Курсы 3 Оқу семестрі 5




НазваниеКурсы 3 Оқу семестрі 5
страница6/22
Дата конвертации15.02.2016
Размер3.43 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://base.ukgfa.kz/kafedra/terap_bak/szz_kds_kz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

СӨЖ бағасы

Баға /% /


Баға әріппен

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

Баллдар

95-100

А

Өте жақсы

102,6-108

90-94

А-

97-101,5

85-89

В+



Жақсы

91,8-96

80-84

В

86,4-91

75-79

В-

81-86

70-74

С+



Қанағаттанарлық

75,6-80

65-69

С

70-75

60-64

С-

64,8-69

55-59

D+



Қанағаттанарлық емес

59,4-64

50-54

D

54-59

0-49

F

0-53



Қорытынды бақылау – экзамен ( 40%), оның ішіне тесттілеу кіреді.

Тесттік бағалау



Баға /% /


Баға әріппен

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

Баллдар

95-100

А

Өте жақсы

68,4-72

90-94

А-

64,8-68

85-89

В+



Жақсы

61,2-64

80-84

В

57,6-61

75-79

В-

54-57

70-74

С+



Қанағаттанарлық

50,4-53,5

65-69

С

46,8-50

60-64

С-

43,2-46

55-59

D+



Қанағаттанарлық емес

39,6-43

50-54

D

36-39

0-49

F

0-35



Қосымша және айып балдар:

- баяндама, көрнекі құралдар дайындау және СҒЗЖ-на белсенді қатысқаны үшін 1,8 балл

- халат пен қалпағының болмауы мен сабақты себепсіз жіберуіне байланысты 0,5 балл төмендетіледі.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


ТЕРАПИЯ БАКАЛАВРИАТ КАФЕДРАСЫ


Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: Әлеуметтік мәнді аурулардың терапиясы және алдын алуы


ДӘРІС КЕШЕНІ


КУРС: 3


Шымкент, 2013ж.


Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған


№______хаттамасы ____2013ж.


Кафедра меңгерушiсi

м.ғ.д., проф. Бекмурзаева Э.Қ._____


1

І) Тақырыбы: Әлеуметтік мәнді аурулар туралы түсінік, түрлері, эпидемиологиясы.

ІІ) Мақсаты: Әлеуметтік мәнді аурулар туралы түсінік, түрлері, эпидемиологиясымен таныстыру.

ІІІ) Дәріс тезистері:

Қазақстанда жыл сайын кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясын өткізу жақсы әдепке айналды,мақсаты-медициналық және кеңестік көмек көрсету, әлеуметтік мәнді аурулардың алдын-алу сұрақтары бойынша ауыл халқының ақпараттануын жоғарылату және қауіп-қатер деректері тууын төмендету.

16,718 млн.Қазақстан халқының 7,577 млн.адамы ауылдық жерде тұрады, ол 45,3% құрайды (2012 ж 1наурызындағы санақ бойынша ҚР агенттігінің мәліметі бойынша), медициналық көмек 6 360 ұйымдарға көрсетілуде АМСК (АОА,АУА,АДА және АМСК,ФАК ұйымдары).

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың  27 қаңтарындағы халыққа Жолдауында «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту-Қазақстан дамуында басты бағыт» деп мемелекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онкологиядан өлім және аурулардың төмендегеніне ерекше көңіл бөлді .Президент Өкіметке Қазақстанда ісіктікке көмекті дамыту бойынша бағдарламаны өңдеуді тапсырды, бірінші жоспарға ісіктен өлім және аурулардың төмендеу сұрағы шығады.

Әлемде онкологиялық аурулардың өсуі орташа 5%-ға жылда байқалады. Демографиялық болжамдар халықтың өмірінің ұзақтығының ұлғаюына келешекте қатерлі аурулардың өсуіне әкеліп соғатынын ескеру керек.

Қазақстанда жыл сайын отыз мыңнан астам онкологиялық аурулар анықталады, ерте басталған аурулар түрі 47,2℅ ғана анықталады. Республикада бесжылдық онкология ауруларымен ауыратындардың өмір сүргіштігі тиімді қызметтің негізгі көрсеткіші болып табылады, 51,2℅ құрайды.Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 60℅ құрайды.

2011 жылы скрининг шегінде жатырдағы ісік алды және қатерлі ерте басталған түрі анықталды 30,35,45,50,55 және 60 жастағы әйелдердің 577 679 қаралды.Цитологиялық скринигтің қамтығаны 577 679 құрайды (104,1℅ жоспарланған құзырдан). 217 (0,04℅) жатыр аузындағы обыр жағдайлары анықталды.. Скрининг шегінде ерте басталған ісік алды және қатерлі жаңа пайда болған аурулар жуан және тік ішекте анықталды,982 919 еркек және 50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,және 70 жастағы әйелдер қаралды, жоспарланған көлемнен 78,5℅ құрайды (1252126 адам) Колоректальды скринингтің қамтығаны 982 919 адамды құрайды (69,7℅).202 (0,02℅) колоректальды обыр жағдайлары анықталды.

2012-2016 жылдарға ісіктік көмекті дамыту бағдарламасы ісіктік ауруларға қарай халықаралық қағидалар бақылауына сай келеді, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған.Бұл қағидалар бірінші кезекте ерте диагностикаға, келесі толық қайта оралу және радикальды емдеуге тәуелді.

Туберкулез қазіргі заманымыздың және жалпы Денсаулық сақтаудың негізгі мәселесі болып қалады.БДБ 2010 жылғы бағасында келісілген 8,8 миллиондаған туберкулездің жаңа жағдайлары тіркелген,2009 жылы 9,4 миллиондаған жағдайлар тіркелді. 2008 жылы қайтыс болған адамдардың -1,8 миллиондаған адамдар тіркелді, ол 2011жылға 1,1 миллионға дейін төмендеді. Көптеген дәрілік төзімділік туберкулезі ауруларының өсуі байқалады.

Қазақстанда туберкулез мәселелерінің Ұлттық орталығынығ мәлімдемесі бойынша 2002 ж.бастап аурулардың тұрақты төмендеуі халықтың 165,1-нен 86,6 дейін 100 мың адамға төмендеді, 2011 жылы төмендеу көрсеткіші 47℅ сай келді. Бірақ, республикадағы туберкулез ауруы жоғарғы деңгейде. Жасөпірімдер мен балалар арасында туберкулездің қайталануы көрінеді.Ерте басталған өкпе туберкулез түрін емдеуде халықтың флюорографиялық тексерістен жиі өтуі маңызды болып табылады.

Ақпараттық компаниялар әртүрлі құралдар мен ақпараттық каналдарды пайдаланатын және жеке оқыту мен ақпарат, халықты оятуға мақсатталған, соның ішінде ауылдың,өздері үшін пайдалы жаңа қабылдауларға қоғамның  мінездік үлгілері әлеуметтік мәнді аурулардың алдын-алу бағдарламасында маңызды бөлім болып табылады.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы басты бағыттың біреуі болып табылады, Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылдың 29 қарашасы күнгі № 1113 бекітілген Жарлығы халықтың денсаулығын жақсартуға және өмір ұзақтығының белсенділігін ұлғайтуға бағытталған АМСК дамуы болып табылады.

Алғашқы медико-санитарлық көмек осы уақытта медициналық көмек ғана емес сонымен қатар халықтың әртүрлі топтарын белсенділікпен қызықтыруда алдын-алу шаралар жиынтығы болып табылады.

Ауруларды төмендету мақсатында және онкологиялық аурулардан өлімді және туберкулезді төмендетуде ерекше роль медициналық сауаттылыққа әкеледі және жоғарыдағы көрсетілген патологиялар тууына қауіп-қатер деректері төмендеу сұрақтарына халық белсенділігін арттырады.

Осы жылы ақпараттық-коммуникальдық компаниясы «Денсаулық Жолы-2012» негізі акценті онкологиялық аурулардың алдын-алуға жасалады негізгі әлеуметтік-мәнді аурулар ретінде,сондай-ақ  ауылдық халықтың медициналық алдын-алу қарауларын өтуде белсенділігін арттыру (скринингтерді), ерте басталған онкологиялық аурулар құралы сияқты туберкулездің және қауіп-қатер мінездік деректерінің байқаплуына қарай  өткізілген.

Компанияға алыстағы ауылдық аудандарға медициналық бригадалармен қатарласып жүру ұсынылады,олардың құрамына онкология аурулары ,туберкулезге қарсы, терапиялық қызметтегі мамандар және салауатты өмір салтын аймақтарда қалыптастыру кіреді.


ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген

V) Әдебиет:

Негізгі:

1. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы. Алматы. 2005.

2. Жаманкулов К.А. Iшкi аурулар пропедевтикасы. I-II болiм. Актобе 1992 ж.

3. Қалимурзина Б.С. Ішкі аурулар. Алматы. 2006.

4. Сейсембеков Т.З. Iшкi аурулар пропедевтикасы. 1997 ж. Алматы.

Қосымша:

1. Қаражанова Л.К. Ішкі аурулар семиотикасы негіздері, Семей. 2007.

2. Жаманқұлов Қ. А. Ішкі аурулар. Алматы, 2007.

3. Қаражанова Л.К., Мусина А.А., Карибаев Қ.Р. Дәнекер тіннің диффузды

аурулары. Семей, 2000.


VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Әлеуметтік мәнді ауруларға анықтама беріңіз.

  2. Әлеуметтік мәнді аурулардың қандай түрлері бар?

  3. Әлеуметтік мәнді аурулардың эпидемиологиясы.

2

І) Тақырыбы: Өкпелік және өкпеден тыс туберкулез.

ІІ) Мақсаты: Науқастарды жалпы тексерудің принциптері: санасын, жағдайын, тері және теріасты май талшықтарын, сүйек-буын жүйесін бағалауды үйрету.

ІІІ) Дәріс тезистері:

Бұл ауру жер шарынан жыл сайын екі миллионға тарта адамды жер қойнауына алатын көрінеді. Египет ғалымдары осыдан 2000-жылдан астам жерленген адам мумиясынан туберкулез қоздырғышын анықтап, ал қоздырғышты белгілі ортаға бейімдеп сепкенде, оның өз қабілетін сақтағанын анықтаған. Сондықтан туберкулез қоздырғышы мыңдаған жылдарда да өзінің ауру тудыру қабілетіне беріктігін білдіріп отыр. Туберкулез қоздырғышын неміс дәрігері Роберт Кох өзінің тынбай 17 жылдық еңбегінің арқасында 1882 жылдың 24 наурыз күні анықтаған. Осы жаңалығы үшін 1975 жылы Нобел сыйлығына ие болған, ал 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні болып бекітілген.

Туберкулез барлық ағзаның ауруы деуге болады. Көпшілік туберкулез өкпені зақымдайтын құрт ауруы деп түсінеді, бұл түсінік мүлде шындыққа жатпайды, жиі кезігетіні рас. Туберкулез адам мүшесіндегі барлық ағзаларда кезігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық қоғамының тіркеуіне қарай жер шарында жылына 9 млн. адам туберкулез диагнозымен тіркеледі екен. Әлем бойынша бұл ауруға тиянақты тосқауыл табылмай отыр. Негізінен бұл ауру әлеуметтік жағдайға тығыз байланысты. Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары болып сәбилерді дер кезінде екпе жұмыстарымен қамтамасыз ету. Алғашқы екпе жұмысы сәби өмірге келгеннен кейін, үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалады (БЦЖ). Әрі қарай екпе календарына сәйкес ревакцинация жасалып отырады (30 жасқа дейін). Ревакцинация жасау алдында календарға сәйкес осы жас шамасындағыларға міндетті түрде Манту сынамасы жасалады, осы сынама қорытындысы бойынша ревакцинация жасалатын топтар іріктелініп алынады. Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары мыналар:
- Календар бойынша БЦЖ вакцинасын және ревакцинация жасату.
-Әр жыл сайын флюрографиядан міндетті түрде өту.
-Ауыра қалған адамдарды ауруханада емдеу.
-Аурумен қарым-қатынаста болғандарды тексерістен өткізу, оларды арнайы тіркеуге алу.
-Туберкулездің қоздырғышын сыртқа бөлушілермен ұдайы қарым-қатынаста болғандарды туберкулезге қарсы химиопрепараттарымен профилактикалық қорған жасау.
-Туберкулез таяқшасын ұдайы бөліп сыртқа шығарып тұратын отбасы мүшесін жекешелендіру.
-Туберкулез ауруы айқындалған ошақтарды толып санитарлық-тазалықтан өткізу(дезинфекция).
-Ауыра қалған отбастарына әлеуметтік көмек көрсету, материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту.
-Тұрған жерін көгаландыру, қоршаған ортаны сауықтыру,шаң-тозаңмен күрес.
-Тұрғындардың мәдениеттігін арттыру (қақырық тастамау,түкірмеу,біреуге қарап түшкірмеу т.б.)
-Осы аурудың қауіпті ошағын дер кезінде анықтау, оны зерттеу және осы ошақ аумағын толық залалсыздандыру.
-Туберкулез бактериясын бөлуші ауруларды арнайы ауруханада, ешқайда жібермей бактерия бөлінісі тоқтағанша емдеу.
-Ауруды үйіне шығарғаннан кейін сырқат адам фтизиатр дәрігер қадағалануында болып, әрі қарай емін жалғастыру,фтизиатр қадағалауымен.

Туберкулездің алдын алу спецификалық және спецификалық емес түрлері:

1. Спецификалық:

- вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

2. Спецификалық емес:

- салауатты өмір салты;

- тиімді тамақтану;

- дене шынықтыру белсенділігі;

- зиянды әдеттерден бас тарту.

ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген


V) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:


VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Өкпе туберкулезінің емі.

  2. Өкпе туберкулезінің алдын алуы.

  3. Манту сынамасының маңызы.

  4. БЦЖ вакцинациясы



3

І) Тақырыбы: Артериялық гипертензия. Науқастарды қауіп дәрежесі бойынша стратификаттау. Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері. Гипертониялық криздер, клиникалық көрініci. Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсету.

ІІ) Мақсаты: Артериялық гипертонияның этиологиясын, патогенезін, клиникасын және анықтауын, терапиясын және алдын алуын үйрету.

ІІІ) Дәріс тезистері:

Артериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады.

АГ жіктелуі

Категориясы

САД (мм с.б.б.)

ДАД (мм с.б.б.)

Оптималды

<120 (100 -119)

<80 (60 -79)

Қалыпты

<130 (120 -129)

<85 (80 -84)

Жоғары қалыпты

130-139

85-89

1 дәрежесі жеңіл

140 -159

90 -99

2 дәрежесі орташа

160 -179

100 - 109

3 дәрежесі ауыр

>180

>110

Аяқтағы қалыпты сандары 150-180/90-100 мм с.б.б. (аяқтардағы АҚ қолдағыға қарағанда 20-40 мм с.б.б. жоғары).

Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар - 25-35% құрайды.

АГ синдромының белгілері

Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады.

Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:

1 - қатерлі (тез өршитін);

2 – баяу өршитін;

3 - өршімейтін;

4 – қайтымды дамуымен;

Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді ( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің торқабықтың және көру нервінің ісінуі ретінде зақымдалады, геморрагиялар болады; бүйрек тамырларындағы органикалық өзгерістер (фибриндік некроз) орны алуы да жиі кездесіп отырады. Сонымен қатар гипертониялық энцефалопатиялар, ми қанайналымының бұзылысы, жіті солқарыншалық және бүйректік жеткіліксіздік дамиды.

Гипертониялық криз

Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық криздер тән. Криздердің дамуына психикалық жарақаттар, жүйкелік қозу, атмосфералық қысымның ауытқуы әсер етеді. Гипертониялық криз әртүрлі ұзақтықтағы (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) АҚ кенеттен көтерілуімен байқалады, ол бастың бірден ауыруымен, бас айналумен, ыстық сезімінің болуымен, тершеңдікпен, жүрек қағуымен, жүрек тұсының шаншып ауруымен, кейде көрудің бұзылуымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Ауыр жағдайда криз кезінде естен тану да болуы мүмкін.

Криз кезінде науқастар қозулы, қорыққан, немесе әлсіз, ұйқышыл, тежелген күйде болады. АҚ кенет жоғарылайды. Пульсі жиіленген, бірақ өзгермеуі немесе баяулауы да мүмкін, оның кернеулігі жоғарылайды. Кеш сатыларында, яғни ауруда органикалық бұзылыстар пайда болғанда, криз уақытында ми қанайналымының бұзылуы, миокад инфаркті, жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды.

Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді.

Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар):

І). Бүйректік гипертониялар:

1. Туа пайда болған ақаулар - гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовенозды фистулалар.

2. Жүре пайда болған ақаулар - диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызыл жегі, склеродермия), бүйректер инфаркті, туберкулезі, ісігі.

3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары - атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралды бүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары.

ІІ). Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуымен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме.

ІІІ). Эндокринді гипертониялар - феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы.

ІV). Орталық гипертониялар - энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар.

V). Қосарланған зақымдалулардағы гипертония - бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әртүрлі паренхиматозды ауруларында.

АГ синдромының диагностикасы

1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу;

2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу;

3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;

4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын;

5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы);

6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау;

7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру.

Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет:

- несеп анализі;

- жалпы қан анализі лейкоформуласымен;

- қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер);

- 12 тіркемедегі ЭКГ.

Қосымша зерттеулер:

- кеңейтілген қанның биохимиялық анализі: холестерин, төменгі тығыздықты липопротеидтер, триглицеридтер, несеп қышқылы, кальций, гликозирленген гемоглобин;

- креатинин клиренсін анықтау;

- плазмалық рениннің белсенділігін, альдостерон, ТТГ, Т4 деңгейін;

- тәуліктік несепті тексеру (микроальбуминурия, тәуліктік протеинурия, несеппен катехоламиндердің экскрециясын);

- эхокардиография сол қарыншаның гипертрофиясын, систолалық және диастолалық қызметін анықтау үшін;

- бүйректердің УДЗ;

- АҚ тәуліктік мониторинг жүргізу; І) - ангиография;

- компьютерлік томография.


ІV) Иллюстрациялы материалдар: берілген


V) Әдебиет:

негізгі:

қосымша:


VІ) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Артериялық гипертонияға анықтама беріңіз.

  2. АҚ бастапқы сатысында науқастар қандай шағым білдіреді?

  3. Емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау мақсаты үшін қандай әдістер қолданады?



4

І) Тақырыбы: АИВ – инфекциясы. ЖИТС. Эпидемиологиясы. Әлеуметтік мәні.

ІІ) Мақсаты: АИВ – инфекциясы, ЖИТС этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністері мен оларды анықтау жолдарын үйрету. Эпидемиологиясы және әлеуметтік мәнімен таныстыру.

ІІІ) Дәріс тезистері:

Ұзақ уақыт лимфоциттерде, макрофагтарда, жүйке тіндерінде персистерлеуші қабілеті бар адамның иммуножетіспеушілік вирусымен шақырылатын ауру. Тіндерде ұзақ уақыт сақталуы салдарынан организмнің нервті және иммундық жүйесін баяу зақымдайды, ол екіншілік инфекциялар, жеделдеу энцефалитпен, ісіктер және тағы да басқа патологиялық өзгерістермен сипатталады, осының бәрі науқас адамның өліміне әкеледі. АИВ инфекция бірнеше кезеңдермен өтеді, соңғы кезеңнің ЖПИЖС терминімен анықтайды (синдром – жүре пайда болған иммундық жетіспеушілік).Қазірі кезеңде АИВ инфекция өте тез өршуге бейім.

АИВ вирусы

Эпидемиологиясы

Егер 1994-95 жылдар әлемде 16 млн АИВ жұқтырылғандар және 985 119 ЖПИЖС ауру адам тіркелсе, 2000 жылы осы көрсеткіш 3-4 есе өсті. Күніне әлемде 16 000 жас адамдар АИВ жұқтырады және 7 000 адам осы аурудан қайтыс болады.

Қазақстан бойынша 1997-1998 жылдары алғашқы белгілер кезеңінде 90 пайызына дейін АИВ жұқтырылғандар тіркелсе, ал 2000 жылы олардың саны 52 пайызға төмендеді, ал екіншілік көріністермен аурулардың саны көбейді 10 пайыздан 48 пайызға дейін. ҚР-да 01.10.2000 жылға дейін 1 226 – АИВ жұқтырғандар тіркелген, ал ЖПИЖС-мен аурулар 2,8 пайыз құрайды, өлім – 7,4 пайыз. Алғашқы орында келе жатқан қазір Қарағанды облысы, онда ауру сырқаулық осы аурумен 79,3 пайыз, ал Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сонымен қатар Алматы қаласы жағдайлары қолайсыз региондарға жатады. Эпидемиялық процессіне репродуктивті жастағы әйелдердің кіруі жаңа туған балалардың бұл аурудың жұғуына ықпал жасап отыр. ҚР-да 2000 жылдың 1/Х (қазанында) АИВ жұқтырған 22 әйелден 22 бала дүниеге келді. Арудың жұғу жолы әр елде әртүрлі. мысалы: Батыс Европада перинатальды жұғу дамыған (70-80℅). Жасөспірімдерде – жынысты жол, гемотрансфузионды жолдың маңызы төмен (20-25℅) шешесінен баласына трансплацентарлы жолмен АИВ жұқтырған әйелден туған балада осы инфекция анықталмаса да олардың арасында өлім көрсеткіші жоғары, себебі олар иммуножетіспеушілік жағдайда туылады, сондықтан оларға кез келген басқа аурулар жеңіл жұғады, сол ауру салдарынан қайтыс болуы мүмкін.

ЖИТС-мен ауыратын әйелдерден туған балаларда 1 жасқа дейін 14℅-ауру пайда болады, 1 жастан кейін – 11-12℅ АИВ табылады. Орташа сеппен 4 жасқа дейін 54℅ балаларда осы ауру анықталады.

Ересек адамдарға қарағанда АИВ инфекцияға балардың сезімталдығы жоғары , қан арқылы жұққанда инкубациялық кезең қысқа болады.

Вертикальды жұғу жолын азайту үшін ауру әйелге азидотимидин (зидовудин, ретровир, тимозид) дәрілерін бергенде перинатальды жолмен ауру жұққан нәрестелер саны 4 есе азайғаны анықталған.

Этиологиясы

Қоздырғышы – 1984-85 жылдары анықталған. Ол ретровирустар тобына жататын, құрамында РНҚ-сы және кері транскриптазасы бар вирус. Қазіргі кезеңде АИВ вирусының 2 типі белгілі, олардың кейбір антигендерінде ерекшеліктері бар: АИВ-1 және АИВ-2, соғысы Батыс Африкада жиі кездеседі. Вирус геномы екі түрде кездеседі: РНҚ және ДНҚ.

Вирус сыртқы ортада тұрақсыз. Ол 560 С қыздырғанда 30/, ал қайнатқанда 1-5/ өледі дезинфирлеуші заттардың әсерінен ез өледі (3℅ сутегінің асқын тотығы, 5℅ лизол, 0,6℅ Na гидрохлориді). Ультракүлгін сәулесіне тұрақты.

Патогенезі

Табиғи жолмен жұққанда АИВті кіру қақпасы болып саналады – тік ішек пен гениталий шырышты қбаттары, тік ішектің бір қабатты эпителийінен вирустың ену жолы өте жеңіл, қынаптың көп қабатты эпителийіне қарағанда. Лимфатикалық жүйе арқылы АИВ қанға өтеді де, көптеген мүшелер мен тіндерге таралады. Егер жұғу жолы парэнтеральды болса, онда АИВ бірден қанға түседі.

АИВ тінге өткеннен соң ревертаза (немесе кері транскриптаза) ферментінің көмегімен өзінің РНҚ үлгісін салып ДНҚ түзеді, ол ДНҚ сау тін ДНҚ-сын ауыстыруы қажет, сау тін ДНҚ-сының орнына енгеннен кейін сол тінде провирус жағдайында өмір бойы қалады. АИВ тіндерге таңдамалы адсорбцияланады, АИВ тек мембрана құрамында СД 4+ белогі бар тіндерге жабысады. Ол белок вирусына рецептор болып саналады gp 120. Ондай клеткаларға жатады: Т лимфоциттер – хелперлер, макрофагтар, В лимфоциттер, нейроглиялар, шырышты қабаттар. Әсіресе, Т-хелперлерге тропизмі жоғары (СД 4+).

Бірақ Т хелперлер санының төмендеуінің себебі тек қана цитопатиялық әсердің салдарынан Т-хелперлердің бұзылуы ғана емес, сонымен қатар, инфицирленген тіндердің инфицирленбеген тіндермен қосылуы салдарынан болуы мүмкін.

Сонымен қатар, В-+лимфоциттердің де қызметі бұзылады, нәтижесінде организмде иммуноглобулиндер мен айналымдағы иммундық комплекстер түзіледі, бұл өзгеріс оның санының одан әрі төмендеуіне, аутоиммундық процесстің дамуына әкеледі.

Жұқпалы процесстің дамуның алғашқы фазаларында организм тініндегі өзгерістерді компенсирлейді., бірақ бірітіндеп қорғаныс қызметі төмендегенде, вирус өте өп көбейгенде нағыз ЖПИЖС дамиды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Похожие:

Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс/7,8 семестрлер Семей 2014
Астана, 2012 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы 3 Оқу семестрі 6
Жоо студенттеріне құрастырылды, Қр мд оқу-әдістемелік секциясында пән бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орынынан кейінгі білімі «29»...
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі 3/5
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы құрастырды Клиникалық медицинаға кіріспе Типтік...
Курсы 3 Оқу семестрі 5 iconКурсы және оқу семестрі: 3, 6 семестр. Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы жалпы хирургия кафедрасында құрастырылды. Типтік оқу бағдарламасының негізінде оториноларингология пәні...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница