Скачать 321.08 Kb.
|
ҚММУ Ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 НХ. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра «Патологиялық физиология» ДӘРІС Тақырыбы: «Жалпы нозология» PF- 2207 Патологиялық физиология пәні 5B110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы ІІ курсы Оқу сағатының көлемі: 1 сағат Қарағанды 2014 ж. Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді «___» «___»____ж. Хаттама №___ Кафедра меңгерушісі _____________ Жаутикова С.Б. Тақырыбы: Жалпы нозология.
Фурункул. Аппендицит. Пневмония. Аталѓандардыњ ќайсысы-ауру, жергілікті патологиялыќ ‰рдіс, симптом кешені (синдром), типтік патологиялыќ ‰рдіс.
Жалпы нозология (грек сөзінен нозос-ауру)-ауру туралы жалпы ілім. Ауру-организмнің денсаулықтан жаңа сапалық жағдайымен ерекшеленеді, қоршаған орта факторларынан зақымдалуға жауап болып табылады. Ауру тұрмыстық жағдай арқылы берілетін, қорғаныс серпілісінің бұзылуымен және организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделу серпілісінің бұзылуымен және еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен сипатталады. И.П. ауру табиғаты жайлы ойлай отырып, байқаған: ауру тек жәй зақымдалу нәтижесі, өмірлік қызметтер бұзылысы, “қирау” ғана емес. Әрбір ауру тудырушы тітіркендіргіш зақымдалуды тудыра отырып, ауру шақырады, сонымен қатар бір уақытта қорғаныс механизмдері іске қосылады. Организмнің кез-келген қоршаған орта әсеріне серпіліс заңдылығы осындай. Организм бұл қоршаған ортаның үздіксіз әсеріне өзінің функционалдық жүйе әрекетінің өзгеруімен жауап беретін, күрделі өзін-өзі реттеуші жүйе. Функционалдық жүйенің осы серпілістері (реакциясы) организмді қоршаған орта жағдайларының өзгерістеріне бейімдейді. Яғни бейімделу –механизмі денсаулық жағдайында үздіксіз әрекет етеді. Дәл осы механизмдер патогендік тітіркендіргіш әсерінен де іске қосылады, бірақ басқа сандық мөлшерде, ал кейде өз сапасы өзгерген түрде. Бұл бейімделу серпілістерін И.П. Павлов ауруға қарсы “физиологиялық өлшем” деп атады. Осы механизмдер сауығу үрдісіне бастау береді. Дәлірек айтқанда бұл: антидене, өндірілуінің күшеюі (кез-келген емес, берілеген микробқа қатысты арнайы), шырыш секрециясының күшеюі, бактерицидті сөлдерің күшеюі, жүрек жұмысының күшеюі, қан ағысының жылдамдауы, тынысалудың жиілеуі және тереңдеуі, лейкоциттер түзілу үрдісінің күшеюі, тер бөлудің күшеюі, кейбір гормондарың көптеп түзілуі және т.б. Аурудың әрбір белгілі жағдайында (ауру себебінің әсер ету ерекшелігіне байланысты: солардың біреуі-инфекция қоздырғышы, төмен температура, т.б.) осы аталған механизмдердің белгілі біреулері іске қосылады. Әрине бұл бейімделу серпілістерінің күші және көлемі әрқашан организмге қажетті шекте болмайды, яғни әрқашанда оптимальді емес. Дәрігер белгілі бір жағдайда бейімделу мәні бар организмнің серпілістерден зақымдалу “қирау” көріністерін жақсы айыра білуге міндетті. Тек дәрігер-клинецист қана аурудың кез-келген симптомын басуға ұмтылады. Ауруалды-бұл денсаулық пен ауру арасындағы өтпелі жағдай. Ол тек қоршаған ортаның кейбір патологиялық және физиологиялық факторлар әсерінен көптүктелген қызметтің жеке компенсация элементінің бар болуынан тек прогресстеп қана қоймай, сонымен бірге регресстенуімен де сипатталады. Дәрігерге бұл сатыда ауруды болдырмау, аурудың бастапқы кезеңіне қарағанда, айтарлықтай жеңіл. Сондықтан да ауруалды кезеңін білу, практикалық және профилактикалық медицинада, маңызы зор. Кез-келген ауруда ауруалды кезеңнің болуы міндетті емес. Аруалды (басқаша айтқанда преморбидтік жағдай) деп физиологияға жатпайтын, бірақ әлі айқын дертке өтпеген, организмнің реактивтік қасиетінің өзгеруі. Ауруалды кезеңінде компенсация механизмдері әлі көрініс бермейді. Кейде ауруалды жағдайы, кейбір қоршаған орта факторларына организмнің төзімділігін төмендететін, бұрын ауырған аурулар аясында пайда болады. Адамда ауруалды жағдайы тұрмыс және еңбек әрекетімен байланысты, жедел патогенді емес факторлардан пайда болады: шамадан тыс тамақтану, тұзды көп жеу, гиподинамия, тоңазу ыстықтау, шу, вибрация т.б. Олардың ауру тудырушы әсері бір нәрсенің себебінен және көп уақыттан кейін көрініс беруі мүмкін. Жиі бұл факторлардың әсері сабақтасады, мұның созылмалы нервтік-психикалық зорығуда маңызы бар. Дерттік үрдіс ( патологиялық процесс)- бұл зақымдалған организм немесе зақымдалған ағза, ұлпаларда дертік және қорғаныс-бейімделушілік серпілістерінің сабақтасуы. Мысалы: жедел аппендецит кезінде құрт тәрізді өсіндінің флегмонозды қабынуы жергілікті дерттік үрдіс болып табылады. Дерттік серпіліс (патологиялық реакция)-бұл дерттік үрдістің қарапайым түрі. Мысалы: аурутудырушы әсерге жауап ретінде артериолалардың тұрақты кеңеюі немесе шырыштың көп бөлінуі дерттік серпіліс болып табылады. Дерттік жағдай (патологиялық жағдай)-дегеніміз ұзақ уақыт аралығында өте жәй дамитын дерттік үрдіс болып табылады. Мысалы: асқазанның ойық-жарасы (дерттік үрдіс) тыртықтанумен немесе кіреберіс қақпасының тарылуымен (дерттік жағдай) аяқталып, ұзақ уақыт айтарлықтай өзгермей қалуы мүмкін. Типтік дерттік үрдіс деп жануар түріне, локализациясына, себебіне, ерекшелігіне қарамастан бірдей негізгі заңдылықтармен дамитын үрдістерді айтамыз. Басқаша айтқанда типтік дерттік үрдістер әр түрлі жануарларда, әр түрлі мүшелерде негізінде қандай дерттік әсер жатпасын, ағымы негізі бірдей заңдылықтармен өтеді. Бұл қабыну, қызба, ісік, гипоксия, ашығу, гиперэмия, тромбоз, эмболия. Жануарларда соның ішінде адамдарда да (негізінен) ашығу бірдей өтіп, оттегі жетіспеушілігіне бірдей жауап беруі, барлық жануарларда қабыну үрдісінің бірдей заңдылықтарымен өтуі, бізге бұл үрдістердің эволюция барысында қалыптасып, олардың дамуы тұқым қуалау жолымен берілетіндігін көрсетеді. Әрине, қабыну немесе ісік әр түрлі жануарлар түрінде әртүрлі ерекше қасиетке ие, бірақ патофизиология ол ерекшеліктерден ауытқып, олардың даму заңдылықтарын түсіну үшін, ортақ жалпы қасиеттеріне көңіл бөледі. Ауруларды классификациялау принциптері Қазіргі уақытта аурулар саны мыңға жуық (нозологиялық формалары). Уақыт ағымына қарай олардың саны өзгеріп отырады. Кейбір аурулар жоғалып, олардың орнын жаңа аурулар басады. Мысалы рентген сәулелерін қолданғанға дейін, сәулелік аурулар мүлдем болмаған. Ғарышқа ұшуға дейін ғарыштық медицина да болмаған. Аурулардың жіктелуінің негізіне кейбір нышандар кіреді:
Ауру көріністері (жалпы және жергілікті, арнайы және арнайы емес) Ауруды анализдеу жалпы және жергілікті арсындағы арақатынасты түсінуде қатаң талаптар қояды, осыған ауруды емдеу шараларының эффективтілігі белгілі бір дәрежеде байланысты болғандықтан. Жалпы және жергілікті біртұтастықтың ішінен үрдіс тенденциясын анықтайтын жетекші жағын табу керек. Айталық тіс кәрезі жергілікті емдеуге келетіндіктен, пломба қою жеткілікті. Егер кәруыз минерал және ақуыз алмасуының бұзылысының нәтижесінде пайда болса, онда бәрінен бұрын емдеу жалпы түрде болуы керек. Жергілікті және жалпылық арасындағы арақатынас уақыт ағымына қарай өзгереді. Жергілікті (фурункул) тарап, жалпыға (сепсис) айналуы мүмкін, жалпы дерттік үрдіс организмнің қорғаныс күші көмегімен шектелуі, локализациялануы немесе жойылуы мүмкін. Аурудың арнайы немесе арнайы емес көріністері. Ауруда әрқашан тек қана сол ауруға тән көріністерді ажыратуға болады (мысалға, стенокардия, стенокардия кезіндегі ауырсынудың иррадиациясы), сонымен қатар көптеген, я болмаса барлық ауруларға тән көріністер (симптомдар) болады. Бұл патогенездің жалпы арнайы емес жағы, эволюция барысында қалыптасқан, тұқым қуалау арқылы берілетін организм серпілістерімен анықталады. Олардың мән мағынасына дерттік жағдайда әрқашан іске қосылатын организмнің қорғаныс қасиеті кіреді. Мұндай жүйкелік немесе жүйкелік және эндокриндік мүшелермен анықталатын арнайы емес серпілістер кем дегенде бесеу: дерттік парабиоз, дерттік доминанта, неврогенді дистрофия, қыртыс-висцеральдік динамиканың бұзылуы және стресс. Парабиоз-бұл тұрып қалған, таралмайтын қозу, қозатын ұлпаның зақымдалуынан тұрады. Мысалға кейбір жүрек блокадалары формаларының патогенезінде парабиоздың маңызы зор. Доминанта-яғни орталық жүйке жүйесінде басқа басқарушы ошақтың пайда болуы. Бөгде басқарушы ошақ басқа орталықтарды өзіне тәуелді етіп, көптеген психикалық аурулардың дамуындағы дерттік үрдістерге әкелуі мүмкін (Мысалға аңду үрейіне). Доминантамен кейбір ауырсынулардың өткірленуін, организмге индеферентті тітіркендіргіш (мысалға, дыбыс, жарық) әсерінен де ауырсынудың пайда болуын түсіндіруге болады. Бронхиалдық астмада және гипертониялық ауруларда, бас миында кез-келген тітіркендіргішке бронхтардың тарылуымен (бірінші жағдайда) немесе тамырлардың таралуымен жауап беретін, тұрып қалған қозу ошақтары пайда болады. Сонымен бірге жүйке жүйесінің трофикалық қызметі де іске қосылады. А.Д. Спиранский трофикалық компонент қосылмайтын бір де бір ауру болмайды деп есептеген. Қант диабеті және туберкулез сияқты айырмашылығы өте үлкен ауруларда жүйке жүйесіне, оның трофикалық қызметіне бірінші жағдайда ұлпаның инсулинге сезімталдығы байланысты болса, екінші жағдайда оның туберкулез таяқшасына резистенттілігі тәуелді. Ауруда арнайы еместік түсінігі Сельенің стресс жайлы оқулығында ерекше дамуына жеткен. Автор әр түрлі тітіркендіргіштер жылу, суық, у, ауырсыну әрқашанда стандартты, арнайы емес серпіліс тудырады. Бұл барлық жағдайда гипофиз гормоны-кортикотропиннің бөлінуі, бұған бүйрек үсті безінің қыртысы көптеп гормон түзуімен жауап береді. Егер агенттер әсері өте ұзақ және өте күшті болмаса, бүйрек үсті безі гормондары организмнің жағдайларға бейімделуіне тек көмегін тигізеді. Егер де зақымдаушы агент әсері шектен тыс болса, онда ауру дамиды немесе өлімге әкеп соқтырады. Патогенездегі арнайылылыққа келетін болсақ, яғни диагноз қойылатын симптомдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде жетекші орынды этиологиялық фактор алады. Жалпының үстіне бірдей және ерекше қабаттасады. Себептер жалпы ауады, бейне бір өз өрнегін салатындай. Одан басқа жоғарыда аталған бес факторды (парабиоз, доминанта, кортика висцеральді байланыстар, жүйкелік трофикалық қызмет, стресс) естен шығармау керек. Олар өз бетінше арнайы емес, бірақ олардың өзара күрделі құрамдасуы берілген аурудың ерекше қасиетін беруі мүмкін. Осылайша, кез-келген ауру арнайы және арнайы еместің, жеке және жергіліктінің, ерекше және жалпының қоспасы болып табылады. |
![]() | Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті | ![]() | Курсы: IІ семестрі:і оқу сағатының көлемі Жоғары оқу орнының атауы: С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
![]() | Курсы Оқу сағатының көлемі Маќсаты: Сыртқы ортаның әсерінен, аурудың ағымы мен ауырлығы айқындалатын организмнің ауыру немесе ауырмауы шешілетін, организмнің... | ![]() | Оқу сағатының көлемі 90/2 |
![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін (оқу түрі) Оқу сағатының көлемі (кредиттер*) 90 с. (2 кредит) II курс Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ. к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық... | ![]() | 5В110300 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) курс Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл |
![]() | Оқу сағатының көлемі: 2 сағат Құрастырушы: оқытушы Омашева Ж. М., Рахметуллаева Д. Б. ҚАрағанды – 2014 ж Анықтауышы қиыспаған анатомиялық терминдерін латын тілінен қазақ тіліне және керісінше аудару дағдыларын қалыптастыру | ![]() | 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 (2 кредит) 1 курс ІІ семестр Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл |
![]() | 5В130200 «Стоматология» мамандығы үшін Оқу сағатының (кредиттер) көлемі 180 сағат, 4 кредит 2 курс Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл | ![]() | 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 90 сағат, 2 кредит 1 курс II семестр Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 39 жыл |