Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г




Скачать 282.42 Kb.
НазваниеФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
страница3/3
Дата конвертации15.02.2016
Размер282.42 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/SD/3 kurs/SD pediatria/kaz/Lekcii/12.doc
1   2   3

ҚД-пен ауратын балалардағы коматоздық жайлар.Балалар ҚД-тің летальдық жағдайларының көбі диабеттік гипергликемиялық комалардан (ДГК) болады.Сонғы кездегі әдибиет беттеріндегі ''ДК'' (диабеттік кома) термині ''кетоацидоздық жай'' дегентүсінікпен алмасуда. Команың бұл түрі ҚД-тін диагнозын кеш қойғанда, түрлі аурулардың қосылуы, инсулин жіберуді не оның мөшерін кем беру, тағамда көмірсулар мен майлар аса көп болған кездерінде дамиды. Бұл жағдайлардынбасты себебі-инсулин тапшылығы, осы дан барлық зат алмасу кұбылыстары (көмірсу,май, белок, су, минерал) бұзылып, гипергликемия, глюкозурия, кетоз өрбіп, катаболикалық өзгерістер туындайды. Аталған метаболикалық өзгерістер контрисулярық факторлар түзілісмен асқында (өсу гормрны,АКТГ; адреналин, норадреналин,глюкагон) Сонымен, инсулин тапшылығы организм қуатын мейлінше кемітіп, жалпы дегидратация арқылы айқын гиповолемия әкеледі.

Кетон денелерінің едәуір іркілуі орталық нерв жүйесіне улы әсерінтигізіп, қышқыл-сілтілік жайын (тепе-тендігін) ацидозға қарай ауыстырады; белоктар ыдырауының тжоғырылауы гиперазотемиямен көрініп, зәрмен K, Na, Mg иондарының шығуы күшейіп, су тапшылағын арттырады. ДГК, әдетте баяу дамиды, бірнеше сағат не1-2 күн шамасында. Бұл жайдың біртіндеп өрбуі оның клиникалық көрінісін 3 кезеңге бөлуге мүмкіндік береді бұл кезкң тиісінше кетоацидоздыңүш түрлі дәредесіне сәйкес: 1 дәржесі-орташа кетоацидоз,2-прекома не декомпенсациялық кетоцидоз,3-команың өзі.

Кетоацидоздың 1 дәрежесінде қатты шаршау, әлсздік, енжарлық, ұйқышылдық (бірақ есі бар), тәбеті төмендеу, лоқсу, іш ауыруы,шөл, кіші дәрет жиілігі, ауыздан ацетон иісі, тері және шырыштар құрғақтығы байқалады. Қанда қант дегейі жоғарылацды (әдетте 20-35 ммоль/л-ге дейін), гиперкетомия, плазманың резевтік сілтілігі азаяды, гипонатриемия, глюкозурия, ацетонға зәр әсерінің оң жауабы анықталады.

Кетоацидоздың 2 дәрежесі әлсіздіктің көбеюі, тәбеттің жолғауы, құсу, ентігу, жүрек тұсы мен іш ауруы пайда болуымен ерекшкленеді. Құрақтық (су жоғалу)артады: еріндері құрғап, жарылып тілінген, терісі құрғап, тілде кір тәріздес, карасұр жабын; аяқ мұздап,терісі мрамор түсті, стаздар өрбіп микроциркуляция бұзылыстары көрініс береді (ЖҚҰ синдромының 1 кезкңі). Есі кезде сау, дегенмен сомнолентті-сопорозды жағдайда болады: бала берілген сұрақтарға кешіктіріп, кысқа түсінксіз жауап бкреді. Тиісті емдік әрекеттер көрсетілмесе, науқас халі үдемелі түрде нашарлап, кома әрекеттер көрсетілмесе, науқас халі үдемелі түрде нашарлап, кома дамиды. Бұл кезде есінен айырылып, бұлшықеттер атониясы, сіңір рефлекстерінің жоғалуы,Куссмауль тектес дем алу (жиі, терең шулы) пайда болып, шыққан демен ацетон иісі сезілді. Сусыздану белгілері күшейіп, беті кушияды, ''диабетикалық шырай'' көрініс береді. Жүрек үндері әлсіз жиі, толымы мен кернеуі аз;гипотония,олиго-және анурия. ЖҚҰ сипат сақталып немесе күшейіп 2-ден 3 дәрежесіне ауысады (инъекция орнынан, мұрын,ішектен қан кету т.б.)

ДК кезінде науқас баланы тексергенде аталған өзгерістерден бөлек, гипертазтемия (азот қалдықтары, мочевина, креатин көбееюі), белсенді инсулин кемігені, гемокоагуляциялық жылжулар, гематокрит жоғарлағаны анықталады. Солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жолғарылаы байқалады. Зәр тексерісінде белок, эритроцит, цилиндрлер табылады.

Сонымен, ДК диагнозының негізіне науқастың кетоацидоз жайы, дегидратация, гипергликемия мен глюкозурия жатады.

Диабеттік кетоацидоз емі бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру дегидратациямен күрсе,ауру себептерін жою шараларына бағытталады. Баланы бұл жағдайдан түскен уақытынан 6 сағатшамасында қалайда шығару қажет.

Диабеттік кетоацидоздың патогенетикалық емінің тез әсерелі инсулин енгізу жатады (Хумулин регуляр, -S Хумулин, Плетин регулярі, Плетин регуляр 2, инсулрап, әдепкі Плетин1, актрапид, Хоморап т.б. ) Жалпы бекіген тәсілге әрбір сағат сайын жылдам әсерлі инсулинді 0,1 Бкг/сағ. Есебінде енгізу жатады, Алғашқы мөшерін саулатып қанға құяды, сонан не тамшымен не етке жібереді. Гликемия деңгейі 10-12 ммоль/л-ге түскенде инсулин мөлшерін 2 есеге азайтады яғни 0,05 Б кг/сағ. Есебінең қолданылады. Бала жағдайының тұрақты дұрысталуы инсулинді 0,1 –0,25 Б/кг есебінен әрбір 4 сағат сацын теріастына не етке жібергенде бллады; соңынан жылдам әсерлісін 0,70-1 Б/кг тәулік есебінее 5 рет тері асына еңгізуге көшіреді.

Диабеттік кетоацидозда маңызды орын инфузиялық емге тиесілі, мұны диагноз қойылысымен бастау абзал.

Тәуліктік сұйық мөшерінің орнын толтыру үшін керекті сұйық көлемінің қосындысын құяды. Шамамен бала жасына қарай бұл мөлшер 1 жасқа дейін-1,5; 5-10 жастағылар үшін –2-ден 3,0 л-ге дейін жетеді. Қанға алғашқы тәулікте 50-70 мл/кг есебінен,коллоидтар мен кристаллоидтар қатынасы 1:2-3-ке тең болуы керек. Есептелген сұйық мөшерінің жастысы бөлімшеге түскен алғашқы 6 сағат арасында құйылғаны жөн. Старттық сұйық орнынафизиалогиялық не Рингер ертіндісі жүреді, бұлардың алғашқы 150-300,0мл қанға саулата құйылады. Коллидтық ертінділерден қолайлысы реполиглюкин, ал анық гипотонияда- альбумин. Бұлардан басқа декстран, гемодез де қолданылады. Ем бойында гипогликемия (10% ммоль/л не бұдан төмен )қаупі байқалса, инфузияға10 –тік глюкоза ертіндісін пайдаланады. Калий дәрілерін әдетте, ем басталған соң 4-6сағаттан кейін калиемия деңгейі мен ЭКГ байқауында беруге болады. Есебін мына формуламен табуға болады: Қ =(К қалыптағы К ауру) хМх2; мұнда: М-бала массасы (кг),К- коэффициент. Бала жасына қарай бұл нәрестелерде-2; бір жасқа дейін-3;2-3 жастарда-4;5-тен асқандарда-5-ке тең.

Айқын микроциркуляция бұзылысы, гиперкоагуляция өзгерістерін ескеріп, қанға тамшымен бір жібергенде 100-200Б/кг есебінен (4-6 рет тәулігіне )гепарин емін жүргізу керек. Қанға курантил, трентал (дағдылы мөлшермен) жіберу қажет. Көрсеткішіне қарай жүрек жұмысын жақсартатын (жұрек гликозидтері, кардиотрофиктер-рибоксин, АТФ;кокарбосилаза-ККБ), протелиз ингибиторлары (тежегіштері)-контрикал, гордокс, трасилол; гепатотропты (эссенциале, В тобы витаминдері) дәрілер беріледі.

КД ағымында әдетте, балаларды екіншілік иммундық тапшылық дамуя және мұның негізгі асқынуын ескеріп, кешенді ем кұрамына бақтерияларға қарсы және орын толтыру үшін иммундық дәрілер қосылады.

Түрлі иныузиялық, емдік шаралар жүргізуден бұрын науқастың асқазанын шайып, 4% натрий бикарбонатымен тазарту клизмасы жасаулы тиіс. Оттегімен, ішуге липокаин, метионин пайдалы. Гигиеналық күтім, тамақтану шараларына баса көңіл аудару қажет (жылылық, анқа, шап күтімі). Есінен айырылғанда науқаста түтік арқылы қоректендіру керек. Жағдайы оңала бастағанда диетаға бірте-бірте тез сіңірілетін көмірсулар (бал, варенье, қант, сироп,морс, компонт,5% –тік глюкоза, 10%-тік манна ботқасы) қосылады.2-ші тәулікте картоп, алма, пюресі, майсыз сүзбе, айран, сүт, нан беріледі. 3-ші тәулікте нт сорпасы, үгітілген ет беруге болады.

Осылай бірте-бірте толысып, диета физиалогиялық қалыпқа жеткізіледі.

Ем қант деңғейін, калиемияны бақылау (әрбір 1-2 сағат сайын), ЭКГ жазып, қан ұю уақытын, ксагулогамма, гематокрит анықтау, ҚҚ мен орталық вена қысымын (ОВҚ) өлшеу бағытында жүргізіледі.

Алалған кешенді үдемелі ем балаларды кетоацидоз жағдайынан тез шығаруға көмектеседі. әдетте, 6-8 сағаттан соң-ақ кетоацидоздың айқын белгілері азайып, баланың жағдайы 18-24 сағат шамасында дұрысталады.

ҚД- мен ауыратын балалара гипогликемиялық жайлар да жиі байқалады. Гипогликемия-организмнің қанда қант мөлшерінің азаюына жауабы. ҚД-те гипогликемиялық жайлардың себептеріне инсулин мөлшерінің көптігі, ауыр физикалық- жүктеме (салмақ), көмірсулардыы тамақта аз пайдалану (тамақтану режимінің бұзылысы) жатуы ықтимал. Осы жағдайлардың бәрінде организмде гиперинсулинизм өрбиді, бұл инсулинге тәуледі клеткаларына өте көп мөлшерде глюкоза түсуіне әкеледі. Тіндер,әсіресе, ең алдымен, жоғары нерв жүйесі үшін глюкоза қуаттың бірден-бір көзі болғандықтан, оларға бұл жағдай аса қолайсыз. Қуат тапшылығы арқасында ми клеткаларында зат алмасу бұзылып, ол кееткалық мембраналар өткізгіштігінің артуымен білінеді. Сондықтан мембрананың натрии ионына өткізгіштігі жоғарылайды, ал Na клеткаға өзімен бірге су таситындықтан ми ісінеді. Гипогликемиялық кома сипаты- нақ мидың гипергидратациясы. Гипогликемиялық кома, адетте кенет дамиды, кейде бұның алдында кысқа вегетативтік бұзылыстар мерзімі (ысыну сезімі, діріл, тахикардия, тершілдік)және бас ауруы, аштық сезімі білінеді. Бұл көріністерді жылдам тез сіңетін көмірсулар көмегімен (1-2 түйір қант,1-20шәй қасық бал не варенье, 25-35,0 г ақ нан) жоюға болады. Анықталмаған гипогликемияда бала халі кенет нашарлайды. Қысқа мерзімді қозу есінен айырылуға ауысып, тырысу байқалады. Тахикардия, бұлшықеттер мен көз шарасының тонусы жоғарылауы тән. Қанда глюкоза деңгейі төмен, зәрде қант пен ацетон сынағы теріс. Бірақ гипогликемия ҚД-НІҢ декомпенсациясы кезінде өрбісе, науқаста кетоацидоз сипаты да болуы мүмкін.

Гогликемияның емі –тоқтаусыз қанға саулатып 20,0-50,0 мл 40%–тік глюкоза

ертіндісін құю. Бұдан көмек болмаса, осы ерітінді қайта құйылуы тиіс. Ауру жағдайларда 10%–тік глюкозаны қанға тамшымен құйып,0,1%–тік адреналин, глюкокритикоидтарды жасына сай қолдану керек.

Гиперосмолярлық гипергликемиялық комада (ГГК)-клеткадан тыс сұйықта глюкоза концентрациясының орасан көтерілуімен (320ммол/л-ден аса), гиповолемия, дегидрация сипатымен көрініс беред. Плазманың жоғары осмолярлығы ДГК-ға тән ; бірақ ГГК кезінде кетоз өрбімейді. Бұл кома түрі әдетте, кетоацидозға бейімділігі жоқ,жасы 60-тан асқан науқастарда байқалады; балалар мен жасөспірімдерде де кездеседі деген мәлімет бар.

ГГК патогенезі түпкілікті анықтамаған. Бұл команың дамуының бастапқы тетігі инсулин тапшылығы емес (ДГК-дағыдай), айқын дегидратация болуы мүмкін деген жорамал бар. Соңғы жағдайдың себебі алуан түрлі болуы ыктимал: диуретиктерді ұзақ пайдалану некөп мөлшерде қолдану, көмірсуларды шектен тыс енгізу, гемо-неперитонеалдық диализ, қайталамалы құсу не диарея т.б. Су- электролит бұзылысы ГГк-да кетоацидоз дамуы тектес, бірақ жылдамырақ болады-себебі плазма мен клеткааралық градиент осмолярлығы едәуір. Осыған байланысты ГГК-да дегидратация дәрежесі де жоғары болып, клиникалық симптомдары мен қанның физикалық-биохимиялық көрінісі осыған сәйкес болады.

Клиникалық сипатында естен тану түрлі дәрежеде (сопордан терең комаға дейін), айқын дегидратция көріністері неврологиялық бұзылыстар (парездер мен сезімталдық өзгерістері, дертті рефлекстер, нистагм т.б.), жиі, терең емес тыныс алу орын алады. Кетоацидозға клиника-лабораториялық көріністер болмауы оте тән. Қан гиперосмолярлығы қант Na CI -дың жоғары концентрациясы анықтануымен дәлелденеді.


Көрнекті құралдар: кестелер, слайдтар, аурулар.


Әдебиет:

  1. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Балалар аурулары. Алматы, Білім, 1997.

  2. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Білім, 2005.

  3. Имамбаева Т.М. Балалар пропедевтикасы. Алматы, 1996.

  4. Б.Т. Тусіпқалиев., А.У. Исмағұлова. Балалар аурулары. Ақтөбе. 1993.

  5. Детские болезни. /под ред. А.Ф. Тур. М., Медицина., 1985., с. 608.

  6. Шәжімова Г.Э., Шабдарова С.К. Дадамбаев Е.Т. Имамбаев Т.М. Балалар аурулары пропедевтикасы. Алматы; 1995.

  7. Аскамбаева Г.К. Мустафина К.А. Балалар аурулары пропедевтикасы. Шымкент. 2000.


Қортынды сұрақтар

1 Қай жаста қант диабеті сирек кездеседі?

2. Балалардаға қант диабетіне дамуына қандай себептер әкеледі?

3. Балалардағы қант диабеттіңінің дамуының механизмына жатады?

4. Манифест қан диабеттің ең ерте белгісі қандай?

5. Балаларда ерте гипогликемиялық синдромының қандай белгілермен сипатаналады?

6. Қант диабеттің ауыр асқынуларың атаңыз?

7. Қант диабет кезінде негізгі диетотерапияның маңыздылығы?

8. Инсулинотерапия кезінде қандай препараттар қолданады?

9. Гипергликемиялық кома кезінде шұғыл көмектің маңыздылығы

10.Гипогликемиялық кома кезінде шұғыл көмектің маңыздылығы
1   2   3

Похожие:

Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгм а 4/3-01/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Оќытушыныњ жетекшілігімен студенттердіњ µз бетінше атќаратын ж±мысына арналѓан єдістемелік н±сќау
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Экзо- және эндокриндік ісіктерді классификациялық ұстанымға және морфологиялық бейнесіне сүйене отырып, өзара ажыратып, анықтай...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Мақсат: Ісіктің қалыптасуын гистогенездік классификациясына сәйкес анықтап, оларды клиника-морфологиялық түрғыдан сипаттамасын ажыратып,...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/02 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007г
Тақырыбы: Клиникалық медицинаға кіріспе. Ішкі ағза аурулары жалпы түсінік және ішкі медицинаның міндеттері. Дәрігерлік деонтология...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г
Тромбоз. Эмболия. Шок. Инфаркт. Некроз. Экссудатты қабыну. Пролиферативті қабыну. Гранулематоз. Спецификалық гранулемалар. Иммуногенез...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Асқазан-ішек жолының зақымдалу синдромы. Өңеш атрезиясы, туа пайда болған қысқа өңеш, пилоростеноз, ішектің мекониймен...
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconФ кгму 4 /3- 04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мысалы, ағылшын-саксон тілді елдерде "Саяси ғылым", Францияда "Саяси әлеуметтану", Испанияда "Саясаттану" және т б атауларды ұнатады....
Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница