ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»




НазваниеОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»
страница8/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3d54e2f8-3102-11e3-8846-f6d299da70eeтех лек форма-03 - 2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырыбы: Жұмсақ дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді жұмсақ дәрілердің түрлерімен таныстыру, оларды рецепт жазу ережелеріне үйрену.


Ботқаларelectuaria. (Electuaria, Electuarium, Electuarii)

Ботқалар- бұл қоюлық немесе жұмсақ қамыр тәріздес консистенциялы, ішке қолдануға арналған дәрілік зат форма. Негізгі заттан басқа, ботқалардың құрамына оның дәмін жақсартатын және әсерін күшейтетін заттар кіруі мүмкін. Constituens ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), зығыр ұны (farina Lini), қарабидай ұны (farina secalina), жалбызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), бал (mel), сироп (sirupus), ақ саз (bolus alba), глинозем (argilla alba), су (aqua), майлар (olea) қолданылады.

Форма түзгіш заттың мөлшері рецепте жазылмайды, тек қана «қанша керегінше ал» / q.s./ деп көрсетіледі. Ботқаның консистенциясы рецепте көрсетілуі тиіс. Консистенциясы көрсетілмеген жағдайда қою ботка (spissum) дайындайды.

Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек.

Ботқаларды жазып бергенде формаға түзгіш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады. Ботқаларды жазып бергенде олардың құрамына кіретін барлық заттар тізіліп жазылады. Олар күрделі дозаланбаған рецепт бойынша жазылады (магистралдік әдіспен).

Шошқаға:

Rp.: Extracti Aloёs 15,0 Rp.: Matrii svlfurici 2000,0

Pulveris rhizomatis Rhei 300,0 Pulveris radicis Althaeae et

Natrii hydrocarbonici 50,0 Aquae destillaeae q.s.

Ut. f. electuarium spissum Ut. f. electuarium D. S. Ішке қолдануға. D. S. Ішке қолдануға.

Екі рет беру үшін. Ішке қолдануға.


Сүртпе майлар – unguenta. (Unquеnta, Unquentum, Unquenti.)

Сүртпе майлар – жұмсақ консистенциялы, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған дәрілік форма. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сиыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.

Сүртпе майлар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Constitens (форма түзгіш зат) ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina), ланолин- қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum anhydricum және сулы ланонин –(Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі түрі бар; ақ - Vaselinum album және сары- Vaselinum flavum), қатты және жұмсақ парафин (Paraffinum solidum et molle), сары және ақ балауыз (Cera flava et alba), сыйыр майы (Butyrum Vaccae), глицерин (glycerinum), сондай-ақ әдейі майлық негізер: парафин сүртпе майы (Unguentum Paraffini), глицерин сүртпе майы (Unguentum Glycerini), нафталин сүртпе майы (Unguentum Naphtalani) қолданады.

Майлық негізіне қарай сүртпе майларды ұзақ және қысқа мерзімге дайындайды. Шошқа майы негізге алынған сүртпе майларды қысқа мерзімге дайындайды, өйткені одан тканьдерді тітіркендіретін май қышқылдары пайда болып, май бұзылып кетеді. 1 процент бензой қышқылын қосып шошқа майын бұзылудан қорғайды, сөйтіп оны аман сақтайды. Мұндай майды Aders suillus benzo- atus немесе Axungia poricna benzoata деп атайды. Басқа негіздер алынған сүртпе майларды ұзақ мерзімге дайындайды. Негізді таңдап алу сүртпе майларды тағайындау мақсатына сәйкес болуы керек.

Шошқа майының су тартқыштығын және судың оның терісіне терең сіңе алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин теріге аз сіңеді, бірақ ол да суды жақсы тартады. Сондықтан терең әсер ету үшін сүртпе майларды шошқа майына ланолинге немесе олардың қоспасына араластырып жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин сүртпе майлары үстіртін әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза күйінде қолданылады.

Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық майлардың құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. unguentum D.S. формуласымен аяқтайды.

Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептіде көрсетілмесе, оны вазелинге қосып жасайды. Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% - 150,0 Rp.: Ichthyoli 15,0

D.S. Терінің зақымдалған Vaselini ad 150,0

жерлеріне жағу үшін. M.f. unguentum

D.S. Сүртпе майлар

жерлеріне жағу үшін

(официналдық сүртпе май) (магистральдық сүртпе май)

Официналдық сүрпе майлар: 1) Unguentum campohoratum –20 % камфора сүртпе майы; 2) Unguentum Hydrargyri albi, Unguentum Hydrargyr praecipiti flbi – сынаптың 10% ақ сүртпе майы, 3) Unguentum Hydrargyri cinereum – сынаптың 30 % сұр сүртпе майы, 4) Unguentum Hydrargyri oxydati – сынаптың 2% сары сүртпе майы, 5) Unguentum Kalli iodati – калий иодидінің 10% сүртпе майы, 6) Unguentum Plumbi subacetici s. Unguentum Plumbi acetici- қорғасын сүртпе майы, 7) Unguentum Plumbi tannici s. Unguentum ad decubitum- емдеуде қолданылатын қорғасын-танинді сүртпе майы, 8) Unguentum sulfuratum compositum – күрделі күкірт сүртпе майы, 9) Unguentum sulfuratum simplex- қарапайым күкірт сүртпе майы, 10) Unguentum Terebinthinae – скипидардың 20% сүртпе майы, 11) Unguentum Wilkinsoni– Вилькинсон сүртпе майы, 12) Unguentum Zinci – цинк сүртпе майы.

Пасталар – Pastae. (Pastae, Pasta, Pastae.)

Пасталар дегеніміз құрамына 25 проценттен және одан да көп процент ұнтақ тәрізді заттар кіретін қою сүртпе майлар. Оларды сүртпе майлар сыяқты, сонда көрсетілгендей сonstituens қосып жібереді.

Пасталардың сілтілік (pastae causticae) және терілік (pastae dermaticae) түрлері бар. Сілтілік пасталардың құрамына: Kalium causticum, Acidum arsenicosum, Hydrargyrum bichloratum, Zincum chloratum, Calcaria usta т.б. кіреді.

Пасталар дәрілік және форма түзгіш заттардан тұрады. Егер пастаның құрамында 25 проценттен ұнтақ заттар аз болса, онда индифференттық заттарды қосады: цинк тотығың (Zincum oxidum), бидай крахмалды, (trictii Amylum) талкті (Tallcum), т.б. ұнтақ заттарды.

Пасталарды былай жазады: официналдық пастаның құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық пастаның құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. pasta D.S. формуласымен аяқтайды.

Официналдық паста – біреу – Pasta Zinci salicylata Lassari s. Unguentum Zinci salicylatum Сиырға:

Rp.: Kalii caustici Rp.: Pastae Zinci salicylatae 100,0

Calcii hypochlorosi, āā 15,0 D. S.

Amyli trictii 5,0

Aquae destillatae ad 100,0

ut. f. pasta

D. S

Линименттер - Linimenta. (Linimenta, Linimentum, Linimenti)

Линименттер - бұл қоюлық, сұйықтық немесе іркілдек тәріздес, сыртқы ағзаларға қолдануға арналған жұмсақ дәрілік зат формасы. Олар жұққыш майларды сілтілердің судағы ертінділерімен немесе дәрілік заттардың сабынды – спирттік немесе сулы – сабынды ертінділерімен араластыру арқылы, сол сыяқты қатты майлар мен май тәрізді заттарды керекті еріткіште (хлороформда, скипидарда т.б.) еріту арқылы анықталады.

Линименттер сыртқа (теріге жағу) қолданылады, олар теріге тез сіңеді, бірақ олардың бір жерге тигізетін әсері қысқа болып келеді. Линимент формасында қотырға қарсы қолданылатын (күкірт, қарамай, сабындар), қабынуға қарсы қолданылатын (көмір қышқылы сілтілер), теріні тітіркендіретін (скипидар, мүсәтірлі спирт), арнаулы заттарды (салицил қышқылының препараттары) т.б. тағайындайды.

Негізіне қарай линименттер 4-ке бөлінеді:

1) негіз ретінде сабынның спирттік немесе сабынды ертіндісі алынған сабынды линименттер (Sapolinimenta): бұлардың құрамына: күкірт, қара май, креолин, ихтиол, хлороформ, скипидар, камфора және бальзамдар кіреді.

2) Негіз ретінде құрамына зығыр, күнбағыс, күнжіт, кастор, шабдыл, меңдуана майлары кіретін- майлы линименттер (linimenta); бұлардың құрамына: терпендер, сілтілер, ихтиол, қарамай, бальзамдар, эфирлі майлар, хлороформ кіреді.

3) майлы линименттердің бір түрі – ланолинді линименттер (lanolinimenta);

4) Constituens ретінде вазелин майы алынған вазолинименттер (vasolinimenta); вазолинимент күйінде иод, ихтиол, қарамай, креозот, иодоформ, салицил қышқылы мен оның тұздары қолданылады.

Линименттерді түрліше мақсатпен қолданылады. Майлы линименттерді көбінесе күйікке, тері бүтіндігін бұзатын қабыну процестеріне, бір жердегі ауруға т.б. қарсы; сабынды линименттерді – паразиттерден пайда болатын ауруларға (қотырға) қарсы; вазолинименттерді – дәрілік заттың теріге және шелге терең сіңуін көздеп, жұмсарту және қабынуды қайтару мақсатымен қолданады. Алдын ала заттарды ступкада ұнтап, аз мөлшерлі еріткіште немесе линимент құрамындағы сұйық затта ерітеді немесе шөлмекте сұйық заттарды өзара араластырады, сөйтіп линимент жасайды. Ұшқыш заттар ең соңынан қосылады.

Көп уақыт бойы қолданылмаса, линименттер тұнып бірнеше қабатқа бөлінеді, сондықтан рецептіде немесе этикеткада оларды қолданар алдында шайқау туралы нұсқау беріледі.

Рецептіде официналдық линименттер атын ғана көрсетеді, ал магистральдық линименттерді олардың құрамына кіретін заттарды түгел тізу және олардың мөлшерін көрсету арқылы жазады: M.f. linimentum D.S формуласымен аяқталады.


Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Liniment ammoniati 250,0 Rp.: Picis Liquidae

D.S. Sulfuris āā 100,0

Spiritus vini

Saponis Viridis āā 200,0

M.f. linimentum

D.S.

Официналдық линимент біреу- Linimentum ammoniatum s. Linimentum volatile бұл ұшқыш линименттің құрамы: 25 бөлек аммиактан, 74 бөлек күнбағыс майынан және 1 бөлек олеин қышқылынан тұрады. Фармакопеяға кірмеген, бірақ аттары көрсетіліп жазылатын линименттер төмендегілер:

1)Linimentum Calcis – тең мөлшерде алынған известь суы мен зығыр майынан тұратын известі линмент:

2) Linimentum ammoniato – camphoratum – 3 бөлек камфор майынан, 1 бөлек күнжіт майынан және 1 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын күрделі камфорлы линимент:

3) Linimentum saponato- camphoratum -40 бөлек медицин сабынан, 20 бөлек спирттен, 10 бөлек камфорадан, тең екі бөлектен алынған лимон және розмарин майынан, 1 бөлек зире майынан және 25 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын сабынды – камфоралы ұшқыш линимент;

4) Linimentum saponis rubefaciens s. Balsamum Weimarense – 1 бөлек шпан шыбынынан (көк шыбыннан), 20 бөлек тазартылған скипидардан, 80 бөлек камфоралы спирттен, 208 бөлек сабынды спирттен, 12 бөлек мүсәтірлі спирттен тұратын веймар бальзамы.

5) Vasolinimentum s. Vasogenum- 30 бөлек олеин қышқылынан, 10 бөлек аммиактың спирті ертіндісінен, 60 бөлек вазелин майынан тұратын вазолинимент, яғни сұйық вазоген;

6) Vasogenum iodatum- 10 бөлек таза иодтан және 90 бөлек вазолинименттен тұратын иод- вазоген.

Пластырлар – emplastura.


Пластырлар- бұл кенепке жағып, сыртқа, терінің керекті жеріне жапсыратын балауызға ұқсас дәрілік форма.

Пластырлар дәріханада дайын күйінде болады: оларды кесектеп немесе кенепке жағып жібереді. Кесектеп жіберген жағдайда пластырды кенепке жағу ауру мал иесінің міндеті, ол туралы нұсқау беріледі.

Көп қолданылатын пластырлар: Emplasturm adhaesivum- жұққыш пластырьі, Emplasturm Cantharidis- шпан шыбынының пластырі, Emplasturm Hydrargyri – сынап пластырі.

Дәріханада пластырь алғанда кенепке жағылған пластырдың көлемін: ұзындығын (longitudo), енін (lattudo) немесе жалпы шамасын (magnitudo) көрсету керек; кенепке жағылмаған пластырдың салмақ мөлшері ғана көрсетіледі.

Сиырға:

Rp.: Emplastir Cantharidis Rp.: Emplastir Cantharidis

longitudine 10 cm D.t..d. № 2 cm 10 x 3

latituaine 3 cm S.

D. t. d. № 2 #

S. Rp.: Emplastir Cantharidis

D.S.


Суппозиторийлар–suppositoria.

(Suppositoria, Suppositorium, Suppositorii)


Суппозиторийлар - бұл конус, цилиндр немесе сигар тәрізді тікішекке енгізу үшін тағайындалатын және дене ыстығының әсерімен еритін қатты дәрілік форма.

Форма түзгіш (Constituens) ретінде: Какао майы (Oleum Cacao s. Dutyrum Cacao), бутироль (Butyrolum) немесе глицеринмен бірлестіріп гидрогенизделген май, желатин – глицерин қойыртпағы (Massa gelatino – glycerinosa), ланолин қосылған парафин, мал майы т.б. алынады.

Суппозиториялардың формасында дезинфекциялайтын, жеңіл тітіркендіретін қабынуға қарсы қолданылатын, жансыздандыратын т.б. заттар тағайындалады. Кейбір жағдайларда жалпы әсер ететін заттар тағайындалады.

Суппозиториялардың салмағы 2,0 ден 4,0 –ге дейін, конус диаметрі 2,5 нан 4 см-ге дейін.

Суппозиторияларды төмендегі тәсілдермен жасайды: 1) дәрілік заттардың керекті мөлшерін constituens пен біркелкі қойыртпақталғанша әбден нығыздайды немесе ерітіп, әдейі форма беретін қалыпқа құяды: 2) жасалған біркелкі қойыртпақты керегінше кесектерге бөліп, оның әрбіреуінен керекті формада шырақ жасайды.

Әрбір шырақты парафиндалған немесе жылтыр қағазға орайды. Оларды коробкаға салып береді.

Шырақ жазып бергенде олардың диаметрі, салмағы және негіз мөлшері көрсетілмейді, бірақ аптека олардың әрбіреуінің салмағын 3,0 етіп дайындайды. Егер суппозиторияларды бұл салмақ пен мөлшерден артық етіп жасау керек болса, ол туралы рецептіде көрсету керек. Рецептерде бұл дәрілік форма офининалдық және магистралдық, дозаланған жазбалармен жазылады.

Рецепт үлгілері.

Қойға: Иттке:

Rp.: lchtyoli 0,5 Rp.: lchtyoli 0,5

Butyroli q.s. Butyroli q.s.

M.f. suppositorium M.f. suppositorium № 12

D.t.d. № 12 D.S.тіқ ішекке күніне 2 рет 6 тәулікке

S.қынапқа енгізуге

пайдаланылады.


Домалақтар – globuli. Бұл формасы дөңгелек, сүйір немесе тіл тәрізді болып келетін суппозиториялардың бір түрі; қынапқа енгізу үшін тағайындалады. Домалақтардың салмағы 4,0-6,0. Олардың салмағы туралы рецептіде нұсқау жоқ болса, дәріханада олардың әрбіреуін 4,0-ға тең етіп дайындайды.

Домалақтар рецептіні M.f.globulus D.t.d.№ немесе M.f.globuli № D. S. формасымен аяқталады.


Дәрілік таяқшалар және буждар - bacilli s. stili және cereoli. Буждарды да суппозиторияларды дайындайтын заттардан жасайды, оларды тар тесіктерге (еркек малдың үрпі каналы, жара тесігі, жатыр мойны т.б.) шырақтар мен домалақшаларды қолданудаға мақсатпен енгізеді.

Рецепті жазғанда мұндай буждың ұзындығы мен диаметрін көрсету керек. Рецепт формасы: M. f. bacilli longitudine… cm, diametro…cm D. t. d. №…

Күйдіру үшін тағайындалатын дәрілік таяқшалар да (bacilli) бар. Олардың сыртқы формасы ағаш немесе қаз қауырсыны тәрізді сүйір ұшты қарындашқа ұқсайды. Таяқша формада көбінесе күйдіргіш заттар: Argentum nitricum fusum, Zincum chloratum, Cuprum sulfuricum, Cuprum aluminatum, Alumen қолданылады. Оларды әдейі қалыптарға құйып немесе қолдан жонып жасайды. Олардың барлығы официналдық дәрілер.

Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Iodoformii 0,4 немесе Rp.: Iodoformii 0,4

Butyri Cacao q.s. Butyri Cacao q.s

Ut. f. ceroli № 4 uf. F. cereolus Iongitudine

Iongitudine cm 5 cm. 5 diametro cm 0.7

diametro cm. 0.7 D. t. d. № 4

D.S. қынапқа енгізуге S. қынапқа енгізуге пайдаланылады.

пайдаланылады.

Rp.: Argenti nitrici 0,5

D.t.d. № 6 in bacillis

S. қынапқа енгізуге пайдаланылады.


Бақылау сұрақтар:


  1. Жұмсақ дәрілік формаларға не жатады?

  2. Сұртпе май дегеніміз не?

  3. Пасталар дегеніміз не?

  4. Линиментер дегеніміз не ?

  5. Жұмсақ дәрілік формалардың қүрамы бойынша жіктелу.

  6. Суппозиторий дегеніміз не ?

  7. Суппозиторийдың түрлерін атаныз?.

  8. Какао майың сипаттамасың берініз?

  9. Ботқа дегеніміз не?

  10. Жұмсақ дәрілір формалардың кемшіліктерін және ерекшелерін атап шығыныз?

Бақылау рецепт:

  1. Торайға сынап монохлоридтың (Hydrargirum monochloridum) дозасы 1,0, ішке ботқа түрінде рецепті жаз.

  2. Ихтиолдың (Ichthyolum) дозасы 0,6, тік ішекке 10 суппозитрийды жаз.

  3. Синтомициның (Synthomycinum) дозасы 2,0, сироптың (Sirupus simplex) дозасы 5,0, итке ботқа түрінде рецепті жаз.

  4. 10% 100,0 мырышты (zincum) тұратың сүртпе май итке жаз.

  5. 10% 20,0. ихтиолдан (Ichthyolum) тұратың сыртқы ағзаларға қолдану үшін сүртпе май, қойға жаз. (официналдық и магистралдық әдіспен жаз).



М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 30

«Фармакология» пәнінен


Тақырыбы:Жұмсақ дәрілік формаларды

жасау технологиясы және дайындау тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді жұмсақ дәрілік зат формаларды жасау технологиясың және дайындау тәртібің үйрену. Рецептердін жазуың еске түсіру.


Ботқалар – electuaria. Бұл қоюлық дәредесі мен құрамдық тегі әртүрлі дәрілік және индиференттік форма құрағыш заттарды араластыру арқылы алынатын қамыр тәрізді форма. Ботқалар жасағанда төмендегі ережелерді басшылыққа алады:

1. Егер негізгі зат өсімдік тектес болса, форма құрағыш зат ретінде: шырыштардың ⅓ - ½ бөлегін, сироп пен балдың ½ - ¾ бөлегін, майлардың 1 бөлегін алады.

2. Егер әсерлік негізі анорганикалық заттар немесе бальзам және жұққыш май болса, форма құрағыш зат ретінде, шырыштардың ½ -⅓ бөлегін, өсімдік сірінділерінің ½ - ¾ бөлегін, сироп және балдың 1 бөлегін алады.

Қоюлық дәрежесіне қарай ботқалар қою (electuria spissa) және қойыртпақ (electuria tenua s. mollia) болып екіге бөлінеді.

Ботқалар тұрақсыз дірілік формаға жатады. Олардың 1-3 күнге ғана даярлайды, глицерин қосып, оларды шіруден сақтайды. Ботқаларды салқын жерде сақтау керек. Ботқа формаларында бір жерге тигізетін тітіркендіргіш және күйдіргіш әсері жоқ өсімдіктер мен минералдардан алынатын дәрілік заттарды тағайындайды. Бұл форманы дәл дозалауға болмайтындықтан ботқа ретінде күшті әсер ететін және улы заттардан тағайындамайды; сондай-ақ жеңіл тотығатын және ажырайтын анорганикалық заттардан да тағайындалмайды. Бұл формада дәрі шошқаларға жиі тағайындалады, ол үшін оны қантты сиропқа, балға, арша шырышына т.б. тәтті заттарға араластырып жасайды. Жылқыларға ботқаларға ас тұзын, ал мүйізді малға- ашқылтым заттар қосып беру керек. Ботқалар дайындау. Алдымен ботқа құрамына кіретін ұнтақтарды араластырып, сонсоң сұйқылтым және сұйық заттарды қосып, оларды біркелкі қойыртпаққа айналдырғанша былғайды. Егер ботқа құрамына қою сірінділер кірсе, оларды сұйық заттармен араластырады, сонсоң бұл қоспаны өсімдік тамырларына қосады. Ботқаның құрамында еритін тұздар болса, оларды суда ерітеді немесе ұнтаққа айналдырады: тұтқыш заттар біртіндеп қана қосылады.

Ботқаларды дәріханада немесе іші айналдыра парафиндалған, жылтыр немесе құрғақ қағаз төселген коробкаларға салып жібереді. Ботқаларды жазып бергенде формаға құрағыш заттардың мөлшерін көрсетпей-ақ, қандай ботқа жасау керектігін көрсете салады.

Сиырға:

Rp.: Extracti Aloёs 15,0 Rp.: Matrii svlfurici 2000,0

Pulveris rhizomatis Rhei 300,0 Pulveris radicis Althaeae et

Natrii hydrocarbonici 50,0 Aquae destillaeae q.s.

M. f. electuarium spissum D. S.

D.S.

Сүртпе майлар – unguenta. Бұл қоюлық дәрежесі шыжғырған майдың, сыйыр майының, вазелиннің қоюлығына ұқсас дәрілік форма; ол майларды, жұққыш майларды, ланолин немесе вазелинді әсер ететін затпен араластыру арқылы алынады; оны бір жерге әсер ету мақсатымен сыртқа қолдану үшін ғана тағайындайды.

Constitens ретінде: шошқа майы (Adeps suillus s. Axungia porcina), ланолин- қой жүнінің шуашы (оның екі түрі бар: сусыз - Lanolinum anhydricum және сулы ланонин –(Lanolinum hydricum), вазелин (оның да екі түрі бар; ақ - Vaselinum album және сары- Vaselinum flavum), қатты және жұмсақ парафин (Paraffinum solidum et molle), сары және ақ балауыз (Cera flava et alba), сыйыр майы (Butyrum Vaccae), глицерин (glycerinum), сондай-ақ әдейі майлық негізер: парафин сүртпе майы (Unguentum Paraffini), глицерин сүртпе майы (Unguentum Glycerini), нафталин сүртпе майы (Unguentum Naphtalani) қолданады.

Шошқа майының су тартқыштығын және судың оның терісіне терең сіңе алатын қасиеттерін ескеру керек. Шошқа майына қарағанда ланолин теріге аз сіңеді, бірақ ол да суды жақсы тартады. Сондықтан терең әсер ету үшін сүртпе майларды шошқа майына ланолинге немесе олардың қоспасына араластырып жасайды. Вазелин, парафин, сондай-ақ парафин және глицерин сүртпе майлары үстіртін әсер етуі үшін (жұмсарту және қорғау үшін) таза күйінде қолданылады.

Әсер ететін заттар ретінде сүртпе майлардың құрамына қатты, жұмсақ және сұйық препараттар кіруі мүмкін. Олардың мөлшері түрліше болуы ықтимал, бірақ ол алынған заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты.

1. Сілтілер мен ихтиол майлық негізге оның салмағының 50 процентіне тең етіліп қосылады.

2. Өсімдіктен алынатын және ерімейтін ұнтақ тәрізді басқа заттар, сондай-ақ еритін заттар, қою сірінділер, бальзамдар 25 процентке дейін қосылады.

3. Хлороформ, настойкалар, спирттер және басқа сұйық заттар 16 процентке дейін қосылады.

4. Эфирлі майлар, креозот, камфора, 10 процентке дейін қосылады.

Сүртпе майлар дайындау. Затты керекті мөлшерде өлшеп алып, ступкаға салады. Егер бұл ірі кристалдар болса, оларды ұсақ ұнтаққа айналдырғанша түйіп, аз ғана керекті еріткіш қосып, әбден ерігенше былғайды. Сонсоң қағазға керекті мөлшерде майлық негізді өлшеп алады да, оны кіші-гірім порциямен ступкаға салып біркелкі қойыртпақ пайда болғанша араластырады.

Қолайсыз иісін жою үшін кейде сүртпе майларға тежеулі мөлшерде – 5,0 майға 1-2 тамшы жұпар иісті эфирлік майлар және бальзамдар қосылады. Сүртпе майларды фарфор, шөлмек немесе саздан жасалған ыдысқа салып, жақсылап жуып құрғақ, салқын жәну қараңғы жерде сақтайды.

Сүртпе майларды былай жазады: официналдық майлардың құрамындағы заттарды айтпай-ақ, атын ғана көрсетеді; магистральдық майлардың құрамындаға барлық заттарды тізіп, рецептіні M. f. unguentum формуласымен аяқтайды.

Егер магистральдық сүртпе майдың негізгі рецептіде көрсетілмесе, оны вазелинге қосып жасайды. Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% -150,0 Rp.: Ichthyoli 15,0

D.S. Vaselini ad 150,0

M.f. unguentum

D.S.

(официналдық сүртпе май) (магистралдық сүртпе май)

Санау: 10 г - 100г Х = 10х150 :100; Х = 15 г.

Х г - 150 г

Бақылау сұрақтар:

  1. Ботқаларды дайындау технологиясы.

  2. Сұртпе майды және форма беретін заттарды қалай дайындайды?

  3. Линиментерді дайындау ережелері атап шығыныз?

  4. Суппозиторийдың дайындалу технология процессі қандай сатыдан тұрады?

  5. Қынаптық суппозиторийларды дайындау үшін қандай форма түзгіш заттар қолданылады?

  6. Пасталарды дайындау үшін ережелерін атап шығыныз?

  7. Линиметтерге, пасталарға, сұртпе майларға дайындалу айырмашығына баға берініз?

  8. Жұмсақ дәрілік формалардың сақталу мерзілімі.

  9. Жұмсақ дәрілік формаларға дайындау түріне, ерекшелігіне және кемшіліктеріне сипаттама берініз.

  10. Пасталарды және сұртпе майыларды қай әдіспен санауың жүргізу керек?

Бақылау рецептер:

  1. 1,0 ксероформ (Xeroformium) және 5,0 мырыш тотығы (Zincum oxydatum ) 20,0 ланолиннан (Lanalinum) тұратың сұртпе майды итке жаса.

  2. 0,5 г стрептоцид (Streptocidum) және сондай мөлшерде сульфадемизин (Sulfadimezinum), 10,0 вазелинан (Vaselinum) тұратың сұртпе майды сиырға жаса.

  3. 2 бөлік ихтиолдан (Ichthyolum), 1 бөлік салицил қышқылынан (Acidum salicilicum), 3 бөлік күкірттен (Sulfur praecipitatum ), 4 бөлік мырыш тотығынан (Zincum oxydatum) және сондай мөлшерде крахмалдан (Amylum), 20 бөлік вазелиннан (Vaselinum), 200 г пастаны жаса. Сиырға сыртқы ағзаларға қолдану үшін рецепті жаз.

  4. 1 % йод (Jodum), 2% калий йод (Kalium jodatum), 50,0 сұртпе майды жаса. Мысыққа сыртқа қолдану үшін рецепті жаз.

  5. 2% (Zincum oxydatum) мырыш тотығанан, 3 % (Gelatina) желатиннан және сондай мөлшерде глицириннан (Glycerinum), 7% (Aqua destillata) дистилденген судан, 150,0 линиментті жаса.

  6. 1,0 стрептоцидтан (Streptocidum), 0,5 новокаиннан (Novocainum), 0,25 анестезиннан (Anaesthesinum) 5 дана суппозиторий жаса. Сиырдың тік ішегіне күніне бір рет 5 тәулікке рецепті жаз.

  7. 2,0 норсульфазолдан (Norsulfazolum) ботқаны шошқаға жаса.

  8. 10% мырыш тотығынан (Zincum oxidum) 20 г вазилиннен тұратын сүртпе май жаса.

  9. 10,0 иодоформнан (Iodoformium), 6,0 таниннан (Tanninum), 14,0 крахмалдан (Amylum) және вазелиннан (Vaselinum) 80,0 пастаны жаса.

  10. 0,5 ихтиолдан (Ichthhyolum) және 2,0 бутиролдан (Butyrum Cacao) суппозиторийды жаса. Сиырға тіқ ішегіне күніне 2 рет 3 тәулікке рецепті жаз.



М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 31-35

«Фармакология» пәнінен


Тақырыбы: Галендік және жаңагалендік препараттары.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді галендік және жаңагалендік дәрілік заттармен таңысу, рецептер жазу, дайындау технологиясың үйрену. Рецептердін жазуың еске түсіру.


Тұнба- настойка - (tincturae). Тұнбашалар деп өсімдіктер мен жануалардан алынатын дәрілік заттардың спирттік, эфирлік және сулық сығындыларын атайды. Бұл форм заводтарда дайындалатын тұрақты, боялған, тұнық сұйықтар. Оларды былаай дайындайды: материалды ұсатып бакке салады, сонсоң сорып алатын сұйықты құйып араластырады: бакті жауып 16-20° температурада 7-10 күнбойы тұндырады. Содан сұйығын құйып алып, қоюын пресспен сығады: алынған тұндырманы тұндырып сүзеді.

Күшті әсер етпейтін заттардан алынған тұнбашаларды 1:5 концентрацияда, ягни материалдың салмағының 1 бөлегіне сұйықтың 5 бөлегін қосып жасайды.

Күшті әсер ететін тұнбашаларды перколяция әдісімен 1:10 пропорцияда дайындайды. Бұл әдістің мәнісі мынадай өсімдік материалын турап перкуляторға немесе, ол жоқ болса, өлшеуіш воронкаға салады. Оның үстіне материалдан 1 см жоғары етіп сорып алатын сұйық құяды. Содан кейін үйдің температурасындай жылылықта 24-48 сағат бойы тұндырады. Бұдан кейін сұйықтың ағым жылдамдығы минутіне 20 тамшыға тең болатындай етіп перколятордың немесе өлшеуіш воронканың кранын ашады.

Сұйық перколятор мен воронкаға да осындай жылдамдықпен құйылуға тиіс. Тұндырылатын сұйықтың екі порциясы алынады. Бірінші порция алынған өсімдік материалының салмағының 85%-не тең болуға тиіс, екінші порциясын сұйықтың бояулы түсі кеткенше жыйнайды; екінші порциядағы сорып шығаратын сұйық алынған материал салмағының 15 %-і қалғанша қайнатылады. Содан кейін екі порцияны бір бірімен араластырады, сөйтіп дайын настойка алады.

Егер рецептіде сорып шығаратын сұйық көрсетілмесе, онда спиртті настойка жіберіледі (70° спиртте), бұл тұндырманы кейде tinctura simplex деп атайды.

Тұнбашаларды жалғыз заттан жасалған қарапайым (tincturae simplices) және бірнеше тұнбашалардан тұратын немесе басқа дәрілік формалар, препараттар, заттар кіретін күрделі (tincturae compositae) түрлері бар.

Тұнбашаларды жақсылап жабылған ыдыста әдеттегі үй температурасында сақтайды. Тұнбашаларды таза күйінде (per se) немесе түрліше дәрілік формаларда сыртқы және ішке тамшылап мөлшерлейді, сондай-ақ, олардың атын атап жазады. Официналдық тұнбашалар:

Официналдық тұнбашалар: 1) Tinctura Absinithi –жусан тұнбашалары, 2) Tinctura Aconiti- аконит у қорғасын тұнбашалары, 3) Tinctura Arnicae- орника тұнбашалары, 4) Tinctura Belladonnae – белладонна тұнбашалары, 5) Tinctura Capsici – қызыл бұрыш тұнбашалары, 6) Tinctura Ghinae – хинин тұнбашалары, 7) Tinctura Chinae composita- күрделі хинин тұнбашалары, 8) Tinctura Convallariae maialis-қынжыгүл тұнбашалары, 9) Tinctura Digitaiis-оймақгүл тұнбашалары, 10) Tinctura Gentianae –көкгүл тұнбашалары, 11) Tinctura Ipecacuanhae- ипекакуана тұнбашалары, 12) Tinctura Iodi- иод тұнбашалары, 13) Tinctura pil benzoica-бензойлы апыйын тұнбашалары, 14) Tinctura Opil simplex-апыйын тұнбашалары, 15) Tinctura Polygoni hydropiperis-суда өсетін бұрыш тұнбашалары 16) Tinctura Ratanhiae-ратания тұнбашасы, 17) Tinctura Rhei amara spirituosa –ақрауағаштың ащы спиртті тұнбашасы, 18) Tinctura Rhei aquosa - ақрауағаштың сулы тұнбашасы, 19) Tinctura Stophanthi –строфант тұнбашасы, 20) Tinctura Strychni- чилибуха тұнбашасы, 21) Tinctura Valerianae – валерияна тұнбашасы, 22) Tinctura Valerianae aetherea-эфирлі валериян тұнбашасы.

Рецепт үлгілері:

Rp.: Tincturae Valerianae aetherreae 15.0

D.S.Итке 10-15 тамшыдан 1 рет қабылдауға

Rp.: Tincturae Rhei aguosae 15.0

D.S.Шай қасықпен 1 қасықтан бір рет қабылдауға

Rp.: Tincturae Opii simplicis 20.0

D.S. мысыққа 5-7 тамшыдан 1 рет қабылдауға

Rp.: Tincturae Iodi 25.0

D.S. Жарақаттанған жерді майлауға

Сірінділер-extacta (жекеше атау жалғауы- extactum, жекеше ілік жалғауы- extacti).Сірінділер: сұйық (extacta fluida), жұмсақ (extacta molla), қою(extacta spissa), және құрғақ(extacta sicca); спиртті(extacta Spirituosa), эфирлі (extacta aetherea) және сулы (extacta aguosa) түрлерге бөлінеді.

Оларды перколяция әдісімен заводтарда дайындайды; ең алдымен сұйық сірінді алып, содан кейін оны керекті қоюлық дәрежесне жеткенше қайнатады.

Сұйық сірінділерді тұндырма ретіне, қою және құрғақ ерітінділерді-ұнтақ және басқа дәрілік формаларда қолданады.

Рецепт үлгілері:

Rp.: Extracti Secalis cornuti 20.0

D.S. Сиырға екі рет қолданылуға.

Жарты құмыра суға араластырып ішкіз

Rp.: Extracti Belladonnae 0.6

Pulveris radicis

Althaeae d.s.

M.f. pilulae №25

D.S. итке күніне 3 рет 1 пилюлден бер.

Официналдық сірінділер:1) Extractum Aloes - сабур сіріндісі, 2) Extractum Belladone-беладонна сіріндісі, 3) Extractum Gentianae- көкгүл сіріндісі, 4) Extractum Glycyrrhizae – қызылмия түбірінің сіріндісі, 5) Extractum Granati fluidum- анар ағашының сұйық сіріндісі, 6) Extractum Hyoscyami- меңдуана сіріндісі, 7) Extractum Opii – апыйын сіріндісі, 8) Extractum Rhri- аұрауағаш сіріндісі, 9) Extractum Rhei compositum – күрделі ақрауағаш сіріндісі, 10) Extractum Secalis cornuti – қастауыш сіріндісі, 11) Extractum Secalis cornuti fluidum – қастауыштың сұйық сіріндісі, 12) Extractum Strychni – чилибуха сіріндісі, 13) Extractum Taraxaci – пия сіріндісі, 14) Extractum Valerianae – валериана сіріндісі.

Шырыштар – Mucilagines (Слизи)

Шырыштар mucilagines (жекеше, атау жалғауы mucilago жекеше, ілік жалғауы – mucilaginis). Бұл өсімдік материалдарынан су күшімен шырыш шығарып алу, немесе ағаш шайырын (смоланы) суда еріту арқылы өндірілетін сұйық дәрілік форма. Шырыштар тітіркендіргіш заттарды ішке және тікішекке (per rectum) тағайындағанда олардың жергілікті әсерін бәсеңдету үшін қолданылады. әдетте шырыштарды сумен тең мөлшерде,немесе суға қарағанда жартылай мөлшерде алу керек. Рецептіде шырыштардың дайын түрін көрсетеді, немесе оларды фармакопея нұсқауларына сәйкес даярлауға болады.

Официналдық шырыштар: 1. (Mucilago Seminis Lini – кендір ұрығынан алынатын шырыш (кендір ұрығының 1 бөлегін ыстық судың 30 бөлегімен араластырып, 15 минут бойы шайқайды), 2.Mucilago Saler-ятрышник шырышы (ятрышник ірі үнтағының 1 бөлегін судың 99 бөлегімен араластырады). Мұнымен қатар мал дәрігерлігінде: крахмал шырышы (Mucilago Amyli) және трагакант шырышы (Mucilago Tragacanthae) кең тараған. Крахмал шырышын төмендегі тәсілмен даярлайды: бидай крахмалының 1 бөлегін салқын судың 4 бөлегімен араластырып, 45 бөлек ыстық су қосады. Трагакант шырышын былай даярлайды: трагаканаттың 4 бөлегін гуммиарабиктің 1 бөлегімен және судың 500 бөлегімен араластырады. Рецепті үлгілері:

Rp.: Chlorali hydrati 60,0

Mucilaginis Amyli

Aquae destillatae āā 500,0

M. D. S. Жылқыға 1 рет клизма жасауға


Жұпар иісті сулар – Aquae.

Жұпар иісті сулар дегеніміз өсімдік материалдарын қайнатып жатқан суға қосып айдау арқылы немесе кейбір дәрілік заттарды суда еріту арқылы алынған эфирлі майлардың ертінділері. Жұпар иісіті сулар ветеринарияда аз тараған.

Официналдық сулар: 1) Aqua Amygdalarum amararum – ашы бадам суы 2) Aqua Cinnamomi spirituosa – даршын спиртті суы, 3) Aqua Foeniculi – укроп суы, 4) Aqua Menthae piperitae - жаншылған бұрыштың суы, 5) Aqua Picis - қарамайлы суы, 6) Aqua Plumbi – қорғасынды суы, 7) Aqua Calcis – ізбесті су.

Сироптар – sirupi. Бұл қантты суда, ашыған жеміс шырышында, настойкаларда, қайнатындыларда еріту арқылы алынатын қоюлау, тұнық сұйықтар. Олардың құрамына 62- 64 % қант кіреді.

Сироптар ұзақ уақыт сақтауға төзімді. Ветеринарияда олар carrigens ретінде қолданылады.

Фармакопеяның 8 рет басылуына сәйкес қарапайым сироп (sirupus simplex s. sirupus saccharatus) қантты суда еріту жолымен дайындалады (640 бөлек қант және 360 бөлек су).

Тотығу салдарынан қараңғы жерде қоңыр тартып түсі өзгеретін, сондықтан да өте жарық жерде сақталатын Sirupus Ferri iodati сиропынан басқа сироптардың барлығы қараңғы, салқын жерде сақталады.

Официналдық сироптар: 1) Sirupus Althaeae – жалбызтікен сиропы, 2) Sirupus Ferri iodati – иодті темір сиропы, 3) Sirupus Glucyrrihizae – мия тамыр сиропы, 4) Sirupus Ipecacuanhae – ипекакуан сиропы, 5) Sirupus Rhei – ақ рауағаш сиропы, 6) Sirupus Rubi Idaei – таңқурай сиропы, 7) Sirupus simplex- кәдімгі қант сиропы.

Спирттер - spiritus. Бұл заттарды этил спиртінде еріту арқылы немесе спиртті эфирлі майларға қосып айдау арқылы алынатын спирттік препараттар.

Құрамындағы затқа қарай спирттерді сыртқа және ішке қолданылады. Оларды официналдық препарат ретінде жібереді. Мұның қатарына: 1) Spiritus camphoratus – камфорлы спирт, 2) Spiritus saponatus – сабынды спирт, 3) Spiritus Sinapis- қыша спирті т.б. кіреді.

Сабындар - sapones. Ветеринарияда сабындар таза күйінде (per se) adiuvans (линменттер жасағанда) ретінде және constituens (болюстер жасағанда қолданылатын көк сабындар) ретінде қолданылады. Сабындар қатты және жұмсақ, сілтілі және нейтралды түрлерге бөлінеді.

Мал майы мен күнбағыс майының қоспасын натр сілтісінің ертіндісімен сабындау арқылы алынатын нейтралды медицина сабыны (Sapo medicatus) – официналдық сабын болып саналады. Медицина сабынының құрамында қосымша бос қышқылдар мен басқа қосымшылар кездеспейді. Бұл суда еритін ақ түсті ұнтақ.

Көк сабынды да (Sapo viridis s. Sapo kalinus) медицина сабыны сыяқты етіп дайындайды, бірақ оның құрамына калий сілтісі кіреді; ол жұмсақ суда оңай еритін сабын.

Бұдан басқа құрамына дезинфекциялайтын заттар кіретін қатты сабындар бар: құрамына 2-5% фенол кіретін карбол сабыны, 5 % қарамай кіретін сабыны, 5 -10 % ихтиол кіретін ихтиол сабыны, 5-10% күкірт кіретін күкірт сабыны, 5 -10 % бор қышқылы кіретін бор сабыны, 10 % күкірт пен 5-10 % қарамай кіретін күкіртті – қарамай сабыны.

Ветеринарияда Sapo viridis Sapo medicatus сабындарының тәжрибелік маңызы бар; олар per se немесе түрліше дәрілік формаларда официналдық препараттар ретінде жазылады.

Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Saponis viridis 100,0 Rp.: Althaeae 5,0

D. S. Saponis viridis q. s.

M. f. bolus

D. S.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шырыштар. Дайындалу және жазылуы ережелері.

  2. Тұнбашалар дегеніміз не?

  3. Жаңа галендік препараттар оның дәрілір формалардың айырмашығы.

  4. Тұнбалардың және экстрактың дайындау әдісі.

  5. Экстрактілер дегеніміз не?

  6. Спирттер, шырындар, жұпар иісті сулар, дегеніміз не?

  7. Тұнбашаларды сумен қатынасы қалай дайыдау қажет?

  8. Тұнбашаларды рецепті жазғанда не білуі қажет?

  9. Шырындардын кұрамы.

  10. Сабындар дегеніміз не?

Бақылау рецепттер:

  1. Итке 50 мл меруертгүлден (Tinctura Convallariae majalis) тұнбашаны жаз. Қүніне екі рет 10 тамшыдан бер.

  2. 100 мл шошқаға крахмал (Amylum) шырышың, ішке екі ретке рецепті жаз.

  3. Мысыққа сабынды спирт (Spiritus saponatus) 1000 мл жаз. (Spiritus saponatus – 23 бөлік күдіргіш калий қоспасы (Kalium hydrooxydatum), 100 бөлік күнбатыс майи (Olium Helianthi), 300 бөлік 90° спирт (Spiritus aethilicus) және 75 бөлік су (aqua).

  4. Итке жалбызтікен сиропың (Sirupus Radix Althaeae) 200 мл жаз. ( 2 бөлік алтей тамырының сіріндісі (Extractum Radix Althaeae), 98 бөлік қант сиропы (Sirupus saccharum).

  5. Итке валериана (Extractum Valerianum) сіріндісің 50 мл жаз.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013
В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013
Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconМазмұны
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 46/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 Қолданылу аясы
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconБілім беру мекемелеріндегі
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 54/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042–18-18 5/01-2014
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница