Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі»




Скачать 330.88 Kb.
НазваниеЖұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі»
страница1/3
Токтабаева Б Ж
Дата конвертации15.02.2016
Размер330.88 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/27/52e5c0f5755ae.doc
  1   2   3

G-041.07.01.20-2007




Рев. 2.

Бет 13 тен 18




СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


2 БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ кафедраСЫ


«БЕКІТЕМІН»

Семей қаласының ММУ-нің ОӘ және ТЖ бойынша проректоры, профессор

_____________Жетписбаев Б.А.

«22» маусым 2009ж.


Жұмыс бағдарламасы



Пән: «ПЕДИАТРИЯДАҒЫ МЕЙІРБИКЕ ІСІ»


Пәннің коды: БДО - 12

Мамандығы: 5В110100 «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі/кредит- 180 (1-4 кредит)


Курс -3


Семестр - 5


Семей 2009 ж.


Жұмыс бағдарламасы №2 балалар аурулары кафедрасымен 051101 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейірбике ісі» типтік оқу бағдарламасының (Астана-2009) негізінде құрастырылған.


Автор:


  1. Токтабаева Б.Ж.м.ғ.к., №2 балалар аурулары кафедрасының ассистенті


Кафедра отырысында талқыланды


«10» сәуір 2009 жыл №8 хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент Жагипарова Ж.К.


Педиатриялық пәндер бойынша Циклдық әдістемелік комиссияда талқыланды


«15» сәуір 2009 жыл №4 хаттама


Төрағасы Эфендиев И.М.


Орталық Әдістемелік Кеңесте бекітілді


«22» маусым 2009 жыл №6 хаттама


Төрағасы Жетписбаев Б.А.


1.Кіріспе

Дүниежүзілік денсаулықсақтаудың қазіргі политикасының аурудың алдын алуға бағытталуы мейірбикелердің жұмыстарындағы еркіндікті кеңейтті. Жоғарғы білімді мейірбике педиатрия саласында көптеген медициналық көмектерді дәрігерге тәуелсіз көрсете алады. Оларға, денсаулыққа көп көңіл бөлу, баланың дені сау болып өсуіне көңіл бөліп тәрбиелеу, үйдегі науқастарға және жазылу кезеңінің дұрыс өтуіне көмектесу жатады. «Педиатриядағы мейірбике ісі» пәнін оқып білу студенттерге көп нәрсе береді: жоғарғы деңгейде мейрбикелік көмек көрсету,балалардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, сау балалар мен науқас балалардың күтімін ұйымдастыру. Студенттер денсаулықсақтаудағы педиатрия саласында мейірбике жұмысын ұйымдастыру,жоспарлау, басқару туралы арнайы білім алып шығуы керек. Сау балалардың өсуін және денсаулығын бағалап мейірбикелік көмек көрсету үшін, балаларды қарап, денсаулықтарын бағалай білу іскерлігін біліп шығады.


2. Пәннің мақсаты: Сау және науқас балаларды күту, сау балалардың денсаулықтарын жақсартып, аурулардың алдын алу, балаларға жоғарғы сапалы мейірбикелік көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы білім беріп, іскерлік пен дағды қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру технологиясына үйрету;

  • Балалықтың әртүрлі кезеңдеріндегі өсу мен даму физиологиясы негіздері туралы және денсаулығына толық баға беру туралы білім беру;

  • Бала денсаулығындағы ерте ауытқуларды коррекциялау принциптері мен алдын-алу шараларына үйрету;

  • Педиатрияда жиі кедесетін соматикалық патологияларды синдромды диагностикалау машықтарына үйрету;

  • Балалар ауруларындағы мейірбикелік процессті ұйымдастыру негізін және мейірбиклікшараларға е жоспар құруды үйрету.

  • Балалардың шұғыл жағдайларында біріншілік медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету.

  • Балалардың медико-социальді реабилитациясын ұйымдастырдың жаңа әдістерімен таныстыру

  • Балалардың диспансерлік бақылауын ұйымдастыру ережелері мен әдістеріне үйрету.



4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі кажет:

  • педиатриядағы мейірбике процесін ұйымдастыру принциптерін;

  • барлық балалар денсаулығын сақтау ұжымдары жұмыстарының ерекшеліктерін (балалар емханасы, ауруханасы, перинатальды орталық, мектеп, балабақша, балалар үйлері т. б.)

  • балалардың денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі нормативті құжаттарды.

  • әртүлі профильдегі педиатрия бөлімдерінің есепке алу және есеп беру құжаттарын, олардың тағайындалуын, жүргізу ретін.

  • әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың өсуі мен дамуының негізгі ерекшеліктерін.

  • емшек жасындағы балаларды табиғи және жасанды тамақтандыру принциптерін.

  • кіші, мектеп жасына дейінгі топтағы, мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру принциптерін.

  • балалар ауруындағы негізгі симптомдар мен синдромдарды.

  • педиатриядағы диагностиканың негізгі әдістерін, әртүрлі тексерулерге балаларды дайындаудың ерекшеліктерін.

  • балалардың қатерлі жағдайларында жедел жәрдем көрсету және синдромды ем жүргізу принциптерін.;

  • сау және науқас балалардың психологиясының негізін.

  • аурулардың біріншілік алдын алуын

  • ағарту жұмыстарының негіздерін



Студент жасай білуі кажет:

  • баланың денсаулығына толық баға беруді және бағалауды ;

  • медицина құжаттарын уақытында және дұрыс толтыру, толтырудың сапасын бағалауды;

  • Әр жастағы балалардың тамақтануын тексеріп жасына сай толықтыруды;

  • Ауру және сау балаларға, жанұясына арналған мейірбикелік жұмыстың жоспарын құрастыруды;

  • өміріне қауіп төнгенде көрсетілетін шұғыл көмектің көлемін анықтауды;

  • барлық манипуляциялардың орындалу сапасын бақылауды және ауру диагностикасымен байланысты қажетті кеңес беруді ұйымдастыруды,

  • Мейірбикелік емдік процесті ұйымдастыру;

  • Жоспарлы вакцинацияны сапалы жүргізуді бақылау және ұйымдастыруды;

  • Педиатриядағы кең тараған патологиялық жағдайлардың алдын алуды ұйымдастырды;

  • Жанұя мүшелеріне дені сау және науқас баланы күтуді үйрету;



Студент машықтануы қажет:

  • Балалардың физикалық және нервті-психикалық дамуына баға бере отырып жалпы тексеруге;



5. Пәннің алғы реквизиттері:

  • медициналық биология және генетика;

  • қалыпты анатомия;

  • қалыпты физиология;

  • патологиялық физиология;

  • патологиялық анатомия;

  • психология негіздері;

  • фармокология негіздері;

  • клиникалық фармакология;

  • жалпы гигиена;

  • мейірбике ісі негіздері;

  • микробиология.


6. Пәннің кейінгі реквизиттері:

  • денсаулық жағдайын бағалау;

  • денсаулық сақтау экономикасы және маркетингі;

  • денсаулық сақтау ұжымымен және денсаулық сақтаудағы заңдар негізімен әлеуметтік медицина;

  • медициналық статистика;

  • мейірбикелік қызметтегі әкімшілік үрдіс және менеджмент;

  • медициналық биоэтика.


7. Дәрістің, тәжірибелік сабақтардың, СӨЖ және СОӨЖ-ның тақырыптық жоспарлары


7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары





Дәрістер тақырыбының атауы

Сағат саны




1 кредит






Қазақстанда педиатрия қызметін ұйымдастыру. Педиатрияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

1

2.

Балалық шақтың кезеңдері. Балалар жүйелері мен ағзаларының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне жалпы мінездеме.

1

3.

Балаларды тиімді тамақтандыру. Ерте жастағы және емізу кезеңіндегі балаларды тамақтандырудың ДДҰ бағдарламасы. Балаларды тиімді тамақтандыруды ұйымдастырудағы мейірбикенің рөлі.

1

4.

Неонатологиядағы жаңа заманғы ДДҰ бағдарламалары және мейірбикелік процесті ұйымдастыру принциптері.

1

5.

«Балалық шақтың ауруларын саралап жүргізу түсінігі» ДДҰ бағдарламасының жалпы принциптері, рөлі және бала өлімін азайту мақсатының мәні.

1




Барлығы: 5 сағат







2 кредит






Балалардағы преморбидті жағдайларға түсінік. Ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік нәресте өлімінің құрылымындағы алдыңғы қатардағы жағдайлардың бірі. Балалардың тамақтануының бұзылуы кезіндегі ИВБДВ принциптері.

1



Балалардағы пневмония. Жөтел симптомдарындағы ИВБДВ бағдарламасы.

1



Әр түрлі жастағы балалардағы анемия синдромы. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Балаларда анемия синдромы кезіндегі ИВБДВ.

1



Балаларда кездесетін жүрек және қантамыр аурулары. Бала кардиологиясында мейірбикелік процесті ұйымдастыруының ерекшеліктері.

1



Балалардағы ас қорыту ағзаларының аурулары. Балалардағы асқазан ішек жолдарының

аурулары кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

1




Барлығы: 5 сағат







3 кредит






Балалардағы несеп шығару жүйелерінің зақымдану синдромдары. Балалар бүйрек аурулары кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

1



Балалардағы гипергликемия және гипогликемия синдромы. Эндокринологияда мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері.

1



Балаларда инфекциялық бөртпе синдромы.

1



Балалар денсаулығын бағалау критерилері. Денсаулық ауытқуларын алдын-алуда мейірбикенің рөлі.

1



Әр түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері және мейірбикелік бақылауды ұйымдастыру.

1




Барлығы: 5 сағат







Жалпы: 15 сағат





7.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Сабақ тақырыбының атауы

Сағат саны




1 кредит




1.


1.1

Медициналық балалар мекемелеріндегі жұмысты ұйымдастыру принциптері және оның құрылымы. Педиатриядағы мейірбикелік диагнозды қою ерекшеліктері. Педиатриядағы мейірбикелік шараларды жоспарлау. Педиатрия қызметіндегі мейірбике әрекеттерінің негізгі моделдері. Педиатрия қызметіндегі мейірбикелер еңбегін ұйымдастырудың формалары.

Балалық шақтың кезеңдері. Әр кезеңдегі балалардың дене дамуы және оларға әсер ететін факторлар. Балалардың жүйке-психикалық дамуы және оны бағалаудың критерилері.

1


2

2.

Ерте жастағы балаларды тамақтандыру. Ана сүтімен тамақтандыру. Қосымша тамақты енгізу тәртібі. ДДҰ жаңа заманғы бағдарламалар.

3

3.


3.1

Презентхананың нәрестелер бөліміндегі жұмыстардың принциптері және құрылымы. Перинатологиядағы ДДҰ-ның жаңа заманғы бағдарламалары. Сау және шала туған нәрестелерге мейірбикелік күтімді ұйымдастырудың принциптері.

Нәрестелердің жергілікті және жайылған іріңді-қабыну аурулары. Неонатологияда ИВБДВ бағдарламасы.

1


2




Барлығы: 9 сағат







2 кредит




4.


4.1

Әр түрлі жастағы балалардың сүйек-бұлшық ет жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Мешел. Классификациясы. Клиникасы. Емі. Алдын алуы. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Геморрагиялық синдром туралы түсінік. Геморрагиялық диатездің негізгі формалары: тромбоцитопеникалық пурпура, гемофилия, скорбут, геморрагиялық васкулит. Геморрагиялық синдром кезіндегі мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

1


2

5.

Әр түрлі жастағы балалардың тыныс алу мүшелерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Жедел пневмония, даму ерекшеліктері және жасқа байланысты оның ағымы. Нәрестелердегі жеделпневмонияның ағымының ерекшеліктері. Пневмония кезіндегі негізгі синдромдар. Асқынулары. Диагностика мен емдеудің принциптері. Жедел пневмония кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру. ИВБДВ.

3

6.

Гемодинамиканың бұзылуымен жүретін туа біткен жүрек-қантамыр жүйелеріндегі аурулар. Балалардағы жүректің туа біткен ақаулары туралы түсінік. Клиникалық көрсеткіштері. Диагностикасы мен емінің негізгі принциптері. Туа біткен жүрек ақаулары бар балалардың денсаулығының жағдайына және оның дамуына мейірбикелік бақылауды ұйымдастыру.

3

7.

Ас қорыту жүйелерінің АФЕ-сі. Балалардағы асқазан-ішек жолының зақымдануының негізгі синдромдары: диспепсиялық, ауырсыну, тәбеттің бұзылуы. Созылмалы гастрит, гастродуоденит, асқазан жарасы. Балалар гастроэнтерологиялық бөліміндегі мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Асқазан-ішек жолының аурулары бар балаларға реабилитацияны ұйымдастыру және алдын алудағы мейірбикелердің рөлі.

3




Барлығы: 12 сағат







3 кредит




8.

Несеп түзілу және несеп шығару мүшелерінің АФЕ-сі. Несеп шығару жүйелеріндегі микробты-қабыну аурулары: пиелонефрит және цистит. Балалардың несеп шығару жүйелеріндегі аурулар кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері.

3

9.

Балалардың эндокринді жүйелерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері. Балалардағы гипергликемия синдромының клиникалық көрсеткіштері және пайда болу себептері. Диагностика мен емдеудің негізгі принциптері. Коматозды жағдайлардағы жедел терапия.

3

10.

Балалардағы бөртпе синдромының негізгі сипаттамасы. Бөртпенің біріншілік және екіншілік элементтері туралы түсінік. Бөртпе синдромы кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастырудың құрылымы. Қызылша. Қызамық. Жәншау (скарлатина). Желшешек. Балалардағы менингококк инфекциясы.

3

11.


11.1

Балалар денсаулығындағы ерте ауытқулардың алдын алу және диагностикасы. Балалардың денсаулығын жан-жақты бағалаудағы мейірбикелік істер, балалардың денсаулығы мен өсуіндегі ерте өзгерістерді түзету. Денсаулық критерилерін бағалау және зерттеу схемасы. Алдын алу және сауықтыру кеңестері туралы түсінік.

Омырау және ерте жастағы дені сау баланың даму ерекшеліктері. Баланың дамуын бақылау үшін және денсаулығындағы өзгерістерді алдын алу үшін патронаж бен профилактикалық тексерулерді жүргізуді ұйымдастыру. Вакцинация. Ревакцинация.

1


2




Барлығы: 12 сағат







4 кредит




12.


12.1


Мейірбикелердің қатерлі топтармен жұмысын ұйымдастыру. Қатерлі топтардың классификациясы. Ерте диагностикасын, бақылауын, емін және диспансерлік қадағалауын ұйымдастырудағы мейірбикенің рөлі.

Ұйымдағы және үйдегі балаларға мейірбикелік алдын алу көмегін ұйымдастыру. Балаларға алдын алу көмегінің мазмұны және мақсаты. Алдын алу шараларының жиынтығының негізгі ережелері Арнайы емес алдын алу туралы түсінік.

1


2

13.

Балалар мекемесіндегі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар. Балалар мекемесіндегі санитарлық-гигиеналық жағдайларды бақылауды ұйымдастыру. Балаларды қайталап қарауды ұйымдастыру мерзімдері және мақсаттары. Балалар мекемесіндегі инфекциялы аурулар және педикулез пайда болғандағы шаралар. Қарым-қатынаста болған балаларды қадағалауды ұйымдастыру. Балалар мекемесінде карантинді ұйымдастыру. Инфекциялы аурулармен ауыратын науқастарды және олармен қатынаста болған адамдарды жекешелеу мерзімдері.

3

14.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға ауруларды алдын алу тексерулерін жүргізу және ұйымдастыру-педиатриялық және арнайы кезеңдер. Балалар мекемесіндегі диспансерлік есепте тұрған балаларды бақылау. Балалар мекемесіндегі амбулаториялық қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу. Дәрігерге дейінгі жедел көмекті ұйымдастыру. Аурушаңдық және травматизмнің тіркеуін жүргізу. Оқу мекемелеріне түсетін адамдардың медициналық құжаттарын дайындау. Кезеңді эпикриздерді құрастыру.

3

15.

Балалар емханасындағы ауру балаларды диспансерлік бақылауды ұйымдастыру. Диспансерлік бақылаудың негізгі элементтері. Негізгі құжаттар. Емдік және реабилитациялық шаралардың жиынтығы. диспансерлік шараларды сәтті жүргізудегі мейірбикенің рөлі.

3




Барлығы: 12 сағат







Қорытынды: 45 сағат





  1   2   3

Похожие:

Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconПән: Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі Пән коды
«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» 051101 мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconКурсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2014
Силлабусты балалар аурулары кафедрасы құрастырды «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейірбике ісі» (Астана-2009) Типтік...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconКурсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013
Силлабусты балалар аурулары кафедрасы құрастырды «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейірбике ісі» (Астана-2009) Типтік...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» icon«Бекітемін» оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының проректоры, м.ғ. д. М. У. Анартаева
Жұмыс бағдарламасы 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Неврологиядағы мейірбике ісі» типтік бағдарламасы (№582 бұйрық Қр...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconАнестезиология және реаниматология курсымен
«Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» 051101 мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconКурсы : 4
Жұмыс бағдарламасы «Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconПән: «Мейірбике ісі негіздері»
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәні бойынша интеграцияланған типтік оқу бағдарламасы негізінде...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconВалеология модулі жұмыс бағдарламасына енгізілген толықтырулар мен өзгертулер
Госо 2006г. құрастырылған, ал 2012-2013 оқу жылында «Мейірбике ісі» факультетінің студенттері «Валеология» пәнін 2-ші курста өтетіндіктен,...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconКурсы: 2
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы...
Жұмыс бағдарламасы Пән: «педиатриядағы мейірбике ісі» iconМейірбике ісі
Пәннің Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница