1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер




Скачать 441.13 Kb.
Название1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер
страница1/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер441.13 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_15/01/27/54c7189920575.doc
  1   2   3

G-041.07.01.11-2007

МЖБС 2006 Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар

01.08.2007ж

№01 тек

Бет тен




1 тақырып Блок № 4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша

ситуациалық есептер

1. Науқас К., 38 жаста, 10-шы тәулік стационарлы ем алып жатыр, диагноз: Кеуде күйігі III дәреже. Соңғы тәуліктерде науқастың жағдайы күрт нашарлады: ентігу күшейді, ауа жетіспеу сезімі пайда болды. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Цианоз және тері дақтары байқалады. Науқас оттегінің жоғары концентрациясы бар газ қоспасымен дем алғанына қарамастан тері дақтары қайтпайды. Аускультативті: әртүрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар. Тыныс алуы беткей, тахипноэ, ТАЖ 28 рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия ЖСЖ 100 рет/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.газдық құрамды зерттегенде жедел тыныстық алколоз анықталды: Ра О2 төмен, Ра СО2 төмен және рН жоғарлаған. Өкпе рентгенограммасында: альвеолалардың екіжақты диффузды инфильтрациясы, жүрек көлеңкесі қалыпты. Науқаста қандай жағдай дамыды? Шұғыл көмек көрсетіңіз.

2. «Жедел көмек» бригадасы 42-жастағы науқасқа шақырылды, ол кенеттен тұншығу ұстамаларына шағымданады. Науқас отыр, қолдарымен төсек шетінен сүйенген, кеуде клеткасы максимальді тыныс алуда, беті цианозды, шошынған, ТАЖ 38 рет/мин. Экспираторлы ентігу, арақашықтықтан құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз және шұғыл көмек көрсетіңіз.

3. Медбикені түнде бронхиальді астмамен жатқан науқасқа палатасына шақырды. Науқасты ауа жетіспеушілік, тұншығу және продуктивті емес жөтел мазалайды. Объективті: жағдайы ауыр, науқас төсекте алдыға қарай енкейіп, қолына тіреліп отыр. Бет әлпеті қиналған, тері жабындысы бозарған. Тыныс шығаруы қиындаған (өзінен ауаны “басып шығарады”), арақашықтықтан құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ 26 рет/мин, пульс 90 рет/мин, АҚҚ 140/90мм.с.б.б.. Науқаста қандай жағдай дамыды? Шұғыл көмек көрсетіңіз.

4. Клиникаға науқас С., 33 жаста механикалық асфиксиямен жеткізілді. Анамнезінен: 30 минут бұрын ілмектен туысқандары шешіп алған. Қабылдау бөлімінде қарап тексеру кезінде жағдайы ауыр. Науқас кеуде клеткасында қысылу сезіміне, құрғақ жөтелге, ауа жетіспейтін сезімге шағымданады. Тері жабындылары цианозды. Қол- аяқтары мен арқа бұлшықеттерінің тырысуы. Еріксіззәр шығару. Қабақ пен склераның ішкі бетінде ұсақ нүктелі қан құйылулар . Аускультативті өкпе үстінде құрғақ сырылдар. Тахипноэ, тынысы беткей, ТАЖ 28 рет/мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия ТАЖ 99 рет/мин., АҚҚ 180/100 мм.с.б.б.Науқаста қандай жағдай дамыды? Шұғыл көмек көрсетіңіз.

5. «Жедел жәрдем» қабылдау бөліміне науқас жеткізілді, шағымдары – ауа жетіспеушілік сезімі, жөтел, шие сүйегімен қақлуынан кейін пайда болған айқын ентігу. Қарап тексеруде: жағдайы ауыр. Тынысы жиіленген, беткей, ТАЖ 26 рет/мин. Терісі бозарған, диффузды цианоз. Аускультативті өкпе үстінде әлсіреген везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйық, ырғақты, тахикардия, ЖСЖ рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. Диагноз қойыңыз және шұғыл көмек көрсетіңіз.


2 тақырып Блок № 4 «Ларингоспазм,бронхоспазм» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер


1.науқас Б., 37 жаста 3 сағат бойы айқын ентігуге , қиын бөлінетін қақырыққа шағымданады. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, иық белдеуімен тірелген мәжбүрлік жағдай, қиын, ұзартылған дем шығару. Дистанционды сырылдар естіледі. Аускультативті: өкпеді қатқыл тыныс, көп мөлшерде құрғақ және ызыңдаған сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 100 рет мин, АҚҚ 130/90 мм с б. Сіздің дианозыңыз? Жедел көмек.

2. науқас Н, 35 жаста жедел жәрдем шақырған, тұншығу ұстамасына, қатты жөтелге, тершеңдікке , жүрек қағуына, тамағының жыбырлауына және қорқыныш сезіміне шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, ортопноэ, беті қою қызыл түсті.. Аускультативті: өкпеде қатқыл тыныс, барлық бөліктерінде ылғалды, ысқырықты сырылдар. Жүрек тондпры тұйықталған, ЖСЖ 108 рет мин, АҚҚ 140/ 90 мм с б . . Сіздің дианозыңыз? Жедел көмек.

3. науқас П., 27 жаста бөлмені дезинфицирлеущі затпен өңдегеннен кейін аяқ астынан ауа жетпейтіндей сезім, ұстамалы жөтел, өлім қорқынышы пайда болған. Объективті:жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары цианозды, айқын гипергидроз. Тахипноэ, ТАЖ 40 рет мин. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 140 рет мин, АҚҚ 100/60 мм с б. ЛОР –дәрігерінің қарауы: дауыс байламдары ісінген, дауыс саңылауының айқын тарылуы.Сіздің дианозыңыз? Жедел көмек.


4. науқас 70 жаста тыныс шығарудың қиындауы мен ентігуге, ашық түсті қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Кеуде қуысы бөшке тәріздес, перкуторлы барлық бөліктерінде қораптық дыбыс естіледі. Аускультативті –тынысы әлсіреген везикулярлы, ТАЖ 25 рет мин , жайылған құрғақ сырылдар. Өкпе рентгенографиясы: диафрагма күмбезі төмен орналасқан, экскурсиясының азаюы, өкпе алаңының жоғары ауалануы. Спирография: өкпенің тіршілік сиымдылығының, Тиффно индексінің төмендеуі. Қан анализі: гемоглобин, зритроциттер жоғарлаған. . Сіздің дианозыңыз? Жедел көмек.

5. науқас Ю. ентігуге, тыныс шығаруының қиындауына, қиын бөлінетін қақырыққа шағымданады. Анамнезінен: көп жылдар бойы созылмалы бронхит. Аурудың өршуін үй жөндеу кезіндегі бояудың иісімен байланыстырады. Аускультация: құрғақ, ысқырықты сырылдар, қақырық микроскопиясында Куршман спиральдері,Шарко-Лейден кристалдары анықталды. . Сіздің дианозыңыз? Жедел көмек.


4 блок №3 тақырып (Өкпелік қан кету) бойынша ситуациялық есептер


  1. Науқасқа,75 жаста жедел жәрдем шақырылды. Жөтел кезінде көп мөлшерде қан түкіру, ал қызыл түсті. Соңғы айда оң жақ кеуде қуысында ауырсынуды, температурасының 380С дейін жоғарылауын, айқан әлтіздікті, тәбетінің жоғалуын және арықтауын айтады. Анамезінен: көп жыл бой темекі шегеді, жас кезінен бері созылмалы бронхитпен ауырады. Жағдайының нашарлауы соңғы 3 айда, антибактериальді ем нәтижесіз болған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, топырақ реңді. Тері тургоры төмендеген. Бұғана үсті, қолық асты лимфа бездері бөдене жұмыртқасындай ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынусыз, қозғалмалы. Оң жақ жауырын аралығында өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 100 рет мин. АҚҚ 100/60 мм сб. сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек

  2. Науқас А ., 27 жаста жанұялық дәрігерге жүктеме кезіндегі ентігуге, жүрек жұмысының бұзылуына, қан түкіруіне шағымданады. Анамнезіне – жиі баспа. Бала кезінде жедел ревматикалық қызба. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта,. Facies mitralis. өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жыпылықты аритмия, ЖСЖ 95 рет мин, бірінші тон күшеюі, жүрек ұшында диастолалық шу. Эхо-КГ: сол жақ қарынша гипертрофиясы, қуысының делятациясы, өкпелік гипертензия белгілері. Митральді клапан жарғақшаларының тығыздалуы, аумағы МК – 1,08 см2. сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек

  3. Науқас М., 53 жаста. Дәрігерді үйге шақыртқан, себебі, басынан өткен стресстік жағдайдан кейін бас ауруын, бас айналуын, құлақтағы шуды айтады. Көп жыл бойы АГ- мен ауырады. энамның 5мг жеңілдік әкелмеді. Ентігу және ал қызыл көпіршікті қақырықты жөтел қосылған. Қарағанда жағдайы ауыр, мәжбүрлік жағдай. өкпеде ылғалды ұсақ және орта калибрлы сырылдар, әлсіреген тыныс фонында. Жүрек тондары тұйық, ырғағы жиі 100рет мин дейін, қолқа үстінен ІІ тонның акценті естіледі, АҚҚ 240/100 мм.с.б. , пульс 97 рет. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.

4. Науқас С., 45 жаста туберкулез диспансерінде есепте. Жағдайының нашарлауын, көп мөлшерде қан аралас қақырық бөлінуін, әлсіздіктің күшеюін, бас айналуын айтады. өкпенің оң жағында амфорикалық дыбыс. АҚҚ 90/60 мм с б, пульс 105 рет. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.

5. Науқас Р., 35 жаста ауыр физикалық жүктемеден кейін жағдайының күрт нашарлауын сезген: арқа жағынан кеуде қуысындағы ауырсынуы, үдемелі ентігу, көп мөлшерде қан түкіру. Ал қызыл түсті қан бөлінуі. Науқас есінен таңған. Жедел жәрдеммен келген дәрігер клиникалық өлім қойды. өлім себебін атаңыз. Бұл кездегі ем тактикасы қандай болмақ?


4 блок №4 «Астматикалық статус» тақырыбы бойынша ситуациялық есептер

1. Науқас 18 жаста., түнде ұйықтап жатқанда пайда болған тұншығу ұстамаларымен ауруханаға жеткізілді. Науқас 3 ай шамасында ауырады. Тұншықтыру ұстамалары тек түнгі уақытта болады, ол құрғақ жөтелден басталып, кеуде қуысындағы ысқырықпен жалғасып, шырышты қақырықтың бөлінуімен аяқталапды. Науқас күндіз жөтелмейді, жағдайы жақсы. Бір ай бұрын стационарда емделген онда бірде тұншығу ұстамалары болмаған. Бірақта үйде бірінші күні тұншықтыру ұстамалары пайда болған. Бала кезінде диатезбен ауырған. Тамаққа жұмыртқа, шоколадты конфет қабылдағанда есекжем пайда болады. Обьективті: науқас отыр, шулы тыныс, ысқырықты.Ерін және ауыздың шырышы цианозды түс береді. Перкуссия кезінде өкпеде қораптық дыбыс, аускультация кезінде тыныс шығару бірден ұзарған, көп мөлшерлі құрғақ, ысқырған сырылдар естіледі. ЖСЖ=28, АҚҚ=150/90мм с.б. Пульс 100рет/мин. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс.Іші ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.

2. Науқас А., тәулік ішінде тұншықтыру ұстамасына, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге ентікпеге шағымданады. Бронхты патологиямен 10 жыл бойы ауырады. Обьективті: науқас жағдайы өте ауыр, тыныс алуы беткей, ортопное жағдайында. Тері жабындылары бозғылт, өкпенің екі жағында да үлкен аумақта тыныс естілмейді «мылқау өкпе» аймақтары. Жүрек тондары тұйық, тахикардия. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


3. Науқас 45 жаста., тәулік ішінде қайтпайтын тұншығу ұстамаларымен стационарға жеткізілді. Ентігу және тұншығу ұстамаларымен 6 жыл зардап шегеді, бірнеше рет стационарда емделген, гормонотерапия қабылдаған. Қақырықты жөтел бөлінуі бұрыннан мазалайды (10 жыл). Ауруханаға түсер алдында бір апта бұрын жөтелдің және ентігудің күшеюі, сары қақырық мөлшерінің көбеюі, әлсіздік байқалған. Обьективті: жағдайы ауыр, мәжбүрлік жағдай, науқас орындыққа арқасын сүйеп отыр. Диффузды сұр цианоз байқалады, науқасты тер басқан. Кеуде клеткасы бөшке тәріздес, шулы ысқырықты тыныс, тыныс шығару бірден ұзарған, ТАЖ – 34 рет минутына.Өкпенің барлық аумағында қораптық дыбыс естіледі. Аускультацияда – тыныс бірден әлсіреген, өкпенің төменгі бөлігінде аздаған құрғақ жайылған сырылдар естіледі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – 140 рет минутына, АҚҚ 190/90 мм. С.б. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.

4. Науқас А., 45 жаста, көп жылдар бойы бронхтық демікпемен ауырады, соңғы аптады күндіз де түнде де пайда болатын, инголяциялық препараттармен (серетид, вентолин) жағдайы жақсармайтын тұншығу ұстамалары жиілеген. ТАЖ – 44 рет минутына, мәжбүрлік жағдай, айқын цианоз, аускультацияда: мылқау өкпе. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.

5. Науқас Н., 53 жаста. Соңғы 4 күнде күндіз - түні болатын тұншығу ұстамаларының жиілеуіне, әзер бөлінетін тұтқыр қақырқты жөтел, тыныштық жағдайындағы ентікпеге, ауа жетпейтіндей қорқыныш сезімі, жүрек қағуына, және жүрек жұмысының ауытқуына шағымданады. Сальбутамол, беротек, эфедрин қолданылады, эффект жоқ. Обьективті: Есі сақталған, бірақ әрқашан адекватты емес. Науқас әлсізденген, аз физикалық жүктеме жағдайының нашарлауына әкеледі. Тері және шырышты қабаттарында цианоз, ылғалды. Мойын көк тамырлары білеуленген. ТАЖ – 46 рет минутына, тыныс алу беткей. Алыстан естілетін шу, бірақ өкпе аускультациясында мылқау өкпе ошақтары анықталуына байланысты сырылдардың көлемі мен оның бар жоқтығы күмән тудырады. Жүрек тондары кенет тұйықталған ЖСЖ – 110 рет минутына, АҚҚ – 90/60 мм.с.б. ЭКГ да оң жақ жүрекше мен қарыншаның күш түсу белгілері, Т тісшесінің амплетудасының диффузды төмендеуі. О2 – ның парциальды қысымы 60 мм.с.б., СО2 – нің парциальды қысымы 50 мм. С.б. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


5 блок №4 тақырып бойынша ситуациялық есептер : Инфекция-токсикалық шок (ИТШ)

1. Менингококкцемия көріністері бар менингококкты инфекциямен ауратын науқаста айқын адинамия, тежелу пайда болды. Объективті: акроцианоз, терісі сұрғылт-көкшіл түсті мрамор сүретімен , ЖСЖ 100 рет/мин, толымдылығы әлсіз пульс , ТАЖ – 25-30 рет 1 мин, АҚҚ 60/20 мм сын.бағ., қарашығы кеңейген. Дене температурасы 360С. Сіздің диагнозыңыз? Жедел жәрдем.


2. Науқас 25 жаста. Жиі ауырсынумен зәр шығаруға, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигеннен бастап екі күн бойы ауырған. Жағдайы ауыр. Тыныштықта ентігу. Тері жабындылары қолға ыстық болып сезіледі. Дене қызуы 390С. Акроцианоз. Жүрек тондары анық, тахикардия. Пульс 120 рет минутына, аз толымды.АҚҚ– 80 мм с.бАлговер индексі=1,5.Сирек зәр шығару, тәуліктік диурез 500 мл шамасында. Өкпе ренгенограммасында және урограммада ошақты көлеңкелер анықталған жоқ. Бүйрек УДЗ – сы патологиясыз. ЖҚА - лейкоцитоз, лейкоцитарлы форманың солға ығысуы.ЭТЖ 35 мм/сағ. ЖЗА – протеинурия, лейкоцитурия, бактериурия. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


3. Науқас 37 жаста., Жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Дене қызуының 390С көтерілуі мен қалтырауына, мұрынынан су ағуына, жұтынғанда тамағының ауырсынуына тыныс алу кезінде кеуде клеткасының сол жағының ауырсынуына, аз мөлшерлі қақырықты жөтелге шағымданады. Кинотеартда суық тигенен кейін жедел ауырды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген.Ринорея. Коньюктивит. Тері жабындылары қолға ыстық, беті қызарған. ТАЖ – 36 рет мин., тыныштықта ентігу. Араң гиперемирленген. өкпесінде қатаң тыныс, сол жақтың төменгі бөлімінде крепитация. Жүрек тондары шамалы тұйықталған , тахикардия. АҚҚ – 70/40 мм с.б., пульс жіп тәрізді 140 рет мин. Алговер индексі=2,0, 2-күн зәр жоқ. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


4. Науқас,17 жаста, студент. Шағымдары: 3 тәулік бойы зәрдің болмауы, дене қызуының субфебрильді сандарға көтерілуі. Анамнезінен: 5 күн бұрын асханадан шұжық жеген. Осы күннің кешкісінде тоқтаусыз құсу, 5 күнге созылды. Соңғы 2 күн бойы сұйық нәжіс, қызба. 2 жыл бұрын аппендэктомия. Инфекциалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеу, терісі құрғақ. Ішкі ағзалар бойынша ерекшеліксіз. Температура 37,40С. Тахикардия, ЖСЖ 104 рет мин. АҚҚ-70/40 мм с.б. Тілі қою кір сұр түсті жабынмен қапталған, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағанда аурсыну. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс. Қуық катетеризациясы кезінде зәр жоқ. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


5. Жедел жәрдем ауруханасына 49 жастағы ауыр жағдайдағы науқас жеткізілді. Есі - сопор. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Тері жабындылары суық, цианоз. , топырақ реңді. Денесінде геморрагиялық бөртпелер. Гипотермия –t- 35,50. тыныштықта ентігу. Пульс жіп тәрізді, аритмиялық,120 рет/мин. АҚҚ – 50/30 мм с.б. жүрек тондары тұйық. 3тәулік бойы зәр шығармаған,катетеризация кезінде қуығы бос. ЖҚА: Лейкоциттер – 20х10 9/л солға ығысқан. ЭТЖ – 50 мм/сағ. Нв – 100 г/л. Бүйрек УДЗ: бүйректер ұлғайған, кедір – бұдырлы, көптеген контурлары айқын емес гипо және анэхогенді ошақтар. Сіздің диагнозыңыз? Жедел көмек.


1 тақырып Блок № 4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша кіріспе тест

1. Науқаста декомпенсирленген тыныс ацидозының ауыр дәрежесі анықталды. Қандай шұғыл көмек көрсетесіз?

1. ӨЖВ

2. натрий Бикарбонатын тамшылатып құю

3. О2 Тыныс алдырту

4. Эуфиллин енгізу

5. ГБО


2. Трахеобронхиальді ағаш бойынша газдың жеткізілудің бұзылуына гипоксияның қай типі тән?

1. Гистотоксикалық

2. Анемиялық

3. Циркуляторлы

4. Гипоксиялық

5. Респираторлы


3. Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің себебі:

1. альвеолаларға оттегінің жеткізілуінің бұзылуы.

2. альвеолалардан тіндерге оттегінің тасымалдануының бұзылыстары .

3. Артериальді гипоксемия.

4. Гиперкапния.

5. артериальді гипоксемия мен гиперкапнияның бірлесуі.


4. Науқаста ЖТАЖ бар. Сонымен қоса РаО2 және РаСО2 төмендеген. ЖТАЖ-ң қандай типі жайлы айтылған?

1. вентиляциялық

2. паренхималық

3. екі типтің бірігуі

4. есеп шарттары дұрыс емес, себебі егер РаО2 төмедесе РаСО2 төмендеуі мүмкін емес. 5. артериальді гипоксемия


5. Патологиялық процесс нәтижесінде альвеоло- капиллярлы мемрананың тығыздалуы басталды. Осының нәтижесінде қандай газдың - О2 немесе СО2 мөлшері көбірек төмендейді?

1. О2

2. СО2

3. екі газдың диффузиясы бірдей дәрежеде төмендейді.

4. мемрананың тығыздалуы газдардың диффузиясына әсер етпейді

5. мемрананың тығыздалуы осы газдардың диффузиясын қиындатады


6. Науқаста гиперкапниясыз гипоксия бар. Терең және жиі тыныс алуға мәжбүрлегенде гипокапния дәрежесі жоғарлады. Бұл нені білдіреді?

1 альвеоло-капиллярлы мембрана арқылы газдардың диффузиясының бұзылысы және қанның шунтталуы, яғни артерио-венозды лақтырыстың көбеюі.

2. респираторлы гипоксия.

3. гемикалық гипоксия.

4. циркуляторлы гипоксия.

5. тіндік гипоксия.


7. Науқаста ЖТАЖ дәрежесін анықтаңыз: тыныс алу жиілігі: 40 рет минутына, цианоз, тежелген, пульс 150 /1 мин., экстрасистола. АҚҚ төмендеген, артериальді қанның 02 –мен қанығуы 75%, РаСО2- 80 мм с.б.б.

1. Ауыр

2. Өте ауыр (агональді)

3. Жеңіл

4. Гиперкапниялық кома

5. Гипокапниялық кома


8. Төмендегі әдістердің қайсысы бронхиальді ағаштағы қақырықты шығару үшін қолданылады?

1. Постуральды дренаж

2. Жөтелдің стимуляциясы мен имитациясы

3. Бронхопульмональді лаваж

4. Перкуссиялық және вибрациялық массаж

5. барлығы


9. Науқас көмір қышқыл газымен жедел уланудың ауыр дәрежесімен интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Гипоксияны азайту үшін қосымша ем тағайындаңыз:

1. плазмаферез

2. гемосорбция

3. гипербариялық оксигенация

4. диатермокоагуляция

5. гемотрансфузия


10. Келесі клиникалық ситуация ЖТАЖ-ң қандай типіне тән: анальгетиктермен басылмайтын , бірақ оттегі ингаляциясынан кейін басылатын бастың ауруы, ұйқы инверсиясы (түсте ұйқышыл, ал түнде ұйқысыздық), есі шатасқан, айқын тершеңдік, анорексия, бұлшықеттік тартылыстар мен тырысулар, склераның инъекциясы?

1. Гипоксия

2. Гипоксемия

3. Гиперкапния

4. ЖТАЖ-ң вентиляциялық типі

5. ЖТАЖ-ң паренхималық типі


1 тақырып Блок № 4 бойынша қорытынды тест «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі»


1. ЖӨВ (ИВЛ) ді "ауыздан ауызға" немесе "ауыздан мұрынға" әдісімен қанша уақыт жасауға болады?

1. 5 мин

2. 15 минут

3. 30 мин

4. 60 мин

5. қанша қажет сонша


2. ЖТАЖ-ң өкпелік себебіне жатады:

1. Жедел тамыр бұзылыстары.

2. бас ми жарақаты.

3. Инфекциялық, қабынулық және ісіктік процесстері.

4. Ми гипоксиясына әкелетін коматозды жағдайлар.

5. Сырттан басылу нәтижесінде ауа өтуінің механикалық кедергінің болуы.


3. Келесі симптомокомплекс қандай клиникалық жағдайға тән: тыныс алу мен тыныс шығару кезінде плевральді қуыс пен альвеолярлы кеңістік арасындағы висцеральді плевраның дефекті сақталған, және тыныс алу кезінде плевра қуысына ауа еркін өтеді, ал тыныс шығару кезінде ауа шығады. Өкпе түседі, көкірек мүшелері ығыспаған:

1. Жабық пневмоторакс.

2. Респираторлы дистресс-синдром.

3. Клапанды пневмоторакс.

4. Ашық пневмоторакс.

5. Экссудативті плеврит.


4. Келесі симптомокомплекс қандай клиникалық жағдайға тән: плевральді қуыс пен альвеолярлы кеңістік арасындағы байланыс тұрақты емес және кенеттен тоқталады, нәтижесінде ауаның жаңа порциялары өкпеге түспейді:

1. Жабық пневмоторакс.

2. Ашық пневмоторакс.

3. Клапанды пневмоторакс.

4. Респираторлы дистресс-синдром.

5. Бронхоспазмның ауыр ұстамалары.


5. Келесі симптомокомплекс қандай клиникалық жағдайға тән: висцеральді плевра дефектісі тыныс алу кезінде ашылады, ал тыныс шығару кезінде жабылады, ауа плевральді қуысқа тыныс алу кезінде кіреді, тыныс шығару кезінде шықпайды. Сонымен қатар әр тыныс алу циклінен кейін плевральді қуыстағы газ көлемі ұлғаяды. Плевраішілік қысым жоғарлайды және оң болады. Қысым жоғарлауына байланысты көкірек сау жаққа ығысады:

1. Ашық пневмоторакс.

2. Жабық пневмоторакс.

3. Респираторлы дистресс-синдром.

4. Бронхоспазмның ауыр ұстамаларыа.

5. Клапанды пневмотракс.


6. Тыныс алу жолдарының жедел обструкциясы ненің нәтижелерінде дамиды:

1. Бронхоспастикалық жағдай.

2. Тыныс алу жолдарының бітелуі.

3. Жұтқыншақ, трахея, бронхтардың жаңа түзілістері және абсцесстері.

4. Дауыс байламдарының салдануы.

5. Барлығы.


7. Қандай жағдай Тыныс жолдарының жедел обструкциясының себебіне жатпайды:

1. Бронхоспазм

2. Тыныс алу жолдарының бітелуі.

3. Жұтқыншақ, трахея, бронхтардың жаңа түзілістері және абсцесстері.

4. Дауыс байламдарының салдануы.

5. Ас токсикоинфекциясы.


8. Өкпе мемранасы арқылы газдардың диффузиясының бұзылыстары келесі ауруларда кездеседі:

1. Өкпенің ауыр эмфиземасы.

2. Пневмосклероз.

3. Бронхопневмония.

4. Өкпе ісінуі (кардиогенді).

5. Барлық ауруларда.


9. Жедел тыныс алу жетіспеушілік синдромының себебіне не жатпайды:

1. Спонтанды пневмоторакс.

2. Жедел ӨАТЭ

3. Респираторлы дистресс-синдром.

4. Бронхоспазмның ауыр ұстамалары.

5. Айқын иммунодефицит.


10. Тыныс жолдарының өткізгіштігінң жедел бұзылыстарының негізгі клиникалық белгілеріне жатады:

1. айқын ентігу

2. қақырықпен жөтел

3. акроцианоз

4. тахикардия

5. АҚҚ көтерілуі

2 тақырып Блок № 4 «Ларингоспазм,бронхоспазм» тақырыбы бойынша кіріспе тест


1. Ларингоспазм қай кезде дамиды...

1. тыныс алу орталығының кез келген этиологиядағы зақымдалуы

2. кеуде қуысының зақымдануы

3. өкпе зақымдануы

4. жоғарғы тыныс жолдарының механикалық және химиялық тітіркенуі

5. нервті- бұлшықетті жүйеде импульс берілудің бұзылуы.


2. ларингоспазм себебі :

1. церебральді қан тамырларының тромбоэмболиясы

2. дәрілік препараттармен интоксикация.

3. дауыс байламдарының қызметін реттейтін көлденең жолақты бұлшық еттің рефлекторлы спазмы.

4. пневмофиброз

5. жұлынның жарақаты.


3. ларингоспазм кезіндегі жедел көмек:

1. трахея интубациясы, науқасты ӨЖВ –на көшіру

2. сальбутамолмен ингаляция 1-2 тыныс

3. 0,5 мл 0,1% адреналин т/а

4. 1 мл 0,06% корглюкон к/і

5. 20 мг фуросемид к/і


4. ларингоспазмның негізгі клиникалық көрінісі:

1. жедел тыныс жетіспеушілігі

2. жедел оң қарыншалық жетіспеушілік

3. жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

4. қабылданған тамақпен құсу

5. эпигастрий аймағындағы керіп ауырсыну


5. бронх демікпесі ұстамасы сипатталады …

1. үрген жөтел

2. көп мөлшердегі қақырық

3. инспираторлы ентікпе

4. экспираторлы ентікпе

5. бас ауыру


6. бронх демікпесінің ұстама алды кезеңі сипатталады...

1.бас ауыру, тыныс алуының қиындауы, есекжем

2. гипертониялық криз

3. өкпелік қан кету

4. мойын остеохондрозының өршуі

5. созылмалы гастриттің өршуі


7. бронх демікпесі ұстамасы кезінде гипоксияның қай түрі болады:

1. гистотоксикалық

2. анемиялық

3. циркуляторлы

4. гипоксиялық

5. респираторлы


8. бронх демікпесі мен жүрек демікпесін ажырататын негізгі клиникалық белгі?

1. қызғылт түсті көпіршікті қақырықтың көп мөлшерде бөлінуі.

2. тыныс шығарудың ұзаруы

3. тыныс шығарудың қиындауы

4. дистанционды құрғақ, ысқырықты сырылдар

5. «мылқау өкпе » аймақтары


9. бронх демікпесі ұстамасының ең жиі болатын асқынулары?

1. артериальді гипертония

2. жүрек демікпесі

3. астматикалық статус

4. ларингоспазм

5. өкпелік қан кету


10. бронх демікпесіне әкелетіне себепті көрсетіңіз:

1. көп мөлшерле тамақ қабылдау

2. сыртқы ортаның бейспецификалық тітіркендіргіш факторлары:темекі түтіні, көлік газы, психикалық және эмоциональді жүктемелер.

3. бронхолитиктерді қабылдау

4. диуретиктерді қабылдау

5. жүрек гликозидттерімен улану


2 тақырып Блок № 4 «Ларингоспазм,бронхоспазм» тақырыбы бойынша қорытынды білімді бағалау тесті


1. сальбутамолды жиі қолданған кездегі жанама әсері қандай:

1. бас айналу, тахикардия

2. жөтел, ауыз қуысының құрғауы, жағымсыз дәм сезімдері.

3. Тремор, тахикардия, жүрек қағу, ашушаңдық, қозғалыс бұзылысы, жүрек айну.

4. ашушаңдық, жүрек айну, қозғалыс бұзылысы

5. Анафилаксия, бет пен ұрттың қызаруы, діріл


2. Жіктеме бойынша бронх демікпесінің қандай ауырлық дәрежелерін ажыратады?

1.жеделдеу, жедел, үдемелі

2. жеңіл, найзағай тәрізді, ауыр

3. жеңіл, орташа ауырлықта,ауыр, өмірге қауіпті.

4. жеңіл, ауыр

5. жеңіл,орташа, ауыр.


3. бронх демікпесі ұстамасының өкпеден тыс асқынуы ?

1. жедел өкпе текті жүрек

2. Пневмония

3. Ателектаз

4. Гепатит

5. Пневмомедиастинум


4. бронх демікпенің ұстамасы 3 кезеңнен тұрады:
1. бастапқы, даму, өршуі

2. ұстама алды, даму, кері даму кезеңі

3. жедел, жеделдеу, созылмалы

4. бастапқы, өршу , үдемелі кезең

5. Продромальді, өршу, қорытынды кезең


5. тұншығу ұстамасын қайтаратын препарат:

1. Адреномиметик

2. Бета-адреноблокатор

3. Na, K-АТФаза Блокаторлары

4. Нейролептиктер

5.СА каналының антогонистері


6. бронх демікпе ұстамасы кезінде аускультациялық белгілер?

1. Везикулярлы тыныс, крепитация

2. қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар.

3. мылқау өкпе

4. қатқыл тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

5. Бронхиальді тыныс, ылғалды сырылдар


7. бронх демікпесі кезінде қандай адреномиметик қолданылады?

1. Биопарокс

2. Клион

3. Пентоксифиллин

4. Изокет

5. Тербуталин


8. адреномиметиктен жеңілдік болмаған жағдайда нені тағайындайсыз?

1. Адреналин 0,1% 0,5 мл

2. Дофамин 200 мг

3. Эуфиллин 0,6 мкг/кг

4. Нитроглицерин 0,005

5. Трахеостомия


9. бронх демікпесі ұстамасын қайтару үшін Беротектің оптимальді енгізу жолын таңдаңыз:

1. көктамырға

2. тері астына

3. бұлшықет ішіне

4. ингаляциялық

5. пероральді


10. адреномиметиктермен қатар бронх демікпесін қайтару үшін қолданылады:

1. β1-адреноблокатор

2. антибиотиктер

3. кортикостероидтар

4. СЕҚҚП

5. инфузионды терапия (0,9% NaCІ ерітіндісі)


4 блок №3 тақырып (Өкпелік қан кету) бойынша алғашқы білімді бағалау тесті


1.өкпелік қан кетуден жалған қан түкірудің айырмашылығы?

1. сілекейдің болуы

2. қоюлардың (сгустки) болуы

3. қан түсі

4.қан рН

5. қан иісі


2.өкпелік қан кету мен асқазаннан қан кету айырмашылығы:

  1. қоюлардың болуы, қою түсті қан рН қышқыл

  2. көпіршікті, ал қызыл түсті, қоюларсыз қан

  3. өткір иісті, профузды сипат, қолайсыз болжам.

  4. ішектік қан кетумен қосарлануы

  5. жедел жүрек жетіспеушілігімен бірге жүреді


3. шынайы өкпелік қан кетудің көзі болып…..

  1. Гингивит

  2. Стоматит

  3. Бронхоэктаз

  4. бадамша без абсцессі

  5. Рандю-Ослер ауруы


4. өкпелік қан кетуді ажырататын белгілері болып :

  1. көпіршікті қан аралас қақырық

  2. экспираторлы тұншығу ұстамасы

  3. қою түсті қақырық бөлетін ұстама тәрізді жөтел

  4. қан аралас сілекейдің бөлінуі

  5. тот тәрізді қақырықты жөтел


5. өкпелік қан кетуді ажырататын белгілері болып :

1.этиология

2.механизм

3. қан кету сипаты(көк тамырлық, артериялық)

4.қан кету көлемі

5.қан кету ауырлығы


  1. ағзадағы қан көлемі қанша?

  1. 1/3 дене салмағының

  2. 1/5

  3. 1/6

  4. 1/10

  5. 1/12


7. қан тамырлы- тромбацитарлы гемостазды зерттеу тәсілдеріне жатады...…

1. АЧТВ уақытын есептеу

2. жалпы белокты анықтау

3. «бұрғылау» (жгут)сынамасы

4. қандағы диастазаны анықтау

5. белок фракцияларын анықтау


8. ұсақ тамырлардың резистенттілігін анықтау тәсілдеріне жатады.....

1. Кончаловский сынамасы

2. Дьюк сынамасы

3. Ли – Уайт бойынша уақытты анықтау

4. Квик (протромбин уақыты) бойынша анықтау

5. эфа уымен қан ұйығыштығын анықтау


9. жедел қан кету кезіндегі трансфузионды препараттарды еңгізудін ең дұрыс кезектілігі:

1. таза қан, полиглюкин, кристаллоидтар, натрий гидрокарбонатының ерітіндісі

2. эритроцитарлы масса, альбумин, тромбоцитарлы масса, кристаллоидтар

3. жаңа мұздатылған плазма, декстрандар,кристаллоидтар, эритроцитарлы масса

4. таза қан, альбумин

5. жаңа мұздатылған плазма, кристаллоидтар, эритроцитарлы масса

10. ҚШҰ-синдромының клиникалық көріністері:

1. ангиоматозды типті геморрагиялық синдром

2. гематомды-петехиальді типті геморрагиялық синдром

3. васкулитті-пурпуралық типті геморрагиялық синдром

4. гематомды типті геморрагиялық синдром

5. барлығы дұрыс


4 блок №3 тақырып «Өкпелік қан кету» бойынша қорытынды білімді бағалау тесті

  1. «шоколадты желе» түріндегі қан түкіру пневмонияның келесі түрімен шақырылады:

1. туберкулез микобактериясы

2. саңырауқұлақтармен

3. клебсиеллалармен

4. тұмау вирусымен

5. микоплазмамен


  1. қай вирусты инфекция өкпелік қан кетумен асқынуы мүмкін?

  1. Аденовирус

  2. Эпштейн-Барр вирусы

  3. парагрипп вирусы

  4. тұмау вирусы

  5. Цитомегаловирус




  1. митральді стеноз кезінде қандай механизм қан түкіруді жоққа шығарады:

  1. кіші қан айналым шеңберінде тоқырау

  2. жыпылық аритмиясы

  3. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  4. қан тамыр өткізгіштігінің бұзылуы

  5. өкпе инфаркті




  1. ЖРВИ тұмау инфекция кезінде қан түкіру себебі:

  1. Ларингит

  2. Трахеит

  3. Бронхит

  4. өкпе ісінуі

  5. жедел қан тамыр жетіспеушілігі


5. Аортаның ажырамалы аневризмасы кезіндегі өкпеден қан кету сипатталады:

  1. жедел басталуы, жөтелдің болмауы, жағымсыз болжам

  2. Латентді ағым ,жөтел, шамалы ентігу

  3. жеделдеу ағым , жөтел, кеуде қуысындағы ауырсыну

  4. найзағай тәрізді сипат, жөтел, тұнщығу

  5. жағымсыз болжам, созылмалы ағым


6 . өкпелік қан кету кезінде антикоагулянттарді тағайындауға көрсеткіш:

  1. аортаның ажырамалы аневризмасы

  2. өкпе инфаркті

  3. өкпе абсцессі

  4. Бронхоэктазиялар

  5. өкпе ісігі


7. шокты өкпе салдарынан болған өкпелік қан кету кезіндегі интенсивті терапия көлемі:

1. Гемостатиктер,ӨЖВ, жаңа мұздатылған плазма, антикоагулянттар, протеолитикалық ферменттер

2. Гемостатиктер, ӨЖВ, тромбоцитарлы масса

3. Гемостатиктер, ӨЖВ, бір топты таза қан

4. жаңа мұздатырған плазма, антикоагулянттар, протеолитикалық ферменттер

5. Гемостатиктер,ӨЖВ, жаңа мұздатырған плазма


8. «ауыз толтыра» іріңді қақырық, перкуторлы дыбыстың тимпаникалық реңі, амфорикалық дыбыстың естілуі тән:

1. Бронхоэктаз ауруы

2. өкпе абсцессі

3. Крупозды пневмония

4. Инфаркт-пневмония

5. өкпенің қатерлі ісігі


9. Диапедездік қан сіңу, өкпелік қан кетудің себебі ретінде қай патологияға тән…..

1. өкпе инфаркті

2. Рандю-Ослер ауруының өкпелік түрі

3. сол жақ қарыншалы жүрек жетіспеушілігі

4. телеангиоэктазиялар

5. өкпелік васкулиттер


10. бронхоэктазия кезіндегі өкпеден қан кету себебі болып :

1. қан тамыр қабырғасының жарылуы

2. қан тамыр эррозиясы

3. альвеола қуысына бронхиальді қан тамырлардан қан құйылу

4. альвеолалардың диапедездік қан сіңуі

5. барлығы дұрыс


4 блок №4 «Астматикалық статус» тақырыбында кіріспе тесттер:

1. Бронхтық демікпе ұстамасын емдеу үшін «біріншілік тағайындауға» қай препарат жатады?

  1. теофиллин

  2. эпинефрин (адреналин)

  3. парентеральды 2 - адреностимуляторлар

  4. ингаляциялық 2 - адреностимуляторлар

  5. холинолитиктер


2. АС дамуы кезіндегі гипоксемияны коррекциялау үшін ең эффективті әдісті көрсетіңіз:

  1. оттекті терапия

  2. бронходилататорларды қолдану

  3. ГКС ингаляциялары

  4. β2 – агонистерді көк тамырға енгізу

  5. антибиотиктерді көк тамырға енгізу


3. Астмалық статус дамуында ГКС енгізудегі қай жолының жақсы әсері болатының көрсетіңіз.

  1. бұлшық ет ішілік

  2. ингаляциялық

  3. пероральды

  4. көк тамыр арқылы

  5. тері астылы


4 Астмлық статусты қайтару үшін маңызды дәрілік заттар:

  1. атропин

  2. преднизолон

  3. беротек

  4. пенициллин

  5. морфин


5. Астмалық статустың ІІ кезеңінде келесі іс-шараларды жүргізуге болмайды:

  1. оксигенотерапия

  2. гидратациялық заттар

  3. симпатомиметиктер

  4. көп мөлшерлі гормондар

  5. өкпені жасанды желдету


6. Сальбутамол бронхтарды мынандай жолмен кеңейтеді:

  1. бронх ағашының рецепторларын тежеу

  2. В2- адренорецепторлардың селективті қозуы

  3. Тегіс бұлшық етке әсері

  4. Кезбе нерв тонусының төмендеуі

  5. гистаминнің тежелуі


7. Ингаляциялық кортикостероидтарға қай препарат жатады:

1. кларитин

2. будесонид

3. тайлед

4. беродуал

5.атровент


8. БА ауыр дәрежесіне жатпайды:

1. тұрақты ұстама

2. жиі түнгі ұстамалар

3. физхикалық жүктеме бірден шектелген

4. ПСВ и ОФВ1 60 % болатын көлемнен төмен

5. ПСВ < 20% ауытқушылығы


9. Бронхиолитиктерге қай препарат жатады?

  1. Рибоксин

  2. Панангин

  3. Атровент

  4. Пирацетам

  5. Анаприлин


10. Қысқа әсерлі В2-агонистер тобынан препарат көрсетіңіз

1. будесонид

2. серевент

3. вентолин

4. кленил-форте

5. беродуал


4 блок №4 «Астматикалық статус» тақырыбына қорытынды тесттер:

1. БА – ның ауыр персистирлеуші түріне тән емес:

1. Жиі түнгі ұстамалар

2. тұрақты ұстамалар

3. Тұрақты физикалық жүктеменің шектелуі

4. ТШПЖ қажет мөлшерден 80 %

5. ТШПЖ қажет мөлшерден 60 % аз


2. Бронхтық демікпе және бронхиальды астмаға дифференциялды диагноз жүргізген кезде ең сенімді белгі:

1. айқын цианоз

2. экспираторлы тұншығудың ауырлығы

3. науқастың мәжбүрлік жағдайы

4. бета 2-агонистке рефрактерлік

5. эуфиллинді көк тамыр ішілік енгізудің тиімсіздігі


3. Қандай клиникалық синдром астматикалық статус деп аталады?

  1. Бронхтық демікпенің өршу фазасында науқасты физикальды зерттеу кезінде анықталатын белгілер комплексі

  2. Бронх кеңейткіштермен қайтпайтын және жедел тыныс жетіспеушілігімен, гипоксия және гиперкапниямен жүретін бронхтық демікпенің ауыр созылмалы ұстамалары.

  3. Симпатомиметиктермен ингаляциядан кейін қайтпайтын бронхтық демікпе ұстамалары

  4. Бронхтық демікпенің бірінен кейін бірі жүретін ұстамалары

  5. Кортикостеороидтарды қажет ететін, бірақ қанның газдық құрамының өзгермеуімен жүретін тұншығудың созылмалы ұстамалары.


4. Астматикалық статусты емдеудің негізгі қағидаларына жатады:

  1. Кортикостероидтарды парентеральды енгізу

  2. теофиллинді парентеральды енгізу

  3. β-2-агонистерді парентеральды енгізу

  4. ӨЖВ

  5. Ингаляциялық кортикостероидтардың жоғары мөлшерін қолдану


5. Құрамында М-холинолитик бар аэрозольды көрсетіңіз::

  1. Будесонид

  2. Бекотид

  3. Беродуал

  4. Дитек

  5. Сальбутамол


6. Астматикалық статус кезінде SatO2 көрсеткіші құрайды:

  1. 95% көп

  2. 91-95%

  3. С. 90% аз

  4. 88% аз

  5. 70% аз


  1   2   3

Похожие:

1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер icon«Жедел лейкоздар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
Сүйек кемігінде мына заттардың анықталуы жедел лейкоз диагнозын коюдың критериі болып табылады
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconСондай-ақ аталған есептер жинағын орта мектептерде олимпиадаға дайындық арнаулы курстарында, тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдануға болады
«қызық» есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым...
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconКлиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы
Тақырып: Жедел іш, оның себептері (жүктілік кезіндегі жедел аппендицит, жатырдан тыс жүктілк, анабездің кисталары және апоплексиясы)....
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconЖҮрек жетіспеушілігі жайлы негізгі деректер
Жүрек жетіспеушілігі — бұл кең таралған үдемелі ауру. Егер жағдайды дұрыс түсініп, дәрігердің ұсыныстарын орындап, кейбір әдеттерді...
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconЖедел медициналық ЖӘрдем беру кафедрасы поәК
«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconА1 тіл құзырлығының минималды-жеткілікті деңгейі
«Амандасу», «Танысу», «Кешірім», «Өтініш», «Алғыс», «Келісу», «Қарсылық білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді...
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconТыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз
Сұраулы сөйлем көңіл-күйімен байланысты айтылса қойылатын тыныс белгісін табыңыз
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconИнгаляциялық анестезияны орналастыру
Компактты және жартылай ашық компактты тыныс алу жүйесі
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconМинистерство здравоохранения рк
Патофизиология-2 модулдің міндеттері: тыныс алу жүйесінің зақымдануының негізгі әйгіленімдері мен синдромдарының патофизиологиялық...
1 тақырып б лок №4 «Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша ситуациалық есептер iconҚмму ф 4/3-05/04
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница