Скачать 1.32 Mb.
|
Салмақ және көлем өлшеуіштерін белгілеу1 грамм ……………….1,0 1 декаграмм…………….10,0 1 дециграмм…………...0,1 1 гектограмм……………100,0 1 сантиграмм………….0,01 1 килограмм…………….1001,0 1 миллиграм…………..0,001 1 миллилитр…………….1 мл 1000 миллилитр…………1 л (L) Мөлшерленбеген сұйықтар шай, десерттік, асқасықтармен, стақан және құмыралармен тағайындалады. Шай қасыққа 4,0-5,0, десерттік қасыққа- 8,0-10,0, ас қасыққа- 16,0-20,0, стақанға – 200,0-250,0, құмыраға- 650,0, шелекке –10-12 л, 15°-20° жылылығы бар су сыяды деп есептеледі. Суға қарағанда майлардың сыйымдылығы 20-25 пайыз кем, ал концентрацияланған ертінділер 20-40 пайыз екендігін ескеру керек. Сұйық заттарға қарағанда қатты заттардың көлемін анықтау үшін бұдан да гөрі қыйынырақ, бұл жағдай заттардың табиғи қасиеттеріне және қандай түрде кездесетіндігіне (құрғақтығы немесе ылғалдығы), қасық қалай толтырылғандығы, тағы басқаларға байланысты. 13 Тақырып Тақырып Қатты дәрілік формаларды жазу және дайындау технологиясы Сұрақтары:
14 Тақырып Жұмсақ дәрілік формаларды жазу және дайындау технологиясы Сұрақтары:
15 Тақырып Сұйық дәрілік зат формаларына рецепт жазу тәртібі. Сұрақтары: 1.Ертінділерді жазу және дайындау 2.Қайтанпаларды және түнбаларды жазу және дайындау
Тақырыбы: Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыстеу барысындағы техника қауіпсіздігі. Сабақтың мақсаты: Студентерді «Ветеринариялық медицина» кафедрасының фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеу қауіпсіздігінің жалпы талаптарымен таныстыру. Малға дұрыс келуді және оларды ұстау әдістерін үйрету. Лабораторияда жұмыс істеу алдында оқытушы жалпы қауіпсіздік ережелері, жеке құралдармен дұрыс жұмыс істеу, құрылғылар, химиялық реактивтер және өрттің алдын-алу шаралары бойынша нұсқаулар жүргізеді. Содан кейін студеттер нұсқауды жүргізілген күні мен оқутушының аты-жөні жазылған арнайы журналға қол қояды. Құралдар мен құрылғылар жиналып, химиялық реактивтер мен сабақта қолданылатын ыдыстар тексерілгеннен кейін жұмыс істеуді бастайды. Сабақтың соңыңда жұмыс орынын, құралдарды, құрылғыларды, химиялық ыдыстарды жинастырып лаборантқа өткізеді. Сабақтың барысында студенттер қауіпсіздік ережелерін және санитарлық- гигиеналық нормаларды қатаң сақтаулары керек:
Лабораториялық жануарлармен жұмыс істеудің негізгі ережелері Лабораториялық жануарларға операция жасағанда, инъекция енгізгенде, қансыздандырғанда, фистулалар мен датчиктер орнатқанда ауырсыну болмау үшін, жергілікті жансыздандырғыш немесе жалпы есірткі заттар пайдалану керек. Бекіту әдістері. Ұсақ лабораториялық жануарларды бекіту үшін жәшіктер пайдаланады. Оның үлкендігі жануардың көлеміне сәйкес болады. Жануарларды қолмен ұстауға да болады. Қояндармен теңіз шошқаларын көмекші үстелдің үстінде, тізесінде немесе қолында жұмыс істеуге ыңғайлы қалыпта ұстайды. Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек. Химиялық фармакологиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі талаптары.
Бірінші көмек көрсету. 1. Жарақаттанған адамның киімін шешіп алу керек немесе қиып тастау керек. Содан соң жараның айналасындағы қанды сүртіп, шеттеріне йод жағу керек. Жараның үстіне стерилді мақта тампонын қойып, бинтпен орап тастау керек. Егер қан көп ағатын болса, оны жгутпен тоқтатады. Жгут болмаған жағдайда белдікті, шыттын немесе басқа тағатын орамалды пайдалануға болады. Жгуты жазда 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа салуға болады. Жарақатталған адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болу керек. 2. Бір жерін соғып алған кезде мұз, суық су, тартқыш байлауыштарды пайдалануға болады. 3. Сіңірін созып алған болса, буынға суық компресс басады. 4. Шынтақ буынында қолын шығарып алса, қолын шығарып алудың нәтижесінде буында түзілген бұрышты өзгертей қолды денеге бинтпен орап тастау керек. Дәргерсіз қолды түзетуге болмайды. 5. Сынық кезінде негізгі көмек көрсету, ол- сынған жерге тақтай, шыбық немесе картон және т.б. қатты заттардын шина қойып, тамып тастау. Ашық сынық болғанда алдымен сынған жерге стерилді тану салып, одан кейін шинаны (иммобилизациялық таңу) бинтпен орайды. Шинаны алдымен мақтамен немесе матамен қалың қылып орап, содан соң сыныққа орайды. Адам дәрігер келгенше толық тыныштықта болуы керек. 6. Жеңіл күйік кезінде (тері қызарып түрғанда) күйген жерге спирт, ас содасының ерітіндісін басу керек. Күйген жерді стерильді маталармен жауып, бинтпен орап тастау керек. Ауыр күйікте күйген жерді қолмен ұстауға немесе сүртпе май, май, вазелин жағуға болмайды. Сонымен қатар, түзілген күлдіреген көпіршіктің бетін алып тастауға, күйген жерге жабысып қалған киім бөлшектерін алуға болмайды. Күйген жерге стерильді салфетка жабу керек. Оның үстінен мақта қайып, битпен орап тастау керек. Дәрігер келгенше зақымдалған адам толық тыныштықта болу керек. 7. Басынан күн өткен жағдайда, егер ол адам кенеттен пайда болған әлсіздікті, басы айналғаның, жүрек жұмысының әлсіреуін сезсе, ол адамды ауасы таза, салқын жерге апару керек. Бетіне желпу арқылы, басы мен кеудесін суық сумен сулау арқылы денесін суыту керек. Егер тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек. 8. Электр тоғымен зақымданған кезде лезде электр жүйесін өшіру керек. Токты өшіруге болмайтын жағдайда, адамды электр тогының әсерінен босату үшін құрғақ ағаш, тақтай, резеңке қолқаптарды пайдалану керек. Металл және су заттарды қолдануға болмайды. Сонымен қатар, оның киімсіз, ашық дене бөліктерінен ұстауға болмайды. Егер адам есінен танбаса, онда оны ыңғайлы жатқызып, киімінің түймелерін ағытып, таза ауамен дем алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек. Ал егер есінен танып қалатын болса, бетіне су бүркіп, денесін ысқылап жылытып, мүсәтір спиртін иіскетеді. Тыныс алуы әлсіресе немесе тоқтап қалса, жасанды тыныс алдыру керек. Дәрігер келгенше ол толық тыныштықта болу керек. 9. Улы химикаттармен уланғанда адамды ол жерден тез алып кетіп, кірленген және тар киімін шешу керек. Көзге немесе теріге түскен улы затты көп мөлшердегі сумен жуу керек, көзді ас содасының немесе бор қышқылының 2%-к ерітіндісімен жуу керек. Улы химикаттың асқазанға түскен жағдайында адамға бірнеше стақан су немесе ашық қызғылт түсті калий-марганец қышқылды ішкізу керек. Құсқанан кейін 2-3 қасық активтелген көмір жарты стақан суға ерітіп ішкізеді. Іш өткізетін зат енгізеді (күкірт қышқылды магнезияның 30% -к ерітіндісінен 100-150 мл немесе 20 грамм ащы тұзды жарты стақан суға ерітеді). Дәрігер келгенше уланған адам толық тыныштықта болу керек. 10. Көмір тотығынан (угарный газ, СО) жіті уланған кезде адамды ол жерден тез алып шығып, тыныс алуын қиындататын заттардың (түймені ағыту, белдікті босату )түгелін алып тастау керек. Оны ыңғайлы жатқызып, табанына грелка, горчичниктер қою керек (күйіп қалмауын қадағалау керек). Есінен танып қалса, мүсәтір спиртін иіскетіп, кеудесі мен бетіне суық су бүркиді, денесін ысқылайды. Дәрігер келгенше оған толық тыныштық беру керек. №_____________бақылау парағы Қауіпсіздік ережелері бойынша студентерге нұсқау жүргізу Кафедра__________________________________________________ Курс_____________________________________________________ Нұсқауды жүргішінің аты-жөні мен лауазымы_______________ Нұсқауды жүргізген күн ________________________________________ Лабораторияда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың нұсқау __________________ Нұсқауды меңгердік:
Қауіпсіздік ережесі бойынша жүргізілетін нұсқауды тексердім:__________________ (қолы) «Ветеринарлық медицина» кафедраның меңгерушісі |
![]() | «музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән | ![]() | 3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042. 18-24 10/03 2013 В120100 «Ветеринариялық медицина» және «5В120200» «ветеринариялық санитария» мамандығына арналған «Зертханалық іс» пәнінен |
![]() | «музыкалық білім» кафедрасы құжат смк 3 уровня поәК поәК 042-18 32/02-2013 поәК «Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған... | ![]() | 3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042 –18-17. 17/03-2013 Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен... |
![]() | Мазмұны Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 46/01-2014 поәК | ![]() | 1 Қолданылу аясы Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 48/01-2014 поәК |
![]() | Білім беру мекемелеріндегі Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 54/02-2014 поәК | ![]() | 1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК |
![]() | 1 жалпы мәлімет оқытушы және пән бойынша жалпы мәлімет Семей қ. ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік университеті 3 деңгейлі смк құжат поәК поәК 042-18-16 66/02-2014 поәК | ![]() | 3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042–18-18 5/01-2014 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросында |