Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница5/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

42. Дефескопты арба операторы


Жұмыс сипаттамасы. Дефескопты арба рельстеріндегі ақаулықтарды анықтау процесін жүргізу. табылған ақаулықтар мен рельс зақымдықтарын егжей-тегжейлі зерттеу және сыныптауышын жүргізу, ақаулықтардың дамуын бақылау, оларды тіркеу және қажетті жағдайларда поездың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдау. Дефескоптарды пайдалану және технологиясы ережелерін сақтай отырып оларды жарамды қалыпта ұстау және техникалық қызмет көрсету. Дефескопты арба элементтерін аспаптар бойынша және сыртын тексеріп айқындау. Бақылау тупигіндегі арбалардың жұмысқа жарамдылығын және сезімталдығын тексеру, баптау және реттеу. Дефескопты арбаны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: магнитті және ультрадыбысты рельсті дефескоптардың құрылымы мен қызметі, рельс ақаулықтарының сыныптауышы мен зақымдықтары және олардың поезд қозғалысына әсері, рельстердің қалыпты жұмыс жағдайлары; электр техника, электроника, металл тану негіздері, дефескоптарды ұстау, сақтау және техникалық пайдалану ережесі, дефоскоптардың жұмыс қабілетін және шартты сезімталдығын тексеру ережесі; аккумуляторлардың құрылымы және олардың алдын алу және қызмет көрсету шараларын жүргізу ережесі, жол жұмыстарын жүргізгенде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы.

Магнит және бір жолды ультрадыбысты дефескопты арбаларда жұмыс орындауда – 4-разряд;

дефектінің мөлшерін айқындауға арналған электронды сәулелі түтікшемен жабдықталған магнит және екі жолақты ультрадыбысты рельс дефескоп арбаларында жұмыс орындауда – 5-разряд;

микропроцессорлық құрылғылы ультрадыбысты және магнитті дефескоп арбаларында жұмыс орындауда – 6-разряд;

барлық үлгідегі рельсті дефескопты арбаларда жұмыс орындауда және дефескопты теңшеу жұмыстарына қатысуда – 7-разряд.

Ескерту. Дефескопты арба жүргізу құқығы бар болса, оператордың басшылығымен жұмыс орындауда дефескопты арба операторының көмекшісі оператордан бір разряд төмен; құқығы болмаса - екі разряд оператордан төмен тарифтеледі.


43. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вагон автоматты тежегіштерін орталықтандырылған сынамалаудың басқару пультын жүргізу. Поездарды қабылдау және жөнелту кестесіне сәйкес вагон автотежегіштерін тексеру, жөндеу және сынамалау жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындауға арналған техникалық қызмет көрсету пунктімен байланысты ұстап отыру.

Білуге тиіс: барлық жүйедегі ауа таратқыш және электр ауа таратқыш жұмысында қолданылатын вагондарды, машинист крандары мен бақылау-өлшеу аспаптарын орталықтандырылған сынамалауды басқару пультының құрылымы; вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегішті тексеру және сынамалау техникалық құралдарының орналасу тәсімі.


44. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты қашықтықтан басқару құрылғылары арқылы техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты тежегіштерді сынамалау және поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу. поезд жүріп бара жатқанда жолаушы және жүк вагондарындағы ПОНАБ электронды аспап арқылы букстың қызу деңгейін айқындау.

Білуге тиіс: электронды аспаптардың, автотежегіштерді сынамалау поездарының орталықтандырылған қоршау құрылғыларының құрылымы, баптау тәсілдері; техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагондардың орталықтандырылған қабылдау-жөнелтуін орналастыру тәсімі.


45. Вагон және контейнерлерге қызмет көрсету және жөндеу операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Станциялардың мамандандырылған жолдарындағы жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету процесін жүргізу, сондай-ақ, автоматты және ағын депо желілеріндегі жылжымалы құрамды жөндеуді басқару. Қызмет көрсетілетін желінің жұмыс істеу режимі мен жүктемесін реттеу. автоматты желі ақаулықтарының алдын алу және жою. ДИСК-БКВ-Ц аспаптарында қызмет көрсету және қыздырылған букстарды, жарамсыз дөңгелек жұптарын және сүйретіліп жүрген вагон бөлшектерін анықтау. Механизмдерді жөндеуге қатысу. Автоматика және вагон жөндеу машиналарын пайдалана отырып вагондар мен контейнерлерді жөндеу жөніндегі өндірістік операцияларды орындау.

Білуге тиіс: автоматты желілер мен қосалқы жабдық құрылымдары, пайдалану ережесі, жабдықтардың кинематикалық тәсімі және автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын, сигнал беру және қызмет көрсетілетін желіні блоктауды пайдалану ережесі, вагон және контейнер құрылымдары; автоматты желідегі вагондар мен контейнерлерді жөндеудің технологиялық процесі; механика және электр техника негіздері.


46. Орталықтандыру бекеті операторы

Жұмыс сипаттамасы. Орталықтандырылған бұрмаларды аудару және орталықтандыру немесе жергілікті басқару пультынан басқару. Басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша дұрыс бағдарлауды бақылау. поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу және маневрлік жұмыс өндірісінде дыбыс және көрінетін сигналдарды жіберу. Жолдың бостығын тексеру, орталықтандырылған бұрмаларды курбельмен аудару, сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылғанда дұрыс бағдарлауды тексеру. Теміржол станцияларының технологиялық жұмыс процесіне және техникалық-тарату актісіне сәйкес маневрлік аудандарда қызмет көрсетілетін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: сигнал беру, орталықтандыру және блоктау және байланыс құрылғыларының жұмыс істеу принципі; оларды пайдалану ережесі, СЦБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыс өндірісінде поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулығы; жүк тасымалдау ережесі; еңбекті қорғау ережесі мен нормалары; теміржол станцияларының тиісті көлемінде техникалық-тарату акті мен технологиялық процесі.

Бұрма және сигналды орталықтандыру бекетінде қызмет көрсетуде:

өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында – 2-разряд;

өнеркәсіптік теміржол көлігі маневрлік аудандарында және магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарында – 3-разряд;

поездарды қабылдау, жөнелту, жіберу бағдарларына қатысуда теміржол көлігі магистральды маневрлік аудандарында – 4-разряд;

магистральды теміржол көлігі маневрлік аудандарда – 5-разряд.


47. Жол өлшемдері операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол өлшеу арбасы арқылы кеңдігі мен деңгейіне қарай теміржол жағдайларын тексеру және ақаулықтарын анықтау және рельс өлшеу арбасы арқылы рельстің ұштарындағы тегіс емес жерлерін өлшеу процесін жүргізу. Дұрыс жұмыс істеуді қамтамасыз етуге арналған жол өлшеу аппараттарды, рельс өлшеу арбаларын баптау. Бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Рельс ұштарындағы тегіс емес жерлерді тегістеуге қатысу.

Білуге тиіс: жол өлшеу, рельс өлшеу арбаларының құрылымы; арба аппараттарын баптау ережесі; рельс ақаулықтарын айқындау деңгейі мен тозу нормалары, жолдың сыртқы бетінің құрылымы; теміржолды ұстау нормалары мен ережесі.


48. Сұрыптау дөңесінің операторы

Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультынан механизацияланған және автоматтандырылған сұрыптау дөңесінде құрамды таратуды басқару. Сұрыптау паркіндегі құрамды тарату және маневрлік қозғалыс процестерінде ажырату бағдарларын әзірлеу үшін орталықтандырылған бұрмаларды бұру және сигналды басқару. Сұрыптау паркіндегі вагондардың арасындағы қажетті интервалды және шекті жылдамдығын қамтамасыз ету үшін вагон тежегіш арқылы вагондардың жылдамдығын реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша дөңес құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін бақылау. сұрыптау парағы деректері бағдарларына сәйкес қадағалау. Ерекше қауіпсіздікті тежегішті талап ететін жүк вагондарын ажырату, құрамды тарату тәртібі туралы ақпаратты жіберу.

Білуге тиіс: дөңес құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды өндіруде автоматталған және механизацияланған сұрыптау дөңесінде құрамды тарату және маневрлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулығы; жүк тасымалдау ережесі, еңбекті қорғау ережесі мен нормалары; сұрыптау дөңесі операторының жұмысына қатысты бөліктегі станция жұмысының техникалық-тарату актісі мен технологиялық процесі, сұрыптау дөңесі техникалық құрылымының жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесі, Поезды қалыптастыру ережесі; сұрыптау паркі жолдарын мамандандыру, сыйымдылығы мен кескіні.

Қуаты шағын (тәулігіне 1,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде – 4-разряд;

қуаты орта (тәулігіне 1,5 -3,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде – 5-разряд;

қуаты үлкен (тәулігіне 3,5 -5,5 мың вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде – 6-разряд;

қуаты үлкен (тәулігіне 5,5 мыңнан астам вагон) сұрыптау дөңесі теміржол көлігі станцияларында қызмет көрсетуде – 7-разряд.


49. Вагондарды қараушы


Жұмыстың сипаты. Поездар қозғалысы қауіпсіздігіне, жылжымалы құрам мен әкеле жатқан жүктің сақталуына қауіп төндіретін ақауларды анықтау үшін контейнерлер мен вагондардың үстіне шыға отырып техникалық қызмет көрсету. Өлшеу құралдарының көмегімен және сыртқы түрі бойынша вагондардың жүру бөлігіндегі, шанағындағы, түйініндегі және бөлшектеріндегі ақауларды анықтау. Жүк вагондары мен контейнерлерінің сақталуы, маневрлы жұмыстар мен жүк тиеу, түсіру операциялары кезінде оларға зиян келуінің алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру. Жолаушылар тасымалдаушы вагондардың электро- радио құрылғыларын техникалық тексерістен өткізу. Бүлінген жылжымалы құрамға техникалық құжаттама ресімдеу. Контейнерлерге жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету мен олардың герметикалығын анықтау. Жөндеуге жататын вагондарға оларды поездардан ағыту арқылы вагондарды шартты белгілеу мен вагондардың сынғаны жөнінде ескерту ресімдеу. Вагондар мен контейнерлердегі жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау. Вагон құрастырушы және вагон жөндеуші кәсіпорындар орындаған жөндеу сапасына бақылау. Поезд вагонының соңын белгілеу үшін дабылды ілу мен ағыту. Вагондар мен контейнерлер ақауларын жою бойынша жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: Вагондарды қараушының нұсқаулығын; вагондар мен контейнерлер құрылғыларын және оларды техникалық пайдалануды; вагондар мен контейнерлерге техникалық қызмет көрсету ережелерін және оларды жөндеудің жоспарлы түрлерінің мерзімін; вагондарды ағытпай жөндеудің ережесі мен технологиясын; вагон паркінің сақталуы мәселесі бойынша ережені, нұсқамалықты және нұсқауды; техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін; поездар дабылдарын және жөндеу кезінде поездарды қоршау тәртібін; вагондарды тексеру кезінде қолданатын үлгілерді, өлшейтін құрал мен оларды қолдану ережелерін; поездың соңын белгілеу тәртібін.

3- разряд - контейнерлік алаңдарда, магистральды темір жол көлігінің аралық станциялары мен өндірістік кәсіпорындарының поезд жолдарында орналасқан техникалық қызмет көрсету пункттерінде әмбебап және ірі тонналы контейнерлерге техникалық тексеріс жүргізу мен ақауын жоюда;

4-разряд - жүкті тиеу және түсіру станцияларында орналасқан, учаскелік станциялардағы техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарға техникалық тексесіс жүргізу мен ақауларын жоюда және вагондарды жүк тасымалдауға дайындау бойынша жұмысты жүзеге асыруда

5-разряд - кластан тыс, 1 және 2 класты станцияларда орналасқан техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жолаушылар тасымалдайтын, автомобильдер тасымалдайтын вагондарға техникалық қызмет көрсететін пункттерде, ірі сұрыптау станциялары мен жүкті жаппай тиеу станцияларында орналасқан вагондарға техникалық қызмет көрсететін пункттерде, жолаушылар тасымалдайтын поездардың құрылу және айналым пункттерінде вагондарға техникалық қызмет көрсету мен ақауларын жоюда, тасымалдауға жүк вагондарын дайындауда;

6-разряд – жүк түсірудің пневматикалық және механикалық жүйесін тасымалдау мен тексеруді байқау, жөндеу, дайындық кезінде және хоппер (хоппер-мөлшерлеуіш, астық тасымалдаушы вагондар, жентек тасығыштар және т.б.) түріндегі вагондарға жүкті бекітуде, вагондарға техникалық қызмет көрсету мен ақауды жоюда, жүк тасымалдаушы вагондарды табыстау мен қабылдауда, мемлекет аралық және жол арасындағы табыстау пункттеріндегі басқа жұмыстарды жүзеге асыруда;

Ескерту. Аға вагондарды қараушы өзі басқаратын вагондарды қараушылардан бір разрядқа жоғары тарифтеледі.


49. Вагон тексеруші

Жұмыс сипаттамасы. Поездың қауіпсіз қозғалысына, жылжымалы құрамның және тасымалданатын жүктің сақталуына қауіп төндіретін ақаулықтарды анықтау үшін контейнерлер мен вагондарды техникалық байқау. Өлшеу аспаптарының көмегімен және сыртқы түріне қарай вагонның жүретін бөлшектеріндегі, кузов, тораптары мен бөлшектеріндегі ақаулықтарды анықтау. Жүк вагондары мен контейнерлердің сақталуын, маневрлік жұмыстар мен тиеу-түсіру операцияларындағы ақаулықтарының алдын алу шараларын қамтамасыз ету. Зақым келтірілген жылжымалы құрам актісін ресімдеу. Контейнерлерді техникалық байқау және жүктің сақталуын қамтамасыз ететін олардың герметикалығын айқындау. Жоюға жататын вагондардағы жарамсыздықтар туралы поездардан вагондарды ажыратпай және ажырата отырып белгі жасау және вагондардың жарамсыздықтары туралы хабарламаны ресімдеу. Вагондар мен контейнерлерді жөндеу жұмысының көлемін айқындау. Вагон жасау және вагон жөндеу кәсіпорындары орындаған вагон жөндеу сапасын бақылау. Вагондарды жөндегеннен кейін тексеру және пайдалануға беру. Жөндегенде поездарды қоршау. Вагондар мен контейнерлердегі кемшіліктерді жою жұмыстарға қатысу.

Білуге тиіс: вагон тексеруші нұсқаулығы; вагондар мен контейнерлердің құрылымы және оларды техникалық пайдалану ережесі; вагондар мен контейнерлерге техникалық қызмет көрсету ережесі мен оларды жөндеу мерзімдері; вагондарды жөндеу ережесі мен технологиясы, вагон парктерінің сақталу мәселелері жөніндегі нұсқаулықтары мен көрсеткіштер; техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесі, поезд сигналдары мен поезды жөндегенде қоршау тәртібі; вагондарды тексеруде қолданылатын шаблондар; өлшеу құралдары мен оларды пайдалану ережесі, поезд ұшын белгілеу тәртібі.

магистральды теміржол көлігі және өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарындағы станцияларда орналастырылған конвейер алаңшалардағы, техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі әмбебап және ірі тоннажды контейнерлердегі ақаулықтарды техникалық тексеру және жоюда – 3-разряд;

магистральды теміржол көлігі жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі учаскелік станцияларда және ірі сұрыптау станцияларында орналастырылған техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагондарды техникалық тексеру және жоюда – 4-разряд;

хоппер үлгісіндегі вагондарды түсіру және бекіту пневматикалық және механикалық жүйелерін тасымалдау және ревизиялауға тексеру, дайындауда; сондай-ақ мемлекет аралық және жол аралық жіберу пункттеріндегі вагондардың кемшіліктерін техникалық тексеру және жоюда – 5-разряд.

Ескерту. Аға вагон тексеруші өзі басқаратын вагондарды тексерушіден бір разрядқа жоғары тарифтеледі.


50. Вагон тексеруші - жөндеуші

Жұмыс сипаттамасы. Поездың қауіпсіз қозғалысына қауіп төндіретін ақаулықтарды анықтау және жою үшін техникалық қызмет көрсету, кузовтарды, раманың жауапты тораптарын, жүріп тұрған бөлшектерін, автотіркегіш құрылғыларды, тежегіштер мен рычагты автореттегіштерді, буксты тораптарды, редукторлы-карданды жетектерді, тоңазытқыш мотор желдеткіш құрылғыларды, электр және радиожабдықтарды, вагон жылыту аспаптарын, едендерді, жабық және изотермиялық вагондардың шатырларын ажыратпай жөндеу. Барлық үлгідегі жүк вагондарын жөндеуге арналған күрделі әмбебап құрылғылар мен өзі жүретін машиналарға қызмет көрсету. Әмбебап құрылғылар мен машиналардың электр, гидравлика, пневматикалық және көтергіш электр қозғалтқыш жабдықтарын жарамды қалыпта ұстау және жөндеу. Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың маневрлік жұмыстарда және тиеу-түсіру операцияларында зақымдануының алдын алу.

Зақымдалған вагондардың техникалық құжаттамасын ресімдеу. Поезд және жекелеген вагондардың техникалық дайындығы туралы ақпаратты жіберу. Вагондар мен контейнерлерді техникалық тексеру, жөндеу, жүктің сақталуын қамтамасыз ететін герметикалығын айқындау. Наряд, форма, ведомостілерді ресімдеу. Жарамсыз вагондар мен контейнерлердің есебіне жүргізу. Вагон және контейнерлердің жөндеу жұмыстарының көлемін айқындау. Бригада жұмысын ұйымдастыру және басқару. Вагондар мен контейнерлердің есебінен шығарылған және зақымдалған керек-жарағына техникалық актілер жасау. Поездарды жөндегенде қоршау.

Білуге тиіс: вагон тексерушінің нұсқаулығы; вагондар мен контейнерлердің құрылымы; бөлшектер мен тораптардың тозу және шекті нормалары; жоспарлы жөндеу мерзімі; жүкті техникалық тексеру, тасымалдау және сақтау ережесі; вагондарды жөндеу ережесі мен технологиясы; слесарлық, столярлық және жабын жұмыстарының озық әдістері; вагондарды, контейнерлерді жөндеуде қолданылатын өлшеу аспаптары, құралдар мен айлабұйымдар; оларды пайдалану ережесі, жүк сипаттамасы; реттеу тәртібінде жіберілетін бос контейнерлерді жолдан жіберу тәртібі; өзі жүретін машиналар мен әмбебап құрылғылардың құрылымы; ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері; поездарды жөндегенде қоршау ережесі.

Магистральды теміржол көлігі аралық станцияларында және өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарындағы орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде; контейнерлік алаңшалардағы контейнерлерді техникалық тексеру және жөндеуде – 4-разряд;

Сұрыптау, учаскелік және аралық станцияларда вагондарға тиеу және түсіру станцияларында орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттарында вагондарды техникалық тексеру және жөндеуде – 5-разряд;

Вагондарға жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау, учаскелік сыныптан тыс станцияларында, 1 және 2 сыныпты станцияларда орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде, вагондарды тасымалдауға дайындау пункттерінде вагондарды техникалық тексеру және ажыратпай жөндеуде – 6-разряд;

Вагондарды жаппай тиеу, түсіру станцияларында, сұрыптау және учаскелік станцияларда, жолаушы поездарын қалыптастыру пункттерінде, сыныптан тыс жолаушы станцияларында және жүк және жолаушы вагондарын ауыстыру пункттерінде орналастырылған вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автомобильдерді тасымалдау вагондарын, хоппер үлгісіндегі вагондарды босату және бекіту пневматикалық және механикалық жүйелерді ревизиялауда және тиеуден алдын вагондарды техникалық тексеру, ақаулықтарын жоюда – 7-разряд.

Ескерту. Аға вагондарды тексеруші жөндеуші өзі басқаратын вагондарды тексеруші жөндеушіден бір разряд жоғары тарифтеледі.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница