Курсы І




Скачать 189.95 Kb.
НазваниеКурсы І
Дата конвертации15.02.2016
Размер189.95 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_13/07/17/51e6311362f9c.doc
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Жалпы медицина факультеті

Оперативтік хирургия және топографиялық анатомия курсымен адам анатомия кафедрасы





«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік жұмысы

жөніндегі проректоры

Б.А. Айнабекова ________

«____»____________2007 ж.




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Анатомия пәні бойынша Ana 1203


мамандығы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


курсы


семестр І


Дәріс-6 (сағат) Емтихан І

Тәжірибелік сабақ -24 (сағат) (семестр)


Сынақ -

семестр


СӨЖО- 30 (сағат)

Өзіндік жұмыс -30 (сағат)


Жалпы сағат көлемі- 90, 2 кредит


қ. Астана 2007 ж.

Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған 2006 ж ҚР МЖМБС –негізінде, ҚР ДСМ Білім, ғылым және кадр ресурстары департаментімен бекітілген анатомияға арналған типтік оқу бағдарламасы бойынша құрылған,

18 маусым 2007 ж.


Жұмыс бағдарламасы оперативтік хирургия және топографиялық анатомия курсымен адам анатомия кафедрасы мәжілісінде қарастырылды


Хаттама №1

«28» тамыз 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор: Ә.Б. Әубәкіров


Жұмыс бағдарламасы қазақ бөлімінің пән-әдістемелік комиссия мәжілісінде талқыланып бекітілінген.

Хаттама №


«___»_ _____ 2007 ж. Төрағасы проф.: ______Е.Д. Дәленов


Оқу-әдістемелік Кеңесте мақұлданған _______________

Хаттама №

«___»_ _____ 2007 ж.


Төрағасы проф.:_______ Айнабекова Б.А.

(Аты-жөні, қолы)


2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Адам анатомиясы – адам организмнің пішіні мен құрылысы, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды. Жасқа байланысты анатомия болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің құрылыс ерекшеліктерін ескеруді мақсат етеді.

Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрады, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар медициналық білімнің негізін құрады. Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытумен бірге, адам организмінің тарихы қалыптасуын да зерттейді. Анатомия пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрушы жүйелер, ағзалар және тіндерді білу макро-микроскопиялық анатомия, физиология, биология негізінде және жеке адамның, жынысттық, жастық ерекшеліктеріне сүйеніп, пренаталды дамуы мен анатомо-топографиялық арақатынасын меңгеруге бағытталады.

2.2 Пән мақсаты: адам денесінің органдары құрылысын, оны құрушы жүйелерді жастық, жыныстық және жеке адам ерекшелігін қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында, еңбектің, әлеуметтік фактордың негізінде білу және бұл білімді клиникалық кафедраларда қолдану.


2.3 Міндеттері:

  • Ересек адам мен балалар денсаулығын дұрыс анықтау үшін санитарлық-гигигеналық өмір сүру жағдайына байланысты ағзалар мен органдар жүйелерінің құрылысы білім негізін қалыптастыру;

  • Адам ағзалары мен тұтас организмінің құрылысы мен қызметінің арақатынасы мен байланысын өзгермелі қоршаған орта, еңбек пен әлеуметтік факторлар жағдайында ғылыми тұжырым тудыру;

  • Ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясы туралы білімді салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қолдану;

  • Адам денесінің ағзалары мен мәйітке биологиялық материал ретінде құрметпен және ұқыптылықпен қарау;


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студентке қажет:

Білу:

  • Анатомиялық препараттар мен оқу құралдарымен жұмыс істеуді;

  • Қаңқа сүйектерінің ерекше айырмашылығын;

  • Сүйектер қосылысының түрлерін, буындар жіктелуі мен биомеханикасын;

  • Бұлшықеттер анатомиясын, жіктелуі мен функциясын;

  • Асқорыту, тыныс алу, жүрек-тамырлар және несеп-жыныс жүйелері анатомиясын, олардың құрылысының ерекшеліктерін;

  • Жұлын мен ми құрылысын;

  • Сезім ағзалары анатомиясын;

  • Жұлын мен нервтерінің қалыптасуы мен функциясын, олардың нервтендіру аймақтарын;

  • Қан айналым және лимфа жүйесі анатомиясын;

  • Эндокриндік бездер құрылысын, функциясын;

  • Бас пен мойын, тұлға мен қол-аяқтың тері жамылғысы құрылысының ерекшеліктерін;

  • Ағзалар мен организм жүйелерінің жасқа байланысты құрылыс ерекшеліктерін;

  • Латынша халықаралық анатомиялық номенклатураны (терминдерді) білу


Істей білу:

  • Жасқа байланысты бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің айрықша ерекшелігін анықтау;

  • Анатомиялық препараттан сүйектер қосылысының құрылымдық элементтерін табу;

  • Мәйіттен бас, тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсету;

  • Бас, мойын, кеуде мен құрсақ қусы және кіші жамбас астауы органдарын табу;

  • Жұлын мен мидың бөліктерін көрсету;

  • Жұлын мен бассүйек нервтерін көрсету;

  • Мәйіттен бас, мойын, кеуде, құрсақ, кіші астау және қол-аяқ тамырларын табу;


2.5 Реквизитке дейінгі – биология, адам анатомиясының мектеп бағдарламасы.

2.6 Реквизиттен кейінгі: – патологиялық анатомия, патологиялық физиология, клиникалық медицинаға кіріспе, жалпы гигиена.


2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары: тақырыптар, өткізу түрі және әр сабақтың ұзақтылығы

Дәрістің тақырыптық жоспары




Дәрістер тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит







1.

Анатомия пәні және оның міндеттері, анатомияның басқа биологиялық пәндер арасындағы орны және медициналық білім берудегі маңызы. Организмнің тіндеріне жалпы мінездеме. Ағза, ағзалар жүйелері мен аппараттары туралы түсінік. Сүйек тінінің пайда болуы, дамуы, өсуі және құрылысының жалпы заңдылықтары. Сүйектердің жіктелуі. Бассүйектің дамуы.

шолу

1

2.

Нерв жүйесіне кіріспе. Нерв жүйесінің құрылысының жалпы ұстанымдары. Қарапайым және күрделі рефлекторлық доға. Ми қыртысының қалыптасуы. Анализаторлар туралы түсінік.

шолу

1

3.

Ангиологияға кіріспе. Қан және лимфа тамырлары құрылысы, тармақталуы және жіктелуінің жалпы ұстанымдары. Микроциркуляция және коллатералды қан айналымы туралы түсінік.

шолу

1

2 кредит




1.

Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас қорыту жүйесі ағзаларының құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.

шолу

1

2.

Эндокринді аппарат және иммундық жүйе ағзаларының морфо-функционалдық сипаттамасы, организмнің ағзалары мен жүйелерінің қызметтерін реттеудегі олардың ролі.

мәселелік

1

3.

Тыныс алу ағзаларының жалпы анатомиясы, олардың дамуы. Несеп-жыныс жүйесі ағзаларының жалпы сипаттамасы, олардың дамуы.

шолу

1




Сағаттар саны: 6









Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары




Практикалық сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит







1.

Кеуде,мойын, бел, сегізкөз, құйымшақ омыртқалары. Қабырғалар мен төс. Белдеу сүйектері және қол-аяқ сүйектері.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

2.

Бассүйек құрылысы, оның милық және беттік бөліктері. Маңдай, шеке, шүйде және тор сүйектердің құрылысы.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

3.

Белдеу сүйектері мен қол сүйектерінің қосылыстары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

4.

Бас, мойын, кеуденің бұлшықеттері мен шандырлары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

5.

Арқа, іш бұлшықеттері мен шандырлары. Диафрагма.

Анатомиялық препараттармен жұмыс

1

6.

Жұлын құрылысы. Жұлын қабықтары.

Анатомиялық препараттармен жұмыс, тесттік есептер

1

7.

Ми, оның бөліктері

Кейс-сатылар.

1

8.

Ми нервтері.

Тесттік есептер

1

9.

Жалпы сыртқы, ішкі ұйқы артериялары. Қолтық, бұғанаасты артериялары.

Кейс-сатылар.

1

10.

Жалпы сыртқы, ішкі мықын артериялары.

Тесттік есептер

1

11.

Мойын, иық өрімдері: қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары.

Кейс-сатылар.

1

12.

Бел және сегізкөз – құйымшақ өрімдері: қалыптасуы мен нервтендіру аймақтары.

Кейс-сатылар.

1




Сағаттар саны: 12







2 кредит




1.

Эндокринді бездердің құрылысы мен функциялары.

Тесттік есептер

1

2.

Тыныс алу ағзаларының жалпы сипаттамасы. Көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпелер, плевра анатомиясы.

Тесттік есептер

1

3.

Жүрек: құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

4.

Көкірекаралықтың анатомиясы, оның ағзалары.

Тесттік есептер

1

5.

Ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, таңдай, олардың құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

6.

Жіңішке ішек: құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

7.

Тоқ ішек: құрылысы, функциялары. Бауыр, ұйқыбез, көкбауыр: құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

8.

Ішастар: құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

9.

Несеп ағзалары: бүйрек, несепағар, несепқуық, несеп шығаратын өзек, олардың құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

10.

Ер адамның жыныс ағзалары: құрылысы, функциялары.

Кейс-сатылар.

1

11.

Әйелдің жыныс ағзалары: құрылысы, функциялары.

Тесттік есептер

1

12.

Қорытынды консультация




1




Сағаттар саны: 12










1-2 кредиттер бойынша сағаттар саны – 24








Оқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысының

тақырыптық жоспары




Оқытушымен бірге студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит







1.

Тұлға, қол-аяқ сүйектері құрылысының ерекшеліктері.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

2.

Бассүйектің жеке сүйектерінің құрылыс ерекщеліктері.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

3.

Самай, сынатәрізді сүйектердің құрылысы. Самай сүйегінің каналдары.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

4.

Бассүйектің бет бөлігінің сүйектері. Тұтас бассүйек.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

5.

Тұлға сүйектерінің қосылыстары.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

6.

Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектерінің қосылыстары.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

7.

Шап каналы, іш пресі, іш қабырғасының осал жерлері.

Мәйіт бойынша үйрену, препараттау

1

8.

Иық белдеуі мен қолдың бұлшықеттері және шандырлары.

Мәйіт бойынша үйрену

1

9.

Жамбас белдеуі мен аяқтың бұлшықеттері және шандырлары.

Мәйіт бойынша үйрену, препараттау

1




Аралық тексеру – коллоквиум.




1

10.

Ми қабықтары.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

11.

Жұлын нервтерінің қалыптасуы, олардың тармақтары.

Мәйітте препараттау

1

12.

Вегетативтік нерв жүйесі.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

13.

Бас, мойын, тұлға, қол-аяқ веналары.

Мәйітте препараттау

1




Аралық тексеру – коллоквиум.




2




Сағаттар саны: 15







2 кредит




1.

Бас, мойын, тұлға терісінің морфо-функционалдық сипаттамасы, оның туындылары.

Мәйітте препараттау

1

2.

Сыртқы мұрын, мұрын қуысы, мұрын қуысы жанындағы қойнаулар, олардың құрылысы және функциялары.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

3.

Кеуде қуысы ағзаларының қанмен жабдықталуы және шығарылуы.

Мәйітте препараттау

1

4.

Кеуде қуысы ағзаларының нервтенуі.

Мәйітте препараттау

1

5.

Жұтқыншақ, өңеш, асқазанның: құрылысы, функциялары.

Мәйітте препараттау

1

6.

Іш қуысы: іш қуысы қабырғасының құрылысы.

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

7.

Іш қуысы мен жамбас астауы ағзаларының қанмен жабдықталуы.

Мәйітте препараттау

2

8.

Лимфа жүйесі.

Мәйітте препараттау

2

9.

Іш қуысы мен жамбас астауы ағзаларының нервтенуі.

Мәйітте препараттау

1

10.

Шат (бұтаралық).

Анатомиялық препараттар бойынша үйрену

1

11.

Арқа, кеуде, іш терісінің морфо-функционалдық сипаттамасы.

Мәйітте препараттау

1




Аралық тексеру – коллоквиум.




2




Сағаттар саны: 15








Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат көлемі

1 кредит







1.

Анатомиялық жағдайлар, біліктер мен жазықтықтардың схемасы. Анатомиялық терминология.

Студенттің қосымша әдебиеттермен жұмысы; мәнжазбалар дайындау

2

2.

Тұлға мен қол-аяқ сүйектері түзілістерін бақылау.

Электрондық мағлұматтармен жұмыс

2

3.

Тұлға мен қол-аяқ сүйектерінің жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктері.

Мәнжазбалар дайындау

2

4.

Бассүйектің жыныстық, жастық жеке ерекшеліктері.

Мәнжазбалар дайындау

2

5.

Адам буындарының биомеханикасы.

Мұражайлық препарат дайындау

2

6.

Баспен мойынның қанмен жабдықталуы: жалпы, сыртқы және ішкі ұйқы артериялары, олардың тармақтары.

Тесттік есептерді шешу

2

7.

12 жұп бассүйектері нервтерінің анатомиясы мен иннервациялау аймақтары.

Тесттік есептерді шешу

1

8.

Қолмен аяқтың қанмен жабдықталуы.

Тесттік есептерді шешу

1

9.

Анимальдық нерв өрімдерінің қалыптасуы және тармақтарының нервтендіру аймақтары.

Тесттік есептерді шешу

1




Сағаттар саны: 15







2 кредит




1.

Ішкі секреция бездерінің функционалдық анатомиясы.

Тесттік есептерді шешу

3

2.

Бас, мойын терісінің морфо-функционалдық сипаттамасы, оның туындылары.

Тесттік есептерді шешу

3

3.

Көмекей, кеңірдек, бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары. Плевра қойнаулары.

Тесттік есептерді шешу

3

4.

Ішастар және оның туындылары.

Тесттік есептерді шешу

3

5.

Тұлғаның (арқа, кеуде, іш) терісінің морфо-функционалдық сипаттамасы, жеке, жыныстық, жастық ерекшеліктері. Латынша анатомиялық сөздік.

Электрондық мағлұматтармен жұмыс

3




Сағаттар саны: 15








2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • Дәрістер: жалпы, мәселелік

  • Практикалық сабақтар: анатомиялық препараттармен жұмыс, муляж және планшеттер; ауызша тексеру, тесттік тапсырмалар, кіші топпен жұмыс, басқа пәндермен бірге 1-2 клиникалық ситуацияны талдау;

  • Оқытушымен бірге студенттің өзіндік жұмысы: анатомиялық препаратпен және мәйітпен пән тақырыбын өз бетінше игеру, мәйітті препараттау;

  • Студенттің өздік жұмысы: студенттің оқулықтар мен қосымша әдебиеттермен жұмысы; электронды информация; тест тапсырмаларын өз бетінше шешу, реферат дайындау, өз бетінше дайындық тақырыбынан оқытушыдан консультация алу.



2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Ағымдық бақылау: тест тапсырмаларын шешу, ауызша жауап, жазбаша жұмыс, эссе, реферативтік

  • Рубеждік бақылау: коллоквиум

  • Қорытынды бақылау: емтихан, практикалық дағдыны қабылдау


2.10 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ:

Негізгі:

1. Ракышев А.Р. Адам анатомиясы 1,11 том 2004

2. Ракышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, II том. Алматы: «Кітап», 2006.

3. Жумабаев У., Әубекіров Ә.Б , Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. 1,11,III, IV том. Астана: «Фолиант», 2005.

Қосымша:

1. Тебенов М.Е. Адам анатомиясы (ас корыту және тыныс алу жуйесі). Ок;у кұралы. Караганды, 1993.

2. Нурмухамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдьқ анатомиясы. Оқу құралы. Алматы, 2007.

Похожие:

Курсы І iconВысшие дипломатические курсы
Курсы «Повышение профессиональной квалификации» для молодых специалистов, принятых на работу
Курсы І iconМакроэкономика-2”
Солоу, сбалансированный рост, "золотое правило накопления", абсолютная и относительная конвергенция, эндогенный рост; открытая экономика:...
Курсы І iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Курсы І iconЛекция 40 сағат Экзамен 1 семестр Алматы 2009 Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы»
Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы» және 050704-«Вычислительная техника и программное обеспечение» мамандықтарының оқу...
Курсы І iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын...
Курсы І iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді...
Курсы І icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
Курсы І iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Курсы І iconКурсы: І №1-15

Курсы І iconКурсы: І №1-18

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница