Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013




Скачать 419.3 Kb.
НазваниеКурсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013
страница1/4
Жумабаева З А
Дата конвертации15.02.2016
Размер419.3 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/01/24/52e2504929886.doc
  1   2   3   4

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ КафедраСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: Педиатриядағы мейірбике ісі

Пәннің коды: 5В110100

Мамандығы: Мейірбике ісі

Оқу сағатының/кредиттің*көлемі: 180(4 кредит)

Курсы 3 және оқу семестрі 5


Семей 2013


Силлабусты балалар аурулары кафедрасы құрастырды «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейірбике ісі» (Астана-2009) Типтік оқу бағдарламасының негізінде


Авторлар:

1. Жумабаева З.А.м.ғ.к., балалар аурулары кафедрасының доценті.


03.09.2013 ж. кафедра отырысында талқыланды №1 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент Жагипарова Ж.К.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1.

Жагипарова Ж.К.

Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент.

1997жылы «Ионды сәулеленулер әсерінен балаларда пайда болған респираторлы аллергоздардың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.

I дәрежелі дәрігер, стажы 28 жыл.

Педиатр ассоциациясының мүшесі. 2012 - 2014 жж. ғылыми-техникалық жобаны орындауда .

2.

Тулеутаева Г.А

м.ғ.д, профессор,

1990 жылы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында тұратын балаларда тыныс жолдарының және терінің аллергиялық аурулары» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Жоғары білікті дәрігер. Педиатр ассоциациясының төраиымы. 2012 - 2014 жж. ғылыми-техникалық жобаны орындауда.

3.

Ашимова Ф.М.

к.м.н., доцент

Инновациялық оқыту әдістерді белсенді енгізуде. I дәрежелі дәрігер. Стажы 40 жылдан астам. Педиатр ассоциациясының мүшесі.

4.

Долинная В.Т.

м.ғ.к., доцент.

Жоғары білікті дәрігер. Стажы 40 жылдан астам. Педиатр ассоциациясының мүшесі. Ғылыми студенттік үйірмесін жүргізеді.

5.

Жумабаева З.А.

м.ғ.к., доцент

1997 жылы «Ерте жастағы балалар пневмониямен ауырған кезінде мелатониннің, иммунологиялық реактивтіліктің бұзылыстары және оның коррекциясы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Стажы 20 жыл. Педиатр ассоциациясының мүшесі.



6.

Токтабаева Б.Ж.

м.ғ.к.,

м.о. доцент

2004 жылы «Семей аймағында кейбір жүрек- қан тамыр ауруларының жайылмалығы, құрылымы және клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында диссертацияны қорғады. Жоғары дәрежелі дәрігер. Жалпы стажы 30 жыл. Педагогикалық стажы 17 жыл.

Оқу ісінің меңгерушісі. Педиатр ассоциациясының мүшесі. 2012 - 2014 жж. ғылыми-техникалық жобаны орындауда. Факультет ғылыми кеңесінің хатшысы.

7.

Козыкенова Ж.У.

кафедра ассистенті,

2 оқу жылындағы «Медицина» мамандығы бойынша магистрант

«Семей аймағында жасөспірім балалардағы бронх демікпесінің клинико- иммунологиялық сипаттамасы. Емдеу жолдарын жетілдіру әдісі» тақырыбында магистерлік диссертация жазылу барысында. Жалпы стажы 20 жылдан астам. Педагогикалық стажы 10 жыл. I дәрежелі дәрігер. Педиатр ассоциациясының мүшесі.

8.

Рахимбаева С.Ж.

кафедра ассистенті

Педиатр ассоциациясының мүшесі. 2012 - 2014 жж. ғылыми-техникалық жобаны орындауда. Оқу ісінің меңгерушісі. Жалпы стажы 12 жыл. Педагогикалық стажы 9 жыл.

9.

Койшыбаева К.Ж.

кафедра ассистенті

2013 жылы «Балалар аурулары» пәні бойынша резидентураны бітірді.

Жалпы стажы 10 жыл.

10.

Ахметжанова Д.О.

кафедра ассистенті

2013 жылы «Балалар аурулары» пәні бойынша резидентураны бітірді.

Жалпы стажы 7 жыл. Жас педагог мектебін өтті.

11.

Тугельбаева А.М.

кафедра ассистенті

2013 жылы «Балалар аурулары» пәні бойынша резидентураны бітірді.




Байланыс ақпараты:

  1. Кабельный переулок көшесі, 1. № 2 қалалық аурухана, 2-қабат.

№ 3,20,41,13 автобустармен және №№23,28,47 бағытты таксимен барып жетуге болады. Ет комбинаты аялдамасы.

Телефон – 349382 (терапия бөлімшесі)

  1. Қосымша сабақ өткізу базалары: Семей қ ММУ МО, Сеченова көшесі 1а,5 қабат.

№ 12,35,5 иавтобустармен және №№23,54,24,39 бағытты таксимен барып жетуге болады. Медицина орталығы аялдамасы.

Телефон – 534043 (гематология бөлімшесі).

  1. УЧМК «Венера», Рыскулова 1, 1 қабат.

№ 38, 6 автобустармен және №№,54 бағытты таксимен барып жетуге болады-«Технологический институт» аялдамасы. №№36 бағытты таксимен жетуге болады - УЧМК «Венера» аялдамасы.


Пәннің саясаты:

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.


1. Кіріспе

Дүниежүзілік денсаулықсақтаудың қазіргі политикасының аурудың алдын алуға бағытталуы мейірбикелердің жұмыстарындағы еркіндікті кеңейтті. Жоғарғы білімді мейірбике педиатрия саласында көптеген медициналық көмектерді дәрігерге тәуелсіз көрсете алады. Оларға, денсаулыққа көп көңіл бөлу, баланың дені сау болып өсуіне көңіл бөліп тәрбиелеу, үйдегі науқастарға және жазылу кезеңінің дұрыс өтуіне көмектесу жатады. «Педиатриядағы мейірбике ісі» пәнін оқып білу студенттерге көп нәрсе береді: жоғарғы деңгейде мейрбикелік көмек көрсету,балалардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, сау балалар мен науқас балалардың күтімін ұйымдастыру. Студенттер денсаулықсақтаудағы педиатрия саласында мейірбике жұмысын ұйымдастыру,жоспарлау, басқару туралы арнайы білім алып шығуы керек. Сау балалардың өсуін және денсаулығын бағалап мейірбикелік көмек көрсету үшін, балаларды қарап, денсаулықтарын бағалай білу іскерлігін біліп шығады.

2. Пәннің мақсаты:

Сау және науқас балаларды күту, сау балалардың денсаулықтарын жақсартып, аурулардың алдын алу, балаларға жоғарғы сапалы мейірбикелік көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы білім беріп, іскерлік пен дағды қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

  • балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру технологиясына үйрету;

  • Балалықтың әртүрлі кезеңдеріндегі өсу мен даму физиологиясы негіздері туралы және денсаулығына толық баға беру туралы білім беру;

  • Бала денсаулығындағы ерте ауытқуларды коррекциялау принциптері мен алдын-алу шараларына үйрету;

  • Педиатрияда жиі кедесетін соматикалық патологияларды синдромды диагностикалау машықтарына үйрету;

  • Балалар ауруларындағы мейірбикелік процессті ұйымдастыру негізін және мейірбиклікшараларға е жоспар құруды үйрету.

  • Балалардың шұғыл жағдайларында біріншілік медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету.

  • Балалардың медико-социальді реабилитациясын ұйымдастырдың жаңа әдістерімен таныстыру

  • Балалардың диспансерлік бақылауын ұйымдастыру ережелері мен әдістеріне үйрету.


  1   2   3   4

Похожие:

Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1- курс, 1 семестр Семей, 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша кафедрасы құрастырды
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1/2 Семей 2013
Пәннің Жұмыс бағдарламасы микробиология бойынша Типтік оқу бағдарламасы негізінде молекулярлы биология және микробиология кафедрасымен...
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және өту семестрі: бірінші, ІІ
Жұмыс бағдарламасын Семей қаласының Мемлекеттік Медициналық Университетінің молекулалық биология және микробиология кафедрасы 5В110300...
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі -1курс, 2семестр. Семей 2014ж
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) сму семей қаласы Неврология,психиатрия наркология кафедрасы құрастырды
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 3 курс, 6 сместр Семей 2014

Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс/7,8 семестрлер Семей 2014
Астана, 2012 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы 3 және оқу семестрі 5 Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница