Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.)




НазваниеЭлектролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.)
страница1/11
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.19 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.cpm.kz/upload/iblock/5f8/khimiya-9_synyp-szh.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИАЛАНУ ЖӘНЕ

ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ (10 сағ.)

3- сабақ. Электролиттер мен бейэлектролиттер


Сабақтың мақсаты: «электролиттер» және «бейэлектролиттер» ұғымын қалыптастыру, ерітінділердің электр өткізгіштігі заттың кристалдық құрылымына және химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін көрсету.

Реактивтер және құрал жабдықтар: күкірт қышқылының, натрий гидроксидінің, натрий хлоридінің және қанттың ерітінділері; мыс, темір, алюминий сымдары; қатты күйдегі натрий гидроксиді және хлориді, спирт, бензол, глицерин; ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеретін құрал; «Ерітінділердің электр өткізгіштігі», «Кристалдық топ типтері», «Тұздардың қышқылдардың және негіздердің ерігіштігі» кестелері.

Сабақтың барысы. I Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақтың тақырыбын және міндетін хабарлағаннан кейін берілген сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

  1. Өздеріңе белгілі химиялық байланыс түрлері туралы айтыңдар.

  2. Мына қосылыстардағы химиялық байланыс түрін анықтаңдар: а) NaCI, KI (иондық байланыс); ә) Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ва(OH)2 (иондық және коваленттік полюсті байланыс); б) HCL, H2SO4, HNO3, H2O (коваленттік күшті полюсті байланыс); в) C2H6O, C6H12O6, C6H6 (коваленттік әлсіз полюсті байланыс).

  3. Қандай бөлшектерді иондар деп атайды? Мына қосылыстардың құрамына қандай иондар кіреді? NaCL, Na2SO4, CuSO4, NaOH, Ba(OH)2.

  4. Берілген иондық қосылыстардың ион зарядын көрсетіңдер (тапсырма жылжымалы тақтаға немесе кодопленкаға алдын ала жазылып қойылады):

NaCL, Na2SO4, NaOH, Ba(OH)2, CuSO4, Al2(SO4)3.

  1. Қандай қосылыстар иодық байланыс түзеді? Олардың жалпы физикалық қасиеттері қандай? (Оқушылар, әсіресе заттардың қаттылық, баяу балқығыштық қасиеттерін көрсетуі керек.)

Әңгіме нәтижелерін жүйелеп, қорытындылаған соң, әрі қарай пән аралық сипаттағы төмендегідей сұрақтарды талдаған жөн.

  1. Электр тоғының табиғаты жөнінде не білесіздер?

  2. Металдардың электр өткізгіштігінің себебі неде?

  3. Өткізгіштер деген не?

II. Жаңа сабақты оқып үйрену. Оқушылар физика курсынан осы мәліметтерді қайталаған соң, дәптерлеріне мынадай қорытынды жазады: Электр тоғы дегеніміз – зарядталған бөлшектердің ( электрон немесе иондардың) бағытталған қозғалысы.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен бірлесіп, электр өткізгіштікті сынауға арналған құралдың құрылымын талдайды.

Содан соң мыс, темір, алюминий сымдараның электр өткізгіштігі көрсетіледі. Берілген тұздардың (NaCL және CuSO4), сілтілердің (NaOH және Ba(OH)2), ерітінділерінің электрөткізгіштігін көрнекі түрде көрсету төмендегідей қорытынды жасауға мүміндік береді: жоғарыдағы ерітінділер электр тоғын өткізеді, ал құрғақ NaCL, CuSO4, Ba(OH)2 , NaOH электр тоғын өткізбейді (тәжірибе жасап көрсетеміз).


Заттардың аты

Электр тоғын өткізе ме?

Дистилденген су

Кристалды натрий хлориді

Натрий хлоридінің, т.б. ерітінділері

Өткізбейді

Өткізбейді

Өткізбейді


Әрі қарай мұғалім электролиттердің электр өткізгіштігін зерттеген швед химигі С. Аррениус екенін, ол электролиттік диссоциация теориясы деп атауды ұсынғанын айтады.

Бұдан кейін оқушылардың белсенді қатысуымен:

құрамы мен қасиеттерінің әртүрлілігіне қарамастан, тұздар мен негіздердің ерітінділері және кристалдары электрөткізгіштігін сынағанда неліктен бірдей нәтиже көрсетеді?- деген сұраққа жауап береді.

Зерттеген заттардағы ортақ қасиет – екеуі де иондық қосылыстарға жатады, яғни оларда иондық байланыс және иондық кристалдық тор бар. Бірақ кристалдарында иондар бір-бірін қатты ұстап тұрады да, еркін қозғалуға мүмкіндіктері болмайды (сондықтан электр тоғын өткізбейді), ал оларды еріткенде иондық байланыс үзіледі де, бос иондар пайда болады. Сондықтан олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді.

Бұл болжамның дұрыстығын дәлелдеу үшін оқушыларға «Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігіштігі» кестесін пайдаланып, ерітінділері электр тоғын өткізетін тұздар мен негіздерден 2-3 мысал келтіреді.

Әрі қарай қышқыл ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексеруді ұсынамыз (Н2SO4 немесе НCL), электр шамы жанады, демек, олардың ерітінділері электр тоғын өткізеді, бұл ерітіндіде иондардың түзілгенін дәлелдейді. Мұғалім су молекуласының әсерінен сутек пен қышқыл қалдығы арасында коваленттік полюсті байланыс әлсірейтінін түсіндіреді.Cутектің электроны толықтай қышқыл қалдығына өтеді де, коваленттік полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады, осыдан зат иондарға ыдырайды. Мұғалім өтілген материалды жүйелеп, мынадай қрытынды жасайды: ерітінділері мен балқымалары электр тоғын өткізетін заттар электролиттер (тұздар, негіздер, қышқылдар) деп аталады.

Электролиттер электрөткізгіштігімен анықталады. Бұдан соң мұғалім мынадай проблемалық сұрақ қояды: Барлық суда еритін заттарды электролиттер деп атауға бола ма? Мұғалім эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасауды ұсынады. Суда: қант, глюкоза немесе этанолды ерітіп, электродты саламыз, электр шамы жанбайды. Бұны С12Н22О11 және С6Н12О6 құрылысы негізінде түсіндіреміз. Бұл қосылыстардағы коваленттік байланыстың полюстігі аз, сондықтан молекулалар арасындағы байланыс (молекулалық кристалдық тор) берік емес, ал керісінше молекулаішілік байланыстың беріктігі бұл заттар суда ерігенде, оларды жеке бейтарап молекулаларға ғана ыдыратады. Әрі қарай тағы да қосымша глицерин мен бензолдың электрөткізгіштігін тексеріп, мынадай қорытынды жасауға болады: ерітінділері электр тоғын өткізбейтін заттарды бейэлектролиттер деп атайды (спирт, қант, глюкоза, глицерин, бензол, т.б.).

Білімді қорытындылап, бекіту.

Сабақтың қорытындысында оқушылардың алған мәліметтерін бекіту мақсатында мынадай тірексызбаны жаздыру керек.

Заттар






Ерітінділері электр тоғын өткізетін

Ерітінділері электр тоғын өткізбейтін



Электролиттер

Бейэлектролиттер



Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттар

Иондық және коваленттік полюсті, полюссіз байланысы бар заттар





Тұздар (еритін)

Көбіне органикалық заттар (спирт, қант, глицерин, бензол, т.б.)






Сілтілер



Қышқылдар (еритін)




Тапсырма.

Тірексызбаны жалғастырыңдар және мына берілген заттарды электролиттерге, бейэлектролиттерге бөліп жазыңдар: калий гидроксидінің сулы ерітіндісі, дистилденген су, глюкоза, кальций хлоридінің кристалы, қант ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітінідсі.

Үйге тапсырма: §1. 1-,5-,7-,8-,9- жаттығулар. Жұмыс дәптерінен және есептер мен жаттығулар жинағынан тапсырмалар.

4-сабақ. Электролиттік диссоциациялану механизмі.


Сабақтың мақсаты: электролиттік диссоциацияның мәнін ашу. Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар қосылыстардың мысалында электролиттік диссоциацияның механизмін көрсету.

Электр ерітіндісіндегі зарядталған бөлшектер – иондардың пайда болуындағы судың маңызын көрсету.

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің диссоциациясы. Оксоний ионы, катиондар және аниондар.

Реактивтер және құрал-жабдықтар: эксперименттік есептерді шығаруға арналған реактивтер тобы және құралдар. «Тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштігі», «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар қосылыстардың еруі және электролиттік диссоциация сызбасы», кестелері, «Иондардың гидротациясы», натрий хлоридінің крситалдық торының моделі, «Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті (кинофрагмент болмаған жағдайда «Электролиттік диссоциация теориясы» диапазитивті немесе экранға оқулықтағы 4- суретті түсіріп көрсету керек).

Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақты оқушылардың «электролит», «электролиттік диссоциация» ұғымдарын қалай меңгергенін білуге мүмкіндік беретін әңгімелесуден бастаймыз. Ол үшін мынадай сұрақтар ұснылады немесе мұғалім өз қалауы бойынша сұрақтар дайындайды.


  1. Мына заттар электр тоғын өткізе ме?

а) натрий хлоридінің ерітіндісі;

ә) қант ерітіндісі;

б) күкірт қышқылының ерітіндісі.


  1. Құрамында мынадай иондары бар қосылыстарды жазыңдар:

а) Na+ жәнеCl-

ә) K+ және S2-

б) Ba2+ және NO3-

в) B2+ және Br-

г) Al3+ және SO42-


  1. Кестеде берілген қосылыстардың иондық құрамын көрестіңдер.




Қосылыстың формуласы

Иондар



оң теріс

  1. BaCl2

  2. NaOH

  3. Al2(SO4)3

  4. MgCl2

  5. Zn(NO3)2

  6. Ba(OH)2

  7. HCL




II. Жаңа сабақты оқып–үйрену. Әрі қарай міндеті мен мазмұнын айқындап, проблемалық сұрақ қоямыз: неліктен тұздардың, қышқылдардың және негіздердің судағы ерітіндісінде иондар пайда болады?

Бұл сұраққа жауап беру үшін су молекуласының құрылысы мен қасиетін білу керек. Әңгімелесу процесінде мұғалім оқушыларды судың қасиеттерімен қысқаша таныстырады. Оқушылар судың құрылымдық және электрондық формулаларын еске түсіреді және судың кейбір қасиеттері, оның молекуласының өте күшті полюстігіне (диполь) байланысты деген қорытынды жасайды. Еру процесі еріткіштің қасиетіне тәуелді. Мысалы, су зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылуын 81 есе азайтса, ал этонол 27, ацетон 27, бензл 2 есе (диэлектрлік өтімділік) азайтады.

Мұғалім иондар түзілуі мен механизмін жүйелеп, оқушыларға мынадай қорытынды жасайды: иондық және ковалентті полюсті байланысты қосылыстар ерігенде түзілген иондар судың дипольді молекулаларымен әрекеттесіп, гидраттанған иондар түзеді, яғни диссоциация процесі жүреді. Әрі қарай диссоциация процесінің қайтымды екені, иондарға ыдырау - иондану, ал кері процесс - молекула түзілу деп аталатыны айтылады.

Ерітіндіде иодар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған күйде болады. Оқушылар бірден мынадай қорытынды шығарады, гидраттанған мыс ионының кристалдық мыс (II) сульфатындағы мыс айырмашылығы бар.

Әрі қарай қышқылдардағы коваленттік байланыстың, оларды суда еріткенде ионды байланысқа айналу механизмі қаралады және сутектің гидраттанған ионы:

Н+2О = Н3О+

оксоний ионы туралы түсінік енгізіледі.

Мұғалім оксоний ионын гидраттанған протон түрінде қарау керектігін ескертеді, осыған байланысты кейінгі жаттығуларда қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу әдісіндегі (Н3О орнына Н+) ерекшелік түсіндіріледі, себебі ерітіндіде сутек ионы ғана емес, барлық иондар гидраттанады. Сондықтан иондармен байланысқан су молекуласы реакция теңдеуіне есепке алынбайды. Бұны түсіндіру үшін қышқылдардың оксоний ионын түзе жүретін диссоциация теңдеуін және қысқартылған түрін жазып көрсетеміз:

HCl + H2O = H3O+ + Cl-

H2SO4 + 2H2O = 2H3O+ + SO42-

HNO3 + H2O = H3O+ + NO3-

немесе


HCl = H+ + Cl-

H2SO4 = 2H+ + SO42-

HNO3 = H+ + NO3-

Бұдан кейін мұғалім электролиттік диссоциация теңдеуі қалай жазылатынын және оқылатынын күкірт қышқылының, кальций гидроксидінің, алюминий сульфитінің мысалында түсіндіреді. Содан соң тақтаның сол жағына тігінен бірнеше қышқылдар, негіздер, тұздардың формулалары жазылып, оқушыларға осылардың әрқайсысының электролиттік диссоциация теңдеуін жазу ұсынылады. Тапсырмма тексеріліп, тақтаға электролиттік диссоциация теңдеуінің жүйеленген жалпы формуласы жазылады:

КА = К+ + А-


КА – диссоциацияланбаған электролит молекуласы, К+ катион, А- - анион.

III. Алған білімді қорытындылау. Сабақты мөмендегідей электролиттік диссрциацияның негізгі ережелерін қайталаумен қорытындылаймыз:

1. Тұздар, негіздер және қышқылдар сулы ерітінділерінде (балқымаларында) иондарға ыдырайды:


CuCl2= Cu2+ + 2Cl-

NaOH = Na+ +Cl-

HCl = H+ + Cl-

2.Ерітіндіде түзілген иондар судың полюсті молекуласының әсерінен гидраттанады және бір- бірінен ажырайды. Бұл процесс иондану деп аталады.

3. Иондану процесімен бір мезгілде кері процесс молекула түзілу жүреді. Иодану мен молекула түзілу қайтымды диссоциация процесінің екі жағы:


HCl↔H+ + Cl-

(HCl + H2O) ↔ H3O+ + Cl-


4. Еріген заттың оң зарядтарының саны мен теріс зарядтарының саны тең болғандықтан, жалпы электр бейтарап болады.

Эксперименттік есептерді шығару барысында, қосымша пысықтау сұрақтарының көмегімен оқушылардың білім деңгейін анықтауға болады.

1. Электролиттік диссоциация теориясының мәнін айтып беріңдер.

2. Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігенде иондарға диссоциацияланатынын қалай дәлелдеуге болады?

3. Аз мөлшерде тұз алып, суда және этанолда еріткенде алынған ерітінділердің электрөткізгіштігі қалай болады?

Үйге тапсырма. §2. 1 6 - жаттығулар. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.

5- сабақ. Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың

сулы ерітінділерде диссоциациялануы.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconФ со пгу 03. 1/10
Оқу жұмыс жоспарынан көшірме: 3-курс, 5-семестр, аптасына 1 сағ. дәріс, 1,5 сағ. тәжірибешілік, бақылау түрі – емтихан, СӨЖ, аптасына...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) icon1-сабақ Тақырыбы: d- элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс
Білімділік: d-элементтердің құрылысы және ортақ қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. Мыстың периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы,...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconТАҚырыбы: алкендер – ҚанықПАҒан көмірсутектер. Алынуы, химиялық Қасиеттері және қолданылуы
Оқу мақсаты: қаныкпаған көмірсутектер – этилен мысалында алкендердің алыну жолдарын, химиялық қасиеттері және қолданылуын үйрену
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconТерапиялық стоматологияның пропедевтикасы
Тақырыбы: Пломбылық материалдар. Жіктелуі, оларға қойылатын талаптар. Уақытша пломбылық материалдар, емдік төсемдер, жүйесі, құрамы,...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) icon1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы
Бұл көмекші құралдың мақсаты 9 сыныпта химияны оқу барысында оқушылардың бағдарламалық материалды меңгеру деңгейін анықтауда мұғалімдерге...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconУақыты: 1 сағ
Мақсаты: Студенттерді еңбек ету процессі барысында еңбектің ауырлығын және кернеулігін, зияндылықтарын және қауіптілігін бағалауды...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconҚұрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
Абырғаға арналған керамикалық материалдар, олардың түрлері және қасиеттері, қолдануы
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconАррениустың электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. Күшті электролиттер тоериясының негізгі қағидалары
Д. И. Менделеевтің ерітінділер туралы ұғымдары. Ерітінді концентрацияларын өрнектеу
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconҰзақтығы 1 сағ
Тақырыбы: «Кіріспе дәріс. Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу...
Электролиттік диссоциациалану және электролиттердің Қасиеттері (10 сағ.) iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Оқыту мақсаты: Студенттерде психологияда айналысатын негізгі мәселелер туралы жалпы түсінік қалыптастыру: адам психикасының феномені,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница