ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»




НазваниеОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»
страница6/10
Дата конвертации15.02.2016
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/3d54e2f8-3102-11e3-8846-f6d299da70eeтех лек форма-03 - 2013.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Сонымен қатар Calomel (каломель), aderes (май), mel (бал), pulvis (ұнтақ)¸ oleum Cacao (какао майы), т.б. заттар жекеше ілік жалғауында төмендегідей болып есептеледі: Calome- lanos, adiris, mellis, pulveris, olei Cacao т.б.

Рецептің құрамдас бөлімдері

Рецепт алты құрамдас бөлімнен тұрады:

І- бөлім – Кіріспе – Inscriptio

Рецептіде ең алдымен дәрігердің мекем жайы, телефон номері, күні, айы, жылы көрсетіледі, ауру мал туралы деректер (түрі, жасы, иесінің аты-жөні, т.б.) егер рецепт емдеу мекемесінен жазылған болса, жоғарыда көрстетілген мәліметтердің орнына оның мөрі басылады. Рецептін бөлімі (inscriptio), орыс тілінде немесе жергілікті ұлттық тілінде жазылады.

Мысалы: Семей қаласы, Қабанбай Семей қаласы

батыр көшесі 16, 25 кв. Шугаева көшесі 157,

Смирнов Иван Иванович малдәрігерлік институттың

10. 05. 2005 ж кликасы.т.53-19-20

II- бөлім – Дәрігердің фармацевке өтініші – Praepositio

Қағаздың сол жақ бетінен 1 ½ - 2 см қалдырып, жаңа жолдан recipe, яғни – ал, қысқаша екі әріппен белгіленген (Rp.:) деген сөз жазылады, содан кейін міндетті түрде қос нүкте қойылады. Рецептін бұл бөлімі (praepositio) яғни invocatio, яғни өтіну деп аталады. Recipe сөзден кейін жаңа жолдан бастап немесе әдепкі жолдың бойымен керекті заттардың аттарын ілік септік жалғауында міндетті түрде бас әріппен жалғастырып жаза береді.

III – бөлім – дәрілік заттардың атаулары - Designatio materiarum

Рецептін құрамында дәрілік заттар белгілі бір тәртіппен, ретпен жазылады. Күрделі рецептін құрамында заттар былай жазылады: 1) негізгі әсер ететін (basis), 2) негізгі заттың әсерін күшейтетін (adjuvans), 3) дәмін жақсартатын (corrigens), 4) форма беретін (constituens) заттар кіруі мүмкін.

Күрделі рецепт былай жазылуы тиіс:

Rp.: Natrii bromati 4.0 (basis) Ал: натрии бромидің 4,0, валериан

Tincturae Valerianae 5.0 тұндырмасын 5,0, кәдімгі

(adiuvans) сиропты 20,0, дестилденген суды

Sirpi simplicis 20.0 200,0. Араластыр, бер, белгіле:

(corrigens) ас қасығымен күніне 1 рет.

Aquae destillatae ad 200.0

(constituens)

M.D.S. Ас қасығымен күніне 1 рет

Кейбір дәрілік формаларын дайындаған кезде қажетті форма беретін заттың керекті мөлшерін көрсету өте қыйынға соғады, ондай жағдайда дәрінің керекті формасын жасау үшін фармацептке дәрілік затты керегінше алу туралы нұсқау беріледі. Бұл нұсқау q. s. (quantum satis - керегінше) деген екі әріппен белгіленеді. Мысалы:

Rp.: Creolini 20.0 Ал: креолинді 20,0, қара бидай

Farinae secalinae et ұны мен дестилденген суды

Aquae destillatae q.s. керегінше.

Ut, f. Bolus Болюс жаса.

D. S. Бер. Белгіле.

IV- бөлім – дәрі жасау және оны босату туралы нұсқау беріледі – Subscriptio

Қандай затты қанша мөлшерде алу керек екенін көрсеткеннен кейін жаңа жолдың сол жағынан қысқаша М әріпімен белгіленген misce (араластыр) деген сөз жазылады. Қандай дәрілік форма алу керек екенін көрсеткенде қысқаша f әріпімен белгілеп, fiat (жаса), деген сөз жазып, латынша керекті форма көрсетіледі.

Мүнан әрі жаңа жолдың сол жағынан da немесе detur яғни dentur, бер, мейлі берілсін, мейлі олар берілсін деген және signetur мейлі белгіленсін, яғни signa белгіле ( қысқаша D. S.) деген сөздер жазылады. Қандай дәрілік форма дайындау керек екенін көрсеткісі келмесе, рецептіні M. D. S. әріптерімен аяқтайды.

Мысалы:

Rp.: lodoformii 5.0

Xeroformii 1.0

M.f.pulvis

D.t.d.N 5

S.

Бұны аударғанда: ал йодоформды 5,0, ксероформды 1,0 араластыр жаса ұнтақты, бер сондай мөлшермен бес рет. Белгіле (тағайында).

V- бөлім – тағайындау – Signatura (қысқаша S.) Бұл бөлімде дәрілердің қолданылу тәсілі, қанша мөлшерде және қанша рет беру керектігі көрсетіледі. Сигнатура ауру иесі алатындай тілде жазылуы керек.

VI- бөлім – дәрігердің қолы -Nomen medici : Бүл бөлім рецептің ең жаупты бөлімі (дәрігер қол қояр алдында жазылған рецепті мүқият тексеріп шығуы керек).

Рецепт бір заттаң ғана құралса, оны қарапайым рецепт дейді; жасалған дәріге де осындай ат беріледі. Құрамына және одан да көп заттар жазылған жағдайда рецепт және оған сәйкес жасалған дәрі күрделі рецепт немесе күрделі дәрі деп аталады, мысалы:

Rp.: lodoformii 15.0 Rp.: lodoformii 5.0

D.S. Aetheris ad 50.0

M. D. S.

Мал дәрігері (қарайым рецепт) Мал дәрігері (күрделі рецепт)


Официналдық дәрі деп таза күйінде алынған заттан немесе фармакопеяға енгізілген даяр қоспалардан жасалған дәріні айтады; магистральдық дәрі дәрігер ұйғараған заттардан жасалады, бұлардың түгелдей немесе бір қатары фармакопеяда жоқ болуы мүмкін. Магистралдық дәрі фармакопеяға енгізілген заттардан да жасалуы ықтимал, бірақ мұндай жағдайда олардың қоспалары дәрігердің нұсқауы бойынша жазылуға тиіс:

І вариант ІІ вариант

Rp.: Solutionis Glucosi 25 % cum Rp.: Glucosi 60.0

Methyleno coeruleo 1% 5.0 Methyleni coerulei 3.0

D. t. d. № 6 in ampullis Aquae destillatae ad 300.0

S. (официналдық дәрі) M. Sterilisetur

D.S. (магистралдық әдіс)

Бірінші жағдайда дәрі официналдық болып саналады, өйткені мұндай қоспа фармакопеяда қаралған. Екінші жағдайда – магистралдық дәріге жатады, өйткені оны, фармакопеяға кірмегендіктен, дәрігердің нұсқауы бойынша жасайды.


Рецептердің жазу схемалары

Рецепт құрамына қанша дәрілік заттар кіреді және олардың жалпы салмақтық немесе жеке дозалармен көрсетілуіне байланысты рецепт жазудың бес схемасы бар:

І – схема: қарапайым дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 150,0

D.S. Жараға себу үшін.

ІІ- схема: қарапайым дозаланған рецепт.

Rp.: Streptocidi 0,5

D.t.d.N 10

S. Күніне 2 рет 5 тәулікке.

ІІІ- сxема: күрделі дозаланбаған рецепт.

Rp.: lodoformii 50,0

Xeroformii 10,0

M.f. pulvis

D.S. Жараға себу үшін.

IV- схема: күрделі дозаланған диспензациялық (бөлінген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 1,0

Kalii bromidii 0,5

M.f. pulvis

D.t.d.N 5

S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

V – схема: күрделі дозаланған дивизиялық (бөлінбеген) әдіс:

Rp.: Natrii bromidi 5,0

Kalii bromidii 2,5

M.f. pulveres N 5

D. S. Күніне бір рет 5 тәулікке 1 ұнтақтан ішкізілсін.

Дәрілік формалардың І -ші схема бойынша: ұнтақтар, сүртпе майлар, ертінділер, эмульсиялар, түнбалар, қайнатпалар және кейбір басқа формалар жазылады. ІІ- схема бойынша – ұнтақтар, таблеткалар, ампулдағы ертінділер жазылады.

ІІІ – схема бойынша – ұнтақтар, дәрілік жиынтық заттар, ботқалар, сүртпе майлар, пасталар, линименттер, ерінділер, микстуралар, эмульсиялар жазылады.

ІV және V схемалар бойынша ұнтақтар, пилюлалар, болюстер, суппозиторийлер жазылады.

Бақылау сұрақтар:

  1. Рецептура дегеніміз не?

  2. Фармакопея дегеніміз не?

  3. Дәрілік форма дегеніміз не?

  4. Дәрілік препарат дегеніміз не?

  5. Дәрілік заттар дегеніміз не?

  6. Рецептің бөлімдері.

  7. Рецептің схемалары.

  8. Рецептің жазылу ережелері.

  9. Қарапайым рецептерді жазу схемалары.

  10. Күрделі рецептерді жазу схемалары.



Тақырыбы: Қатты (тығыз ) дәрілік формаларына рецепт жазу тәртібі.


Сабақтың мақсаты: Студенттерді қатты дәрілердің түрлерімен таныстыру, оларды рецепт жазу ережелеріне үйрену.


Ұнтақтар – pulveres. (Pulvis, pulveris, pulveres)

Ұнтақтар- құрғак, сусымалы дәрілік зат формасы. Бұл форма ірі, қатты өсімдік заттар мен құрғақ минералдық заттарды келсаппен (ступкада) ұсатып, соңынан әдейі електермен елеу арқылы алынады.

Үйкеп ұстаудан басқа ұнтақтарды жасаудың тұндырып (pulveres praecipitati), айдап (pulveres sublimati) және майлап (pulveres laevigati) алу түрлері бар. Ұнтақтар ішке де, сыртқа да тағайындалады. Бір ғана заттан тұратын ұнтақ қарапаиым, ал екі және одан да көп заттан тұратын ұнтақ күрделі ұнтақ деп аталады. Ірі (pulvis grossus), ұсақ (pulvis subtilis), өте ұсақ (pulvis subtilissimus) ұнтақтар бар. Ішке ұсақ ұнтақтар қолданылады, бұл туралы рецептіде әдейі көрсетпесе де болады. Кілегей қабықтарға, жара немесе іріңді жара бетіне жағу үшін ұсақ ұнтақтар жазу керек. Ішке қабылданатын ұнтақтардың салмағы 0,2-дан 2,0-ға дейін, ал ірі малдар үшін 20,0 – 25,0 және одан да көпке жетеді.

Әсер етерлік негіздер аз мөлшерде жіберілген жағдайда, форма беру үшін мал сүйсіне қабылдайтын индиференттік ұнтақ қосылады. Олардың қатарына: қант (saccharum), қызылмыя түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Glucyrrihizae), жалбызтікен түбірінің ұнтағы (pulvis radicis Аlthaeae), ас тұзы (Natrium chloratum) жатады. Басқа дәрілік формадағыдай, күрделі ұнтақтарға: basis (міндетті түрде), adjuvans, corrigens, constituens кіреді. Жәй ұнтақтарда бір ғана зат – basis болады.

Дозаланған және дозаланбаған ұнтақтар бар. Дозаланған ұнтақтарға жазбада әрбіреуінің салмағы көрсетілген ұнтақтар жатады. Дозаланбаған ұнтақтардың жалпы салмағы көрсетіліп қана жазылады, оларды малдарға шай қасықпен немесе ас қасығымен, шай стақанымен т.б. береді. Ұнтақтардың бұл түрінде қауыпсыз, бәсең әсер ететңн, индиференттік дәм беретін заттар ғана тағайындалады, ал күшті әсер ететін және улы заттар қолданылмайды.

Ұнтақтарды жазудың екі әдісі: рецептіде заттың барлық ұнтақтар санына жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын дивизиондық және бір ғана ұнтаққа жеткілікті мөлшері көрсетіліп жазылатын диспензациялық әдістері бар. Бірінші жағдайда рецепт M. f. pulvis D. t. d. № -диспензиялық әдіс, екінші жағдайда - M.f. pulveres № - дивизиялық әдіс, формуласымен аяқталады, мысалы:

Қойға:

2. Rp.: Santonini 0,3 1. Rp.: Santonini 0,1

Sacchаri albi 1,5 Sacchаri albi 0,5

M. f. pulveres № 3 M. f. pulvis

D. S D. t. d. № 3

S.

(дивизиялық әдіс) (диcпензациялық әдіс)

Соңғы тәсіл ірі қолайлы, әрі оңай және онда қате аз болады.

Гигроскопиялық, майлы немесе құрамында ұшқыш заттар кездесетін ұнтақтарды алу үшін рецептіде оларды парафиндаған немесе жылтыр қағазға орау туралы нұсқау беру керек: күрделі ұнтақтар жазу үшін мұндай рецепт: M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta parffinata; M. f. pulvis D. t. d. №.. in charta немесе M. f. pulvis ad chartan ceratam: M. f. pulvis D. t. d. №.. ad chartam paraffinatan: формуласымен аяқталады, қарапайым ұнтақ жазғанда рецепт D.t. d. № .. in charta paraffinata; D. t. d. №… in charta D.t. d. № .. ad chartam paraffinatan; D. t. d. №… ad chartam ceratam формуласымен ақталады, өте ылғал тартқыш (гигроскопиялық) ұнтақтар мықтап тығындалған шөлмектерге салынып жіберіледі.

Болюстер –bolus. (Bolus, boli, boli)

Болюстер- дөнгелектеу немесе сопақша келген, консистенциясы- жұмсақ, ішке беруге арналған дәрілік зат формасы. Бұл әсер беретін заттарды құрамында шырыш кездесетін өсімдік ұнтақтарымен және су немесе басқа сұйықтармен араластырып жасайтын дөңгелек яки жұмыртқа тәрізді қатты дәрілік форма. Болюстерді балзамдар мен ағаш шайырын көк сабынмен араластырып жасайды.

Болюстер бір немесе бір неше дәрілік заттардан және форма түзгіш (беретін) заттардан (contituens) тұрады. Форма түзгіш зат ретінде: қара бидай ұны (farina Secalina), бидай ұны (farina Tritici), жабызтікен тамырының ұнтағы (pulvis radicis Althaeae), орал мия тамырының ұнтағы (pulvis radicis Alycyrrhizae), ақ саз (pulvis alba), глинозем (argilla alba), сондай-ақ көк сабын (sapo viridis), глицерин сүртпе майы (unguentum Glucerini) т.б. қолданылады. Тез кебетіндіктен (көгеріп кетеді), болюстерді 1-2 күнге жететіндей етіп қана дайындайды. Оларды көбінесе ірі малдарға тағайындайды. Болюстердің ең жоғарғы салмағы 50,0 –ға, орташа салмағы 25,0-30,0 –ға тең болады.

Ұнтақтар сыяқты, болюстерді де екі әдіспен жазады, ал рецепті ut f. bolus D. t. d. №…( болюс жаса, осындай дозалардың….санын бер), немесе Ut. f. boli №…(болюстерді жаса....санын бер), формуларының біреуімен аяқталады.

Болюстер жануарларға арнаулы болюс бергіш құрал арқылы немесе қолмен малдын көмекейіне салып жұтқызу арқылы беріледі. Болюстер рецепте диспензиялық (4) және дивизиялық (5) әдістермен жазылады.

Сиырға:

Диспензиялық әдіс Дивизиялық әдіс

Rp.: Kalli bromati 15,0 немесе Rp.: Kalli bromati 30,0

Farinae Secalinae et Farinae Secalinae et

Aquae destikkatae q.s. Aquae destikkatae q.s.

Uf. f. bolus Ut. f. boli № 2

D.t. d. № 2 D.S.

S.

Пилюлдерpilulae. (Pilula, pilulae, pilulae)

Пилюлдер- домалақ дәрілер, ұсақ жануарларға ішке беруге арналған, дозаланған дәрілік форма. Салмағы 0,1-ден 0,5-ке дейін қою тұтқыр қамырдан иленген шар сыяқты дәрі. Бұл ұзақ уақыт сақтау үшін даярланатын тұрақты әзірлік форма. Пилюлалар көбінесе ұсақ малдарға (құстарға, итке, мысыққа), тағайындалады. Пилюла формасында аз мөлшерде әсер ететін (улы және күшті әсер ететін), тітіркендіретін, дәмі мен исі бар, ащы заттар қолданылады. Олардың әсері бәсең пайда болады.

Пилюлалар рецептерде диспензиялық (бөлінген) және дивизиялық (бөлінбеген) әдістермен жазылады. Форма (беретін) түзгіш зат салмағы көрсетілмейді, тек қана q.s.- қанша керек Ut. f. pilulae - пилюля болу үшін деп жазылады.

Форма түзгіш (беретін) зат ретінде: қызылмыя тамырының ұнтағы (pulvis radicis Glycyrrhizae), бақбақ тамырының ұнтағы (pulvis radicis Taraxaci), көкгүл тамырының ұнтағы (pulvis radicis Gentianae), сондай-ақ оларға сәйкес сұйық немесе қою сірінділер немесе құрғақ сірінділер мен су қосылып тағайындалады. Рецептіде мөлшері немесе заттың барлық пилюлге жетерлік мөлшері көрсетіледі; форма құрағыш заттарды мөлшерлеу фармацевтке жүктеледі (q.s.); су мөлшері рецептіде көрсетілмейді.

Итке:

Rp.: Strychnini nitrici 0,03 Rp.: Strychnini nitrici 0,3

Pulveris et extracti radicis Pulveris et extracti radicis

Aquae fontanae q.s. Aquae fontanae q.s.

Ut. f. pilula ut f. pilulae № 30

D.t.d.N 30 D. S.

S.

Пилюлялар жабысып қалмау үшін оларға талк, крахмал, магний карбонаты т.б. ұнтақтарды себеді, ол туралы кейде рецептіде Ut.f. pilulae № …consperge Talcum; Ut. f. pilulae № .. consperge Amylum т.б. формулары арқылы нұсқау беріледі. Пилюлдер қарында ажырамайды: ішекте ажырау үшін оларды кератин, салол т.б.-ға орайды; бұл туралы да рецептіде әдейі нұсқау беріледі Ut.f. pilulae №…, odduce Keratinum Ut.f. pilulae №…, obduce Salolo т.б. Рецепт үлгілері:

Мысыққа:

Rp.: Argenti nitrici 0,6 Rp.: Tincturae Opii simplicis 3,0

Boli albi q. s. Extracti Faecis q. s.

M. f. pilula N 30 M. f. pilulae N 30

Obduce Keratino Consperge Talco

D.S. D.S.

Пилюлдарды коробкаға, ал күшті иісті және ылғал тартқыш пилюлдарды жақсылап жабылған шөлмектерге салып жібереді. Жарықта ажырайтын пилюлдер күңгірт шөлмектерге салынып беріледі.

Таблеткалар –– tabuletta, tabulettae.

Таблеткалар- престеу арқылы алынған, дөнгелек, сопақша, беті тегіс немесе екі жағы доғалы пластинка тәріздес, дозаланған қатты дәрілік формасы. Олардың барлығы официналдық, дәл дозаланған, сондықтан да қолайлы болады, заводта жасалатын дәрілердің қатарына жатады.

Таблетка бір рет қабылдауға арналады, бірақ кейде оларды 2-4 бөлшекке бөлу қолайлы болу үшін (аурудың жасы мен қалына байланысты) олардың үстіне әдейі кертпелер салынады.

Таблеткалар сыртқа және ішке қолдану үшін тағайындалады, сыртқа қолдану үшін таблеткаларды (мысалы, Tabulettae Hydrargyri bichlorati) еріту керек. Оларды ішке таза күйінде (per se) немесе болюс қойыртпағына және нанға қосып береді. Таблеткалардың жәй және біріккен түрлері бар. Таблеткалар құрамына асқазанның кілегей қабығын тітіркендіретін және күйдіретін қоспалар кіргізбейді.

Таблеткалардың құрамына дәрілік заттар және олардың салмағына 20 пайыздай құрайтың көмекші заттар (қант, крахмал, желатин т.б.) кіреді.

Фармакопеяның 8 рет басылуына сәйкес таблеткалар дақсыз болуға және ұнталмауға тиіс, формасы дұрыс және жиектері бүтін болуы керек 1-1,5 м биіктіктен ағаш еденге түскенде таблеткалар сынбауға тиіс. Олардың салмағы орташа салмақпен ± 5 проценттен артық болмау керек.

Официналдық таблеткалар: 1) Tabulettae Acidi acetylosalicylici (aspirin) 0,25 және 0,5 - әрбіреуі 0,25 және 0,5 тең аспирин таблеткалары 2) Tabulettae Carbonis activati 0,5- әрбіреуі 0,5 тең көмір таблеткалары, 3) Tabulettae Chinini hydrochlorici 0,25 және 0,5- әрбіреуі 0,25 және 0,5 тең тұз қышқылды хинин таблеткалары, 3) Tabulettae Chinini sulfurici 0,25 және 0,5- әрбіреу 0,25 және 0,5 тең хинин сульфатының таблеткалары, 4) Tabulettae Coffeini natrio-benzoci 0,1-әрбіреуі 0,1 тең кофеин натрий-бензонатының таблеткалары, 5) Tabulettae Hexamethylentetramini (Urotropini) 0,25 және 0,5- әрбіреуі 0,25 және 0,5 тең уротропин таблеткалары, 6) Tabulettae Kalii bromati 0,5 - әрбіреуі 0,5 тең калий бромидінің таблеткалары, 7) Tabulettae Kalii iodati 0,5- әрбіреуі 0,5 тең калий иодидінің таблеткалары, 8) Tabulettae Natrii chlorati 0,85 - әрбіреуі 0,85 тең натрий хлоридінің таблеткалары, 9) Tabulettae Natrii hydrochlorici 0,3 және 0,5 - әрбіреуі 0,3 және 0,5 тең натрий гидрокарбонатының (соданың) таблеткалары, 10) Tabulettae Natrii salicylici 0,25 және 0,5- әрбіреуі 0,25 және 0,5 тең натрий салицилатының таблеткалары, 11) Tabulettae Phenolhtaleini 0,1 - әрбіреуі 0,1 тең фенолфталеин таблеткалары, 12) Tabulettae Phytini 0,25 - әрбіреуі 0,25 тең фитин таблеткалары, 13) Tabulettae Sterptocidi rubri (albi) 0,3 - әрбіреуі 0,3 тең ақ немесе қызыл стрептоцид таблеткалары, 14) Tabulettae Tannalbini 0,3 (0,5) - әрбіреуі 0,3 немесе 0,5 тең таннальбин таблеткалары.

Рецептерде таблеткалар официналдық және дозаланған әдіспен жазылады да стандартық жазбамен жасалынады.

Таблеткалар төмендегі тәсілмен жазылады:

Итке:

Rp.: Luminali 0,1 Rp.: Tabulettae Luminali 0,1

D. t. d. N 12 in tabulettis D. t. d. N 12

S. S.

# #

Rp.: Codeini 0,015 Rp.: Tabulettae Codeini 0,015

cum Natrio hydrocarbonico cum Natrio hydrocarbonico

0,25 0,25

D.t.d. N 12 in tabulettis D.t.d. N 12

S. S.

Жиынтықтарspecies. (Species, specei, specerum)

Бұл дәрілік форма құрамына әсер ететін заттар кіретін қабықтар, өсімдік тамырлары, түбіршелер, шөптер, гүлдер, жапырақтар, ұрықтар, тұқымдар сыяқты ұсақ өсімдіктерден немесе уытылған бөлектерінен дайындайды. Ауру малдың иесі немесе оны бағатын адамның өздері жиынтықтардан тұнбалар, тұнбашалар, қайнатпалар, булау дәрілерді жасайды.

Қабықты, өсімдік тамырлары, түбіршелерді, жапырақтарды және гүлдерді жинағаннан кейін, оларды елеп, ұнтағынан айырады; ұсақ тұқымдарды, ұрықтарды, ал сол сыяқты аюқұлақ және розмарин жапырақтарын түйіп ірі ұнтаққа айналдырады. Жиынтықтарға қазтабан, лаванда, ермен-жусан, роза, аюбадам, және аюқұлақ гүлдері бүтін күйінде қосылады.

Жиынтықтарды құрғақ жерде, ал жұпар иісті заттардан жасалған жиынтықтарды, нығыз жабылған қаңылтыр коробкаларда сақтайды. Дәріханада жиынтықтарды әрбір қабылдау мөлшеріне бөліп немесе бөлмей қағаз қапшықтарға немесе коробкаларға салып жібереді.

Жиынтықтарға минералдық тұздарды, жұпар иісті және басқа заттарды қосуға болады; оларды рецепт жазбасының аяғына жазады. Өңдеу тәсілін көрсету қажет болса, concisa (немесе contunde) M. f. species тұра (немесе ұнта), араластыр, жиынтықты жаса деген сөздер жазылады. Егер бұл екі тәсіл бірдей керек болса, concisa et contunda деп жазады.

Әдетте жиынтықтардан 1: 10 сығындылар және қайнатпалар, 1:3 және 1 : 5 тұнбалар жасалынады. Дәрігердің ұйғаруы бойынша басқа да қатынастар болуы мүмкін.

Официналдық құрандылар: 1) іш жүргізетін жиынтық – Species laxans, яғни пішен жапырақтарының, анис және укроп ұрықтарының, аюбадам гүлдерінің және сегнет тұзының қоспасы. 2) көкірекке жағатын жиынтық - Spexies pectoralis, яғни ана-өгей ана жапырақтарының, аюқұлақ гүлдерінің, анис ұрықтарының, жалбызтікен тамырының т.б. қоспасы;

Рецепт үлгілері:

Шошқаға:

Rp.: Floris Chamomillae Rp.: Floris Chamomillae 50,0

Floris Arnicae Floris Lavandulae

Radicis Althaeae Folii Rosmarini āā 20,0

Seninis Lini āā 20,0 M. f. species

M. f. species D. S. Шай сыяқты етіп

D. S. Шошқаға булау үшін қайнат, бір стақан ыстық

Суға 1 қасықтан. Бұзаудың

аузын шаюға.

Официналдық жиынтықтарды олардың атына қарап жазады:

Бұзауға:

Rp.: Speciei pectoralis 100,0 Rp.: Speciei laxantis 50,0

D. S. Бір стакан ыстық D. S. Шай сыяқты етіп

суға ас қасық өлшеп 500,0 суға қосып қайнат:

алып қайнат бұзауға 2 рет беру үшін
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013
В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon«музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК
«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013
Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен...
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconМазмұны
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 46/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 Қолданылу аясы
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» iconБілім беру мекемелеріндегі
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 54/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет
Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК
ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы» icon3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042–18-18 5/01-2014
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница