Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница7/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

61. Істемейтін локомотивтер мен жолаушы вагондарға ілесіп жүретін жолсерік

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жіберуге арналған локомотивтер мен жолаушы вагондарын тексеру, техникалық жағдайын тексеруге қатысу және қабылдау. Олардың қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның, құралдардың, керек-жарақтың, қосалқы бөлшектердің, майлау материалдары мен сигнал беру жабдықтарын тізбеге сәйкес сақталуын қамтамсыз ету.локомотивтер мен вагондардың қауіпсіз жылжуына кедергі келтіретін ақаулықтар табылған кезде жақын жердегі жөндеу пунктіндегі локомотивтер мен вагондарды жөнделуін қамтамсыз ету шараларын қабылдау. Тежегіш құралдарды қажеттігіне қарай қолдану.

Білуге тиіс: локомотивтер, жылжымалы құрам мотор вагондар мен жолаушы вагондарын жіберу тәртібі туралы нұсқаулық; электрленген учаскелердегі теміржол көлігі қызметкерлеріне арналған қауіпсіздік ережесі.


62. Паровоз қазандықтарын шаюшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Паровоз қазандықтарын, түрлі жүйедегі кран бу қазандықтарын және қысыммен істейтін паровоз тендерлерін шаю. Шаю тығындарын, зәкір, жапсырмалы, тендерлік шаю люктерін тексеру және түзету. Арнайы құралдардың көмегімен қазандық жиектеріндегі қалдықтарды тазалау. Тығын люктеріне және асбест люктерге арналған паронитті төсем дайындау және отырғызу. Люктар мен шаю тығындарын шаю және герметикалығын тексеру.

Білуге тиіс: паровоздар қазандықтары мен түрлі жүйедегі бу крандарының құрылымы, шаю ережесі, қазандықтардағы қаспақтардың жиналатын жерін; су жіберетін су құбырлары мен жабдықтарының құрылымы; шаю түрлері; қазандықтарды тазалау және шаю жолдары; шаю люктарын ашу және жабу, шлангілерді біріктіру ережесі.


63. Цистерналарды шаюшы булаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эстакадалардағы, арнайы алаңшалар мен арнайы белгіленген жолдардағы цистерналардан этил бензині мен химиялық өнімдерден басқа қара және ашық түсті мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау. Цистерналардың құятын аспаптарындағы қатып қалған клапандарды бумен қыздыра отырып мұнай өнімдері қалдықтарынан тазарту. Құю аспаптары клапандарын салу және олардың техникалық жағдайы мен дұрыс жабылуын тексеру. Жөндеуге дайындалған цистерналардың сыртын тазалау.

Білуге тиіс: құятын аспаптардың және цистерналардың құрылымы; мұнай өнімдерін құюға арналған цистерналарды суықтай тазалау талаптары, қолданылатын механизмдер, құрал, керек-жарақ және айлабұйымдар, оларды пайдалану ережесі, цистерна ішіндегі жұмыстарға арналған қорғау айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану ережесі.


64. Цистерналарды шаюшы булаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бу, ыстық су және еріткіштерді пайдалана отырып этил бензині және химиялық өнімдерден басқа мұнай өнімдері мен химиялық өнім цистерналарды өңдеу. Вакуум құрылғысын, паросифон және буды пайдалана отырып цистерналардағы қалдықтарды тазалау. Цистерналарды суықтай өңдеуде этил бензині қалдықтарын механизациялау түрінде тазалау. Брандспойт көмегімен қақпақтар мен клапандарды шаю. Цистерна қазандықтарын салқындату және газсыздау, олардың ішкі бөлшектерін кептіру және ысқылау.

Білуге тиіс: құятын және жөндейтін цистерналарды дайындауға арналған өңдеу ережесі және техникалық шарттары, цистерналарға қойылатын санитарлық талаптар; дезинфекциялайтын заттардың қасиеті мен оларды пайдалану ережесі; эстакадалар мен арнайы алаңшалардың құрылымы; цистерналарды механизацияланған тазалауға арналған аспаптарды, вакуум қондырғыларды, бу сифондарын, жарылғыш фонарларды және басқа да құрылғылар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі, құбыржолдардың, төгетін лотоктардың, кәріз желісінің, мұнай тұтқыштар мен басқа да өнім қалдықтарын тазалау имараттарының орналасуы.

Бу, ыстық су және еріткіштерді пайдалана отырып этил бензині, химиялық өнімдерден босаған тағамдық өнімдерді салатын цистерналарды өңдеуде – 5-разряд.

Реактивті отын, авиабензин, май және басқа да мұнай өнімдерін құятын цистерналарды жоғары қысымның, ыстық судың көмегімен және ішкі бетін ысқылаумен өңдеу және дайын цистерналарды бақылау органдарына тапсыру кезінде: ППС-қа құжатсыз келген цистерналарда бұрын тасылған жүкті айқындау жөнінде органолептикалық әдісті және оларды өңдеу технологиясын білу; пайдаланылатын жабдықтағы ақаулықтарды жоя білу; жоғары қысымды машиналар мен аспаптарды жөндеуге қатысу; цистерналарды жуушы-булашы бригадасын басқару – 6-разряд.


65. Станция жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станция жолдарын, станция аумағын, жүк аулалары мен қоймаларын, вокзалдарды, перрондарды, жолаушы және жүк платформаларын, станциялық қызметтік-техникалық ғимараттарды жинау. Станция өндірістік және тұрмыстық орынжайларды жылыту. Бекітілген керек-жарақты тазалықта және жарамды қалыпта ұстау. Станциялардағы жол белгілерін орнату және орнын ауыстыру, станциялардағы су жіберетін имараттарды тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станция жолдарының, қызметтік орынжайлардың, платформалар мен басқа да жұмыс орындарының, қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдардың орналасуы, қауіпсіздік техникасы ережесі; жол белгілері мен белгіленген сигналдар.


66. Станция жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүкті жылжыту, пломба үзілгенде және қайта салғанда қайта тиеу. Жүктің жылжымалы құрамның сыртына шығып кетуін болдырмау. шағындап тасымалданатын жүктер мен багажды тиеу, түсіру, жүк пен багажды станция қоймаларына тасымалдау. Қолданылатын құралдар мен қарапайым механизациядағы аспаптарды жарамды қалыпта ұстап отыру. Қабылдау жіберу бекеттерінде пневматикалық почтамен жол жүру құжаттарын қабылдау және жіберу. Бұрмаларды қардан, қоқыстан және кірден тазарту, оларға қызмет көрсету және техникалық күтім жасау. Аралық бекіту және жапсарлы элементтерін созғылау, бекітпелерді ауыстыру, станцияларда жасалатын костыльдарды, алып қашуға қарсы жабдықтарды қағу, жол белгілерін орнату және қызмет көрсету.

Білуге тиіс: ашық жылжымалы құрамдағы жүктерді бекітудің жалпы талаптары, станциялардағы жүктер мен багажды тиеу, түсіру және жылжыту және коммерциялық ақаулықтары кезінде жұмыстарды орындау тәртібі, қолданылатын құралдар мен қарапайым механизациялық аспаптардың құрылымы мен қолдану тәртібі, теміржолдардағы қауіпсіздік техникасы ережелері, пневматикалық поштада қызмет көрсету тәртібі, қызмет көрсететін бұрмалардың орналасуы, белгіленген сигналдардың жұмыс істейтін орындарын қоршау ережесі.


67. Туннель жұмысшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті тоннель жұмысшысының басшылығымен метрополитеннің тоннельдік имараттарын ағымдағы жөндеу, жөндеу және қайта қалпына келтіру. Қапталған бетін, металл торларды, безендірулер мен басқа имарат элементтерін сумен тазалау және шаю. Керек-жарақтар мен жабдықтарды тазалықта ұстау. Материалдарды, вышкаларды, тумбочкаларды, сатыларды, ормандар мен құралдарды жұмыс орнына жеткізу және жұмыс аяғында оларды жинау.

Білуге тиіс: имарат элементтерін тазалықта ұстау ережесі; тиеу-түсіру жұмыстарының нормалары мен ережесі, материалдарды қоймалау ережесі мен олардың атаулары.


68. Туннель жұмысшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метрополитеннің тоннельдік имараттарын ағымдағы жөндеу, жөндеу және қайта қалпына келтіру. Шаңсорғыш арқылы сәулет беттеріндегі тұз қалдықтарын, тозаңдарды тазалау. Тұз қалдықтарын тазалау орындарындағы мәрмәрді жылтырату. Тұз қышқылы ерітіндісімен тақтайша беттерін шаю. Тот басқан және ластанған тюбингілер мен болт қоспаларды металл щеткалар және ветошьпен тазалау. Ерітінді мен желімдеу оқшаулағыш материалдарын дайындау. Қаптамаларды қолмен тегістеу, цемент ерітіндісімен ұяшықтар жасау. Қыздыру аппараттарын тазарту және шаю.

Білуге тиіс: қаптама беттерін тазалауға арналған материалдардың түрлері мен ерітінді жасау тәсілдері, сылау жұмыстары ережесі, шаң сорғыштардың, қыздыру аппараттарының жұмыс істеу принципі, сигнал беру орындарын қоршау ережесі.


69. Туннель жұмысшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру жұмыстарында инъекторлы шлангіні монтаждау және демонтаждау. Ерітінділерді қыздырғаннан кейін ұңғымаларды жабу. Беттерін оқшаулау қабатымен жабуға дайындау. Нақыштауға арналған қорғасын, қорғасын шнурын және бақса да құрамдарды әзірлеу. Жіктерді қолмен нақыштау. Битум мастиканы қыздыру, цемент стяжканың құрылымы, битум мастика жағу. Түрлі қоспаларды мөлшерлеу және құрастыру. Бурлар мен чеканкаларды ауыстыру, ауа жіберу желісіне аспаптарды қосу. Керек-жарақтарды құрастыру және бөлшектеу.

Білуге тиіс: ерітінді араластырғыштың, тоннель өңдегіштің құрылымы және оларды гидрооқшаулау, ерітінді құрамы және олардың негізгі құрамдас бөліктері, қыздырылатын материалдардың және қоспалардың сапасына қойылатын негізгі талаптар.


70. Туннель жұмысшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тоннельдер мен шахталарды өңдеуде бұрғылау балғаларымен шпурларды бұрғылау. Ағуды болдырмау картасына сәйкес бұрғылау орнын белгілеу. Кеңейтілетін цемент және қорғасын жіктерін тегістеу. Тығындар мен болт қоспаларын ауыстыру. Жер асты имараттарының күмбез қабырғаларын және лотоктарды орама материалдарымен оқшаулау. Ілмелі қорап, түтік құрылғысы бар ағындарды бұру. Ерітіндінің бетіне шығып кетуін болдырмау.

Білуге тиіс: қолданылатын механизмдердің құрылымы, шпурлардың оңтайлы орналасу тәсімдері, тоннель өңдеу үлгілері, гидрооқшаулау жабындарының негізгі құрылымдары; орам материалдарын жапсыру және мастика жағу ережесі, нақыштау жұмыстарының тәсілдері.


71. Туннель жұмысшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрылымдардағы ағынды болдырмауға арналған полимерлік материалдар қоса отырып цемент ерітінділерді қыздыру және бақылау қыздыруды жүргізу. жер асты суларын сүзгілеуді тоқтату үшін эпоксидті шайыр негізінде гидрооқшаулау құрамының ішкі бетін қыздыру. Металл және бетон өңдеу жерлерін және стандартты емес жіктерді, полимерлік мастикаларды пайдалана отырып бедерлеу. өңдеуде ағынды болдырмау үшін және ауыспалы кесетін жерлерде оқшаулау құралын жапсыру.

Білуге тиіс: цементтеу жұмысы технологиясы мен қыздыру құрамының рецептурасы, тау жыныстары мен топырақты химиялық бекітудің негізгі қасиеті, жіктерді жөндеу және саңылауларды жабу ережесі, стандарты емес және күрделі жіктерді тегістеу тәртібі мен тәсілдері, тоннельдерде және улы полимер материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәртібі мен ережесі.


72. Туннель жұмысшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метрополитеннің көлбеу эскалаторы туннеліндегі судан қорғайтын зоттың суретін ауыстыру кезінде аса күрделі жұмыстарды орындау. Зоттың суреттерін бекіту және жіктерді полимерлі материалдармен оқшаулау. «Гидротон» қондырғысының көмегімен туннельдің бетонды және темірбетонды қаптамаларын инъекциялаумен жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу. Шөкпейтін цементтері мен қоспалар (алюминий, силикон және т.б.) негізінде арнайы құрамды іріктеу және даярлау. Туннель қаптамаларының элементтерін жартылай ашу, оны қалпына келтіру, анкер бекітпелерін орнату.

Білуге тиіс: судан қорғайтын зонтты монтаждау тәртібі мен тәсілдері, зонты бекіту тораптарының конструкциясы; көлбеулік эскалатор туннелінде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шаралары; перфоратор, бетон-лом, гидроклин құрылғысының схемасы; инъекциялық жұмыстардың технологиясы, инъекциялау үшін арнайы құрамның рецептурасы, жұмыс сапасын бақылау әдістері мен тәсілдері; метрополитеннің қолданыстағы туннельдерінде жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік ережесі.


73. Мұнай өнімдерін таратушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген тәртіпке сәйкес мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды қабылдау, сақтау, есепке алу және жіберу. Тепловоздарды жабдықтау үшін салқындатын су даярлау. Орнатылған насос жабдықтарына қызмет көрсету. өңделген мұнай өнімдерін қабылдау және тапсыру. Есеп жүргізілетін материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, түгендеу жүргізуге қатысу. Қойма аумағы мен орынжайларын тазалықта ұстау, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтау.

Білуге тиіс: мұнай өнімдері мен сүртетін материалдарды сақтау, есепке алу және беру ережесі және тәртібі; насос агрегаттары мен өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмысы; еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік ережесі мен нормалары; өртке қарсы инвентарьді пайдалану.


74. Вагон қозғалысы жылдамдығын реттеуші

Жұмыс сипаттамасы. Тежегіш башмақтарды тежеу жолымен вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеу. Тежегіш башмақтармен жолда тұрған вагондарды қоршау. Башмақтарды тежегіш позицияларға апару және тазалау. Сұрыптау жолдарындағы вагондарды бекітуге апару. Тұрған вагондарды тежегіш және тежегіш башмақтармен бекіту.

Білуге тиіс: рельстерге орнатуға арналған тежегіш башмақтар мен айлабұйымдардың құрылымы, тежегіш башмақтарды рельстерге орнату және шешу ережесі, тежегіш позициялардың орналасуы, сұрыптау жолдарының және оларға қызмет көрсететін учаскедегі мамандану жоспары мен кескіні; вагондардың арасындағы қажетті интервалдарды қамтамасыз ету және оларды сұрыптау паркі жолдарының белгілі бір орындарында тоқтату үшін жылжымалы құрамды тежеу тәртібі мен деңгейі.

Өнеркәсіптік теміржол көлігі станциялары жолдарындағы вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде – 1-разряд;

ажырату процесінде вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеуде-өнеркәсіптік теміржол көлігін сұрыптау станцияларында құрамаларды қалыптастыру кезінде-2-разряд;

ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде – керме жолдардағы немесе стрелка мойындарда құрамды қалыптастыр кезінде - 3-разряд;

ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде – шағын және орта қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамды қалыптастыру кезінде - 4-разряд;

ажырату процесінде теміржол көлігі станцияларында вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуде – үлкен және өте үлкен қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамды қалыптастыру кезінде - 5-разряд.

Ескерту. Вагондардың қозғалыс жылдамдығын аға реттеуші тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген тікелей жұмыстарды орындаудан басқа, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілер бригадасының жетекшісі міндетін атқарады және реттеушілерден бір разряд жоғары тарифтеледі.


75. Жасанды құрылыстарды жөндеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл, ағаш, тас, бетон және темір бетон көпірлерді, өтпе жолдарды, виадуктерді, акведуктерді, эстакадаларды, лотоктар мен басқа да жасанды құрылыстарды слесарлық, тойтару, ұсталық және бетон жұмыстарын орындай отырып, жөндеу және техникалық ұстау, жасанды құрылыстарды шаң-тозаңнан, қоқымнан, таттан, қар мен мұздан тазалау. Жылжымалы көріктерді толтыру. Тойтармаларды қыздыру. Арматуралық болатты жазу, тегістеу және кесу. Жасанды құрылыстың бетін сырлау үшін дайындау. Ағаш материалдарды қолмен өңдеу. Шарнирлер мен катоктарды майлау. Бетін жоспарлау және тазалау. Топырақты қол құралмен қопсыту, тығыздау, тігінен және көлденеңнен ауыстыру, оны зембілмен және арбамен шығару. Бүлінген асфальт беттерді сындыру. Шағын көпірлер мен құбырлардың тесіктерін жабу және ашу. Туннельдегі тоңды ою. Тоннель қабырғасындағы алынып жатқан торкрет немесе бетон қабатын жұлып алу. Туннельдегі тұзды ағындар мен шорды алып тастау. Батпақты жерлерді және судың туннельдің қаптамасына түсуі ықтимал жерлерден тыс кептіру.

Білуге тиіс: жасанды ғимараттардың құрылымдық бөліктері мен элементтерінің атауы мен мақсаты; қол құралының құрылысы; металл, бетон, темір бетон, ағаш және тас беттерді тазалау тәсілдері; слесарлық, тойтару, ұсталық және бетон жұмыстарын орындау тәсілдері; арматуралық болатты жазу, тегістеу және кесу тәсілдері; қол құралдары мен айлабұйымдарын пайдалана отырып, жұмыстарды орындау тәсілдері; бетон қоспасын әперу және тығыздау тәсілдері; бетті сырлауға дайындау ережесі; ағаш материалдарын қолмен өңдеу тәсілдері; жүктерді тасымалдау және қоймалау тәсілдері; жасанды ғимараттарды қайта құру және күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелері.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница