Курсы Оқу сағатының көлемі




Скачать 268.03 Kb.
НазваниеКурсы Оқу сағатының көлемі
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер268.03 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/2 kurs/Patfiz/kaz/lek.compleks/4.doc
  1   2   3
ҚММУ Ф 4/3-04/03

2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра «Патологиялық физиология»


ДӘРІС

Тақырыбы: «Реактивтіліктің патологиядағы маңызы»


PF-2207 Патологиялық физиология пәні


5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы


ІІ курсы


Оқу сағатының көлемі: 1 сағат


Қарағанды 2014 ж.


Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді


«___» «___»____ж. Хаттама №___


Кафедра меңгерушісі _____________ Жаутикова С.Б.

  • Тақырыбы Реактивтіліктің патологиядағы маңызы.




  • Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің негізгі сапасын түпкілікті қарастыру.




  • Дєріс жоспары:

  1. Жеке реактивтіліктің қалыптасуы

  2. Реактивтіліктің түрлері.

  3. Бөтен факторлардан қорғанудың сецияфикалық емес механизмдері.

  4. Реактивтіліктің деңгейін анықтайтын факторлар.

  5. Организм реактивтілігі, оның патологиядағы рөлі.

  6. Реактивтіліктің түрлері және деңгейі: сезімталдық, резистенттілік, төзімділік.

  7. Реактивтіліктің эволюциялық аспектілері.

  8. Реактивтілікті анықтайтын факторлар: генотиптің алатын орны, жасы, жынысы, конституциясы, нейро – эндокриндік жүйенің жағдайы.

  9. Организм реактивтілігінің аурудың басталуы, дамуы мен соңына тигізетін әсері; адамның реактивтілігінің ерекшелігі, экологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі. Организм реактивтілігінің аурудың басталуы, дамуы мен соңына тигізетін әсері.

  10. Патологиялық реактивтілік. Жеке және топтық реактивтіліктің аурулардың алдын алу мен емдеудегі маңызды шарасы ретіндегі бағытталған өзгерістері.

  11. Иммунотапшылық жағдай, оның мінездемесі.




    • Мәселелік есеп

Жүгірумен шұғылданатын азаматтарды тексергенде табылды: жүрек шекарасының үлкеюі және циркулирлеуші қан көлемі және ӨӨС (өкпенің өмірлік сыйымдылығы). Бұл өзгерістерді патологияға қатысты деп санауға бола ма?

    • Дәріс тезистері:

Организм реактивтілігі, оның патологиядағы маңызы

«Организм реактивтілігі» ұғымының анықтамасы Биология курсынан барлық тірі объектілер сыртқы қоршаған орта әсерлеріне жауап ретінде құрылымы мен қасиеттерін өзгертуге бейімділігі бар екені белгілі. Бұл – тітіркену қасиеті деп аталады.

Әйгілі патофизиолог Н.Н. Сиротинин, организм реактивтілігі мәселесімен айналыса отырып, тұжырымдаған: «Организм реактивтілігі деп- оның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтару қабілеттілігін айтады. Организм резистенттілігі – оның патогендік факторлардың әсеріне тұрақтылығы».

Организм реактивтілігі деп оның белгілі бір түрде физиологиялық және зақымдаушы факторлар әсеріне жауап қайтаруын айтамыз. Яғни, реактивтілік – бұл қалыпты организмнің сыртқы орта әсерлерінен тіршілігін өгертуге қабілеттілігі. Реактивтілік, тек жалпы нерв жүйесі бар организмге тән қасиет қана емес, бұл оның жеке жүйелеріне, мүшелері мен жасушаларына да тән.

Организмнің реактивтілік ұғымын резистенттілік ұғымымен бірге қарастырады, ал бұл – организмнің патогенді факторлар әсеріне тұрақтылығы. Осы екі термин тірі организмнің негізгі қасиеттерін көрсетеді де, бір – бірімен байланыстылықта болады.

Организм реактивтілігі төменгі түрлерде көрініс береді:

- жоғарғы дәрежедегі, қозу процесстері басымырақ болатын – гиперергия;

- төменгі дәрежедегі – гипоергия;

- тежелу процесстері басым болатын – анергия;

- жауаптың бұрмаланған түрі – дизергия;

Жануарлардың бір түрі сыртқы орта әсерлерінен басқаларынан өзгеше тіршілігін өзгертеді; бір топ адамдар бірдей әсерлерге өзгеше жауап қайтарады, әрбір индивидумның жауап қайтару ерекшелігі бар.

Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері:сезімталдылық, резистенттілік, төзімділік.

Реактивтіліктің түрлері (2 кесте)

Түрлік реактивтілік - бұл белгілі бір түрге тән реактивтілік, яғни, осы түрде жататын ұрпақтың тұқымында жатқан анатомо - физиологиялық жауап беру ерекшелігі.

Түрлік реактивтіліктің мысалына жануарлардың әр мезгілдегі қалпын келтіруге болады (қысқы ұйқы, құстардың қоныс аударуы, балықтар миграциясы, т.б.): немесе жануарлардың әр түрінің патологиялық процесстерінің ерекшелігі (қабыну, қызбасы, аллергия т.б.). Омыртқалы жануарлардың реактивтілігі, омыртқасыздарға қарағанда, жоғарғы дәрежеде, әрі әрқилы көрініс береді. Омыртқасыздарда инфекция қарапайым паразитизм, жасырын қабыну, сепсис түрінде ал суық қанды омыртқаларда жақсы байқалатын гранулема түрінде көрінеді.

Барлық жылы қандылар әртүрлі жануарлардың механикалық, химиялық, термиялық әсерлерге иондаушы радиация әсеріне (ең сезімталдары - иттер, теңіз шошқасы, адам; ең төзімді - құрттар мен бірклеткалы организмдер), гипоксияға жауап беру ерекшеліктерін бақылауға болады. Әртүрлі таза тұқымды тышқандар ісіктің өсуге бірдей сезімталдық байқатпайды, олар әртүрлі радиорезистентікке ие болады. Тұқымдары әртүрлі қояндар антиденелерді өзгеше синтездейді. Түрлік реактивтілік пен резистеттіліктің айқын мысалы болып, белгілі бір инфекцияға тұрақтылық пен сезімталдылық болып табылады: иттер обасы мен ірі қара ящуры адамға қауіпсіз; сіріспе адамға, маймылға, жылқыларға қауіпті, ал иттер, мысыққа, тасбақа, кірпіге, қауіпсіз; акулаларда инфекция жұқпайды, жаралары іріндемейді; егеуқұйрықтар мен тышқандар дифтериямен ауырмайды, иттер мен мысықтарға ботулизм жұқпайды.

Адамның реактивтілігі ең күрделі де, әрқилы болады, оған екінші сигнальды жүйе - сөз бен жазудың тигізетін әсері мол. Әрбір айтылған сөз адам реактивтілігін өзгерте отырып, оған қолайлы да жағымсыз әсер етеді. Адамдар, жануарлардан ерекше, көптгене әректтер әлеуметтік факторлармен тығыз байланыста болады.

Топтың реактивтілік - бұлбелгілі бір ортақ нышаны бар бір топ адамдар (жануарлар )реактивтілігі, осы нышан берілген топтың жауап беру ерекшелігін анықтайды. Мұндай нышандарға: жасы, жынысы, конституциясы, қан тобы, ЖЖҚ типі, бірдей ауруы бар адамдар тобы, т.б. Мысалы: Биттнер вирусы тышқан ұрғашысында сүт безінің ісігін тудырады, ал аталығында тек жыныс мүшелерін адып тастағанда, эстрогендерді енгізгенде туады. Еркектерде жиі байқалатын - подагра, спондилоартрит, ойық жара, ұйқы безінің басының рагі, коронаросклероз, алкоголизм; ал әйелдерде - ревматоидты артрит, өт-тас ауруы, өт қабынаң рагі микседема, гипертиреоз, геморрогиялық пурпура; терісі қара адамдардың УКС - ге сезімталдығы төмен, шашы сары балалар таллидің токсикалық әсеріне сезімтал болып келеді. І қан тобының адамдары 12 елі ішектің ойық жара ауруына 35% жиірек ұшырайды, бұл адамдардың көбісі оба эпидемиясы кезінде өлімге ұшырайды, ал ІІ қан тобының адамдары асқазан рагіне жиі ұшырайды, ЖИА және грипп вирусына өте сезімтал болады, ал іш сүзегіне төзімді. Эпидемиялық паротит ауруына ІІ және ІІІ қан тобының адамдары ұшырайды. Топтық реактивтілік ерекшеліктеріне қан құйғанда көңіл аударады. Психикалық және әлеуметтік факторлар әсерлеріне сангвиниктер, холериктер, флегматиктер және меланхоликтер өзгеше әр түрде жауап қайтарады. Қант диабетімен ауыратындар – көмірсуларға толеранттылығы төмен, ал атеросклероз сырқаттары шайларға толеранттылығы төмен; жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар физикалық күшке сезімтал т.б.

Жас өспірімдер мен кәрілердің реактивтілігінің ерекшеленуі, медицинада екі бөлімінің пайда болуына әкелді – педиатрия және гериатрия. Морфологиялық және қызметтік өзгешеліктер жас ерекшелігіне байланысты болады. 1 айлық нәрестелер паротит, скарлатинамен ауырмайды, себебі анасынан антиденелер беріледі, олар қызуға, суықтануға өте сезімтал, себебі терморегуляция механизмдері толық жетілмеген; оларға арнайы қоректену қажет, олардың асқазан – ішек трактісі мен асқорыту бездерінің морфофункционалдық ерекшелігіне байланысты; су алмасуының интенсивтілігімен байланысты, оларға суды қабылдаудың арнайы режимі керек. Инволюция кезеңі қорғаныш механизмдердің төмендеуі, регенерация процестері мен иммундық қорғаныстың әлсіздеуі, гормональді өзгерістермен сипатталады. Бұл адамдар онкологиялық және инфекциялық ауруларға бейім болады.

Жеке реактивтілік (1кесте). Әрбір адам (жануар) топтық және түрлік реактивтілікпен қатар, жеке өзіне ғана тән сыртқы орта әсердеріне жауап қайтару ерекшелігіне ие. Кейбір факторлардың (инфекциялық агент) бір топ адамдарға (жануарға) әсер етуі, барлығында бірдей жауапты тудырмайды. Мысалы: тұмау вирусына кейбір адамдар ауыр түрде жауап береді, кейбірі – жеңілдеу, т.с.с. Бұл әрбір организмнің ерекшелігімен байланысты. Әрбір науқастың ауруы өзгеше дамиды. Әрбір науқасқа ерекше қарау керек, сырқаттың дәл өзін емдеу қажет (этиологиялық, патогенетикалық, симптомдық терапия), яғни әрбір науқастың жеке реактивтілігін ескере отырып.

Физиологиялық реактивтілік – бұл сыртқы орта факторларының әсеріне қайтарған жауап ретіндегі,организмнің гомеостазды бұзбайтын тіршілігін өзгертуі; бұл сау адамның (жануардың) патогенді емес әсерлерге жауабы (мысалы, физикалық күшке бейімделу, терморегуляция, гормондар мен асқорыту ферменттерінің секрециясы, лейкоциттер эмиграциясы т.б.). Физиологиялық реактивтілік адамдар мен жануарларға тән құбылыс: мысалы, көбею мен ұрпақты сақтау ерекшеліктері жылу реттелудің түрлік ерекшелігі, сыртқы ортаға бейімделу процесстері т.б. Жекеленген адамдар топтарының (жануарлардың) физиологиялық реактивтіліктерін балалар мен қарттар кісілердегі (қан айналым,тыны салу, асқорыту, гармон секреция және т.б), нерв жүйесі әртүрлі типті адамдардағы физиологиялық процестер мысалында қарастыруға болады.

Организм реактивтілігінің 3 дәрежесін бөлеміз. Бірініші дәрежедегі реактивтілік сезімталдылық деп аталады, организмдегі өзгерістер тітіркендіргіш әсерлердің минимальді күшімен анықталады. Екінші дәрежедегі реактивтілік резистенттілік деп аталады, организм патогенді әсердерге ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, қарсы тұра алады. Үшінші дәрежедегі реактивтілік төзімділік деп аталады, организм сыртқы орта әсердеріне жауап бере алмау процесстері, регенерация тежеледі.

Реактивтіліктің эволюционды аспектілері

Ежелгі заманнан бері дәрігерлер әртүрлі адамдар бірдей аурумен сырқаттанып, түрліше жауап беретінін байқаған.

«Реактивтілік» ұғымын еңгізудің XX ғ. басында маңыздылығы артты, ол (1906) Pirquet аллергиялық реакциялар деп атаған ерекше жауап қайтару реакцияларын ашуымен байланысты – «анафилаксия сарысулық ауру», Мечниковтың (1892, 1903) иммунологялық реактивтіліктің негізін қалауымен байланысты. А.А. Богомолец (1945) организм конституциясы туралы іліміне конституция мен реактивтілікті байланыстырып, жаңа бағыт ұсынған болатын.

Барлық тірі жанға реактивтілік тән. Адам мен жануардың сыртқы ортаға бейімделеуінде гомеостазды сақтап қалуда реактивтіліктің маңызы зор. Зақымдаушы фактордың әсерінен аурудың пайда болуы немесе болмауы, оның даму ерекшелігі, осы реактивтілікке байланысты. Сондықтан да реактивтіктің механизмдерін білу, аурулардың патогенезін түсінуде, оларды емдеу мен профилактикасында маңызда орын алады.

Реактивтілікті анықтайтын факторлар: генотип ролі, жас, жыныс, конститіция мен нейро – эндокриндік жүйесінің жағдайының ролі (4 кесте).

Реактивтілік пен резистенттілік организм конституциясы, зат алмасу ерекшеліктері, иммундық, эндокриндік, жүйке жүйелерінің жағдайына негізделеді және жас, жыныс пен сыртқы жағдайларға байланысты болады.

Организм конституциясы мен оның реактивтілік пен резистенттілікті құрастырудағы алатын орны. Конституция деп, генотип негізінде құрылған сыртқы орта факторлары әсер ете отырып пайда болған организмнің морфологиялық функционалдық, психикалық ерекшеліктерінің комплексін айтады.

Конституциональды белгілерге өмір сүру барысында өзгере қоймайтын қызметтік, құрылымдық көрсеткіштер жатады. Әрбір адамға, бала немесе ересек, әрбір индивидке ерекше конституция, басқалардан айырмашылығы бар, құрылысы мен қызметтегі өзгешеліктер тән.

Адам конституциясы генотип бойынша анықталады. Соңғы жылдары генетикалық көптеген ауруларға генетикалық бейімділікті анықтайтын, негізгі HLA – комплекстегі гистосезімталдылық маркерлерін анықтайды. Енді тек ойық жара, атеросклероз, қант диабеті, гипертониялық ауруы, лейкоз, туберкулез сияқты ауруларға ғана генетикалық бейімділік бар болмай, сонымен қатар бауыр аурулары, гломерулонефрит, эндокринді және иммундық жүйе ауруларына да генетикалық бейімділік бар екені мәлім.

Организм реактивтілігі мен резистенттілігі зат алмасуға да тәуелді болады. Мәселен, Ленинград бекінісінде, жергілікті тұрғындардың аштықтың салдарынан аллергиялары жоқ болып кетті, пневмония, скарлатина, қызылша, дизентерия, туберкулез аурулары гипоергиялық түрде дамыған. Ірінді аурулар созылмалы түрде өткен, ал сульфаниламидтер мен антибиотиктердің оң нәтижелері байқалмаған. Ақуызда ашығу кезінде антиденелер синтезі мен аллергиялық реакциялар қарқындылығы төмендейді, бірақ инфекцияға резистенттілік жойылады. Қарқынды қоректенгенде, аурулар гиепргиялық түрде дамып, соңы қолайсыз, жағымсыз бітеді, яғни, жасушалар зат алмасудың қорқындауының нәтижесінде, олар зақымдалғанда көптеген активті метаболиттер, липидтердің сутектік тотығуы жоғарылайды. Сондықтан, науқастың тәбетінің төмендеуін бейімделу реакциясы деп қарастыру қажет.

Реактивтілік пен резистенттіліктің зат алмасуға тәуелді өзгерістерін қант диабеті, семіздік, бүйрек үсті, қалқанша бездерінің гипо- және гиперфункциясы, тектік бұзылыстармен сырқаттанатын адамдарда байқауға болады.

Жүйке жүйесінің реактивтілік пен резистенттілікке тигізетін әсерін мына эксперименттен көруге болады: наркоздағы және кофеин егілген жануарлар, яғни ОЖЖ-сінің қозу және тежелу жағдайында, гипоксияға түрліше жауап қайтарады. Қысқы ұйқыда жатқан (ОЖЖ-нің терең тежелуі мен зат алмасудың төмендеген жағдайында) жануарлар сәуле ауруларға, инфекцияларға, электр тогына, кейбір химиялық заттарға төзімді болып келеді.

ЖЖҚ әртүрлі адамдардың реактивтілігі де әртүрлі. Организм реактивтілігіне психогенді факторлардың тигізетін әсері ерекше. Адамды сендірудің арқасында температурасы жоғарлап, қабыну дамуын, тіпті жалған екі қабаттылықты тудыруға болады. Дәрігердің сөздері мен әректінен туындайтын ятрогенді аурулар тобы бар. Сөзбен ренжітуге, өлтіруге, емдеуге де болады. Кейбір жағдайда жақсы психотерапевт дәрілерсіз емдеуі мүмкін. Ambrios Pare айтқан: «Өмір сүргісі келген, тірі қалады», ал Н.И.Пирогов соғыс кезіндегі өлімге ұшыраған жарақаттанғандар саны жеңілген жақ пен жеңгендердің арасында әртүрлі екенін көрсеткен болатын.

Эндокриндік жүйе қызметі мен реактивтілік. Реактивтілікті қалыптастыруда гипофиз, бүйрек үсті, қалқанша, ұйқы безі мен жыныс бездерінің алатын орны ерекше маңызды.

Жастың тигізетін әсері. Кез клеген жастағы адамдарға, организмнің сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтаруы тәуелді болатын, морфологиялық, қызметтік ерекшеліктер тән. Эмбрионның дамуы барысындағы сыртқы орта факторларына жауап қайтаруы әр түрлі болады. Эмбриональді кезеңнің алғашқы сатысында фагоцитоз әлсіз жетілген немесе мүлдем жоқ болады. Ол бірте – бірте, ретикулоэндотелиальді жүйенің реактивтілікке қатыса бастауымен жоғарлай береді. Осы алғашқы кезеңдерде инфекциялар айқын көрініс бермей дамиды, кейбір инфекциялық агенттерге ұрық мүлдем жауап бермейді.

Нәрестенің өкпесінің эластикалығы, ересектерден 30 есе кем. Ішек трактісі бойының ұзындығынан 6 есе ұзын, ересектерде – 4,5 есе ұзын; шырышты қабаттары тосқауылдық қызметі төмен, өте жұқа болады; бұлшықеттері әлі дамымаған; барлық жүйелердің жүйкелік реттелуі толық емес. Осы кезеңдегі анатомо – физиологиялық жағдай, нәрестелердің тері, тыныс алу, асқорыту жүйелерінің ауруларына бейімділігін анықтайды. Терморегуляциясы дамымаған нәрестелер температураның өзгерістеріне өте сезімтал болады. Ересектерде тәулігіне клетка сыртылық сұйықтықтың 15% алмасады да, нәрестелерде 50 % су алмасады, ал бұл ерекше су қабылдау режимін сақтауды қажет етеді.

1-3 жастағы балалардың иммундық жүйесінің толық дамымауы мен анасынан қабылдаған антиденелердң жоғалуынан, олар түрлі инфекцияларға (скарлатина, көк жөтел, дифтерия, қызылша) сезмтал болып келеді.

Егде жастағы адамдар ісіктер мен атеросклерозға, ЖИА-ға ұшырауы жиіледі. Бұл реттелуіне, жүйелердің қызметінің ерекшелігі мен кезеңдік өзгерістеріне байланысты. Организмнің тосқауылдық жүйелерінің әлсіздеуінен, нерв жүйесінің қызметі төмендеуі салдарынан, иммундық жүйе деградациясының салдарынан қайтадан инфекцияларға сезімталдылық жоғарлайды. Сонымен қатар осы жас кезеңіне қабыну, регенерация, қызу реакциялардың гипергиялық түрдегі дамуы тән. Кәрі адмадрда дәрілер метаболизмі төмен, сондықтан олардың дозаларын кішірейтіп береді. Жасы жеткен адамдардың қорғаныс механизмдері де әлсіздейді, сыртқы ортаға бейімделуге қабілеттілігі төмендейді.

Организм қартаюы. Қартаю деп - индивидтің өмір сүру барысында бірте – бірте өрістейтін қайтымсыз морфологиялық, биохимиялық және қызметтік өзгерістерді айтамыз. Қартаюдың белгілері молекулалық, клеткалық, ұлпалық, мүшелік, жүйелік және барлық организм деңгейінде көрініс береді.

Кәрілік дене салмағы мен көлемінің бойының кішіреюімен, ішкі мүшелердің атрофиясымен сипатталады. Атрофиялық өзгерістер зат алмасу үрдісінің төмендеуімен қатар жүреді. Қартайған ұлпалар суды жоғалтып, ондағы натрий, хлор, кальцийдың мөлшері көбейіп, калий, магний, фосфордың мөлшері азаяды. Жас өте келе жүректің минуттық және систолалық көлемі азайып, өкпенің өшірлік сыйымдылығы төмендейді. Бүйректер айтарлықтай склерозданып экскреторлық қызмет әлсіздейді.

Асқазан – ішек жолдарының шырышты қабатының атрофиясына байланысты тұз қышқылы мен асқорыту ферменттерінің бөлінуі азаяды, бауыр мен ұйқыбезінің қызметі әлсіздеп, ас қорытудың, сіңірілудің, белок, май, көмірсу, витаминдердің алмасуының бұзылуы жүреді.

Қартаюдың себептерін түсіндіретін көптеген теориялар бар. Кейбірі қартаюдың себебіне ұлпалардағы каллоидты – химиялық өгерістерін жатқызады. Бұл теорияға сәйкес организмнің қартаю барысында клеткалық каллоидтар суды байланыстыру қабілетін жоғалтып, гидрофильді жағдайдан гидрофобтыға айналады. Белокты заттардың мұндай өзгерістері барлық биохимиялық реакциялардың өрістемелі баяулауына алып келеді.

Қартаю барысында организмнің энергетикалық қажеттіліктері азаяды. Бұл клеткадағы митохондриялар саны азаюмен байланысты, тотығу фосфорилдену қарқындылығы төмендейді, митохондрийлердің мембраналық потенциалы өзгереді, клеткада ыдыраған митохондрийлер табылады. Қартаюдың маңызды механизмі – медиаторлар синтезінің төмендеуі нәтижесінде шікі мүшелердің нервтік реттелуі тежеледі, нейрондар мен бір топ нерв аяқтамаларының өлуі. Бұл ішкі мүшелердегі зат алмасу процесстері мен реакциялардың бұзылуына алып келеді. Эндокриндік бездердің (жыныстық, қалқанша безі т.б.) қызметінің әлсіздеуі де қартаю мехаизмінде маңызды орын алады.

Қартаю механизмдері туралы түсінік өмірді ұзарту талаптарының негізіне алынады.
  1   2   3

Похожие:

Курсы Оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы Оқу сағатының көлемі iconКурсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі
Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Курсы Оқу сағатының көлемі iconКурсы Оқу сағатының көлемі
Маќсаты: студенттерді жалпы нозологияның негізгі түсініктерімен, аурудың маңызы туралы қазіргі көзқарастармен және аурулардың алдын...
Курсы Оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі 90/2

Курсы Оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс
Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық...
Курсы Оқу сағатының көлемі icon5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы Оқу сағатының көлемі iconОқу сағатының көлемі: 2 сағат Құрастырушы: оқытушы Омашева Ж. М., Рахметуллаева Д. Б. ҚАрағанды – 2014 ж
Анықтауышы қиыспаған анатомиялық терминдерін латын тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару дағдыларын қалыптастыру
Курсы Оқу сағатының көлемі icon5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) 1 курс ІІ семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы Оқу сағатының көлемі icon5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Курсы Оқу сағатының көлемі icon5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының (кредиттер) көлемі 180 сағат, 4 кредит 2 курс
Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница