Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница2/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

10. Тасымалдау құжаттарын жеткізуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тасымалдау құжаттарын теміржол станцияларының шеңберінде барлық нысандар мен поездарға жеткізу. Құжаттарды тіркеуде жүргізілген жазбаға сәйкес құжаттарды қабылдау, олардың санын тексеру. Құжаттарды қолхат арқылы тапсыру.

Білуге тиіс: құжаттарды қабылдау және тапсыру ережесі, құжаттарды тапсыру және қабылдау орындарының орналасқан жерлері мен сол пункттерге өтудің қауіпсіз бағдарлары, станция жолдарында болған кездердегі қауіпсіздік техникасы ережесін білу.


11. Сорғытушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Су тегеуріні шлангілерінің, қол аспаптарының және айлабұйымдардың көмегімен тоннель және станциялық сорғыларды, құдықтарды, кабельді және желдеткіш коллекторларды, станциялық платформаларды, қатты жол тұғырларын, жол жағалары мен метрополитен тоннельдерін шаю және тазарту. Су тегеурінді шлангілерді су тегеурінді желіге қосу және ажырату.

Білуге тиіс: метрополитеннің қызмет көрсетілетін учаскесінің сорғыту жүйесін шаю тәртібі, су құбыр жабдықтарының орналасу орны мен пайдалану ережесі, станциялардан және тоннельдерден суды бетіне шығару тәсілдері, үшінші контактілі рельсте, бағдаршамдарда, релелік шкафтарда және басқа құрылғыларда кернеулік жағдайында жұмыс істеу ережесі, бекітілген учаске шеңберінде негізгі және транзиттік айдамалардың орналасуы және сорғыту құрылғыларының кескіні; су бөлімшелерінің шектері; сорғыту жұмыстарын орындауда қолданылатын аспаптар мен айлабұйымдар.

Станциялардағы, кірме дәліздерде, түсіретін камераларда және де басқа жерлердегі жабық сорғы жүйесінің қол жетпейтін жерлері мен күрделендірілген тәсімі орындарындағы сорғыны тазалау және шаю кезінде. Химиялық ерітінділерді, айлабұйымдар мен механизмдерді қолдана отырып жабық сорғы құбыржолдарынан қатты тұз қалдықтары мен бөгде заттарды алып тастау.

Білуге тиіс: қолданылатын механизация құралдарының құрылғысы мен пайдаланылу тәртібі, станциялар мен тоннельдердегі сорғы жүйесінің тәсімі және құрылымы; химиялық ерітіндінің құрамы және әзірлеу тәсілдері, айлабұйымдар мен механизмдердің құрылымы; қатты қалдықтар мен бөгде заттардан жабық құбыржолдарды тазалау технологиясы; аталған жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары – 3-разряд.


12. Жүк поездарының кондукторы

Жұмыс сипаттамасы. Магистральды теміржол көлігі жолдарындағы жинақ, шығару, жіберу, шаруашылық поездарына қызмет көрсету. Вагондарға жіберу құжаттарын қабылдау және тапсыру, машинистті бағдар парағы бойынша жіберілетін поездың құрамымен таныстыру. Өнеркәсіптік кәсіпорын жолдарындағы поездар мен вагондарды қабылдау, тапсыру және қызмет көрсету. Ашық жылжымалы құрамдағы поездың дұрыс қалыптастырылуын және жүктердің дұрыс тиелуін тексеру. Вагондар мен контейнерлерде жіберілетін жүктің түгел болуын қамтамасыз ету. Поезды қоршау және тоқтағанда тежегіш башмақтар мен қол тежегіштерін бекіту. Аралық станциялардағы құрама, шығару және жіберу поездарында маневрлеуге қатысатын барлық қызметкерлердің маневрлік жұмыстарын басқару және маневрлік жұмыстарға қатысу. Ілеспе поездардың қауіпсіз жүруін және маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кірме жолдардағы барлық үлгідегі думпкарларды, табольт, хоппер-мөлшерлегіштерді босату.

Білуге тиіс: жөнелту, жүру және келу жолдарында поездарды қабылдау, қызмет көрсету және тапсыру тәртібі, ашық жылжымалы құрамға жүк тиеу ережесі және вагондар мен контейнерлерді пломбалау; жүк құжаттарын ресімдеу тәртібі, вагон және контейнер құрылымы туралы жалпы мәліметтер; тежегіш башмақтардың құрылымы мен пайдалану ережесі, поездарды қалыптастыру және маневрлеу жұмыс істеу ережесі, орталықтандырылмаған бұрмаларды аудару және қатыру ережесі.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның кірме жолдарындағы барлық жүк поездарға қызмет көрсетуде – 2-разряд;

шаруашылық поездардың темір жол желілеріне қызмет көрсетуде – 3-разряд;

құрама, шығару және жіберу поездардың темір жол желілеріне маневрлік жұмыстармен қызмет көрсетуде – 4-разряд;

құрама поездар желісі теміржолдарда қызмет көрсетуде – 5-разряд;

жүк поездарының кондукторының жұмысы кезінде аралық станциялардағы маневрлік жұмыстарды орындай отырып шығару, жіберу және құрама поездардың теміржол желілеріне қызмет көрсетуде – 6-разряд.

Ескерту:

Жүк поездарының бас кондукторы тиісті қызмет көрсетілетін поездың кондукторы үшін көзделген разрядтан бір разряд жоғары тарифтеледі.


13. Метрополитен автоматты жіберу пунктінің бақылаушысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоматты жіберу пункттеріне қызмет көрсету. Тиын қабылдағыш, жарық таблоларының, автоматты жіберу пунктінің саңылауларының жарамдылығын бақылау. Жолаушылардың метрополитенді пайдалану ережесін орындауын бақылау. Жіберу пункті арқылы өтетін жолаушылардың билетін және жүру құжаттарын тексеру. Жүк алып өтудің құнының толық төленуін және жолаушылардың үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету. Жинақтағыштардағы құралдардың ақаулықтарын жою үшін слесарь электрикті шақыру. Метрополитенмен бару бағдары туралы жолаушыларға түсіндіру беру.

Білуге тиіс: автоматты жіберу пункттерін қолдану принципі және пайдалану, ақаулықтарды анықтау және жою ережесі; метрополитенмен жүру құқығын беретін жол жүру құжаттарының түрлері; метрополитенді пайдалану ережесі.

Тәулігіне 25 мың адамға дейін жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде қызмет көрсету кезінде – 2-разряд;

тәулігіне 25 мың адамнан 40 мың адамға дейін жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде қызмет көрсету кезінде – 3-разряд;

тәулігіне 40 мың адамнан көп жолаушы өткізетін автоматты жіберу пункттерінде немесе теміржол вокзалдары мен станцияларына қосылған метрополитен станцияларының автоматты бақылау пункттерінде қызмет көрсету кезінде – 4-разряд;


14. Депо паровоздарының кочегары

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Деподағы ыстық паровоздарға және оған жолда қызмет көрсету. Желідегі жұмысқа оларды уақытылы даярлау. От жағу, қазандық, арматура, сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру. Қазандықтардағы будың талап етілетін қысымы мен судың қалыпты деңгейін ұстап отыру. Қазандық жұмысын реттеу. Суық паровоздарды отын және суға толтыру.

Білуге тиіс: қазандықтардың, қызмет көрсетілетін паровоздардың құрылымы мен пайдалану ережесі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы нұсқаулығы; өрт қауіпсіздігі ережесі, паровоздарды қатты және сұйық отынмен оңтайлы жылыту режимдері, сумен қоректендіру және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс істеу принципі; қазандықтардың ақаулықтарының алдын алу және жою тәсілдері, слесарлық жұмыстардың қарапайым тәсілдері; депо жолдарының орналасуы.

Ескерту: депо паровоздарының аға кочегары өзі басқаратын депо паровоздарының кочегарларынан бір разряд жоғары тарифтеледі.


15. Автомотриса машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Адамдарды тасымалдауға арналған автомотрисаны басқару, теміржолдарда пайдалану және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын, оның ішінде контактілі желі құрылғыларын жөндеу және байқау жұмыстарын жүргізу. Автомотрисаға техникалық қызмет көрсету. Жабдық қозғалтқышын, электр және гидравликалық жабдықтардың, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, автомотрисаның жүрдек бөлшектерін және оның көтерме жабдықтарын жарамады қалыпта ұстап отыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Механизмдердің ысқылайтын бөліктерін майлау. Жоспарлы-алдын алу жөндеуіне қатысу.

Білуге тиіс: автомотриса құрылымы, оны жабдықтау және жүргізу ережесі, автомотриса механизмдерінің ақаулық себептері және алдын алу, жою; қолданылатын отын және майлайтын материалдардың түрлері мен сапасы; олардың шығу нормасы, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және құрылымы; автомотриса тораптарын, дөңгелек жұптарын техникалық байқау түрлері, мерзімдері, жөндеу және куәландыру, адамдарды тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау ережесі; электр техникасы, радиотехника, гидравлика және механика негіздері.

Бензин қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде - 5-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-қа дейінгі дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде – 6-разряд;

қуаттылығы 220 кВт-тан асатын дизель қозғалтқышты автомотрисаны басқару және қызмет көрсетуде – 7-разряд.

Ескерту: автомотриса машинисінің көмекшісі басшылығында жұмыс істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.


16. Теміржолды сумен жабдықтау машинисі


Жұмыс сипаттамасы. Сорғы-күш жабдықтарын, іштен жанатын қозғалтқыштарға, бу қазандықтары мен басқа да сорғы станциялары жабдықтарына қызмет көрсету: қозғалтқыштар мен сорғыларды іске қосу, жұмыс режимін реттеу және тоқтату, сорғы станциясы құбыржолдары жүйелерін қайта қосу. Бақылау-өлшеу аспаптарын қадағалау. Сорғы станциясы жабдықтарын ағымдағы жөндеу. Хлоратор құрылғылардың жұмысын басқару. Суды хлорлау реагенттерін әзірлеу. Судың түбінде қалған хлорға талдау жүргізу. Сорғы станциясының жұмысы туралы техникалық есептілікті жүргізу. теміржол станциясының сумен жабдықтау құрылғыларын: арматуралы су құбырлары желісін, су тарату крандары мен имараттарын жарамды қалыпта ұстап отыру және қызмет көрсету. Бұлақ суы деңгейін, гидротехникалық имараттардың қалыбы мен жұмысын қадағалау. Санитарлық аймақтарды жарамды қалыпта ұстап отыру. Теміржол станцияларын сумен жабдықтау құрылғыларын қысқы жұмысқа дайындау. Поездарды және бақса да техникалық және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне орай үздіксіз сумен қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: сорғылардың, сондай-ақ оларды іске қосатын қозғалтқыштардың, резервтік энергия жабдықтарының, автоматты басқарылатын сорғы станциясы агрегаттары аспаптарының құрылымы, қолдану принципі және пайдалану ережесі; оратын, тегеурінді және тарататын құбыржолдардың: артезианды скважиналардың, гидротехникалық және су тегеурінді имараттардың, су тарататын колонкалар мен жолаушы поездарының, эшелондардың, тасымалданатын малдардың, жылжымалы құрамды шаю вагон крандарының тәсімдері, құбыржолдардағы арматуралардың құрылымы және қолдану принципі.

Тәулігіне 500 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 2-разряд;

тәулігіне 500 куб. метрден 1000 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 3-разряд;

тәулігіне 1000 куб. метрден 2000 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 4-разряд;

тәулігіне 2000 куб. метрден 2500 куб. метрге дейін су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 5-разряд;

тәулігіне 2500 куб. метрден астам су жіберетін сорғы станциясына қызмет көрсетуде – 6-разряд;

Ескерту: теміржолды сумен жабдықтау аға машинисі басшылығында істейтін жоғары санаттағы машинистен бір разряд жоғары тарифтеледі.


17. Теміржол - құрылыс машинасының машинисі


Жұмыс сипаттамасы. Теміржолдардың, жасанды имараттардың, жер төсемдерінің және балласт призмалардың беткі құрылымын салу, жөндеу және ағымдағы ұстап отырудың технологиялық процесіне сәйкес түрлі үлгідегі және қызметтегі машиналарды, күш құрылғыларын және жекелеген жұмыс тораптары мен механизмдерін басқару. Машиналарға техникалық қызмет көрсету. Машиналардың жұмыс процесінде кемшіліктерді анықтау және жою. Жабдықтарды жоспарлы алдын ала жөндеуге қатысу. Жанар және жағар май материалдарын құю.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызметі, құрылымы, пайдалану ережесі және орындалатын жұмыстардың технологиясы; ақаулықтардың пайда болу себептері мен олардың алдын алу және жою тәсілдері; электр, пневматикалық, гидравликалық, механикалық жабдықтарды баптау және реттеу ережесі және орындалатын жұмыстардың сапсына қойылатын техникалық талаптар; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережесі және нормалары, жол жұмыстарын жасауда поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету нұсқаулықтары, теміржолдардағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыстардың нұсқаулықтары, теміржолдарда белгі беру нұсқаулықтары, теміржолды техникалық пайдалану; жағар, жанар май материалдары мен электр энергиясының шығу нормалары.

Рельс плетьтерді тасымалдауға арналған машиналар мен арнайы құрамды басқаруда – 4-разряд;

түзету-қағу-өңдеу машинасын (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен дизель-генератор құрылғылар), думпкарларды, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), плуг қар тазалағыштарды, құрастырмалы әмбебап машинаны, жол жоңғысын, жол көтергіштерді, жол жөндегіштерді, тар жол салғыштарды, кең жол салғыштарды (жүк көтергіштер мен жентек қалау немесе жүктеу кранын), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, хоппер-мөлшерлегіш, қиыршық құмнан тазалайтын машинаны (жекелеген жұмыс тораптары, механизмдер мен күш құрылғылары) басқаруда – 5-разряд;

балласттау машинасын, балласт тығыздау машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу-өңдеу машинасын, автоматты басқару жүйесі бар түзету-қағу рихталау машинасын, звено құрастыру және звено бөлу машинасын, қазандық қазатын, тал шыбық кесетін машиналарды, клеммді және салма болттарды бекіту және майлау машинасын, звенолық қалау, тиеу және тасымалдау машиналарын, кюветтерді өңдеу және кесу машиналарын, жол рельстерін өңдеу машиналарын, жол рельстерін пісіру машинасын, кең жолақты жол салғыш, рельс тегістеу поездын, рихталау машинасын, өзі жүретін жол жөндеу машинасын, балласттарды жоспарлау және бөлу машинасын, өзі жүретін рельс тазалау машиналарын, өзі жүретін қар тазалайтын машинаны, шпал ауыстыратын машинасын, электр жетекті жұмыс органдары машиналарын, қар тазалайтын поездарды, балласттарды тиеу және тасымалдау, механикалық түрде түсіру арнайы құрамын, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда – 6-разряд;

тартатын энергетикалық машинаны, өнеркәсіптік электроникамен жабдықталған және автоматталған басқару жүйесі бар машиналарды: түзету-қағу-өңдеу машинасын, звено құрастыру және звено өңдеу машиналарын (жекелеген, тораптар мен механизмдер), рельс қалағыштарды, рихталау машинасын, алынатын, қар тазалайтын және жинайтын жұмыс органдарының пневматикалық және механикалық жетектері бар жинақтау машинасын, энергетикалық құрылғылы рельс плетьті тасымалдауға арналған арнайы құрамды, қар тазалағыш жол жоңғысын, қиыршық құм тазалайтын машинаны, рихталау агрегаты бар электр балластерді басқаруда – 7-разряд;

лазер құрылғылармен және микропроцессорлы бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған өзі жүретін машиналарды: түзету-қағу-рихталау машинасын, түзету-қағу-рихталау машиналарын, жолды жөндеу машиналарын, жіктерді түзету, қағу және тегістеу машиналарын, рельс тегістеу поездарын, балласт призманы күрделі жөндеу қиыршық құм тазарту машинасын басқаруда – 8-разряд.

Ескерту: темір жол құрылыс машиналары машинистінің көмекшісі басшылығында істейтін машинистен бір разряд төмен тарифтеледі.


18. Зумпфты агрегат машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қоқыс пульпасын механикалық және гидравликалық түрде түсіретін және вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқару. Тұндырғыштарды тазалауда сорғы агрегаттарын басқару. Бақылау-өлшеу аспаптары мен іске қосылуын реттейтін аппаратураның жарамдылығын тексеру. Цистерналардан пульпаны түсіру механизмдерін басқару, баптау және реттеу. Айдау жұмыстары шарттарына байланысты цистерналарды толтыруға қажетті уақытты есептеу. Түрлі үлгідегі вакуум сорғыларды реттеу және сынау. Бекітілген агрегаттарға, машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жарамды қалыпта ұстап отыру.

Білуге тиіс: механикалық және гидравликалық түсіретін зумпфты агрегаттар мен ил соратын агрегаттардың құрылымы және құрылымдық ерекшеліктері; зумпфты агрегаттарда қолданылатын түрлі үлгідегі вакуум сорғылардың техникалық сипаттамалары; аспаптар мен айлабұйымдар; цистерналарды механикалық босататын жабдықтар.

Өнімділігі сағатына 740 м [3] және одан жоғары, 100 КПА және одан жоғары бәсеңдету деңгейін қамтамасыз ететін 150-57-0-384-290-С-00 үлгісіндегі ротациялық су сақиналы вакуум сорғымен жабдықталған зумпфты агрегатты басқаруда – 6-разряд.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница