Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница8/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

76. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіреудің бетін жөндеу және техникалық ұстау, сондай-ақ жасанды құрылыстың аралық құрылыстарының жекелеген элементтерін мен әртүрлі материалдардан жасалған жасанды ғимараттардың тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарсыз, слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау арқылы жөндеу. Жапсырмалар жасау. жасанды ғимараттардың элементтерінде тойтарма үшін саңылаулар бұрғылау. Арматуралық өзектерді суық күйінде ию. Жасанды құрылыстардың бетін тегістеу және бояу. Жасанды құрылыстар тіреуінің құрылысын бөлшектеу. Шұңқырларды, саңылаулар мен сөгілген жерлерді кірпішпен және бетон қоспамен бітеу. Бетон және темір бетон құрылыстарды керту және бөлшектеу. Бетті сылау және сылақты жөндеу. Цемент сылағының құрылысы. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің асфальтбетон қабатындағы жарықтарды тазалау және бітеу. Ағаш материалдарын механикаландырылған құралдармен өңдеу. Ряж пен мұз ойғыштарды тақтаймен қаптау. Тақтай төсемені төсеу және ауыстыру. Төсеніштер мен шпал торларды бөлшектеу. Ағаш баспалдақтарды жөндеу. Дренаж пен кесінділердің бастарының рисберлерінің құрылысы. Жылжымалы тірек бөліктерінің қаптамасын жөндеу және ауыстыру. Көпір бөренелерін жөндеу. Жылжуға қарсы құрылғыларды, контрбұрыштар мен контррельстерді бөлшектеу. Шағын көпірлер мен құбырлардың саңылауларын жабуға арналған ағаш қалқандарды жасау және жөндеу.

Білуге тиіс: жасанды құрылыстардың түрлері мен типтері; оларды ұстау және жөндеу бойынша негізгі ережелер; жөндеу ережесі және зақымданулардың алдын алу тәсілдері; суық және ыстық тойтару тәсілдері; тойтарудың өлшемдері, шектеулер мен орнату; болаттың сорттары мен маркалары; арматуралық өзектерді түзету және июдің әдіс-тәсілдері; ерітінділерді дайындау және мөлшерлеу тәсілдері; қалау мен буттың оймалары мен саңылауларын тесу тәсілдері, тас және бут қалауды бөлшектеу; цементтің, толтырғыштар мен бетон қоспаның негізгі маркалары; асбест бетон қоспалардың, мастикалардың, эмульсиялардың, инертті толтырғыштардың түрлері; қорамақалып қалқандарды дайындау тәсілдері; ағаш материалдарын өңдеу тәсілдері; антисептикалық және оттан сақтағыш құраммен жұмыс істеу және пайдалану ережесі; пневматикалық балғалардың, тойтарма шегелердің және басқа да механикаландырылған құралдардың құрылысы; ерітінді қыздырғышты және сорғыларды күту ережесі.


77. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арка, бөрене, ажыратпалы және аспалы көпірден басқа, әртүрлі материалдардан жасалған жасанды құрылыстың, аралық құрылыстарының элементтері мен тораптарын ауыстыра отырып, төсеніш, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарсыз, слесарлық, тойтарма, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау арқылы жөндеу. Жасанды ғимараттардың элементтерін жасау және олардың тораптарын құрастыру. Өткел құрылыстар мен тіреулердің жақтау қоршауларының құрылысы және оларды жөндеу. Жекелеген өзектерден, анкерлік болттардан, жапсырма бөлшектерден жасалған арматураны орнату. Арматуралық торлар мен тегіс каркастарды құрастыру және монтаждау. Құрастырмалы темір бетон құрылыстарды шұбарлау және жіктерін бітеу. Бұрын салынған құрылыстың жіктерін ашу. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер мен өткелдердің темір бетон және металл баспалдақтарын жөндеу. Бекіністердің, тартпалар мен қоршаулардың темір бетон бөлшектерін жасау. Асфальт бетон қаптамаларды кескіндеу және өңдеу. Реттеу және қорғау құрылыстарын жөндеу. Қорамақалыпты, ағашты, төсемелер мен шпал торларды орнату. Аспа бесіктерді ілу және алу. Төсеме тақталар мен шпал торларды құрастыру. Кюветтің астындағы және кюветтің сыртындағы құрамалы темір бетон бақылау құдықтарының және су ағар кәрізінің құрылысы, жөндеу және бөлшектеу. Су бұрғыш темір бетон лотоктарының құрылысы, оларды жөндеу және бөлшектеу. Жасанды құрылыстың металл құрылыстарының элементтеріндегі саңылауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айлабұйымдарды пайдалан отырып бұрғылау. Металл өткел құрылыстардың элементтерін және жақтауларды төсеме тақта, аспа бесікті және басқа да қосымша айлабұйымдарды пайдалан отырып сырлау. Электр орындау құралдарын пайдалана отырып, контррельстерді, контрбұрыштарды, қорғау бұрыштары мен қорғау бөренелерін демонтаждау. Көпір бөренелерін бір рет ауыстыру.

Білуге тиіс: жасанды құрылыстар мен жолдың жоғарғы қабатын ұстау нормалары мен тексеру тәсілдері; көпірлердің металл бөліктеріндегі жарықтарды анықтау тәсілдері; жасанды құрылыстарды өткел құрылыстарын істен шыққан тораптарын ауыстырып жөндеу ережесі; арматуралық торлар мен каркастарды құрастыру тәсілдері; мастика, эмульсия, асфальт қоспалар мен тұтқыр материалдардың сапасына қойылатын талаптар; беткі қабаттың құрылысы және оны жөндеу; тіреудің төсеме тақталарын жөндеу және жасанды құрылыстың құрастырмалы бетон және темір бетон бетін монтаждау тәсілдері; ағаштың, төсеме тақталардың және шпал торлардың құрылысы; бекіту плиталарының типтері және оларды төсеу тәсілдері; цементтеу және бетон бүркуге арналған құрылғылардың типтері мен құрылысы.


78. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арка, бөрене, ажыратпалы және аспалы көпірдің өткел құрылыстарын ауыстыра отырып, төсеме тақталарды, аспа және басқа да қосымша және сақтандыру айлабұйымдарын пайдалану арқылы жөндеу. өткел құрылыстардың элементтерін болтпен бекіту. Контрбұрыштар (контррельстер) мен қорғаныш бұрыштарды орнату және бекіту. Тегістеу мен домалатын кіргізу аспаптарын монтаждау, демонтаждау, техникалық ұстау және жөндеу. Ажыратпалы өткел құрылыстардың механикалық және электр механизмдері мен рельстік жік-кілтін жөндеу және техникалық қызмет көрсету.Балластсыз көпір жаймасын, ағаш бөренедегі және металл көлденеңдегі жайманы жөндеу және ұстау. Арматуралық торды салу. Төсеме қатарды монолиттеу. Жасанды құрылыстардағы жол осін оптикалық аспапты пайдалана отырып визалау және ауытқушылықтарды жою. Темір бетон жейделер мен белдіктердің құрылысы. Темір бетон және бетон өткел құрылыстардың гидрооқшаулауышын түсіру пакеттерін пайдалана отырып, тексеру және жөндеу. Жасанды құрылыстар мен құбырлардың тіреулерінің төсеме тақталарын инъектілеу. Бетон бүрку (торкреттеу). Тас көпірлердің бұрғыштары мен ағындарының құрылысы және оларды жөндеу. Тас нобай мен ұсақ тастан жасалған берік призмалардың құрылысы. Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын пайдалана отырып, туннель қабырғаларын өңдеу жіктерін жөндеу және қайта өңдеу. Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын, пневмо- немесе құралдарын пайдалана отырып, торкреттің немесе бетонның алынып жатқан қабатын шыңдау. Төсеме тақталарды, басқа да қосымша немесе сақтандыру айлабұйымдарын пайдалана отырып, тоннель тюбингіндегі кронштейндерді ауыстыру.

Білуге тиіс: өткел құрылыстары элементтерінің жанасу тәсілдері; беріктігі жоғары болттардың қолданылуымен металл құрылыстарды монтаждау ережесі; құлыптардың рельс жіктері құрылымдарының құрылысы; оларды жөндеу бойынша өндірістің технологиясы; көтеру жабдықтарын және қосымша құрылғылар мен айлабұйымдарды орнатудың әдіс-тәсілдері; құрылымның қорамақалыбын құрастыру және қаптамасына бетон қоспасын құю ережесі; арка, бөрене көпірлердің, құбырлардың, лотоктар мен бастарының, күмбездің үстіңгі құрылысын табиғи тастан қалау, көпір тіреулерінің сыртқы шақырымдық қатарын жонылған тастан салу ережесі мен тәсілдері; көпір жаймасын толық ауыстыру ережесі; оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, визалау тәсілдері; балластсыз көпір жаймасын құру және ұстау ережесі; басып тығыздау және бетон бүрку (торкреттеу) үшін пластификациялық қоспалары бар бетон қоспасын дайындау тәсілдері; полимерцемент ерітіндісін дайындау тәсілдері; механизмдердің құрылысы мен жұмыс қағидаты.


79. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіреуіш бөлігін түзете отырып, аралық құрылыстарды оське көтеру, жылжыту және орнату арқылы жасанды құрылыстарды жөндеу. Аралық құрылыстар мен рельс жолдарының планы мен профилін құралдармен түсіру. Жасанды құрылыстардың ауқымын өлшеу және бақылау. Металл көпірдің элементтерін ауыстыру кезінде түсіру және шаблондарды жасау. Жекелеген элементтер мен аралық құрылыстарды тар жерде жасау және ауыстыру. өте берік болттар мен түйреуіштердің тартылуын бақылау. Аралық құрылыстар балкаларының белдеулеріндегі өте берік түйреуіштерге арналған плиталар мен саңылауларды орналастыруды белгілеу. Плиталарды биіктігі бойынша реттеу. Балкалардың профилін жаю. Көпір бөренелерін дайындау және ауыстыру кезінде болттарға арналған шұңқырлар мен саңылаулардың орнын белгілеу үшін шаблондар жасау. Көпір бөренелерінің жобалық эпюраларын аралық құрылыстарға ауыстыру. Көпірдегі рельс жолдарын көтерудің шекті жебесін және көпір бөренелерінің жұмыс биіктігін есептеу. Табиғи жонылған тастан мұз жарғышты тас көпірлердің аркалары мен жіктерінде тастарды, табан тірек тастарды таңдай отырып қалау. Көпір тіреуіштерінің подфермалық тастарын салу және өсіру. Уақытша пакет аралық құрылыстар мен тіреулерді құрастыру және орнату. Су ағыны режимін гидрологиялық өлшеу және бақылау. Бақылау осін, уақытша шағын көпірлер мен құбырлар элементтері осьтерін бөлу. Шағын металл аралық құрылыстарды темір бетонға ауыстыру. Туннель жіктері қаптамасының жекелеген тастарын ауыстыру. Туннель жіктерін қаптау жіктерін жөндеу және қайта жаңарту. Туннель қабырғасын тас және бетон қаптамасын төсеме тақта немесе басқа да қосымша немесе қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, темір бетонмен күшейту. Туннельдегі ұзын және қиғаш жарықтарын жою.

Білуге тиіс: аралық құрылыстарды құрастыру, жылжыту және орнату тәсілдері; аспалы алаңдарда, төсеме тақталарда және аспалы бесіктерде ұсталық жұмыстар мен тойтару жұмыстарын орындау тәсілдері; өңделетін материалдарды қыздыру және салқындату режимі; айналдырғыштарды орнату, айналдыру және арка, балка жасанды құрылыстары мен құбырлардың жіктерін жөндеу тәсілдері; геодезиялық құралдармен жұмыс жүргізу ережесі; жолдар мен жасанды құрылыстардың жобасы мен профилін жасау ережесі; су өткізетін жасанды құрылыстар жұмысының гидрогеологиялық режимдерінің ерекшеліктері.


80. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабырғалардың қаптамасын және туннельдің кері күмбезін қайта қалау арқылы төсеме тақталардан немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарынан пневмо- немесе электрқұралдарды пайдалана отырып жасанды құрылыстарды жөндеу. Ерітіндіні туннельдің қаптамасына және қаптамасының сыртына соңғы рет айдау. Туннель күмбезіндегі анкерлердің (бурка) дайын саңылауына орнату және бітеу. Туннель күмбезінің бетон (темір бетон) қаптамасының бұзылған жерлерін сындыру. Туннль қабырғаларындағы стандарт емес және күрделі күмбездерін пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып бедерлеу. Байланыс сымынан судың тамуын бұру. Туннельдегі тік жарықтарды тоқтату.

Білуге тиіс: жұмыстарды төсеме тақталардан немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарынан пневмо- және электр құралдарын пайдалана отырып орындау тәсілдері мен әдістері; стандарт емес және күрделі жіктерді бедерлеу кезінде жұмыс өндірісі технологиясы.


81. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көлік құралын пайдалана отырып, көлденеңдерін алу арқылы жасанды құрылыстарды жөндеу. Туннель күмбезінің майысуын жою. Туннель қаптамасының ауытқуын құралдық өлшеу. Туннель күмбезі қаптамасын қайта қалау. Туннель күмбезін тас және бетон қаптамасын күшейту. Жылжымалы төсеме тақталардағы ауқымды бақылау рамасының көмегімен туннельдің көлемін тексеру. Туннель күмбезіндегі жарықтарды түзету. Туннельдің күмбезіндегі немесе қабырғасындағы кабель желілеріне жақын стандарт емес және күрделі жіктерді төсеме тақталарды немесе басқа қорғаныш және сақтандыру айлабұйымдарын пайдалана отырып басу.

Білуге тиіс: туннель күмбездерінің күшейту және қайта қалау жұмыстарының әдіс-тәсілдері; туннель ауқымын тексеру ережесі мен технологиясы; кабель желілеріне жақын жерде жұмыс істеу ережесі.


82. Сигнал беруші

Жұмыс сипаттамасы. Алынбалы жылжымалы бірліктерді және жол жұмыстары жүргізілетін жерлерді қоршайтын жылжымалы сигналдарды, петардалар мен сигнал белгілерін орнату және сақталуын қамтамасыз ету. өтіп бара жатқан поездарды қадағалау және жол жұмыстары басшысына уақытылы сигнал беру. Жол жұмыстары басшысының рұқсатымен қоршау сигналдары мен петардаларды алып тастау. Белгіленген техникалық-тарату актілерінің нормаларына сәйкес жолдарда тұрған вагондар мен құрамдарды тежегіш башмақтармен бекіту. Тежегіш башмақтарды алып тастау және жинау, олардың жарамдылығын бақылау. Поездарды қабылдау, жіберу, жөнелту кезінде дыбыстық және көзге көрінетін сигнал беру. Жолдардың бостығын тексеру, орталықтандырылған бұрмалардың курбельдерін аудару, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының жұмысы бұзылған жағдайда поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу кезінде бағытының дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: ауыспалы, қол және дыбыс сигналдары, сигнал белгілері, петардалар, оларды орнату және алып тастау тәртібі; алынбалы ауыспалы телефон байланысы немесе ауыспалы радиобайланысты пайдалану тәртібі; алынбалы жылжымалы бірліктерді және жол жұмыстары жүргізілетін орындарды қоршау тәсімдері, жүктерді тасымалдау ережесі, еңбекті қорғау ережесі мен нормалары, орындалатын жұмыс көлемінде техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі, тежегіш құрылғылардың жұмыс істеу принципі мен оларды пайдалану ережесі; тежегіш башмақтардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесі; бұрмалардың және оқшаулау учаскелерінің орналасуы; орталықтандырылған бұрмалардың құрылымы туралы жалпы мәліметтер және оларды курбельмен бұру ережесі.

83. Зумпфты агрегат слесары

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 11-12 квалитеттер бойынша слесарлық өңдей отырып зумпфты агрегаттарды жөндеу. Зумпфты агрегатты көлік жағдайынан жұмыс жағдайына қайта қосу: электр тарату қалқандарынан немесе тоннельдерінен агрегатқа және оның уақытша электрмен қоректендіру желісіне шаң жинағыштарынан вакуумдағы құбыржолдарын алып тастау. Құбыржол тәсімдерін агрегат жұмысына дайындау. Тоннельде орналастырылған жинағыштардағы лас пульпаны цистернаға жіберілуін реттеу. жылжымалы құрам көлемі шегіндегі барлық құрылғыларды орната отырып агрегаттың көліктік жағдайын ажырату және орнату.

Білуге тиіс: дренажды және зумпфты агрегат жабдықтарының құрылымы мен қызмет көрсету ережесі, агрегат жұмысының режимдері және қоқыс пульпасының қасиеті, жер асты жұмыстарындағы кемшіліктердің себептері мен белгілері, оларды жою тәсілдері, құбыр салу тәсілдері, дренаж және зумпфты агрегат құбыржолдары мен электрмен қоректендіру тәсімдері, электр техника және металл технологиясы негіздері, жылжымалы құрам көлемдері, қолданыстағы метрополитен тоннелінде жұмыс істеу ережесі.


84. Зумпфты агрегат слесары

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 7-10 квалитеттер бойынша слесарлық өңдей отырып зумпфты агрегаттарды жөндеу. Су құятын құрылғылы жабдықтарын қоқыс жинағыштарды тазалауға дайындау. Агрегат электр қоректендіргішін, сорғы құрылғыларының автоматика және сигнал бергішін қосу және ажырату. Қоқыс жинағыштардағы зиянды газдарды аспаптар бойынша айқындау және жылжымалы электр желдеткіштердің көмегімен жою. Зумпфты агрегат жұмысын басқаруға қатысу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша мановакуумметр, толтыру деңгейі көрсеткіші, амперметрді бақылау. агрегат жұмыс режимін реттеу. Агрегат жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: вакуум сорғы, электр қозғалтқыш, бақылау-өлшеу аспаптары, газ талдағыш және айдау автоматикасының құрылымы; зумпфты агрегат жұмыс режимін реттеу тәсілдері, қоқыс тұндырғыштардың құрылымы; майлау материалдарының қызметі, гидравлика негіздері.


85. Көпірлік кран слесары

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл көпірлерді жөндеу және ұстап отыру. Металды слесарлық құралмен өңдеу. Саңылау тесу және көпірлердің металл құрылымдарын тойтару. Көпірдің металл элементтерін тоттан тазалау. Жылжымалы горндарды толтыру және тойтармаларды қыздыру.

Білуге тиіс: слесарлық, тойтару және бұрғылау жұмыстарының жолдары, босаған бекітпелерді айқындау тәсілдері, саңылауларды тойтаруға дайындау тәсілдері, ыстықтай және суықтай тойтару ережесі; көпірдің металл құрылымы бөлшектерінің атаулары мен қызметі.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница