Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница6/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

51. Вагондар мен контейнерлерді пломбалаушы

2-разряд

Жұмыстың сипаты. Вагондар мен контейнерлерге пломбаларды ілу және пломбаларға оттискілер салу. Пломбасы бар немесе пломбасыз жүктерді тасымалдауда сым бұрауларын салу, сондай-ақ вагон есіктерін арнайы бекіту құрылғыларымен жабу. Пломбаның екі жағынан да оттискілердің анықтығын және сымның бекітілуінің беріктігін тексеру. Пломбалау іскенжелерін, пломбаларды, сымдарды сақтау. Іскенжелерді күту, оларды майлау, бақылау белгілерін, әріптік және сандық таңбаларды көшіру. Пломбалау кітаптарын әшекейлеу.

Білуге тиіс: вагондар мен контейнерлерді пломбалау ережесін; бұрандарды бекіту ережесін; тетігі мен құралдарын; пломбалардың түрлері мен оларды ілу тәсілдерін; пломбалау іскенжелері мен пломбалау кітаптарын сақтау тәртібін; пломбалау іскенжелерінде бақылау белгілерін көшіру тәртібін; пломбамен немесе бұраумен әкелінген жүк түрлерін; техника қауіпсіздігін.


52. Қос дөңгелекті престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып локомотивтер мен вагондардың дөңгелектерін сығымдаудан алу, дәлдеу, гидравликалық қиықша саусақтарын сығымдау. Сығымдаудан алғаннан кейін дөңгелектердің элементтерін тексеру. Гидравликалық сығымдағы локомотив, вагон дөңгелектерін сығымдау, анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен дөңгелектерді сынамалау. Дөңгелектерді бұру және орнатуда тельферлер мен кран балкаларды басқару және сығымдағаннан кейін дөңгелек элементтерін сығымнан алу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі гидравликалық сығымдағыштардың жұмыс принципі, дөңгелектерді сығымдау техникалық шарттары мен ережесі, арнайы айлабұйымдардың қызметі мен орнату тәсілдері, негізгі шектеулер мен отырғызу мәліметтері; тельферлер мен кран балкалармен жұмыс істеу ережесі.


53. Қос дөңгелекті престеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып локомотивтер мен вагондардың дөңгелектерін сығымдау. Сығымдаудан алдын дөңгелектердің элементтерін тексеру және іріктеу. Көлденең және тік жазықтықтағы сығымдардың дөңгелек осін тексеру. Дөңгелектерді сығымдауға қажетті қысымды қамтамасыз ету. Дөңгелек осьтеріне дөңгелектерді, ортасын, тісті дөңгелектерді отырғызу. Сығым жұмысын реттеу. Сығымдауда дөңгелектің орналасуын бақылау. Индикатор диаграммасын шешу. Индикаторлық диаграмма бойынша сығым сапасын айқындау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі гидравликалық сығым құрылымы мен құрылымдық ерекшеліктері, дөңгелектерді сығымдау техникалық шарттары мен ережесі, металдардың механикалық қасиеті, шектеулер мен отырғызулар; өзі жазатын сығым индикаторларының құрылымы және жұмысы.


54. Қос дөңгелекті престеуші

6-разряд

Жұмыстың сипаты. Локомативтер мен вагондарды пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қос дөңгелекті куәландыруды жүргізу рәсімінде өте ауыр жұмыстар орындау. Дөңгелек орталығы күпшегі тесігінің шошақтығын, басқа бір жазықтықпен қиылысуын жою.Дөңгелектерді белағашқа екінші рет нығыздап қондыру, тісті дөңгелектерді қайтадан престеу. Саусақтарды, белағаштарды, әлсіреу нышанындағы тісті дөңгелектерді престе байқап көру. Тісті дөңгелектерді стандарт емес (ұзартылған) орталық күпшекке престеу. Ауа баптағыштары бар жолаушылар тасымалдаушы вагондар үшін редукторлы тұтас арқанды дөңгелектер орталықтарын белағаштың орталық бөлігінен престеу. Редукторды тексеру мен белағашқа редуктор іріктеу. Қос дөңгелектің бір жақ орталықтарынан престеу және артынан басқа тұтас қанатты дөңгелекті престеумен редукторды орнату. Арнайы электр шектегіш ходпрестеу көмегімен дұрыс тартуды және қос дөңгелектің ішкі жиектерінің арасындағы белгіленген қашықтықты 1439 мм шегінде қамтамасыз ету. Престеу мен белағаштың орта бөлігіндегі редукторлы қос дөңгелеті сапасын анықтау.

Білуге тиіс: Локомотивтер мен вагондардың қос дөңгелектерінің аса қауіпті ақауларын анықтау мен жою; металдардың термикалық және басқа құрылымын, қайта престеу мен екінші рет нығыздап қондыру тәсілдерін; орталық күпшектерді ұзартуға тісті дөңгелектерді престеуді; гидравликалық престеуді жөндеу технологиясын; белағашқа редукторлар іріктеу ережелері мен тәртібін; жолаушылыар тасымалдаушы вагондар редукторларының, оның ішінде шетел өндірушілерінің құрылғысын;


55. Поездардағы жүк және багаждарды қабылдаушы тапсырушы


Жұмыс сипаттамасы. Жүк және багаждарды қабылдау, тиеу, топтау және оны станцияларда түсіру және тапсыру. Қалыптастыру жоспарына сәйкес вагондағы жүк және багажды оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету. Ішкі және халықаралық қатынастағы поездарда жүк және багаждарды қабылдауда ілеспелі құжаттарын ресімдеу. Жалпы салмағы 500 кг-нан асатын, немесе салмағы 80 кг-дан асатын орын алатын багаж және жүк багажын қабылдау қажеттілігі туралы телеграммамен немесе телефон арқылы хабарлау. Поездардың станцияда тұратын уақытында тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету. Тасымалдауға жататын және жолда берілген жүк және багаждарды есепке алу, вагондарды жылыту, ылғал және құрғақтай жинауды қамтамасыз ету; вагонның техникалық жағдайын қадағалау.

Білуге тиіс: жүк және багажды тасымалдау ережесі; вагондарға тиеудің оңтайлы тәсімдері; ішкі және халықаралық қатынастағы поездарда жүк және багажды тасымалдауды есепке алу және құжаттарды ресімдеу тәртібі, багаж вагонының құрылымы және қызмет көрсетілетін жүйе тәртібі; теміржол тәсімдері, поезд қозғалысы кестелері және станцияларда тұру уақыты – қызмет көрсетілетін учаске шегінде, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы шаралар ережесі мен нормалары.

Қала сырты қатынасындағы, атап айтқанда почталық-багаж поездарында жұмыс істеуде – 2-разряд;

Жергілікті және алыс жақтарға қатынайтын почталық-багаж поездарында жұмыс істеуде – 3-разряд,

Халықаралық қатынайтын поездарда жұмыс істеуде – 4-разряд.

Ескерту. Поездарда жүк пен багажды аға қабылдаушы тапсырушы өзі басқаратын поездардағы жүктер мен багажды қабылдаушы тапсырушылардан бір разряд жоғары тарифтеледі.


56. Поездарды қабылдаушы


Жұмыс сипаттамасы. Жүк тасымалдау ережесіне және жүк тиеу және бекіту техникалық шарттарына сәйкес коммерциялық тексеру пункттері жоқ теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттерінде және кірме жолдарында жүк артылған вагондарды коммерциялық тексеруді қабылдау және жүзеге асыру; поездардың қауіпсіз қозғалысына және тасымалданатын жүктің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулықтар мен кемшіліктерді анықтау. Вагондардың сыртын тексере отырып және өнеркәсіптік телевизиялық құрылғылардың, электронды-көлемді құрылғылардың, бейнебақылау техникасының, электронды вагон таразылардың көмегімен тексеру. Поездардан вагондарды ажыратып, басқа вагондарға көшіруді немесе жүктің сақталуын тексеруді талап ететін кемшіліктер туралы жүк және багаж қабылдаушы тапсырушының хабарламасы. Поездардан вагондарды ажыратып, басқа вагондарға көшіруді немесе жүктің сақталуын тексеруді талап ететін кемшіліктер жөніндегі белгіленген нысандағы коммерциялық ақаулықтар туралы актілерді ресімдеу және шұғыл жеткізулерді дайындау; станция кезекшісіне жүруге дайындығы туралы хабарлау. Коммерциялық кемшіліктерді тіркеу кітабына поезд және вагондарды тексеру нәтижесін жазу. Цистерна аспаптары арқылы сұйық жүктің ағып кетуін және басқа да коммерциялық кемшіліктерді жою, жылжымалы құрамдар мен жүктерді бекітуді қамтамасыз ететін тіректерді орнату жұмысын басқару және тікелей қатысу. Ашық жылжымалы құрамдағы вагондар мен жүктердің қалыбын, электрленбеген жолдардағы жоғарғы люктерге поезд қабылдаушысын көтере отырып вагондар мен цистерналардың пломбалары мен бекіткіш-пломбалау құрылғыларының жарамдылығын, тексеру жылжымалы құрамдағы арнайы сызбалар мен белгілер бойынша жүргізілетін поезд құрамындағы көлемді емес жүгі бар вагондардың болуын тексеру. Жүктің баратын станциясына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрамның тоқтап тұру мерзімін қысқарту шараларын қабылдау және бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесі; теміржолдардағы көлік жарғысы, жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі; теміржолмен тасымалдауда қауіпті жүктермен болатын авариялық жағдайларды жою тәртібі мен қауіпсіздік ережесі; көлемді емес және ауыр жүктерді тасымалдау нұсқаулығы, коммерциялық тексеру пунктінің үлгілік технологиялық жұмыс процесі; өнеркәсіптік теледидар, электронды көлемді есіктер, коммерциялық тексеру пункттерінің автоматталған жүйесі құрылғыларын пайдалану нұсқаулықтары, түрлі үлгідегі вагондардың жүк бөлігінің құрылымы, коммерциялық кемшіліктер мен ақаулықтар туралы актілер мен басқа да құжаттарды ресімдеу тәртібі; теміржол көлігінің тиеу-түсіру жұмыстарында еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережесі мен нормалары.

Коммерциялық тексеру пункттері жоқ теміржол станциялары кірме жолдарындағы жүк вагондарын қабылдауда – 3-разряд;

ІІІ-ІІ сыныпты теміржол станцияларының коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда – 4-разряд;

Электронды құрылғылар және техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған сыныптан тыс және І сыныпты теміржол станцияларын коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда – 5-разряд;

Электронды құрылғылар және техникалық тексеру құралдарымен жабдықталған жол аралық және мемлекет аралық теміржол станцияларындағы коммерциялық тексеру пункттеріндегі жүк артылған вагондарды қабылдауда – 6-разряд.


57. Құбыр тесуші үрлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі паровоз қазандықтарын мен бу крандарының бу шығаратын және қыздыратын құбырларын суықтай және ыстықтай күйде тесу, тазалау және үрлеу. Болат щеткамен от қалдықтарынан тазарту. Күл салғышты қалдықтардан мен күйген жерлерін тазалау.

Білуге тиіс: түтін шығаратын, бу шығаратын құбырларды тесу, үрлеуде қолданылатын аспаптар мен құралдардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі; құбырларды тесу, тазалау және үрлеу ережесі мен тәсілдері, құбырларды тесу, тазалау және үрлеу кезектілігі; паровоз қазандықтарының құрылымы мен жұмысы, ыстық паровозда жұмыс істеу кезінде отты ұстап отыру ережесі.


58. Жолаушы вагоны жолсерігі


Жұмыс сипаттамасы. Жол сапарында поезд жолаушыларына қызмет көрсету және авариялық жағдайларда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Вагонның ішкі қауіпсіздігін сақтау және алынбалы керек-жарағын жарамды қалыпта ұстап отыру. Жолаушыларды қауіпсіз түсіру және отырғызуды қамтамасыз ету. Жолаушыларды олардың жүру құжаттарына сәйкес вагондарға орналастыру. Жылыту, жарықтандыру, желдеткіш, тоңазытқыш құрылғылары мен ауаны салқындату аспаптарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Вагондарды қысқы уақытта жылыту. СКНБ аспабының көмегімен электр жабдықтарын, қайнатқыш, букстың қыздырылуын қадағалау, қол тежегішін тексеру. Төсек жабдықтарымен және шаймен жолаушыларды қамтамасыз ету. Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардың жолаушыларды шаймен, кофе және кондитерлік заттармен тәулік бойы қамтамасыз ету. Фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездардағы балалы, мүгедек және қарт жолаушыларға вагон рестораннан немесе буфетке берген тапсырыстарын өтініштері бойынша жеткізіп беру. Қамтамасыз ету бригадасы болмағанда тиісті қоймаларға төсек орындарды, шай жарақтарын алу және тапсыру. Алысқа баратын жолаушы және жүрдек поездарындағы ұйықтайтын вагон жолаушыларының талаптары бойынша, ал фирмалық поездар мен халықаралық қатынастағы поездарда – міндетті түрде төсек орындарын салып, жинап беру. Бұзылған немесе құртылған материалдық құндылықтарға актілер жасау және кінәлі адамдардан белгіленген тәртіпте құнын өндіріп алу. Жолаушыларды тоқтайтын пункттердің атаулары, поездың тоқтау ұзақтығы туралы хабардар етіп отыру. Қажет болғанда жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету. Вагондардағы бос және босайтын орындар туралы поезд бастығына уақытында (арнайы бланкілерде) хабарлап отыру. Вагонды құрғақ және ылғалдай тазалау, дезерітінділерді пайдалана отырып туалеттерді тазалау. Вагондарға реттік нөмірлерін және бағдар тақталарын ілу. Қатты отын салу, күлден тазарту. Сорғы немесе арнайы айлабұйымдардың көмегімен салқындатылған қайнатылған су дайындау. Вагондардың (жолаушы вагондарының жол серігі лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес) ішкі қосымша жабдықтар және алынбалы керек-жарақ тізбесі және накладнойлары бойынша қабылдау және тапсыру. Халықаралық қатынастағы поездарда – жол ведомостілерін, кеден декларацияларын ресімдеу, оларды белгілеу үшін кеден органдарына ұсыну, валюта алу және тапсыру, халықаралық қатынастағы қолданыстағы тарифтерге сәйкес жолаушыларға плацкарта сату және квитанцияларды ресімдеу; жолаушы талаптары бойынша халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарына белгілерді ресімдеу; шекаралық станциялар арасындағы поездардың жолаушыларына арналған ережелерді бақылау. соңғы вагонға қызмет көрсетуде – артқы сигнал фонарьларының жағдайын бақылауды қамтамасыз ету. Поездарды мәжбүр тоқтатылған кезінде оны қоршауды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі жолаушы вагондарының, арба жабдықтарының құрылымы; тежегіш жабдықтар; автотіркегіш, вагон асты жабдықтарының құрылымы мен жұмыс принципі, СКНБ, СПС құрылымы, ауаны желдету құрылғылары, жылыту аспаптары, міндетті желдету, электр жабдықтарын, тоңазыту құрылғыларына қызмет көрсету және реттеу тәртібі; авариялық ахуалдарда жолаушыларды құтқаруға арналған жабдықтарды пайдалану ережесі, жолаушы поезд вагондарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары, еңбекті қорғау ережесі мен нормалары, алғашқы көмек көрсету нұсқаулықтары, теміржол желілері маңызды станцияларының географиялық орналасуы; жолаушы поездардың қызметтік кестелерін пайдалану тәртібі; жолаушы вагондары жол серігінің лауазымдық нұсқаулықтары; қолданылатын есептеу және есептілік нысандары, оларды жүргізу және жасау тәртібі.

Халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде: халықаралық қатынастағы вагондарға қызмет көрсетуде арнайы дайындық бағдарламасында көзделген шетел тілін қызметтік мәселелер бойынша жолаушылармен сөйлесуге қажетті көлемде білуі, поезд бағыты бойынша елдердің көлік географиясын; жол құжаттамасын жүргізу, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесі, поезд бағыты бойынша темір жолдарда қолданылатын поезд және маневрлік сигналдар.

Вагондар тұратын парктерде және қала сыртына қатынайтын поездардағы вагондарға қызмет көрсетуде – 3-разряд;

Жергілікті және алыс жақтарға қатынайтын арнайы тағайындалған вагондарға қызмет көрсетуде – 4-разряд;

Фирмалық поездарда және халықаралық қатынайтын поездардағы вагондарда қызмет көрсету – 5-разряд.

Ескерту. Шетел тілін білетін жолаушы вагонының жол серігі халықаралық қатынастағы поездардағы вагондарда қызмет көрсетуде бір разряд жоғары тарифтеледі.


59. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсеріктер

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүкті қабылдау және оны вагонға тиелуін қадағалау, баратын жеріне дейін ілесіп бару. Тасымалдаудың бекітілген шарттары мен жүкті сақталуын қамтамасыз ету. Жүктерді тапсырыс берушілерге белгіленген тәртіппен тапсыру. Поездың баратын жолында ақаулықтарын жою шараларын қабылдау. Теміржолдардағы сигнал беру нұсқаулығына сәйкес мәжбүрлі аялдамада поездардың қоршалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Вагонды отын және сумен қамтамсыз ету. Вагонды ылғалдап және құрғақтай жинастыру.

Білуге тиіс: жүкті қабылдау және тапсыру тәртібі; тиеу ережесі; вагонға жүкті орналастыру және бекіту; оларды тасымалдау шарттары; жүк вагондарының құрылымы туралы жалпы мәліметтер, жүкті апару бағыты; поездардың өрт қауіпсіздігі ережесі мен қауіпсіздік техникасы; жолаушылар вагоны жолсерігі нұсқаулығы.


60. Жүк және арнайы вагондарға ілесіп жүретін жолсеріктер

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы вагонның баратын жеріне дейін техникалық жағдайын қадағалау. Вагонның ішкі жабдықтары мен алынбалы керек-жарағын жарамды қалыпта, тазалықта ұстап отыру және сақтау. Электрмен жарықтандыру, жылыту, желдету, тоңазыту және басқа да жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету. Вагон учаскелеріне техникалық қызмет көрсету пункттеріне табылған ақаулықтарды жоюға өтінімді уақытылы беру және орындалатын жұмыстың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызметтік-техникалық вагонның жалпы құрылымы; электрмен жарықтандыру, жылыту, желдету, тоңазыту және басқа да жабдықтарды пайдалану ережесі және ұсақ ақаулықтарды жою тәсілдері.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница