ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»




НазваниеОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»
страница7/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3d54e2f8-3102-11e3-8846-f6d299da70eeтех лек форма-03 - 2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Капсулаларcapsullae. (Capsula, capsulae, capsulae)

Бұл ішке тағайындалатын ұнтақ тәрізді немесе сұйық заттарға толтыру үшін қолданылатын қабықтар. Капсулалар крахмалдан (capsulae amylacae s. oblatae), желатинадан (capsulae gelatinosae), кератиннен, (capsulae keratinosae) жасалады. Крахмал және желатина капсулалары қарын шырынында кератин капсуласы ішекте ериді.

Капсула формасында дәрілік заттарды жылқыларға, ірі және ұсақ малға; иттерге, құстарға тағайындайды. Капсулалар арналы капсула бергіш арқылы малға беріледі немесе көмекейіне салып жұтқызады. Әдетте официналдық капсулалар дозаланған әдіс бойынша жазылады. Рецепт үлгілері:

Қойға:

Rp.: Carbonei, tetrachlorati 2,0

D. t. d. № 2 in capsullis gelatinosis

S. 1 капсуладан қойға бір рет қабылдау үшін


Брикеттер – Briceta (брикеты).

Брикеттер төрт бүрышты, сопақша, тік бүрышты немесе цилиндр тәріздес белгілі бір күрамы мен салмағы бар, престеу арқылы алынатын заттар. Олар дәрілік және форма түзгіш заттардан түрады. Форма беретін (constituens) зат есебінде әдетте азықтық заттар (натрий хлориді, крахмал, бор, қара бидай ұны т.б.) алынады. Брикеттердегі әсер етуші заттар макроэлементтер, антибиотиктер, микроэлементтер, түздар, дезинфекциялаушы және ішек құртына қарсы қолданылатын дәрі-дәріментер болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтар:

  1. Ұнтақтар. Анықтама бер.

  2. Ұнтақтарды жазу ережелері.

  3. Болюстарды диспензациялық және дивизиялық әдістермен жазу ережелері.

  4. Пилюляны жазу және ережелері.

  5. Капсуланы жалпы сипаттамасы және жазу ережелері.

  6. Дражже жалпы сипаттамасы және жазу ережелері.

  7. Брикеттер жалпы сипаттамасы және жазу ережелері.

  8. Таблеткалар жалпы сипаттамасы және жазу ережелері.

  9. Дәрілік жиынтақ заттарды жазу ережелері.

  10. Ұнтақтардың ерекшелері және кемшіліктері.


Бақылау рецептер:

  1. 3 г калий бромидтан (Kalii bromidum) және 6 г натрий бромидтан (Natrii bromidum) тұратын 30 пилюля иттке жаз.

  2. Амидопириннің (Amidopyrinum) дозасы 6 г бір таблеткада 0,5г амидопирин бар. Қойға күніне 3 4 тәулікке рецепті жаз.

  3. Аммоний хлоридтың (Ammonium chloridum) дозасы 30 г. болюс тұрінде рецепті жаз. Сиырға 2 болюстан 5 тәулікке бер.

  4. Сульфат натрийдың (Natrium sulfatis) дозы 20 г. Ұнтак түрінде рецепті жаз.

  5. 1 г калий бромидтан (Kalii bromidum) және 0,5 г натрий бромидтан (Natrii bromidum) тұратын 10 ұнтақ иттке жаз.


М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 10-15

«Фармакология» пәнінен


Тақырыбы: Қатты (тығыз) дәрілік формаларды

жасау технологиясы және дайындау тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді қатты (тығыз) дәрілік зат формаларды

жасау технологиясын және дайындау тәртібің үйрену. Рецептердін жазуың еске түсіру.


Ұнтақтар – pulveres. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды ступкада (келі) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады.

Күрделі ұнтақтар дайындау. Алдымен аз мөлшерде жазылған затқа керекті мөлшерде жетерліктей алып, өлшеп ступкаға салады: біртіндеп көп мөлшерде басқа ұнтақтарды қосып, қоспаны араластырады және араласқанша пестикпен аздап үйкейді. Қоспаны рецептіде көрсетілген ұнтақтар санына бөліп, әрбір ұнтақты жекеше өлшейді. Дозаланған ұнтақтардың салмағының айырмашылығы бір-бірінен –5 пайыздан артық болмауы керек.

Құрамында әсер етерлік негізі өте аз күрделі ұнтақтар (алкалоидты ұнтақтар, сынап препараттары т.б) жасау үшін алдымен индиференттік затты келіге (ступка) ұсатады, сон кейін әсер етерлік негізгі зат қосып, барлығын араластырады. Мұның себебі мынада: егер алдымен аз мөлшерлі әсер етерлік негізді затты ступкада ұсатып, ол түгелінен ступканың қабырғасына жабысып, ұнтақтың құрамына кірмей қалуы мүмкін.

Ұнтаққа айналуы қыйын кристалдарға аздап керекті еріткіш қосу керек: мысалы: камфораға бірнеше тамшы спирт немесе эфир қосылады.

Ұнтақтарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар. Бірінші жағдайда рецепт M. f. № .., D. S, екінші жағдайда - M.f. pulvis D. t. d. №, S. формуласымен аяқталады, мысалы:


Итке:

Rp.: Santonini 0,3 Rp.: Santonini 0,1

Sacchari albi 1,5 Sacchari albi 0,5

M. f. pulveres № 3 M. f. pulvis

D. S D. t. d. № 3

S.

(дивизиондық әдіс) (диcпензиядық әдіс)

Гигроскопиялық, майлы немесе құрамында ұшқыш заттар кездесетін ұнтақтарды алу үшін рецептіде оларды парафиндаған немесе жылтыр қағазға орау туралы нұсқау беру керек: күрделі ұнтақтар жазу үшін мұндай рецепт: M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta parffinata; M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta немесе M. f. pulvis ad chartan ceratam: M. f. pulvis D. t. d. №.. ad chartam paraffinatan: формуласымен аяқталады, қарапайым ұнтақ жазғанда рецепт D.t. d. № .. in charta paraffinata; D. t. d. №… in charta D.t. d. № .. ad chartam paraffinatan; D. t. d. №… ad chartam ceratam формуласымен ақталады, өте ылғал тартқыш (гигроскопиялық) ұнтақтар мықтап тығындалған шөлмектерге салынып жіберіледі.

Болюстер –bolus. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек ягни жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді балзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды.

Болюстер дайындау. Алдымен аз мөлшерде рецептіде жазылған заттарды ступкада араластырып, сон кейін керекті мөлшерде форма беретін ұнтақтар қосылады. Қоспаны жақсылап араластырып, оған қамыр тәрізді қойыртпаққа айналғанша су қосылады, қойыртпақ жұмсақ, келігімен келсапқа жұқпайтындай болу керек. Қойыртпақты таразыға салып тең бөлшектерге бөледі, содан кейін оларға керекті форма береді.

Дөңгелектер біріне бірі жабысып қалмауы үшін оларға индиференттік ұнтақ сеуіп, бұл туралы рецептіде осыған сәйкес нұсқау беріледі (consperge Talco, consperge Magnesio т.б.) яғни талк сеп, магнезий сеп.

Ұнтақтар сыяқты, болюстерді де екі әдіспен жазады, ал рецепті Ut. f. boli №… (болюс жаса, санын бер), немесе Ut.f. bolus D. t. d. №…(болюс жаса, осындай дозалардың….санын бер), немесе ut f. bolus (болюс жасау үшін) сөздерімен аяқталады.

Итке:

Rp.: Kalli bromati 15,0 немесе Rp.: Kalli bromati 30,0

Farinae Secalinae et Farinae Secalinae et

Aquae fontanae q.s. Aquae fontanae q.s.

Ut. f. bolus Ut. f. boli № 2

D. t. d. № 2 D.S.

S.

Қате аз болу үшін заттаң бір болюске жететін мөлшерін және одан неше болюс жасау керектігін көрсетіп болюстерді бірінші әдіспен жазған жөн. Форма беретін заттардың мөлшерін рецептіде көрсетпей-ақ, ол туралы q.s. (quantum satis –керегінше) белгісін қояды.

Болюстерді жылтыр немесе парафиндалған қағазға орап жібереді. Қолайсыз исі, ашы дәмі және қоздырғыш заттарды да болюс түрінде тағайындауға болады. Олардың әсері жәй білінеді. Болюс түріндегі зат өте көп мөлшерде тағайындалмайды.

Бақылау сұрақтар:

  1. Қарапайым және күрделі ұнтақтарды дайындау.

  2. Ұнтақтарды дайындау ережелері. .

  3. Болюсті дайындау ережелері

  4. Пилюляны дайындау ережелері

  5. Капсуланың және дражженың айырмашылығы

  6. Дражже жалпы сипаттамасы және жазу ережелері

  7. Брикеттер тағайындалуы

  8. Таблеткалар және капсулалардын айырмашылығы.

  9. Дәрілік жиынтық заттарды дайындау ережелері.

  10. Ұнтақтарды диспензациялық және дивизиялық әдістермен жазу және дайындау ережелері.


Бақылау рецептер:

  1. 500мг калий бромидтан (Kalii bromidum) және 100 мг натрий бромидтан (Natrii bromidum) тұратын 10 пилюля иттке жаз.

  2. Амидопириннің (Amidopyrinum) дозасы 1 г бір таблеткада 0,25 г амидопирин бар. Итке күніне 2 рет 2 тәулікке рецепті жаз.

  3. Аммоний хлоридтың (Ammonium chloridum) дозасы 40 г. болюс тұрінде рецепті жаз. Жылқыға 2 болюстан 3 тәулікке бер.

  4. Сульфат натрийдың (Natrium sulfatis) дозы 30 г. Ұнтак түрінде жылқыға рецепті жаз.

  5. 200 мг калий бромидтан (Kalii bromidum) және 50 мг натрий бромидтан (Natrii bromidum) тұратын 10 ұнтақ торайға жаз.

  6. Активты көмір (Carbo actibatus) және сульфат натрийдың (Natrium sulfatus) дозы бірдей 5 г. 10 өте ұсақ ұнтақ құлынға жаз.

  7. Олететринның (Oletetrinum) дозасы 0,5 г, торайға ішке күніне 3 рет 3 тәулікке таблетка арқылы ( бір таблеткада 0,25 г).

  8. 100,0 ұнтақ жаса, оның ішінде болсын квасцы (Alunem) 60%, салицил қышқылы (Acidum salicylicum) 10% және тальк (Talcum) 30%.

  9. Амидопирин (Amidopyrinum) анальгинмен (Analginum) дозасы 0,25 г. иттке бер. Ішке 2 ұнтақтан 3 тәулікке рецепті жаз.

  10. Рибофлавин (Plathyphyllinum) қантпен (Saccharum) шошқаға дозасы 1 г, ішке күніне 2 ұнтақтан 5 тәулікке рецепті жаз.


М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 16-20

«Фармакология» пәнінен


Тақырыбы: Сұйық дәрілік зат формаларына рецепт жазу тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді сұйық дәрілердің түрлерімен таныстыру, оларды рецепт жазу ережелеріне үйрету.


Ертінділер - solutio, ( solutionеs, solutio, solutionis) (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis).

Ертінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады. liquor дегеніміз арнаулы құрамды және айрықша мақсатқа қолданылатын дәрігерлердің сұйық формасы, мысалы, Буров сұйығы, Дакен сұйығы т.б. Көбінесе еріткіш ретінде: кәдімгі (aqua fontana қарапайым (aqua communis),қайнаған (aqua cocta), дестилденген (adua destillata) және екі рет дестилденген (adua destillata немесе adua redestillata) сулар қолданылады. Егер еріткіш көрсетілмесе, оның орнына дестилденген, ал денеге енгізу үшін – екі рет дестилденген су қолданылады деп түсіну керек.

Ертінділер алу үшін қарапайым және күрделі рецепт жазылады. Бірінші жағдайда заттың қатынасы алынбай, оның пайызы (проценті %) ғана көрсетіледі. Ертінділер официналды және магистралды әдіспен (тәсілмен) жазылады. Рецепт официналды тәсілмен жазылса, оны Rp.: -алыныз деген сөзден кейін дәрілік формасын жазу керек:

Мысалы- Rp.: Solutionis –аланыз ертіндіні.

Стерилденбеген ертінділер төмендегі тәсілмен жазылады:

Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:

Rp.: Solutionis Coffeini natrio- Rp.: Coffeini natrio- benzoici 2.0

benzoici 10%-20,0 Aquae destillatae ad 20,0

D.S. М.f. solutio

D.S.

Стерилденген ерітінді төмендегі варианттармен жазылады:

Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:

Rp.: Solutionis Coggeini natrio- Rp.: Coffeini natrio- benzoici 2.0

benzoici sterilisatae 10%-20,0 Aquae destillatae ad 20,0

D.S. M.f. solutio. Sterilisetur!

D.S.

Санауы:

    1. 10%,г---100 мл

Хг. ------20мл

х= 10х20 : 100

х= 200: 100, х=2 г.

Бірінші жағдайда дәрігер фармацевтіге стерилденген натрий – бензоатының 10 процент ертіндісінің 20,0 алу керек екенін көрсетсе, екінші жағдайда ол фармацевтіге бұйрық беріп – стерилдеңіз деп жазады, төртінші жағдайда- араластыр және стерилденген ертінді жаса деп нұсқау береді.

Күрделі рецепт M. D. S. формуласымен, ал қарапайым рецепт- D.S формуласымен аяқталады.

Спирттік, эфирлік немесе глицериндік ертінділер жасау қажет болса, сулы ертіндегідей, күрделі рецептіде ертетін зат пен керекті еріткіш көрсетіледі; қарапайым рецептіде қандай ертінді алу туралы нұсқау беріледі, мысалы:

Официналды тәсілі: Официналды тәсілі:

Rp.: Solutionis Veratini Rp.: Solutionis Veratini in

Spirituosae 0.5%- 10,0 spiritus vini 0.5%- 10,0

D.S. D.S.

# #

Официналды тәсілі: Магистралды тәсілі:

Rp.: Solutionis Lodogormii Rp.: Veratini 0,05

Aethereae 10%-20,0 Spiritus vini ad 10,0

D.S. M.D.S.

Санауы: 0,5(%) г.----100мл

х г. -----10 мл

х= 0,5х10 : 100

х= 5 : 100, х= 0,05г.

Спирттік және эфирлік ертінділер стерилденбейді. Егер олар жіберуге енгізуге тағайындалса, оларды құятын ыдыс пен тығынды стерилденсе де жеткілікті.

Әсер тигізетін негізнің өзі ертінді болып келген ертінділерді (мысалы, пергидрол, яғни су тегінің асқын тотығының 30 процент ертіндісі; формалин, яғни формальдегидтің судағы 40 процент ертіндісі), қате кетпес үшін, күрделі рецептімен жазып, рецепт құрамына кіретін барлық заттарды тізіп көрсету керек. Мысалы:

Официналды тәсіл:

Rp.: Solutionis Formalini 10%- 200,0

D.S

#

Магистралды тәсіл: санауы: 10(%)г. ----100ml

Rp.: Formalini 20,0 x г ---------200ml

Aquae destillatae 180,0 x г = 10x200 : 100

M.f. solutio x г = 20 г

D.S.

Егер формалиннің 10 проценттік ертіндісі қарапайым рецепт күйінде ғана жазылса, онда қате болып саналады: Мысалы:

Бірінші жағдайда оны 20,0 формалин мен 180,0 судан, ал екінші жағдайда – 2,4 формалин мен 197,6 судан дайындауы мүмкін.

Денеге жіберу үшін ампулаға құйылған ертінділерді алған жөн: өйткені олардың барлығы стерилденген, әрі официаналдық дәрілерге жатады; әрбір ампулдың дозасы және керегіне сай қанша ампул жіберу қажеттігі көрсетіліп, олар тек қарапайым рецептімен ғана жазылады; Мысалы:

Жылқыға: Официналды тәсілі

Rp.: Solutionis Atropini немесе Rp.: Solutionis Arecolini hydro-

Sulfurici 1%-5,0 bromici 10% - 5,0

D.t.d. № 3 in ampullis D.t.d. № 2 in ampullis

  1. үш рет жылқы S.2.рет жылқы терісінің астына

терісінің астына

Енгізу мақсатымен медициналық ампулаға құйылған препараттарды пайдалануға болады: ол үшін 1 рет енгізу мақсатымен бірнеше ампула жазу керек.

Мысалы: Глюкозаның дозасы сиырға 40 г. Бір ампулада 20% -10 ml глюкоза бар. Венаға бір инъекцияға рецепті жаз.

Rp.: Solutinis Glucosi – 20% -10 ml

D. t. d. № 20 in ampullis

S. Венаға бір инъекцияға 200мл

Санауы:

  1. әдісі. 1) 20(%)г- 100 мл 2) 1 ампулада- 2 г

х г- 10 мл х ампула - 40г

х = 20х10 : 100 х = 1х40: 2

х = 2 г х =20 ампулы


2 әдісі 1) 20г – 100 мл 2) 1 ампулада – 10 мл

40г- х мл х ампула - 200 мл

х = 40х100: 20 х =1х200: 10

х =200 мл х = 20 ампула

Стерилдеу. Стерилдеу микроорганизмдерді және олардың спораларын өлтіру үшін қолданады. Стерилдеу тәсілін таңдау стерилденетін заттардың қасиеттеріне байланысты.

Стерилдеудің мынадай тәсілдері қолданылады:

  1. жалынмен күйдіру;

  2. кептіру шкафында 160-170° температурада 1 сағат бойы қыздыру:

  3. 30 минут бойы суда қайнату;

  4. 100° температурада бумен 1 сағат бойы қыздыру;

5) күн бойы 60- 65°-та күн сайын 1 сағаттан немесе 3 күн бойы 70-80°-та (тиндализоция) стерилдеу, стерилдейтін затты ара-арасында 25-37°-та ұстап қыздыру керек:

6) автоклавта ½ - 1атмосфера қысымымен қыздыру:

7) дәріні асептикалық жолмен даярлау: еріткішті сүртпе май негізін, құралдар мен ыдысты бөлек стерилдейді, дәрілік заттарды асептика жолымен өлшеп, оларды стерилденген еріткіш құйылған ыдыста ерітеді немесе стерилденген негізбен араластырады.

Тазалап жуғаннан кейін шөлмек ыдысты алдын ала тұз қышқылының 2 процент жылы ертіндісімен жуып, бейтарап реакцияға дейін сумен шаяды, сонсоң кептіріп стерилдейді.

Металдан жасалған құралдарды, шөлмек пен фарфорды: жалынмен күйдіру, кептіргіш шкафта 160-170° -та 1 сағат бойы қыздыру, 30 минут бойы суда қайнату, автоклавтвта ½ -1 ат қысымымен, немесе су буымен 110-120°-та 15-20 минут бойы қыздыру тәсілдерінің біреуімен стерилдейді.

Стерилденген сұйықтар құйылатын ыдысты тығындармен (мақтадан, щөлмектен жасалған) бірге екінші тәсіл бойынша, ал қабық пен резинадан жасалған тығындарды соңғы тәсіл бойынша стерилдейді.

Каучукті қыздырғанда өзгермейтін дәрілік заттардың ертінділіері немесе олардың ертінділерін және құрамында ұщқыш заттар кездесетін ертінділерді мықтап жабылған ыдыста 100° -та бір сағат бойы ½ -1 ат қысымымен су буында 110- 120°-та 15-20 минут бойы стерилдеуге болады.

Мақтаны, дәкені, лигатурлық жібекті кетгутсіз және сүзгіш қағазды автоклавта ½ -1 ат қысымымен су буында 110-120°-та 15-20 минут бойы қыздырып стерилдейді.

Қызуға шыдайтын ұнтақтарды кептіргіш шкафта 160-170°-та 1 сағт бойы стерилдейді.

Стерилдеу нәтижесінде езінділердің, сүртпе майлардың және пасталардың біркелкі қалпы бұзылатын болса, тек еріткіштерді немесе олардың негіздерін ғана стерилдейді, ал дәрілік форманы (сүртпе май, паста, суспензия) асептика жолымен даярланады.

Ертінділерді стерилдеу жұмысын ауасы таза бөлмеде жүргізу керек. Бұл жұмысты орындайтын адамдар қолдарын сабындап жуып, дезинфекцияланатын ертінділердің біреуімен зарарсыздандыруы және жұмыс уақытында стерилденген халат және шлем киіп басы мен бетінің көзден басқа жерлерінің бәрін жабуы керек. Стерилденген ертінділер даярлау үшін қолданылатын ыдыстар мен аппараттарды да стерилденген болуы керек.

Егер қыздырған кезде тез ажырайтын заттардан стерилденген дерлік форманы шұғыл жасау керек болса, онда препаратты асептика жолымен 0,5 процент фенол немесе 0,3 процент трикрезол қосып немесе хлорэтонның қанық ертіндісіне араластырып даярлайды. Сонсоң флаконға немесе мықтап тығындалған шөлмек ыдысқа құйылған мұндай формаларды салқын суға салып 80°-қа дейін қыздырады; бұл температурада олар 30 минут бойы болуы керек.

Мұндай стерилдеу тәсілін кез келген малдәрігерлік аптека моншада немесе кастрюлда қайнату жолымен іске асыра алады; қайнатқан кезде сынбау үшін шөлмектің түбіне мақта салу керек. Қайнаған кезде ертінді құйылған флаконның, немесе шөлмек ыдыстың, немесе құмыраның ішіне су кірместей етіп монша тәрізді ыдысты (кастрюланы) суға толтырады; ертіндінің ыдыстағы жиегі моншадағы немесе кастрюладағы су жиегінен жоғары болмауы керек, ол үшін осыған сәйкес ыдыс таңдап алады.

Ампулаға құйылған официналдық ертінділер мен сұйықтар: 1) Solutio Acidi ascorbinici 10% in ampullis- ампулаға аскорбин қышқылының 10% ертіндісі, 2) Solutio Adrenalini hydrochlorici in ampullis – адреналиннің ампулаға құйылған 0,1% ертіндісі, 3) Solutio Atropini sulfurici 0.1% in ampullis- атропин сульфатының ампулаға құйылған 0,1% ертіндісі, 4) Solutio Camphorae oleosa 10% seu 20% in ampullis- камфораның ампулға құйылған 10% немес 20% майлы ертіндісі, 5) Solutio Chinini hydrochlorici 50% in ampullis- қос тұз қышқылы хининнің ампулаға құйылған 50% ертіндісі, 6) Solutio Coffeini natrio-benzoici 10% seu 20% in ampullis- натрий кофеин бензоатының ампулаға құйылған 10% ертіндісі, 8) Solutio Corazoli 10% in ampullis- коразолдың ампулаға құйылған 10% ертіндісі, 9) Solutio Еphedrini hydrochlorici 5% in ampullis- тұз қышқылды эфедриннің ампулаға құйылған 5% ертіндісі, 10) Solutio Glucosi 10%, 25%, 40% in ampullis- глюкозаның ампулаға құйылған 10%, 25%, 40% ертіндісі, 11) Solutio Hydrogenii reroxydati concentrata – су тегі қышқылының концентрациялы ертіндісі, 12) Solutio Hydrogenii peroxydati diluta – су тегі қышқылының сұйылтылған ертіндісі, 13) Solutio Lobelini hydrochlorici 1% in ampullis- тұз қышқылды лобелиннің ампулаға құйылған 1% ертіндісі, 14) Solutio Magnesii sulfurici 5% in ampullis- магний сульфатының ампулаға құйылған 5% ертіндісі, 15) Solutio Morphini hydrochlorici 1% in ampullis- тұз қышқылды морфиннің ампулаға құйылған 1% ертіндісі, 16) Solutio Natrii chlorati isotonica in ampullis- изотоникалық натрий хлоридінің ампулаға құйылған ертіндісі, 17) Solutio Natrii thyosulfurosi 30% in аmpullis – натрий тиосульфатының ампулаға құйылған 30% ертіндісі, 18) Solutio Natrii nitrosi 1% in ampullis- натрий нитратының ампуладағы ертіндісі, 19) Solutio Novocaini 0,5 %, 1% et 2% in ampullis- новокаинның ампулға құйылған 0,5 %, 1% және 2% ертіндісі, 20) Solutio Omnoponi 1% et 2% in ampullis- омнопонның ампулға құйылған 1% және 2% ертіндісі, 21) Solutio Scopolamini hydrobomici 0,05 % in ampullis- тұз қышқылды скополаминнің ампулға құйылған 0,05% ертіндісі, 22) Solutio Strychnini nitrici 0,1% in ampullis- стрихнин нитритінің ампулға құйылған 0,1% ертіндісі, 23) Solutio Thiamini bromati (Vitamini B) in ampullis 0,6, 0,36 aut 0,34- тиаминбромидінің (В витаминінің) ампулға құйылған 0,6, 0,36 немесе 0,34 ертіндісі, 24) Solutio Urotropini 40% in ampullis- уротропиннің ампулға құйылған 40% ертіндісі.


Микстуралар – mixtura. ( Mixtura, mixturae )

Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.

Микстуралардың тұнық және шөгіп тұнатын (mixtura agitanda) түрлері бар.

Микстуралар сулы ертінділерді спиртті тұндырмалар мен сірінділерге араластыру арқылы алынады. Шөгіп тұнатын микстуралар ерімейтін (өсімдіктерден алынған), немесе нашар еритін (минералдық) ұнтақтарды суға араластырғанда пайда болады. Тұнған дәрілерді сұйықпен араластыру үшін оларды қолданар алдында жақсылап шайқау керек. әрине, мұндай микстураларды құрайтын заттарды дәл мөлшерлеу өте қыйын; сондықтан заттардың ең жоғарғы дозалары немесе А мен Б тобына жататын заттар мұндай микстуралық формада әдетте тағайындалмайды. Микстуралар үшін еріткіш ретінде көбінесе су қолданылады.

Тұнық микстураларды ішке қолдануға да, сондай-ақ енгізу мақсатымен де тағайындауға болады; опалесценциялық және шөгіп тұнатын микстуралар көбінесе ішке қолданылады.

Микстуралар алу үшін әдетте күрделі рецептілер жазылады; оларды M. D.S. формуласымен аяқтайды. Рецепт үлгісі:

Rp.: Cocaini hydrochlorici 0,1

Solutionis Adrenalini hydrochlorici

1 : 1 000 gtts X

Zinci sulfurici 0,05

Acidi borici 0,3

Aquae destillatae 10,0

M. D. S. 2-4 тамшыдан жылқының көзіне

Официоналдық микстуралар: Mixtura oleosae balsamica (Гофман бальзамы), Mixtura sulfurica acida (галлер элексирі, яғни күкірт қышқылы мен спирт қоспасы).


Эмульсиялар – emulsa. Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма.

Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар. Ұрықтық шын эмульсия төмендегі жолмен дайындалады. Керекті мөлшерде ұрықты ступкада үнтап, аз ғана су қосып араластырады. Қалған суды біртіндеп қосып, ступкадағы затты ұдайы пестикпен үйкеп, араластырып біркелкі сүт тәрізді сұйық жасайды. Сонсоң кенеп немесе екі қабат марля арқылы сүзеді. Сонымен, ұрықтық эмульсиялар жасағанда ұрықтардан май, шырыш т.б. белок, ағаш шырышы, желім сыяқты эмульсияғыш заттар алынады. Егер эмульсия нағыз қабығы бар ұрықтардан (миндаль ұрығы) жасалатын болса, онда алдын ала оларға ыстық су қосып, олардың қабығын жоқ қылады, тек содан кейін ғана жоғарыда көрсетілген тәсілмен эмульсия жасайды. әдетте ұрықтық эмульсияларды ұрықтың 1 бөлегін 10 бөлек суға қосып жасайды. Әсіресе, зығыр, қызғалдақ, тәтті миндаль, кендір т.б. ұрықтардан жасалған эмульсиялар көп тараған. Оларды сумен қандай мөлшерлік қатынаста алынғанын көрсетпей-ақ жазады.

Эмульсия алу үшін жазылған күрделі рецепт M.f.emulsum формуласымен аяқталады. Рецепт үлгілері:

Итке:

Rp.: Seminis Lini 40,0 Rp.: Emulsi ex seminis Lini 400,0

Aduae destillatae ad 400,0 D. S.

M. f. emulsum #

D. S. Rp.: Emulsi semminis Lini 400,0

D. S.

Майлық (жалған эмульсия еmulsum oleosum) негізгі 3 компоненттен: майдан, коллоидтан (шырыштан) және судан тұрады. Майды сумен біркелкі араластыру үшін эмульгатур ретінде гуммиарбик (аравия ағаш шайыры), желатоза немесе жұмыртқа сарысын пайдаланады. Алынған материалдардың қарым-қатынасы мынадай болуға тиіс: эмульгатор 1 белок, май 2 бөлек және су 17 бөлек, яғни 5 процент эмульгатор, 10 процент май және 85 процент су. Демек 200,0 эмульсия жасағанда аптека 10б0 эмульгатор, 20,0 май және 170,0 су алады.

Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады, мысалы:

Қойға:

Rp.: Emulsi ilei Ricni 200,0

D. S.

Бұл эмульсияға 20,0 касторка кіреді. Егер эмульсияның кейбір компоненттерінің қатынасын өзгерту қажет болса, онда оның құрамына кіретін заттар түгелдей тізіліп жазылады. Ең тұрақты эмульсия 2 бөлек май мен 1 бөлек эмульгатордан жасалады:

Сиырға:

Rp.: Olei Ricini 20,0

Gelatosae 10,0

Aquae destillatae ad 200,0

D. S.

Эмульсия құрамына бұдан басқа заттар кіретін жағдайда, фармакологиялық әсеріне қарап, оларды яки рецептінің басына яки аяғына жазу керек.

Қойға:

Rp.: Emulsi olei Ricini 100,0

Olei Crotonis gut. 1.

M. D. S.

Егер майлық эмульсия жазбасында оны қандай майдан жасау керек екені көрсетілмесе, онда аптека миндаль немесе шапталы майын алады: бұл жағдайда рецепт былай жазады:

Шошқаға:

Rp.: Emulsi oleosi 200,0

D. S.

Кәзіргі уақытта практикада ультраэмульсия деп аталатын, немесе дыбыстанған, яғни, секундіне 8 000 және одан да көп жылдамдықпен ультрадыбыстық тербеліс беретін установкада арнаулы тәсілмен жасалатын эмульсиялар қолданылады; олардың ішінде май өте ұсақ бөлшектерге ажыраған; мұндай эмульсияларды венаға жіберуге болады. Мысалы, камфора майының судағы ультраэмульсиясының – Emulsum Camphorae oleo-aduosum жазбасы белгілі; оған 2 процент камфора кіреді; оны 2 мл сыйымдылығы бар ампулаларға құйып венаға және тері астына жіберу үшін жасап шығарады. Ультраэмульсияларды қараңғы жерде бөлме температурасындай жылылықта сақтайды.


Тұнбалар- (infusa). ( Infusa, infusum, infusi)

Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық дәрілік форма. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды. Тұндырылатын заттан бояйтын заттар шығуына байланысты олардың түсі әрдайым бояулы болып келеді.

Тұнбалар жасау үшін әдетте құрамына глюкозидтер кіретін өсімдіктер, кейбір алколоидтар, эфирлік майлар т.б. ұзақ қыздырғанда ажырайтын және әсерлік негіздері оңай шығарып алынатын заттар қолданылады. Настойкалар ішке, сирегірек сыртқа жуып шаю немесе ауызды жуу үшін, жараны жуу үшін тағайындалады.

Тұнбалар тұрақсыз екенін және ұзақ уақыт сақтағанда бұзылатындығын, сондай-ақ олардың әсер ететін негіздері ажырайтындығын ескеру керек; сондықтан оларды 2-3 күнге жететіндей етіп жасап, салқын жерде сақтайды. Тұнған формада заттардың әсер ететін негіздері тез сіңіп асқазан секресцияларының әсерінен аз бұзылуына байланысты оларды ұнтақтарға немесе болюстерге қарағанда ⅓ - ¼ есе кем тағайындайды, ал наперстянка жапырақтарының дозасын екі есе кемітеді.

Фармакопея бойынша тұмбалардың үш түрлі концентрациясы бар: күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 (наперстянка жапырағы, ипекакуан тамыры); сенага тамыры, валериана түбіршесі, қастауыш, теңіз жуасы үшін – 1:30; ал бұдан басқа, күшті әсер ететін материалдар үшін – 1:10 концентрацияларын алу белгіленген.

Құрамында алкалоидтар кездесетін заттардан тұнбалар жасағанда, ұсатылған материалды алдын ала оның ішіндегі алколоидтардың мөлшеріне сәйкестеліп алынған лимон қышқылының ертіндісімен шаяды.

Малдәрігерлік практикада кейде тұнбалардың концентрациясын көбейтеді, бірақ мұндай жағдайда әсер етерлік негіздерді шығарып алу фармакопеяда көрсетілген жылдамдықтан анағұрлым бәсеңдеу болып келеді. Тұнбаларды көп мөлшерде айындау үшін кейде аптекадан ұсатылған өсімдік материалын ғана алып, тұнбаларды үйде жасайды. Ұсақталып туралған материалды кастрюлға салып, оның үстіне ыстық су құяды, қақпағын мықтап жауып кастрюляны қағазбен немесе басқа жылы әрі қалың затпен (одеяламен, тонмен т.б.) орайды. 30-45 минуттен кейін сұйықты сүзіп, суытады, сонымен тұнбалар қолдануға жарамды болады.

Рецептіде қанша заттан қанша мөлшерде тұнбалар алу қажеттігін көрсету керек. Тұнбаларды проценттік қатнаста жазуға болмайды, өйткені тұнбаларды дайындағанда ол ерімейді, ал тек заттың көрсетілген мөлшерінен әсер етерлік негіздері ғана шығарылады. Рецепт үлгілері:

Сиырға:

Rp.: Infusi herbae Adonidis Rp.: Infusi radicis Ipecacuanhae

Vernalis ex 6,0 : 180,0 0,5 – 180,0

D. S. Codeini 0,2

Rp.: Infusi folii Digitalis Natrii hydrocarbonici 2,0

0,5 – 200,0 M. D.S.

Rp.: Infusi radicis Valerianae Rp.: Infusi floris Chamomillae

6,0 – 180,0 ex 20,0- 200,0

Tincturae Convallariae D. S.

maialis 3,0

M. D.S.

Официналдық тұнбалар: 1) жалбыз тікен түбірінің тұнбасы; (Infusum Althaeae); 2) күрделі сенна тұнбасы (Infusum Sennae compositum).


Қайнатпалар decoctа. (Decocta, Decoctum, Decocti)

Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Қайнатынды түрінде қайнағанда ажырамайтын және ұшып кетпейтін заттар алынады. Қайнатынды дайындау үшін өсімдік материалына салқын су қосып, сулы немесе булы моншада 30 минут бойы тұндырып, ыстық күйінде сүзеді. Бұдан әрі жүргізілетін процесс настой жасағандағыдай болады.

Егер рецептіде қайнатынды жасау үшін қанша материал алу керектігі көрсетілмесе, оны 1: 10 концентрацияда жасайды, ал теңіз жуасының ұрықтары, валериана түбіршесі, қастауыштар, сенага түбірі үшін 1:30; күшті әсер ететін заттар үшін 1: 400 концентрациясында дайындайды. Қайнатынды жазбалары настойка жазбасымен бірдей.

Рецепт үлгілері:

Rp.: Decocti corticis Quercus 50,0 – 500,0

Creolini 5,0

M. D. S. жылқыға 2 рет қабылдау үшін

Бақылау сұрақтар:

  1. Сұйық дәрілік формаларға не жатады?

  2. Сұйық дәрілік формалардың жалпы сипаттамасы.

  3. Ертінді дегеніміз не?

  4. Ертіндінің және микстураның (қоспа) айырмашылығы.

  5. Ертіндінің жалпы сиппатамасы және жазу ережелері.

  6. Микстураның қысқаша сипаттамасы және жазу ережелері.

  7. Микстураның түрлері.

  8. Микстураның және эмульсияның айырмашылығы.

  9. Қайнатпаның сипаттамасы және жазу ережелері.

  10. Тұнбаның сипаттамасы және жазу ережелері.

Бақылау рецептер:

  1. Итке бор қышқылынан (Acidum boricum) 2% 150 мл ертіндісін жаса. Ауыз қуысты жуу үшін рецепті жаз.

  2. Кальций глюканаттың (Calcium gluconas) дозасы күшікке 2 г, ішке бір ас қасықпен күніне 3 рет 10 тәулікке, ертінідісін дайында.

  3. Қойға емең қабығынаң (Corticus Qbercus) дозасы 50 г қайнатпаны жаса. Ішке күніне бір стаканмен бер.

  4. Торайға 100 г эмульсияны кастор майынаң (Olium Ricinum) жаз.

  5. Сиырға калий перманганаттан (Kalium permanganas) 200 мл. сумен қатнасы 1:4000 ертіндісін жараны жуу үшін жаса.


М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 26

«Фармакология» пәнінен


Тақырыбы: Сұйық дәрілік формаларды

жасау технологиясы және дайындау тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді сұйық дәрілік зат формаларды

жасау технологиясын және дайындау тәртібің үйрену. Рецептердін жазуың еске түсіру.


Ертінділер - solutiones (жекеше, тарау жалғауы - solutio, жекеше ілік жалғауы- solutionis). Ерітінді – мал дәрігерлігінде кең тараған дәрілік форма. Оны қатты немесе сұйық затты су, спирт, эфир хлороформ, тағы басқа сол сияқты еріткіштерде еріту арқылы алады.

Ертінділерді дайындау. Спирттік ертінді жасау үшін, егер спирттік концентрациясы көрсетілмесе, еріткіш ретінде 90° спирт алынады. Еріткіш таңдағанда заттың еріткіштік дәрежесін, еріткіштің фармакологиялық қасиеттерін және ертіндінің кімге тағайындалғанын ескеру керек.

Кейбір еріткіштерді қайсы бір тағайындау тәсілімен қолдануға болмайды, мысалы, хлороформ, эфир көп мөлшерде ішке,күшті спирт венаға немесе тканьдерге енгізуүшін қолданылмайды.

Ертінділердің мынадай түрлері бар: еріткіште бұдан әрі ерімейтін қанық ертінділер (solutio saturata), ертіндінің қандырылу дәрежесі мол болғанмен, оның ішінде бұдан әрі зат ери алатын концентрацияланған ертінділер (solutio concentrats), заттың қоюлық дәрежесі орташа немесе шамалы болып келген сұйылған ертінділер (solutio diluta).

Ертінділердің концентрациясы процентпен (1%, 2%, 4%) немесе пропорциямен белгіленеді: 1: 100,1 :50, 1: 25 т.б. Бірінші жағдайда 100,0 ертінді жасау үшін 1,0 затжәне 99,0 еріткіш, 2,0 зат және 98,0 еріткіш, 4,0 зат және 96,0 еріткіш алынады, екінші жағдайда- 1,0 г зат100 мл ертінді алғанша, 1,0 г зат 50 мл ертінді алғанша ертіледі.

Ертінділер: ішке (per os), клизма ретінде (per rectum), денеге енгізу ретінде, ал дененің сыртына- спринцовкамен және ертіндімен жуу ретінде қолданылады. Басқа, формаларға қарағанда, ертінділердің мынадай артықшылары бар, оларды дайындау оңай, әрі ертінді ретінде көптеген заттарды малдардың барлық түріне қолдануға және дәл мөлшерлеп беруге болады, олардың фармакологиялық әсері тез шығады, әдетте еріткіш препараттың әсерін өзгертпейді және қосымша әсер көрсетпейді. Зат толық еріп, ертінділер тұнық болу керек.

Мензуркаға немесе химиялық стақанға еріткіштің ⅓- ½ -ін құйып, дәрілік заттың керекті мөлшерін қосады, қоспаны толық ерігенше шайқайды немесе таяқшамен араластырады. Сонсоң шөлмек таяқшаны еріткішпен шайып, еріткіш қалдығын қосады, ертіндіні басқа бір шөлмек ыдысқа сүзеді. Зарарсызданбаған ертінді құйылған кіші-гірім шөлмек ыдысты тығындап, оған сәйкес этикетка жапсырылады.

Коллоидтық (протаргол), белоктік ертінділер мен таннин ертінділерін былай дайындайды: затты еріткіштің үстіне сеуіп, әбден ерігенше тыныш қалпында қалдырады, әйтпесе ұнтақ ыдыстың түбіне жабысып қалады. Құрғақ сірінділер мен ұнтақтарды ступкада пестикпен араластырып және үйкеп, аз мөлшерлі ертіндімен еріту керек: біркелкі езінді немесе ертінді пайда болғаннан кейін қалған еріткішпен араластырады.

Ертінділер алу үшін қарапайым және күрделі рецепт жазылады. Бірінші жағдайда заттың қатынасы алынбай, оның проценті ғана көрсетіледі.

Стерилденбеген ертінділер төмендегі тәсілмен жазылады:

Сиырға:

Rp.: Solutionis Glucosi Rp.: Glucosi 40.0

40%-100,0 Aquae destillatae ad 100,0

D.S. M.D.S.

Стерилденген ерітінді төмендегі варианттармен жазылады:

Rp.: Solutionis Glucosi Rp.: Glucosi 4.0

sterilisatae 40%-20,0 Aquae destillatae ad 20,0

D.S. M.f. solutio. Sterilisetur!

D.S.

Тұндырма- (infusa). Бұл өсімдіктерден алынатын дәрілік заттарды сулы моншада тұндыру арқылы жасалатын сұйық дәрілік форма. Тұнбаларды жапырақтардан, гүлдерден, шөптерден, ал кейде өсімдік тамырлары мен түбіршелерінен жасайды.

Тұнбаларды дайындау. Әсер ететін негіздерін шығару үшін өсімдік материалын майда етіп ұнтап, елейді. Керекті мөлшерде өлшеп алып, оны инфундирлік аппаратқа, ал ол жоқ болса – берік жабылған фарфор немесе шөлмек ыдысқа салады, оның үстіне керекті мөлшерде салқын су құйып, ыдысты мықтап жауып, сулы немесе булы моншада 15 минут бойы тұндырады. Сонсоң оны моншадан шығарып, суытады; суыған сұйықты дәкі немесе кенеп арқылы сүзеді; қойыртпақ қалдықты сығып, сығындыны тағы да сүзеді. Тұнбалардың мөлшері көрсетілген мөлшерден кем болған жағдайда, сығылған материалды дестилденген сумен шайып, шайындымен кемістікті жетістіреді. Тұнбаларға оның ішінде еритін басқа заттарды да қосуға болады: бұл жағдайда микстура пайда болады, өйткені оның негізі су емес, настойка болады.

Қайнатпалар – decoctа. Бұл настой сыяқты дәрілік форма, олардың айырмашылығы мынада: қайнатындылар жасау үшін өсімдіктердің құрлысы жөнінде ірі бөліктері (тамырлар, түбіршілер, қабық, ағаш сүрегі) алынады. Қайнатынды түрінде қайнағанда ажырамайтын және ұшып кетпейтін заттар алынады. Қайнатынды дайындау үшін өсімдік материалына салқын су қосып, сулы немесе булы моншада 30 минут бойы тұндырып, ыстық күйінде сүзеді. Бұдан әрі жүргізілетін процесс настой жасағандағыдай болады.


Эмульсиялар – emulsa. ( Emulsa, emulsum, emulsi.)

Бұл май және шырыш (коллоид) бөлшектері біркелкі езінді ретінде жүзіп жүретін сүт тәрізді сұйық дәрілік форма.

Ұрықтық және майлық эмульсиялар бар.

Майлы эмульсия дайындау. Керекті мөлшерде эмульгатор өлшеп алып, оны келі (ступкаға салады). Фарфор тигельшеге немесе басқа осыған қолайлы ыдысқа өлшеп алып аз ғана су құяды, судың бетіне майдың керекті мөлшерін қосып қалқытады. Сонсоң осының барлығын жылдам (келі) ступкаға құйып, (келсап) пестикпен үйкеген уақытта тысырлап шытынайтын, қаймақ тәрізді зат пайда болғанша үйкеп араластырады. Өстіп, майы біркелкі суда араласқан алғашқы эмульсия алынады. Мұндай зат алынбаған жағдайда эмульгатор қосқан жөн. Сонсоң жайлап, майды өлшеген кезде алынған судың мөлшерін шегеріп тастап, порциялап су қосады да, бұл сұйықты әрдайым пестикпен араластырады. Пайда болған сұйық бетінде май түйіршіктері жоқ сүт тәрізді болуы керек; оны шөлмек ыдысқы немесе құмыраға құйып, тығындап оған сәйкес этикетка жапсырады.

Дәрі майлы эмульсия формасында ішке, сирегірек сыртқа қолдану үшін тағайындалады. Эмульсиялар 1-2 күнге жететіндей мөлшерде дайындалады; оларды салқын жерде сақтап, қолданар алдында міндетті түрде шайқау керек.

Басқа заттар эмульсияларға пайдалану процесі кезінде қосылады. Мысалы: суда еритін заттарды алдымен судың керекті мөлшерінде, ал майда еритін заттарды май салынған ступкада ерітеді. Сонсоң эмульгатор қосып, эмульсияны көрсетілген тәсілмен дайындайды. Май мен суда ерімейтін заттарды алдын ала ступкада эмульгатормен араластыру керек.

Майлық эмульсиялар тағайындау арқылы дәрігер дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін бәсеңдетеді, олардың ұнамсыз дәмі мен иісін басады, ерімейтін заттардың біркелкі араласуын көздейді, сөйтіп оларды дәл мөлшерлеуге тырысады: эмульсия формасында дәрі беру нәтижесінде қою майларды қабылдау оңайлап, оған қосылған заттардың сіңуі жылдамдайды. Қандай эмульсия қанша мөлшерде керек екендігі көрсетіліп, майлық эмульсиялар көбінесе қарапайым рецепт ретінде жазылады.

Микстуралар – mixturae. Еріткіште екі және одан да көп заттарды еріту арқылы немесе бірнеше сұйық препараттарды араластыру арқылы алынады.

Микстуралар даярлау ертінділер даярлаумен бірдей, олардың айырмашылығы мынада: ертінділер сүзіледі, ал микстуралар сүзілмейді. Аз мөлшерлі еріткіште оңай еритін затты ерітіп, сонсоң нашар еритін және ерімейтін заттарды біртіндеп қосады. Егер микстураның құрамына күшті әсер ететін заттар кірсе, оларды ең алдымен ерітеді. Әдетте шөлмек ыдысқа салып, ал ерімейтін заттар кездессе, ступкаға салып ерітеді. Микстура құрамына кіретін өсімдік ұнтақтарын жақсылап ұнтап, сонсоң еріткішке қосады. Спирттік тұндырмаларды сумен араластырғанда әуелі оларды суға қосу керек: тұнба пайда болатындықтан, керісінше жасауға болмайды. Микстуралардың құрамына тұндырмалар, шырыштар, глицерин, сироптар кірген жағдайда, бұларды алдымен тұндырмалармен араластырады, сонсоң мұндай қоспаны біртіндеп суға, немесе сулы ертінділерге қосады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қайнатпаның және тұнбаның дайындау айырмашылығы

  2. Қайнатпаны және тұнбаны дайындау үшін дәрілік өсімдіктерді және ертінділерді кай қатнаспен алу қажет?

  3. Қайнатпаны және тұнбаны дайындау әдістерін қалай ажырату керек?

  4. Дәрілік өсімдіктерді және ертінділерді кай қатнаспен алу қажет?

  5. Сұйық дәрілік формаларды қалай сақтандыру қажет?

  6. Эмульсияларды қай әдіспен дайындау керек?

  7. Тұнбашалардың сипаттамасы және жазу ережелері

  8. Фурацилинның дайындау үшін дистилді судың көлемі қалай санаймыз?

  9. Күрделі микстураларды (қоспа) қандай әдіспен дайындайды?

  10. Концентрациялық ертінділерді қай әдіспен дайындайды?

Бақылау рецептер:

  1. Қойға колларгол (Collargolum) 2% 10 мл ертіндісін дайында. Мұрынға тамшылап бер.

  2. Итке ихтиол (Ichthyolum ) 3% 100 мл. ертіндісін дайында. (официнально и магистрально)

  3. Итке кодеин фосфаттан (Codeinum phosphas) 0,2 г, натрий бензоаттан (Natrium benzoas) 2,0, экстракт орал миясы тамырынан (Extractum radix Glycyrrhizae) 3,0, дистилденген судан (Aqua destillata) 200 мл, микстураны дайында. Ішке күніне бір ас қасықпен 3 тәулікке.

  4. Жылқыға сутегі төтығынан (Hydrogenium peroxydatum) 2 %- тік 120 мл. ертіндісін сыртқы жараны жуу үшін, дайында.

  5. Сиырға новокаинан (Novocainum) 0,5%- тік 200 мл ертіндісін анестезияға, дайында.

  6. Сиырға натрий хлоридтан (Natrium chloridum) 200 мл. стерилді изотоникалық ертіндісін кұре тамырға, дайында.

  7. Қойға 20 г-дан қазтабан гүлден (Flos Chamomillae ) түнбаны жаса. Ішке күніне екі рет 50 мл –ден бер.

  8. Бұзауға 10 г –дан орал миясы тамырынан (radix Glycyrrhizae) қайнатпаны жаса. Ішке күніне 2 рет 20 мл – ден бер.

  9. Сиырға кальций хлоридтың (Calcium chloratum) дозасы 10 г, ампулды ертіндісі 5 % 10 мл, құре тамырға бір инъекцияға рецепті жаз.

  10. Жылқыға фурацилинан (Furacillinum) 400 мл ертіндісін жаз. Сумен қатнасы 1:5000, сыртқы жараны жуу үшін, дайында.



М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 2-30

«Фармакология» пәнінен

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013
В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013
Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconМазмұны
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 46/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 Қолданылу аясы
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconБілім беру мекемелеріндегі
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 54/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042–18-18 5/01-2014
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница