ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2




НазваниеҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2
страница1/6
Дата конвертации15.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://webirbis.kgmu.kz/irbis64r_11/books/Электронная_библиотека_ПБД/мет._пос._8_2011/Л.К.Бадина
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті


Л.К.Бадина, Р.Д.Қонақбаева, А.Р.Алина


ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН ЕМДЕУ


Оқу-әдістемелік құрал


Қарағанды, 2011


ӘОЖ 616.12-009.3-08

ҚБҚ 54.101

Б14


Рецензенттер:

Т.З. Сейсембеков - «Астана Медицина Университеті» АБ №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д.

К.А.Алиханова - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үздіксіз кәсіптік дамыту факультетінің фтизиат­рия, психиатрия, акушерство және гинекология, дерматовенерология және жұқпалы аурулар курстарымен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының мең­герушісі, м.ғ.д., профессор

Г.М.Мулдаева - Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің амбулаторлы-емханалық терапия және шұғыл медициналық көмек кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д.


Б14 Бадина Л.К., Қонақбаева Р.Д., Алина А.Р. Жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеу.-Қарағанды.-2010.- 63 б.


Оқу-әдістемелік құрал жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеу қағидаларына арналған. Аритмияны емдеуге көрсеткіштер, дәрілік теапияны таңдау, аритмияға қарсы препараттардың сыныпқа байланысты сипаты мен ырғақ бұзылыстарының негізгі клиникалық түрлерін емдеу шараларының тәсімі ұсынылған. Оқу-әдістемелік құралы студенттерге, дәрігер-интерндерге және тәжірибелік дәрігерлерге арналған.


ӘОЖ 616.12-009.3-08

ҚБҚ 54.101


ҚММУ Әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды

Хаттама № 2 13.10.2010ж.


ҚММУ Ғылыми Кеңесінде бекітіліп және басылымға ұсынылды

Хаттама № 4 25.11.2010ж.


© Л.К.Бадина, Р.Д.Қонақбаева, А.Р.Алина, 2011

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ





ААП

– антиаритмиялық препараттар

ААТ

– антиаритмиялық терапия

ААФ

– ангиотензинайналдырушы фермент

АВ

– атриовентрикулярлы

АГ

– артериальды гипертония

АҚ

– артериальды қысым

АҮФ

– аденозинүшфосфорлы қышқыл

б/е

– бұлшықетке

ВЭМ

– велоэргометрия

ДКМП

– дилатациялық кардиомиопатия

ЖЖ

– жүрекшелер жыбыры

ЖЖЖ

– жүректің жиырылу жиілігі

ЖИА

– жүректің ишемиялық ауруы

ЖТ

– жүрекшелік тахикардия

к/т

– көктамырға

ҚД

– қарыншалар дірілі

ҚТ

– қарыншалық тахикардия

ҚФ

– қарыншалар фибрилляциясы

МАС синдромы

– Морганье-Адомс-Стокс синдромы

СА

– синоатриальды

сағ

– сағат

СТ

– синусты түйін

СТӘС

– синусты түйіннің әлсіздік синдромы

ҰТ

– ұстамалы тахикардия

ЭИТ

– электроимпульсты терапия

ЭКГ

– электрокардиография

ЭКС

– электрокардиостимуляция

ЭФИ

– электрофизиологиялық зерттеу

ЭхоКГ

– эхокардиография

WPW синдромы

– Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы



МАЗМҰНЫ



Кіріспе

5

1. Аритмия емінің жалпы қағидалары

6

1.1. Ырғақ бұзылысын емдеуге көрсеткіштер

6

1.2. Дәрілік терапияны таңдау әдістері

8

2. Антиаритмиялық препараттардың жіктелуі

9

2.1. Аритмияға қарсы препараттардың сипаттамасы

10

2.2.Жүректің уақытша емдік және профилактикалық электрлік стимуляциясы

13

2.3.Тахиаритмияны хирургиялық емдеу әдістері

14

2.4.Аритмияға қарсы препараттарды сыныпқа байланысты қолдануға көрсеткіштер

14

2.5. Клиникада қосарланған антиаритмиялық препараттарды

қолдану

17

2.6. Аритмия мен жүрек блокадаларын электрлік емдеу әдістері

22

3. Жүрек ырғағы бұзылысымен науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру

22

4. Ырғақ бұзылыстарының негізгі клиникалық түрлерін емдеу шараларының тәсімі

23

5. Аритмияны емдеуде жіберілетін стандартты қателіктер

34

Қорытынды

36

Тесттік тапсырмалар

37

Әдебиеттер

46

Қосымшалар

48



КІРІСПЕ


Соңғы он жылдықта жүрек ырғағы бұзылысы дамуының электрофизиологиялық механизмдер түсінігінде жетістіктерге жетті. Оларды анықтау мен танып білу мүмкіндіктері жақсарды. Аритмияға қарсы дәрілік заттар арсеналының көбеюімен қатар электроимпульсті терапия әдістері кеңінен қолданылады, операциялық емдеуде табыстарға қол жеткізілді [1]. Бірақ, аритмияның нәтижелі терапиясының мәселесі шешілуінің шыңы алыс. Бұл келесі негізгі жағдайларға байланысты. Біріншіден, әрбір науқастағы аритмияның себебі мен нақты механизмін анықтау шешілмеген мәселе болып қалуда. Сондықтан аритмия емі әдетте эмпириялық және айқын дәрежеде симптоматикалық болады. Анық мәнде бұл күрделі мәселені шешуге тиянақты антиаритмиялық дәрілік затты таңдауға негіз болатын бағдарламалық электрлік стимуляциямен жүрекішілік электрофизиологиялық зерттеу мүмкіндік туғызады. Бірақ, мұндай зерттеулер тек арнайы орталықтарда жүргізіледі [2,3].

Екіншіден, аритмияға қарсы дірілік заттардың нәтижелілігін анықтау қиын. Бұл аритмияның кенеттен ауытқуларымен байланысты, сондықтан, тіпті мониторлық тәуліктік ЭКГ тіркеу оларға нақты баға бере алмайды [4,5].

Одан басқа, аритмияға қарсы әсер қанда дәрілік заттың белгілі бір жоғары концентрациясы болғанда пайда болады да, адекватты дозаны таңдауда бірқатар қиыншылықтар тудырады.

Үшіншіден, аритмияға қарсы препараттардың барлығында дерлік кері әсерлердің қаупі жоғары, сондықтан, мүмкін болатын пайдасын, оларды қолданудың қаупін нақты бағалап, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, препараттың дозасы мен қолдану тәсілдерін тиімді таңдауын іске асыру қажет [6].

Кез-келген дәрігердің өз арсеналында аримияны жылдам және нәтижелі жоятын, қауіпсіз және кері әсерлері жоқ препараттың болуын қалайтыны түсінікті. Бірақ заманауи ғылым тәжірибе дәрігеріне бұндай әмбебап дәрілік затты ұсына алмайды. Барлық бүгінгі таңда белгілі лайықты препараттардың өзін қауіпсіз деп айтуға болмайды. Барлығына проаритмогенді қасиет тән [7,8]. Дәрігерге әрбір нақты жағдайда препараттың нәтижелілігі мен залалдығы арасында таңдау жасау қажет.

Арнайы аритмияға қарсы емге енеді:

1.Аритмияға қарсы препараттар ұсыну

2.Жүректің электрлік стимуляциясы

3.Электроимпульсты терапию

4.Хирургиялық әдістер


1. АРИТМИЯ ЕМІНІҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1. Ырғақ бұзылысын емдеуге көрсеткіштер


Терапияның көптеген асқыныстары мен симптоматикалық сипатына байланысты аритмияға қарсы дәрілік заттар ұсынуға көрсеткіштер қатаң анықталған және шектелген болу қажет.

Емге дейін келесі сұрақтарды дәйектілікпен шешіп алу маңызды:

1. аритмияны нақтылау (автоматизм, қозу, өткізгіштік қызметтері)

2. анықталған ырғақ бұзлысын төзу мен болжамдық маңызын бағалау

3. аритмияның себебін анықтау (негізгі ауру немесе арандатушы фактор)

4. басқа мүшелердің жағдайы мен қосалқы аурулары

Антиаритмиялық терапия тактикасын гемодинамикалық көрсеткіштерге байланысты таңдайды және ырғақ бұзылысының дамуы немесе тежеуі жағдайында олардың өзгеруін болжау қажет (кесте 1) [7,8].


Кесте 1. Шұғыл ААТ көрсеткіштерін таңдау тәсілі


Шұғыл терапияны қажет ететін негізгі ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары

Шұғыл терапияны қажет етпейтін ырғақ және өткізгіштік бұзылыстары

- ұстамалы суправентрикулярлы тахикардия

- синусты тахикардия, брадикардия және қанағаттанарлық төзімділікпен болатын аритмия

- ұстамалы жүрекше жыбыры мен дірілі

- жүрек декомпенсациясы белгілерінсіз жүрекше жыбыры мен дірілінің тұрақты түрі

- қарыншалық тахикардия (сонымен бірге "пируэтті")

-экстрасистолия


- миокард инфарктысының жеделдеу кезеңіндегі қарыншалық экстрасистолия

- үдеген идиовентрикулярлы ырғақ; AV-қосылысынан ырғақ

- Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларының дамуымен брадиаритмия

- анамнезінде миокард инфарктысы мен Морганьи-Адамс-Стокс ұстамалыра жоқ адамдардағы I және II дәрежелі AV-блокада

- толық АV-блокада

- Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы


Шұғыл аритмияға қарсы терапияға тікелей көрсеткіштер екі негізгі жағдайларда дамиды. Олардың біріншісіне аритмияға байланысты пайда болған асқыныстар, ең бастысы жүректің қан айдауының қауырт төмендеуімен болатын гемодинамикалық бұзылыстар жатады. Бұл гемодинамика бұзылыстары жедел жүрек жеткіліксіздігі, гипотензия, шок, өмірге маңызды мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі түрінде болуы мүмкін. Аритмияның гемодинамикалық әсерін клиникалық бағалау қиын емес (пульс, АҚ, тыныс алу жиілігі, іркілісті жағдайлар, милық бұзылыстар және т.б.). Синусты ырғақтың қалыптасуына қажеттілік үлкен қан айналым шеңберінде қайталамалы тромбоэмболиялар кезінде, мысалы, жыбыр аритмиясында туындайды. Емдеуге екінші көрсеткішке болжамды түрде өмірге қауіпті ырғақ бұзылыстары жатады: қарыншалық экстрасистолалар – ерте, жиі, топтық, политопты, қарыншалық тахикардия. Бұл жағдайларда емдеу гемодинамикалық бұзылыстар болмаған жағдайда да көрсетілген.

Симптомсыз және қауіпсіз ырғақ бұзылыстарында, әсіресе, жүректің клиникалық анықталған ауруы болмағанда аритмияға қарсы ем көрсетілмейді [7,8,9].

Антиаритмиялық терапия келесі ырғақ бұзылыстарында жүргізілмейді:

- синусты брадикардия

- ырғақ жүргізушісінің ауысуы

- синусты аритмия

- сирек монотопты кеш экстрасистолалар

- бұлтылдақ жиырылулар

- баяу эктопиялық ырғақтар

Аритмияға қарсы емге көрсеткіш анықталуы төмен, салыстырмалы болатын науқастар саны аз емес.

Бұл жағдайларда мүмкін болатын себепті, этиологиялық ем туралы ойлану қажет.

Аритмиялар көптеген аурулардың симптомы және асқынысы болуы мүмкін. Оларды анықтау шұғыл шаралар қажет болмаған жағдайда бірінші орында тұру қажет (кесте 2). Бұларға ЖИА, жүрек жеткіліксіздігін, миокардитті, интоксикацияны (жүрек гликозидтерімен, алкогольмен), электролитті баланс бұзылыстарын емдеу, жүрек ақауларына байланысты операциялар, жүрек ырғағының жасанды жүргізушісін қалпына келтіру жатады. Оттегіне қажеттілігін төмендету жолымен миокард ишемиясын шектеу ЖИА кезіндегі аритмияға оң әсерін беруі мүмкін. Диуретик вазодилататорлар көмегімен айналымдағы қан көлеміне, жүктеме алды және жүктемеден кейінге әсер ету жүрекше немесе қарынша созылуын төмендетеді, сонымен бірге, аритмияның жойылуына да әкелуі мүмкін. Тұрақты тахикардияның егде адамдарда аз симптомды болатын және ең бастысы тиреотоксикалық емді қажет ететін тиреотоксикозға байланысты болуы мүмкіндігін да ұмытпау керек. Бірқатар жағдайларда жалпы неврозды емдеу, арандатушы факторларды (темекі шегу, қою шай ішу) жою да нәтижелі болады [10].


Кесте 2. Жүрек ырғағы бұзылысының этиотропты емі


Аритмия дамуына негіз болған патология

Аритмия түрі

Этиотропты терапия

Жүректің митральды ақауы: АВ- саңылаудың стенозы


Жүрекшелік экстрасистолия, жыбырлы аритмия, ұстамалы тахикардия

Стенозды хирургиялық емдеу

Миокардит


Жүрек ырғағы бұзылыстарының барлық түрі

Қабынуға қарсы терапия

Тиреотоксикоз


Синусты тахикардия, экстрасистолия, ұстамалы жүрекшелік тахикардия, жыбырлы аритмия

Тиреотоксикозды емдеу

Жүректің алкогольді зақымдануы


Экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, жыбырлы аритмия

Алкоголизмді емдеу

Қарыншалардың уақытынан бұрың қозу синдромы

Экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, жыбырлы аритмия

Өткізгіштік жолдарды хирургиялық емдеу

Екіншілік гиперальдостеронизм (жүрек жеткіліксіздігі кезінде)

Экстрасистолия, жыбырлы аритмия

ААФ ингибиторлары, спиронолактондар, калий препараттары

В-адреноблокаторлар, верапамил, дилтиазем, антиаритмиялық және басқа дәрілік заттарды мөлшерден тыс қолдану

Аритмия мен блокадалардың барлық түрі

Дәрілік заттарды қолданбау

Невроз, вегетациялы дисфункция, климакс

Экстрасистолия, синусты тахикардия, ұстамалы жүрекшелік тахикардия

Аталған ауруларды емдеу


  1   2   3   4   5   6

Похожие:

ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 icon5В010300-«Педагогика және психология» мамандықтарына «Психология тарихы» пәні бойынша
Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланды: хаттама №6, 20. 06. 2012 ж
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
ОӘК психология кафедрасының отырысында талқыланды. Хаттама №7 “ 02 ” 02 2005ж
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физикалық өлшеулер және құралдар»
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында құпталып және баспаға ұсынылды
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconКурс – 2
Экономика және басқару институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconКурс – 3
Экономика және басқару институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconЛекциялар
ОӘк педагогика және психология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconКурс – 2
Экономика және басқару институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconЛекциялар
ОӘк педагогика және психология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген
ҚБҚ 54. 101 Қмму әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және құпталды Хаттама №2 iconБарлығы – 90 сағат
Экономика және басқару институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница