Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница9/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

86. Көпірлік кран слесары

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл көпірлердің элементтерін ауыстыра отырып жөндеу. өтпелі құрылымдар мен тірек элементтерін ауыстыру. көпірдің теңдеу аспаптарын тексеру. Көпірлердің тірек тораптарындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: металл өтпелі құрылымдар мен тірек құрылымдары; көпірдің металл бөлшектеріндегі жарылған жерлерін айқындау тәсілдері мен көпірлерді тексеру ережесі; өтпелі көпірлер мен тіректердің негізгі зақым келген және бұзылған жерлері; көпірлердегі жекелеген металл элементтерді ауыстыру жолдары, және оларды күшейту тәсілдері.


87. Көпірлік кран слесары

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл көпірлердің зақым келген тораптарын ауыстыра отырып жөндеу. Көпір элементтерін жасау және оларды торапқа жинау.

Білуге тиіс: металл өтпелі құрылымдар мен тірек құрылымдары; көпірді ұстау және жолдың беткі құрылымының нормалары, көпірдің металл бөлшектерін тексеру тәсілдері мен мерзімі; өтпелі көпірлер мен тіректердің негізгі зақым келген және бұзылған жерлерін жөндеу ережесі; көпірлердегі элементтерді жасау және оларды торапқа құрастыру ережесі.


88. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру. Букс ішектер мен қақпақтарды, моторлық осьтік ішпектердің қалпақтарын, жетек қозғалтқыштарының ілмелерін, тісті қақпақтарды бекіту. 7-10 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу, жетілдіру.

Білуге тиіс: механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың, машиналардың, аппараттардың, аспаптарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру технологиялық процесі, құрылымы, техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер; локомотив тораптары мен бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы.

Жұмыс үлгілері

Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

1. Тепловоздар мен дизель поездардың жалюздері, желдеткіштері;

2. Жетекті қозғалтқыштардың кронштейндері.

3. Электровоздар мен электр поездары вагондарының жабдықтары.

4. Тежегіш рычагты берілістер.

5. Соққы-тіркелетін аспаптар.

6. Осьтік редукторлар, кардан біліктер, амортизатор корпустары мен реактивтік жетектер.

7. Жаймалы, винтті рессорлар.

8. Қорғау қапсырмалары.

9. Пневматикалық тежегіштер мен тежегіш жабдықтар.

10. Жылу, май, су жүйелері құбыржолдары, тепловоздар мен дизель поездардың тоңазытқыш секциялары.

11. Щеткалар – коллектор бойынша реттеу және ысқылау, электрлі машиналардың щетка ұстағыштары мен жетекті қозғалтқыштарының кронштейндері – ауыстыру.


89. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру. Жөндеу көлемін айқындау. 6-7 квалитеттер бойынша тораптар мен бөлшектерді слесарлық өңдеу, жетілдіру.

Білуге тиіс: механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдық ерекшеліктері мен өзара іс-әрекеті; техникалық және пайдалану деректері, негізгі монтаждық электрлік тәсімдер; локомотив тораптары мен бөлшектерін жөндеу технологиясы мен жөндеу сапасына қойылатын талаптар; локомотив тораптарының, бөлшектерінің ақаулықтарын айқындау және жою жолдары мен әдістері, тораптарды құрастырылуын бақылау және жұмысын реттеу тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, шаблондардың, аспаптар мен айлабұйымдардың қызметі мен қолданылуы.

Жұмыс үлгілері

Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

1. Жоғары вольтты, төмен вольтты және найзағайдан қорғайтын аппаратура, электровоздардың осьтік редукторлары мен электр поезд вагондары.

2. Роликті букстар мен жылжымалы ішпектер, жұп дөңгелектер, моторлық-осьтік ішпектер, жетекті қозғалтқыштар, қосалқы машиналар, бас контроллерлер, реверсорлар, тез істейтін қосқыштар.

3. Ауа таратқыштар, электр ауа таратқыштар.

4. Жетек генераторлары, жылу сорғылары, отын соратын сорғылар, тепловоздар мен дизель поездардың газ тарату механизмі.

5. Жетек қозғалтқыш, электр машина коллекторлары.

6. Тежегіш магистральдары, тежегіш және теңестіргіш цилиндрлер.

7. Күш механизмдері, қуатты таңдау және жіберу біліктері, клин ременьді жетек тепловоз және дизель поездарының жетектері.

8. Жылдамдық өлшегіштер, олардың жетектері, датчиктер.

9. Электровоз және электр поезд ток қабылдағыштары.


90. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Поездардың қауіпсіз қозғалысын және оларды пайдалануда сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердегі ерекше күрделіктегі бөлшектер мен торап жабдықтарының механикалық, электрлік және пневматикалық техникалық жағдайын жөндеу, тексеру. Электр шынжырлардағы ақаулықтарды жою. Қашықтықтан басқару электр жүйелерін сынау және реттеу. Локомотивтерді жөндеу және жұмысқа дайындығы туралы белгі.

Білуге тиіс: механикалық, электрлік және пневматикалық жабдықтардың құрылымы, құрылымдары мен тексеру және реттеу тәсілдері, локомотив жабдықтарының, электр монтажды тәсімдерінің ақаулықтарын анықтау және жою жолдары мен әдістері; қызмет көрсетілетін жабдықтардың, тораптар мен агрегаттардың өзара іс-әрекеті мен жөндеу ережесі; тексерілетін және жөнделетін локомотивтердің құрама топтарын дұрыс жинақтау.

Жұмыс үлгілері

Техникалық жағдайын тексеру, жөндеу:

1. Басқару панелі аппараттары, электр пневматикалық клапандар. Топтық қайта қосқыштар, машинист контроллерлері.

2. Электр аппараттары.

3. Бас қайта қосқыштар, электровоздар мен электровоз вагондарының түзету құрылғылары.

4. Тепловоз дизельдері мен дизель поездары. Бақылау-өлшеу аппараттарының көрсеткіштерін тексеру, аппараттарды реттеу.

5. Машинист крандары, электр пневматикалық тежегіштер.

6. Тепловоздардың жылу беруін басқару механизмдері.

7. Автоматты локомотивті сигнал беру, автостоптар мен радиобайланыс, басқару пульты аспаптары.

8. Электровоздар мен электр поезд вагондарын басқарудың электр тізбегі тәсімдері.


91. Техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі локомотивтерді тексеру және жөндеу слесары

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың техникалық жағдайын жөндеу, тексеру, сынау және реттеу.

Білуге тиіс: локомотивтердегі бірегей жабдықтардың: механикалық, электрлік және пневматикалық, агрегаттардың, құрылғылардың, аппараттар мен аспаптардың құрылымдық ерекшеліктері, бірегей жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету ережесі және оны жөндеудің технологиялық процесі.

Жұмыс үлгілері. Жарамсыз тораптар мен аппараттардың техникалық жағдайын тексеру, жөндеу, сынау, реттеу және ауыстыру:

1. Тепловоздың бас генераторы – босағандарын қалпына келтіру, орамдардың тұтастығын тексеру.

2. Электровоздың жетекті қозғалтқышы.

3. Жұдырықты контактор.

4. Айналымның санын реттегіш.

5. Барлық үлгідегі басқару релесі, жылу релесі.

6. Ток қабылдағыштар.


92. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр техникалық жабдықтарды тазалау, ысқылау, шаю. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді өңдеуде слесарлық жұмыстарды орындау. Қарапайым тораптар мен айлабұйымдар жасау және жөндеу. Қатты және жұмсақ әдіспен қалайылау және пісіру. Кабельдерді төсеу, бөлу, ұзарту.

Білуге тиіс: метрополитен электр механикалық жабдығының жұмыс принципі, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен кабельдердің үлгілері, сымдарды монтаждау тәсілдері.


93. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол, электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Станциялардағы қол жетегінен басқару жабдықтарын бақылау. Жабдықтарды, желілерді, станцияларды жергілікті және кешенді басқаруға қатысу. Қол жетекті жабдықтарды ашу және жабу кезіндегі ақаулықтарын жою. 11-12 квалитеттер бойынша жұмыстарды орныдай отырып электр механикалық жабдық тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр іске қосатын аппаратурасы мен шағын қуатты электр қозғалтқыштың жекелеген тораптары мен бөлшектерін жөндеу. Оқшаулау және жерсіндіру кедергісін өлшеу. Сүзгілерді ауыстыру, шаю және жөндеу. Негізгі желдеткіштерді қоспағанда түрлі қызметтегі сорғылар мен желдеткіштерге қызмет көрсету. Ауа жеткізгіштерді, құбыржолдарды сынауға қатысу. Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен аспаптар мен аппараттарды реттеу және түзету. Лампа, желілердің кернеулігін және сигнал беру деңгейін өлшеу. Телеавтоматика тәсімдері релесін механикалық реттеу. қоректендіру блогын ревизиялау. Монтаждар мен принципиальды тәсімдердің таңбалануын тексеру. Оқшаулау материалдарын сызба бойынша өңдеу. Кабельдердің зақым келген жерлерін жою.

Білуге тиіс: жергілікті пульттан басқарылатын такелажды және қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, электр жіберетін аппаратураның, аспаптар мен аппараттардың жұмыс істеу принципі, жабдықтарды тот басудан тазарту әдістері; жұмыс сызбалары мен электр тәсімдерін оқу ережесі; электр техника, механика, гидравлика және металдарды өңдеу технологиясының негізгі мәліметтері, құрылымдар мен жабдықтарды жақындату көлемдері, жабдықтарды қоректендіру тәсімдері, құбыржолдар, ауа жібергіштерді сынау ережесі; номинальды кернеу бойынша сақтандырғыштарды таңдау ережесі; тұрақты және ауыспалы ток көздері мен тәсімдері туралы жалпы мәліметтер, квалитеттер.


94. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр механикалық, электр гидравликалық жетекті және жергілікті пульттан және қолмен басқарылатын метрополитен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Негізгі желдеткіштерге қызмет көрсету. Коникалық, ирекше, гидравликалық домкрат редукторларын бөлшектеу, құрастыру. 7-10 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдей отырып жұмыстарды орындауда ішпектерді, тісті дөңгелектерді ауыстыру. Түрлі жүйедегі релелерді, электр жіберетін аппаратура және электр қозғалтқыштарды жөндеу және ауыстыру.

Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі диодтарды ауыстыру. Жабдықтарды басқару тәсімдеріндегі ақаулықтарды жою және басқару тәсімдерінің жарамдылығын қамтамасыз ету. Жабдықтарды, желілерді, станцияларды сынауға қатысу. Реле қорғау, электр автоматика, телемеханика құрылғыларын ревизиялау және баптау. Жөнделетін жабдықтардың ақаулықтарын айқындау және оларды жою. Күрделі біріктіру тәсімдерін монтаждау. Телеавтоматика тәсімдері кілттерін және релесін бөлшектеу және құрастыру. Анағұрлым жоғары білікті слесарь электриктің басшылығымен телеавтоматика тәсімдерін баптауды тексеруге арналған сынау тәсімдерін құрастыру.

Білуге тиіс: қашықтықтағы пульттан және станциялардан басқарылатын қызмет көрсететін жабдықтардың құрылымы, тораптар мен бөлшектердің тозу нормасы, түрлі технологиялық режимдердегі жабдықтарды басқару тәсімдері, қысыммен істейтін ыдыстарды гидравликалық сынау, газталдағыштардың жұмыс істеу принципі, жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін демонтаждау және монтаждау технологиялық кезектілігі, тораптарды, бөлшектерді пісіру кезінде пайда болатын металдың деформациялануы мен ішкі кернеуліктерді жою және алдын алу тәсілдері, электр жабдықтарының сызбалары мен тәсімдеріндегі белгілер, шектеулер; жөнделетін аспаптардың, механизмдер, аппараттардың құрылымы мен баптау тәсілдері, кедергілерді, күрделі біріктіру тәсімдерін есептеу ережесі, металлдарды өңдеу технологиясы, электр техникасы, гидравлика, механика, электроника негіздері; телеавтоматика аппаратурасының принципиалды және монтаждық тәсімдері, электрмен қоректендіру тәсімдері.


95. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сорғыларда, желдеткіштерде, клапандарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау. Біліктердің, винт тіректердің, коникалық, ирекше редукторларда техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау. Жабдықтардың жұмыс соңында жақындату көлемін тексеру. Жекелеген тораптарды демонтаждау, монтаждау жөніндегі күрделі такелажды жұмыстарын орындау. 6-7 квалиттеттер бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. сүзгілерді ауыстыру. кабельдерді төсеу және оларды ұштарына және электр қозғалтқыштарға қосу. Жергілікті автоматты басқару тәсімдерін жөндеу, реттеу, баптау. Түрлі технологиялық режимдегі жабдықтарды басқару. Электр өлшеу және реттеу блоктарында жұмыс істеу. Түрлі технологиялық режимдерде сынауды басқару және жүргізу. қашықтықтан басқару тізбектерінде қолданылатын түрлі жүйедегі датчиктерді, электронды блоктарды және электр жіберу аппаратурасын жөндеу, баптау, реттеу. электр қозғалтқыштарды және такелажды жабдықтарды сынау. Бақылау-өлшеу блоктарын пайдалану ережесі мен оларды теңшеу. Аса күрделі және дәлме-дәл аспаптарды монтаждау және түзету. Аспаптардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Электр аспаптарын өлшеудің басқа да түрлерімен қайта есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен телеавтоматика аппаратурасының электр сипаттамасын өлшеуді жүргізу. Телеавтоматика тәсімдерін тексеру және баптау сынау тәсімдерін құрастыру. Телеавтоматика жабдықтарын монтаждау. Телеавтоматика аппаратурасын орнататын орнында тексеру арқылы бөлшектерінің тозу себептерін және ақаулықтарын анықтау. Телеавтоматика тәсімдері тізбектерін сынау және баптау. Релеконтактілі аппаратураны ревизиялау, жөндеу және баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктері; оларды жасаудың, қабылдау және монтаждаудың техникалық шарттары; технологиялық режимдер бойынша автоматика жүйелерін сынау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі, аралас құрылымды жабдықтардың орналасу ережесі, сызбалардағы шектеу, отырғызу және белгілеу жүйесі: сызбаларды оқу, қысыммен істейтін ыдыстардың құрылымы мен пайдалану, аспаптар мен автоматтардың жұмысындағы ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары, қызмет көрсетілетін жабдықтардың техникалық сипаттамасы, телеавтоматика және телесигнал беру тізбектері принципиалды тізбектері; телеавтоматика жабдықтары мен арналарының электр нормалары; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесі.


96. Метрополитен жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Режимдік басқару тәсімдері мен тәжірибелік жабдықтарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу, баптау және сынау. Қашықтықтан басқару тәсімдерінде, автоматты режимде, автоматты жіберу тәсімдерінде, командалық сигнал беру тәсімдеріндегі ақаулықтарды анықтау және жою.

Жабдықтардың жұмыс режимін тексеру. Барлық үлгідегі күрделі және дәлме-дәл аспаптарды, құрылғыларды, датчиктерді жөндеу, монтаждау, баптау. Жабдықтарды кешенді сынау жұмыстарын орындау және сынау барысындағы ақаулықтарды жою. Жабдықтардың біліктестігін реттеу. электронды платаларды тексеру. Күрделі релелік-контактілі тәсімдерді ревизиялау және реттеу. электронды өлшеу аппаратура – осциллографтарды, жоғары жиіліктегі өлшегіштер мен генераторларды жұмыста пайдалану. Телеавтоматика жүйесін баптау. Үлгілік емес арнайы телеавтоматика аппаратурасын сынау тәсімдерін құрастыру. Байланыс арналарының сигнал беру деңгейін реттеу.

Білуге тиіс: телеөлшеу, телесигнал беру, телеавтоматика тәсімдерін баптау ережесі мен тәсілдері; электр өлшеу аспаптарының құрылымы, жабдықтардың жұмыс тәсімдері мен режимдері, күрделі тәсімдері мен тораптардың тәжірибелік үлгілері; жауапты тораптар мен бөлшектерді қалпына келтіру әдістері, жұмыс істемейтін механизмдер мен бөлшектердің шекті жүктемесі; түрлі режимдердегі жабдықтарды кешенді басқару тәсілдері, жабдықтардағы ақаулықтарды табу жолдары мен тәсілдері және оларды жою.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница