Курсы І, ІІ




Скачать 274.53 Kb.
НазваниеКурсы І, ІІ
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер274.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/07/17/51e634e34b0d4.doc
  1   2   3
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Жалпы медицина факультеті

Оперативтік хирургия және топографиялық анатомия курсымен адам анатомия кафедрасы





«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмысы

жөніндегі проректоры

Б.А.Айнабекова _________

«____»____________2007 ж.




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Анатомия 1пәні бойынша Anat-1 (2)203

мамандығы 051301 «Жалпы медицина»


курсы _І, ІІ


семестр ІІ, ІІІ


Дәріс-18 (сағат) Емтихан ІІІ

Тәжірибелік сабақ -126 (сағат) (семестр)

Дифф. сынақ ІІ

(семестр)


Өзіндік жұмыс -72 (сағат)

Жалпы сағат көлемі- 216


қ. Астана 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы 051301 «Жалпы медицина» мамандығына арналған 2006 ж ҚР МЖМБС –негізінде, ҚР ДСМ Білім, ғылым және кадр ресурстары департаментімен бекітілген анатомия 1-ге арналған типтік оқу бағдарламасы бойынша құрылған, 18 маусым 2007 ж.


Жұмыс бағдарламасы оперативтік хирургия және топографиялық анатомия курсымен адам анатомия кафедрасы мәжілісінде қарастырылды


Хаттама №1

«28» тамыз 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор: Ә.Б. Әубәкіров


Жұмыс бағдарламасы қазақ бөлімінің пән-әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

Хаттама №


«___»_ _____ 2007 ж. Төрағасы проф.: ______Е.Д. Дәленов


Оқу-әдістемелік Кеңесте мақұлданған _______________

Хаттама №

«___»_ _____ 2007 ж.


Төрағасы проф.:_______ Айнабекова Б.А.

(Аты-жөні, қолы)



  1. Бағдарлама



2.1 Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады, бұл пәнсіз студентке практикалық дәрігерге қажет мамандық клиникалық пәндерді меңгеру қиын болады.

Анатомия тек қазіргі адамның құрылысын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тарихи дамуы кезінде қалай қалыптасқандығын зерттейді. Анатомия – 1 пәнінің бағдарламасы адам организмін құрайтын мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомия-топографиялық қатынастарын зерттеуге бағытталған.


2.2 Пәннің мақсаты: адам организмі ағзаларының құрылысын олардың жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне, мүшелердің анатомия-топографиялық өзара қатынасына байланысты зерттеп, алынған мәліметтерді клиникалық кафедраларда қолдану.


2.3 Міндеттері:

• клиникалық ұғымның дамуына бағыттылған мүшелер мен жүйелердің құрылысы мен топографиясын білу негізін құрастыру;

• адам мүшелері құрылымының өзара байланысы мен өзара қатынасы және қызметі жөнінде, адам ағзасының қоршаған орта жағдайларына, еңбек пен әлеуметтік факторларға байланысты біртұтастығы жөнінде ғылыми көз қарасын жетілдіру;

• физикалық бақылау және алғашқы жедел медициналық көмек көрсету әрекеттерін игеру мақсатында ағзалар мен олардың бөліктерінің орналасуы проекциясын анықтай білуді игеру;

• адам ағзасы мен мәйітті биологиялық материал ретінде ұқыпты және аса құрметпен қарау;



    1. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білу керек:

• анатомиялық препараттармен және басқа да оқу әдістемелерімен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін;

• қаңқа сүйектерінің ерекше белгілерін;

• сүйектер байланысының түрлерін, жіктелуін және буындардың биомеханикасын;

• бұлшықеттердің анатомиясын, жіктелуін, қызметін;

• бас, мойын, қол мен аяқтың, кеуде, құрсақ пен жамбас ағзаларының топографиясын;

• асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамырлар және зәр шығару жүйесі ағзаларының анатомиясын, топографиясын және олардың құрылыс ерекшеліктерін;

• жұлын мен бас миының құрылысын;

• сезім мүшелерінің анатомиясын;

• жұлын және бас миы нервтерінің түзілуі мен қызметін, олардың нервтендіруін;

• қан тамыр және лимфа жүйелерінің анатомиясы мен топографиясын;

• эндокринді бездер құрылысы мен қызметін;

• бас пен мойынның, дененің және аяқ-қолдың тері жамылғыларының морфо-функционалдық сипаттамасын;

• халықаралық анатомиялық номеклатураны латын тілінде;


Көрсете білу керек:

• бас сүйектері, дене және қол мен аяқ сүйектеріне тән ерекшеліктерін;

• анатомиялық препараттарда сүйек байланыстарының құрылымдық элементтерін;

• мәйіттен бастың, дененің және қол мен аяқтың бұлшықеттерін;

• бас пен мойын, кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарындағы ағзаларды табуды;

• жұлын мен бас миы бөлімдерін көрсетуді;

• жұлын мен бас миы нервтерін;

• мәйіттен бас пен мойын, кеуде, құрсақ қуысы, кіші жамбас және қол мен аяқтың қан тамырларын көрсетуді;

• адам денесінің бетінен ағзалар мен қан тамырлар, нервтер проекциясын анықтап көрсетуді.


2.5 Реквизитке дейінгі: биология, адам анатомиясы бойынша мектеп бағдарламасы.

2.6 Реквизиттен кейінгі: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.


2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары: тақырыптар, өткізу түрі және әр сабақтың ұзақтылығы

Дәрістің тақырыптық жоспары





Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1.

Анатомия пәні және мақсаты: ткандерге, мүшелерге, ағза жүйесіне жалпы сипаттама. Адам эмбриогенезінің алғашқы сатысы.

шолу

1

2.

Тірек-қимыл аппараттарының жалпы анатомиясы. Сүйек мүше ретінде. Сүйектің құрылысы және дамуы. Қаңқаның дамуына және құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.

шолу

1

3.

Толық бас қаңқасының анатомиясы және топографиясы. Бас қаңқасының дамуы. Адам бас қаңқасы құрылысының жастық, жыныстық және типтік ерекшеліктері.

шолу

1

4.

Сүйектер байланысы туралы түсінік. Байланыстардың дамуы. Сүйектер байланыстарының түрлері.

шолу

1

5.

Жалпы миология. Бұлшықет мүше ретінде. Онтогенездегі бұлшықеттердің дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің көмекші аппараттары.

шолу

1

6.

Бұлшықеттердің биомеханикасы: бұлшықеттердің анатомиялық және физиологиялық кесіндісі. Көтеру күші. Бұлшықетке және буындарға әсер ететін сыртқы және ішкі күш.

шолу

1

7.

Жүйке жүйесі туралы түсінік. Жүйке жүйесінің құралу негіздері. Қарапайым және күрделі рефлекторлық доға. Бас миы қыртысының түзілуі. Анализаторлар туралы түсінік.

шолу

1

8.

Бас-ми нервтерінің функциональдық анатомиясы.

мәселелік

1

9.

Вегетативті нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсінік.

шолу

1

10.

Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе. Асқорыту жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

шолу

1

11.

Тыныс алу жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

шолу

1

12.

Сезім мүшелерінің функциональдық анатомиясы.

шолу

1

13.

Ангиологияға кіріспе. Қантамырлар құрылысының, тармақталуының және жіктелуінің негізгі принциптері. Микроциркуляторлық арна. Коллатералдық қанайналым.

шолу

1

14.

Жүректің функциональдық анатомиясы, дамуы.

мәселелік

1

15.

Лимфа жүйесінің жалпы морфологиясы, дамуы және оның ағзадағы ролы. Осы жүйенің негізгі бөлімдері, олардың құрылысы.

шолу

1

16.

Эндокриндік аппараттар мүшелерінің морфофункциональды сипаттамасы, олардың мүшелер және ағза жүйесінің қызметтерін реттеудегі ролы.

шолу

1

17.

Несеп жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

шолу

1

18.

Әйел және ерлер жыныс мүшелерінің функциональдық анатомиясы және дамуы.

шолу

1




Барлығы: 18




18
  1   2   3

Похожие:

Курсы І, ІІ iconВысшие дипломатические курсы
Курсы «Повышение профессиональной квалификации» для молодых специалистов, принятых на работу
Курсы І, ІІ iconМакроэкономика-2”
Солоу, сбалансированный рост, "золотое правило накопления", абсолютная и относительная конвергенция, эндогенный рост; открытая экономика:...
Курсы І, ІІ iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Курсы І, ІІ iconЛекция 40 сағат Экзамен 1 семестр Алматы 2009 Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы»
Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы» және 050704-«Вычислительная техника и программное обеспечение» мамандықтарының оқу...
Курсы І, ІІ iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын...
Курсы І, ІІ iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді...
Курсы І, ІІ icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
Курсы І, ІІ iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Курсы І, ІІ iconКурсы: І №1-15

Курсы І, ІІ iconКурсы: І №1-18

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница