Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы




НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
страница15/18
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.97 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/52 БТБА_0.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Автомобиль және қалалық электр көлігі


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


1. Автомобиль жүргізуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі жеңіл автомобильдерді, жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) барлық үлгідегі жүк автомобильдерін, ұзындықтары 7 метрге дейінгі автобустарды басқару. Самосвалдың көтеру механизмін, автокранның кран құрылғысын, автоцистерналардың сорғы құрылғыларын, рефрижератордың тоңазытқыш құрылғыларын, тазалау-жинау механизмдері мен басқа да мамандандырылған автомобиль жабдықтарын басқару. Автомобильдерге май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю. Желіге шығар алдында автомобильдің техникалық жағдайын тексеру және қабылдау, оны тапсыру, автошаруашылыққа қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою. Автомобильдерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, автомобиль кузовына жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау. Механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін желілердің жұмыс уақытында пайда болған ұсақ ақаулықтарды жою. Радиоқұрылғыларды пайдалана отырып автобус жүргізушісінің аялдама пункттерін және жолақы тәртібін хабарлап отыру, компостерлер орнату, аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

Білуге тиіс: агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсететін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс принципі; автомобильдердің қозғалыс және техникалық пайдалану ережесі, автомобильді пайдалану процесінде пайда болатын ақаулықтарды табу және жою тәсілдері, автомобильдерді гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау ережесі; аккумуляторлы батареялар мен автомобиль дөңгелектерді пайдалану ережесі; жаңа автомобильдерді күрделі жөндеу ережесі; тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі; автомобиль басқару қауіпсіздігіне ауа райы жағдайларына әсері, жол көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдері, радиоқұрылғылар мен компостер құрылғылары, жолаушыларды отырғызу және шығару үшін автобустарды жіберу ережесі, жол-көлік оқиғалары кезіндегі жолаушыларды көшіру тәртібі, қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алатын құжаттарын толтыру ережесі.


2. Автомобиль жүргізуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 40 тоннаға дейін барлық үлгідегі жүк автомобильдерін (автопоездарды – автомобиль және прицептің жүк көтергіштігі бойынша), ұзындығы 7-12 метр автобустарды, сондай-ақ арнайы дыбыс және бағдарлы сигналдармен жабдықталған автомобильдерді басқару. Механизмдерді бөлшектеуді талап ететін қызмет көрсетілетін автомобильдің желіде жұмыс істеу уақытында ақаулықтарын табу және жою. Техникалық көмек болмаған жағдайда дала жағдайында реттеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: агрегаттардың, механизмдер мен қызмет көрсетілетін автомобиль аспаптарының қызметі, құрылымы, қолдану және жұмыс істеу принципі, ақаулықтардың себептері, белгілері, айқындау және жою тәсілдері, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының көлемі, кезеңділігі және негізгі орындау ережесі, автомобильдің жөндеу аралық жүруін көбейту тәсілдері, дала жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру ерекшеліктері, аккумуляторлық батарея қызметінің мерзімі мен автомобиль дөңгелектерінің жүруін арттыру тәсілдері, радиобайланыс құралдарын пайдалану ережесі; қалааралық тасымалдауды ұйымдастыру ерекшеліктері.


3. Автомобиль жүргізуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі өрт автомобильдерін, шұғыл медициналық көмек автомобильдерін, жүк көтергіштігі 40 тоннадан асатын (автопоездарды – автомобиль және прицеп жүк көтергіштігі бойынша) жүк автомобильдерін, ұзындығы 12-ден 15 метрге дейінгі автобустарды басқару.

Білуге тиіс: тасымалдаудың құнына автомобиль көрсеткіштерінің әсері, автомобильдерді жоғары өнімді және экономикалық пайдалануды қамтамасыз ету тәсілдері, қызмет көрсететін автомобильдердің негізгі техникалық-пайдалану сапасы және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері.

Ұзындығы 15 метрден асатын автобустарды басқаруда – 7-разряд

Ескерту.

- 2-3 түрлі автомобильдерде (жеңіл, жүк, автобус) жұмыс істеу;

- ұйымдарда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мамандандырылған қызметі болмаған жағдайда автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешенін орындау жағдайларында автомобиль жүргізушілері бір разряд жоғары тарифтеледі.


4. Мотокөлік құралдарын жүргізуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып мотонарттарды, мотоцикл, мотороллер және де басқа мотокөлік құралдарын басқару. Мотокөлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру және желіге қабылдау, оларды тапсыру және оларды желіден қайтқаннан кейін белгіленген жеріне қою. Мотокөлік құралдарына май, майлау материалдарын және салқындататын сұйықтық құю. Мотокөліктерге жүк тиеу және түсіруге жіберу, жүкті орналастыру және бекітілуін бақылау. Желіде жұмыс уақытында туындаған ұсақ ақаулықтарды жою. Жол құжаттарын ресімдеу.

Білуге тиіс: мотокөлік құралдарының құрылымы, қолдану және қызмет көрсету принципі; мотокөлік құралдарын пайдалану кезінде туындайтын ақаулықтардың белгілері, себептері, салдары және оларды жою тәсілдері, жол қозғалысы ережесі, мотокөлік құралдарын жүргізу қауіпсіздігіне ауа райының әсері, жазатайым оқиғаларда дәрігерге дейін көмек көрсету жолдары, мотокөлік құралдарының жұмысын есепке алу құжаттарын толтыру тәртібі.


5. Трамвай жүргізуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шаруашылықта қолданылатын трамвай поездарын депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару. Буксирлеу поездарын басқару. Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеу ережесі. Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру. Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау. Желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды жөндеу. Жылжымалы құрамның ақаулықтарын ресімдеу және жоюға өтінім беру.

Білуге тиіс: трамвай вагондары мен оның жабдықтарының құрылымы, қолдану принципі; трамвайлардың жол қозғалысы және техникалық пайдалану ережесі; желіде туындаған қарапайым ақаулықтарды айқындау және жою әдістері, трамвай айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібі; радиоқұрылғы құрылымы; электр энергиясын үнемдеу нұсқаулығы; трамвайларды тексеру және жөндеу кезеңділігі; жол жүру билеттерінің нысандары, жол жүру құжатын ресімдеу тәртібі.


6. Трамвай жүргізуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа үлгідегі трамвай поездарын, біріктірілген трамвайлар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін трамвайларды басқару. Трамвайлардың тежегіш жүйелерін реттеу. Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып трамвайларды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

Білуге тиіс: трамвайлардың барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымы, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтары, қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктері, жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, авариясыз жұмыс істеу әдістері.


7. Трамвай жүргізуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі трамвай поездарын, барлық түрдегі жабдықтарды басқару, реттеу. Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып депода жөндеу түрлерін жүргізу.

Білуге тиіс: трамвайлардың барлық түрдегі жабдықтарын реттеу ережесі, олардың тозу сипаты, себептері мен нормалары, депода жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, монтаждау айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылымы; қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктері; трамвай жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістері.


8. Троллейбус жүргізуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шаруашылықта қолданылатын троллейбустарды депо мен желіде жүру қауіпсіздігі ережесі және кестесін сақтай отырып басқару. Желіге шығардан алдын және паркке қайтқаннан кейін даярлық жұмыстарын орындау. Буксирлеу троллейбустарын басқару. Желіде туындаған ұсақ ақаулықтарды жөндеу. Жолаушыларды түсіру және отырғызу, жүк түсіру және тиеу ережесі. Ақаулықтарын ресімдеу және жоюға өтінім беру. Тоқтау пункттері мен жолақы төлеу тәртібін радиоқұрылғыны пайдалана отырып хабарлап отыру, компостерлер орнату. Аялдамаларда абоненттік кітапшалар сату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін троллейбустардың қызметі, құрылымы, ықтимал ақаулықтары; троллейбустарды қозғалыс және техникалық пайдалану ережесі, троллейбус айдаудың қысқы және күзгі кездердегі ерекшеліктері және қиын жол жағдайларында оларды пайдалану тәртібі; электр энергиясын үнемдеу нұсқаулығы; жол жүру билеттерінің нысандары, жол жүру құжатын ресімдеу тәртібі, троллейбустарды тексеру және жөндеу кезеңділігі.


9. Троллейбус жүргізуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа үлгідегі троллейбустарды, біріктірілген троллейбустар мен көп бірлік жүйесі бойынша істейтін троллейбустарды басқару. Троллейбустардың тежегіш жүйелерін реттеу. Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып троллейбустарды жоспарлы тексеруді жүргізу және оларды жөндегеннен кейін жүргізу.

Білуге тиіс: троллейбустарды барлық үлгідегі механикалық, пневматикалық және электр жабдықтарының құрылымы, қолдану принциптері мен ықтимал ақаулықтары, қызмет көрсетілетін бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктері, жоспарлы тексеруді жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, авариясыз жұмыс істеу әдістері, троллейбус жүргізушілердің оқушыларын тағылымдамадан өткізу жолдары мен әдістері.


10. Троллейбус жүргізуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі троллейбустарды басқару, оларға орнатылған барлық түрдегі жабдықтарды реттеу. Арнайы жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарды пайдалана отырып жоспарлы тексеруді жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін троллейбустарда орнатылған жабдықтардың барлық түрлерін реттеу ережесі, оның тозуының сипаты, себебі және нормасы; паркте жоспарлы жөндеу жүргізуде қолданылатын арнайы жабдықтардың, монтаждау айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы; қаладағы барлық бағдарлардың кескіні мен ерекшеліктері.


11. Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желіге шығатын және желіден тұрақтайтын жеріне қайтатын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеуден кейін автомобильдердің, прицептердің, мотоциклердің, мотороллерлердің, мотонарттардың, аэрошаналардың, трактор, жол машиналарының базасында монтаждалған механиздердің техникалық қалыбын бақылау және тексеру. Бекітілген техникалық және нормативтік ақаулық құжаттарын және оларды жөндеу өтінімдерін ресімдеу және оларды тиісті түрде тіркей отырып ақаулықтарын жою. Көлік құралдарын күрделі жөндеуге тапсыруға құжаттар жасау. Техникалық талаптарда көзделген барлық жұмыстарды орындай отырып жөндеп, түпкілікті құрастырғаннан кейін қызмет көрсетілетін автомотокөлік құралдарының тораптары мен агрегаттарын бақылау, қабылдау.

Білуге тиіс: автомотокөлік құралдарының құрылымы; желіден қайтқан, және жөндеу өткізгеннен кейін олардың тораптары мен агрегаттарын қабылдау ережелері мен қойылатын техникалық талаптары, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, тораптар мен агрегаттарды жөндеу сапасына жарнамалық құжаттарды ресімдеу.


12. Трамвай және троллейбустарды қабылдаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесте бойынша немесе техникалық ақаулықтары себептерімен паркке қайтып келген трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау. Желідегі жылжымалы құрамға келтірілген ақаулықтарға оның себептері туралы поезд бригадасы қызметкерлерінен алынған түсініктемелерді есепке ала отырып актілер ресімдеу. Ақаулықтарды жою өтінімдерін арнайы журналға немесе парақтарға тіркеу. Трамвай вагондары, троллейбустардың, жылжымалы құрам тұратын орындарын жүргізушілерге көрсету.

Білуге тиіс: қауіпсіздік техникасы ережесі; трамвайлар мен троллейбустарды қабылдау ережесі, актілерді ресімдеу тәртібі.


БТБА қолданыстағы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, кәсіптердің өзгертілген атаулары көрсетілген тізбесі




п/п

Бұрын қолданыста болған бөлім бойынша кәсіптердің атауы, 1996 жылдардағы шығарылым

Разр

ядтар диапа

зоны

Қолданыстағы бөлім бойынша кәсіптердің атауы

Раз

ряд

тар диапазоны

шыға

рыл

ым




Бөлімнің қысқартылған атауы

1

Автомобиль жүргізуші

4-7

Автомобиль жүргізуші

4-7

52

Автомобиль және қалалық көлік

2

Автомотокөлік құралдарын жүргізуші

3

Автомотокөлік құралдарын жүргізуші

3

52

-//-

3

Трамвай жүргізуші

3-5

Трамвай жүргізуші

3-5

52

-//-

4

1 сыныпты троллейбус жүргізуші

4-6

1 сыныпты троллейбус жүргізуші

4-6

52

-//-

5

Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5

Автомотокөлік құралдарының техникалық жағдайын бақылаушы

5

52

-//-

6

Трамвайлар мен троллейбустар қабылдаушы

5

Трамвайлар мен троллейбустар қабылдаушы

3

52

-//-



Теңіз және өзен көлігі


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


1. Жағалау боцманы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Айлақтарды жүйелі түрде тексеру және олардың ұсақ жөндеуін жүзеге асыру. Қысқы және өрт Майна кезеңінде өртке қарсы керек-жарақты, өрт поездарын әрдайым дайындықта ұстау. Қажетті құралдар және жұмыс керек-жарағымен қамтамасыз ету. Кемелерді шваттау кезінде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: кеменің болат арқаны бойынша жұмыстарды орындау ережесі мен тәртібі; кемені болат арқанмен байлауда (швартовкалауда) такелажды, инвентарьды және материалдарды қолдану ережелері; шкипердің мүліктері мен басқа да материалдардың түрлері, маркаларының өлшемдері және оларды сақтау ережелері; такелаждың міндеті; такелаж жұмыстарының баррлық түрлері, шкипер мүліктерінің заттарын (маттар, крандар және т.б.) жасау және жөндеу тәсілдері; техникалық қауіпсіздік ережелері.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (3-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бтба), 3- шығарылымы «Құрылыс, монтаждау және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (34-шығарылым)
Жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы ( бұдан әрі бтба) (34 шығарылым) «Мұнайды, мұнай...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (бұдан әрі бтба) 52-шығарылымы: «Теміржол көлігі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (55-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЭкономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшылардың кәсіптері
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарының тізімі
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (44-шығарылым)
Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)
«Дәнекерлеу жұмыстары», «Қазандық, суықтай қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары», «Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (53-шығарылым)
Жұмыс дәрежелері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Халық көркемөнер кәсіпшілігі бұйымдарының өндірісі бөлімдерінің негізіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы iconЖұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бұл бөлімге осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница