Курсы: 2




Скачать 323.02 Kb.
НазваниеКурсы: 2
страница1/3
Жумамбаева Р М
Дата конвертации15.02.2016
Размер323.02 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/26/52e5187e323b5.doc
  1   2   3

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КАФЕДРАСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі»

Пәннің коды: PVBSDT 2211

Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі 180 (4 кредит)

Курсы: 2,

Оқу семестрі : 4


Семей 2013


Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде

ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы оқытушыларымен құрастырылған.


Авторлар:

  1. Жумамбаева Р.М.

  2. Даутов Д.Х

  3. Токабаев А.К.


« 26_»_____08______2013 кафедра отырысында талқыланған.

№ __1__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі/оқу ісін меңгеруші _______ проф. Жумамбаева Р.М.


Оқытушылар туралы мәліметтер



Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы



Жумамбаева Роза Мырзахановна



СММУ профессоры, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, жоғары категориялы дәрігер






Даутов Даулет Хапасович

м.ғ.к.,доцент, жоғары категориялы дәрігер кафедраның оқу бойынша меңгерушісі






Токабаев Азамат Кожагулович

м.ғ.к.,доцент, жоғары категориялы дәрігер






Избасарова Ирина Анатольевна

б.ғ.к.,ассистент, жоғары категориялы дәрігер






Токабаеа Гулнар Токеновна

ассистент жоғары дәрежелі дәрігер






Байльдинова Клара Женисовна


ассистент, жоғары білікті дәрігер.






Рахимбекова Гульназ Кайырлыхановна

ассистент,  категориялы дәрігер






Кайдарова Сая Балташевна

кафедра ассистенті






Есенгулова Алия Бейсенбековна

қатар алушы, жоғары категориялы дәрігер






Сулейменова Панария Сатыбалдинова

қатар алушы, жоғары категориялы дәрігер






Ченемесова Сауле Абылкасымовна

қатар алушы, жоғары категориялы дәрігер






Шаханова Айжан Тұңғышбековна

Кафедра ассистенті






Орынбасова Баян Аскаровна

Кафедра ассистенті






Шарапиева Алуа Маратбекқызы

Кафедра ассистенті






Кисина Рауан Мырзабекқызы

Кафедра ассистенті






Байланыс ақпараты:

Кафедраның тұрақты мекен - жайы:Кабельный переулок көшесі, 1.

Жамакаев 100

Автобус № 3,20,41,13 маршрутты такси №203,206,208,233. Ет комбинаты аялдамасы

2, 11, 12,13, 33, 38,41 маршрутты такси 237, 205, 201, 211, 35, 209 «ЦГБ, Восход» аялдамасы

Телефон – 34 93 82 (терапия бөлімшесі)

52-17-94 (ҚКТ)


Пәннің саясаты: Пәннің саясаты – кафедраның білімалушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білімалушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білімалушылар (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.

Білім алушылар міндетті:

  • Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзырлықтарды толық көлемде игеруге;

  • Бірінші курстан бастап таңдаулы білім траекториясы бойынша құзырлықтарға жету үшін «Портфолио» жинақтауға;

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

  • Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге, сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;

  • Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;

  • Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, профессордың және доценттің бақылауына, дәрігерлік консилиумдерге міндетті түрде қатысуға тиісті;

  • Кафедраның ОБӨЖ ( оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы) қатысуға арналған талаптарын сақтауға;

  • Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, ОБӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;

  • Білімалушылар клиникалық кафедраларда сабаққа қатысу үшін санитарлық кітапшаларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет рұқсатнамасының болуына;

  • Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға; үстелдер үстіне жазбауға, мүлікті бұзған жағдайда жөндеуге;

  • Білімалушылар шпилька аяқ киім кимеуі тиіс.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

  • Кафедра жұмысына белсенді қатысуға ( СҒІ үйірмесіндегі жұмыс, кафедрада өткізілетін шараларға және т.б.);

  • Мамандығы бойынша ғылыми – практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялар жұмысына қатысуға;

  • Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіруге;

  • Ұялы телефондарды, i-Phone, i-Pad емтихандарға бірге алып кіруге тыйым салынады. Оларды пайдаланған жағдайда білімалушы емтиханнан қуылады және «Ғ» баға қойылады. Ал емтихан барысында көмекші қағаздар қолданса, онда қорытынды баға: «Ғ» қанағаттанарлықсыз ;

  • Егер білімалушы бір ғана сабақ босатса, деканаттан рұқсат қағазы қажет етілмейді, бірақ сабақ міндетті түрде өтелуі керек. Электрондық журналда әр босатылған сабақ өтелмесе, автоматты түрде балы төмендетіледі.

  • Кафедраларда және курстарда өтелулер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге, клиникаларда түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.

  • Білімалушы сабақтарды себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар ауру туралы анықтама қағазын әкелуге тиісті. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.

  • Сабақты себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың тапсырады, егер деканаттан растайтын құжатпен бірге рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін.

  • Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білімалушыт бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады.

  • Сабақты себепсіз босатқан жағдайда білімалушы бір уақытта 1 сабақты өтеуіне болады.

  • Босатқан сабақты өтегенде «ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;

  • Себепсіз босатқан сабақты өтегенде білімалушы 3,33 ден жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.

  • Бір айда сабақты екі рет, не одан да көп сабақ босатқан білімалушы аттестаттаудан өтпейді. Білімалушы себепсіз босатқан сабақтары үшін 1 айда, себепті босатқаны үшін 2 айда өтеулерді өткізуге тиіс.

  • Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепсіз босатқан жағдайда білімалушыға деканаттарда өтеулерді орындауға рұқсат жоқ, білімалушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өтпейді. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрде өтуге тиіс.

  • Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепті босатқан жағдайда білімалушы жеке кесте бойынша барлық сабақтарды өтеуі керек.

  • Деканаттан рұқсат қағаздар оқу топтарының журналдарында сақталады.

  • Аралық бақылау кезінде себепті не себепсіз босатқан сабағын бір ай ішінде өтемеген жағдайда «ж» орнына «0» қойылады.

  • Егер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4,5,6,7 курстарының интеграциясының бір пәнінен не шектес пәннен білімалушы «Ғ» алса, жазғы (ақылы) семестрді «Ғ» баға алған пән бойынша ғана өтеді.

  • Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және білімалушы кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды. Қорытында баға мынадай жағдайда: егер білімалушыда рұқсат алу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы болған жағдайда есептелінеді. Мұндағы жақсы бағаға 50% тен 100% -ке дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз баға 0 ден 49% -ке дейінгі бағалар кіреді.

  • Тесттік емтиханның үлес салмағы 10% .

  • Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда білімалушының Рұқсат алу рейтингі бағасы төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.

  • Емтиханда алған қорытынды бағаны көтеру үшін қайта емтихан тапсыруға рұқсат жоқ.

  • Сынақ кітапшасының оң жағына Рұқсат алу рейтингі бағасы қойылады. Дифференциалдық сынақ бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.

  • Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес семестрдің барлық пәндері бойынша сынақтарды тапсырып, Рұқсат алу рейтингі бағасын алған жағдайда ғана білімалушылар емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен рәсімделеді, білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.

  • Білімалушылар үлгерім орташа баллы (GPA) негізінде курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.

  • (GPA) үлгерім орташа балы курстан курсқа өту баллының қажетті мөлшерін ала алмаған жағдайда, білімалушы білім грантынан айрылады, курсты қайта оқиды немесе өз қалауымен оқудан шығарылады.

  • Курстың бағдарламасын толық көлемде орындап, бірақ GPA өту баллын ала алмаған білімалушы жазғы (ақылы) семестрде пәнді (мемлекеттік емтихан «Қазақстан тарихынан» басқа) қайта оқуға, қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. Қайта алынған жақсы баға шәкіртақыға әсер етпейді.

  • Білімалушылар (академиялық демалыстан кейін) курстың пәндерін толықтай өтуге және емтихан тапсыруға міндетті.

Кафедраның жалпы талаптары:

  1. Студенттің сырт келбеті: халат, колпак, маска, ауыстырмалы аяқ киімдер болу керек.

  2. Бағдарлама бөлімдері орындалмаса, себепсіз сабақ босатылғанда сенбі күндері сағат 9-дан 13-ке дейін босатылған сабақтарды өтеу ұйымдастырылады.

3. 1 ай ішінде 2 және оданда көп босатқан сабақтары болып және ол өтемесе студент аттестацияланбаған студент болып табылады.

4. Егер студент сабақтарды босатып, аралық бақылауларды тапсырмаса, онда есеп қойылмайды және емтихан тапсыруға босатылмайды.

5. Емтихан емтихандық сесия кезінде ИВЦ орталығында болады.

6. Бағдарлама тақырыптарын дербес түрде меңгеру үшін кафедрада оқу бөлмелері, арнайы жабдықталған аудиториялар бар.

7. Оқу әдістемелік құралдар ұсынылады (көрнекі материалдар, кестелер, слайдтар, тестілер, әдістемелік нұсқаулар).

Практикалық дағдыларды меңгеру үшін кафедрада керекті құрал, фантом, муляждармен жабдықталған бөлмелер бар.


1. Кіріспе

Ішкі аурулар пропедевтикасының мақсаты науқастарды зерттеу тәсілдеріне, семиотикасына, ішкі аурулардың синдромдарын диагностикалауға үйрету болып табылады. Пропедевтикалық терапияның негізгі мақсаттарын игермей, келесі курстарда жоғары білімді, мейірбике мамандығы бойынша сапалы мамандар дайындау мүмкін емес.

Терапиядағы мейірбике ісі ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалғасы болып табылады, оның түбірі мейірбикелік үрдістің «мейірбике ісі негіздері» бағдарламасына негізделген. Қазіргі кезде мейірбике үрдісі мейірбикелік білім мен тәжірибенің негізі болып табылады.


2. Пәннің мақсаты:

студенттерді ішкі ағзалар ауруы бар науқастарды зерттеу тәсілдеріне және мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруына үйрету.


3. Оқыту мақсаттары:

    1. Студенттерді науқастарды зерттеуге үйрету (сұрастыру, қарау, пальпациялау, перкуссиялау, аускультациялау);

    2. Ішкі ағзалар ауруларының ағымдағы негізгі синдромдарын және симптомдарын анықтауға үйрету;

    3. Зерттеу жоспарын құрып және негізгі лабораториялық – аспапты зерттеу тәсілдеріне тұжырым жасауды үйрету;

    4. Ішкі ағзалар ауруларының негізгі емдеу принциптерімен таныстыру;

    5. Ішкі аурулар клиникасында жедел жағдайлар кезіндегі жедел көмекті көрсету тәсілін үйрету;

    6. Ішкі ағзалар ауруларында науқастарға мейірбикелік үрдісті ұйымдастыруды үйрету.


  1   2   3

Похожие:

Курсы: 2 iconВысшие дипломатические курсы
Курсы «Повышение профессиональной квалификации» для молодых специалистов, принятых на работу
Курсы: 2 iconМакроэкономика-2”
Солоу, сбалансированный рост, "золотое правило накопления", абсолютная и относительная конвергенция, эндогенный рост; открытая экономика:...
Курсы: 2 iconЛекциялар курсы. Ред басқ. Қ. С. Қаражан. Алматы: nurpess, 2014. 168 б
Лекциялар курсы жоғары және орта арнайы оқу орындары, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған
Курсы: 2 iconЛекция 40 сағат Экзамен 1 семестр Алматы 2009 Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы»
Бағдарлама курсы 050703-«Информационные системы» және 050704-«Вычислительная техника и программное обеспечение» мамандықтарының оқу...
Курсы: 2 iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалы мемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын...
Курсы: 2 iconМемлекеттік тілді оқыту курсы оқытушысын конкурстық іріктеуден өткізу т
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Орталық филиалы (Астана қаласы) мемлекеттік тілді...
Курсы: 2 icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үШТҰҒырлы тілдер курсы
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған үштұғырлы тілдер курсы: әдістемелік құрал – Астана, 2013. – 19 б
Курсы: 2 iconЛекция негіздері қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
«Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсы. Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат
Курсы: 2 iconКурсы: І №1-15

Курсы: 2 iconКурсы: І №1-18

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница