің сыртқы жабыны. Ол ішкі ортаны қорғап, тынысалу, заталмасу, т.б. процестерге қатысады. Көптеген аурулардың белгілерін теріден көруге болады. Теріні қарап зерттегенде оның түсіне, ылғалдылығына, серпімділігіне зер салып, қабыршықтану, берту, жара-жарақат, тыртық, қантамырларының білеуленіп, тарамдануы, сусінділену сияқты өзгерістердің бар-жоқтығына көңіл аударған жөн.

Терінің түсі түрлі сырқаттарда әр түрлі: ақшыл, сары, қола түсті, т.с.с.

Ақшыл түс қаны азайып, қансыраған, бүйрек ауруларымен, аорта ақауларымен сырқат немесе қанында темір немесе фолий қышқылы тапшы адамдарда байқалса, безгекпен сырқат адамдардың терісі бозғылтсары түсті, ал рак ауруына шалдыққандардың – бозғылт болады. Аддисон ауруынан тері қоңыр ренденсе, алмаспен немесе қорғасынмен уланғандардың терісі ағарады.

Тері дененің қызуы тым көтерілгенде, арақты мөлшерсіз ішкенде, қанда эритроциттердің немесе гемоглобиннің мөлшері тым көбейгенде, морфинмен уланғанда қызарады. Бір есте ұстарлық жай – бауыр ауруларымен сырқат адамдардың алақаны ғана қызаратыны.

Терінің көгеруі гемоглобиннің құрамында оттегі тапшы болғанда байқалуы мүмкін. Бұндай өзгерістер өкпе мен жүрек ауруларында орын алады. Көк денені түгел немесе жеке ағзалар мен оның беліктерін ғана қамтып, жалпы немесе жергілікті түрде болады.

Сары түс өт жолдары таспен бітеліп, ісікпен немесе жалқықпен қасылғанда, эритроциттер тым көп мөлшерде ыдырап, билирубин көп түзілгенде байқалады. Сары түстің ақшылсарыдан қонырқай жасылға дейінгі әр түрлі реңін тек күн жарық кезде ғана қарап ажыратуға болады. Аталған себептерден сарғаю пайда болған науқастың денесі қышып, онда тырнақтың сызаттары, ұсақ жаралар болуы мүмкін. Дене акрихин, пикрин қышқылы сияқты дәрілерден де сарғаяды.

Кейде терінің пигменті азайып, ақтаңдақ пайда болады. Ал ыстықтағанда, қызу көтерілгенде, тер бездері зақымдалғанда, сұйықтықты көп ішкенде терінің ылғалдылығы артады.

Организнен сұйықтық көп бөлініл шығарылса, тері құрғайды. Оның себептері көп: витаминдердің жеткіліксіздігі, жиі-жиі іш өту, ішек-қарын, инфекциялық аурулар т.с.с. Терінің ылғал-құрғақтығы қолмен сипап анықталады.

Терінің серпілділігін анықтау үшін оны қапсыра ұстап, жоғары қарай тартып, жіберіп қалу керек. Серпімділігі жақсы тері тез калпына келеді. Арық немесе кәрі адамның терісінің, кұрғақ терінің серпімділігі, әдетте, төмен.

Теріде түрлі-түрлі бертпелер, есекжем, жалак, ісік, іріндік, темреткі, тыртық сияқты көптеген аурулардың белгілері жиі ұшырасады.

Ұсақ тамырлыр кеңейгендіктен пайда болып, саусақпен басқанда жойылып, жібергенде қайта көрінетін ақшыл-қызыл түсті дақ –қызыл бөртпе (розеола) сүзекте, грипте, сифилисте байқалады. Жекелеген қызғылт дақтар дәрі-дәрмектердің әсеріне, кейбір ірінді ауруларға тән.

Есекжем – теріде қалыптасатын қышымалы, ақшыл түсті, күлбіреген ошақ. Ол организмнің сөзімталдығын күрт арттыратын сөбептерден, көбінесе дәрі-дәрмектердің әсерінен қалыптасады.

Қанталау – қан тамырлары зақымдалғандықтан, тері мен оның шел май қабатына құйылған қанның ірілі-ұсақты ошақтары. Бұл гемофилия, Верльгоф ауруы, лейкоз сияқты қан жүйесінің сырқаттарында жиі байқалатын белгі.

Ұшық (герпес) – ішінде сұйықтық болатын, жарылғанда қабыршақтанып кететін, диаметрі 0,5-1 см көпіршік; көбінесе вирусты инфекцияларда кездеседі.

Кейбір аурулардан, хирургиялық операциялардан, жара-жарақаттардан кейін денеде тыртықтар қалады. Олардың да диагностикалық мәні зор.

Денедегі шаш пен түктің түр-сипатының өзгеруі де аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, ішкі-секреция бездері ауруларының кейбіреуінде шаш өспей немесе түсіп қалса, енді біреуінде, керісінше, тіпті әйелдердің бетіне түк қаулап кетеді.

Түрлі аурулардың салдарынан тырнақта қалыптасатын өзгерістен де бірсыпыра. Тырнақтың сынғыштығы кебір витаминдердердің организмде жеткіліксіздігін көрсетсе, өкпенің созылмалы ағымды ірінді сырқаттарына тырнақтың сағат шынысы сияқтанып, ойыстануы тән.

Науқасты қарап зерттегенде оның бүкіл денесінің немесе кейбір мүшелерінің сусінділеніп, ісінгенін көруге болады. Ол жерлерді саусақпен басып байқағанда, шұңғыл із қалады. Сусінділенудің (отек) жергілікті түрі веналарға қан іркілгенде дамыса, оның жалпы түрі – анасарка – жүрек немесе бүйрек ауруларында, аллергеннің әсерінен жедел түрде сезімталдық артқанда (Квинке сусінділенуі) байқалады. Сусінділенудің даму барысы оның себебіне байланысты. Жүрек ауруларында сусінділену аяқтан басталса, бүрек ауруларында беттен өрбиді. Жүрек ауруынан ісінген науқас ентігіп, беті көгереді; ол басын жоғары көтеріп, үнемі жастыққа сүйеніп, аяғын төсектен салбыратып, екі қолын тізесіне тіреп отыруға мәжбүр болады (ортопноэ).

Бүйрек ауруынан сусінділену жылдам өрістейді. Ол науқастың төсектегі қалпына әсер етпейді. Бүйрек сусіңділенуінің ісігі жұмсақ әрі қайтымды. Науқастың беті ағарады.


Жеке мүшелерді қарап зерттеу

Науқастың басын зерттегенде оның көлемі мен бітіміне, бетәлпетіне, көзінің, мұрнының, құлағының, ауыз қуысы ағзаларының ерекшеліктері мен өзгерістеріне зер салынады. Бассуйектің бітімінен ол қалыптасқан кезде орын алған (рахиттің) немесе басқа аурулардың (гипофиз ісіктерінің) белгілерін байқауға болады.

Кейбір аурулардың әсерінен науқастың бет-әлпеті өзгереді. Мысалы, жүрегінің митральдық қақпақшасы ақаулы науқастың бетінің ұшы көкшіл қызғылттанады (митральдық бет-әлпет). Ал терісі ақшылсары түске еніп, бетінің ұшы көгеріп, ісініп, солпыйған, көнтиген, қызғылттау ернін ашып, үнемі ауа қармағандай кейіп – Корвизар бет-әлпеті – созылмалы ағымды жүрек ауруларына тән. Иценко-Кушинг ауруымен науқас адам дөңгелек жүзді, қызыл шырайлы болады; әйелдерге сақал өседі. Периторит, іш түйнегі сияқты хирургиялық ауыр ағымды сырқаттардан халі өтө нашарлаған науқастардың кейпі өрекше (Гиппократ бет-әлпеті). Ондай науқастан суық тер шығады. Денесі қатты бозарады. Беті қушиып, көзі шүңірейіп, жүзінен өнжарлық байқалады. Бүйрегі ауыратындардың беті, әсіресе көзінің айналасы мен қабағы ісініп, көзі сығырайып кетеді. Базед ауруымен науқастардың бетінің еті кетіп, өңінен шыдамсыздық, шапшаң әрекетке бейімділік аңғарылады; екі көзі шарасынан шығып, бадырайып кетеді (exephthalmus). Сіреспемен сырқаттардың беті жиырылып, тырысады; өңі күлгін тартады.

Көз бөн оның төңірегінде байқалатын өзгөрістер мынадай: қабақтың салбырап (птоз), ісінуі; көздің шарасынан шығып, бадыраюы, қызаруы, канталауы; қос қарашықтың бір сәттө әртүрлі кеңеюі ( anisokaria), т.б. Бүл өзгерістердің біразы нерв жүйесінің түрлі әсерімен байланысты. Қабақтың үнемі ашық тұрып, төмен қарағанда, карашықпен үйлесімді қимылдамай, бұрынғы қалпында қалып қоюы (Грефе бөлгісі), қос жанарды бір нүктеге қадап, сол нүктені біртіндеп жақындатқанда қарашықтардың қосылмауы (Мебиус белгісі), кірпікті сирек қағу (Штельвиг бөлгісі) сияқты бөлгілер Базед ауруынан симпатикалық нерв жүйесі зақымдалғанда байқалады.

Науқасты карап зерттегенде оның мұрнына да зер салған жен. Мерездің салдарынан мұрынның пұшық болуы, ал түрлі баскадай себептөрден қызаруы, көгеруі немесе ісінуі, ентіккенде оның танауы делбендеуі мүмкін.

Бірқатар аурулардың белгілері кұлакта да ұшырасады. Мысалы подагра ауруында кұлақ қалқанына нуклеин қышқылды натрий тұздары шөгіп түйіншектер түзеді (tophi ucici).

Ауыз қуысын көптеген аурулардың айнасы деуге болады. Денесі, қызған адамның ерні кезеріп, аузы құрғаса, басқа жағдайларда тіл ағарып, жарылып немесе ісінсе, енді бір сырқаттарда қызыл иек қанталап, тістің өзі немесе ұясы зақымдалады. Ауыздың шырышты қабықшасында көптеген ауруларға тән алуан түрлі бөртпелер, қабыршықтанған ошақтар, ойық жаралар қалыптасады.

Мойын тұсын қарағанда веналардың білеуленіп кеңейгенін, артериялардың соғуын, қалқанша без бен мойындағы лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, тыртықтардың және басқа ақау-зақымдарды көруге болады. Сау адамның лимфа түйіндері қолмен басып байқағанда да білінбесе, түрлі сырқаттардың әсерінен олардың көлемі, қатты-жұмсақтығы (консистенциясы), төңірегіндегі ағзалармен арақатынасы, сезімталдығы өзгереді. Түрлі ауруларда лимфа түйіндерінің сипаты әртүрлі. Рак метастазы жайылған лимфа түйіндері бірімен бірі біріккен, төңірегіндегі ағзалармен тұтасқан, басқанда ауырмайтын әрі қатты болады. Лимфогранулематоз ауруында олар өте ұлғайып, бірігіп, төріге жайылмай, оның астына бос жайғасса, туберкулезден-іріңдеп, жыланкездер (СВИЩ) қалыптастырып, тыртықтанады.

Жалпы тұлғаны қарап өзегерткенде қаңқа бұлшықтеінің күші мен көлеміне зер салынады. Түрлі себептерден арықтағанда, нерв жүйесінің кейбір сырқаттарынан қаңқа бұлшықеті семіп, әлсірейді. Науқастың бұлшықет күшін дәрігер оған өз қолын қысқызып, тартқызып, байқайды. Аяқ –қол бұлшықетінің көлемі сантиметірлік таспамен өлшенеді.


Омыртқа жотасынын қарап зерттеу.

Көптеген аурулардан дененің тұлғасы өзгеретіні белгілі. Мысалы, туберкулезден омыртқа жотасының арқа бөлігі артқа қарай (кифоз), алға (лордоз) немесе бір қырына (сколиоз) қарай жиі қисаяды. Ал Бехтерев ауруынан омыртқалар тұтасып, олардың өзара қимылы шетеліп, тұлға бір қалыпта тік қатып қалуы да мүмкін.

Сүйек –буын жүйесін қарап зерттеу

Сүйекті қарап зерттегенде қол-аяқтың, басқа сүйектердің жалпы тұрқына, қисық-түзулігіне, ж.б. өзгерістерінің бар-жоқтығына көңіл аударған жөн (мысалы, қан аурулары, рахит түрлі сүйектерді зақымданса, сифилис мұрынды опырып, балтыр сүйектерін қисайтады).

Буындардың көбінесе көлемі мен бітімі өзгеріп, төңірегіндегі ткані ісініп, қызады. Саусақтың буындары ұлғайып, онда түйіншектер пайда болуы мүмкін (геберден түйіншектері). Созылмалы ағымды қолқа, жүрек ауруларынан саусақтардың ұшы жуандап, тырнақтары қалыңдай келе, сағат шынысына ұқсастана ойыстанады.


Көрнекі құралдар:

    1. Мамандыққа кіріспе

    2. Диагностиканың тәсілдері

    3. Сұқбаттасу.

    4. Физикалық тәсілдер тобы. (қорғау, пальпациялау, перкуссия) аускультация.

    5. Зертханалық-аспаптық зерттеулер.


Әдебиеттер тізімі


1. Айтбембет, Бегалы Нурманулы ҚММУ. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оқу құралы / ҚММУ. - Алматы : Ғылым, 2003. - 544 с Экземпляры: всего:41 - 1(3), 2(5), 3(33)

Аннотация: БНВ 616.1/9А32

2. Байдурин С.А. Методология клинического диагноза и принципы синдромной диагностики внутренних болезней (учебно-методическое пособие). Астана: КазГМА, 2004.-150с.

3. Пропедевтика внутренних болезней: Атлас: Пер. с англ./Под ред. И.Н.Денисова, В.Т.Ивашкина, Н.А.Мухина, В.И.Покровского.-М.: ГЭОТАР- МЕД, 2003.- 720с.-(На обл. указ. авт.: Б.Бейтс) 31экз.

4. Пропедевтика внутренних болезней:Учебник для студ. стомат. фак. мед. вузов/Под ред. В.Т.Ивашкина, А.А.Шептулина.-М.: МЕДпресс-информ, 2003.-229 с. 1экз.

5. Мухин, Николай Алексеевич. Пропедевтика внутренних болезней: Учебник для вузов/Н.А.Мухин, В.С.Моисеев.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2002,2004. 768с.:ил.-(ХХ1 век). 208экз.

6. Гребенев, Андрей Леонидович. Пропедевтика внутренних болез­ней: Учебник/ А.Л.Гребенев.-5-е изд., перераб. и доп.-М.:Медицина, 2001.- 592c.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ішкі аурулардың анықтамасы

  2. Деннің саулығының анықтамасы

  3. аурудың анықтамасы

  4. Науқасты тексеру әдістері

  5. Симптом дене не

  6. Синдром деген не

  7. Симптомокомплекс денен не

  8. Диагноздың анықтамасы

  9. Диагноздың түрлері

  10. Диагнозды тұжырымдау тәсілі

Похожие:

Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г

Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г
Бехтерев ауруыныњ дамуындаѓы инфекциялыќ-аллергиялыќ факторлардыњ мєнін аныќтањыз?
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г
Маќсаты: Ревматоидтыќ артрит кезіндегі тіндер мен м‰шелердегі морфофукциональді µзгерістерін аныќтауды игеру
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г
Маќсаты: ¤кпеніњ екіншілік туберкулезі кезіндегі тіндер мен м‰шелердегі морфофукциональді µзгерістерін аныќтауды игеру
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: «Балалардағы гипер- және гипогликемия синдромы. Эндокринологияда мейірибкелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері»
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгм а 4/3-01/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Оќытушыныњ жетекшілігімен студенттердіњ µз бетінше атќаратын ж±мысына арналѓан єдістемелік н±сќау
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Экзо- және эндокриндік ісіктерді классификациялық ұстанымға және морфологиялық бейнесіне сүйене отырып, өзара ажыратып, анықтай...
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Ісіктің қалыптасуын гистогенездік классификациясына сәйкес анықтап, оларды клиника-морфологиялық түрғыдан сипаттамасын ажыратып,...
Ф кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница