Скачать 94.51 Kb.
|
Ф КГМА 4/3 – 04/02 ИП №6 УМС при КазГМА От 14 июня 2007 г. Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіНеврология және шығыс медицина кафедрасы ДӘРІС Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика. Пәні: SDN 2216 «Неврологиядағы медбикелік іс» Мамандық 051101 – «Медбикелік іс» Курс 2 Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат. Қарағанды 2011 жыл Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген 25.01. 2011 . Хаттама № __6__ Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. ________________ Абдрахманова М.Г. Дәріс тақырыбы Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика. Мақсаты. Вегетативті жүйке жүйесінің ауруларын қарастыру. ВЖЖ аураларының диагностикасын және медбике процессін осы ауруларда ұйымдастыруының әдістерін білу. Жоспар.
Вегетативті жүйке жүйкесі. Вегетативті жүйке жүйесін денелік жүйке жүйесімен салыстыра отырып олардың морфологиялық (құрылысындағы) және физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін бкйқауға болады. Вегетативті жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
2. Вегетативті жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасипатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері- ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатикалық жүйке жүйесіндегі түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағына тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі , оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында – шапақ тәрізді түйін, шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке талшықтары преганглийлік-ганглиге дейінгі талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейронның талшықтары жүке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады, олар посганглийлік - ганглийден кейінгі деп аталады. 3. Вегетативті жүке денелік жүйкелік денеден әлде қайда жіңішке. Преганглилік жүйке талшығы меиеленді, оның диаметрі 0,5-2 мкм. Парасимпатикалық посганглийлік талшықтар өте қысқа болады. 4. Әрбір ағза симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалған. Вегетативті жүйке жүйесінің физиологилық ерекшеліктері: 1. Вегетативті жүйкелер негізінен эфферентік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.(орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегетативті жүйкелер ішінде 10%тей афферентік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар ағза қабылғыштарынан орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер). 2. Вегетативті жүйке жүйесінің қозу қабілеті денелік жүке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керсінше жоғары. Мәселен, вегетативті жүйе хроносиясы - 3-8, ал симпатикалық жүйке жүйесінің хроноксиясы - 0,04-0,75 с. Вегетативті жүйке жүйесінің лабильділігі -10-15 гц, ал симпатикалық жүйке жүйесінде -1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең вегетативті жүйке жүйесінде өте ұзақ. 3. Вегетативті жүйке жүйесінің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. «В » тобына жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар «С » тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5-3 мс.
5. Вегетативті жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу өтеді, екіншіден, түйіспелерде медиатор жәй бөлінеді және холинэстеразаның белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады. 6. Вегетативті жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - ацетахолин не адриналин бөледі. Медиатордың түрлеріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергиялық ( ацетохолин бөлетін) және адренергиялық (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына:
Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық посганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық посганглийлік симпатикалық жүкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар ( серотонин, гистамин, АТФ, ГАМҚ т. б. ) мүмкін. Вегетативті жүйке жүйесінің маңызы. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйке жүйелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама- қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйе жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керсінше оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ бұл мазғымсыз заңдылық емес: вегетативті жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарсылас әсер ете бермейді, кейде антогонизм - абсолюттік емес. Мәселен ішек жиырылу күшеіп кет, симпатикалық жүйе оны әлсіретеді не тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшее бастайды., басқаша айтқанда жүйке әсері ішектің бастапқы қызмет жағдайына байлпнысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама- қарсылық бар болып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік бары байқалады. Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал парасимпатикалық жүйке оны тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық , бірақ парасимпатикалық жүйке де симпатикалық жүйке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді жиырлытады. Симпатикалық жүйке m. dilatator pupille жирылтып көз қарашығын үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке m. sphincter pupille жирылтып көз қарашығын кішірейтеді (тарылтады). Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл механизмде антогонизмнің жоқтығы, керсінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы бір мысал вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм , яғни бірыңғай қимыл жасау тән. Сілекей бөлінуің симпатикалық жүйе де, парасимпатикалық жүйе де үдетеді , екеуі де секрециялық жүйе. Кейде вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін медиаторлардың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түріне , сондай-ақ дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты. Вегетативті жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция үрдістерін күшейтеді, парасимпатикалық жүйе керсінше оны төмендетеді. Симпатикалық жүйе трофикалық әсер етеді. Мұны бірінші рет тәжірбие ретінде И. П. Павлов дәлелдеп берді. Жүрек лүпілін күшейтетін жүйкені ол нәрлендіруші жүйке деп атады. Симпатикалық жүйке жүйесінің нәрлендіру әсерін кейін Л. А. Орбели, А. Д. Сперанский зерттеді. Жүйке жүйсін нәрлендіру әсері әлсіресе, адам денесінде трофикалық жаралар пайда болуы мүмкін. Вегетативті жүйке жүйесі әрекеттерді, заттар алмасу мен қоректендіруді өзгерту арқылы да реттейді. Жұлынның сегізгөз тұстас тармақтарында тіршілік етуге өте-мөте қажет әрекеттерді қамтамасыз етіп зәр, нәжіс шығару және жыныс қатынас орталықтары орналасқан. Вегетативті жүйке жүйесі орталығы басқа бөлімдермен бірлесіп, адамның көңіл-күйін қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, онда эмоция гормоны - адреналин көбйеді. Вегетативті жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі- шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз етеді. Шеткері рефлекстің төмеңгідей үш түрі бар:
2. Висцеродермалық рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе терінің бір белгілі нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі қабығында жара болса адамның 12 кеудке омыртқасының артқы өсіндісі тұсындағы тері өте сезімтал болады. Ауруды арықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар. 3. Дермовисцеральдық рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе онымен байланысқан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса, мұз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Жатырдың жиырылуын күшейтіп оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың төмеңгі жағына мұз қояды. Вегетативті шеткі рефлекстер жануардың жұлының алып тастағанда сақталады. Сондықтан бұл вегетативтік түйіндердің қатысуымен ороындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары арқылы да орындалады. Вегетативті жүйке жүйесі бір кезде автономиялық жүйе деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардың қызметің адам өз бетінше өзгерте алмайды. Адам еркі ми қыртысының қызметі, сондықтан ми қыртысы вегетативтік әрекеттерге әсер етпейді. И. П. Павлов лабораториясында академик К. М. Быков басқарған ғалымдар ми қыртысының адам денесіндегі барлық ағзаларға олардағы үрдістерге әсер ете алатының шартты рефлекс әдісімен және гипноз қолдана отырып дәлелдеп берді. Вегетативті жүйке қызметің гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды Вегетативті жүйке жүйкелер шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық бездер арқылы да әсер ете алады. Ішкі ағзалардағы вегетативтік ганглийлерді олардың орталық симпатикалық бөлім деп атайды да вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық, метасимпатикалық деп үш бөлімге бөледі. Паталогиялық үрдістер вегетативтік жүйенің кез-келген бөліктерінде кездесе береді. Осған байланысты оның қызметі бұзылу ерекшеліктері мен дене бөлшектерінде таралуы да әртүрлі болады. Нерв жүесінің қандайда болмасын бөлшектерінде вегетативтік элементтер болатындықтан оның орталық және шеткі құрылымдары зақымданған кезде вегетативті өзгерістер жиі кездеседі. Вегетативті нерв жүйесінің ерекшеліктері: 1 . патологиалық белгілердің бір тәртіппен қайталана беруі; 2. қозу құбылысының тежегіш құбылысынан басым болуы; 3. паталогиалық өзгерістер сипаты ықпалының кеңінең таралуға бейімділігі; Иллюстративті материалдар ұсынылады. Әдебиет
Қорытынды сұрақтар (кері байланыс )
|
![]() | Ф кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г | ![]() | Ф кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г Мақсат: Экзо- және эндокриндік ісіктерді классификациялық ұстанымға және морфологиялық бейнесіне сүйене отырып, өзара ажыратып, анықтай... |
![]() | Ф кгма 4/3 – 06/ 01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007г Мақсат: Ісіктің қалыптасуын гистогенездік классификациясына сәйкес анықтап, оларды клиника-морфологиялық түрғыдан сипаттамасын ажыратып,... | ![]() | Ф кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г Бехтерев ауруыныњ дамуындаѓы инфекциялыќ-аллергиялыќ факторлардыњ мєнін аныќтањыз? |
![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері» | ![]() | Ф кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру |
![]() | Ф кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г Маќсаты: Ревматоидтыќ артрит кезіндегі тіндер мен м‰шелердегі морфофукциональді µзгерістерін аныќтауды игеру | ![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)» |
![]() | Ф кгма 4/3-08/01 ип №6 умс при Каз гма от 14 июня 2007 г Маќсаты: ¤кпеніњ екіншілік туберкулезі кезіндегі тіндер мен м‰шелердегі морфофукциональді µзгерістерін аныќтауды игеру | ![]() | Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау |